Файл: Таырыбы аза тілі сабатарында жазылым рекетін мегертуді тиімді жолдары Курсты жмысты мазмны.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 117
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тақырыбы: Қазақ тілі сабақтарында жазылым әрекетін меңгертудің тиімді жолдары
Курстық жұмыстың мазмұны
І. КІРІСПЕ................................................................................................... 4
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І-ТАРАУ. Қазақ тілі сабағындағы жазылым әрекетін қалыптастыру жолдары
-
Жазылым әрекетін қазақ тілі сабағында қолдану
ерекшеліктері ................................................................................................5-6
1.2 Қазақ тілі сабағындағы жазылым әрекетін қалыптастыру жолдары
........................................................................................................................7-9
1.3 Жазылым әрекетінде ескеретін жайттар ...........................................9-12
ІІ-ТАРАУ. Жазылым әрекетінде әдіс-тәсілдерді қолдану
2.1 Жазылым әрекетінде әдіс-тәсілдерді қолдану...................................12-14
2.2 Қазақ тілі пәнінен жазылым әрекетін дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері ............................................................................................................................14-16
ІІІ. Тәжірибелік бөлім ...................................................................................16-19
ІV. Қорытынды....................................................................................................20
V. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.....................................................................26
I КІРІСПЕ
“Жазылым” термині “жазу” (жазудың түрлері, әріптін жеке т.б.) деген мағынаны емес “жаза білу”, “ойыңды басқа Біреуге түсінікті болу үшін, қағаз бетінде сауатты жеткізе білу” Шеңді білдіреіп.
Жазылым – тіл үйренуге қатысты қиын да күрделі жұмыс.
Жазылым – тілдік тұлғалардын графикалық, фонемалық жүйесіне негізделген; лингвистикалық, психологиялық, физиологиялық, әдістемелік ерекшеліктерге қатысты тілдік матералының мазмұны мен формасын бірдей қамтитын, адамдардың ұзақ мерзімдегі қарым-қатынасына мүмкіндік жасайтын күрделі тарихи әрекет.
Жазылым біріншіден, әріптің, сөздің графикалык таңбасы болып іске асады; екіншіден, бұл графикалық таңбалар белгілі бір фонемалық, мағыналық қасиетке ие болады; үнішіден, жазылым құбылысында сөйлесім әрекетінің барлық түрі қатысады; төртіншіден, жазу үстінде тіл үйренуші адам сөйлемнің мазұн-мағынасына ғана емес, формасына да көңіл аударуға мәжбүр болады; бесіншіден, жазылым қағаз бетіне түскен материалдың түсінікті, жүйелі болуына тікелейбайланысты жүзеге асырады.
Әдіскерлердің қалыптасқан пікірі бойынша, жазылым үш бөліктен құралуы тиіс. Олар:
Себеп-салдарлық.
Аналитико-синтетикалық.
Орындалымдық.
Яғни жазылым әрекеті, біріншіден, белгілі бір әсерді екінш: адамғажеткізудіңнәтижесіндеойға келеді, алдымен онын себебі пайда болады.
Екіншіден, аналитико-синтетикалық кезенде сөйлем құрылымы жасалады, сөздер бір-бірімен тіркеске түседі, сөздін қызметі мен орны белгіленеді.
Үшіншіден, графикалық таңбалар арқылы жазбаша мәтін /текс/ пайда болып, жазу орындалады.
Жазылымның лингвистикалық ерекшелігі әріптік таңбадан бастап алфавитке дейінгі жазуды, тілдің дыбыстық жүйесін, жазылу ережесін, жазбаша сөйлеу үлгілерін қамтиды.
Жазылымнын лингвистикалық мазмұнын белгілейтінмәселер мыналар:
Графика.
Орфография.
Жазып алу.
Жазбаша сөйлеу.
Бұл салада үйретілетін ең басты мәселе – жазылымның графикасы. Графика, яғни жазу таңбалары – жазу үшін қолданылатын барлық әріптердің таңбалық жиынтығы.Әріптіктаңбаларыекі түрде жазылады:баспатүрінде және қолжазба түрінде.
Қазақ тілі графикасының ерекшелігі – әріптер қалай жазылса,солай оқылады жәнебасқа тілден енген дифтонг /қосарланған/ дыстардан басқалары кұрамына қарай бір таңба бірәріпті бір дыбысты көретеді. Жазуды меңгеруде лингвистикалық жақтан үйретілетін келесімәселе орфография. Ол-белгілі бір сөзді әріптік таңбалар арқылы дұрыс жаза білудің ережесі. Мұндай ережені оқытпай тұрып, жазуды да тілді де сауатты меңгеру мүмкін емес.
Жазып алу немесе қысқаша жазу-жеке сөздерді, сөз тіркесін бір-біріне мағыналық байланысы жоқ сөздер мен сөйлемдерді дұрыс жаза білу. Сол сияқты қысқаша тезистер жоспарлар қысқартылған сөздер мен ойларды белгілеп, жазып алуда осыған жатады.
Жазбаша сөйлесім – лингвистикалык ерекшеліктерді тодық меңгерудің көрінісі және ең күрделі тілдік құбылыс. Жазбаша сөйлесім дегеніміз – оқушының айтар ойын басынан аяғына дейік толық жаза білуі, көзқарасын, пікірін қағазға түсіріп, жеткізу Мәселен, тілді үйренуте қатысты жазбалардың қатарына хат жазу, пікір жазу, түсініктеме, қатынас қағаз, реферат т.б. жазу жатады.
Жазылымның психологиялық ерекшелігі – жазбаша тапсырмаларды дұрыс пайымдап, логикалық жағынан меңгеру және графикалық, орфографиялық дағдылар мен шеберлікті ұштау; Сонымен қатар жазба жұмысы тіл үйренушінің ойлау жүйесіне тиімді, есте сақтауға жеңіл болуға тиіс.
Жазылымның әдістемелік ерекшелігі – графика мен орфографианы, жазу мен жазбашасөйлемді жетікбілудің,Үйренудің амалдары мен жолдарын іздестіре отырып жазғызу, оқыту.
Жазылымның физиологиялықерекшелігі – жазу кезінде дене мүшелерінің қимыл-қозғалысын дұрысигерудіүйретуі.
Жазуды үйретудің басты алғышарттары:
Қазақ алфавитіндегі әріптердің таңбасын дұрыс жазуға үйрету, яғни каллиграфияны жете меңгеру.
Әріптік таңба мен фонеманың қазақ тілі жазуында алатын орны.
Жеке тілдік единицалардың дұрыс жазылу ережесін білу.
Қазақ тілі грамматикасына сәйкес сөз тіркестері мен сөйлемдердің байланысу заңдылықтары мен дұрыс жазылу ережелерін игеру.
Ойды жазбаша жеткізудің ең қарапайым және қысқа түрін меңгеру.
Шағын мәтін мен сөйдемшелерді /фраза/ құрастыра білу.
Хат жазу үлгісін меңгеру.
Іс-қағаздарды дұрыс толтыра білу.
Қазқ тілін сауатты үйрету үшін оқушыларға берілетін жазба жұмыстарын дұрыс жоспарлаудың маңызы зор. Мұндай жазба жұмыстарына:
Жазбаша жаттығулар.
Қысқа мәтіндер.
Жүйелі жазба жұмыстары.
Жазбаша бақылау жұмыстары.
Диктанттың түрлері.
Жазбаша ойындар.
Іс-қағаздардың үлгілері.
Бұл жұмыстардың бәрі арнайы зерттеуді қажет ететін мәселелер бола келіп, жалпы қазақ тілін терең үйретуге пайдасын тигізеді.
Курстық жұмыстың өзектілігі-Жазып алу немесе қысқаша жазу-жеке сөздерді, сөз тіркесін бір-біріне мағыналық байланысы жоқ сөздер мен сөйлемдерді дұрыс жаза білу. Сол сияқты қысқаша тезистер жоспарлар қысқартылған сөздер мен ойларды белгілеп, жазып алуда осыған жатады.Жазылым біріншіден, әріптің, сөздің графикалык таңбасы болып іске асады; екіншіден, бұл графикалық таңбалар белгілі бір фонемалық, мағыналық қасиетке ие болады; үнішіден, жазылым құбылысында сөйлесім әрекетінің барлық түрі қатысады; төртіншіден, жазу үстінде тіл үйренуші адам сөйлемнің мазұн-мағынасына ғана емес, формасына да көңіл аударуға мәжбүр болады; бесіншіден, жазылым қағаз бетіне түскен материалдың түсінікті, жүйелі болуына тікелейбайланысты жүзеге асырады.
Курстық жұмыстың мақсаты. Ой өрiсi дамыған, сана сезiмi оянған, рухани ойлау дәрежесi биiк, қазақ тілі пәнінен білімі жоғары сауатты жазып,сауатты оқитын оқушыларды даярлау.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні: Оқушыларды сауатты жазуға,сөздерді дұрыс жазуға,сөзбен сөздерді,сөз тіркестерін дұрыс байланыстыруды үйрету үдерісі.
Курстық жұмысты зерттеудің болжамы: Егер қазақ тілі сабағында оқушыларға жазылым әрекетін жетік меңгерте алсақ, онда олардың қазақ тілден бiлiм деңгейi жоғарылайды және т.б пәндердi оқушылардың жетелей түсiнуiне, қазіргі заман талабына сай терең білім алуына ықпал жасап,сауатты болуға ықпалын жасайды.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Жазылым әрекетін қазақ тілі сабағында қолдануды айту;
- Қазақ тілі сабағындағы жазылым әрекетін қалыптастыру жолдарын үйрету;
- Қазақ тілі пәнінен жазылым әрекетін дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, төрт бөлімшелерден және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер және тәжірибелік бөлім тізімінен тұрады
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І-ТАРАУ.
1.1 Жазылым әрекетін қазақ тілі сабағында қолдану ерекшеліктері
Жаңартылған білім мазмұны аясында қарастырылатын оқылым, жазылым, тыңдалым, сөйлесім дағдыларын қалыптастырудың басты көзі – жазылым әрекеті деп санаймыз. Себебі жазуды меңгерген бала оқуды да игереді.
Қазақ тілін меңгерту үшін, ана тілінде дұрыс сөйлеу, дұрыс жазуды жүзеге асыру үшін ең алдымен қазақ тілінің іргетасы болып табылатын дыбыстық жүйені оқытудың зерттелуіне көңіл бөлген дұрыс. Себебі А.Байтұрсынұлының пікірінше, «Дыбыстарды тізіп үйренсе, хәріптерді тізу қиын болмайды. Сөздің ішінде қанша һәм қандай дыбыстар бар екенін айыруды білсе, хәріптерін қою қиын болмайды»[1,330].
«Жазылым» термині «жазу» (жазудың түрлері, әріптің жеке өзі т.б.) деген мағынаны емес «жаза білу», «ойыңды басқа біреуге түсінікті болу үшін, қағаз бетінде сауатты жеткізе білу дегенді білдіреді.
Жазылым – әріптерді таңбалауда қиында күрделі жұмыс. Жазылым әрекеті бастауыш сынып оқушысы, әсіресе, мектеп табалдырығын жаңа аттаған оқушы үшін – ұзақ уақытты қажет ететіндіктен бірте-бірте қалыптасатын күрделі үдеріс. Оқушылар дыбыстарды айтуға дағдыланумен бірге олардың қалай таңбаланатынымен танысып, әріптерді білу арқылы жазуды меңгереді. Жазылым әрекеті қамтитын мазмұнды мына суреттен көруге болады:
Бастауыш сынып оқушыларына әріптерді жазып үйрету қиын болғандықтан жазуды үйренудегі мынадай дағдыларды білуі керек. Олар:
әуелі әріптерді, содан соң сөздер мен сөйлемдерді жаза білу дағдысы;
сөз және сөйлемдердегі орфографиялық қателерді түзете білу дағдысы;
әр түрлі жаттығуларды орындай білу дағдысы.
Бұл дағдыларды қалыптастыру үшін мынадай негізгі факторлар талап етіледі:
· сөзді тыңдай білу;
· сөзді айта білу;
· көру факторы;
· қолдың саусақтарын дұрыс пайдалану.
Жазылым әрекетінде оқушының көру, есту мүшелері (көз, құлақ), мен сөйлеу мүшелері (тіл) қатысады. Әріптерді жазғанда мұғалім өзінің әр қимылын түсіндіруі керек, алдымен мұғалім әріптерді ауада, содан кейін тақтада жазып көрсетуі тиіс. Оқытушы әріптерді дәптерлерінде жазуды талап етеді, ал өзі әр балаға жақындап жазуға көмектеседі. Жазылым әрекетін дамыту үшін бала үйде де әріптерді жазуға жаттығады.
Баланың мектеп оқып, білім алуы кезеңінде жазуға үйретіп, жазу дағдыларын қалыптастыру – оның өміріндегі ең күрделі үдерістердің бірі. Өйткені бала мектептегі оқуға алғаш рет кіріскеннен бастап, оны бітіріп шыққанша оқып білім алумен қатар, жазбаша түрде ойлауға және сол ойын жазбаша жеткізуге төселеді. Бұл дағды үнемі үздіксіз жүйелі жүргізіліп отыратын жазба жұмыстарының түрлері арқылы іске асырылады. Ендеше мектеп табалдырығын жаңа аттаған балалардың сауатын ашуда, жазуға үйретуде жазу сабағын ұйымдастырудың маңызы зор[3, 51].
Жазылым – ұзақ уақытты қажет ететін, бірте-бірте қалыптасатын күрделі процесс. Ол оқушыларға графикалық таңбаларды үйретуден бастап өз ойын мағыналық және логикалық брлікте құрастырып, қағаз бетіне түсіруге яғни жазбаша жеткізуге дағдыланғанға дейінгі ұзақ уақытты қамтиды. Сондықтан жазылымның оқушы үшін психологиялық, әдістемелік және физиологиялық ерекшелігін басты назарда ұстаған абзал.
Жазылымның психологиялық ерекшелігі– бір оқушылар жазуды тез әрі дұрыс меңгеріп кетсе, енді бір оқушылар аса зор қиындықпен үйренеді. Жазбаша тапсырмаларды дұрыс пайымдап, логикалық жағынан меңгеру және графикалық, орфографикалық дағдылар мен шеберлікті ұштау үшін арнайы жұмыс түрлері жүргізіледі. Мысалы: әріптерді пайдалану арқылы бірнеше сөздер шығару, сөздерден сөйлем құрастырып жазу, мәтіндегі сөздердің қатесін тауып түзетіп жазу т.б. Фонетиканы қатысымдық тұрғыда оқыту үшін мұндай жұмыстарды сөйлеу әрекетіне байланыстырып берген жөн. Мұғалім әуелі әр баланың жеке психикалық ерекшеліктеріне көңіл аударып, әр оқушының жазу дағдыларын меңгеру қабылетінің деңгейі қандай дәрежеде екенін алдын ала біліп алғаны дұрыс. Сонымен қатар жазу барысында мұғалім дұрыс отыру, қаламды дұрыс ұстау, дәптерді дұрыс қою сияқты ережелердің орындалуын қадағалап отыруы қажет.