Файл: р брилль ауруын, бртпе сзегіні алдын алу, жетілдіру шаралары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 182

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Педикулез анықталғанда пациенттерге санитарлық өңдеу жүргізу

Мақсаты: шаштағы бит және сіркелерді жою; “ҚР Брилль ауруын, бөртпе сүзегінің алдын алу, жетілдіру шаралары” № 236 11.03.2004 ж бұйрық бойынша жүргізіледі.

Педикулоцидтерді қолдану тәсілі
20 % сабын су араласқан бензил – бензоат суспензиясы 10 – 30 мг.

10 % керосин – сабын су араласқан эмульсия 10 – 50 мг.

Лосьон немес шампунь “Антифор” “Антибит” – 50 – 80 мг.

0,25 % дикрезил ерітіндісі 10 – 50 мг.

К” – сабыны 2 % 1 г/1 адамға.

5 % бор мазі – 5 – 25 гр.

Шашын өңдегеннен кейін 5 – 10 % сірке қышқылымен қайтадан жуады.

Педикулезге қарсы өңдеу жүргізетін орамның іші
1. Пациенттердің киіміне арналган клеенкалы немесе мақта - маталық қапшық

2. Шашты жағатын ыдыс,сіріңке

3. Клеенка жөргек

4. Сабын немесе шампунь

5. Резеңке қолғап

6. Жиі тарақ

7. Шаш алғыш

8. Спиртовка

9. Мақта

10. Байлам

11. Қайшы

12. 5 – 10 % сірке қышқылы

13. Битті өлтіретін заттар

14. Киімдерді зарарсыздандыратын препараттар.

15. Бөлмені зарарсыздандыратын заттар.

Шашты бір педикулоциттердің түрімен өңдеп, байламмен орап, 25 – 30 мин қалдырады, содан кейін сабынмен немесе шампунмен жуып, жылы сірке қышқылы қосылған сумен шаяды. Сіркелерде жиі тарақпен сірке қышқылына малып тарайды. Егер ішкі киімдерде бит, сіркелер болса, оны 2 % содасы бар ертіндісіне 15 мин қайнатып, ыстық өтекпен, әсіресе, қыртыстары бар жерлерін өңдейді. Педикулоцидтермен 5 жылға дейін – жүкті әйелдерге, емізетін аналарға, терісі қабынған кісілерге қолдануға болмайды. Ішкі киімдерді, төсектерді су эмульсияларға 5 – 10 мин салып қояды. Эмульсия шығыны 2,5л бір комплект ішкі киімге 4 – 4,5 мл, бір комплект төсекке немесе 1кг заттарға. Содан кейін жақсылап шайып, өтектеу керек.

Пациентке педикулез болған жағдайдағы іс-шаралардың алгоритмі “ҚР Брилль ауруын, бөртпе сүзегін алдын алу жетілдіру шаралары” № 236 11.03.2004 ж бұйрық


Мақсаты: бөртпе сүзектің алдын алу, биттер мен сіркелерді өлтіру.

Көрсеткіші: бит пен сіркенің болуы

Жабдықтау: педикулезге қарсы жиналған орау; пациенттердің киіміне арналган клеенкалы немесе мақта - маталық қапшық,шашты жағатын ыдыс,сіріңке, сабын немесе шампунь, резеңке қолғап, шаш алғыш, спиртовка, мақта, байлам, қайшы,5 – 10 % сірке қышқылы, битті өлтіретін заттар, цинктелген шелек немесе лоток, «Ниттифор», «Антибит», «Педилин» шампуні, марлі түйіршіктері, 70% спиртпен өңделген жиі тарақ, 6% сірке қышқылы, заттарды зарарсыздандыруға арналған ертінділер, шаш алатын машинка, үлкейткіш шыны, пациенттің ауру тарихы, жұқпалы ауру туралы жедел хаттама (ф. №058/у), жұқпалы ауруларды тіркейтін журналы (ф-060/у).

Қарама қарсы көрсеткіштері: тері аурулары, 5 жасқа дейінгі балаларға, жүктілік әйелдерге, емшек емізетін әйелдерге тиым салынады.

Іс - әрекет алгоритмі:

1.Пациентке бит анықталғанын хабарлаңыз, оны өңдеуге келісімін алыңыз, процедураның орындалу барысын айтыңыз.

2.Қосымша халат киіңіз, басыңызға байлам, аяқ киіміңізді ауыстырып, қолғап, маска , фартук киіңіз. Пациенттің үстіне клеенка жабылған кушеткаға отырғызыңыз. Пациенттің үстіне клеенкадан жасалған пелеринаны жабыңыз.

3.Шашын дезинсекциялық ерітінділердің бірімен оның қолданылу тәртібіне сәйкес етіп өңдеп осы қалыпта 30 минутқа қалдырыңыз.

4.Пациенттің шашын полиэтиленмен жауып, сыртынан орамалмен орайды.

5.Шашты алдымен жылы сумен, одан соң жуғыш зат қосылған сумен жуып, орамалмен құрғатыңыз.

6.Сіркелерді өлтіру үшін пациенттің шашын жылытылған 6% асханалық сірке қышқылының ерітіндісімен өңдеңіз.

7.Шашты ағынды жылы сумен жуып, орамалмен құрғатыңыз.

8. Басын ақ дәкеге еңкейте ұстаған қалпында шашты аз- аздан бөліп алып, жиі тарақпен біртіндеп, әрбір бөлінген шашты тараңыз.

9.Шашын қайтадан қарап шығыңыз. Бит және сірке қалмағанына көзіңізді жеткізіңіз.

10.Дәкені дез. ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

11.Пациенттің үстіндегі барлық киімдерін шешіңіз, шешілген киімдерін, мейіргердің арнайы киімдерін арнайы клеенка қапшыққа салыңыз.

Пациенттің жеке бас тазалығы

Тесілудің алдын алудағы мейіргердің технологиясы



Көрсеткіштері: ұзақ төсек тартып жату, нерв жүйесінің зақымдалуы, ағзадағы зат алмасу процесінің бұзылуы

Жабдықтау: залалсыздандырылған лоток, дәкелер, пинцеттер, шыны ыдыс 10% камфор спирті, немесе 40% этил спирті, ішкі киімдері, ақ жаймалар, паролон домалақтары.

Іс - әрекет алгоритмі:

1. Пациентпен сенімділік қарым – қатынас жасаңыз.

2. Пациентке процедураның мақсатын түсіндіріп, келісім алыңыз.

3. Тесілу болатын жерлерін күнде қарап жамбас, өкше, шынтақ, жауырын, қара құс, аяқтың бұлшық еттеріне баға беріп отырыңыз.

Ескерту: егер тері қызарған немесе өңсіз болса, дәрігерге хабарлап айтып және емдеу, алдын – ала шаралар қолдану керек.

4. Төсек орнын ішкі киімін реттеңіз.

5. Төсек орнын сілкіңіз.

6. Қолды жуып, құрғатыңыз.

7. Пациенттің төсектегі жағдайын екі сағат сайын ауыстырыңыз (қырына жатқызу, отырғызу).

8. Таңертең кешкі тесілу болатын жерлерін жылы сумен жуыңыз.

9. Құрғатып сүртіп, камфор немесе этил спиртімен өндеңіз.

10. Крем жағыңыз.

11. Жұмсақ тіңдерге жеңіл уқалау жасаңыз. Ескерту: сүйектерге жасауға болмайды.

12. Паролон домалағын жамбасына қойыңыз.

13. Паролон домалақтарды шынтаққа, өкшеге қойыңыз.

14. Тағыда басқа жұмсақ заттарды қолданыңыз.

15. Пациентке күтім жасап отырған туыстарына тесілудің алдын – алу шараларын үйретіңіз.

16. Қолды жуып, құрғатыңыз.

Фаулер жағдайы бойынша пациентті жайғастыру (мейіргер орындайды)

Пациенттің амалсыз енжарлы жағдайында функционалды немесе қарапайым кереуетте (сонымен қатар, гемиплегияда, параплегияда, тетраплегияда) орындалады.

1. Пациентке алдағы процедураны түсіндіріп, келісімін алыңыз.

2. Қоршаған ортаны және пациент жағдайын бағалаңыз.

3. Жастықты дайындап, көрпешіктерден жасалынған жастықшаларды, аяққа арналған тіреуіштерді дайындаңыз.

4. Мейіргер өзі тұрған жағындағы кереуеттің тұтқаларын түсіреді.

5. Пациенттің төсек ортасында арқасымен жатқанына көз жеткізіңіз.

6. Кереуеттің басын 45-600 көтеріңіз немесе үш жастық салыңыз.

7. Жастықта немесе бүктелген көрпешікті пациенттің аяғының астына салыңыз.

8. Басына кішкене жастықша салыңыз.

9. Білегінің және қолының, басының астына жастықша салыңыз (егер пациент өздігімен қолын қозғалта алмаса). Білегі және қолының қоспасы көтеріңкі және алақаны төмен қарап жатқызыңыз.


10. Пациенттің белінің астына жастықша салыңыз.

11. Өкшесіне жастықша салыңыз.

12. Табанын 900 ұстап тұруы үшін тіреуіш жасаңыз.

13. Пациенттің ыңғайлы жатқанына көз жеткізіңіз; кереуеттің тұтқаларын көтеріңіз.

14. Қолды жуыңыз.

Симс жағдайында пациентті жайғастыру

1. Алдағы процедураға пациентті дайындау.

2. Алдағы процедураны түсіндіріп, келісімін алыңыз.

3. Қоршаған ортаның жағдайына және пациентің жағдайына баға беріңіз

4. Кереуеттің тежегішін бекітіңіз.

5. Қосалқы жастықтарды дайындаңыз. Аяқты тіреуге арналған жастықшаларды, ½ резеңке допты дайындаңыз.

6. Мейіргер өзі тұрған жақтағы кереуеттің тұтқаларын түсіреді.

7. Төсектің бас жағын көлденең жағдайға келтіріңіз (немесе жастықтарды алып тастау).

8. Пациентті арқасымен жатқызыңыз.

9. Пациентті төсектің шетіне жатқызыңыз. Пациенттің төсекте қырымен және жартылай иек-бетімен жату жағдайларын ауыстырып отырыңыз.

1. Пациенттің басына жастық қойыңыз.

2. Пациенттің қырымен жатқызғанда үстіндегі қолынның астына жастықша қойыңыз. Екінші қолын жайманың үстіне қойыңыз. Қолының білезіктерін ½ резеңке доптың үстіне қойыңыз.

3. Үстіңгі бүгілген аяғының астына жастықша салыңыз.

4. Табанының астына тіреуіш қойыңыз.

5. Пациенттің ыңғайлы жатуына көз жеткізіңіз. Жаймаларын түзеп, кереуеттің тұтқаларын көтеріңіз.

6. Қолды жуыңыз

Пациентті «иек-бетімен жату» жағдайында жайғастыру

Бұл процедураны бір немесе екі мейіргер пациенттің көмегінсіз орындайды.

Іс- әрекет алгоритмі:

1. Пациентке алдағы процедураны түсіндіріп, келісімін алыңыз.

2. Оның жағдайын бағалау. Кереуеттің тежегішін бекітіңіз.

3. Қосымша жастық, аяғына арналған тіреуіш, ½ резеңке допты дайындаңыз.

4. Кереуеттің екі жағындағы тұтқаларын түсіріңіз.

5. Кереуеттің бас жағын көлденеңнен жағдайға келтіріңіз немесе жастықтарды алып тастаңыз.

6. Дененің жансызданбаған жағына қарай пациентті кереуеттің шетіне қарай жылжытыңыз. Кереуеттің басқа жағына шығыңыз. Тіземен кереуеттің шетіне тұрып пациентті жансызданған жағымен аударыңыз.

1. Пациенттің ішіне қарай жастықты қойыңыз.

2. Жансызданған қолының шынтағын түзеп кеуде тұсына қойып, сау қолын мықын тусына қойыңыз.

3. Пациентті жансызданған қолы арқылы абайлап ішімен жатқызыңыз.

4. Пациенттің басын жансызданған жағына қарай бұрыңыз.


5. Екінші қолын төсектің басына қарай көтеріп, қолының басын ашып ½ резеңке добын ұстатыңыз.

6. Екі тізесін бүгіп, сирақтарының астына жастық қойыңыз.

7. Жастықтың көмегі арқылы пациенттің аяғының басын матрастан 900 болатындай етіп жоғары көтеріңіз.

8. Пациенттің ыңғайлы жатқанына көзіңізді жеткізіңіз; Төсектің тұтқаларын көтеріңіз.

9 Қолды жуыңыз.

Пациентті «арқасымен жатқызу» жағдайы (бір ғана мейіргер орындайды)

Пациенттің амалсыз және енжарлы жағдайларында терінің тесілуінің даму қауіптерінде төсектегі гигиеналық процедуралар функционалды және де қарапайым кереуеттерде орындалады.

Іс- әрекет алгоритмі:

1. Пациентке алдағы процедураларды түсіндіріп, келісімін алыңыз.

2. Айналаның және пациенттің жағдайларын бағалап. Кереуеттің тежегішін бекітіңіз.

3. Жастықтарды, аяққа арналған тіреуіштерді, көрпеден жасалынған жастықшаларды дайындаңыз.

4. Мейіргер тұрған жақтағы кереуеттің тұтқаларын төмен түсіріңіз.

5. Кереуеттің бас жағын төмен түсіріп (артық жастықтарды алу), төсек көлденең жағдайда болуы керек. Пациенттің төсек ортасында жатқанына көз жеткізіңіз.

6. Пациентке дұрыс жағдай туғызыңыз: а) басына жастық салыңыз; b) алақандарын төмен қаратып, қолдарын кеудесінің бойымен орналастырыңыз; c) аяқтарын жамбас – сан буындарының бойымен орналастырыңыз.

7. Жастықшаны иық және мойын астына салыңыз.

8. Белінің астына оралған сүлгіні салыңыз.

9. Жаймадан оралып жасалынған ораманы санының бойымен астына салыңыз.

10. Жастықшаны сирағының астына салыңыз.

11. Табанын 900 С ұстап тұратындай етіп тіреуіш қойыңыз.

12. Білегінің астына жастықшаны қойыңыз.

13. Пациентің ыңғайлы жатқанына көз жеткізіңіз. Кереуеттің тұтқаларын жоғары көтеріңіз.

14. Қолды жуыңыз.

Төсек орнын және ішкі киімдерін ауыстырудағы мейіргердің технологиясы

Пациенттің төсек орнын, ішкі киімін аптасына бір рет ауыстырып, ал қалы нашар төсек тартып жатқан пациенттің төсегін кірлегеніне қарай ауыстырады. Үнемі таңертең, және кешке жатар алдында халы нашар пациенттің төсегін қағып, сілкіп дұрыстап жатқызады. Төсек орнын ауыстырудың екі тәсілі бар.

Бірізділік іс - әрекетті:

- таза ақ жайманы ұзындығы мен ортаңғы бөлігіне дейін ораңыз;