Файл: Оытуды лгілік оу бадарламасы негізінде 2022 2023 оу жылына арналан йымдастырылан ісрекетті перспективалы жоспары Білім беру йымы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 23

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен

оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде

2022 - 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

Білім беру ұйымы (балабақша / шағын орталық, мектепалды сыныбы) «Еркетай» бөбекжайы»

Топ: «Балалапан»

Балалардың жасы: 2 жастан

Жоспардың құрылу кезеңі: (айды, жылды көрсету) қаңтар айы, 2022-2023 оқу жылы.

Айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

Қаңтар

Дене шынықтыру

- балалардың өмірін қорғауға және денсаулықты нығайтуға, ағзаның үйлесімді психофизикалық дамуы үшін жағдай жасау;

- дененің өсуі мен дамуының табиғи процестерін жетілдіру, қимыл-қозғалыстарға деген биологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру, дене белсенділігін дамытуға жағдай жасау;

- балалардың күн тәртібіне, қоршаған орта жағдайларына бейімделуі үшін жағдайлар жасау;

- жүру, жүгіру, өрмелеу, лақтыру, секіру, тепе-теңдікті жетілдіруге мүмкіндік беретін негізгі қимыл түрлерін дамыту;

- денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру;

- дене шынықтыру мен дене белсенділігіне қатысуға, дербес қимыл әрекетін орындауға қызығушылықты арттыру;

- қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Гигиеналық талаптарды сақтау бойынша жұмысты жалғастыру.

Үстел басына қолды жуғаннан кейін отыру, орындыққа өзі отырып, одан

өзі тұру, тамақты төгіп-шашпай ұқыпты ішу, тамақтанып болғаннан кейін майлықты қолдану, орындықты жылжыту, алғыс айту.

Жүру және тепе-теңдік сақтау жаттығулары. Еденнен бір шеті 15–20 сантиметр жоғары қойылған тақтайдың үстімен (ені 20 сантиметр, ұзындығы 1,5–2 метр), текшелердің, кегльдердің, құрсаулардың, таяқтардың арасымен топпен жүру; құрсаудан құрсауға өтуге үйрету; жұмсақ модульге немесе гимнастикалық скамейкаға көтерілуге және одан түсуге үйрету. Еденнен 12–18 сантиметр жоғары көтерілген арқаннан немесе таяқтан аттап жүру.

Сауықтыру-шынықтыру шаралары.

Сауықтыру-шынықтыру шараларын табиғи факторларды (ауа, күн, су) пайдаланып, жүргізу. Топ бөлмелерінде тұрақты ауа температурасын (+21-22°С) сақтау, балаларға жеңіл киімдер кигізу.

Сөйлеуді дамыту

-коммуникативтік дағдыларды дамыту үшін тілдік қарым-қатынас ортасын құру;

- сөйлеуді және фонематикалық естуді дамыту;

- ересектердің, құрдастарының сөзіне еліктеу қабілетін дамыту.

Сөзді түсіну.

Түсінетін сөздер қорын кеңейту. Заттардың түсін (қызыл, көк, сары, жасыл) білдіретін сөздерді түсіну.

Белсенді сөйлеу.

Дыбыстық тіркестерді жалпы қолданыстағы сөздермен ауыстыруға (бәәә - бота, мәәә - қозы, мөөө - бұзау, мәәә - лақ, мияу - мысық, аб-аб - ит), туыстық атауларды (аға, апа, тәте, көке), төрт түліктің (ат, тай, бота), жиі қолданылатын азық-түлікті (нан, шәй, май, сүт, көже) білдіретін жеңіл сөздерді айтуға баулу.

Көркем әдебиет

- балаларды алғашқы қарым-қатынас құралдарын (вербалды және вербалды емес) қолдануға үйрету;

- үй жануарларының дыбыстарына еліктеу, дыбыстарды қайталау арқылы дыбыстау мәдениетін қалыптастыру;

- 2-3 сөзден тұратын тіркестерді құрастыруға, грамматикалық түрлерді қолдануға үйрету.

Сенсорика

- заттарды өзіне тән қасиеттері бойынша зерттеу;

- заттардың қасиеттері бойынша ұғымдарды қалыптастыру;

- сенсорлық қабілеттерін қалыптастыру;

- көру-есту түйсігін, қабылдау, есте сақтау, көрнекі-әрекеттік ойлау, қиял, зейінді дамыту;

- түрлі балалар әрекеттерінде көз бен қол үйлесімділігін, қолдардың ұсақ моторикасын дамыту;

- интелектуалды сезімді тәрбиелеу (жаңаны тануда қуанышқа бөлену).

Балалардың сенсорлық тәжірибесін байытуды жалғастыру.

Өлшемі бойынша заттарды ажырата білу, ересектің көмегімен 4-5 сақинадан (үлкенінен кішіге қарай) тұратын пирамиданы жинау.

Тиісті пішіндегі (дөңгелек, шаршы) қораптар мен қобдишаларға қақпақтарды таңдау, екі бөліктен тұратын қиылған суреттерді жинау.

Қоршаған ортамен таныстыру

- балалардың қоршаған ортамен танысуына, бейімделуіне, ересектермен және құрдастарымен мейірімді қарым-қатынас орнатуына жағдай жасау;

- баланың өз отбасының мүшесі екенін сезінуіне ықпал ету;

- қоршаған ортаның заттары мен табиғат құбылыстары жайлы бастапқы түсініктерді қалыптастыру;

- тіршілік иелерін бақылау және оларға қамқорлық жасауға баулу;

- балаларды әлеуметтендіру үшін икемді дамытушы заттық-кеңістіктік орта құру;

- баланы әрекет түрлеріне, ойын арқылы өзіне - өзі қызмет көрсетуге, адамгершілік құндылықтарға баулу;

- айналасындағы заттық ортаға қызығушылықты қалыптастыру;

- мінез-құлық мәдениетінің қарапайым дағдыларын (амандасу, қоштасу, алғыс айту), құрдастарымен өзара әрекеттің бастапқы дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету.

Ата-анасы мен өзіне жақын отбасы мүшелерін (анасы, әкесі, ағасы, апасы, әжесі, атасы) тану, қоршаған кеңістікті (бөлме – пәтер, үй – кіреберіс, аула- балалар алаңы) бағдарлау, күнделікті тұрмыста жиі қолданылатын заттарды тану.

Ересектермен (дауысын тыңдау, қимылына еліктеу, одан көмек сұрау) және құрдастарымен (әрекетін бақылау, ойнап отырған құрдасының жанына бару, ойыншықтарын алмастыру, өзара келісім бойынша оларды тартып алмай, сұрап алу) өзара әрекет етуге баулу, балалар мен ересектердің бірлескен ойындарына жағдай жасау (доппен, құммен, сумен ойнау).

Мүсіндеу

- шығармашылық әрекет түрлеріне қызығушылықтарын ояту;

- балалардың байқампаздығын дамыту;

- көрнекі-қимылдық ойлауды, есті, қиялды, зейінді, қабылдауды дамыту;

- қоршаған орта туралы түсініктерін байыту.

Балаларды жалпақ, дөңгелек пішіндерді мүсіндей білуге, өз қалауы бойынша алынған пішіндерді құрастыруды, материалдарды ұқыпты қолдана білуге үйрету.

Музыка

- шығармашылық әрекет түрлеріне қызығушылықтарын ояту;

- балалардың байқампаздығын дамыту;

- көрнекі-қимылдық ойлауды, есті, қиялды, зейінді, қабылдауды дамыту;

- қоршаған орта туралы түсініктерін байыту.

Балалардың музыканы есте сақтауын дамыту, таныс музыкалық шығарманы көтеріңкі көңіл-күймен қабылдауға баулу, оны соңына дейін тыңдауға үйрету.

Музыка тыңдау.

Әннің әуені мен сөздерін тыңдау, музыкалық шығарманы, көңілді және баяу сипаттағы әндерді эмоционалды қабылдау.

Ән айту.

Айналадағы дыбыстарға еліктеу арқылы ән айтуға қызығушылықты ояту (мысалы: мысық мияулайды, ара ызыңдайды).

Музыкалық ырғақты-қимылдар.

Музыкамен жүру, жүгіру, заттармен қарапайым қимылдар орындау: жалаушаны жоғары көтеру, оларды желбірету, сылдырмақты сылдырлату, ересектердің көрсетуі бойынша қарапайым би қимылдарын орындау.