Файл: Трбиелеу білім беру процесіні циклограммасы Білім беру йымы кмК 14 ббекжайбалабашасы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 116
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы
Білім беру ұйымы МКҚК №14 «Күншуақ» балабақшасы
Топ «Күншуақ» кіші тобы
Балалардың жасы 2-3 жас
Жоспардың құрылу кезеңі 1-апта 27.02-03.03.2023 жыл
Күн тәртібінің үлгісі | Дүйсенбі | Сейсенбі | Сәрсенбі | Бейсенбі | Жұма |
Балаларды қабылдау | Таңертең балалармен амандасып, топқа кіргізу. | Балаларды топта жақсы қабылдап, амандасу. | Балаларды жақсы көңіл -күймен қабылдап, бүгінгі көңіл-күйлерін сұрау. | Балаларды жақсы көңіл –күймен қабылдап, бүгінгі көңіл-күйлерін сұрау. | Балаларды жақсы көңіл –күймен қабылдап, бүгінгі көңіл-күйлерін сұрау. Балаларға тақпақты қайталату арқылы қимылдар жасау. |
Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру | Ата-аналармен бала денсаулығы, баланың үйдегі күн тәртібі, жетістіктері туралы әңгімелесу, баланы дамыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша (жыл мезгіліне байланысты балаларды киіндіру) кеңес беру. | ||||
Балалардың дербес іс-әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа іс-әрекеттер) | Дидактикалық ойын: Саусақ жаттығуы. "Тамшылар". Мақсат-міндеттер. Балаларды тақпақ сөздерін айта отырып, саусақтармен қимылдарды ойдағыдай жасауға ынталандыру; қолдың ұсақ моторикасын, есте сақтау, қуанышқа бөлену қабілеттерін дамыту; қардың ерігені туралы ұғымдарын қалыптастыру. Педагог балаларға қардың ерігенін байқатады, үлгіні көрсеткеннен кейін, балаларға қайталатады. Көк аспанға күн шықты, (алақандарды айқастыра қосу, саусақтарды созу, алақандарды ары-бері бұрау) Таратып мың шуақты. Аппақ қарды ерітіп, (саусақтарды ашып-жұму, толқындар жасау) Ағызып мың бұлақты. | "Мозаика", "Құрастырғыш" ойындары. Мақсат-міндеттер: логикалық ойлауды, қолдың ұсақ моторикасын дамыту. (танымдық дағдылар)) | Саусақ жаттығуы. "Торғай, торғай". Мақсат-міндеттер. Балаларды саусақ жаттығуындағы торғайдың шығаратын дыбысына, педагогтің соңына ілесіп, еліктеуге ынталандыру; қолдың ұсақ моторикасын, ырғақты қабылдау, қуанышты әсер ала білу қабілетін дамыту. – Торғай, торғай (саусақтарды бүгу, ашу), Шиық-шиық (бір алақанды ашып, оның үстіне екінші қолдың саусақ ұшымен соққылау)! Толған дорба, Лық-лық (алақандарды жұмып-ашу). Дорбаны ашамыз (ашылған алақандарды екі жаққа жаю), Тәтті жем шашамыз (алақандарды бос ұстап, жерге қарай бұлғау). Торғай, торғай, Ұшып келші (алақандарды ашып-жұму). Торғай, торғай, Шоқып терші (бір алақанды ашып, оның үстіне екінші қолдың саусақ ұшымен соққылау). Д. Ахметова (сөйлеуді дамыту, дене шынықтыру | "Әсем оюлар" Мақсат-міндеттер. Фланелеграфта қазақтың ұлттық ою-өрнектерін орналастыру. (жапсыру) | "Әр құстың өз орыны бар" дидактикалық ойыны. Мақсат-міндеттер: балаларды әр құс түрінің бір өкілі туралы қысқаша әңгімелерден алынған мәліметтерді қолдана отырып жыртқыш, суда жүзетін, батпақты көлдерде өмір сүретін құстардың бейнелері бар суреттерді дұрыс таңдауға жаттықтыру. Барысы. Педагог кестеде бейнеленген құстар туралы шағын әңгімелер тыңдауға ұсыныс білдіреді. Құстардың тұмсығының, аяқтарының құрылымын және қылықтарын сипаттағанда мұқият назар аударуларын сұрайды. Тұмсықтың құстардың өмірінде маңызды рөл атқаратынын айту. (сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен танысу) |
Таңертенгі жаттығу | Картотека № 2 «Көңілді құстар» Б.қ. тік тұру, аяқ алшақ; 1-4 қолды екі жанға созып, жоғары – төмен көтеріп түсіру; 5-6 б.қ; Б.қ. «Мысық жоқпа?» 1-4 басты оңға, солға бұру; 5-6 б.қ; Б.қ. 1-4 отырып саусақпен тізе үстінен тықылдату; (3рет) 5-6 б.қ. Шашырап жүгіру; | ||||
Таңғы ас | Таңғы ас алдында гигиеналық шараларды орындау. Жегеніміз нан болсын! Айтарымыз ән болсын! Тамақ берген апайға, Айтарымыз оң болсын! Әумин! Гигиеналық шаралар (қолды дұрыс жуу, өз орамалының орнын білу, қолды дұрыс сүрту және орамалды орнына ілу, Көркем сөз «Бата» Дастарқаныңа береке берсін! Бастарыңа мереке берсін! Астарыңа адалдық берсін! Бастарыңа амандық берсін! Әумин Жуынатын бөлмедегі тәртіп пен тазалық. | ||||
Тамақтану (өз орнын білу, дұрыс отыру, ас ішу құралдарын дұрыс ұстау, тамақтану мәдениетін қалыптастыру,тамақ ішкенде сөйлемеу, тамақтанып болғаннан кейін алғыс айту) | |||||
Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық | Қызығушылықтары бойынша әрекет түрін таңдау, ережелерге келісу және т.б. «Топ-топ» Топ-топ, топ басайық, Жалаудан күн жасайық. Жаса, жаса алтын күн Жаса, жаса жарқын күн. (балалар қолдарын соғады) (көркем әдебиет,сөйлеуді дамыту,қимыл қозғалыс дағдысы) | Балалар әсерлерімен бөлісу, жаңалықтарды білу, бірлескен жоспарларды, мәселелерді талқылау, Көркем сөз: Аппақ, аппақ ақшақар Бірін ұстап алайын... Ұстадым! Жоқ, ақша қар, Қайдан іздеп табайын? (Жақан Смаков) Қимылды ойын: «Аяз» Міндеттер: Тез жүгіруге жаттықтыру. (көркем әдебиет,сөйлеуді дамыту,дене шынықтыру) | «Бала, бала, балапан» Бала, бала, балапан Қане, қайсы, алақан. Саусақтарың әйбат, Былай-былай ойнат. Бала, бала, балапан Қане, қайсы, алақан. Саусақтарың әйбат, Былай-былай ойнат. (көркем әдебиет,музыка,дене тәрбиесі) | «Сағат» Сағаттың тіліндей, Иіліп оңға бір, Сағаттың тіліндей Иіліп солға бір. Оң аяқ, сол аяқ, Жаттығу оңай-ақ. Сағаттың суретін саусақпен салу. (көркем әдебиет, сөйлеуді дамыту,дене тәрбиесі) | «Жаттығулар жасайық» Тез қозғалып осылай Жаттығулар жасайық. Жақсылықты үйреніп, Жамандықтан қашайық. (көркем әдебиет,музыка,дене тәрбиесі) |
Мектепке дейінгі ұйымның кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет | Дене шынықтыру Негізгі қимылдар: Жүгіру. Бірқалыпты, шашырап, берілген бағытта, әртүрлі қарқынмен, заттардың арасымен, аяқтың ұшымен, белгі бойынша тоқтап, бірінің соңынан бірі (20м дейін) шағын топқа бөлініп және бүкіл топпен жүгіру; бағытты өзгертіп, шашырап, 30-40 секунд бойына тоқтамай жүгіру, жүруден жүгіруге және керісінше ауысу. | | Дене шынықтыру Еңбектеу, өрмелеу. Шектеулі жазықтың, көлбеу тақтайдың бойымен, доғаның, гимнастикалық скамейканың астынан, әртүрлі заттардың: арқанның астынан нысанаға дейін төрттағандап (алақанымен, тіземен тіреп) еңбектеу. Биіктігі 10 см, ауданы 50 х 50 см модульге өрмелеу. | Музыка Музыкалық-ырғақты қимылдарды кезекпен алақанмен шапалақтау,аяқпен топылдату арқылы қарапайым би қимылдарын ұқыпты орындауға үйрету,жаттықтыру. Ән: «Бөбектер» Қимылды ырғақты ойын: «Менен кейін қайтала» Музыка жетекшісі бубинді әртүрлі темппен сылдырлата отырып қарапайым қимылдар көрсетеді. | Дене шынықтыру Балаларды топта жеңіл киінуге үйрету. Күн тәртібіне сәйкес олардың таза ауада болу ұзақтығын қамтамасыз ету. |
2-ші таңғы ас | 2-ші таңғы ас алдында гигиеналық шараларды орындау Тамақтану кезінде алаңдамауға шақыру, ойыншықтарды реттеу, кезекшілікті орындау, гигиеналық шараларды орындау, бір біріне ойыншық жинауға көмектесу, үстелде дұрыс отыруын қадағалау. | ||||
Серуенге дайындық | Балалардың дербес қимыл белсенділігі үшін жағдай жасау, спорттық - ойын жабдықтары мен спорттық құрал-жабдықтады дұрыс пайдалану туралы әңгімелесу. Балаларды ретімен киіндіру (ауа-райы жағдайына байланысты), дұрыс киінуді бақылау (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту). | ||||
Серуен | Картотека №1 Көктемгі ауа райын бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет) Мақсат-міндеттер. Балаларға көктем мезгілі жөнінде жалпы түсініктер беру, күннің жылынуына, құстардың қайтып келуіне назар аудару; қардың еріп жатқанына, адамдардың жеңіл киім киінгенін байқату; ойлау қабілеттерін, зейінді, жағымды эмоцияларды дамыту. - Балалар, қараңдаршы! - Айналада қар еріп жатыр, күн жылыды. - Адамдар жылы киімдерін тастады. - Күніміз бізге күлімдеп тұр, шуақтарымен ойнап. - Көктем, көктем, Құстар көкке. Ұшты жан-жаққа Қонды бұтаққа. Д. Ахметова Еңбекке баулу тапсырмалары: балаларды ағаштан түсіп қалған ұсақ, құрғақ бұтақтарды жинауға шақыру. (еңбек дағдылары) Мақсат-міндеттер: балаларды қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; топтастырымен бірге әрекет етуге баулу; шымырлыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. "Жүрейік" қимылды жаттығуы. Мақсат-міндеттер. Балалардың саппен, бір-біріне соғылмай, белгілі бағытта ырғақпен марш басып жүру дағдысын қалыптастыру, достыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу. - Жүрейік, жүрейік, Қолды көкке сермейік, Күнге сәлем берейік, Шапалақтап, күлейік. Жаттығу бірнеше рет өткізіледі. Педагог балалардың жүрудегі қауіпсіздігін бақылай жүреді. "Доптар сияқты секірейік" қимылды жаттығуы. (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттер: балаларды бір орында екі аяқпен сигнал бойынша секіре білу қабілеттерін дамыту; шымырлыққа, шапшаңдыққа, достыққа тәрбиелеу. | Картотека №2 Жылғалардан аққан суды бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет) Мақсат-міндеттер. Балалардың назарын жылғарлардан аққан суларға аудару; еріген қардың суларға (шалшықтарға, өзендей ағымдарға) айланатынын байқату; көктемгі құбылыстың, күн жылынып, қардың ерігені туралы алғашқы ұғымдарын қалыптастыру; білімділікке, зеректікке тәрбиелеу. - Тулай бер, өзен! Шулай бер, өзен! Күшіңді жазға Сыйлай бер өзен! Сыйлай бер, өзен! Ж. Кәрбозин Еңбекке баулу тапсырмалары: балаларды ағаштан түсіп қалған ұсақ, құрғақ бұтақтарды жинауға шақыру. (еңбек дағдылары) Мақсат-міндеттер: балаларды ересектің үлгісіне еріп, қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; топтастырымен бірге әрекет етуге баулу. "Үйректің балапандары мен күшік" қимылды ойыны. (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттер. Балаларды ойын желісін түсініп, кейіпкерлерге еліктеп қимылдуға үйрету; жүгіру және секіру дағдыларын жетілдіру. Педагог балаларға кейіпкерлердің таңбалауыштарын үлестіреді. - Балалар, үйрек суда жүзуді ұнатады, былай қимылдайды. Педагог қолдарын сәл артқа салып, шағын адымдармен жүруді көрсетеді. - Қанекей, қайталайықшы. Жарайсыңдар! - Ал күшік қалай қимылдайды? Көрсетіңдерші. - Жарайсыңдар! - Балапандар, балпандаңдар! Басқа балапандардан қалмаңдар! Қаңқылдаймыз, қаңқылдаймыз: Қаңқ-қаңқ-қаңқ! Қаңқ-қаңқ-қаңқ! Ал күшігім жүгіреді, - Ап-ап-ап! Ап-ап! - үреді. - Сен, күшігім, соқтықпа! Үйректерді қорқытпа! Алғашында педагог күшіктің рөлін өзі атқарады. Балалар жан-жаққа қашады. Содан соң соңғы сөздерде бір жерге жиналады. "Аюдың орманында" қимылды жаттығу. (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттер: балалардың бір-біріне қақтығысып қалмай, аяқтарды кең қалыпта ұстап, жүгіре білу қабілетін қалыптастыру | Картотека №3 Бұлттарды бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет) Мақсат-міндеттер. Балаларды көк аспанда ақ бұлттарды бақылауға машықтандыру; бұлттардың ақ мамықтарға және тағы басқа бейнелерге ұқсайтындарына көңіл аудару. "Аспанда". Бір бұлт шықты бие болып, Бір бұлт шықты түйе болып, Бір бұлт шықты шошқа болып, Бір бұлт шықты қошқар болып. Қ. Мырзалиев. Еңбекке баулу тапсырмалары: балаларды ағаштан түсіп қалған ұсақ, құрғақ бұтақтарды жинауға шақыру. (еңбек дағдылары) Мақсат-міндеттер: балаларды қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; топтастырымен бірге әрекет етуге баулу; шымырлыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. "Бұлттар ұқсап ұшайық" қимыл ойыны. (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттер. Балаларға бір бағыттан екінші көрсетілген бағытқа қарай жүгіруді үйрету. - Балалар, мен желмін, сендер бұлттарсыңдар. - Мен сендерге "Қатты жел соқты!" деген кезде, сендер мен көрсеткен жерге, бұлттарға ұқсап "ұшасыңдар". "Аю, тұр, ояншы!" қимылды ойыны. (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттер. Балаларды топтасып бір бағытта, сигнал бойынша қарама-қарсы бағытта, бір-біріне соғылмай, жүгіре білу қабілеттеріне үйрету; шапшаңдыққа, жылдамдыққа баулу. - Балалар, күн жылынды, ал апандағы аюымыз әлі ұйықтап жатыр екен. - Қанекей, барлығымыз бірге барып, аюды оятайықшы. - Аю оянып кетсе, қолға ұсталып қалмаңдар, қашуға тура келеді. - Аю, тұр, ояншы! Қандай ұйқыжансың! Аспанға қарайық, Құстарды тыңдайық. Педагог аюдың кейіпкерін өзі сомдап, немесе ойыншық аюды отырғызып қоя алады. Балалардың жүгірудегі қауіпсіздігін қадағалайды. "Өз орныңды тап" қимылды ойыны. (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттер: балаларды сапға (түзу сызық, жіп бойына) сигнал бойынша тізілуге, сигнал бойынша жан-жаққа шашырап жүгіруге дағдыландыру; зейінді болуға, шапшаңдыққа, достыққа тәрбиелеу | Картотека №4 Ауладағы құстарды бақылау (шығаратын дыбыстары). (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет) Мақсат-міндеттер. Балаларды құстардың шиқылдаған дыбыстарын тыңдауға ынталандыру; құстардың дыбыстарына еліктеуге үйрету. - Балалар, тыныш тұрайықшы. Естіп тұрсыңдар ма? Бұл нелердің дыбыстары шығады? Біреу "шиық-шиық" деген дыбыстарды шығарады. - Иә, бұл құстар шиқылдайды. - Құстар ұқсап дыбыстайықшы. Жарайсыңдар! Еңбекке баулу тапсырмалары: балаларды учаскедегі орындықтарды қылшақтар арқылы тазалауға шақыру. Мақсат-міндеттер: балаларды ересектің үлгісіне еріп, қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; топтастырымен бірге әрекет етуге, тазалыққа баулу; жағымды эмоцияларды дамыту. "Кім тыныш?" қимылды ойыны. (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттер. Балаларды бір бағытта тыныш жүру әдебіне үйрету, аяқтың табанын толық басып және аяқтың ұшымен жүріп қимылдау дағдыларын қалыптастыру; сигналға сай қозғалуға ынталандыру. - Балалар, ал қазір, аяқтарымызды нық басып, менің соңымнан сайға қарай жүрейік. Сайға қарай адымдаймыз, Түрлі дыбысты тыңдаймыз. Көрейік. Бұл қай бұрыш? Тыңдайық. Тыныш ... Тыныш ... - Қанекей, аяқтың ұшымен тыныш жүрейік ... - Бұл жақта не бар екен? - Тамаша ... Педагог белгілі объектіні тапқандарын айтады, балаларды мақтайды. Жаттығу бірнеше рет өткізіледі, жүру бағыттары ауысады. "Көлшіктен өт" қимылды жаттығуы. Мақсат-міндеттер: балаларды бір орнынан ұзындыққа екі аяқпен алға секіре білу қабілетін қалыптастыру; тепе-теңдік, ептілік, көзбен мөлшерлеу сезімдерін дамыту. | Картотека №5 Аспанды бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет) Мақсат-міндеттер. Балаларды аспанның таза немесе бұлтты болғанын байқауға, түсін атауға ынталандыру; зейінін, түйсігін дамыту. - Тап-таза көгілдір алаң, Бұл - жердің шатыры аспан. Аспан - күннің мекені, Жұлдыздар мекені. Еңбекке баулу тапсырмалары: балаларды ағаштан түсіп қалған ұсақ, құрғақ бұтақтарды жинауға шақыру. Мақсат-міндеттер: балаларды ересектің үлгісіне еріп, қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; топтастырымен бірге әрекет етуге баулу. "Қаздар" қимылды ойыны. (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттер. Балаларды көркем сөз мәтінін мұқият тыңдап, белгілі сигнал сөзін естіген кезде, бір бағытта, бір-біріне соғылмай, жүгіруге үйрету; жүгіруде қолдарын жан-жаққа бұлғап, қаздың қимылын қайталауға ынталандыру; айтылған сөздер мен жаттығудан жағымды әсер алуға баулу. Педагог балаларға ойын шартын түсіндіреді: "Балалар, сендер қаз құстары боласыңдар. Мені мұқият тыңдаңдар. Сөздерді менің соңымнан қайталауға болады. Мен "бидай шаш" сөздерін айтқанда, маған қарай қолдарыңды былай жайып, бұлғап, барлығың жүгіресіңдер. Педагог қаздардың қимылдарын балаларға біраз қайталатады. Балалар бір жаққа ауысып кеткенде, педагог алшақ қарама-қарсы жерге барып, ойынды тағы бір рет жүргізеді. Балалардың бір-біріне соғылмауын ескеру керек. - Қазым, қазым, қалқылда, Көлде жүзіп салқында. Жем шашайын - жейсің бе, Кәмпит берші дейсің бе? - Жоқ, жоқ, Кәмпит, тәтті болмайды ас, Арпа менен бидай шаш. С. Бегалин "Шеңберден шықпа" жаттығуы. Мақсат-міндеттер: балаларды шеңберге тұрып, шеңбердің бойымен қимылдауға баулу; кеңістікті бағдарлауға, мұқияттылыққа, достыққа тәрбиелеу |
Серуеннен оралу | Балалардың реттілікпен шешінуі. Қимыл-қозғалыс ойыны: «Торғай мен мысық» Міндеттер: Балалардың қимыл – қозғалыстарын арттырып, ептілікке баулу. Бір -біріне шешінуге көмектесу. Киімдерін жинау. Сөрелерін ретке келтіру. Бір -біріне шешінуге көмектесу. Қимыл-қозғалыс ойыны: «Қояндар мен қасқыр» Міндеттер: Балалардың қимыл-қоззғалыстарын арттырып, ептілікке баулу. | ||||
Түскі ас | Гигеналық шараларды орындау (мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, еңбек әрекеті) Ас алдында айтылатын тақпақ: Ас дегенде отырып, Тәрбиешіні тыңдаймыз. Тамақ ішіп болған соң, Орнымызды жинаймыз. Кезекшілердің жұмысы ( асхана құралдарын, майлықтарды үстелге қою) Гигиеналық шаралар (қолды дұрыс жуу, өз орамалының орнын білу, қолды дұрыс сүрту, орамалды ілу. Ас қайыру. Асың, асың, асыңа, Береке берсін басыңа! Тамақтану (өз орнын білу, дұрыс отыру, асхана құралдарын дұрыс ұстай білу, ұқыпты тамақтану , сөйлеспеу, алғыс айту) | ||||
Күндізгі ұйқы | Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайлы жағдай жасау «Жеті лақ» ертегісін мәнерлеп оқу | Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайлы жағдай жасау «Ана мен бала» Музыка | Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайлы жағдай жасау «Қуыр-қуыр-қуырмаш» Музыка | Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайлы жағдай жасау «Үй жануарлары» аудиожазба тыңдату | Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайлы жағдай жасау «Бала, бала, балақан» Музыка |
Біртіндеп ұйқыдан ояту,сауықтыру шаралары | Түскі ұйқыдан кейінгі сауықтыру шаралары (дене жаттығулары), ауа, су емшаралары, жалпақ табандылықты болдырмау үшін түйіршікті және жұмсақ жолақшалармен жүру (дене белсенділігі). | ||||
Бесін ас | Гигеналық шараларды орындау (мәдени-гигиеналық дағдылар). Балалардың назарын тағамға аудару, мәдениетті тамақтануға баулу (сөйлеуді дамыту). | ||||
Балалардың дербес іс-әрекеті | Мүсіндеуден ойын-жаттығу "Құстарға жем шашайық". Мақсат-міндеттер. Балалардың тұтас кесектен ұсақ бөліктерді үзу, жұлу дағдыларын қалыптастыру; ұсақ бөліктерді екі алақан арасында айналдыру тәсілін жетілдіру; жасалған мүсіндерді "құстарға жем" деп айтуға үйрету; құстарға еліктеп, дыбыстарын сөзбен айтуды жаттықтыру; құстарға деген қамқорлық сезіміне тәрбиелеу. Қимыл-қозғалыс ойыны: “Менің көңілді добым…” Мақсат-міндеттер: балаларды екі аяқпен секіруді үйрету, мәтінді мұқият тыңдау және мәтіннің соңғы сөз айтылған кезде ғана допты қуалау керек. Тыныс алу жаттығуы. (дене шынықтыру) | Сөйлеуді дамытудан ойын-жаттығулар "Аю, тұр! Ояншы!" Мақсат-міндеттер. Балаларға аюдың көктемгі тіршілігі туралы түсінік беру; балаларды тақпақ жаттату барысында байланыстыра сөйлеуге үйрету; жаңа сөз атауларын айтуға дағдыландыру; көктемгі құбылыстар жөнінде ұғымдарын қалыптастыру. Балалардың тақпақ жаттату арқылы есте сақтауы мен тілін, зейіні мен зеректігін дамыту. Ритмикалық ойын. "Би билеген баламыз". Мақсат-міндеттер. Балаларды әуеннің ырғағына сай қимылдап, тақпақ сөздерін айтуға ынталандыру; түйсікті, эмоциялық сфераны дамыту. - Жаттығу жасап көреміз, (адымдау) Қолды көкке көтереміз, (қолдар жоғары) Түсіріп белге төмен, (қол белде) Еңкейеміз, еңкейеміз. (оң-сол жаққа еңкею) Өкше қойып, басамыз, (оң жақ өкше, адымдау) Өкше қойып, басамыз. (сол жақ өкше, адымдау) Міне, қандай әдемі, (қол белде, бас шайқау) Би билеген баламыз. (шапалақтау) (дене шынықтыру, сөйлеуді дамыту | Қоршаған ортамен танысудан ойын-жаттығу "Көктем шақырады". Мақсат-міндеттер. Балаларға көктем мезгілі туралы негізгі ұғымдар беру; көктем мезгіліне тән табиғат құбылыстарын байқап, олардың адам өміріне тигізер ықпалы туралы түсініктерін қалыптастыру. | "Сылдырмақтармен билеу" жаттығуы. Мақсат-міндеттер: балаларды музыка ырғағына, педагогтің көрсеткеніне сай қимылдарды орындауға дағдыландыру; жағымды эмоцияларды дамыту. 1. Сылдырмақ еденде жатыр. Аяқты табанға қою. 2. Екі жаққа бұрылып, жартылай отырып-тұру. 3. Қол шапалақтау. 4. Екі аяқпен секіру. 5. Айналу. 6. Сылдырмақты жоғары көтеріп, сылдырлату. 7. Сылдырмақпен билеу. Жаттығу соңында әуен ырғағымен сылдырмақтарды себетке салуға шақыру. (музыка) | "Құстардың дауысы" дидактикалық ойыны. Мақсат-міндеттер: балаларға құстардың дыбыстары жайындағы түсініктерді беру, құстардың дыбыстарын еліктеуіш сөздер арқылы айтқызып, артикуляциясын жетілдіру. Балалар ерексек адамның сұрақтарына сәйкес құстардың дауысына еліктеп, аталған құстың дауысын салып жауап береді. - Қарға қалай дыбыстайды? (Қарға қарқылдайды. "Қар - қар - қар" - дейді!) - Бұлбұл құс қалай дыбыстайды? (Бұлбұл сайрайды. "Тёх -Тёх" - деген дыбыс шығарады.) - Торғай қандай дыбыс шығарады? (Торғай шырылдайды. "Шиық-шиық!" - дейді.) - Көкек қалай дыбыстайды? (Көкек: "Көкек-көкек" - дейді.) (сөйлеуді дамыту) |
Балалармен жеке жұмыс | "Құстарға жем". Мақсат-міндеттер. Ермексаздан шамасы бірдей ұсақ кесектерді үзу, жемдерді илеу амалдарын игерту. (мүсіндеу) | "Қандай аңға не бересің?" дамытушы ойыны. Мақсат-міндеттер. Балалардың аңдар ойыншықтарын атауға, олардың әрқайсысына қандай затты (коректі) беретінін айтуға ынталандыру, дағдыландарыру; әлеуметтік қатынастар негіздерін салу, тілін, эмоциялық құбылыстарды дамыту. Құралдар: аңдар ойыншықтары (резинадан, пластиктен жасалған), жеміс пен көкөністердің, өзге ұсақ заттардың нақпішіндері. - Балалар, бізге қандай аңдар келді? - Қандай аңға не бересіңдер? Балалар қоянға - сәбіз, түлкіге - кәмпит, қасқырға - бауырсақ, - тиінге - саңырауқұлақ беретіні туралы айтып жатады. - Қандай аңға не береміз? Дәмді қоректі тереміз: Қоянға - сәбізді, Түлкіге кәмпитті, Қасқырға болсын бауырсақ, Тиінге - саңырауқұлақ. (сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен танысу) | "Күндер". Мақсат-міндеттер. Ермексаздан кесектерді үзіп жұлу, шарларды илеу, бағандарды есу, ұштарын қосу амалдарын игерту. (мүсіндеу) | «Кім шапшаң?» Міндеттер: Есту қабілетін дамыту. Балаларды дауысқа еліктіру. Інжу, Ахметжан | Қимылды ойын: «Ордағы қасқыр» Міндеттер: секіруге, затты лақтыруға жаттықтыру. Әлібек |
Серуенге дайындық | Серуенге қызығушылықты арттыру. Балалардың реттілікпен киінуі, серуенге шығу, топтық ережелерді қайталау (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту) тақырыбына жеке әңгімелер өткізу | ||||
Серуен | Картотека №1 (қорытындылау) | Картотека №2 (қорытындылау) | Картотека №3 (қорытындылау) | Картотека №4 (қорытындылау) | Картотека №5 (қорытындылау) |
Серуеннен оралу | Балалардың киімін ретімен шешу, дербес және ойын әрекеті. | ||||
Кешкі ас | Гигиеналық дағдылар "Қолдарымызды тап-таза ғып жуайық" ойын жаттығуы. Мақсат-міндеттер: жуу алгоритмін бекіту. Тамақ ішу мәдениетімен таныстыру. Қасықты, шанышқыны дұрыс қолдануға үйрету. Тамақтанғанда, шай-су ішкенде сөйлемеу. Тамақ ішкеннен кейін қолды және бетті жуғызу. Көркем сөз. Сабынымды аламын, Алақанға саламын. Көпіртемін жақсылап, Қолды жуам мұқият. Білек, бетті, мойынды, Жуамын да, сүртемін. Тап - таза, көңілді боп, Мен үнемі жүремін. Тусипжанова-Шагирова А. Жеке заттарды қолдану (қол орамал, майлық, орамал, тарақ, түбек) киіміндегі олқылықты байқау және оны өз бетінше, ересектердің көмегімен ретке келтіру, белгілі бір ретпен киіну және шешіну, әртүрлі ілгектерді қолдана білу, ұйықтар алдында киімдерін шкафқа немесе орындыққа ұқыпты бүктеп қою. (мәдени-гигиеналық дағдылар, көркем сөз) | ||||
Балалардың дербес іс-әрекеті | Музыкалық аспаптармен ойындар. Мақсат-міндеттер. Музыканы тыңдауға қызығушылықты қалыптастыру, музыканы эмоционалды көңіл-күймен қабылдау, оны тыңдау, дыбысталу ерекшеліктерін ажырата білу. Ән айтуға деген қызығушылықтарын ояту, жекелеген сөздер мен буындарды айту. Қарапайым би қимылдарын орындау: денені оңға, солға бұру, басты оңға, солға ию, қолдарды сермеу. (музыка, шығармашылық дағды) | Үстел-үсті ойындар, саусақ моторикасын дамытатын ойындар ойнату. Мақсат-міндеттер. Берілген заттардың 3-4 сенсорлық қасиеттеріне байланысты таңдауды жүзеге асыра отырып, түсі, көлемі, өлшемі бойынша әртекті заттарды салыстыру, заттардың санын ажырату (біреу-көп), әртүрлі көлемдегі заттарды атау. (сенсорика) | Кітап бұрышында: өткен тақырыптар бойынша суреттерді қарау, сипаттау; ертегілерді есте жаңғырту, кейіпкерлердің сөздерін қайталау. Мақсат-міндеттер. Балалардың назарын кітапты қарап отырған балаға аудару. Балалармен бірге балалар әдебиетінің шығармаларына арналған иллюстрацияларды қарау. (коммуникативті дағдылар, сөйлеуді дамыту, қазақ тілі, көркем әдебиет) | Саусақ жаттығуы. Мақсат-міндеттер. Баланың тілін, қолдың моторикасын, есте сақтау қабілетін дамыту; жағымды эмоцияларға бөлене білу қабілетін қалыптастыру. "Сен қайда бардың? (орыс халқының тақпағы) - Бармақтай балғын! Сен қайда бардың? - Мына бауырыммен Орманға бардым, Мына бауырыммен Іштім де кеспе, Мына бауырыммен Дөп-ботқа жескем, Мына бауырыммен Ән салдым кеште. Х. Ерғалиев, М. Әлімбаев (сөйлеуді дамыту) | "Жүргізушілер" сюжетті-рөлдік ойыны. Мақсат-міндеттер: балаларды жүргізуші мамандығымен таныстыра отырып, ойын барысында нәтижелі қарым-қатынас орнатуға машықтандыру. Сюжеттегі екі кейіпкердің (жүргізуші - жолаушы) өзара әрекеттесу біліктіліктерін қалыптастыру. Балалардың белгілі бір рөлге қажет құрал-жабдықтарды өз бетінше таңдау әрекеттерін ынталандыру. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту) |
Балалардың үйіне қайтуы | Балалардың жетістіктері туралы әңгімелесу, ата-аналардың балаларды тәрбиелеу мен дамыту бойынша сұрақтарына жауап беру, кеңес беру. |
Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы
Білім беру ұйымы МКҚК №14 «Күншуақ» балабақшасы
Топ «Күншуақ» кіші тобы
Балалардың жасы 2-3 жас
Жоспардың құрылу кезеңі 2-апта 06.03 -10 .03. 2023 жыл
Күн тәртібінің үлгісі | Дүйсенбі | Сейсенбі | Сәрсенбі 8-наурыз (мерекеге орай демалыс) | Бейсенбі | Жұма |
Балаларды қабылдау | Таңертең балалармен амандасып, топқа кіргізу. | Балаларды топта жақсы қабылдап, амандасу. | | Балаларды жақсы көңіл –күймен қабылдап, бүгінгі көңіл-күйлерін сұрау. | Балаларды жақсы көңіл –күймен қабылдап, бүгінгі көңіл-күйлерін сұрау. |
Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру | Ата-аналармен бала денсаулығы, баланың үйдегі күн тәртібі, жетістіктері туралы әңгімелесу, баланы дамыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша (жыл мезгіліне байланысты балаларды киіндіру) кеңес беру. | ||||
Балалардың дербес іс-әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа іс-әрекеттер) | Тақпақты мәнерлеп оқу, қимыл жаттығуы. "Әже". Мақсат-міндеттер. Балаларды, әженің суретіне қарап, тақпақты мұқият тыңдап, педагогтің соңынан ілесіп, таныс сөздерді қайталауға ынталандыру; тілін, есте сақтау қабілетін, жағымды эмоцияларды дамыту. Құралдар: әженің суреті. Педагог әженің суретін балаларға көрсетіп, оған тақпақты айтып беруге ұсынады. "Әже". Әжем менің әлі де, Ұқсамайды кәріге. Шай қайнатып береді, Біздің үйдің бәріне. Н. Исахметов (сөйлеуді дамыту) | "Мозаика" үстел ойыны. Мақсат-міндеттер. Балалардың көзбен қабылдау, есте сақтау, ойлау қабілеттерін, қолдың ұсақ моторикасын дамыту. Шарты: геометриялық пішіндерден салынған, педагог көрсеткен қарапайым өрнек кілемшесін салу, педагог көрсеткен үлгіге қарап, мозаика өрнегін құрастыру. Құралдар: шаршы пішінді қатпа қағаздан жасалған кілемшелер, табақшаларда геометриялық пішіндердің жинақтамалары. Педагог баладан қандай пішіндерді қолданып жатқанын сұрастыра алады. (сөйлеуді дамыту) | | «Қамқорлық гүлі» Ойынның мақсат-міндеттер: мейрімділікке, ата-аналарға қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу . Педагог балалардан анасы үшін жасай алатын бес істі атауды сұрайды. Балаларға анасына бес жапырақшасы бар «Қамқорлық гүлін» салу ұсынылады. Сурет салып болғаннан кейін педагог балаларға өздері ойлаған істерін жасап, анасына «Қамқорлық гүлін» сыйлауды ұсынады. (әлеуметтік-эмоционалды дағдылар) | "Туған елдің көктемі" тақпағын мәнерлеп оқу, суретпен танысу. Мақсат-міндеттер. Балаларды көктем мезгілі туралы тақпақты тыңдап, қайталауға ынталандыру; жағымды эмоцияларға бөленуге үйрету; көктем мезгілі туралы алғашқы ұғымдарды қалыптастыру. Педагог тақпақты оқу алдында, балалардың назарын аулаға (күн жылы болып, қар еріп жатса) немесе көктем мезгілі салынған пейзаж суретіне аударады. Тақпақты мимиканың және қолдарының қатысуымен оқуға болады. - Туды көктем! Шулы көктем Кең даланы оятты. Күн қызуын құйды көктен, Сең бұзылды, су ақты. Ш. Мәмбетов (көркем әдебиет) |
Таңертенгі жаттығу | Картотека № 3 «Қуыршақпен ойнаймыз» Б.қ. тік тұру, аяқ алшақ, қуыршақ төменде; 1-2 қуыршақты алға ұстау, жоғары көтеру;(3рет) 3-4 б.қ; Аяқ алшақ, қуыршақ алда; 1-2 денені оңға ,солға бұру, б.қ. келу; Б.қ. қуыршақты кеудеде ұстау; 1-4 алға енкею- «Қуыршақтар билейді»; 5-6 б.қ. келу; (3рет) Б.қ. 1-2- отырып қуыршақты еденге қою; 3-4 тік тұру; Қуыршақпен оңға, солға айналу (2реттен) | ||||
Таңғы ас | Гигиеналық дағдылар Балалардың жағымды эмоцияларын тудыру үшін бәсеңдеу дыбыста салмақты әуенжазбасын қосу; тамақтану рәсімін ұстануға қызығушылық тудыру. Қасығымыз қайда? Табақшамыз қайда? Өзіме жақын тартайық, Тамақты тауысып алайық. Жеке заттарды қолдану (қол орамал, майлық, орамал, тарақ, түбек) киіміндегі олқылықты байқау және оны өз бетінше, ересектердің көмегімен ретке келтіру, белгілі бір ретпен киіну және шешіну, әртүрлі ілгектерді қолдана білу, ұйықтар алдында киімдерін шкафқа немесе орындыққа ұқыпты бүктеп қою. (мәдени-гигиеналық дағдылар, сөйлеуді дамыту) | ||||
| |||||
Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық | Балаларға жайлы эмоциялық ахуалды ұйымдастыру үшін бәсеңдеу дыбыста салмақты әуенжазбасын қосу. | Мінез-құлық мәдениетінің дағдыларын қалыптастыру: амандасу, қоштасу, алғыс айту. Баланың құрдастарына деген мейірімді қарым-қатынасын үлгі ету. | | Шаттық шеңбер: «Арайлап таң атты Алтын сәуле таратты Жайнай берсін даламыз Жайнай берсін бақшамыз!» | Көңілді музыка арқылы қызықты қимылдар жасап балалардың көңілін көтеру. |
Мектепке дейінгі ұйымның кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет | Дене шынықтыру Негізгі қимылдар: Жүгіру. Бірқалыпты, шашырап, берілген бағытта, әртүрлі қарқынмен, заттардың арасымен, аяқтың ұшымен, белгі бойынша тоқтап, бірінің соңынан бірі (20м дейін) шағын топқа бөлініп және бүкіл топпен жүгіру; бағытты өзгертіп, шашырап, 30-40 секунд бойына тоқтамай жүгіру, жүруден жүгіруге және керісінше ауысу. | | | Музыка Міндеті: Музыкалық-ырғақтың көмегімен шеңбер бойымен бір орында, шашыраңқы жүру, қайтадан қалыпқа түсу дағдыларын қалыптастыру. Ән: «Алақай» Қимылды ырғақты ойын: «Тауық пен балапандар» Көңілді әуен ойнағанда балалар жан -жақта шашырап жүреді, жылдам әуен ойнағанда жүгіріп келіп аналарына тығылады. Балалардың қимылдарын жылдамдатуға арналған қимылды ойын болып саналады. | Дене шынықтыру Сауықтыру-шынықтыру шаралары Балаларды топта жеңіл киінуге үйрету. Күн тәртібіне сәйкес олардың таза ауада болу ұзақтығын қамтамасыз ету. |
2-ші таңғы ас | Тағамның атауын есте сақтауға, тазалыққа бейімдеу. "Тәбетіміз ашылды. Ас болсын!" (мәдени-гигиеналық дағдылар, сөйлеуді дамыту, көркем сөзді қайталау) | ||||
Серуенге дайындық | Балаларды өз киімдерін тануға, атауға, өз шкафын таңбалауыш арқылы табуға үйрету. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет) Балалардың дербес қимыл белсенділігі үшін жағдай жасау, спорттық - ойын жабдықтары мен спорттық құрал-жабдықтады дұрыс пайдалану туралы әңгімелесу. Балаларды ретімен киіндіру (ауа-райы жағдайына байланысты), дұрыс киінуді бақылау (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту). | ||||
Серуен | Желді бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту) Мақсат-міндеттер. Балаларды, ағаштардың бұтақтарына қарап, желдің болғанын байқауға үйрету; байқағыштыққа, зеректікке тәрбиелеу. Желдің соққанын байқайық, Желектерге бір қарайық: Жел бұталарды шайқайды, Жапырақтармен ойнайды. Еңбекке баулу тапсырмалары: балаларды ағаштан түсіп қалған ұсақ, құрғақ бұтақтарды жинауға шақыру. (еңбек дағдылары) Мақсат-міндеттер: балаларды қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; топтастырымен бірге әрекет етуге баулу; шымырлыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Үйректің балапандары мен күшік" қимылды ойыны. (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттер. Балаларды ойын желісін түсініп, кейіпкерлерге еліктеп қимылдуға үйрету; жүгіру және секіру дағдыларын жетілдіру. Педагог балаларға кейіпкерлердің таңбалауыштарын үлестіреді. - Балалар, үйрек суда жүзуді ұнатады, былай қимылдайды. Педагог қолдарын сәл артқа салып, шағын адымдармен жүруді көрсетеді. - Қанекей, қайталайықшы. Жарайсыңдар. - Ал күшік қалай қимылдайды? Көрсетіңдерші? - Жарайсыңдар! - Балапандар, балпаңдаңдар! Басқа балапандардан қалмаңдар! Қаңқылдаймыз, қаңқылдаймыз: Қаңқ-қаңқ-қаңқ! Қаңқ-қаңқ-қаңқ! Ал күшігім жүгіреді, - Ап-ап-ап! Ап-ап! - үреді. - Сен, күшігім, соқтықпа! Үйректерді қорқытпа! Алғашында педагог күшіктің рөлін өзі ойнайды. Балалар жан-жаққа қашады. Ең соңындағы сөздер айтылғанда бір жерге жиналады. "Ирелеңдеген жолдармен" ойын жаттығуы. (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттер: ирелеңдеген жолдардың бойымен жүруге жаттықтыру; арақашықты сақтауға баулу. | Ауладағы құстарды бақылау (шығаратын дыбыстары). (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту) Мақсат-міндеттер. Балаларды құстардың шиқылдаған дыбыстарын тыңдауға ынталандыру; құстардың дыбыстарына еліктеуге үйрету. - Балалар, тыныш тұрайықшы. Естіп тұрсыңдар ма? Бұл нелердің дыбыстары шығады? Біреу "шиық-шиық" деген дыбыстарды шығарады. - Иә, бұл құстар шиқылдайды. - Құстар ұқсап дыбыстайықшы. Жарайсыңдар! Еңбекке баулу тапсырмалары: балаларды құмның бетін қоқымнан тазалауға шақыру. (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттер: балаларды ересектің үлгісіне еріп, қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; топтастырымен бірге әрекет етуге, тазалыққа баулу; жағымды эмоцияларды дамыту. "Құстар" қимылды ойыны. (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттер. Балаларды жан-жақтағы бағытқа бір-бірін итермей жүгіруге үйрету, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Педагог балалар ("құстар") үшін белгілі орындарды "ұя" деп белгілейді. "Құстар, ұшыңдар!" сөздерінен кейін балаларға еркін жүгіріп, қолдарымен бұлғап, құстардың ұшқанына еліктеу қимылдарын көрсетеді, жағымды сөздерді айтып, балаларды қолдайды, біраздан соң балаларға алаңға шоқайып отыруды ұсынады: - Құстар, құстар, келіңдер, Жемді шоқып, теріңдер. Жемді шоқып, тойсаңдар, Әнді салып беріңдер. Д. Ахметова Педагог балалар біраз отырып, демалып алғаннан кейін, оларға қайта "ұшып" қимылдауды ұсынады. "Шашылған асықтарды жинайық" қимылды жаттығуы. (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттер: балаларды шапшаңдыққа, дәлдікке, қоршаған кеңістікті бағдарлауға баулу, топтастармен тату ойнауға, достыққа тәрбиелеу. | | Ағаштарды бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту) Мақсат-міндеттер. Балалардың ағаштардың құрылымы туралы ұғымдарын жетілдіру; ағаштардың бүршік атқанын байқату; зейінін, ойлау қабілеттерін дамыту. - Аулада өседі ағаштар, Бау-бақшада тұрады қатар-қатар. Созады көп бұтақтарын, Желге желпілдеп, шайқалып. Еңбекке баулу тапсырмалары: балаларды ағаштан түсіп қалған ұсақ, құрғақ бұтақтарды жинауға шақыру. Мақсат-міндеттер: балаларды қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; топтастырымен бірге әрекет етуге баулу; шымырлыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. (еңбек дағдылары) "Қоңырауым қайда?" қимылды ойыны. (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттер. Балаларды белгілі бағытта сигнал бойынша жүгіруге жаттықтыру. Педагог балаларға ойынның бастамасын көрсетеді. - Қоңырауым қайда? Сыңғырлайды сайда. Кім адапсай тауып алады, Қоңырауды қолға алады. Балалар жасырынған қоңырауды тауып алып, қолға алып сыңғырлайды. Педагог келесі реттерде қоңыраудың орнын ауыстырып жасырады. «Тегіс жолмен жүреміз» ойын жаттығуы. (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттер: алға қарай жылжи отырып, қос аяқпен секіруге жаттықтыру. | Бұлттарды бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту) Мақсат-міндеттер. Балаларды көк аспанда ақ бұлттарды бақылауға машықтандыру; бұлттардың ақ мамықтарға және тағы басқа бейнелерге ұқсайтындарына көңіл аудару. "Аспанда". Бір бұлт шықты бие болып, Бір бұлт шықты түйе болып, Бір бұлт шықты шошқа болып, Бір бұлт шықты қошқар болып. Қ. Мырзалиев. "Бұлттар ұқсап ұшайық" қимыл ойыны. (дене шынықтыру) Балаларға бір бағыттан екінші көрсетілген бағытқа қарай жүгіруді үйрету. - Балалар, мен желмін, сендер бұлттарсыңдар. - Мен сендерге: "Қатты жел соқты!" деген кезде, сендер мен көрсеткен жерге, бұлттарға ұқсап "ұшасыңдар". Еңбекке баулу тапсырмалары: балаларды учаскедегі орындықтарды қылшақтар арқылы тазалауға шақыру. Мақсат-міндеттер: балаларды ересектің үлгісіне еріп, қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; топтастырымен бірге әрекет етуге, тазалыққа баулу; жағымды эмоцияларды дамыту. (еңбек дағдылары) "Құлыншақтар" қимылды ойыны. (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттер. Балаларды құлыншақтардың қимылдарына еліктеуге машықтандыру; сигнал бойынша жан-жаққа бағыттау немесе бір жерге топтасып жиналу дағдыларын қалыптастыру; бір-біріне соғылмай жүгіруге үйрету; жағымды эмоцияларға бөленуге тәрбиелеу. Педагог балаларға құлыншақтың суретін және қалташаларды үлестіреді. - Балалар, бүгін біз құлыншақтай қимылдайықшы. - Құлыншақ шабады. Қараңдаршы. Педагог құлыншақтың қимылдарын көрсетеді, балалар қайталайды. - Жарайсыңдар. - Ал енді менің соңымнан тақпақты қайталап, құлыншақтай шауып көрейік. "Құлыншақ". - Құлын, құлын, құлыншақ, Желкілдейді тұлымшақ. Маңдайында жұлдызы, Құйрығында құндызы. М. Жаманбалинов "Шеңберге дәлде" ойын жаттығуы. Мақсат-міндеттер: балаларда нысанаға (асықты) дәлдеп ата білу, ептілік, мергенділік қабілеттерін дамыту |
Серуеннен оралу | Қатармен жүру.серуенде көрген білгендері бойынша әңгімелеу.Киімдерін реттілікпен шешіп сөрелерге орналастыру,гигиеналық тазалқ шараларын орындау. | ||||
Түскі ас | Гигеналық шараларды орындау (мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, еңбек әрекеті) Ас алдында айтылатын тақпақ: Ас дегенде отырып, Тәрбиешіні тыңдаймыз. Тамақ ішіп болған соң, Орнымызды жинаймыз. Кезекшілердің жұмысы ( асхана құралдарын, майлықтарды үстелге қою) Гигиеналық шаралар (қолды дұрыс жуу, өз орамалының орнын білу, қолды дұрыс сүрту, орамалды ілу. Ас қайыру. Асың, асың, асыңа, Береке берсін басыңа! Тамақтану (өз орнын білу, дұрыс отыру, асхана құралдарын дұрыс ұстай білу, ұқыпты тамақтану , сөйлеспеу, алғыс айту) | ||||
Күндізгі ұйқы | Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайлы жағдай жасау «Ақылды қоян» ертегі аудиосын тыңдату | Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайлы жағдай жасау «Ана мен бала» Музыка | | Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайлы жағдай жасау «Үй жануарлары» аудио жазбаны тыңдату | Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайлы жағдай жасау «Бала, бала, балақан» Музыка |
Біртіндеп ұйқыдан ояту,сауықтыру шаралары | Түскі ұйқыдан кейінгі сауықтыру шаралары (дене жаттығулары), ауа, су емшаралары, жалпақ табандылықты болдырмау үшін түйіршікті және жұмсақ жолақшалармен жүру (дене белсенділігі). | ||||
Бесін ас | Гигеналық шараларды орындау (мәдени-гигиеналық дағдылар). Балалардың назарын тағамға аудару, мәдениетті тамақтануға баулу (сөйлеуді дамыту). | ||||
Балалардың дербес іс-әрекеті | «Ала Марғау» Мақсат-міндеттер. Балаларға қағаз бетіндегі мысық сұлбасын бақылата отырып, ұзындығы мысық денесінің жуандығына сай келетін сызықтардың салыну тәсілін үйрету; қылқаламды үш саусақпен ұстап, түгін бояуға малып, мысық денесінің бойын жоғарыдан төмен қарай қысқа сызықтармен толтыруға дағдыландыру (сурет салу,көркем әдебиет,шығармашылық,зерттеу дағдысы) | Дамытушы ойын:«Ыдыстар» Мақсат-міндеттер. Балаларды әртүрлі заттарды ортақ сенсорикалық сипаты, көлемі мен пішіні бойынша сәйкестендіруге үйрету; көлемі әртүрлі табақшаларды өзара салыстыруға дағдыландыру; пішіндері мен көлемдері біркелкі заттарды жинау қабілеттерін арттыру (сенсорика, сөйлеуді дамыту) | | Саусақ жаттығуы. «Біз текшені жинаймыз» Мақсат-міндеттер. Балаларды текшелермен ойындар алдында саусақтарын жаттықтыруға ынталандыру; қолдардың ұсақ моторикасын, ойлау қабілеттерін дамыту; достыққа тәрбиелеу. Біз текшені жинаймыз, Мұнараны құраймыз. Жұдырыққа жұдырық Қоямыз, санаймыз. Бір, екі, үш, төрт, Бір, екі, үш, төрт, Жұдырыққа жұдырық, Биікке қалаймыз. Д. Ахметова (сөйлеуді дамыту, сенсорика) | «Шұбар тауық» ертегісін үстел үсті театры арқылы сахналау. Мақсат-міндеттер. Балаларға шұбар тауық туралы ертегінің желісін пысықтау, басты кейіпкерлердің сөздерін айтқызып, ертегінің аяғында пайда болған оқиғаға жағымды көңіл-күймен жауап беруге ынталандыру. (көркем әдебиет,сөйлеуді дамыту,қимыл-қозғалыс дағдысы) |
Балалармен жеке жұмыс | «Көңілді саусақтар» саусаққа арналған жаттығу. Мақсат-міндеттер: балалардың ұсақ қол моторикасын, жағымды эмоцияларды дамыту, ересекке деген сенімділікті арттыру. Айару,Сабрина | «Дұрыс орналастыр» ойыны. Мақсат-міндеттер: балаларды жылдам қимылдауды қалыптастыру. Үлкен қорапқа текшелер мен шарларды салу. Шарларды бір қорапқа, ал екінші қорапқа текшелерді салу керек. (сенсорика)София,Алина | | «Балық» ойыны Мақсат-міндеттер. Ермексаздан кесектерді үзіп, жұлу, есу, шымшу амалдарын игерту. (мүсіндеу) Айкөркем | «Үй құстары» аудио жазбаны тыңдату арқылы үй құстарын таба білуге жаттықтыру,атауларын есте сақтауға, дыбыстарды қайталауға қызықтыру; жағымды эмоцияларды дамыту. (сөйлеуді дамыту) Арлан |
Серуенге дайындық | Серуенге қызығушылықты арттыру. Балалардың реттілікпен киінуі, серуенге шығу, топтық ережелерді қайталау (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту) тақырыбына жеке әңгімелер өткізу | ||||
Серуен | Картотека №1 (қорытындылау) | Картотека №7 (қорытындылау) | | Картотека №9 (қорытындылау) | Картотека №10 (қорытындылау) |
Серуеннен оралу | Балалардың киімін ретімен шешу, дербес және ойын әрекеті. | ||||
Кешкі ас | Гигиеналық дағдылар "Қолдарымызды тап-таза ғып жуайық" ойын жаттығуы. Мақсат-міндеттер: жуу алгоритмін бекіту. Тамақ ішу мәдениетімен таныстыру. Қасықты, шанышқыны дұрыс қолдануға үйрету. Тамақтанғанда, шай-су ішкенде сөйлемеу. Тамақ ішкеннен кейін қолды және бетті жуғызу. Көркем сөз. Сабынымды аламын, Алақанға саламын. Көпіртемін жақсылап, Қолды жуам мұқият. Білек, бетті, мойынды, Жуамын да, сүртемін. Тап - таза, көңілді боп, Мен үнемі жүремін. Тусипжанова-Шагирова А. Жеке заттарды қолдану (қол орамал, майлық, орамал, тарақ, түбек) киіміндегі олқылықты байқау және оны өз бетінше, ересектердің көмегімен ретке келтіру, белгілі бір ретпен киіну және шешіну, әртүрлі ілгектерді қолдана білу, ұйықтар алдында киімдерін шкафқа немесе орындыққа ұқыпты бүктеп қою. (мәдени-гигиеналық дағдылар, көркем сөз) | ||||
Балалардың дербес іс-әрекеті | Көркем әдебиеттен ойын-жаттығу "Қоянның үйшігі". Мақсат-міндеттер. Балаларды "Қоянның үйшігі" ертегісімен таныстыра отырып, ертегі мазмұны бойынша эмоционалды жауап беруге талпындыру; шығарма мазмұнын зейін қойып, мұқият тыңдауға үйрету; кейіпкерлердің мінездері мен әрекеттері желісін бақылату. Балалардың тілін, танымын, қабылдау қабілетін, есте сақтауын дамыту. | Сурет салудан ойын-жаттығу "Бұлақтар". Мақсат-міндеттер. Балаларды тігінен орналасқан қағаз бетін бақылап, жоғарғы жақтағы ағаштардың көлеңкелерінен төмен, қағаз ортасынан бастап, төменгі жағын солдан оңға қарай жатқан иректерге, "бұлақтарға" толтыруға үйрету; қылқаламды бояуға малып, сол жақтағы нүктелердің біріне қойып, ұшымен иректеп, оң жақ шетке жеткізуге дағдыландыру; келесі иректерді, "бұлақтарды" біріншінің астына параллель салуға жаттықтыру; қылқалам түгін бояуға қайта малуға және жұмыстан кейін тіреушеге қою қабілетіне баулу; қардың көктемде еру қасиеті туралы түсініктер беру. | | Қоршаған ортамен танысудан ойын-жаттығу "Бұлақ". Мақсат-міндеттер. Балаларды табиғат құбылысын бақылау негіздеріне үйрету; аққан бұлақтың қозғалу ерекшеліктерін байқап, еріген қардан пайда болатын су туралы ұғымдарын қалыптастыру; балалардың жағымды эмоцияларға бөленулеріне жағдай жасау. | Музыкадан ойын-жаттығу "Бұлақ сылдыры". Мақсат-міндеттер. Балаларды "Төлдер" әнінің сипатын ажыратып, эмоционалды жауап беруге ынталандыру; би ырғақтарын музыка әуеніне сай жасауға |
Балалардың үйіне қайтуы | Балалардың жетістіктері туралы әңгімелесу, ата-аналардың балаларды тәрбиелеу мен дамыту бойынша сұрақтарына жауап беру, кеңес беру. |
Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы
Білім беру ұйымы МКҚК №14 «Күншуақ» балабақшасы
Топ «Күншуақ» кіші тобы
Балалардың жасы 2-3 жас
Жоспардың құрылу кезеңі 3-апта 13.03 -17.03 2023 жыл
Күн тәртібінің үлгісі | Дүйсенбі | Сейсенбі | Сәрсенбі | Бейсенбі | Жұма |
Балаларды қабылдау | Таңертең балалармен амандасып, топқа кіргізу. | Балаларды топта жақсы қабылдап, амандасу. | Балаларды жақсы көңіл -күймен қабылдап, бүгінгі көңіл-күйлерін сұрау. | Балаларды жақсы көңіл –күймен қабылдап, бүгінгі көңіл-күйлерін сұрау. | Балаларды жақсы көңіл –күймен қабылдап, бүгінгі көңіл-күйлерін сұрау. Балаларға тақпақты қайталату арқылы қимылдар жасау. |
Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру | Ата-аналармен бала денсаулығы, баланың үйдегі күн тәртібі, жетістіктері туралы әңгімелесу, баланы дамыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша (жыл мезгіліне байланысты балаларды киіндіру) кеңес беру. | ||||
Балалардың дербес іс-әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа іс-әрекеттер) | Ойын-имитация. "Әлди, әлди!" Мақсат-міндеттер. Балалардың ырғақты есту қабілетін, дыбыстық тіл мәдениетін дамыту; көркем сөзді айта тұрып, ойыншықпен қимылдау, қуанышқа бөлену қабілетін қалыптастыру. Құралдар: қуыршақтар немесе балаларға ұнамды кейіпкер ойыншықтар. Педагог балаларға ойыншықтарын қолға алып, еркін тербету қимылдарын жасауға мүмкіндік береді. Содан соң педагог тақпақты мәнерлеп айта тұрып, балаларды бірге қосылуға тартады. - Әлди, әлди! Әлди, әлди, бөпешім, Ән сап берем, келе ғой. Жыламашы, көкешім, Жұбатқанға көне ғой. Ұйқың келсе, бөлейін, Тербетейін есікке, Қаз-қаз басшы, көрейін, Барып келші есікке. С. Әлімқұлов (сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет) | Саусақ жаттығуы. "Бесік жыры" (халық ауызынан) Мақсат-міндеттер. Балалардың көркем сөзді айта отыра, саусақтарды кезегімен бүгіп қимылдай білу, ырғақты есту қабілетін, дыбыстық тіл мәдениетін дамыту; қуанышқа бөленуге баулу. Педагог алақанын ашып, қолын балаларға қаратып, көркем сөзді айта отырып, кезегімен саусақтарын бүгеді. Балалар жаттығудың үлгісін көргеннен кейін педагогке ілесіп қайта орындайды, тақпақты жатқа айтуға тырысады. "Бесік жыры". Әлди, әлди, ақ бөпем, Ақ бесікке жат, бөпем. Жілік шағып берейін, Майын жесең, тоясың, Жылауыңды қоясың. (сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет) | "Шелпек" тақпағын мәнерлеп оқу, қимыл жаттығуы. Мақсат-міндеттер. Балалардың тілін дамыту, денсаулықты сақтау қағидаларына тәрбиелеу, қолдарды таза ұстауға баулу. Педагог балаларға шелпектердің жасанды пішіндерін табақшаға салып қойып, көрсетуі мүмкін. - Балалар, қараңдаршы. - Біреу табақшаға бізге сыйлар әкеліп қойған сияқты. Бұл не? - Иә, шелпектер. - Шелпекті жеу алдында біз не істейміз? - Дұрыс, қолды жуамыз. - Балалар, ал Әли қолын әлі де жумапты. - Әлиге тақпақты айтып берейікші. Әли жеңіске жетпек, Тәртіпті емес, тентек. Жуылмаған қолында, Ай-ай-ай, майлы шелпек. Тақпақты қимылдармен сүйемелдеуге болады. (сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет) | «Наурыз көжені дайында» ойыны. Мақсат-міндеттер: педагогтің сипаттамасынан кейін, сәйкес суретті таба білу. Ойын барысы: фланелеграфқа қазанның суреті бекітілген. (жапсыру, қоршаған ортамен танысу) | "Туған елдің көктемі" тақпағын мәнерлеп оқу, суретпен танысу. Мақсат-міндеттер. Балаларды көктем мезгілі туралы тақпақты тыңдап, қайталауға ынталандыру; жағымды эмоцияларға бөленуге үйрету; көктем мезгілі туралы алғашқы ұғымдарды қалыптастыру. Педагог тақпақты оқу алдында, балалардың назарын аулаға (күн жылы болып, қар еріп жатса) немесе көктем мезгілі салынған пейзаж суретіне аударады. Тақпақты мимиканың және қолдарының қатысуымен оқуға болады. - Туды көктем! Шулы көктем Кең даланы оятты. Күн қызуын құйды көктен, Сең бұзылды, су ақты. Ш. Мәмбетов (сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет) |
Таңертенгі жаттығу | Картотека № 4 «Аңдармен жаттығамыз» Б.қ. Аяқ алшақ, ойыншық төменде; 1-2 ойыншықты жоғары көтеріп, аяқ ұшына тұру; 3-4 б.қ. келу; Б.қ. ойыншықты алға созып ұстау; 1-2 оңға, солға бұрылу, б.қ. келу; Б.қ. ойыншық кеуде алдында; 1-2 алға енкейіп ,ойыншықты еденге қою; 3-4 б.қ. келу; Б.қ.-т.с. 1-2 ойыншықпен отыру; 3-4 б.қ. келу; (4рет) Ойыншықпен оңға ,солға айналу; | ||||
Таңғы ас | Таңғы ас алдында гигиеналық шараларды орындау. Мәдени-гигиеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету. Нан туралы тақпақ Нан қиқымын шашпаңдар, Жерде жатса баспаңдар Теріп алып, қастерлеп Торғайларға тастаңдар! Міндеттер: Балаларға таңғы астың , нанның маңыздылығы жайлы айту, тамақты тауысып жеуге үйрету. | ||||
Тамақтану (өз орнын білу, дұрыс отыру, ас ішу құралдарын дұрыс ұстау, тамақтану мәдениетін қалыптастыру,тамақ ішкенде сөйлемеу, тамақтанып болғаннан кейін алғыс айту) | |||||
Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық | Сәлемдесу ойыны: «Менің көмекшілерім» Мақсат-міндеттер: балаларды жағымды көңіл-күйге бөленуге тарту, сәлемдесу рәсіміне баулу; дене мүшелерін қабылдап тануға тәрбиелеу. Мынау – менің жүрегім, Бәрі осыдан басталған, Мынау – басым ақылды. Бәрін осы басқарған. Мынау – менің оң қолым, Мынау – менің сол қолым. Барлық істі атқарған. (сөйлеуді дамыту) | Нейрожаттығу түрлері арқылы балаларды ұйымдастыру,көңіл-күйлерін көтеру. | Жылулық шеңбері: «Достарым» балалар жұмсақ жүрекшені бір-біріне беру арқылы жылы сөз айту. | Ертегі кейіпкеріне еніп балаларға қызықты ойын ойнату арқылы қызығушылығын арттыру. | Шаттық шеңбер: «Алақай,нұрлы күн!» Күннің нұры төгілді Достар бүгін көңілді Ауламызда балақай, Ақшақарлар төгілді. |
Мектепке дейінгі ұйымның кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет | Дене шынықтыру Негізгі қимылдар: Жүгіру. Бірқалыпты, шашырап, берілген бағытта, әртүрлі қарқынмен, заттардың арасымен, аяқтың ұшымен, белгі бойынша тоқтап, бірінің соңынан бірі (20м дейін) шағын топқа бөлініп және бүкіл топпен жүгіру; бағытты өзгертіп, шашырап, 30-40 секунд бойына тоқтамай жүгіру, жүруден жүгіруге және керісінше ауысу. | | Дене шынықтыру Еңбектеу, өрмелеу. Шектеулі жазықтың, көлбеу тақтайдың бойымен, доғаның, гимнастикалық скамейканың астынан, әртүрлі заттардың: арқанның астынан нысанаға дейін төрттағандап (алақанымен, тіземен тіреп) еңбектеу. Биіктігі 10 см, ауданы 50 х 50 см модульге өрмелеу. | Музыка Міндеті: ән ырғағымен жүріп келе жатып оңға солға иілу дағдыларын қалыптастыру.Оң,сол ұғымдарымен таныстыру. Ән: «Жаңбыр жауды» Қимылды ырғақты ойын: «Сағат» оң,сол ұғымын шыңдау үшін ойнатылады. Ойында үлкен сағат құралы пайдаланылады,сағатты оңға солға қозғалту арқылы бала сол қимылды қайталайды. | Дене шынықтыру Сауықтыру-шынықтыру шаралары Балаларды топта жеңіл киінуге үйрету. Күн тәртібіне сәйкес олардың таза ауада болу ұзақтығын қамтамасыз ету. |
2-ші таңғы ас | Тағамның атауын есте сақтауға, тазалыққа бейімдеу. "Тәбетіміз ашылды. Ас болсын!" (мәдени-гигиеналық дағдылар, сөйлеуді дамыту, көркем сөзді қайталау) | ||||
Серуенге дайындық | Балалардың дербес қимыл белсенділігі үшін жағдай жасау, спорттық - ойын жабдықтары мен спорттық құрал-жабдықтады дұрыс пайдалану туралы әңгімелесу. Балаларды ретімен киіндіру (ауа-райы жағдайына байланысты), дұрыс киінуді бақылау (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту). | ||||
Серуен | Картотека №11 Бұлттарды бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет) Мақсат-міндеттер. Балаларды көк аспанда ақ бұлттарды бақылауға машықтандыру; бұлттардың ақ мамықтарға және тағы басқа бейнелерге ұқсайтындарына көңіл аудару. "Аспанда". Бір бұлт шықты бие болып, Бір бұлт шықты түйе болып, Бір бұлт шықты шошқа болып, Бір бұлт шықты қошқар болып. Қ. Мырзалиев. Еңбекке баулу тапсырмалары: балаларды ағаштан түсіп қалған ұсақ, құрғақ бұтақтарды жинауға шақыру. (еңбек дағдылары) Мақсат-міндеттер: балаларды қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; топтастырымен бірге әрекет етуге баулу; шымырлыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. "Бұлттар ұқсап ұшайық" қимыл ойыны. (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттер. Балаларға бір бағыттан екінші көрсетілген бағытқа қарай жүгіруді үйрету. - Балалар, мен желмін, сендер бұлттарсыңдар. - Мен сендерге "Қатты жел соқты!" деген кезде, сендер мен көрсеткен жерге, бұлттарға ұқсап "ұшасыңдар". "Аю, тұр, ояншы!" қимылды ойыны. (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттер. Балаларды топтасып бір бағытта, сигнал бойынша қарама-қарсы бағытта, бір-біріне соғылмай, жүгіре білу қабілеттеріне үйрету; шапшаңдыққа, жылдамдыққа баулу. - Балалар, күн жылынды, ал апандағы аюымыз әлі ұйықтап жатыр екен. - Қанекей, барлығымыз бірге барып, аюды оятайықшы. - Аю оянып кетсе, қолға ұсталып қалмаңдар, қашуға тура келеді. - Аю, тұр, ояншы! Қандай ұйқыжансың! Аспанға қарайық, Құстарды тыңдайық. Педагог аюдың кейіпкерін өзі сомдап, немесе ойыншық аюды отырғызып қоя алады. Балалардың жүгірудегі қауіпсіздігін қадағалайды. "Өз орныңды тап" қимылды ойыны. (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттер: балаларды сапға (түзу сызық, жіп бойына) сигнал бойынша тізілуге, сигнал бойынша жан-жаққа шашырап жүгіруге дағдыландыру; зейінді болуға, шапшаңдыққа, достыққа тәрбиелеу. | Картотека №12 Ағаштарды бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет) Мақсат-міндеттер. Балалардың ағаштардың құрылымы туралы ұғымдарын жетілдіру; ағаштардың бүршік атқанын байқату; зейінін, ойлау қабілеттерін дамыту. - Аулада өседі ағаштар, Бау-бақшада тұрады қатар-қатар. Созады көп бұтақтарын, Желге желпілдеп, шайқалып. Еңбекке баулу тапсырмалары: балаларды ағаштан түсіп қалған ұсақ, құрғақ бұтақтарды жинауға шақыру. (еңбек дағдылары) Мақсат-міндеттер: балаларды қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; топтастырымен бірге әрекет етуге баулу; шымырлыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. "Қоңырауым қайда?" қимылды ойыны. (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттер. Балаларды белгілі бағытта сигнал бойынша жүгіруге жаттықтыру. Педагог балаларға ойынның бастамасын көрсетеді. - Қоңырауым қайда? Сыңғырлайды сайда. Кім адапсай тауып алады, Қоңырауды қолға алады. Балалар жасырынған қоңырауды тауып алып, қолға алып сыңғырлайды. Педагог келесі реттерде қоңыраудың орнын ауыстырып жасырады. «Тегіс жолмен жүреміз» ойын жаттығуы. (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттер: алға қарай жылжи отырып, қос аяқпен секіруге жаттықтыру. | Картотека №13 Ауладағы құстарды бақылау (шығаратын дыбыстары). (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет) Мақсат-міндеттер. Балаларды құстардың шиқылдаған дыбыстарын тыңдауға ынталандыру; құстардың дыбыстарына еліктеуге үйрету. - Балалар, тыныш тұрайықшы. Естіп тұрсыңдар ма? Бұл нелердің дыбыстары шығады? Біреу "шиық-шиық" деген дыбыстарды шығарады. - Иә, бұл құстар шиқылдайды. - Құстар ұқсап дыбыстайықшы. Жарайсыңдар! Еңбекке баулу тапсырмалары: балаларды учаскедегі орындықтарды қылшақтар арқылы тазалауға шақыру. (еңбек дағдылары) Мақсат-міндеттер. Балаларды ересектің үлгісіне еріп, қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; топтастырымен бірге әрекет етуге, тазалыққа баулу; жағымды эмоцияларды дамыту. "Қаздар" қимылды ойыны. (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттер. Балаларды көркем сөз мәтінін мұқият тыңдап, белгілі сигнал сөзін естіген кезде, бір бағытта, бір-біріне соғылмай, жүгіруге үйрету; жүгіруде қолдарын жан-жаққа бұлғап, қаздың қимылын қайталауға ынталандыру; айтылған сөздер мен жаттығудан жағымды әсер алуға баулу. Педагог балаларға ойын шартын түсіндіреді: "Балалар, сендер қаз құстары боласыңдар. Мені мұқият тыңдаңдар. Сөздерді менің соңымнан қайталауға болады. Мен "бидай шаш" сөздерін айтқанда, маған қарай қолдарыңды былай жайып, бұлғап, барлығың жүгіресіңдер. Педагог қаздардың қимылдарын балаларға біраз қайталатады. Балалар бір жаққа ауысып кеткенде, педагог алшақ қарама-қарсы жерге барып, ойынды тағы бір рет жүргізеді. Балалардың бір-біріне соғылмауын ескеру керек. - Қазым, қазым, қалқылда, Көлде жүзіп салқында. Жем шашайын - жейсің бе, Кәмпит берші дейсің бе? - Жоқ, жоқ, Кәмпит, тәтті болмайды ас, Арпа менен бидай шаш. С. Бегалин "Аяқ ұшына түрып, ақырын жүрейік" жаттығуы. (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттер. Балалардың бір сапта, бір бағытқа қарай аяқ ұшымен жүре білу қабілетін дамыту; аяқ бұлшық еттерін, дене тепе-теңдігін дамыту, тыныс алу мүшелерін жетілдіру. | Картотека №14 Желді бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет) Мақсат-міндеттер. Балаларды, ағаштардың бұтақтарына қарап, желдің болғанын байқауға үйрету; байқағыштыққа, зеректікке тәрбиелеу. Желдің соққанын байқайық, Желектерге бір қарайық: Жел бұталарды шайқайды, Жапырақтармен ойнайды. Еңбекке баулу тапсырмалары: балаларды ағаштан түсіп қалған ұсақ, құрғақ бұтақтарды жинауға шақыру. (еңбек дағдылары) Мақсат-міндеттер: балаларды қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; топтастырымен бірге әрекет етуге баулу; шымырлыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Үйректің балапандары мен күшік" қимылды ойыны. (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттер. Балаларды ойын желісін түсініп, кейіпкерлерге еліктеп қимылдуға үйрету; жүгіру және секіру дағдыларын жетілдіру. Педагог балаларға кейіпкерлердің таңбалауыштарын үлестіреді. - Балалар, үйрек суда жүзуді ұнатады, былай қимылдайды. Педагог қолдарын сәл артқа салып, шағын адымдармен жүруді көрсетеді. - Қанекей, қайталайықшы. Жарайсыңдар. - Ал күшік қалай қимылдайды? Көрсетіңдерші? - Жарайсыңдар! - Балапандар, балпаңдаңдар! Басқа балапандардан қалмаңдар! Қаңқылдаймыз, қаңқылдаймыз: Қаңқ-қаңқ-қаңқ! Қаңқ-қаңқ-қаңқ! Ал күшігім жүгіреді, - Ап-ап-ап! Ап-ап! - үреді. - Сен, күшігім, соқтықпа! Үйректерді қорқытпа! Алғашында педагог күшіктің рөлін өзі ойнайды. Балалар жан-жаққа қашады. Ең соңындағы сөздер айтылғанда бір жерге жиналады. "Ирелеңдеген жолдармен" ойын жаттығуы. (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттер: ирелеңдеген жолдардың бойымен жүруге жаттықтыру; арақашықты сақтауға баулу. | Картотека №15 Көктемгі ауа райын бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет) Мақсат-міндеттер. Балаларға көктем мезгілі жөнінде жалпы түсініктер беру, күннің жылынуына, құстардың қайтып келуіне назар аудару; қардың еріп жатқанына, адамдардың жеңіл киім киінгенін байқату; ойлау қабілеттерін, зейінді, жағымды эмоцияларды дамыту. - Балалар, қараңдаршы! - Айналада қар еріп жатыр, күн жылыды. - Адамдар жылы киімдерін тастады. - Күніміз бізге күлімдеп тұр, шуақтарымен ойнап. - Көктем, көктем, Құстар көкке. Ұшты жан-жаққа Қонды бұтаққа. Д. Ахметова Еңбекке баулу тапсырмалары: балаларды ағаштан түсіп қалған ұсақ, құрғақ бұтақтарды жинауға шақыру. (еңбек дағдылары) Мақсат-міндеттер: балаларды қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; топтастырымен бірге әрекет етуге баулу; шымырлыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. "Жүрейік" қимылды жаттығуы. Мақсат-міндеттер. Балалардың саппен, бір-біріне соғылмай, белгілі бағытта ырғақпен марш басып жүру дағдысын қалыптастыру, достыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу. - Жүрейік, жүрейік, Қолды көкке сермейік, Күнге сәлем берейік, Шапалақтап, күлейік. Жаттығу бірнеше рет өткізіледі. Педагог балалардың жүрудегі қауіпсіздігін бақылай жүреді. "Доптар сияқты секірейік" қимылды жаттығуы. (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттер: балаларды бір орында екі аяқпен сигнал бойынша секіре білу қабілеттерін дамыту; шымырлыққа, шапшаңдыққа, достыққа тәрбиелеу. |
Серуеннен оралу | Қатарға тұру,реттілікпен топқа кіру,киімдерін өздер шешу,сөрелеріне қою | ||||
Түскі ас | Гигеналық шараларды орындау (мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, еңбек әрекеті) Ас алдында айтылатын тақпақ: Ас дегенде отырып, Тәрбиешіні тыңдаймыз. Тамақ ішіп болған соң, Орнымызды жинаймыз. Кезекшілердің жұмысы ( асхана құралдарын, майлықтарды үстелге қою) Гигиеналық шаралар (қолды дұрыс жуу, өз орамалының орнын білу, қолды дұрыс сүрту, орамалды ілу. Ас қайыру. Асың, асың, асыңа, Береке берсін басыңа! Тамақтану (өз орнын білу, дұрыс отыру, асхана құралдарын дұрыс ұстай білу, ұқыпты тамақтану , сөйлеспеу, алғыс айту) | ||||
Күндізгі ұйқы | Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайлы жағдай жасау «Үш аю» ертегісін аудиожазбадан тыңдату. | Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайлы жағдай жасау «Бесік жыры» Музыка | Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайлы жағдай жасау «Ақ бөпем» Музыка | Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайлы жағдай жасау «Үйшік» ертегісін мәнерлеп оқып беру | Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайлы жағдай жасау «Балапаным,балғыным» Музыка |
Біртіндеп ұйқыдан ояту,сауықтыру шаралары | Түскі ұйқыдан кейінгі сауықтыру шаралары (дене жаттығулары), ауа, су емшаралары, жалпақ табандылықты болдырмау үшін түйіршікті және жұмсақ жолақшалармен жүру (дене белсенділігі). | ||||
Бесін ас | Гигеналық шараларды орындау (мәдени-гигиеналық дағдылар). Балалардың назарын тағамға аудару, мәдениетті тамақтануға баулу (сөйлеуді дамыту). | ||||
Балалардың дербес іс-әрекеті | Сөйлеуді дамытудан ойын-жаттығулар "Қуыршақ Дананы Наурыз мерекесінің дастарханына шақырайық". Мақсат-міндеттер. Балаларға Наурыз мерекесі туралы түсінік беру; күнделікті тұрмыста қолданылатын ыдыстар түрлерімен таныстыру және атауларын үйрету; дастарқан мәзірінің маңызы туралы ұғым бере отырып, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру. Балалардың ыдыстар атаулары арқылы зейіні мен тілін, байқағыштығы мен дүниетанымын және есте сақтауын дамыту. | Жапсырудан ойын-жаттығу "Алаша". Мақсат-міндеттер. Балаларды көлденең жатқан қағаздың үстіне солдан оңға қарай жіңішке таяқшаларды бірі-бірінен белгілі қашықтықта орналастырып, бір-бірлеп жапсырып, безендіруге үйрету; желімді пішіндерге қылқаламмен жағып, жапсыруға жаттықтыру; пішіндер үстінен басу іскерлігін пысықтау; балалардың байқағыштығы мен зейінін, қолдың ұсақ моторикасы мен түс пен пішінді қабылдау қабілетін дамыту; балаларда декоративтік шығармашылық қабілет негіздерін салу және жапсыру іс-әрекетіне қызығушылықтарын қалыптастыру; қазақтың ұлттық өнеріне деген мақтаныш сезіміне тәрбиелеу. | "Мен Бауырсақпын" тақпағын мәнерлеп оқу, қимыл жаттығуы. Мақсат-міндеттер. Балалардың тілін дамыту, есте сақтау, тақпақты айта отырып, жағымды эмоцияларға бөлене білу қабілеттерін дамыту; "Бауырсақ" кейіпкерінің сөздерін пысықтау. Бауырсақтың "Бауырсақ" ертегісі кейіпкерлерінің жеке суреттерін немесе ойыншықтарын қолдануға болады. - Мен Бауырсақпын, Бауырсақ, Қып-қызыл болып піскен. Қоймадан сыпырылған, Бұрыштардан жиналған, Қаймаққа аунатылған, Ыстықтан суытылған. (Әуеннің сөзсіз орындалуы) – Ол атадан қашып кеткен, Ол әжеден қашып кеткен, Ол қояннан қашып кеткен, Ол қасқырдан қашып кеткен. – Ал, сенен, маймақ аю, Қашып кету қиын емес. (сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет, дене шынықтыру) | Сурет салудан ойын-жаттығу "Бауырсақтар". Мақсат-міндеттер. Балаларды дөңгелек қағаз бетін "табақты", үлкен домалақ "бауырсақтарға" толтыруға үйрету; бормен қалдырып жатқан іздердің бағытын бақылап отыруға дағдыландыру; дөңгелек пішіннің дұрыс болуын қадағалауға жаттықтыру; қағаз бетін суретке толық толтыру қабілетін қалыптастыру; Наурыз мерекесіне дастарқан жаю рәсімімен таныстыру. | Қоршаған ортамен танысудан ойын-жаттығу "Шәйнек". Мақсат-міндеттер. Балаларды үй шаруашылығында қолданылатын затты бақылай білуге үйрету; шәйнектің құрылымы мен адамға тигізер пайдасы туралы негізгі ұғымдарын қалыптастыру; шәйнектің шай беру рәсіміндегі орнына көңіл аударуға баулу. |
Балалармен жеке жұмыс | Баяу қимылды ойын: «Сағаттар» "Тик-так". "Тик-так, тик-так," Жүрсін сағат. Біз сағатқа ұқсап, Жүреміз: "тоқ-тақ". Д. Ахметова (көркем әдебиет, дене шынықтыру) София, Інжу | Дидактикалық ойын: «Бағдаршамдар ұйықтамайды» Бағдаршамдар ұйықтамайды, Жымыңдайды, жымыңдайды. Бір қарасаң – қып-қызыл, Екі десе – сап-сары. Тоқтай тұрсаң – жап-жасыл. Көзі көп, біреу басы. Д. Ахметова (сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет) Маржан,Мансур | Дамытушы жаттығу: «Күн» Кір қысқыштарымен жаттығулар.Күннің сәулелерін жасату арқылы ұсақ саусақ моторикасын,сөйлеу дағдысын дамыту. (сенсорика,сөйлеуді дамыту) Медина,Дамир | Үстел үсті ойыны: «Шегелер» Мақсат-міндеттер. Ермексаздан кесектерді үзіп, жұлу, бағандарды есу, шымшу амалдарын игерту арқылы балалардың қызығушылығын арттыру.Саусақтарын жаттықтыру. (мүсіндеу)София, Алина | Қимыл жаттығуы: «Мен құрлысшы боламын» -Үйді салғым келеді, (шапалақтау) Қабырғасы керегі, (шапалақтау) Қабат-қабат кірпіштер (жұдырықтарды бір-бірінің үстінен қойып, орындарын алмастыру) Қатар-қатар кезегі. (жұдырықтарды бір-бірінің үстінен қойып, орындарын алмастыру) Д. Ахметова (дене шынықтыру)Алтаир |
Серуенге дайындық | Серуенге қызығушылықты арттыру. Балалардың реттілікпен киінуі, серуенге шығу, топтық ережелерді қайталау (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту) тақырыбына жеке әңгімелер өткізу | ||||
Серуен | Картотека №11 (қорытындылау) | Картотека №12 (қорытындылау) | Картотека №13 (қорытындылау) | Картотека №14 (қорытындылау) | Картотека №15 (қорытындылау) |
Серуеннен оралу | Балалардың киімін ретімен шешу, дербес және ойын әрекеті. | ||||
Кешкі ас | Тазалық шараларын жүргізу,орындыққа дұрыс отырып тамақтану мәдениетін ескерту.Тағам түрімен таныстыру. | ||||
Балалардың дербес іс-әрекеті | Кітап бұрышында жұмыс «Көліктер» кітабындағы суреттерге қарап атауларын атап,дыбысталуын үйрету. | Табиғат бұрышында қарапайым еңбек түрі. Ірі жапырақты фикус гүлдерінің жапырақтарын үлкендердің көмегімен сүрту. | Ойын орталығында еркін ойын ұйымдастыру. | Балалардың қалауы бойынша,үстел үсті ойындарын ойнату | Баяу қимылды ойын: «Аю мен аралар» балалардың қозғалыс белсенділігін арттыру. |
Балалардың үйіне қайтуы | Балалардың жетістіктері туралы әңгімелесу, ата-аналардың балаларды тәрбиелеу мен дамыту бойынша сұрақтарына жауап беру, кеңес беру. |
Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы
Білім беру ұйымы МКҚК №14 «Күншуақ» балабақшасы
Топ «Күншуақ» кіші тобы
Балалардың жасы 2-3 жас
Жоспардың құрылу кезеңі 20.03 -24 .03.2023 жыл
Күн тәртібінің үлгісі | Дүйсенбі | Сейсенбі | Сәрсенбі | Бейсенбі | Жұма |
Балаларды қабылдау | Таңертең балалармен амандасып, топқа кіргізу. | | | | Балаларды жақсы көңіл –күймен қабылдап, бүгінгі көңіл-күйлерін сұрау. |
Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру | Ата-аналармен бала денсаулығы, баланың үйдегі күн тәртібі, жетістіктері туралы әңгімелесу, баланы дамыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша (жыл мезгіліне байланысты балаларды киіндіру) кеңес беру. Әңгімелесу: "2-3 жасар бала үшін шынықтыру шараларын таңдау ерекшеліктері", "2-3 жасар баланың физиологиялық ерекшеліктері", "Мектеп жасына дейінгі балаларға қандай киімді кигізу керек?". | ||||
Балалардың дербес іс-әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа іс-әрекеттер) | Дидактикалық ойын «Тостағанға тостақ таңдап ал» Мақсат-міндеттер. Балаларға заттарды түсі бойынша сәйкестендіруді жалғастыру: сары табақша мен сары кесе және т.б. Құрал-жабдықтар: қызыл, көк, сары, жасыл түстер мен кеселер. Педагог балаларға бүгін қуыршақтар қонаққа келетіндігін айтады. Біз оларды күтуіміз керек және бұл үстелде тек табақшалар бар екенін көрсетеді. - Балалар, біздің қуыршақтарымыз шайды немен ішеді? Педагог табақшаны көрсетіп, оның түсін атайды, ал сөреден балалардан бірдей түсті кесе алуды сұрайды. (сенсорика) | | | | Тақпақты мәнерлеп оқу, қимыл жаттығуы. "Шай ішуге шақырамын". Мақсат-міндеттер. Балаларға мысық, күшік, тауық сияқты жануарлар мен құстарды шақыратын сөздерді айтқызып, жағымды эмоцияларын дамыту, тілін жаттықтыру; үй жануарларының адамның жанында болатыны туралы ұғымдарды қалыптастыру. - Шай ішуге шақырамын Қош келдіңдер, қонақтарым! Кел, кел, мысық, Кел, кел, күшік, Кел, кел, тауық, Орын дайын. "Кіс-кіс" мысық, "Кә-кә" күшік, "Шиип-шиип", тауық. Шайым дайын. Мысыққа қаймақ, Күшікке жілік, Тауыққа бидай. Ал кім ішеді шай? Д. Ахметова |
Таңертенгі жаттығу | Картотека № 5 «Кішкентай торғайлар» Б.қ. тік тұру, аяқ алшақ; 1-4 қолды екі жанға созу, жоғары төмен сермеу; 5-6 б.қ. келу;Б.қ. –т.с. 1-2 басты оңға ,солға бұру; 3-4 б.қ. келу;Б.қ.- т.с. 1-4 отырып саусақпен тізе үстінен тықылдату; 5-6 б.қ. келу;Б.қ. –т.с. 1-4 қолды артқа созып енкею;5-6 б.қ. Б.қ. ішпен жату; 1-4 бір қырынмен жату, арқаға , ішке; Шашырап жүгіру; | ||||
Таңғы ас | Гигиеналық шаралар (қолды дұрыс жуу, өз орамалының орнын білу, қолды дұрыс сүрту және орамалды орнына ілу, Көркем сөз «Бата» Дастарқаныңа береке берсін! Бастарыңа мереке берсін! Астарыңа адалдық берсін! Бастарыңа амандық берсін! Әумин Жуынатын бөлмедегі тәртіп пен тазалық. Міндеттер: Балаларға таңғы астың , нанның маңыздылығы жайлы айту, тамақты тауысып жеуге үйрету. | ||||
Тамақтану (өз орнын білу, дұрыс отыру, ас ішу құралдарын дұрыс ұстау, тамақтану мәдениетін қалыптастыру,тамақ ішкенде сөйлемеу, тамақтанып болғаннан кейін алғыс айту) | |||||
Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық | Қызығушылықтары бойынша әрекет түрін таңдау, ережелерге келісу және т.б. «Шөжелерім» музыкамен қызықты қимылдар жасау. | | | . | Көңілді сәлемдесу,музыка ырғағымен аңдар жүрісін салу арқылы балалардың көңіл күйлерін көтеру. |
Мектепке дейінгі ұйымның кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет | Дене шынықтыру Негізгі қимылдар: Жүгіру. Бірқалыпты, шашырап, берілген бағытта, әртүрлі қарқынмен, заттардың арасымен, аяқтың ұшымен, белгі бойынша тоқтап, бірінің соңынан бірі (20м дейін) шағын топқа бөлініп және бүкіл топпен жүгіру; бағытты өзгертіп, шашырап, 30-40 секунд бойына тоқтамай жүгіру, жүруден жүгіруге және керісінше ауысу. . | | | | Дене шынықтыру Сауықтыру-шынықтыру шаралары Балаларды топта жеңіл киінуге үйрету. Күн тәртібіне сәйкес олардың таза ауада болу ұзақтығын қамтамасыз ету. |
2-ші таңғы ас | Тағамның атауын есте сақтауға, тазалыққа бейімдеу. "Тәбетіміз ашылды. Ас болсын!" (мәдени-гигиеналық дағдылар, сөйлеуді дамыту, көркем сөзді қайталау) | ||||
Серуенге дайындық | Балалардың дербес қимыл белсенділігі үшін жағдай жасау, спорттық - ойын жабдықтары мен спорттық құрал-жабдықтады дұрыс пайдалану туралы әңгімелесу. Балаларды ретімен киіндіру (ауа-райы жағдайына байланысты), дұрыс киінуді бақылау (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту). | ||||
Серуен | Картотека №16 Желді бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту) Мақсат-міндеттер. Балаларды, ағаштардың бұтақтарына қарап, желдің болғанын байқауға үйрету; байқағыштыққа, зеректікке тәрбиелеу. Желдің соққанын байқайық, Желектерге бір қарайық: Жел бұталарды шайқайды, Жапырақтармен ойнайды. Еңбекке баулу тапсырмалары: балаларды ағаштан түсіп қалған ұсақ, құрғақ бұтақтарды жинауға шақыру. (еңбек дағдылары) Мақсат-міндеттер: балаларды қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; топтастырымен бірге әрекет етуге баулу; шымырлыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Үйректің балапандары мен күшік" қимылды ойыны. (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттер. Балаларды ойын желісін түсініп, кейіпкерлерге еліктеп қимылдуға үйрету; жүгіру және секіру дағдыларын жетілдіру. Педагог балаларға кейіпкерлердің таңбалауыштарын үлестіреді. - Балалар, үйрек суда жүзуді ұнатады, былай қимылдайды. Педагог қолдарын сәл артқа салып, шағын адымдармен жүруді көрсетеді. - Қанекей, қайталайықшы. Жарайсыңдар. - Ал күшік қалай қимылдайды? Көрсетіңдерші? - Жарайсыңдар! - Балапандар, балпаңдаңдар! Басқа балапандардан қалмаңдар! Қаңқылдаймыз, қаңқылдаймыз: Қаңқ-қаңқ-қаңқ! Қаңқ-қаңқ-қаңқ! Ал күшігім жүгіреді, - Ап-ап-ап! Ап-ап! - үреді. - Сен, күшігім, соқтықпа! Үйректерді қорқытпа! Алғашында педагог күшіктің рөлін өзі ойнайды. Балалар жан-жаққа қашады. Ең соңындағы сөздер айтылғанда бір жерге жиналады. "Ирелеңдеген жолдармен" ойын жаттығуы. (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттер: ирелеңдеген жолдардың бойымен жүруге жаттықтыру; арақашықты сақтауға баулу. | | | | Картотека №20 Ағаштарды бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту) Мақсат-міндеттер. Балалардың ағаштардың құрылымы туралы ұғымдарын жетілдіру; ағаштардың бүршік атқанын байқату; зейінін, ойлау қабілеттерін дамыту. - Аулада өседі ағаштар, Бау-бақшада тұрады қатар-қатар. Созады көп бұтақтарын, Желге желпілдеп, шайқалып. Еңбекке баулу тапсырмалары: балаларды ағаштан түсіп қалған ұсақ, құрғақ бұтақтарды жинауға шақыру. Мақсат-міндеттер: балаларды қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; топтастырымен бірге әрекет етуге баулу; шымырлыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. (еңбек дағдылары) "Қоңырауым қайда?" қимылды ойыны. (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттер. Балаларды белгілі бағытта сигнал бойынша жүгіруге жаттықтыру. Педагог балаларға ойынның бастамасын көрсетеді. - Қоңырауым қайда? Сыңғырлайды сайда. Кім адапсай тауып алады, Қоңырауды қолға алады. Балалар жасырынған қоңырауды тауып алып, қолға алып сыңғырлайды. Педагог келесі реттерде қоңыраудың орнын ауыстырып жасырады. «Тегіс жолмен жүреміз» ойын жаттығуы. (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттер: алға қарай жылжи отырып, қос аяқпен секіруге жаттықтыру. |
Серуеннен оралу | Қатарға тұру,топқа келу,киімдерін өздігінен шешіп сөрелеріне орналастыру. | ||||
Түскі ас | Гигеналық шараларды орындау (мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, еңбек әрекеті) Ас алдында айтылатын тақпақ: Ас дегенде отырып, Тәрбиешіні тыңдаймыз. Тамақ ішіп болған соң, Орнымызды жинаймыз. Кезекшілердің жұмысы ( асхана құралдарын, майлықтарды үстелге қою) Гигиеналық шаралар (қолды дұрыс жуу, өз орамалының орнын білу, қолды дұрыс сүрту, орамалды ілу. Ас қайыру. Асың, асың, асыңа, Береке берсін басыңа! Тамақтану (өз орнын білу, дұрыс отыру, асхана құралдарын дұрыс ұстай білу, ұқыпты тамақтану , сөйлеспеу, алғыс айту) | ||||
Күндізгі ұйқы | Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайлы жағдай жасау «Мақтаншақ әтеш» Ертегісін мәнерлеп оқып беру | | | | Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайлы жағдай жасау «Менің балам» Музыка |
Біртіндеп ұйқыдан ояту,сауықтыру шаралары | Түскі ұйқыдан кейінгі сауықтыру шаралары (дене жаттығулары), ауа, су емшаралары, жалпақ табандылықты болдырмау үшін түйіршікті және жұмсақ жолақшалармен жүру (дене белсенділігі). | ||||
Бесін ас | "Біз қалай тамақтанамыз" ойын жағдаяты. Дастарқан басында тыныш, түзу қалыпта отыру, қасықты дұрыс ұстау, қасыққа біраз ғана тамақ алу, қасықтың кең жағынан ішіп-жеу, сораптамай және бөгде дыбыстар шығармай тамақтануға үйрету, өздігінен ұқыпты тамақтануға тәрбиелеу. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет)Гигеналық шараларды орындау (мәдени-гигиеналық дағдылар). Балалардың назарын тағамға аудару, мәдениетті тамақтануға баулу (сөйлеуді дамыту). | ||||
Балалардың дербес іс-әрекеті | "Сиқырлы сандықшалар" дидактикалық ойыны. Мақсат-міндеттер. Балаларға көлемі бес түрлі заттарды ажыратып, оларды бір үлкен сандықшаға жинауға үйрету; қолдың ұсақ моторикасын, ойлау, көзбен мөлшерлеу қабілетін дамыту; жағымды әсер алуға мүмкіндік жасау. Шарты: көлемі бес түрлі сандықшаны бір-бірінің ішіне кезегімен салып жинау. - Қандай тамаша! Алдымызда көп сандықша. Сандықшалар бірдей емес, Кішкентай, орташа, үлкен. Кішкентайды үлкенірекке салайық, Барлығын үлкен сандыққа жасырайық. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту) | | | | "Дастарқанды жаю ойын-имитациясы. Мақсат-міндеттер. Балаларды дастарқан басындағы әдептілік ережелерімен таныстыру; сәлем беру (амандасу, тағзым ету) қимылдарын жасауға ынталандыру; ойыншықтарды қатыстырып, жасалған жаттығулардан жағымды әсер алуға баулу. Құралдар: ойыншық үстел, орындықтар, ойыншықтар (қуыршақтар мен кейіпкерлер), ыдыс ойыншықтар. Шарты: конаққа, дастархан алдында белгілі қимылдарды жасап, ойыншықтарды орындықтарға отырғызып, "тамақтандыру", "рақмет айту" әдептілік ережелерін орындау. - Балалар, қонақтарды шақырайық. - Қонақтарым, келіңдер, Бізге сәлем беріңдер. Сәлем беріп, жоғары Дастарқанға өтіңдер. Балалар шеңбер құрып, ырғақты әуенге сай билейді. (сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен танысу) |
Балалармен жеке жұмыс | Тақпақты мәнерлеп оқу, қимылды жаттығуы. «Мысығым» (ел аузынан). "Мысығым". Тікірейіп құлағы, Менен бұрын тұрады, Бойын жазып, керіліп, Беті-қолын жуады. Самир, Әбілмансұр | | | | Лэпбукпен жұмыс жасау арқылы балалардың ойлау,сөйлеу қабілеттерін дамыту Айару, Мансур. |
Серуенге дайындық | Серуенге қызығушылықты арттыру. Балалардың реттілікпен киінуі, серуенге шығу, топтық ережелерді қайталау (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту) тақырыбына жеке әңгімелер өткізу | ||||
Серуен | Картотека №16 (қорытындылау) | | | | Картотека №20 (қорытындылау) |
Серуеннен оралу | Балалардың киімін ретімен шешу, дербес және ойын әрекеті. | ||||
Кешкі ас | Гигиеналық дағдылар Мақсат-міндеттер: балалардың назарын үстел бетіне, ыдыс-аяққа, тағамға аудару; жағымды көңіл-күй тудыру; тамақтану мәдениетімен таныстыру; қасықты дұрыс ұстауға машықтандыру; тамақтанғаннан кейін бет пен қолды жууға дағдыландыру. Жеке заттарды қолдану (қол орамал, майлық, орамал, тарақ, түбек) киіміндегі олқылықты байқау және оны өз бетінше, ересектердің көмегімен ретке келтіру, белгілі бір ретпен киіну және шешіну, әртүрлі ілгектерді қолдана білу, ұйықтар алдында киімдерін шкафқа немесе орындыққа ұқыпты бүктеп қою. Алақай! Ботқа пісіпті! Дәмін көрсе, тәп-тәтті. Қанекей, қасықпен асаймыз, Ботқаны тауысамыз. (мәдени-гигиеналық дағдылар, көркем сөз) | ||||
Балалардың дербес іс-әрекеті | Музыкалық аспаптармен ойындар. (музыка) Мақсат-міндеттер. Музыканы тыңдауға қызығушылықты қалыптастыру, музыканы эмоционалды көңіл-күймен қабылдау, оны тыңдау, дыбысталу ерекшеліктерін ажырата білу. Ән айтуға деген қызығушылықтарын ояту, | | | . | Табиғат бұрышындағы гүлдерді үлкендердің көмегімен суғару,жапырақтарын сүртіп күтім жасау. |
Балалардың үйіне қайтуы | Балалардың жетістіктері туралы әңгімелесу, ата-аналардың балаларды тәрбиелеу мен дамыту бойынша сұрақтарына жауап беру, кеңес беру. |
Білім беру ұйымы МКҚК №14 «Күншуақ» балабақшасы
Топ «Күншуақ» кіші тобы