Файл: Таырыбы аза тілі сабатарында жазылым рекетін мегертуді тиімді жолдары Курсты жмысты мазмны.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 120

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


  • Оқушының пәнге деген жеке қызыушылығын оятады;

  • Танымдық қабілеттілігін қалыптастырады;

  • Әлеуметтік мәдени тәрбие қалыптастырады;

  • Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;

  • Оқытушының уақытын үнемдейді

  • Қосымша мәліметтер береді.

Жаңа технологияны пайдаланудың оқытушыға береріне келсек:

  • Барлық  баланы оқытуға көмек береді;

  • Оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі;

  • Білім берудің формасын оңайландыру міндеттерін атқарады;

.Жазылым әрекетінде жоғарыда аталған жаттығу жиынтығы мен мәтіндерден бөлек жазылым дағдысын дамытатын қалыптасқан әртүрлі жазба жұмыстарын жүргізуге болады. Солардың бірнешеуін атап өтейік:                                          Жазылым дағдысы оқылым арқылы келетіндігін жоғарыда атап өткен болатынбыз. Соған дәлел ретінде газет-журнал мақалаларымен жұмысты алуға болады. Мысалы, «Негативтен-позитивке» тапсырмасы мақаланы қайта өңдеп жазуға көмектесумен қатар, кейбір грамматикалық ұғымдарды игеруге де көмектеседі. Ол үшін жағымсыз хабар айтылған газет мақалаларын қиып ала келемін. Әр оқушыға әр түрлі мақаланы беріп, оқуды тапсырамын. Мақаланың ішінен өздеріне жағымсыз әсер тудыратын сөздерді бірінің астына бірін теріп жазғаннан соң, сол сөздерге антоним сөздерді табады. Сөйтіп, тапқан сөздерін пайдалана отырып, позитив мақала жазып шығады.3

Бұл қызығушылықты ояту кезеңінде Миға шабуыл стратегиясы , Топтастыру, Т кестесі стратегиясы арқылы қолдану тиімді. Өйткені орыс тілді аудиторияның сөздерді мәтін мазмұнын тез түсініп,ойын қағазға түсіруіне оңай әдістің бірі.

Осы кезеңінде алдыңғы өткен тақырыпты тексеру мақсатында  тест жұмыстарын өткізу арқылы оқушы білім деңгейін қадағалап, жаңа сабақты бастар алдында «Топтастыру» стратегиясы арқылы оқушылармен бірлесе жұмыс жасауға болады.Осылайша, күн сайын сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді енгізе отырып, жазылым сынды дағдыны да қызықты етіп өткізуге болады.

Мағынаны тану кезеңінде «Кейіпкерге хат жазу» немесе «RAFT» стратегиясын Түртіп алу, ДЖИК СО , Талдау картасы  тәсілдерін қолдану тиімді деп ойладым.

    Ой толғаныс кезеңінде Эссе, Топтастыру, Пирамида, Құндылық сызығы, Т кестесі, Sinkuein немесе бес жолды өлең, RAFT, Түйін сөз, Семантикалық карта, Концептуалды таблица, Бір айналым сұхбат, стратегияларын қолданып жүрмңін.

Көбінесе орыс сыныбында тәлім алатын оқушылардың бойында жаза алмаймын деген қорқыныш болады. Осы қорқынышты жеңу үшін жазудың барлық адамның қолынан келетіндігін ұғындыра келе, сыныбы туралы жазуға, соңғы оқыған кітабы туралы, болмаса, атасы мен әжесінің өмірбаянын жазуды, не өзі құрметтейтін адамнан сұхбат алып, соны үй жұмысына  жазуға кеңес беремін. Жазба жұмысын тексермес  бұрын ұйымдастыру жұмыстарына баса назар аударамын.  Мәселен, жазба жұмысында қарындашты пайдалану өте маңызды. Олай дейтініміз, қарындаш оқушының қателігін өзі түзетуіне мүмкіндік береді. Сөйтіп оқушылар өзін-өзі бағалауы қалыптасады. Суммативті түрде  де бағаланады.


Жаңа әдіс-тәсілдерді ендіріп , дәстүрлі оқытудағы іс-әрекеттерді ұмытпаған жөн. Әдетте , ойлау механизмдерін оқушыларға үйреткенде жазбаша жұмыстарға уақыт аз қалып жатады , ал тіл сабақтарында мұғалім 4 бағытта жұмыс жасайды. Олар: жазу, оқу, тыңдау, сөйлеу. Тыңдау мен сөйлеу ойлаумен тығыз байланыста , бұл байланысты табу оңай . Ал енді жазу мен оқуды дамыту мақсатына жүйелі жұмыс жасағанда ғана пайдалы уақыт табуға болатын сияқты.

Орфографиялық дағды қалыптастыруда жазбаша жаттығу, диктант, мазмұндама және шығарма жұмыстарын ұтымды ұйымдастыру жақсы нәтиже береді. Тілдік қатысымды жетілдіретін шығарма,эссе жұмыстары оқушылардың сөйлеу мәдениетін жетілдіруге, өздігінен ой қорытуға, шешім жасауға үйретеді Сабақтың қай құрылымында болмасын осындай стратегияларды қолданғанда «Жаңа технологияның принциптері- оқытуды ізгілендіру,өздігінен білім алып, ізденіс арқылы дамитын, өзіндік дұрыс шешім қабылдай алатын, өмірге бейім жеке тұланы қалыптастыру. Жаңа оқыту технологиясы арқылы оқушы қандайда болмасын ақпаратты өздігінше игеріп, өз өміріне  жарата алатын әмбебап тәсілдерді үйрену керек. Технологиялық жүйелікті сақтай отырып, қазіргі сабаққа қойылатын талапарды қатаң ескерген мұғалім, оқушылар шығармашылығын арттырып, білім бәсекелестігіне дұрыс бағыт – бағдар бере алады.

Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Ұстаз үздіксіз ізденген де ғана, шәкірт жанына нұр құя алады», — деген сөзі ізденімпаз, жаңаша ұстаздарға арналғандай. Мұны әрбір мұғалім жадында сақтауы тиіс.

 

2.2 Қазақ тілі пәнінен жазылым әрекетін дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:


  • оқушыларға таныс ертегі, әңгіме, өлеңдердің ішінен бір-екеуін жаздыру;

  • сөздердің орфографиясын меңгертуге арналған тапсырмалар;

  • тілдік тақырыптар аясында шағырмашылық тапсырмалар (ребус, пиктограмма, сөзжұмбақ, сәйкестендіру және толықтыру тест тапсырмалары, т.с.с.) құрастырып жазу;

  • тыңдалған және оқылған мәтіннен немесе көрген фильмінен алған әсерін жазу;

  • мәтіндегі қиын сөздерден сөздік құрастырып жазу;

  • сыныптың қабырға газетіне шағын хабарлама/мақала жазу;

  • мәтініндегі оқиғаны өз көзқарасымен өзгертіп аяқтап жазу;

  • ақпаратты суреттер мен диаграмма арқылы беру;

  • сұхбатқа жазбаша сұрақтар дайындау. Сараланған ақпараттарды қайта қарап,ең маңыздысын кестеге толтырып,дәлелдеңіз.





ІІІ Тәжірибелік бөлім

САБАҚ: 87

Сабақтың тақырыбы: Зат есім

Мектеп: № 12 І.Қабылов атындағы IT – мектеп лицейі

Күні:19.02.2020

Мұғалімнің есімі: Казанкап Нұрай


СЫНЫП: 2 «В»

Қатысқандар саны:29

Қатыспағандар:

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

2.1.5.1 – Сөйлеу барысында интонация элементтерін ,қимыл мен ым – ишараны қолдану

2.3.7.1 – бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу жасау

2.4.2.3 - сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) ажырату


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.

Көптеген оқушылар:

  • Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.

Кейбір оқушылар:

  • Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік,рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Математика, дүниетану.

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған іс-әрекеттер


Ресурстар

Басталуы 5 минут



Топқа бөлу 2 минут

Оқушылар қорапшадан қағазға жазылған сөздерді бір – бірден суыру арқылы топтарға бөлінеді. Әр оқушы өзі суырған сөздің қай топқа жататынын тауып, белгіленен орынға отырады.

Қорапшаға салынған сөздер: Алмұрт, Асқар, кітап,домбыра, жолбарыс, әже, ана, дәптер, аға, ата.

екі, бесеу, жеті,үшінші, он , жиырма. Алты, сегізінші,тоғыз, біреу

келді, жазды, кесті, жүгірді, түсірді, киді, салды, қарады, кетті.

Топ аттары:

1 – топ: Кім?

2 – топ: Не?

3 – топ: Кімдер?

4- топ : Нелер?

Қызығушылықты ояту

Теледидардан Бауырсақ ертегісін көрсету және сол ертегінің мазмұнын сұрау.Аудио бауырсақтың өтінішін тыңдату.Балалар енді біз бауырсаққа барлығымыз көмек берейік.Ол үшін әр кезіккен жануарлардың тапсырмаларын орындайық.



Қорапша ішіндегі сөздер, ақ қағаз, маркерлер.

Ортасы 30 минут


Сергіту сәті


Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

Зат есім дегеніміз – заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз. Зат есімдерге кім? не? нелер? кімдер? деген сұрақтар қойылады.

Мысалы: адам, көгершін; жазушылар, құлындар.

Бас әріппен басталып жазылатын зат есімдерге адам аттары, жер - су аттары, таудың аттары, жануарлардың ерекшелеп қойылған аттары жатады.

Балалар бауырсаққа ең алғаш кезігетін жануар қандай жануар?

Жарайсыңдар балалар Қоянның тапсырмасы Топтық жұмыс

Яғни,сендерге ребус таратылады.Сендер ребустың шешуін дұрыс тапсаңдар тақырып шығады сендер соған байланысты топпен сөйлем құрайсыңдар

Қоянның суретімен бағалау
Балалар келесі жануарымыз кім екен?Қане теледидарға қарайықшы.Жарайсыңдар бұл қасқыр.Қасқырдың тапсырмасы Оқулықпен,дәптермен жұмыс екен. Қане барлығымыз 45 беттегі 11-жаттығуды қатесіз көркем жазумен көшіріп жазайық

Қасқырдың суретімен бағалау.
Келесі жануарымыз аю. Оның тапсырмасы

Жұптық жұмыс Жаныңыздағы жұбыңызбен сөз жұмбақ шешу.



Аюдың суретімен бағалау.

Келесі жануарымыз кім екен?Жарайсыңдар ол Қу түлкі оның тапсырмасы

Жеке жұмыс . Пішіндер арқылы сөзді тап.

Шыққан сөз туралы білетініңді айт

.



І С Е Ж Ы Б К Р






















































Түлкінің суретімен бағалау



А4 парақ


«Жұлдызша»

арқылы бағалау


Таратпа материалдар

дәптер, оқулық

«Өзара бағалау»

Аяқталуы

10 мин

Қалыптастырушы бағалау





Үйге тапсырма: 12 жаттыңу,45 бет

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары


оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?

«Менің көңіл-күйім баспалдағы»

Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Мақсаты: Оқушылардың жазба жұмысы арттыру.

Міндеттері:

  1. Сөз таптарын ажырата білу

  2. Сөз құрамын дұрыс анықтай алуын тексеру.

  3. Оқушылардың фонетикалық талдау жасай алуын тексеру.



Кемпірқосақ
Кемпірқосақтың жеті түсі бар. Олар – қызыл, тоқсары, сары, жасыл, көгілдір, көк және күлгін. Бұл түстерді жеке арнайы жағдайда ғана көруге болады. Күн сәулесі жаңбыр тамшысына түскен кезде жарықтың жеті түсі сынады. Тамшы арасынан кемпірқосақ пайда болады.

Тапсырмалар:

  1. 1-інші сөйлемді сөз табына талдап,жазыңыз.

  2. «Жапырақтары» сөзін сөз құрамына талда

  3. «Жарық» сөзіне фонетикалық талдау жаса.


ІV. ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақ тілін сауатты үйрету үшін, оқушыларға берілетін жазба жұмыстарын дұрыс жоспарлаудың маңызы зор. Өз жұмысымызда жазба жұмысының мына түрлерін кеңінен қолданамыз: жазбаша жаттығулар (қазақ тіліне тән дыбыстарға байланысты фонетикалық жаттығулар), қысқа мәтіндер (мысалы:” Қазақстан Республикасы”, “Мемлекеттік рәміздер”, “Астана қаласы”, “Менің отбасым” және т.б.), тапсырмалар, диктанттың түрлері (әріп, буын, сөз, сөйлем, терме, көру, өздік, сөздік, ескерту, түсіндірме, шығармашылық, еркін, бақылау диктанттары), жазбаша ойындар (дидактикалық ойындар: “Түсіп қалған әріпті тап”, “Дыбыстарды орнына қой”, “Шатасқан әріптер” және т.б.), іс-қағаздардың үлгілері (өтініш, қолхат, түсінік хат және т.б.).ъ


Жазба жұмыстарын жүргізу кезінде берілген жазба жұмыстар мен тапсырмалар өмірге сай болуын, адамдар арасындағы қарым-қатынасты, түсінік пен пікір алысуды қамтамасыз етуін, кейбір жұмыстардың алдын ала ауызша орындалып, үлгісін көрсетуді, берілген тапсырмалар жеңілден қиынға, аздан көпке қарай ауысып, барлық материалды түгел қамтуын; ұсынылған жұмыстар қателерді меңгеруге бағыттала отырып, оқушылардың үйрену дағдысын жетілдіруін, орындалу барысында сөздік қордың дамуына бағытталуын; жазба жұмыстары үдіксіз тексеріліп отыруын ескеріп отырамыз.

Жоғарыда аталған жұмыстарды жүйелі жүргізудің нәтижесінде оқушылардың білім сапасы жоғарылады, қазақ тілін үйренуге деген талпыныстары күшейді, жазба жұмысын сауатты жазуға деген сенімділік пайда болды.

Осылайша оқушылардың сапалы білім алуына, сауаттылығын арттыруға, олардың өзгермелі ортаға тез бейімделе отырып, өзіндік көзқарасын қалыптастыруға және өмірде аяғын нық басып, алдына мақсат қойып оны шешуге мүмкіндігі бар тұлғаны дамытуға жағдай туғызу кез келген ұстаздың басты міндеті деп білеміз.

Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жас­тары­мыз басымдық беретін межелердің қатар­ында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді [5].

Оқушылардың бойында жаза алмаймын деген қорқыныш болады. Осы қорқынышты жеңу үшін жазудың барлық адамның қолынан келетіндігін ұғындыра келе, сыныбы туралы жазуға, соңғы оқыған кітабы туралы, болмаса, атасы мен әжесінің өмірбаянын жазуды, не өзі құрметтейтін адамнан сұхбат алып, соны үй жұмысына  жазуға кеңес беремін. Жазба жұмысын тексермес  бұрын ұйымдастыру жұмыстарына баса назар аударамын.  Мәселен, жазба жұмысында қарындашты пайдалану өте маңызды. Олай дейтініміз, қарындаш оқушының қателігін өзі түзетуіне мүмкіндік береді. Сөйтіп оқушылар өзін-өзі бағалауы қалыптасады. Суммативті түрде  де бағаланады.

Жаңа әдіс-тәсілдерді ендіріп , дәстүрлі оқытудағы іс-әрекеттерді ұмытпаған жөн. Әдетте , ойлау механизмдерін оқушыларға үйреткенде жазбаша жұмыстарға уақыт аз қалып жатады , ал тіл сабақтарында мұғалім 4 бағытта жұмыс жасайды. Олар: жазу, оқу, тыңдау, сөйлеу. Тыңдау мен сөйлеу ойлаумен тығыз байланыста , бұл байланысты табу оңай . Ал енді жазу мен оқуды дамыту мақсатына жүйелі жұмыс жасағанда ғана пайдалы уақыт табуға болатын сияқты.