Файл: Таырыбы аза тілі сабатарында жазылым рекетін мегертуді тиімді жолдары Курсты жмысты мазмны.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 119

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Жазылымның физиологиялық ерекшелігі – жазу кезінде дене мүшелерінің қимыл-қозғалысын  дұрыс игеруді үйрету. Қолдың саусақтың іс-әрекеті, көз бен бастың қозғалысы, отырыстың пішіні т.б. – барлық адамның  физиологиялық  түр-тұрпатының алатын орны мен маңызы, қызметін ескеруді қажет етеді[3,112]. Жазылым әрекеті барысында оқушылар орындауға тиіс ережелерді мұғалім оқушыларға жазуға кіріспестен бұрын көрсетіп үйретеді. Мысалы: екі аяқ тік бұрыш қалыпта бүгіліп немесе жазылыңқырап еденге тіреліп арқаң тік тұрсын; жазғанда көкіректі партаға тақап тіремей, партаның шетінен 3 см алшақ  ұстап, түзу отыру керек. Оқушыларға «партада түзу отыр», «Қаламды дұрыс ұста» деген плакаттар сыныпта және дәптердің алғашқы бетінде болуы қажет. Себебі мұғалім алдымен осы суреттер арқылы оқушыларға ережені түсіндіреді және сурет арқылы түсіндірсе оқушы тез жаттығады.

  Бастауыш сынып оқушылары жазылым әрекетінде дыбыс таңбаларын дұрыс қолданып, көркем әрі сауатты жазумен біргежылдам әрі есте сақтап жазуға да үйренуі тиіс.

Қорыта айтқанда,  бастауыш сынып оқушыларының жазылым әрекеті неғұрлым сапалы әрі тез қалыптасса соғұрлым каллиграфиялық талапқа сай және сауатты жазуды  саналы меңгереді.



1.2 Қазақ тілі сабағындағы жазылым дағдыларын қалыптастыру жолдары

Білім берудегі 4 дағдының көздеген мақсаты әрбір тұлғаның жеке қабілеттерін ашып, өмірге бейім адамды қалыптастыру болса, соның ішінде жазылым дағдысының көтерер жүгі өте ауыр.

Жазылым дағдысы - тақырыпты аша білу, грамматикалық сауаттылық, өз ойын сын тұрғысынан дәлелдеу, қорытынды шешім шығарып, өз көзқарасын білдіру деңгейіне бағытталады.

Жазылым дағдыларын бағалау: шығармашылық бағыттағы сипаттау, баяндау (шағын әңгіме, эссе, қойылым сценарийі) және белгілі бір аудиторияға бағытталған дәлелді мәтіндер (үндеу хат, пікір, мақала, жарнама) жазу, (әңгіме, шығарма, эссе жазу, хат жазу, қорытынды шешім шығару, өз көзқарасын білдіру, цитатамен жұмыс.

Жазылым - төрт дағдының бірі және ол өнімді дағдылар қатарына жатады. Яғни өнімді дағды дегеніміз – тіл құбылыстары туралы ережелерге, модельдерге сүйене отырып сөйлеу немесе жазу. Жазылым түрлері: тізім жасау, құттықтау қағазы, электрондық хат, күнделік, хабарлама, әңгімелер, эссе және т.б.

Жазылым түрлерінің әрқайсысының өздеріне сай ерекшелігі болады. Ол жазылым түрлерінің құрылымына және мақсаты мен шешуі тиіс міндеттеріне байланысты болып келеді. Мысалы, жазу стил
інің деңгейлері: ресми (ғылыми, іс қағаздар стилі) және бейресми (ауызекі сөйлеу сөздері); жазуда мәтінді немесе ақпаратты жазудың өзіндік тәртіптері ақпараттарды орналастыру реті; мәтіннің ұйымдастырылуы.

Жазылым дағдысын қалыптастырудың бірнеше жолдары бар. Солардың ең бастылары - продуктивті жазылым және жазылым үдерісі.

Егер жазылымды үлгі беру арқылы үйретсек, мұны продуктивті жазылым деп атаймыз. Яғни мұғалімдер жазылым түрлерінің үлгісімен таныстырып, мәтінмен жұмыс жасатуы керек. Белгілі бір жазылым үлгісі оның мазмұнымен, лексикасымен, стилімен және құрылысымен таныс болуға көмектеседі. Сонымен қатар, үлгілер оқушыға қалай жазуы керек туралы идеяны да береді.

Ал егер мұғалім оқушыларға жазылымның барлық қадамдарымен жұмыс жасауды қамтамасыз етсе, бұл жазылым үдерісі деп аталады. Толығырақ айтқанда, жазылымды жоспарлаудан бастап, алғашқы нұсқасын жаздырту, түзету, тексеруге дейінгі оқушылардың әрекетін ұйымдастыру. Бұл оқушыларға жазылымның әртүрлі аспектілерімен әртүрлі уақытта жұмыс жасай білуге дағдыландырады. Мысалы, жоспарлау кезеңінде идеяларды ойлап табады және ұйымдастырады, алғашқы нұсқасын жазу кезеңінде өз ойларын жеткізу үшін қажетті сөздерді, сөйлем құрылымдарын іздейді, түзету және тексеру кезеңінде жазылымның ұйымдастырылуы, сауаттылығы, ондағы идеяларды бағалауға, яғни өз жұмысының артықшылығы мен кемшіліктері туралы ойлануға мүмкіндік береді.

Белгілі бір жазылымды толық орындау үшін бірнеше қадамдар жасалады:

 Әуелі жазылуы көзделген нәрсені анықтап алу;

 ойыңды дұрыс жеткізуді жоспарлау;

шимай нұсқасын (өзгертілуі мүмкін жазылым түрі) жазып көру

 түзету және редакциялау ( қателерді түзету және мазмұнын толықтыру)

 тексеріп шығу (сауаттылыққа тексеру және түзеу)

 дұрыс нұсқаны (екінші немес соңғы нұсқаны жазып шығу) жазу.

1.3 Жазылым әрекетінде ескеретін жайттар

Жазылым 4 дағдының ішінде оқушының нәтиже көрсететін, мұғалімнің өнім алатын дағдысы болып табылады. Кейбір оқушылар табиғатынан шапшаң болады да, тілді игеруде сөйлеуден, тыңдаудан ерекше қабілеттілік танытады. Ал, біреулері қабілеттері бола тұра  бетпе-бет сөйлесу мен тыңдауға келгенде қиындықтарға кездесіп жатады, яғни тым жай қабылдайды. Көптеген дерек көздеріне сүйенсек, жазылым дағдысы дәл осындай асықпай ойлап, баяу қимылдайтын оқушыларға лайықты дағды екендігі көрсетілген

1. Олар әр сөйлеміне баса мән беріп, ерекше идеяларын жинақтап баяндауға тырысады және бұл істе керемет шеберлік танытады. Алайда, бұл шапшаң оқушылардың жазылымды игеріп алды деген сөз емес. Ең басты нәрсе, оқушының осы дағдыны өмірде қолдана алуы, сол қажеттілікті мұғалімнің оқушы санасына жеткізе білуі.

Жазылым жұмысының сәтті шығуы ең алдымен сөздік қордың мол болуына тікелей байланысты. Сөздік қор оқылым арқылы келеді. Бұны  танымал адамдардың мынадай сөздері арқылы дәлелдеуге болады.

Жазушының көп уақыты оқумен өтеді2;

Жазушы бір кітап жазу үшін кітапхананың жарты бөлігін аралайды;

Көп оқитын адам ғана жақсы жаза алады. (Самуэл Джонсон)

Жазу құмырашының балшығы секілді пайдаға асқанша бірнеше түзетулерден өтеді. (Walsh)

Жазу- біздің ойымызды тілге аударушы. (Byren)

Мұғалім оқушыға жазуды үйретпес бұрын өзіне мына сұрақтарды қойған дұрыс деп ойлаймын:

  1. Оқушылардан не туралы жазуды сұрайсыз?

  2. Оқушыларға жазылым дағдысын қалай игертуге болады?

  3. Жазба жұмыстарын қалай түзетесіз?

  4. Жазуды үйретуде қандай қиындықтар кездесті?

Осы сұрақтарға жауап бергенде ғана жазылымдағы бағытын анықтай алады.

Оқушылар жазылым дағдысы бойынша мынадай жұмыстарды жаза алады:

Шағын өлең жолдары;

Шағын әңгіме;

Ашықхат (құттықтау);

Е-mail хаттар;

Диалогтер;

Қойылым сценарийлері;

Жарнамалар;

Газет-журналдарға мақалалар;

Пікірлер.

Оқиғаны аяқтау.

Эссе.

Бұл жазба жұмыстарын 5 бағытта топтастыруға болады: еркін жазу, әңгімелеу, сипаттау, түсіндіру, дәлелдеу.2

Көбінесе оқушылардың бойында жаза алмаймын деген қорқыныш болады. Осы қорқынышты жеңу үшін жазудың барлық адамның қолынан келетіндігін ұғындыра келе, сыныбы туралы жазуға, соңғы оқыған кітабы туралы, болмаса, атасы мен әжесінің өмірбаянын жазуды, не өзі құрметтейтін адамнан сұхбат алып, соны жазуға кеңес берген дұрыс. Жазба жұмысын бастамас бұрын әр мұғалім кейбір ұйымдастыру жұмыстарына баса назар аударса екен. Мәселен, жазба жұмысында қарындашты пайдалану өте маңызды. Олай дейтініміз, қарындаш оқушының қателігін өзі түзетуіне мүмкіндік береді. Сабақ басында қарындаштарды жазуда сәттілік тілеп, сыйға тартсаңыз, шығармашылығын арттыруға тағы бір қадам жасар едіңіз. Жай ғана сыйға тартпай, «қарындаш маған гүлдің жұпар исін, ағаштың самалын есіме салады2. Сіздердің жазған жұмыстарыңыз да табиғаттың осы бір ғажайыптарындай әдемі болады деп сенемін»,-десеңіз тіптен әсерлі болары сөзсіз.


Сондай-ақ, әр оқушының жеке артықшылығын құрметтеу; барлық оқушыға сенім артумен бірге, реалистік тұрғыдан артықшылығын біліп, қателіктерін қабылдай білуге, ары қарай өсуге итермелеу; жеткен жетістікті ретін тауып атап өту; жазуды күнделікті дағдыға айналдыру – осының бәрі мұғалімнің көрегендігінде.

Жазылым дағдысы қарапайым стратегиялардан бастау алады. Олар:

-шимай жазу;

-сызбалар түсіру;

-сөздерді құрастыру;

-белгілеу;

-көшіру;

Тапсырмаларды осы бағытта құрған мұғалім еш қателеспейді.


Оқушының жұмысына жазбаша бағаны қалай беру керек?

Оқушы үшін сіздің жазған пікіріңіз маңызды. Ол дәптерін ашқан кезде, әуелі қателігін емес, соңында жазылған сіздің пікіріңізді оқиды. Пән мұғалімінің әдеттегі жазбалары мынадай:

Жазуыңды түзе!

Сауатсыз жазылған.

Қателіктер өте көп.

Барлық жерде «ң» әрпін тастап кеткенсің.

Салмақты ой айтылмаған.

Мұндай пікір баланың жанын жаралайтыны сөзсіз. Бұдан соң оның жазба жұмысын жазуға деген ниеті де қалмайды. Ол бірден дәптерді жауып тастайды.

Оның орнына, мейлі жұмыс қателікке толы болсын, бір жақсы тұсын тауып алып, соған жақсы пікір білдіріп, оған ақылдасқандай кейіп танытсаңыз, оқушының сізге деген реніші болмайды. Қайта ол сол қателіктерді түзеуге кіріседі.

Мәселен, «Марат, жазуың моншақтай тізіліп тұр, менімен сырыңды бөліскеніңе үлкен рахмет»- дей келіп, «қорытындыңа тағы бір ойлар қоссаң қайтеді, әлде керек емес пе, мүмкін салыстырмалы түрде тағы бір мысал алсаң қалай болар екен» деген сыңайлы пікірлер балаға қанат бітіреді. Содан соң, жазба жұмысын қызыл қаламнан гөрі өзге түсті қаламмен тексерген жөн болар еді. Әлемдік тәжірибеде қызыл түс адамға кері әсерін тигізетінін айтады1.

ІІ-ТАРАУ

2.1 Жазылым әрекетінде әдіс-тәсілдерді қолдану

«Жазылым» термині «жазу» деген мағынаны емес, «жаза білу», «ойыңды басқа біреуге түсінікті болу үшін, қағаз бетінде сауатты жеткізе білу» дегенді білдіреді.

Осы жазылым дағдысын меңгеруде СТО технологиясының ұтымды жақтары мол деп ойлаймын. Осы бағытта қазақ тілін қосымша оқыту сабақтарына арнап, оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын арттыруға арналған мәтіндер бойынша сабақтар өткізудемін. Жазылым жұмысының сәтті шығуы ең алдымен сөздік қордың мол болуына тікелей байланысты. Сөздік қор оқылым арқылы келеді. Бұны  танымал адамдардың мынадай сөзі арқылы дәлелдеуге болады.

Жазу- біздің ойымызды тілге аударушы. (Byren)

Мәтінмен жұмыс барысында үлгірімі жақсы оқушылар, мәтінің мағынасын тез айқындап, жанындағы үлгірімі төмендеу серіктестеріне түсіндіріп  үлгіріп жатқанын да көрдім. Сабақтың келесі бөлімдерінде «суретті сөйлету» әдісін қолданғанымда, білімалушылардың сөйлеу шеберлігінің шыңдалып, сыни тұрғыдан ойлауға, сындарлы сөйлеуге уйреніп шығармашылық қабілетінің дамуына мол мүмкіндік бергенін де айтып өткім келеді.

Жаңа технологияны пайдаланудың тиімді тұстары: