Файл: Трбиелеу білім беру процесіні циклограммасы Білім беру йымы кмК 14 ббекжайбалабашасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 119

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы
Білім беру ұйымы :МКҚК «№14 балабақшасы»

Топ: кіші «Күншуақ » тобы

Балалардың жасы: 2 жас

Жоспардың құрылу кезеңі : 23.01-27.01.2023жыл

Күн тәртібінің кезеңдері

Дүйсенбі

23.01.2023

Сейсенбі

24.01.2023

Сәрсенбі

25.01.2023

Бейсенбі

26.01.2023

Жұма

27.01.2023




Балаларды қабылдау

Балаларды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алу. Балалар үшін жайлы жағдай жасау. Тәрбиешімен сәлемдесуді үйрету. Баладан қандай көңіл күймен келгенін сұрап, сұрақтарға жауап беру дағдысын қалыптастыру,балабақшаға келер жолда не байқағандары туралы әңгімелеу

(сөйлеуді дамыту).


Ата-аналармен әңгімелесу,

кеңес беру

Балалардың бала бақшаға тез бейімделу жағдайларын талқылау.

Балалардың көңіл күйі, денсаулығы жайында ата-анамен әңгімелесу.

Балалардың дербес әрекеті

(баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Үстел үсті ойыны:

«Менің күртешем» фетр планшетіне жасалған күртешені түймелеу

Дид/ойын:

«Жүк көлігі» құрастырғышпен жұмыс ұсақ моториканы дамытуға арналған ойын

Үстел үсті ойыны:

«Себетті толтыр» түстеріне қарай доптарды себеттерге жинау.

Д/О: «Көңілді автобус»

Пішіндерден үйшік құрастыру


Д/ о:

«Кірпілер достығы» сенсорлық тақтамен жұмыс

Таңертенгі жаттығу

Кешен №4 (Жалпы дамытушы жаттығулар, қимыл белсенділігі, ойын әрекеті).

Таңғы ас

Таңғы ас алдында қолдарын сумен сабындап жуу мәдениетін қалыптастыру. Жеңдерін өз бетімен түру, жуыну кезінде киімді суламау, жуыну кезінде суды шашыратпау білігін бекіту. (мәдени-гигиеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету)

Өз орнын тауып отыру. Үстел басында қарапайым мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру: нанды үгігпеу, ас ішіп болғаннан кейін алғыс айтуды үйрету


Ұйымдастырылған іс-әрекетке

дайындық

Шаттық шеңбер:

«Кел досым»

Жылы тілектер алаңы

Бір біріне алма беру арқылы тілек айтады

Нейрожаттығу

Қызықты сәлемдесу

Шаттық шеңбер:«Шуақты күн»

Қуаныш алаңы:«Сайқымазақ бізде қонақта»




Ұйымдастырылған іс-әрекет

Дене шынықтыру Міндеті: Балалардың ойынға қызығушылығын дамытуға ықпал ете отырып, негізгі қимылдарды (домалату) жетілдіру.


Дене шынықтыру

Міндеті: Іштің және аяқтың бұлшық еттерін дамытуға және нығайтуға арналған жаттығулар жасату. Аяқтың бақайларын қимылдату (отырып)





Музыка

Міндеті: Музыка тыңдай отырып таныс әуендерді және оларға тән ерекшеліктерді танып айта білуді қалыптастыру. Музыканы есте сақтау, кейіпкерлерді иллюстрация және әңгіме бойынша тану дағдыларын нақтылау

Ән: «Ақша қар»

Ырғақты-қимылды ойын: «Аққаланы құрастыр»


Дене шынықтыру

Міндеті: Шананы жібінен сүйретуге.

Мұзды жолдармен сырғанау: балаларды қолынан жетелеп сырғанату.




2-таңғы ас

Тазалық шараларды орындау (өзіне-өзі қызмет ету)

Әр бала өз орындарын тауып отыру (сенсорика,қорш-орта) Ас мәзірімен таныстыру.Бір-біріне кедергі жасамай мәдениетті отыруға баулу. (өзіне-өзі қызмет ету)

Серуенге дайындық

Балалардың дербес қимыл белсенділігі үшін жағдай жасау, ойын құрал-жабдықтады дұрыс пайдалану туралы әңгімелесу. Табиғи материалдар туралы не білетіндерін сұрау.

Балаларды ретімен киіндіру (ауа-райы жағдайына байланысты), дұрыс киінуді бақылау. Киім шкафтарын таза ұстау және жинауды қалыптастыру (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту)

Серуен

Картотека №32


Картотека №33


Картотека №34


Картотека №35


Картотека №36





Серуеннен оралу

Топқа оралу кезінде қатарға тұруды дағдыландыру. Асықпай педагогтің артынан жүру, жұптасып жүруді үйрету. Өз шкафтарын тану дағдысын қалыптастыру. Топта киетін аяқ киімдерін өз бетінше ауыстырып, киюін қалыптастыру. (дербес қимыл әрекеті).


Түскі ас

Түскі ас алдында гигеналық шараларды орындау : қолды дұрыс жуу, өз орамалының орнын білу, қолды дұрыс сүрту, орамалды ілу көркем сөз қолдану.

Балаларды үстел басында дұрыс отыру, үстелді даярлау заттарымен таныстыруды жалғастыру (мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету)

Күндізгі ұйқы

Киімдерді шкафқа немесе орындыққа ұйқыға жатар алдында ұқыпты жинау білігін бекіту.

Өз төсек орнын тауып жатуды үйрету. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту)

Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайы баяу музыка тыңдау.

«Әй-әй бөпем» әнін тыңдату

«Қасқыр мен кірпі» әңгімесін мәнерлеп оқу

«Ақ бөпем» тыңдату

«Жақсы бала» тыңдату

«Бауырсақ» ертегісін тыңдату (көркем әрекет,музыка)



Біртіндеп ұйқыдан ояту,

сауықтыру шаралары

Төсектен тұрып, түймелі жолмен жүру майтабандылықтың алдын алу жаттығуларын жасату. (дене жаттығулар мен белсенділігі)

Киімдерін реттілікпен өздігінен киіну. Түймелерін қадау, сырмаларын сыру, аяқ киімдерін дұрыс киюді үйрету. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту)

Қолдарын жуу, құрғатып сүрту, сүлгіні өз орнына іліп қоюды үйрету. (мәдени-гигиеналық дағдылар).


Бесін ас

Үстел басында қарапайым мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, асты тауысып жеуге дағдыландыру.

(мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету)

Балалардың дербес әрекеті

(баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Сөжетті-рөлді ойын «Балықшылар»

Ойынның мақсаты:Балаларды балықшылардың еңбегімен таныстыра отырып, еңбек құралдарымен және оларды қалай пайдаланатынын білгізу.

Қажетті атрибуттар:ау, қармақ, балықтар.

Ойын шарты. Балалар ау тартуға әзірленеді. Бір шетте суда жатқандай ау жатады. Балалар аудың бір жақ шетінен тұрып екі қолдарымен алма-кезек тарта бастайды. Екінші шетінде бір-екі бала жай жүріп тартып келеді. Ойын барысында балалардың қимыл-әрекеттерін қадағалау. Ұстап алған балықтардың түрлерін сұрау. Ау саланып болғаннан кейін реттеп жинап қояды.

Ойынға «Балықшы» тақпағын пайдалануға болады.

Дауылға да қарамай,

Жауынға да қарамай

Балықшылар айдында

Ау тартады жағалай.
(сөйлеуді дамыту,мүсіндеу)

Сөжетті-рөлді ойын

Емхана

Ойынның мақсаты: Ақ халатты абзал жандардың игілікті еңбегіне деген балалардың сүйіспеншіліктерін арттыру. Дәрігердің сезімталдығы, кішіпейілділігі, қамқорлығы сияқты қасиеттерін жете түсіндіру.

Қажетті атрибуттар: дәрігердің ақ халаты, қалпақ, рецепті жазатын қағаз, қалам, фонендаскоп, градусник т.б. құралдар.

Ойын шарты. Балаларды рөлдерге бөлу: дәрігер, медбике, ауру бала - қуыршақ, ауру баланың шешесі.

(сөйлеуді дамыту,көркем әдебиет,жапсыру,сенсорика)


Сюжетті-рөлді

Азық - түлік дүкені

Ойынның мақсаты: Балаларды еңбекке, еңбекті құрметтей білуге, сыпайыгершілікке, ізгілікке, адалдыққа баулу.

Қажетті атрибуттар: ойыншықтар, ыдыс-аяқтар, папье-машеден жасалынған тағам түрлері, ақ халат, қалпақ, есеп шот, қағаздан жасалған дөңгелектер.

Ойын шарты. Бұл ойынды әуелі жеке-жеке ойнатып, әбден жаттыққаннан кейін үш дүкенді қатар ашып ойынды күрделендіру.

ойын: (жапсыру,көркем әдебиет,сенсорика)


Сюжетті-рөлді

Азық - түлік дүкені

Ойынның мақсаты: Балаларды еңбекке, еңбекті құрметтей білуге, сыпайыгершілікке, ізгілікке, адалдыққа баулу.

Қажетті атрибуттар: ойыншықтар, ыдыс-аяқтар, папье-машеден жасалынған тағам түрлері, ақ халат, қалпақ, есеп шот, қағаздан жасалған дөңгелектер.

Ойын шарты. Бұл ойынды әуелі жеке-жеке ойнатып, әбден жаттыққаннан кейін үш дүкенді қатар ашып ойынды күрделендіру.

ойын:(сөйлеуді дамыту,сурет салу)


Сюжетті-рөлді ойын: Емхана

Ойынның мақсаты: Ақ халатты абзал жандардың игілікті еңбегіне деген балалардың сүйіспеншіліктерін арттыру. Дәрігердің сезімталдығы, кішіпейілділігі, қамқорлығы сияқты қасиеттерін жете түсіндіру.

Қажетті атрибуттар: дәрігердің ақ халаты, қалпақ, рецепті жазатын қағаз, қалам, фонендаскоп, градусник т.б. құралдар.

Ойын шарты. Балаларды рөлдерге бөлу: дәрігер, медбике, ауру бала - қуыршақ, ауру баланың шешесі.

сөйлеуді дамыту,сурет салу)






Балалармен жеке жұмыс

Д/О

«Суретті толықтыр» Мақсаты: Ойлау қабілетін және қолдың ұсақ моторикасын дамыту. (сенсорика, сөйлеуді дамыту)

Д/О «Сайқымазақтың доптары»

Мақсаты: түстерді дұрыс атауға дағдыландыру. (Сөйлеуді дамыту, қоршаған орта)


Сенсорикалық тақтамен жұмыс

Мақсаты:қарапайым сұрақтарға жауап беруге үйрету. (Сөйлеуді дамыту, қоршаған орта)


Бизибордпен жұмыс жасау

Мақсаты: баланың сөздік қорын ойыншықтардың атауларын білдіретін сөздермен байыту. (Сөйлеуді дамыту,көркем әдебиет)


Санамақтар жаттау

«Он саусақ» санамақты жаттату арқылы тілін дамыту.

Сафия, Інжумен жеке жұмыс

(сөйлеуді дамыту,көркем әдебиет)





Серуенге дайындық

Киімдерін реттілік сақтап дұрыс киінуге үйрету. Достарына көмектесу.

Қатармен жұптасып жүруді, қатарды бұзбауды үйрету. Таза ауада қандай ойындар ойнайтынын балалармен жоспарлау. (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту).


Серуен

Картотека №32


Картотека №33


Картотека №34


Картотека №35


Картотека №36





Серуеннен оралу

Киімдерін реттілікпен шешу мұқият сөрелерге орналастыру (сенсорика,сөйлеуді дамыту,өзіне-өзі қызмет ету)

Кешкі ас

Тазалық шараларын жүргізу (өзіне-өзі қызмет ету)

Кешкі аспен таныстыру,пайдасы туралы айтып өту (сөйлеуді дамыту)

Орындыққа түзу отырып,қасықты оң қолға ұстап,тағамды төкпей таза ішуге дағдыландыру (сенсорика,өзіне-өзі қызмет ету)

Балалардың дербес әрекеті

(баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

«Қуыршақ үшін моншақ жаса» дидактикалық ойыны

Мақсаты: Затты түс бойынша таңдау қабілетін қалыптастыру (шілтер қандай түсті, шілтер, моншақтар (түтіктер) бірдей түсті болуы керек, екі түсті моншақтарды кезектестіру қабілетін дамытыңыз; саусақ қимылдарының үйлестіруін жақсарту, көз дамыту.


Дидактикалық ойын «Кірпіге көмектесейік»

Міндеттері : Түсі, мөлшері туралы білімдерін қалыптастыру, көрнекі қабылдауын, ойлауын, зейінін, есте сақтауын дамыту; қолдың ұсақ моторикасын дамыту, сөйлеуді дамыту.


Дидактикалық ойын «Үлкен және кішкентай жапырақтар»

Мақсаты: Балаларды жапырақтарын өлшемі бойынша ажырата білуге, түсініктерін бекітуге үйрету: үлкен - кіші.

Материал : Көлемі әр түрлі түсті жапырақтар.

Ойын барысы: Қатты жел соғып, барлық жапырақтар жерге түсті. Мұғалім жапырақтарды жинауды ұсынады. Барлық үлкен жапырақтар үлкен себетке, ал кішкентайлар кішкентай себетке түседі.


«Матрешканы киіндір»

Ойын барысы: Балаңызды матрешка көйлегін безендіруге шақырыңыз геометриялық фигуралар. Бала кез-келген матрешканы алады және суперпозиция әдісін қолданып, контур бойымен геометриялық фигураларды салады, геометриялық фигуралардың түсі матрешка орамалының түсіне сәйкес келуі керек. Егер барлық контурлар геометриялық фигуралармен жабылған болса, ойын аяқталған болып саналады.


«Үй жануарлары мен жабай жануарларды ата»
Мақсаты: Үй жануарлары мен жабайы жануарлар туралы білімдерін бекіту. Тез ойлау қабілетін, зейінің тәрбиелеу, белсенділігін артыру.
Көрнекіліктер: орманның суреттері салынған үлкен картаның астындағы бос тор көздер, тиісті жануарлар.
Ойынның барысы: ойыншылар екі топқа бөлініп, әртүрлі табиғат көрінісі салынған бір - бір үлкен картадан алады. Жүргізушінің белгісі бойынша балалар жануарлар бейнеленген үлестірмелі карточкаларды үлкен картадағы салынған сурет мазмұнына қарай бос тор көздерге орналастырады. Кім бос тор көздерді толтырып, жануарларды дұрыс атаса, сол жеңіске жетеді.




Балалардың үйге қайтуы

Балабақша тәтті тағам әкелмеу

Таңғы асқа кешікпеу

Күз мезгіліне көрме жасау

Баланы ауа-райына қарай киіндіру

Ұсақ моториканы дамытатын ойыншықтармен ойнату









Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы
Білім беру ұйымы МКҚК №14 «Күншуақ» балабақшасы

Топ «Күншуақ» кіші тобы

Балалардың жасы 2-3 жас

Жоспардың құрылу кезеңі 30 қаңтар-03 ақпан 2023 жыл


Күн тәртібінің үлгісі

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Балаларды қабылдау

Таңертең балалармен амандасып, топқа кіргізу.


Балаларды топта жақсы қабылдап, амандасу.



Балаларды жақсы көңіл -күймен қабылдап, бүгінгі көңіл-күйлерін сұрау.



Балаларды жақсы көңіл –күймен қабылдап, бүгінгі көңіл-күйлерін сұрау.


Балаларды жақсы көңіл –күймен қабылдап, бүгінгі көңіл-күйлерін сұрау.

Балаларға тақпақты қайталату арқылы қимылдар жасау.

Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру

Ата-аналармен бала денсаулығы, баланың үйдегі күн тәртібі, жетістіктері туралы әңгімелесу, баланы дамыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша (жыл мезгіліне байланысты балаларды киіндіру) кеңес беру.

Балалардың дербес іс-әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа іс-әрекеттер)

Дидактикалық ойын:

«Кілемшені жөнде» дидактикалық ойыны

Мақсаты: Берілген екі сенсорлық қасиеттің нысандары - пішіні мен өлшемін таңдау, өзін-өзі тексеру үшін қолдану және қою дағдыларын қалыптастыру қабілеттерін бекіту; геометриялық фигуралар туралы білімдерін бекіту.

Материал: әртүрлі түстердегі кілемшелер, әртүрлі пішіндер мен өлшемдердегі пішіндер (шеңбер, төрбұрыш, үшбұрыш); кілемдегі «тесіктерді жабуға» жарамды негізгі түстердің (шеңберлер,төртбұрыш, үшбұрыштар) геометриялық пішіндері.

Ойын барысы: «Қараңдаршы балалар, қояндар бізге қандай кілемдер әкелді, әдемі, жарқын, бірақ тышқандар бұл төсеніштерді бұзды. Қояндар енді олармен не істейтіндерін білмейді. Оларға кілемшелерді жамауға көмектесейік. Кілемшелер қандай түсті? Кілемшелерге қандай жамау саламыз? Балаларға кілем беріледі, әдісті қолдану арқылы балалар геометриялық фигураларды түсі мен пішіні бойынша таңдау арқылы «тесіктерді жауып тастайды».

(сөйлеуді дамыту,сенсорика,құрастыру)


Үстел үсті ойыны:

«Допқа жіп байла» дидактикалық ойыны

Мақсаты: заттарды түсі бойынша топтастыру

Материал: Картоннан қиылған түрлі-түсті шарлар (сопақ немесе шеңбер); бірдей түстердегі жолақтарды кесіңіз.

Ойын барысы: Балаларды шарларға қарауға шақырыңыз. Шарларға арналған жіп (жолақ) алыңыз, қызыл шарға қызыл жолақ, жасыл шарға жасыл жолақ және т.б.

(сенсорика,сөйлеуді дамыту,шығармашылық-зерттеу)


Үстел үсті ойыны:

«Әжейдің құймақтары» дидактикалық ойыны

Мақсаты: Сәйкестік дағдыларын дамытуға үлес қосу, белгілі бір критерий бойынша объектілерді жүйелеу.

Материал: Қағаздан бірнеше шеңберлер

3 см, ал диаметрі 6 см бірнеше шеңбер, үлкен шеңберлерге арналған табақша, кішкене шеңберлерге арналған табақша.

Ойын барысы: Тәрбиеші: Әже құймақ пісірді (үлкенді-кішілі). Анасы мен папасына арналған үлкен құймақ, немерелеріне арналған кішкентай құймақ. Бірақ барлық құймақ бұзылған. Біз әжеге табақтарға құймақ дайындауға көмектесуіміз керек.

(көркем әдебиет,сөйлеуді дамыту,сенсорика,)


Дидактикалық ойын:

«Жинауға көмектесу» дидактикалық ойыны

Мақсаты: Жіктеу дағдыларын дамытуға ықпал ету.

Материал: Көкөністер мен жемістер бейнеленген муляждар немесе суреттер, 2 себет.

Ойын барысы: Көкөністер мен жемістерді (немесе олардың бейнесі салынған суреттерді) орналастырыңыз. Балаңыздан көкөністерді бір себетке, жемістерді басқа себетке жинап, салуын сұраңыз.

(сөйлеуді дамыту,әлеуметтік эмоционалды дағды)


Үстел үсті ойыны:

«Матрешканы киіндір»

Ойын барысы: Балаңызды матрешка көйлегін безендіруге шақырыңыз геометриялық фигуралар. Бала кез-келген матрешканы алады және суперпозиция әдісін қолданып, контур бойымен геометриялық фигураларды салады, геометриялық фигуралардың түсі матрешка орамалының түсіне сәйкес келуі керек. Егер барлық контурлар геометриялық фигуралармен жабылған болса, ойын аяқталған болып саналады.

(сөйлеуді дамыту,сенсорика,құрастыру)

Таңертенгі жаттығу

Картотека № 2

«Көңілді құстар»

Б.қ. тік тұру, аяқ алшақ;

1-4 қолды екі жанға созып, жоғары – төмен көтеріп түсіру;

5-6 б.қ;

Б.қ. «Мысық жоқпа?»

1-4 басты оңға, солға бұру;

5-6 б.қ;

Б.қ. 1-4 отырып саусақпен тізе үстінен тықылдату; (3рет)

5-6 б.қ.

Шашырап жүгіру;


Таңғы ас

 

Таңғы ас алдында гигиеналық шараларды орындау.
Жегеніміз нан болсын!

Айтарымыз ән болсын!

Тамақ берген апайға,

Айтарымыз оң болсын!

Әумин!

Гигиеналық шаралар (қолды дұрыс жуу, өз орамалының орнын білу, қолды дұрыс сүрту және орамалды орнына ілу,

Көркем сөз «Бата»

Дастарқаныңа береке берсін!

Бастарыңа мереке берсін!

Астарыңа адалдық берсін!

Бастарыңа амандық берсін! Әумин

Жуынатын бөлмедегі тәртіп пен тазалық.


Тамақтану (өз орнын білу, дұрыс отыру, ас ішу құралдарын дұрыс ұстау, тамақтану мәдениетін қалыптастыру,тамақ ішкенде сөйлемеу, тамақтанып болғаннан кейін алғыс айту)

Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық

Қызығушылықтары бойынша әрекет түрін таңдау, ережелерге келісу және т.б.

«Топ-топ»

Топ-топ, топ басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса, жаса алтын күн

Жаса, жаса жарқын күн. (балалар қолдарын соғады)

(көркем әдебиет,сөйлеуді дамыту,қимыл қозғалыс дағдысы)

Балалар әсерлерімен бөлісу, жаңалықтарды білу, бірлескен жоспарларды, мәселелерді талқылау,

Көркем сөз:

 Аппақ, аппақ ақшақар

Бірін ұстап алайын...

Ұстадым!

Жоқ, ақша қар,

Қайдан іздеп табайын?

  (Жақан Смаков)

Қимылды ойын: «Аяз»

Міндеттер: Тез жүгіруге жаттықтыру.

(көркем әдебиет,сөйлеуді дамыту,дене шынықтыру)


«Бала, бала, балапан»

Бала, бала, балапан

Қане, қайсы, алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

Бала, бала, балапан

Қане, қайсы, алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

(көркем әдебиет,музыка,дене тәрбиесі)

«Сағат»

Сағаттың тіліндей,

Иіліп оңға бір,

Сағаттың тіліндей

Иіліп солға бір.

Оң аяқ, сол аяқ,

Жаттығу оңай-ақ.

Сағаттың суретін саусақпен салу.

(көркем әдебиет, сөйлеуді дамыту,дене тәрбиесі)

«Жаттығулар жасайық»

Тез қозғалып осылай

Жаттығулар жасайық.

Жақсылықты үйреніп,

Жамандықтан қашайық.

(көркем әдебиет,музыка,дене тәрбиесі)

Мектепке дейінгі ұйымның кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет

Дене шынықтыру

Қолдарын жоғары көтеру, түсіру; заттардан ( биіктігі 10-15см) құрсаудан құрсауға аттап өтуге дағдыландыру.




Дене шынықтыру

тақтайдың үстімен 20 см арақашықтықта орналасқан бірнеше кедергілерден (ленталардан, текшелерден және тағы басқа) аттап жүруге дағдыландыру.

Музыка

Міндеті: Әнді уақытында бастау және аяқтау, озып кетпеу немесе қалып қоймау, ән арасындағы кідірісті сақтау.

Ән: «Жануарлар туралы ән»

Ырғақты-қимылды ойын: «Сылдырмақ»


Дене шынықтыру

Бастапқы қалыпта тұрып, сол (оң) аяқтың тізесін (заттан ұстап) бүгу дағдысын қалыптастыру.

2-ші таңғы ас

2-ші таңғы ас алдында гигиеналық шараларды орындау Тамақтану кезінде алаңдамауға шақыру, ойыншықтарды реттеу, кезекшілікті орындау, гигиеналық шараларды орындау, бір біріне ойыншық жинауға көмектесу, үстелде дұрыс отыруын қадағалау.


Серуенге дайындық

 

Балалардың дербес қимыл белсенділігі үшін жағдай жасау, спорттық - ойын жабдықтары мен спорттық құрал-жабдықтады дұрыс пайдалану туралы әңгімелесу. Балаларды ретімен киіндіру (ауа-райы жағдайына байланысты), дұрыс киінуді бақылау (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту).

Серуен

Картотека №1

«Желді бақылау»

Мақсат-міндеттер. Балаларды ағаштың бұталарына қарап, желдің соғуын байқауға үйрету; байқағыштыққа, зеректікке тәрбиелеу.

- Балалар, жел соғып тұрған сияқты ма?

- Ағаштардың бұтақтарына қарайықшы.

- Жел соғып, бізбен ойнайды,

Ағаш-бұтақты шайқайды.

Ары-бері шайқайды,

"Ш-ш-ш" - деп дыбыстайды.

- Желдің дыбысын біз қалай көрсетеміз?

- Иә, "ш-ш-ш" дейміз.

- Жарайсыңдар!

Еңбекке баулу тапсырмалары:

Мақсат-міндеттер: балаларды ересектің үлгісіне еріп, қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; топтастырымен бірге әрекет етуге баулу.

"Пойыз" қимылды ойыны. (дене шынықтыру)

Мақсат-міндеттер. Балаларды бір сапқа тұрып, бір-бірінен қалмай, бір-біріне соғылмай, ересек бастаған бағытпен жүруді үйрету; өзге балалардың жанында ойын ойнап, жағымды әсерлерге бөлене білу қабілетін дамыту.

Педагог балаларды сапқа жинайды.

Смартфонға пойыздың сигналы жазылған аудионы тыңдатуға болады.

- Балалар, естіп тұрсыңдар ма?

- Иә, бізді пойыз жолға шығуға шақырады.

- Қанекей, сапқа жиналайық, пойыз болайық.

- Ту-ту жүрдік,

Ту-ту-у ...

Біз алысқа -

Ту-ту-у ..

Жүр соңымнан -

Қалма!

Кім өжет жан?

Алға!

Д. Ахметова

"Доптар сияқты секірейік" қимылды жаттығуы. (дене шынықтыру)

Мақсат-міндеттер: балаларды бір орында екі аяқпен сигнал бойынша секіре білу қабілеттерін дамыту; шымырлыққа, шапшаңдыққа, достыққа тәрбиелеу.
(қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту,көркем әдебиет.сенсорика)


Картотека №2

Күнді бақылау.

Мақсат-міндеттер. Балаларды күннің аспанда орналасуын және жарқырағанын байқап, қолдарын жайып, жоғары созып, жағымды эмоцияларға бөленуге ынталандыру; күн туралы алғашқы ұғымдарды қалыптастыру.

Педагог балаларға күннің жерге жарықты шашқаны, жылу беретіні туралы айтып болғаннан кейін, балалармен бірге тақпақ айтып, қимылдарды қосылып жасауға шақырады.

Алтын күнге ұқсайық,

Қолдарды, кел, созайық.

Қолдарымыз - шуақтар,

Жайылады жан-жаққа.

Еңбекке баулу тапсырмалары: балаларды сұхбатхана орындықтарын қардан тазалауға шақыру.

Мақсат-міндеттер: балаларды қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; тазалыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

"Сағаттар" қимылды жаттығуы. (дене шынықтыру)

Мақсат-міндеттер. Балаларды сигналмен белгілі қимылдарды жасауға жаттықтыру; сигнал бойынша сапқа жиналып, педагогтің соңынан жүру дағдыларын жетілдіру, кеңістікті бағдарлауға үйрету; сағаттың жүрісі туралы алғашқы ұғымдарды қалыптастыру, жағымды эмоцияларға бөленуге ынталандыру.

Педагог балаларға сағаттың қимылын еркін тұрып орындауға, сигнал бойынша сапқа жиналып, жүруге шақырады. Тақпақты оқи жүреді.

"Тик-так".

"Тик-так, тик-так,"

Жүрсін сағат.

Біз сағатқа ұқсап,

Жүреміз: "тоқ-тақ".

Д. Ахметова

Ойын бірнеше рет өткізіледі.

"Өз орныңды тап" қимылды ойыны. (дене шынықтыру)

Мақсат-міндеттер: балаларды сапға (түзу сызық, жіп бойына) сигнал бойынша тізілуге, сигнал бойынша жан-жаққа шашырап жүгіруге дағдыландыру; зейінді болуға, шапшаңдыққа, достыққа тәрбиелеу.

(қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту)


Картотека №3

Қарды бақылау Мақсат-міндеттер. Балалардың табиғат құбылысы, қарды бақылауға деген қызығушылығын ояту; қардың қайда жатқанына көңіл аударып, айтуға ынталандыру.

- Жапалақ қар,

Армысың?

Дүниеде бармысың?

Қысқы дала тәуелді,

Жау, жау енді!

Ұзақ уақыт қалықтар,

Жау, жау енді,

Мамық қар!

Қ. Мырзалиев

Еңбекке баулу тапсырмалары: балаларды учаскедегі жемшашарларды жемге толтыруға шақыру.

Мақсат-міндеттер: балаларды ересектің үлгісіне еріп, құстарға қамқорлық жасауға баулу; қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; жағымды эмоцияларды дамыту.

"Кім тыныш?" қимылды ойыны. (дене шынықтыру)

Мақсат-міндеттер. Балаларды бір бағытта тыныш жүру әдебіне үйрету, аяқтың табанын толық басып және аяқтың ұшымен жүріп қимылдау дағдыларын қалыптастыру; сигналға сай қозғалуға ынталандыру.

- Балалар, ал қазір, аяқтарымызды нық басып, менің соңымнан сайға қарай жүрейік.

Сайға қарай адымдаймыз,

Түрлі дыбысты тыңдаймыз.

Көрейік. Бұл қай бұрыш?

Тыңдайық. Тыныш ... Тыныш ...

- Қанекей, аяқтың ұшымен тыныш жүрейік ...

- Бұл жақта не бар екен?

- Тамаша ...

Педагог белгілі объектіні тапқандарын айтады, балаларды мақтайды.

Жаттығу бірнеше рет өткізіледі, жүру бағыттары ауысады.

"Шашылған қарларды (доптарды) жинайық" қимылды жаттығуы. (дене шынықтыру)

Мақсат-міндеттер: балаларды шапшаңдыққа, дәлдікке, қоршаған кеңістікті бағдарлауға баулу, топтастармен тату ойнауға, достыққа тәрбиелеу.

(қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту)


Картотека №4

Қысқы ауа райын бақылау.

Мақсат-міндеттер. Балаларға қыс мезгілі жөнінде жалпы ұғымдар беру, қыстың ауа райы бұлтты және ашық, суық болуына көңіл аудару, адамдардың жылы киінгенін байқату; зейінді, ойлау қабілетін дамыту.

- Балалар, айналаға қараңдаршы.

- Иә, айналада қар жатыр.

- Аспанымыз сұр (көгілдір).

- Бірақ қыста күн суық.

- Адамдарға қараңдаршы, жылы киінді.

- Біз нені кидік?

Балалар жауап бермей жатса да, үстіне көрсете де алады.

- Қыс мезгілі. Суықта

Қар жауады қалықтап.

Қар жауады қалыптап,

Аппақ қабықпен қаптап.

Қыс мезгілі. Аппақ қала.

Ақ көшелер. Ақ сала.

Ақ көшелер. Ақ сала.

Аулада тұр аққала.

Д. Ахметова.

Еңбекке баулу тапсырмалары: балаларды сұхбатхана орындықтарын қардан тазалауға шақыру.

Мақсат-міндеттер: балаларды қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; тазалыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

"Машиналар жүреді" қимылды ойыны. (дене шынықтыру)

Мақсат-міндеттер. Балаларды қызыл, жасыл немесе сары түсті таңбалауыштардың біріне сәйкес қимылдарды жасауға үйрету; топтасып, бір-бірімен соғылмай жүре білу дағдыларын қалыптастыру; жағымды әсерлерге бөленуге тәрбиелеу.

Педагог балаларға кезегімен қызыл, сары, және жасыл таңбалауыштарды көрсетіп жатып, белгілі таңбалауышқа сай белгілі қимылдарды жасауды ұсынады:

- жасыл таңбалауыш - қолға рульді ұстаған ұқсап, жан-жаққа бағыттап жүгіру;

- сары таңбалауыш - орнында тоқтап, шапалақтау,

- жасыл таңбалауыш - жерге шоқайып отыру.

- Бағдаршамда жасыл шам -

Жол ашық, машиналар.

Бағдаршамда сары шам -

Шапалақта, балалар!

Бағдаршамда қызыл шам -

Тоқтасын машиналар.

Ойын екі рет өткізіледі.

"Шеңберден шықпа" жаттығуы. (дене шынықтыру)

Мақсат-міндеттер: балаларды шеңберге тұрып, шеңбердің бойымен қимылдауға баулу; кеңістікті бағдарлауға, мұқияттылыққа, достыққа тәрбиелеу.

(қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту)



Картотека №5

Қарды бақылау

Мақсат-міндеттер. Балалардың табиғат құбылысы қар жайындағы ұғымдарын қалыптастыру, қардың жеңіл мамықтай ұшқанын байқату; зейінін, түйсігін дамыту.

- Балалар, бәрекелді!

- Қараңдаршы, айналада не жатыр?

- Иә, бұл - қар.

Ақ мақтадай ұлпа қар

Жамылыпты қырқалар.

Қалың-қалың тоң киіп,

Маужырайды шыршалар.

Шәймерден Әлдибекұлы.

Еңбекке баулу тапсырмалары: балаларды қарды күректермен күреп, жүруге арналған жолдарды жасауға шақыру.

Мақсат-міндеттер: балаларды ересектің үлгісіне еріп, қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; топтастырымен бірге әрекет етуге баулу; жағымды эмоцияларды дамыту.

"Қарлы жолдарды басайық" қимылды жаттығуы. (дене шынықтыру)

Мақсат-міндеттер. Балалардың сапта түзу бағытпен жүріп, екі аяқпен секіріп, жүгіріп, алға жылжу қабілеттерін жетілдіру, тепе-теңдікті сақтау қабілеттерін дамыту, бұлшық еттерін шымыр ету.

Педагог балаларды көркем сөзбен қимылдарға ынталандырады.

- Алдымызда ұзынша,

Жайылып тұр жолақша.

Топ-топ етіп басайық,

Қадам басып барайық.

Секіреміз оп-оп!

Біз жүреміз топ боп.
Ал енді біз жүгірейік,

Саптан қалмай, үлгерейік.

Жүгір, жүгір, балақай!

Саптан қалма, балақай!
Жүгіріп болдық, жүрейік,

Тыныс алып, үлгерейік.

Тыныс алып болайық,

Қадам басып, тоқтайық ...

Д. Ахметова

"Көпірден өт" қимылды жаттығуы. (дене шынықтыру)

Мақсат-міндеттер: балаларды бір орнынан ұзындыққа екі аяқпен алға секіре білу қабілетін қалыптастыру; тепе-теңдік, ептілік, көзбен мөлшерлеу сезімдерін дамыту
(қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту)


Серуеннен оралу

Балалардың реттілікпен шешінуі.
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Торғай мен мысық»

Міндеттер: Балалардың қимыл – қозғалыстарын арттырып, ептілікке баулу.

Бір -біріне шешінуге көмектесу.

Киімдерін жинау. Сөрелерін ретке келтіру.

Бір -біріне шешінуге көмектесу.

Қимыл-қозғалыс ойыны:

«Қояндар мен қасқыр»

Міндеттер: Балалардың қимыл-қоззғалыстарын арттырып, ептілікке баулу.


Түскі ас

Гигеналық шараларды орындау (мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, еңбек әрекеті)

Ас алдында айтылатын тақпақ:

Ас дегенде отырып,

Тәрбиешіні тыңдаймыз.

Тамақ ішіп болған соң,

Орнымызды жинаймыз.

Кезекшілердің жұмысы ( асхана құралдарын, майлықтарды үстелге қою)

Гигиеналық шаралар (қолды дұрыс жуу, өз орамалының орнын білу, қолды дұрыс сүрту, орамалды ілу.

Ас қайыру.

Асың, асың, асыңа,

Береке берсін басыңа!

Тамақтану (өз орнын білу, дұрыс отыру, асхана құралдарын дұрыс ұстай білу, ұқыпты тамақтану , сөйлеспеу, алғыс айту)

Күндізгі ұйқы

Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайлы жағдай жасау

«Жеті лақ» ертегісін мәнерлеп оқу

Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайлы жағдай жасау

«Ана мен бала» Музыка

Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайлы жағдай жасау

«Қуыр-қуыр-қуырмаш» Музыка

Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайлы жағдай жасау

«Үй жануарлары» аудиожазба тыңдату

Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайлы жағдай жасау

«Бала, бала, балақан» Музыка

Біртіндеп ұйқыдан ояту,сауықтыру шаралары

Түскі ұйқыдан кейінгі сауықтыру шаралары (дене жаттығулары), ауа, су емшаралары, жалпақ табандылықты болдырмау үшін түйіршікті және жұмсақ жолақшалармен жүру (дене белсенділігі).

Бесін ас

Гигеналық шараларды орындау (мәдени-гигиеналық дағдылар). Балалардың назарын тағамға аудару, мәдениетті тамақтануға баулу (сөйлеуді дамыту).

Балалардың дербес іс-әрекеті

 

Қимылды ойын: «Ақ қоян»

Міндеттер: балаларды ептілікке баулу.

Қоянның суретін салу.

(дене шынықтыру

сурет салу,сөйлеуді дамыту)

Қимылды ойын:

«Қай қолымда көп» 
Міндеттер: аз және көп заттарды ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін дамыту. 

(сенсорика,сөйлеуді дамыту)

«Вагондарға дөңгелек таңдау» 

Міндеттер: дөңгелек геометриялық пішінінің қасиеттерін түсіндіру,жапсыру арқылы ұсақ саусақ моторикасымен жұмыс жасай отырып ойлау қабілетін дамыту.

(жапсыру,сөйлеуді дамыту,сенсорика)

«Түрлі түсті пирамида» 


Міндеттер: үлкен-кіші,биік-аласа ұғымдарын үйретуді қайталау.Үлгіге қарай отырып ермексаздан пирамида жасау.

(мүсіндеу,сөйлеуді дамыту,сенсорика)

«Дәрігерде» сюжетті-рөлдік ойыны.

Мақсат-міндеттер: балаларды дәрігер қызметімен таныстыру, медициналық құралдардың атауларын бекіту. Балаларды ойын жоспарын жүзеге асыруға үйрету. Сюжет бойынша екі кейіпкердің өзара әрекеттесу (дәрігер — науқас) іскерліктерін қалыптастыру.

Ойыншық-алмастырушылармен ойын барысында, өзі және ойыншық үшін рөл атқару.

(қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту)

.


Балалармен жеке жұмыс

 

«Секіреміз топ-топ»

Секіреміз топ-топ,

Шапалақтап көп-көп.

Иiлемiз оңға қарай бiр,екi,үш,

Иiлемiз солға қарай бiр,екi,үш.

Мақсат

«Қандай пішін жетіспейді?» 

Міндеттер: Геометриялық пішіндерді атай білуге үйрету. Қай пішін жетіспейтінін тапқызу.

Абілмансұр

«Сиқырлы қап»

Міндеттер: Балаларға дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету, заттарды тануға баулу.

Маржан,Умай

«Кім шапшаң?»

Міндеттер: Есту қабілетін дамыту. Балаларды дауысқа еліктіру.

Інжу, Ахметжан

Қимылды ойын: 

«Ордағы қасқыр»

Міндеттер: секіруге, затты лақтыруға жаттықтыру.

Әлібек

Серуенге дайындық

Серуенге қызығушылықты арттыру. Балалардың реттілікпен киінуі, серуенге шығу, топтық ережелерді қайталау (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту) тақырыбына жеке әңгімелер өткізу

Серуен

Картотека №1

(қорытындылау)

Картотека №2

(қорытындылау)

Картотека №3

(қорытындылау)

Картотека №4

(қорытындылау)

Картотека №5

(қорытындылау)

Серуеннен оралу



Балалардың киімін ретімен шешу, дербес және ойын әрекеті.


Кешкі ас


Гигиеналық дағдылар

"Қолдарымызды тап-таза ғып жуайық" ойын жаттығуы.

Мақсат-міндеттер: жуу алгоритмін бекіту.

Тамақ ішу мәдениетімен таныстыру. Қасықты, шанышқыны дұрыс қолдануға үйрету. Тамақтанғанда, шай-су ішкенде сөйлемеу. Тамақ ішкеннен кейін қолды және бетті жуғызу.

Көркем сөз.

Сабынымды аламын,

Алақанға саламын.

Көпіртемін жақсылап,

Қолды жуам мұқият.

Білек, бетті, мойынды,

Жуамын да, сүртемін.

Тап - таза, көңілді боп,

Мен үнемі жүремін.

Тусипжанова-Шагирова А.

Жеке заттарды қолдану (қол орамал, майлық, орамал, тарақ, түбек) киіміндегі олқылықты байқау және оны өз бетінше, ересектердің көмегімен ретке келтіру, белгілі бір ретпен киіну және шешіну, әртүрлі ілгектерді қолдана білу, ұйықтар алдында киімдерін шкафқа немесе орындыққа ұқыпты бүктеп қою.

(мәдени-гигиеналық дағдылар, көркем сөз)

Балалардың дербес іс-әрекеті

 

Музыкалық аспаптармен ойындар.

Мақсат-міндеттер. Музыканы тыңдауға қызығушылықты қалыптастыру, музыканы эмоционалды көңіл-күймен қабылдау, оны тыңдау, дыбысталу ерекшеліктерін ажырата білу. Ән айтуға деген қызығушылықтарын ояту, жекелеген сөздер мен буындарды айту. Қарапайым би қимылдарын орындау: денені оңға, солға бұру, басты оңға, солға ию, қолдарды сермеу.

(музыка, шығармашылық дағды)


Үстел-үсті ойындар, саусақ моторикасын дамытатын ойындар ойнату.

Мақсат-міндеттер. Берілген заттардың 3-4 сенсорлық қасиеттеріне байланысты таңдауды жүзеге асыра отырып, түсі, көлемі, өлшемі бойынша әртекті заттарды салыстыру, заттардың санын ажырату (біреу-көп), әртүрлі көлемдегі заттарды атау.

(сенсорика)

Кітап бұрышында: өткен тақырыптар бойынша суреттерді қарау, сипаттау; ертегілерді есте жаңғырту, кейіпкерлердің сөздерін қайталау.

Мақсат-міндеттер. Балалардың назарын кітапты қарап отырған балаға аудару. Балалармен бірге балалар әдебиетінің шығармаларына арналған иллюстрацияларды қарау.

(коммуникативті дағдылар, сөйлеуді дамыту, қазақ тілі, көркем әдебиет)


Саусақ жаттығуы.

Мақсат-міндеттер. Баланың тілін, қолдың моторикасын, есте сақтау қабілетін дамыту; жағымды эмоцияларға бөлене білу қабілетін қалыптастыру.

"Сен қайда бардың? (орыс халқының тақпағы)

- Бармақтай балғын!

Сен қайда бардың?

- Мына бауырыммен

Орманға бардым,

Мына бауырыммен

Іштім де кеспе,

Мына бауырыммен

Дөп-ботқа жескем,

Мына бауырыммен

Ән салдым кеште.

Х. Ерғалиев, М. Әлімбаев

(сөйлеуді дамыту)

"Жүргізушілер" сюжетті-рөлдік ойыны.

Мақсат-міндеттер: балаларды жүргізуші мамандығымен таныстыра отырып, ойын барысында нәтижелі қарым-қатынас орнатуға машықтандыру.

Сюжеттегі екі кейіпкердің (жүргізуші - жолаушы) өзара әрекеттесу біліктіліктерін қалыптастыру.

Балалардың белгілі бір рөлге қажет құрал-жабдықтарды өз бетінше таңдау әрекеттерін ынталандыру.

(қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту)

Балалардың үйіне қайтуы

Балалардың жетістіктері туралы әңгімелесу, ата-аналардың балаларды тәрбиелеу мен дамыту бойынша сұрақтарына жауап беру, кеңес беру.



Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы
Білім беру ұйымы МКҚК №14 «Күншуақ» балабақшасы

Топ «Күншуақ» кіші тобы

Балалардың жасы 2-3 жас

Жоспардың құрылу кезеңі 06 -10 ақпан 2023 жыл

Күн тәртібінің үлгісі

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Балаларды қабылдау

Таңертең балалармен амандасып, топқа кіргізу.


Балаларды топта жақсы қабылдап, амандасу.



Балаларды жақсы көңіл -күймен қабылдап, бүгінгі көңіл-күйлерін сұрау.


Балаларды жақсы көңіл –күймен қабылдап, бүгінгі көңіл-күйлерін сұрау.

Балаларды жақсы көңіл –күймен қабылдап, бүгінгі көңіл-күйлерін сұрау.


Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру

Ата-аналармен бала денсаулығы, баланың үйдегі күн тәртібі, жетістіктері туралы әңгімелесу, баланы дамыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша (жыл мезгіліне байланысты балаларды киіндіру) кеңес беру.

Балалардың дербес іс-әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа іс-әрекеттер)

Дидактикалық ойын:"Жіптерді ыдыстарға түстеріне сай жина"

Мақсат-міндеттер. Балалардың түстерді қабылдау және ажырату сенсорлық қабілеттерін, қолдың ұсақ моторикасын дамыту, жасалған жаттығудан жағымды әсер алуға ынталандыру.

Құралдар: түрлі-түсті жіптің орамдары; жіптердің әр түсі үштен кем емес болуы керек.

Шарты: жіптерді бірыңғай түстер бойынша төрт себетке топтастыру.

(сенсорика)


Дидактикалық ойын:"Дастарқанды жаямыз"

Мақсат-міндеттер. Балаларды түрлі-түсті ыдыстар мен құралдардан тек түсі бірдей жинақтамаларды құрастыру дағдыларына баулу; ыдыстарды адамның алдына қалай орналастыратыны туралы ұғымдарды қалыптастыру; қолдың ұсақ моторикасын, қабылдау, ойлау қабілеттерін дамыту.

Құралдар: қатпа қағаздан қиылған бокал (кесе), қасық және табақша түрлі-түсті кескіндерідің бір-бірімен араласқан жинақтамалары.


Дамытушы ойын:«Қоян қайда?»

Балаларды қоян ойыншығының қайда жасырынғанын байқату, отырған орнын "әне", "міне," "анда", "бұнда" "бар", "жоқ" сөздерін қолдануға ынталандыру; жағымды әсер алуға мүмкіндіктер жасау.


Саусақ жаттығуы. "Домалайды, домалайды".

Мақсат-міндеттер. Балаларды сөздерді және саусақтармен қимылдарды қайталауға ынталандыру; қуанышқа бөлену қабілеттерін, түйсіктерін дамыту.

- Домалайды, домалайды, (жұдырықтарын алдына ұстап айналдыру)

Орнында тұрып қалмайды. (саусақпен бұлғау)

Оң жақ қолмен ұстап ал, (оң жаққа бұрылып, шапалақ қағу)

Сол жақ қолмен ұстап ал. (сол жаққа бұрылып, шапалақ қағу)

Отырып ұстайсың ба? (шоқайып, шапалақ қағу)

Айналып ұстайсың ба? (тұрып, айналу)

Ұстатпайды - (саусақпен бұлғау)

Домалайды. (жұдырықтарын алдына қойып айналдыру)

Д. Ахметова

(сөйлеуді дамыту)

Үстел үсті ойыны: «Текшелерден мұнараны құрастыру»

Жинайық, жинайық,

Мұнараны құрайық.

Үлкенінің үстіне орташасын,

Оның үстіне кішкентай данасын,

Қоямыз да Дананы қуантамыз.

(құрастыру)

Таңертенгі жаттығу

Картотека № 3

«Қуыршақпен ойнаймыз»

Б.қ. тік тұру, аяқ алшақ, қуыршақ төменде;

1-2 қуыршақты алға ұстау, жоғары көтеру;(3рет)

3-4 б.қ;

Аяқ алшақ, қуыршақ алда;

1-2 денені оңға ,солға бұру, б.қ. келу;

Б.қ. қуыршақты кеудеде ұстау;

1-4 алға енкею- «Қуыршақтар билейді»;

5-6 б.қ. келу; (3рет)

Б.қ. 1-2- отырып қуыршақты еденге қою;

3-4 тік тұру;

Қуыршақпен оңға, солға айналу (2реттен)


Таңғы ас

 

Гигиеналық дағдылар

Балалардың жағымды эмоцияларын тудыру үшін бәсеңдеу дыбыста салмақты әуенжазбасын қосу; тамақтану рәсімін ұстануға қызығушылық тудыру.

Қасығымыз қайда?

Табақшамыз қайда?

Өзіме жақын тартайық,

Тамақты тауысып алайық.

Жеке заттарды қолдану (қол орамал, майлық, орамал, тарақ, түбек) киіміндегі олқылықты байқау және оны өз бетінше, ересектердің көмегімен ретке келтіру, белгілі бір ретпен киіну және шешіну, әртүрлі ілгектерді қолдана білу, ұйықтар алдында киімдерін шкафқа немесе орындыққа ұқыпты бүктеп қою.

(мәдени-гигиеналық дағдылар, сөйлеуді дамыту)





Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық

Балаларға жайлы эмоциялық ахуалды ұйымдастыру үшін бәсеңдеу дыбыста салмақты әуенжазбасын қосу.

Мінез-құлық мәдениетінің дағдыларын қалыптастыру: амандасу, қоштасу, алғыс айту. Баланың құрдастарына деген мейірімді қарым-қатынасын үлгі ету.

Ертегі кейіпкеріне еніп ұйымдастырылған іс-әрекетке баланы қызықтыру.


Шаттық шеңбер: «Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Жайнай берсін даламыз

Жайнай берсін бақшамыз!»

Көңілді музыка арқылы қызықты қимылдар жасап балалардың көңілін көтеру.

Мектепке дейінгі ұйымның кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет

Дене шынықтыру

Таяныштан ұстап отыру, аяқтың ұшымен тұрып, тартылу дағдыларын қалыптастыру.




Дене шынықтыру

Аяқтың өкшесін алға қою. Аяқтың бақайларын отырып қимылдату дағдысын қалыптастыру.


Музыка

Міндеті: Үйренген әнді айта отырып сәйкес қимылдар орындау

Ән: «Балапан»

Ырғақты-қимылды ойын: «Шөжелер» би қимылдарымен билету.


Дене шынықтыру

Бастапқы қалыпта тұрып, сол (оң) аяқтың тізесін (заттан ұстап) бүгу. Таяныштан ұстап отыру, аяқтың ұшымен тұрып, тартылу. Аяқтың өкшесін алға қою. Аяқтың бақайларын отырып қимылдату дағдыларын қайталау.


2-ші таңғы ас

Тағамның атауын есте сақтауға, тазалыққа бейімдеу. "Тәбетіміз ашылды. Ас болсын!" (мәдени-гигиеналық дағдылар, сөйлеуді дамыту, көркем сөзді қайталау)

Серуенге дайындық

 

Балаларды өз киімдерін тануға, атауға, өз шкафын таңбалауыш арқылы табуға үйрету. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет)

Балалардың дербес қимыл белсенділігі үшін жағдай жасау, спорттық - ойын жабдықтары мен спорттық құрал-жабдықтады дұрыс пайдалану туралы әңгімелесу. Балаларды ретімен киіндіру (ауа-райы жағдайына байланысты), дұрыс киінуді бақылау (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту).

Серуен

Көліктерді бақылау.

Мақсат-міндеттер. Балаларға көліктер жайлы ұғымдар қалыптастыру, көліктердің ары-бері бағытта жүретінін байқату; көліктердің дөңгелектері айналатыны туралы айтуға ынталандыру; зейінін, ойлау қабілетін дамыту.

Машиналар жүреді ары-бері,

Алға және кері.

Жүкті тасымалдайды,

Жақын жерге, алысқа бағыттайды.

Еңбекке баулу тапсырмалары: балаларды сұхбатхана орындықтарын қардан тазалауға шақыру. (еңбек дағдылары)

Мақсат-міндеттер: балаларды қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; тазалыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

"Торғай мен автомобильдер" қимылды ойыны. (дене шынықтыру)

Мақсат-міндеттер. Балалардың сигнал бойынша жан-жаққа шашырап жүгіре алу дағдыларын қалыптастыру; жылдамдыққа, шапшаңдыққ тәрбиелеу; ойын сюжетіне ілесіп, торғайлардың қимылдарын сомдауға ынталандыру.

Педагог балаларға торғайлар салынған қалташаларды үлестіреді.

- Балалар торғайлар қалай қимылдайды? Көрсетіңдерші.

Педагог балаларға торғайлар сияқты қанаттарын (қолдарын) жан-жаққа жайып, бұлғауды көрсетеді.

- Жарайсыңдар!

- Балалар торғайлар жолға отырып, жемді шоқиды.

- Қалай шоқитынын көрсетейікші.

Педагог балаларға торғайлардың шоқайып отырып жем шоқығанын, саусақтарымен тізесіне соққылап көрсетеді.

- Жарайсыңдар!

Педагог балалардың қимылдарын көркем сөзбен сүйемелдейді, жылжу бағытын реттеп, қадағалап жүреді.

- Торғайлар, торғайлар,

Ұшыңдар, ұшыңдар!

Жолға отырып қоныңдар,

Жемді шоқыңдар!

Педагог рульді ұстап, автомобильді көрсетеді, алаңда шоқайып отырған балаларға қарай жылжиды.

- Автомобиль келе жатыр!

Абайлаңдар!

Ұшыңдар жан-жаққа:

- Ұш, ұш!

Ойын екі рет ойнатылады.

"Аяқ ұшына түрып, ақырын жүрейік" жаттығуы. (дене шынықтыру)

Мақсат-міндеттер: балалардың бір сапта, бір бағытқа қарай аяқ ұшымен жүре білу қабілетін дамыту; аяқ бұлшық еттерін, дене тепе-теңдігін дамыту, тыныс алу мүшелерін жетілдіру.

(қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)


Қарды бақылау.

Мақсат-міндеттер. Балаларды қардың аяқтың астында, жерде жатқанын айтқызып, оны аяқпен басқанда іздердің қалуын байқауға үйрету.

- Із қалады, қарды басса -

Іздер жатыр жолақ ұқсап.

- Балалар, қардың түсі қандай?

- Қарды үстінен жүрсе, не қалады?

- Иә, іздер қалады.

- Іздер жолаққа айналды. Жарайсыңдар!

Еңбекке баулу тапсырмалары: балаларды қарды күректермен күреп, жүруге арналған жолдарды жасауға шақыру. (еңбекке дағдылары)

Мақсат-міндеттер: балаларды ересектің үлгісіне еріп, қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; топтастырымен бірге әрекет етуге баулу; жағымды эмоцияларды дамыту.

"Қарлы жолдарды басайық" қимылды жаттығуы. (дене шынықтыру)

Мақсаты. Балалардың сапта түзу бағытпен жүріп, екі аяқпен секіріп, жүрігіп, алға жылжу қабілеттерін жетілдіру, тепе-теңдікті сақтау қабілеттерін дамыту, бұлшық еттерін шымыр ету.

Педагог балаларды көркем сөз бен қимылдарды орындауға ынталандырады.

- Алдымызда ұзынша

Жайылып тұр жолақша.

Топ-топ етіп басайық,

Қадам басып барайық.

Секіреміз оп-оп!

Біз жүреміз топ боп.

Ал енді біз жүгірейк,

Саптан қалмай, үлгерейік.

Жүгір, жүгір, балақай!

Саптан қалма, балақай!

Жүгіріп болдық, жүрейік,

Тыныс алып, үлгерейік.

Тыныс алып болайық,

Қадам басып, тоқтайық ...

Д. Ахметова

"Шеңберге дәлде" ойын жаттығуы. (дене шынықтыру)

Мақсат-міндеттер: балаларда нысанаға (қарды) дәлдеп ата білу, ептілік, мергенділік қабілеттерін дамыту.

(қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)


Желді бақылау.

Мақсат-міндеттер. Балаларды ағаштың бұталарына қарап, желдің болғанын байқауға үйрету; байқағыштыққа, зеректікке тәрбиелеу.

- Балалар, жел соғып тұр ма?

- Ағаштардың бұтақтарына қарайықшы.

- Жел соғып, бізбен ойнайды,

Ағаш пен бұтақты шайқайды.

Ары-бері шайқайды,

- Ш-ш-ш - деп дыбыстайды.

- Желдің дыбысын біз қалай көрсетеміз?

- Иә, "ш-ш-ш" дейміз.

- Жарайсыңдар!

Еңбекке баулу тапсырмалары: балаларды ағаштан түсіп қалған ұсақ, құрғақ бұтақтарды жинауға шақыру.

Мақсат-міндеттер: балаларды ересектің үлгісіне еріп, қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; топтастырымен бірге әрекет етуге баулу.

"Мысық пен тышқандар" қимылды ойыны. (дене шынықтыру)

Мақсат-міндеттер. Балаларды сигналмен қозғалу әдебіне үйрету; жан-жаққа шашылып жүгіру қабілетін қалыптастыру; ептілікке, жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Педагог балалар үшін "тышқандардың інін" белгілеп қояды.

- Балалар, сендер тышқандарсыңдар. Тышқандар інде тыныш отырады. Тышқандар аулаға шығып та ойнайды.

- Тышқандай қалай жүгіріп ойнады? Көрсетейікші. Тамаша.

- Балалар, тышқандар мысықтан қорқады. Мысық шықса - тышқандар інге жүгіріп, тығылады.

- Қанекей, орындарымызға барып, отырайықшы.

Педагог көркем сөзді қолданады.

- Тышқандар інге сыймайды,

Тесіктерден сығалайды.

Ешкім жоқ болса олар

Аулаға шығып ойнайды.

Ай-ай-ай! Тышқандар-ай,

Жақындайды мысықай!

Шеңберден асыңдар,

Қашыңдар!

Д. Ахметова

Соңғы сөздерді айтқанда, педагог ойыншық мысықты қолға ұстап шығарады.

Балалардың бір-біріне соғылмауын ескеріп, дауыс күшін реттеу керек.

Ойын екі рет ойнатылуы мүмкін.

"Тегіс жолмен жүреміз" ойын жаттығуы. (дене шынықтыру)

Мақсат-міндеттер: алға қарай жылжи отырып, қос аяқпен секіруге жаттықтыру.

(қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)


Күнді бақылау.

Мақсат-міндеттер. Балаларды күннің аспанда орналасуын және жарқырағанын байқап, жылу мен жарықты беруі туралы айтылып жатқанда, қолдарын жайып, жоғары созып, жағымды эмоцияларға бөленуге ынталандыру; күн туралы алғашқы ұғымдарды қалыптастыру.

Педагог балаларға қимылдарды көрсетіп жатады, балалар соңынан қайталайды.

Алтын күнге ұқсайық,

Қолдарды, кел, созайық.

Қолдарымыз - шуақтар,

Жайылады жан-жаққа.

Еңбекке баулу тапсырмалары: балаларды учаскедегі жемшашарларды жемге толтыруға шақыру. (еңбек дағдылары)

Мақсат-міндеттер: балаларды ересектің үлгісіне еріп, құстарға қамқорлық жасауға баулу; қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; жағымды эмоцияларды дамыту.

"Жүрейік" қимылды жаттығуы. (дене шынықтыру)

Мақсат-міндеттер. Балаларды саппен, бір-біріне соғылмай, белгілі бағытта ырғақпен марш басып жүру дағдысын қалыптастыру, достыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

- Жүрейік, жүрейік,

Қолды көкке сермейік,

Күнге сәлем берейік,

Шапалақтап, күлейік.

Жаттығу бірнеше рет өткізіледі. Педагог балалардың жүрудегі қауіпсіздігін бақылай жүреді.

"Әткеншек" қимылды ойыны. (дене шынықтыру)

Мақсат-міндеттер: балаларды шеңберге тұрып, тақпақ сөздеріне сай қимылдай білу қабілетін қалыптастыру.

Бір жоғары, бір төмен,

Күні бойы тербелем.

Әткеншек-ау, әткеншек,

Айнала бер бізбенен.

(қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)


Қоян ойыншығын бақылау (ақ қоян).

Мақсат-міндеттер. Балалардың көңілін қоянның тоны ақ, құлағы ұзын екеніне, қимылдарына назар аударту; қоянның қимылдарын, көркем сөздерге еліктеп, өздігінен жасауға ынталандыру, жаттығудан жағымды әсер ала білу қабілетін дамыту.

Педагог ақ қоян ойыншығын көрсетіп, оның сыртқы сипатын байқатады.

Балаларға оның ақ терісі мен ұзын құлағы туралы сұрақтарды қойып, жауапты қайтаруға ынталандырады.

- Қоян құлақтарын қалай қимылдатады?

- Барлығымыз көрсетейікші. Жарайсыңдар!

- Қараңдаршы, ақ қоян жылы ақ тонын киіп алды. Қоян қуанып қалды. Сендерді бірге ойнауға шақырады.

- Қоян қорқақ,

Ұзын құлақ.

Бұта түбінде,

Қасқырға көрінбей,

Ақ қарда жатыр,

Тыныш қана, үндемей.

Д. Ахметова

Еңбекке баулу тапсырмалары: балаларды ағаштан түсіп қалған ұсақ, құрғақ бұтақтарды жинауға шақыру.

Мақсат-міндеттер: балаларды ересектің үлгісіне еріп, қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; топтастырымен бірге әрекет етуге баулу.

"Бері шыға ғой, қоян!" қимылды ойыны.

Мақсат-міндеттер. Балаларға шеңбер бойымен жүріп, барлығы топтасып, "Бері шыға ғой, қоян!" сөздерін айтып, көрсетілген қимылдарға еліктеу қабілеттерін жетілдіру.

Педагог балалардың бірін "Қоян" атап, барлығымен бірге оны шақырады. Шақырылған қоян ортаға шығып, қимылдарды жасайды (педагог үлгіні көрсете алады), балалар қайталайды.

- Бері шыға ғой, қоян!

Сұр құлақтармен ойна!

Былай көрсет,

Былай көрсет,

Сұр құлақтармен ойна!

"Допты (қарды) қағып ал" қимылды жаттығуы. (дене шынықтыру)

Мақсат-міндеттер: балаларды допты екі қолмен ұстауға жаттықтыру; тепе-теңдікті сақтауға, ептілікке баулу.

(қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)


Серуеннен оралу

Қатармен жүру.серуенде көрген білгендері бойынша әңгімелеу.Киімдерін реттілікпен шешіп сөрелерге орналастыру,гигиеналық тазалқ шараларын орындау.

Түскі ас

Гигеналық шараларды орындау (мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, еңбек әрекеті)

Ас алдында айтылатын тақпақ:

Ас дегенде отырып,

Тәрбиешіні тыңдаймыз.

Тамақ ішіп болған соң,

Орнымызды жинаймыз.

Кезекшілердің жұмысы ( асхана құралдарын, майлықтарды үстелге қою)

Гигиеналық шаралар (қолды дұрыс жуу, өз орамалының орнын білу, қолды дұрыс сүрту, орамалды ілу.

Ас қайыру.

Асың, асың, асыңа,

Береке берсін басыңа!

Тамақтану (өз орнын білу, дұрыс отыру, асхана құралдарын дұрыс ұстай білу, ұқыпты тамақтану , сөйлеспеу, алғыс айту)

Күндізгі ұйқы

Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайлы жағдай жасау

«Ақылды қоян» ертегі аудиосын тыңдату

Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайлы жағдай жасау

«Ана мен бала» Музыка

Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайлы жағдай жасау

«Қуыр-қуыр-қуырмаш» Музыка

Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайлы жағдай жасау

«Үй жануарлары» аудио жазбаны тыңдату

Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайлы жағдай жасау

«Бала, бала, балақан» Музыка

Біртіндеп ұйқыдан ояту,сауықтыру шаралары

Түскі ұйқыдан кейінгі сауықтыру шаралары (дене жаттығулары), ауа, су емшаралары, жалпақ табандылықты болдырмау үшін түйіршікті және жұмсақ жолақшалармен жүру (дене белсенділігі).

Бесін ас

Гигеналық шараларды орындау (мәдени-гигиеналық дағдылар). Балалардың назарын тағамға аудару, мәдениетті тамақтануға баулу (сөйлеуді дамыту).

Балалардың дербес іс-әрекеті

 

«Ала Марғау»

Мақсат-міндеттер. Балаларға қағаз бетіндегі мысық сұлбасын бақылата отырып, ұзындығы мысық денесінің жуандығына сай келетін сызықтардың салыну тәсілін үйрету; қылқаламды үш саусақпен ұстап, түгін бояуға малып, мысық денесінің бойын жоғарыдан төмен қарай қысқа сызықтармен толтыруға дағдыландыру

(сурет салу,көркем әдебиет,шығармашылық,зерттеу дағдысы)

Дамытушы ойын:«Ыдыстар»

Мақсат-міндеттер. Балаларды әртүрлі заттарды ортақ сенсорикалық сипаты, көлемі мен пішіні бойынша сәйкестендіруге үйрету; көлемі әртүрлі табақшаларды өзара салыстыруға дағдыландыру; пішіндері мен көлемдері біркелкі заттарды жинау қабілеттерін арттыру

(сенсорика,

сөйлеуді дамыту)

«Менің үй жануарым» мультфильмін көру.

Мақсат-міндеттер. Балалардың эмоцияларын жетілдіру; үй жануарлары мен тағы басқа аңдардың шығаратын дыбыстарын қабылдауға, ажыратуға, еліктеуіш сөздерді айтуға ынталандыру.

(сөйлеуді дамыту)

Саусақ жаттығуы.

«Біз текшені жинаймыз»

Мақсат-міндеттер. Балаларды текшелермен ойындар алдында саусақтарын жаттықтыруға ынталандыру; қолдардың ұсақ моторикасын, ойлау қабілеттерін дамыту; достыққа тәрбиелеу.

Біз текшені жинаймыз,

Мұнараны құраймыз.

Жұдырыққа жұдырық

Қоямыз, санаймыз.

Бір, екі, үш, төрт,

Бір, екі, үш, төрт,

Жұдырыққа жұдырық,

Биікке қалаймыз.

Д. Ахметова

(сөйлеуді дамыту, сенсорика)


«Шұбар тауық» ертегісін үстел үсті театры арқылы сахналау.

Мақсат-міндеттер. Балаларға шұбар тауық туралы ертегінің желісін пысықтау, басты кейіпкерлердің сөздерін айтқызып, ертегінің аяғында пайда болған оқиғаға жағымды көңіл-күймен жауап беруге ынталандыру.

(көркем әдебиет,сөйлеуді дамыту,қимыл-қозғалыс дағдысы)


Балалармен жеке жұмыс

 

«Көңілді саусақтар»

саусаққа арналған жаттығу.

Мақсат-міндеттер: балалардың ұсақ қол моторикасын, жағымды эмоцияларды дамыту, ересекке деген сенімділікті арттыру.

Айару,Сабрина

«Дұрыс орналастыр»

ойыны.

Мақсат-міндеттер: балаларды жылдам қимылдауды қалыптастыру.

Үлкен қорапқа текшелер мен шарларды салу. Шарларды бір қорапқа, ал екінші қорапқа текшелерді салу керек.

(сенсорика)София,Алина

«Мерекелік шарлар» ойыны

Мақсат-міндеттер. Фланелеграфта шарларды орналастыру.

(жапсыру)Райымбек, Дамир

«Балық» ойыны

Мақсат-міндеттер. Ермексаздан кесектерді үзіп, жұлу, есу, шымшу амалдарын игерту.

(мүсіндеу)

Айкөркем

«Үй құстары» аудио жазбаны тыңдату арқылы үй құстарын таба білуге жаттықтыру,атауларын есте сақтауға, дыбыстарды қайталауға қызықтыру; жағымды эмоцияларды дамыту.

(сөйлеуді дамыту)

Арлан

Серуенге дайындық

Серуенге қызығушылықты арттыру. Балалардың реттілікпен киінуі, серуенге шығу, топтық ережелерді қайталау (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту) тақырыбына жеке әңгімелер өткізу

Серуен

Картотека №1

(қорытындылау)

Картотека №7

(қорытындылау)

Картотека №8

(қорытындылау)

Картотека №9

(қорытындылау)

Картотека №10

(қорытындылау)

Серуеннен оралу


Балалардың киімін ретімен шешу, дербес және ойын әрекеті.

Кешкі ас

Гигиеналық дағдылар

"Қолдарымызды тап-таза ғып жуайық" ойын жаттығуы.

Мақсат-міндеттер: жуу алгоритмін бекіту.

Тамақ ішу мәдениетімен таныстыру. Қасықты, шанышқыны дұрыс қолдануға үйрету. Тамақтанғанда, шай-су ішкенде сөйлемеу. Тамақ ішкеннен кейін қолды және бетті жуғызу.

Көркем сөз.

Сабынымды аламын,

Алақанға саламын.

Көпіртемін жақсылап,

Қолды жуам мұқият.

Білек, бетті, мойынды,

Жуамын да, сүртемін.

Тап - таза, көңілді боп,

Мен үнемі жүремін.

Тусипжанова-Шагирова А.

Жеке заттарды қолдану (қол орамал, майлық, орамал, тарақ, түбек) киіміндегі олқылықты байқау және оны өз бетінше, ересектердің көмегімен ретке келтіру, белгілі бір ретпен киіну және шешіну, әртүрлі ілгектерді қолдана білу, ұйықтар алдында киімдерін шкафқа немесе орындыққа ұқыпты бүктеп қою.

(мәдени-гигиеналық дағдылар, көркем сөз)

Балалардың дербес іс-әрекеті

 

Баяу қимылды ойын: «Қайсысы, қалай ішеді?»

Мақсат-міндеттер. Балалардың жылқының су ішкен кездегі қылықтары жөніндегі ұғымдарын игерту; педагогтің сөздерін тыңдап, жануардың су ішу қимылдарына еліктеуге қызықтыру.

Құралдар: балаларға құлыншақ маскаларын кигізу, ойыншық шелек немесе өзге ыдыс ойыншықтарын ұсыну.

"Жылқы қалай ішеді?"

- Жан-жағына елеңдеп,

Үзіп-үзіп ішеді.

Тұнық суға тереңдеп,

Жүзіп-жүзіп ішеді.

- Себебі не сондағы

- Тым талғампаз болғаны.

С. Боранбаев

«Сәйкес ұяшыққа орналастыр» дидактикалық ойын

Міндеттер: ойлау қабілетін арттыру.

Сенсорика

«Дәл осындай пішінді тап» 
Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту, пішіндерді атауға, ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру.

Қимылды ойын: «Күшіктердің жүрісі»

Мақсат-міндеттер. Балаларды күшіктердің қимылдарына педагогтің көрсетуімен еліктей білуге машықтандыру; жағымды эмоцияларды дамыту.


Кітап бұрышында іс-әрекет: «Жіппен ойнаған марғау»

Мақсат-міндеттер. Балаларды мысықтың баласы марғаумен таныстыра отырып, оның дене құрылымы мен қимылын атауға үйрету; мысық пен марғаудың жануарлар әлемі мен адам өмірінде алатын орны туралы қысқаша түсінік беру.


Балалардың үйіне қайтуы

Балалардың жетістіктері туралы әңгімелесу, ата-аналардың балаларды тәрбиелеу мен дамыту бойынша сұрақтарына жауап беру, кеңес беру.


Циклограмма толтырған тәрбиеші:

Циклограмма тексерген әдіскер:

Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы
Білім беру ұйымы МКҚК №14 «Күншуақ» балабақшасы

Топ «Күншуақ» кіші тобы

Балалардың жасы 2-3 жас

Жоспардың құрылу кезеңі 13 -17 ақпан 2023 жыл


Күн тәртібінің үлгісі

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Балаларды қабылдау

Таңертең балалармен амандасып, топқа кіргізу.



Балаларды топта жақсы қабылдап, амандасу.



Балаларды жақсы көңіл -күймен қабылдап, бүгінгі көңіл-күйлерін сұрау.



Балаларды жақсы көңіл –күймен қабылдап, бүгінгі көңіл-күйлерін сұрау.


Балаларды жақсы көңіл –күймен қабылдап, бүгінгі көңіл-күйлерін сұрау.

Балаларға тақпақты қайталату арқылы қимылдар жасау.

Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру

Ата-аналармен бала денсаулығы, баланың үйдегі күн тәртібі, жетістіктері туралы әңгімелесу, баланы дамыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша (жыл мезгіліне байланысты балаларды киіндіру) кеңес беру.

Балалардың дербес іс-әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа іс-әрекеттер)

Дидактикалық ойын: «Көліктерге дөңгелектерді салып бер»

Мақсат-міндеттер. Балаларды көлемі әртүрлі көліктердің кескіндері көлеміне сай дөңгелектерді таңдап, салып беруге ынталандыру; қолдың ұсақ моторикасын, көзбен мөлшерлеу, қабылдау, ойлау қабілеттерін дамыту. Шарты: әрбір көліктің көлеміне сай дөңгелектерді салып беру.- Көлікке сай дөңгелекті салайық. Көлікті көшеге шығарайық.

(сурет салу,жапсыру, сенсорика)


Үстел үсті ойыны: «Мерекелік жалаушалар»     

     Ойынның тәрбиелік мәні.  Жалаушалардың түр-түсіне қарай араластыра тізбектеуге үйрету. Көргендерін есте сақтап, қиылған жалаушаларды дұрыс орналастыру, кеңістікті бағдарлай білу және желімсіз жапсыру дағдыларын қалыптастыру.


Дидактикалық ойын:«Бөлігін тап»

Ойынның тәрбиелік мәні. Түстерді ажырата білуге үйрету. Қиылған екінші бөлігін теңестіру. Ашық және күлгін түстерді сезіну қабілетін жетілдіру, үлкен-кіші көлеміне қарай доғаларды дұрыс орналастыру.

Ойынға басшылық. Тәрбиеші балаларға кемпірқосақ суретін көрсетіп, әңгімелерді оқып берді.


Үстел үсті ойыны:

«Көрпені жамауға көмектес!»

Мақсаты: геометриялық пішіндермен таныстыру. Геометриялық пішіндерді орналасқан орны бойынша таба білу. Ойын шарты: пішіндер арқылы бос орындарды жабу.


Дамытушы ойын: «Не ,қайда мекендейді»

Ойын арқылы балалардың тілін,ой-өрісін дамыту. Балалаарға иттің ,қоянның ,торғайдың т.б.суреттерін көрсетіп сұрақтар қою арқылы,әәрқайсысының тұру орталарына орналастыру қажеттігі түсіндіріледі.(итке-күшік,торғайға ұя,қойға-қора,қоян-қоршауға)

Таңертенгі жаттығу

Картотека № 4

«Аңдармен жаттығамыз»

Б.қ. Аяқ алшақ, ойыншық төменде;

1-2 ойыншықты жоғары көтеріп, аяқ ұшына тұру;

3-4 б.қ. келу;

Б.қ. ойыншықты алға созып ұстау;

1-2 оңға, солға бұрылу, б.қ. келу;

Б.қ. ойыншық кеуде алдында;

1-2 алға енкейіп ,ойыншықты еденге қою;

3-4 б.қ. келу;

Б.қ.-т.с.

1-2 ойыншықпен отыру;

3-4 б.қ. келу; (4рет)

Ойыншықпен оңға ,солға айналу;


Таңғы ас

 

Таңғы ас алдында гигиеналық шараларды орындау.

Мәдени-гигиеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету.

Нан туралы тақпақ

Нан қиқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар

Теріп алып, қастерлеп

Торғайларға тастаңдар!

Міндеттер: Балаларға таңғы астың , нанның маңыздылығы жайлы айту, тамақты тауысып жеуге үйрету.

Тамақтану (өз орнын білу, дұрыс отыру, ас ішу құралдарын дұрыс ұстау, тамақтану мәдениетін қалыптастыру,тамақ ішкенде сөйлемеу, тамақтанып болғаннан кейін алғыс айту)

Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық

Сәлемдесу ойыны: «Менің көмекшілерім»

Мақсат-міндеттер: балаларды жағымды көңіл-күйге бөленуге тарту, сәлемдесу рәсіміне баулу; дене мүшелерін қабылдап тануға тәрбиелеу.

Мынау – менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған,

Мынау – басым ақылды.

Бәрін осы басқарған.

Мынау – менің оң қолым,

Мынау – менің сол қолым.

Барлық істі атқарған.

(сөйлеуді дамыту)

Нейрожаттығу түрлері арқылы балаларды ұйымдастыру,көңіл-күйлерін көтеру.

Жылулық шеңбері: «Достарым» балалар жұмсақ жүрекшені бір-біріне беру арқылы жылы сөз айту.

Ертегі кейіпкеріне еніп балаларға қызықты ойын ойнату арқылы қызығушылығын арттыру.

Шаттық шеңбер: «Алақай,нұрлы күн!»

Күннің нұры төгілді

Достар бүгін көңілді

Ауламызда балақай,

Ақшақарлар төгілді.

Мектепке дейінгі ұйымның кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет

Дене шынықтыру

Бір орында тұрып қос аяқпен секіру дағдыландыру.




Дене шынықтыру

Қос аяқпен алға қарай шығыршықтар ортасына қарай секіруді дамыту.

Музыка

Міндеті: Үйренген әнді айта отырып сәйкес қимылдар орындау, ересектердің қимылы мен дауыс интонациясына еліктеу, қайталау.

Ән: «Қуыршақ»

Ойын: «Ойыншықты тап»


Дене шынықтыру

Еденде жатқан лентадан,шығыршықтардан қос аяқтап секіруді үйрету.Тепе теңдікті сақтау.

2-ші таңғы ас

Тағамның атауын есте сақтауға, тазалыққа бейімдеу. "Тәбетіміз ашылды. Ас болсын!" (мәдени-гигиеналық дағдылар, сөйлеуді дамыту, көркем сөзді қайталау)



Серуенге дайындық

 

Балалардың дербес қимыл белсенділігі үшін жағдай жасау, спорттық - ойын жабдықтары мен спорттық құрал-жабдықтады дұрыс пайдалану туралы әңгімелесу. Балаларды ретімен киіндіру (ауа-райы жағдайына байланысты), дұрыс киінуді бақылау (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту).

Серуен

Картотека №11

Желді бақылау.

Мақсат-міндеттер. Балаларды, ағаштың бұталарына қарап, желдің болғанын байқауға үйрету; байқағыштыққа, зеректікке тәрбиелеу.

- Балалар, жел соғып тұр ма екен?

- Ағаштардың бұтақтарына қарайықшы.

- Жел соғып, бізбен ойнайды,

Ағаш-бұтақты шайқайды.

Ары-бері шайқайды,

"Ш-ш-ш" - деп дыбыстайды.

- Желдің дыбысын біз қалай көрсетеміз?

- Иә, "ш-ш-ш" дейміз.

- Жарайсыңдар!

Еңбекке баулу тапсырмалары: балаларды ағаштан түсіп қалған ұсақ, құрғақ бұтақтарды жинауға шақыру. (еңбек дағдылары)

Мақсат-міндеттер: балаларды ересектің үлгісіне еріп, қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; топтастырымен бірге әрекет етуге баулу.

Жалаушалармен ойын. (дене шынықтыру)

Мақсат-міндеттер. Балаларды көркем сөзді тыңдап, ырғағына сай жалаушаларды ұстап қимылдауға үйрету, соңғы "жалауша" сөздерін сигнал ретінде қабылдап, қосылып айтып, қолдарды көтеріп, жоғары бұлғауға ынталандыру.

Педагог балаларға жалаушаларды үлестіреді.

- Балалар, жалаушаларды жоғары көтеріп көрейікші.

- Тамаша!

- Жалаушалар желбірейді, себебі жел соғады.

- Желдің жалаушаларды қалай желбірететінін тағы бір көрсетіңдерші.

- Жарайсыңдар.

- Ал енді жалаушалармен ойнайық.

"Жалауша".

- Не деген тамаша!

Қолымда таяқша,

Көк, жібектей, мата,

Желбіреген жалауша!

Д. Ахметова

Жаттығу бірнеше рет орындатылады.

Педагог балалардың бір-бірінен алшақ тұрғанын қадағалау керек.

"Ирелеңдеген жолдармен" ойын жаттығуы.

Мақсат-міндеттер: ирелеңдеген жолдардың бойымен жүруге жаттықтыру; арақашықты сақтауға баулу.

(қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)


Картотека №12

Бағдаршамды бақылау.

Мақсат-міндеттер. Балаларға бағдаршам туралы ұғым беру, бағдаршамның түсі үш түрлі шамдарының кезегімен жанып, көше қозғалысына әсер етететінін байқату; байқағыштыққа, зеректікке тәрбиелеу.

Егер жақын көшеде бағдаршам көрінбей жатса немесе бағдаршам болмаса, педагог бағдаршамның пішінін немесе суретін көрсетуі мүмкін.

- Балалар, бұл не?

- Бұл - бағдаршам. Қайталайықшы.

- Жарайсыңдар!

- Бағдаршам не үшін керек?

"Бағдаршамдар ұйықтамайды".

Бағдаршамдар ұйықтамайды,

Жымыңдайды, жымыңдайды.

Бір қарасаң – қып-қызыл,

Екі десе – сап-сары.

Тоқтай тұрсаң – жап-жасыл.

Көзі көп, біреу басы.

Д. Ахметова

Еңбекке баулу тапсырмалары: балаларды сұхбатхана орындықтарын қардан тазалауға шақыру.

Мақсат-міндеттер: балаларды қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; тазалыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

"Машиналар жүреді" қимылды ойыны.

Мақсат-міндеттер. Балаларды қызыл, жасыл не сары түсті таңбалауыштардың біріне сәйкес қимылдарды жасауға үйрету; топтасып, бір-біріне соғылмай жүре білу дағдыларын қалыптастыру; жағымды әсерлерге бөленуге тәрбиелеу.

Педагог балаларға кезегімен қызыл, сары және жасыл таңбалауыштарды көрсетіп жатып, белгілі таңбалауышқа сай қимылдарды жасауды ұсынады:

- жасыл таңбалауыш - қолға рульді ұстаған ұқсап, ары-бері, жан-жаққа бағыттап жүгіру;

- сары таңбалауыш - орнында тоқтап, шапалақтау,

- жасыл таңбалауыш - жерге шоқайып отыру.

- Бағдаршамда жасыл шам -

Жол ашық, машиналар.

Бағдаршамда сары шам -

Шапалақта, балалар.

Бағдаршамда қызыл шам -

Тоқтасын машиналар.

Ойын екі рет өткізіледі.

"Шеңберге дәлде" ойын жаттығуы. (дене шынықтыру)

Мақсат-міндеттер: балаларда нысанаға (қарды) дәлдеп ата білу, ептілік, мергенділік қабілеттерін дамыту. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)


Картотека №13

Көліктерді бақылау.

Мақсат-міндеттер. Балаларда көліктер жайлы жалпы ұғымдарды қалыптастыру, көліктердің ары-бері бағытта жүретінін байқату; көліктердің дөңгелектері айналатыны туралы айтуға ынталандыру; зейінін, ойлау қабілетін дамыту.

Машиналар жүреді ары-бері,

Алға және кері.

Жүкті тасымалдайды,

Жақын жерге, алысқа бағыттайды.

Еңбекке баулу тапсырмалары: балаларды учаскедегі жемшашарларды жемге толтыруға шақыру. (еңбек дағдылары)

Мақсат-міндеттер: балаларды ересектің үлгісіне еріп, құстарға қамқорлық жасауға баулу; қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; жағымды эмоцияларды дамыту.

"Торғай мен автомобильдер" қимылды ойыны. (дене шынықтыру)

Балалардың сигнал бойынша жан-жаққа шашырап жүгіре алу дағдыларын қалыптастыру; жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу; ойын сюжетіне ілесіп, торғайлардың қимылдарын сомдауға ынталандыру.

Педагог балаларға торғайлар салынған қалташаларды үлестіреді.

- Балалар, торғайлар қалай қимылдайды? Көрсетіңдерші?

Педагог балаларға торғайлар сияқты қанаттарын (қолдарын) жан-жаққа жайып, бұлғауды көрсетеді.

- Жарайсыңдар!

- Балалар, торғайлар жолға отырып, жем шоқиды.

- Қалай шоқитынын көрсетейікші.

Педагог балаларға торғайлардың шоқайып отырып жем шоқығанын, саусақтарымен тізесіне соққылап көрсетеді.

- Жарайсыңдар!

Педагог балалардың қимылдарын көркем сөзбен сүйемелдейді, жылжу бағытын реттеп, қадағалап жүреді.

- Торғайлар, торғайлар,

Ұшыңдар, ұшыңдар!

Жолға қонып отырыңдар,

Жемді шоқыңдар!

Педагог рульді ұстап, автомобильді көрсетеді, алаңда шоқайып отырған балаларға қарай жылжиды.

- Автомобиль келе жатыр!

Абайлаңдар!

Ұшыңдар жан-жаққа:

- Ұш, ұш!

Ойын екі рет ойнатылады.

"Аяқ ұшына түрып, ақырын жүрейік" жаттығуы. (дене шынықтыру)

Мақсат-міндеттер: балалардың бір сапта, бір бағытқа қарай аяқ ұшымен жүре білу қабілетін дамыту; аяқ бұлшық еттерін, дене тепе-теңдігін дамыту, тыныс алу мүшелерін жетілдіру. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)


Картотека №14

Аспанды бақылау.

Мақсат-міндеттер. Балаларды аспанның таза немесе бұлтты болғанынын байқауға, түсін атауға ынталандыру; зейінін, түйсігін дамыту.

- Тап-таза көгілдір алаң,

Бұл - жердің шатыры аспан.

Аспан - күннің мекені,

Жұлдыздар мекені.

Еңбекке баулу тапсырмалары: балаларды учаскедегі орындықтарды қылшақтар арқылы тазалауға шақыру.

Мақсат-міндеттер: балаларды ересектің үлгісіне еріп, қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; топтастырымен бірге әрекет етуге, тазалыққа баулу; жағымды эмоцияларды дамыту.

"Жалауға жүгір" қимылды ойыны. (дене шынықтыру)

Мақсат-міндеттер. Балаларды көрсетілген белгі жалауға қарай жүгіруді үйрету; бұлшық еттерді, кеңістікті бағдарлау қабілетін дамыту.

- Балалар, жалаулармен ойнайықшы.

Педагог түсі үш түрлі жалауды алаңның үш бағытына қадап қояды.

- Балалар мына жалаулардың түстерін атайықшы (қызыл, сары, жасыл).

- Жарайсыңдар!

- Қазір мен атаған жалауға жүгірейік. Мұқият болыңдар.

Педагог кезегімен үш жалаудың бір түсін атап, балаларды сол жаққа бағыттайды.

- Қанекей, балалар, түзу тұр!

- Қызыл (сары, көк) жалауға жүгір!

Педагог дауыс күшін шамалы қолданады, балалардың бір-біріне соғылмауын ескереді.

"Тегіс жолмен жүреміз" ойын жаттығуы. (дене шынықтыру)

Мақсат-міндеттер: алға қарай жылжи отырып, қос аяқпен секіруге жаттықтыру. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)


Картотека №15

Күнді бақылау.

Мақсат-міндеттер. Балаларды күннің аспанда орналасуын және жарқырағанын байқап, қолдарын жайып, жоғары созып, жағымды эмоцияларға бөленуге ынтыландыру; күн туралы алғашқы ұғымдарды қалыптастастыру.

Педагог балаларға күннің жерге жарықты шашқаны, жылуды бергені туралы айтып болғаннан кейін, балалармен бірге тақпақ айтып, қимылдарды қосылып жасауға шақырады.

Алтын күнге ұқсайық,

Қолдарды, кел, созайық.

Қолдарымыз - шуақтар,

Жайылады жан-жаққа.

Еңбекке баулу тапсырмалары: балаларды қарды күректермен күреп, жүруге арналған жолдарды жасауға шақыру. (еңбек дағдылары)

Мақсат-міндеттер: балаларды ересектің үлгісіне еріп, қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; топтастырымен бірге әрекет етуге баулу; жағымды эмоцияларды дамыту.

"Пойыз" қимылды ойыны. (дене шынықтыру)

Мақсат-міндеттер. Балаларды бір сапқа тұрып, бір-бірінен қалмай, бір-біріне соғылмай, ересек бастаған бағытпен жүруге үйрету; өзге балалардың жанында ойын ойнап, жағымды әсерлерге бөлене білу қабілетін дамыту.

Педагог балаларды сапқа жинайды.

Смартфонға пойыздың сигналы жазылған аудионы тыңдатуға болады.

- Балалар, естіп тұрсыңдар ма?

- Иә, бізді пойыз жолға шығуға шақырады.

- Қанекей, сапқа жиналайық, пойыз болайық.

- Ту-ту жүрдік,

Ту-ту-у ...

Біз алысқа -

Ту-ту-у ..

Жүр соңымнан -

Қалма!

Кім өжет жан?

Алға!

Д. Ахметова

Педагог сапты бастаса да балалардың жүру бағытын, бір-біріне соғылмауын қадағалап жатады.

"Доптар сияқты секірейік" қимылды жаттығуы. (дене шынықтыру)

Мақсат-міндеттер: балаларды бір орында екі аяқпен сигнал бойынша секіре білу қабілеттерін дамыту; шымырлыққа, шапшаңдыққа, достыққа тәрбиелеу. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)


Серуеннен оралу

Қатарға тұру,реттілікпен топқа кіру,киімдерін өздер шешу,сөрелеріне қою

Түскі ас

Гигеналық шараларды орындау (мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, еңбек әрекеті)

Ас алдында айтылатын тақпақ:

Ас дегенде отырып,

Тәрбиешіні тыңдаймыз.

Тамақ ішіп болған соң,

Орнымызды жинаймыз.

Кезекшілердің жұмысы ( асхана құралдарын, майлықтарды үстелге қою)

Гигиеналық шаралар (қолды дұрыс жуу, өз орамалының орнын білу, қолды дұрыс сүрту, орамалды ілу.

Ас қайыру.

Асың, асың, асыңа,

Береке берсін басыңа!

Тамақтану (өз орнын білу, дұрыс отыру, асхана құралдарын дұрыс ұстай білу, ұқыпты тамақтану , сөйлеспеу, алғыс айту)

Күндізгі ұйқы

Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайлы жағдай жасау

«Үш аю» ертегісін аудиожазбадан тыңдату.

Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайлы жағдай жасау

«Бесік жыры» Музыка

Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайлы жағдай жасау

«Ақ бөпем» Музыка

Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайлы жағдай жасау

«Үйшік» ертегісін мәнерлеп оқып беру

Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайлы жағдай жасау

«Балапаным,балғыным» Музыка

Біртіндеп ұйқыдан ояту,сауықтыру шаралары

Түскі ұйқыдан кейінгі сауықтыру шаралары (дене жаттығулары), ауа, су емшаралары, жалпақ табандылықты болдырмау үшін түйіршікті және жұмсақ жолақшалармен жүру (дене белсенділігі).

Бесін ас

Гигеналық шараларды орындау (мәдени-гигиеналық дағдылар). Балалардың назарын тағамға аудару, мәдениетті тамақтануға баулу (сөйлеуді дамыту).

Балалардың дербес іс-әрекеті

 

Дидактикалық ойын:

«Не қалай дыбыстайды?»дидактикалық ойыны.

Мақсат-міндеттер. Балаларды көліктердің дыбыстарына еліктеп, дыбыстауға ынталандыру; көліктерді ажыратуға үйрету; жағымды эмоцияларға бөлену қабілеттерін дамыту. (сөйлеуді дамыту, музыка)


Дамытушы жаттығу:

«Қандай пішіндер жасырынды?»

Мақсат-міндеттер. Балалардың түстерді, пішіндерді қабылдау, зейінін, ойлау қабілеттерін дамыту.

Құралдар: түрлі-түсті, көлемдері бірдей көрнекілік жеке геометриялық пішіндер модельдері: үшбұрыш, дөңгелек, шаршы.


Сенсорикадан ойын-жаттығу:

«Пирамида»

Мақсат-міндеттер. Балаларды заттардың ортақ сенсорикалық сипаттарын ортақ қасиеттері бойынша сәйкестеп, топтастыруға үйрету; көлемі бірдей және әртүрлі заттарды салыстырып, белгілі қасиет бойынша бөлу қабілеттерін қалыптастыру; заттарды, түстер және кез келген өзге қасиеттерге қарамай, көлемі бойынша бір тізбекке жинақтауға дағдыландыру.


«Қуыршақты шомылдыру»

Мақсат-міндеттер. Балаларды ойншықтарды ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.Жуыну реттілігімен таныстыру.

(сөйлеуді дамыту, тазалық дағдысы)

Үстел үсті ойыны:

«Биік және аласа үйлерді құрастырайық»

Мақсат-міндеттер. Балаларды үшбұрыштар, шаршы, тіктөртбұрыш арқылы биік және аласа үйлерді құрастыруға ынталандыру; қолдың ұсақ моторикасын, жазықтықты бағдарлау және ойлау қабілеттерін дамыту.


Балалармен жеке жұмыс

 

Баяу қимылды ойын:

«Сағаттар»

"Тик-так".

"Тик-так, тик-так,"

Жүрсін сағат.

Біз сағатқа ұқсап,

Жүреміз: "тоқ-тақ".

Д. Ахметова

(көркем әдебиет, дене шынықтыру)

София, Інжу

Дидактикалық ойын:

«Бағдаршамдар ұйықтамайды»

Бағдаршамдар ұйықтамайды,

Жымыңдайды, жымыңдайды.

Бір қарасаң – қып-қызыл,

Екі десе – сап-сары.

Тоқтай тұрсаң – жап-жасыл.

Көзі көп, біреу басы.

Д. Ахметова

(сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)

Маржан,Мансур

Дамытушы жаттығу: «Күн»

Кір қысқыштарымен жаттығулар.Күннің сәулелерін жасату арқылы ұсақ саусақ моторикасын,сөйлеу дағдысын дамыту.

(сенсорика,сөйлеуді дамыту)

Медина,Дамир

Үстел үсті ойыны: «Шегелер»

Мақсат-міндеттер. Ермексаздан кесектерді үзіп, жұлу, бағандарды есу, шымшу амалдарын игерту арқылы балалардың қызығушылығын арттыру.Саусақтарын жаттықтыру.

(мүсіндеу)София, Алина

Қимыл жаттығуы: «Мен құрлысшы боламын»

-Үйді салғым келеді, (шапалақтау)

Қабырғасы керегі, (шапалақтау)

Қабат-қабат кірпіштер (жұдырықтарды бір-бірінің үстінен қойып, орындарын алмастыру)

Қатар-қатар кезегі. (жұдырықтарды бір-бірінің үстінен қойып, орындарын алмастыру)

Д. Ахметова

(дене шынықтыру)Алтаир

Серуенге дайындық

Серуенге қызығушылықты арттыру. Балалардың реттілікпен киінуі, серуенге шығу, топтық ережелерді қайталау (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту) тақырыбына жеке әңгімелер өткізу

Серуен

Картотека №11

(қорытындылау)

Картотека №12

(қорытындылау)

Картотека №13

(қорытындылау)

Картотека №14

(қорытындылау)

Картотека №15

(қорытындылау)

Серуеннен оралу



Балалардың киімін ретімен шешу, дербес және ойын әрекеті.

Кешкі ас

Тазалық шараларын жүргізу,орындыққа дұрыс отырып тамақтану мәдениетін ескерту.Тағам түрімен таныстыру.

Балалардың дербес іс-әрекеті

 

Кітап бұрышында жұмыс

«Көліктер» кітабындағы суреттерге қарап атауларын атап,дыбысталуын үйрету.


Табиғат бұрышында қарапайым еңбек түрі. Ірі жапырақты фикус гүлдерінің жапырақтарын үлкендердің көмегімен сүрту.

Ойын орталығында еркін ойын ұйымдастыру.

Балалардың қалауы бойынша,үстел үсті ойындарын ойнату

Баяу қимылды ойын: «Аю мен аралар» балалардың қозғалыс белсенділігін арттыру.

Балалардың үйіне қайтуы

Балалардың жетістіктері туралы әңгімелесу, ата-аналардың балаларды тәрбиелеу мен дамыту бойынша сұрақтарына жауап беру, кеңес беру.



Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы
Білім беру ұйымы МКҚК №14 «Күншуақ» балабақшасы

Топ «Күншуақ» кіші тобы

Балалардың жасы 2-3 жас

Жоспардың құрылу кезеңі 20 -24 ақпан 2023 жыл


Күн тәртібінің үлгісі

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Балаларды қабылдау

Таңертең балалармен амандасып, топқа кіргізу.


Балаларды топта жақсы қабылдап, амандасу.


Балаларды жақсы көңіл -күймен қабылдап, бүгінгі көңіл-күйлерін сұрау.


Балаларды жақсы көңіл –күймен қабылдап, бүгінгі көңіл-күйлерін сұрау.


Балаларды жақсы көңіл –күймен қабылдап, бүгінгі көңіл-күйлерін сұрау.


Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру

Ата-аналармен бала денсаулығы, баланың үйдегі күн тәртібі, жетістіктері туралы әңгімелесу, баланы дамыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша (жыл мезгіліне байланысты балаларды киіндіру) кеңес беру. Әңгімелесу: "2-3 жасар бала үшін шынықтыру шараларын таңдау ерекшеліктері", "2-3 жасар баланың физиологиялық ерекшеліктері", "Мектеп жасына дейінгі балаларға қандай киімді кигізу керек?".

Балалардың дербес іс-әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа іс-әрекеттер)

«Еңбекке баулу»

Мақсат-міндеттер. Табиғат бұрышындағы өсімдіктер өскен топырақтың құрғақ болуына көңіл аудару; өсімдіктерді күту барысында суарудың үлгісін көрсету; балаларды суқұйғышты ұстап, суару амалына үйрету.


Үстел үсті ойыны: «Суреттерді құрастыр»

Талдау және біріктіру қабілетін ,кеңістік арақатынастарының заңдылықтарын құру, үлгіні көшіру іскерлігін дамыту. Балаларға кез-келген кесілген суреттер таратылады да, осы суреттерден бүтін суреттер құрастыру керектігін түсіндіріледі.


Дидактикалық ойын:

«Үлкен-кіші»

Түстер туралы білімдерін бекіту.Заттарды көлеміне қарай айыра білуге үйрету. Әртүрлі көлемдегі ойыншықтармен жануарлардың суреттерін атай отырып көлемдерін ажыратады Жануарлар сіреттері


Дамытушы ойын:

«Әдемі пішіндер ойыны»

Баланың шығармашылық іздену іс-әрекетін белсендіру,ойлауын дамыту,геометриялық пішіндерден түрлі бейнелер құрай білуге үйрету. Ойын үшін алдын-ала геометриялық пішіндер жинағы дайындалады. Тәрбиешілер балаларға геометриялық пішіндерден түрлі заттар бейнесін жасауды сұрайды


Үстел үсті ойыны:

«Түрлі-түсті моншақтарды тізу» Түстеріне қарай кезектестіріп тізуге үйрету. Тәрбиеші екі түсті моншақты қолына ұстай отырып ,1-ші қызыл,сонан соңақ моншақты тіземіз деп көрсете отырып ,балалардың орындауларын қадағалап отырады.


Таңертенгі жаттығу

Картотека № 5

«Кішкентай торғайлар»

Б.қ. тік тұру, аяқ алшақ;

1-4 қолды екі жанға созу, жоғары төмен сермеу;

5-6 б.қ. келу;Б.қ. –т.с.

1-2 басты оңға ,солға бұру;

3-4 б.қ. келу;Б.қ.- т.с.

1-4 отырып саусақпен тізе үстінен тықылдату;

5-6 б.қ. келу;Б.қ. –т.с.

1-4 қолды артқа созып енкею;5-6 б.қ.

Б.қ. ішпен жату;

1-4 бір қырынмен жату, арқаға , ішке;

Шашырап жүгіру;


Таңғы ас

 



Гигиеналық шаралар (қолды дұрыс жуу, өз орамалының орнын білу, қолды дұрыс сүрту және орамалды орнына ілу,

Көркем сөз «Бата»

Дастарқаныңа береке берсін!

Бастарыңа мереке берсін!

Астарыңа адалдық берсін!

Бастарыңа амандық берсін! Әумин

Жуынатын бөлмедегі тәртіп пен тазалық.

Міндеттер: Балаларға таңғы астың , нанның маңыздылығы жайлы айту, тамақты тауысып жеуге үйрету.

Тамақтану (өз орнын білу, дұрыс отыру, ас ішу құралдарын дұрыс ұстау, тамақтану мәдениетін қалыптастыру,тамақ ішкенде сөйлемеу, тамақтанып болғаннан кейін алғыс айту)

Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық

Қызығушылықтары бойынша әрекет түрін таңдау, ережелерге келісу және т.б.

«Шөжелерім» музыкамен қызықты қимылдар жасау.

Балаларға жағымды эмоциялық ахуал орнату.


Қызықты ойын ойнату арқылы балаларды ұйымдастыру.

Балаларға жағымды эмоциялық ахуалды ұйымдастыру үшін бәсеңдеу дыбыста салмақты әуенжазбасын қосу арқылы жинақтау.

Көңілді сәлемдесу,музыка ырғағымен аңдар жүрісін салу арқылы балалардың көңіл күйлерін көтеру.

Мектепке дейінгі ұйымның кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет

Дене шынықтыру

Бір орында тұрып қос аяқпен секіру дағдыландыру.




Дене шынықтыру

Қос аяқпен алға қарай шығыршықтар ортасына қарай секіруді дамыту.

Музыка

Міндеті: Әнді уақытында бастау және аяқтау, озып кетпеу немесе қалып қоймау, ән арасындағы кідірісті сақтау. Үйренген әнді айта отырып сәйкес қимылдар орындау, ересектердің қимылы мен дауыс интонациясына еліктеу, қайталау,нақтылау.

Ән: «Сылдырмақ»

Қимылды ырғақты ойын: «Үрленейік шар болып» музыка жетекшісі балаларды шеңберге тұрғызып сылдырмақпен сылдырлатқанда балалар ортаға жиналады, үрмелі аспапта ойнағанда созылып үлкен шеңбер құрады.


Дене шынықтыру

Еденде жатқан лентадан,шығыршықтардан қос аяқтап секіруді үйрету.Тепе теңдікті сақтау.

2-ші таңғы ас

Тағамның атауын есте сақтауға, тазалыққа бейімдеу. "Тәбетіміз ашылды. Ас болсын!" (мәдени-гигиеналық дағдылар, сөйлеуді дамыту, көркем сөзді қайталау)

Серуенге дайындық

 

Балалардың дербес қимыл белсенділігі үшін жағдай жасау, спорттық - ойын жабдықтары мен спорттық құрал-жабдықтады дұрыс пайдалану туралы әңгімелесу. Балаларды ретімен киіндіру (ауа-райы жағдайына байланысты), дұрыс киінуді бақылау (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту).

Серуен

Картотека №16

Шыршаны бақылау.

Мақсат-міндеттер: шыршаның ерекшелігі - инелері түспейтіні, қыс мезгілінде де жасыл болып тұратыны, оның батыл, суықтан қорықпайтыны жайлы түсініктерін дамыту. Шыршаға таңдану сезімін ояту, табиғаттың сұлулығын түсіне білуге тәрбиелеу.

Көркем сөз.

Шырша, шырша, шыршамыз,

Ұнатамыз баршамыз.

Мереке қарсаңында,

Төрімізде тұрсаңыз.

Мәңгі жасыл көркемім,

Өсе берші көркейіп.

Неткен әсем, асылсың,

Жыл бойына жасылсың!

(Д. Қ. Бұланбаева)

Балаларға шыршада жапырақтардың орнына инелердің болған себебін түсіндіру; шырша инесі мен терек жапырағын көрсетіп, салыстыруға мүмкіндіктер жасау.

Шырша маңында ойыншықтармен жасырынбақ ойнауды ұсыну.

"Әткеншек" қимыл-қозғалыс ойыны. (дене шынықтыру)

Мақсат-міндеттер: балаларды шеңберге жиналып, бойымен мәтіндегі сөздерге сай қимылдауға бейімдеу; ұйымшылдық негіздерін салу.

Бір жоғары, бір төмен,

Күні бойы тербелем.

Әткеншек-ау, әткеншек,

Айнала бер бізбенен.

"Шыршадан да биік болып өсейік" қимыл жаттығуы. (дене шынықтыру)

Мақсат-міндеттер: бір орнында тұрып, биіктікке созылып секіру дағдыларын дамыту; балалардың вестибуляр аппаратын дамыту, күш-жигерін ұлғайту.

Жаттығудың неғұрлым қызықты өтуі үшін, балаларға қолдарын жоғары созып секіруді ұсыну.

(қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)


Картотека №17

Жүргіншілерді бақылау.

Балалардың назарын көшеде өткен адамдардың қимылдарына аударту, ересек адамдар мен кіші жастағы (баланы) ажыратуға үйрету; адамның дене мүшелері жайында алғашқы ұғымдар беру; топтастармен жағымды эмоцияларға бөлене білу қабілетін арттыру.

- Балалар, көшеде сендер кімдерді көріп тұрсыңдар? Атаңдаршы?

Балалар ағай, апай, бала деп атауы мүмкін.

- Жарайсыңдар!

- Ағайлар мен апайлар сияқты үлкен болу үшін, біз өсуіміз керек.

- Мен өсемін,

Бойым өседі.

Ойым өседі.

Өзіме: "Өс-өс-өс!" – деймін.

Жаттығу екі рет өткізіледі.

Педагог балаларға адамдардың марш адымын көрсетуді ұсынады.

Еңбекке баулу тапсырмалары: балаларды сұхбатхана орындықтарын тазалауға шақыру.

Мақсат-міндеттер: балаларды қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; тазалыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Қимылды ойыны. "Пингвиндер сапта жүреді". (дене шынықтыру)

Балалардың белгі бойынша жан-жаққа жүгіру және белгі бойынша сапқа, педагогтің соңынан жүру дағдыларын қалыптастыру, кеңістікті бағдарлауға үйрету; пингвин құсы туралы алғашқы ұғымдар қалыптастыру, жағымды эмоцияларға бөленуге ынталандыру.

Педагог балаларға пингвиннің суретін көрсетеді, пингвинше жүру үлгісін көрсетеді, содан соң балаларды сөздеріне, қимылдарына еруге ынталандырады.

- Пингвиндер ұқсап жүрейік,

Оңға-солға теңселейік:

Топ-топ-топ, топ-топ-топ,

Оңға-солға теңселейік.

Ал енді, пингвиндер, тоқта!

Қане, жиналыңдар сапқа!

Бір-бірімізден қалмаймыз,

Сапта жүріп, ай, жараймыз!

Д. Ахметова

"Допты (қарды) қағып ал" қимылды жаттығуы. (дене шынықтыру)

Мақсат-міндеттер: балаларды допты екі қолмен ұстауға жаттықтыру; тепе-теңдікті сақтауға, ептілікке баулу.

"Шашылған қарларды (доптарды) жинайық" қимылды жаттығуы. (дене шынықтыру)

Мақсат-міндеттер: балаларды шапшаңдыққа, дәлдікке, қоршаған кеңістікті бағдарлауға баулу, топтастармен тату ойнауға, достыққа тәрбиелеу. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)


Картотека №18

Адамдарды бақылау. Өтіп бара жатқан адамдар қалай киінеді?

Бірлесіп жұмыс істеуге, мақсатқа жалпы күшпен жетуге үйрету. Балалардың назарын өтіп бара жатқан адамдардың қалай киінгеніне аудару. Олардың жазда қалай киінгенін естерінде сақтату.

Ішік, пима, қолғаптар,

Арада жоқ тоңғақтар.

Баста қалың малақай,

Біз тоңбаймыз, алақай.

«Сырғанақ» жаттығуы

Мақсат-міндеттер: балаларға мәтінді тыңдауға және мазмұнға сәйкес қимылдар жасауға үйрету.

Біз тебеміз сырғанақ,

Таудан төмен сырғанап.

Бір шанада екеуміз,

құламайды екенбіз.

"Қоңырауым қайда?" қимылды ойыны. (дене шынықтыру)

Балалардың белгілі бағытта белгі бойынша жүгіруге жаттықтыру.

Педагог балаларға ойынның бастамасын көрсетеді.

- Қоңырауым қайда?

Сыңғырлайды сайда.

Кім адапсай тауып алады,

Қоңырауды қолға алады.

Балалар жасырынған қоңырауды тауып алып, қолға алып сыңғырлайды.

Педагог келесі реттерде қоңыраудың орнын ауыстырып жасырады.

"Әткеншек" қимылды ойыны. (дене шынықтыру)

Мақсат-міндеттер: балаларды шеңберге тұрып, тақпақ сөздеріне сай қимылдай білу қабілетін қалыптастыру.

Бір жоғары, бір төмен,

Күні бойы тербелем.

Әткеншек-ау, әткеншек,

Айнала бер бізбенен.

(қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)


Картотека №19

Жолдың жүру бөлігін бақылау

Мақсат-міндеттер: жолда жүру ережелері жайлы түсініктерін қалыптастыру. (ересектердің қолынан ұстап жүру, жолдың жүру бөлігіне жүгіріп шықпау).

Мөлшерлі жүріс - қимыл белсенділігін меңгеру – баяу – жылдам. Балалардың серуендегі шығарылған материалмен дербес әрекеті (құмда ойнау жиынтығы, доптар, көліктер).

Балалардың қалаулары бойынша ойындар.

Еңбек тапсырмасы: ауладағы қарды тазалау.

Мақсат-міндеттер: ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Балалардың шығарылған материалмен дербес ойын әрекеті.

"Балапандар мен күшік" қимыл-қозғалыс ойыны. (дене шынықтыру)

Мақсат-міндеттер: балаларды еліктеу қимылдарын жасауға ынталандыру; ойын желісіне, белгі бойынша бірінің соңынан бірі баяу жүру және бір бағытта жүгіру қабілеттерін жетілдіру; кеңістікті бағдарлау, зейін қабілеттерін, жағымды эмоцияларды дамыту.

Балапандар ұқсап балпаңдап жүруді көрсету.

Күшіктің жүгіріп келуін байқап - жан-жаққа тарап жүгіру.

Біз көңілді балапан үйректерміз,

Балпаң, балпаң етіп жүреміз.

Күшік келіп үрісе -

Жан-жаққа жылдам жүгіреміз.

Педагог балаларды, балапандарға жақсы еліктегендері үшін, мақтап жүреді.

Далаға алып шығатын материалмен ойындар.

Мақсат-міндеттер: балаларды өз бетінше ойынға қажетті атрибуттарды іріктеп, таңдап алуға үйрету.

(қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)


Картотека №20

Адамның жүру және секіру қимылдарын бақылау.

Мақсат-міндеттер. Балалардың назарын адамның жүру, секіру қимылдарының ерекшеліктеріне аудару; жүруде адам аяқтарын кезек көтеріп, қадам басып жатқанын, секіруде екі аяқтармен бірге секіретінін байқату; қимылды жаттығулардан жағымды әсер алуға тәрбиелеу.

- Кел, балақай, қатарға,

Біз шығамыз сапарға.

Сап түзеп, алға жүріп,

Көңілді шапалақ соғып.

- Алақай! Алақай!

- Балалар, біз қазір қандай қимылдар жасадық?

Педагог сұрақ қойған сайын қимыл үлгісін көрсетіп жатады.

- Жарайсыңдар: бірінші рет біз жүрдік, екінші рет біз секірдік.

- Біз бір аяқпен секірдік пе?

- Біз екі аяқпен секірдік. Жарайсыңдар!

- Олай болса, жүріп те секірейікші.

Еңбекке баулу тапсырмалары: балаларды сұхбатхананы тазалауға шақыру.

Мақсат-міндеттер: балаларды ересектің үлгісіне еріп, қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; топтастырымен бірге әрекет етуге, тазалыққа баулу; жағымды эмоцияларды дамыту. (еңбек дағдылары)

"Біз көңілді баламыз" қимылды жаттығуы. (дене шынықтыру)

Балаларды белгілі жаттығуларға еліктей білуге машықтандыру, жаттығулардан жағымды әсер алуға ынталандыру.

- Біз көңілді балалармыз,

Қатар-қатармен тұрамыз,

Көтереміз иықты,

Бақылаймыз жан-жақты.

Жүріп-жүріп асықпай,

Тез өсеміз, алақай!

"Өз орныңды тап" қимылды ойыны. (дене шынықтыру)

Мақсат-міндеттер: балаларды сапға (түзу сызық, жіп бойына) сигнал бойынша тізілуге, сигнал бойынша жан-жаққа шашырап жүгіруге дағдыландыру; зейінді болуға, шапшаңдыққа, достыққа тәрбиелеу.

(қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)


Серуеннен оралу

Қатарға тұру,топқа келу,киімдерін өздігінен шешіп сөрелеріне орналастыру.

Түскі ас

Гигеналық шараларды орындау (мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, еңбек әрекеті)

Ас алдында айтылатын тақпақ:

Ас дегенде отырып,

Тәрбиешіні тыңдаймыз.

Тамақ ішіп болған соң,

Орнымызды жинаймыз.

Кезекшілердің жұмысы ( асхана құралдарын, майлықтарды үстелге қою)

Гигиеналық шаралар (қолды дұрыс жуу, өз орамалының орнын білу, қолды дұрыс сүрту, орамалды ілу.

Ас қайыру.

Асың, асың, асыңа,

Береке берсін басыңа!

Тамақтану (өз орнын білу, дұрыс отыру, асхана құралдарын дұрыс ұстай білу, ұқыпты тамақтану , сөйлеспеу, алғыс айту)

Күндізгі ұйқы

Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайлы жағдай жасау

«Мақтаншақ әтеш»

Ертегісін мәнерлеп оқып беру

Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайлы жағдай жасау

«Ақ бөпем»

Музыка

Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайлы жағдай жасау

«Әй-әй бөпем»

Музыка

Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайлы жағдай жасау

«Шалқан» ертегісінің аудиозаписін тыңдату

Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайлы жағдай жасау

«Менің балам»

Музыка

Біртіндеп ұйқыдан ояту,сауықтыру шаралары

Түскі ұйқыдан кейінгі сауықтыру шаралары (дене жаттығулары), ауа, су емшаралары, жалпақ табандылықты болдырмау үшін түйіршікті және жұмсақ жолақшалармен жүру (дене белсенділігі).

Бесін ас

"Біз қалай тамақтанамыз" ойын жағдаяты.

Дастарқан басында тыныш, түзу қалыпта отыру, қасықты дұрыс ұстау, қасыққа біраз ғана тамақ алу, қасықтың кең жағынан ішіп-жеу, сораптамай және бөгде дыбыстар шығармай тамақтануға үйрету, өздігінен ұқыпты тамақтануға тәрбиелеу.

(мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет)Гигеналық шараларды орындау (мәдени-гигиеналық дағдылар). Балалардың назарын тағамға аудару, мәдениетті тамақтануға баулу (сөйлеуді дамыту).

Балалардың дербес іс-әрекеті

 

Баяу қимылды ойын:

"Жеті лақ" ертегісі.

Мақсат-міндеттер. Балаларды "Жеті лақ" ертегісімен таныстыра отырып, ертегі мазмұны бойынша эмоционалды жауаптар қайтаруға талпындыру; шығарма мазмұнын мұқият тыңдап, кейіпкердің сөздерін есте сақтау қабілетін дамыту; үй жануарлары мен жабайы аңдар тіршілігіндегі айырмашылықты байқай білуге үйрету.

Сюжетті-рөлді ойын:

«Қонаққа орындықтар»

Мақсат-міндеттер. Балаларды текше және кірпіштерден орындықтар құрастыруға үйрету; құрылыс материалдарының тұрақтылығы жөнінде түсініктер бере отырып, оның қасиетін іс-тәжиребеде тексеруге жаттықтыру;

Баяу қимылды ойын:

«Доп, доп, домалақ»

Мақсат-міндеттер. Балаларды әнді аспап сүйемелдеуімен дұрыс орындауға ынталандыру; есту қабілетін дамыту; әннің мағынасы мен сипатын қабылдап, эмоционалды жауап беруге тәрбиелеу.


Сюжетті-рөлді ойын:

«Қуыршақ Дана және дәрігер»

Мақсат-міндеттер. Балаларды дәрігер қызметімен және дәрігер құралдарының адамды емдеудегі ерекшеліктерімен ойын арқылы таныстыру; дәрігер мамандығының ерекшелігі туралы түсінік беру; дәрігер маманын сыртқы бейне ерекшелігінен танып, ажырата білуге үйрету.


Дамытушы ойын:

«Ешкінің әні»

Балалардың "Жеті лақ" ертегісінің желісі жөніндегі түсініктерін пысықтау, тиянақтау; әлеуметтік қатынастарға деген қызығушылықтарды ояту.


Балалармен жеке жұмыс

 

Тақпақты мәнерлеп оқу, қимылды жаттығуы.

«Мысығым» (ел аузынан).

"Мысығым".

Тікірейіп құлағы,

Менен бұрын тұрады,

Бойын жазып, керіліп,

Беті-қолын жуады.

Самир, Әбілмансұр

Ермексаздан "қамыр илейік" дамытушы жаттығуы арқылы мүсіндеуге қызығушылығын ояту.

(мүсіндеу)

Алина, Арлан

Фетр планшетін пайдалана отырып қуыршақты киіндіру жұмысын орындату арқылы қысқы киім туралы түсініктерін қалыптастыру.

Сабрина,Райымбек

Ағаш құрастырғыштарды пайдалана отырып үй жануарларын құрастыру. Тапсырма арқылы баланың ойлау қабілетімен жұмыс жасау.

Айкөркем, София

Лэпбукпен жұмыс жасау арқылы балалардың ойлау,сөйлеу қабілеттерін дамыту

Айару, Мансур.

Серуенге дайындық

Серуенге қызығушылықты арттыру. Балалардың реттілікпен киінуі, серуенге шығу, топтық ережелерді қайталау (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту) тақырыбына жеке әңгімелер өткізу

Серуен

Картотека №16

(қорытындылау)

Картотека №17

(қорытындылау)

Картотека №18

(қорытындылау)

Картотека №19

(қорытындылау)

Картотека №20

(қорытындылау)

Серуеннен оралу


Балалардың киімін ретімен шешу, дербес және ойын әрекеті.

Кешкі ас

Гигиеналық дағдылар

Мақсат-міндеттер: балалардың назарын үстел бетіне, ыдыс-аяққа, тағамға аудару; жағымды көңіл-күй тудыру; тамақтану мәдениетімен таныстыру; қасықты дұрыс ұстауға машықтандыру; тамақтанғаннан кейін бет пен қолды жууға дағдыландыру. Жеке заттарды қолдану (қол орамал, майлық, орамал, тарақ, түбек) киіміндегі олқылықты байқау және оны өз бетінше, ересектердің көмегімен ретке келтіру, белгілі бір ретпен киіну және шешіну, әртүрлі ілгектерді қолдана білу, ұйықтар алдында киімдерін шкафқа немесе орындыққа ұқыпты бүктеп қою.

Алақай! Ботқа пісіпті!

Дәмін көрсе, тәп-тәтті.

Қанекей, қасықпен асаймыз,

Ботқаны тауысамыз.

(мәдени-гигиеналық дағдылар, көркем сөз)

Балалардың дербес іс-әрекеті

 

Музыкалық аспаптармен ойындар. (музыка)

Мақсат-міндеттер. Музыканы тыңдауға қызығушылықты қалыптастыру, музыканы эмоционалды көңіл-күймен қабылдау, оны тыңдау, дыбысталу ерекшеліктерін ажырата білу. Ән айтуға деген қызығушылықтарын ояту,

Өнер бұрышында қыс мезгілін бояу суреттерін бояту, аққала мүсіндеу және жапсыру жұмыстарын жасау. (шығармашылық дағдылар, жапсыру, мүсіндеу, сурет салу)


Үстел-үсті ойындар, саусақ моторикасын дамытатын ойындар ойнату. (сенсорика)

Берілген заттардың 3-4 сенсорлық қасиеттеріне байланысты таңдауды жүзеге асыра отырып, түсі, көлемі, өлшемі бойынша әртекті заттарды салыстыру, заттардың санын ажырату (біреу-көп), әртүрлі көлемдегі заттарды атау.

Ойын орталығында балалардың қалау бойынша ойындар ұйымдастырып ойнату.

Табиғат бұрышындағы гүлдерді үлкендердің көмегімен суғару,жапырақтарын сүртіп күтім жасау.

Балалардың үйіне қайтуы

Балалардың жетістіктері туралы әңгімелесу, ата-аналардың балаларды тәрбиелеу мен дамыту бойынша сұрақтарына жауап беру, кеңес беру.