Файл: 6 сыныпа информатика пнінен таырыптыкнтізбелік жоспар. Тсінік хат.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 53
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
6 сыныпқа информатика пәнінен тақырыптық-күнтізбелік жоспар.
Түсінік хат
Тақырыптық - күнтізбелік жоспар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 23 қарашадағы № 668 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары, 2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат, «Білім беру ұйымдарында 2018-2019 оқу жылында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу –әдістемелік кешендердің» , оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттерінің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 192 бұйрығымен білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқу басылымдарының тізбесін ескере отырып құрылған.
Оқытудың мақсаты оқушылардың бойында заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ақпараттармен тиімді жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Оқыту міндеттері:
-білім алушылардың бойында ақпараттық процестердің қоғамдағы рөлін, адамзат қызметінің әр түрлі саласында ақпараттық
технологияларды пайдаланудың техникалық мүмкіндіктері мен перспективаларын түсінуін қалыптастыру;
- ақпараттық технологияларды күнделікті өмірде, оқуда және келешек еңбек іс – әрекетінде тиімді қолдану біліктерін дамыту;
- білім алушылардың жүйелерді талдауда, шешімдерді әзірлеу, программалық қосымшаларды қалыптастыру және өз өнімдерін
бағалауда компьютерлердің жұмыс істеуі негізгі қағидаларын меңгеру;
- талдау, абстракция, модельдеу және программалау арқылы әр түрлі міндеттерді шеше білулерін дамыту;
- білім алушылардың логикалық, алгоритмдік, сонымен қатар, жалпылау мен үйлестік, тапсырмаларды құрамдас бөлікке ажырату мен
ортақ заңдылықтарды бөлу, қойылған міндеттерді шешуде тиімді әрі оңтайлы тәсілдер табу мүмкіндіктерін қамтитын есептік
ойлауды дамыту;
- білім алушылардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру – жалпы ережелерді ұстану және жеке тұлға мен бүкіл
қазақстандық әлеуметтің мүддесін көздеу;
- білім алушылардың ғылыми тілді меңгеруіне және пән бойынша ұғымдық аппаратты байытуына ықпал ету.
Информатика пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 6 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан сайын 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.
Сынып | Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны | |||
1-тоқсан | 2-тоқсан | 3-тоқсан | 4-тоқсан | |
6-сынып | 1 | 2 | 2 | 1 |
Оқулық: Информатика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық. / Г.И.Салғараева, Г.Б.Илиясова,
А.С.Маханова. – Астана: «Арман-ПВ» баспасы, 2018.
9 сыныпқа информатика пәнінен тақырыптық-күнтізбелік жоспар.
Түсінік хат
Тақырыптық - күнтізбелік жоспар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламалары, 2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хаты, «Білім беру ұйымдарында 2017-2018 оқу жылында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттерінің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы №393 бұйрығымен білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқу басылымдарының тізбесін ескере отырып құрылған.
Оқытудың мақсаты информатика және қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйелеу арқылы ақпараттық құзіреттілікті қалыптастыру, әр түрлі ақпараттарды өңдеудің қарапайым бағдарламаларымен жұмыс істеу дағдылары, алгоритмдік және операциялық ойлау қабілеттерін дамыту, программалау тілдерінің бірімен, модельдеу қағидаларымен танысу болып табылады.
Оқыту міндеттері:
-
ақпарат туралы түсінікті қалыптастыру;
-
есептеу техниканың және телекоммуникацияны негізгі құрылғылары пайдалану дағдыларын қалыптастыру; -
ақпараттық модельдеу, модельдеу әдістерін қолданатын негізгі салалар туралы мағлұмат беру; -
программалау тілінде негізгі базалық алгоритмдік құрылымдарды пайдалана білуге үйрету; -
ақпараттарды өңдеу бойынша ақпараттық технологиялармен жұмыс істеуге дағдыландыру; -
жобалық іс-әрекетте ақпараттық технологияларды пайдалану тәжірибесін алу; -
алгоритмдік және операциялық ойлау қабілеттерін, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдары арқылы
оқушылардың логикалық, математикалық, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
-
қауіпсіздік техника ережелерін, ақпараттық этика және құқық нормаларын сақтау дағдыларын қалыптастыру; -
оқушыларды ақпараттық мәдениетке және техникаға ұқыпты болуға тәрбиелеу.
Информатика пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 9 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
Оқулықтар:
- Информатика 9 сынып. Б. Бөрібаев, Б. Нақысбеков, Г. Мадиярова., Алматы «Мектеп», 2013.
- Информатика 9 сынып. Б.Қ.Сапарғалиева, Н.Е. Масалимова, Астана «Арман-ПВ», 2013.
Түсінік хат
«Цифрлық сауаттылық» оқу пәні
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 5 мамырдағы № 182 бұйрығының 14-тармағында бастауыш сыныптағы «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнінің атауы «Цифрлық сауаттылық» болып өзгертілді. Пән мазмұны өзгерген жоқ.
«Цифрлық сауаттылық» пәні «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, 2022 жылғы 26 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің № 25 бұйрығымен «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар негізінде әзірленді.
«Цифрлық сауаттылық» пәнін оқыту мақсаты – білім алушылардың оқу мен күнделікті өмірде есептей білу дағдылары, робототехника, базалық білім, заманауи ақпараттық технологиялармен жұмыс жасаудағы білік және дағдыларды тиімді қолдануын қамтамасыз ету.
Негізгі міндеттері:
1) білім алушыларға компьютер туралы, қазіргі заманғы цифрлық құрылғылар және олардың қоғамдағы рөлі туралы бастапқы ақпараттар беру;
2) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, білім алушылардың есептей білу, роботтарды жинау және программалау, іздеу, жинақтау, өңдеу, ақпараттарды сақтау және тарату дағдыларын қалыптастыру;
3) білім алушылардың әртүрлі қолданбалы программаларды қолдану арқылы өз идеяларын ұсыну дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету;
4) байланыс, ақпарат алмасу және ынтымақтастық үшін ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалануын ынталандыру;
5) білім алушыларды компьютермен қауіпсіз жұмыс істеу ережелері мен авторлық құқықтарды құрметтеуді үйрету.
Оқу бағдарламасының ерекшелігіне оның пән бойынша білім мен білігінің қалыптасуына бағдарлануы ғана емес, сонымен қатар, білімді функционалдық және шығармашылық жағынан қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды, әртүрлі коммуникациялық әдістерді пайдалану, топта және жеке жұмыс істей білу, проблемаларды шешу және шешім қабылдау сияқты кең ауқымды дағдылар жатады.
Жеке тұлғалық қасиеттердің кең спектрлі дағдылардың табиғи үйлесімде дамуы - білім алушылардың бойында: «қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек және шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты базалық құндылықтарды қалыптастырудың негізі болып табылады. Бұл құндылықтар білім алушылардың мінез-құлқына және күнделікті іс-әрекеттеріне ынталандырушы болуға арналған оның тұрақты тұлғалық бағдары болуы тиіс.
«Цифрлық сауаттылық» пәнін оқытудағы негізгі талап - компьютерлік жүйелерге қолжетімділік. «Цифрлық сауаттылық» пәнін тиімді өткізуге арналған қажетті жабдықтардың тізімі:
1) гарнитурамен жабдықталған дербес компьютерлер (микрофоны бар құлаққаптар);
2) Интернетке кең жолақты қосылуымен мұғалімдер мен білім алушылар арасындағы байланыс және құралдарын деректермен алмасуды қамтамасыз ететін жоғары сапалы ашық қатынас желісі;
3) Перифериялық құрылғылар: принтер, сканер, көшіру техникасы, интерактивті проектор/интерактивті тақта;
4) Робототехникаға арналған жиынтықтар.
Пәннің негізгі мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:
1) Ақпараттық этикет
2) Менің алғашқы суретім
3) Біздің өміріміздегі алгоритм
4) Бағдарламалар
5) компьютер;
6) ақпаратты ұсыну және өңдеу;
7) интернет желісінде жұмыс істеу;
8) есептей білу;
9) робототехника.
10. «Компьютер» бөлімі келесі бөлімдерді қамтиды:
1) компьютердің құрылғылары;
2) программалық қамтамасыз ету;
3) қауіпсіздік.
«Ақпаратты ұсыну және өңдеу» бөлімі келесі бөлімдерден тұрады: 1) мәтіндер; 2) графика; 3) презентациялар; 4) мультимедия.
«Интернеттегі жұмыс» бөлімі келесі бөлімдерді қамтиды: 1) ақпаратты іздеу; 2) ақпаратпен алмасу.
«Есептей білу» бөлімі төмендегі бөлімдерді қамтиды: 1) алгоритмдер; 2) программалау.
«Робототехника» бөлімі келесі бөлімдерді қамтиды: 1) жалпы робототехника; 2) роботтың қозғалысы; 3) датчиктер мен қозғалтқыштар.
«Цифрлық сауаттылық» пәнін оқыту 2020 жылғы 27 қарашада бекітілген № 496 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына сәйкес жүргізілетін болады (2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына 188-2к қосымша, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығына 4-қосымша).
«Цифрлық сауаттылық» пәнін оқытудың әдістемелік ерекшелігі бастауыш мектепте білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың белсенді формалары мен әдістерін оқу процесіне кіріктіру болып табылады. Ұғымдарды жақсы түсіну үшін өмірде жиі кездесетін нақты мысалдармен байланыстыра және оқыту формаларының, әдістерінің, тәсілдерінің түрлерін пайдалана отырып көрсету ұсынылады.
«Цифрлық сауаттылық» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:
1-сыныпта, аптасына 0,5 сағатты, оқу жылында 19 сағатты;
2-сыныпта аптасына