Файл: Бастауышпен оштасу мерекесі Таырыбы Аттанды бала шатанболашаа.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 214

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бастауышпен қоштасу мерекесіТақырыбы: «Аттандық бала шақтан-болашаққа»Мақсаты:Оқушылардың 4 жыл бойы алған білімдері мен жетістіктерін ата –аналарға , ұстаздарға көрсету.Алған білімдерін өмірде пайдалана білуге үйрету. Ұстаздарға алғыс айту.Көрнекілігі: шарлар , слайд . нақыл сөздерБарысы:1-жүргізушіБұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,Жол табар қараңғыда адасқанда .Мал озбас біле білсең білім озар,Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы , тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған «Аттандық бала шақтан-болашаққа» атты мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!2-жүргізуші:Қош келіпсіздер , құрметті ата – аналар, қымбатты ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.1-жүргізуші:Бесіктегі баланың,Күлгенін көрген — бір мұрат.Алдына түсіп ананың.Жүргенін көрген- бір мұрат – дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!2-жүргізуші:Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз даМұндай күй болған сірә қаншаңыздаҚол соғып, қошеметтеп шақырайықТөртінші сыныптарды ортамызға!Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.Мұғалім: Сіздердің алдарыңызда тұрған 4- сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне , ес біліп, етек жиған шәкірт. Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап «Әліппемен қоштасу», «Тілашар» , дәстүрлі Наурыз тойлары , «Ханзадалар мен ханшайымдар» сайысы , «Алтын күз» мерекесі , «Анам екеуіміз», «Толағай» сияқты отбасылық сайыстар , мәнерлеп оқу сайыстары мен әртүрлі тақырыпта ұйымдастырылған көрмелер, сыныпаралық спорттық жарыстар, ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары балалардың есінде ұзақ сақталары сөзсіз.Армандасаң да , қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне , бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан ,өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына,ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.Олай болса оқушыларға сөз кезегін берейік!.
Слайд: «Мектептегі мерекелер»1-жүргізуші Иә, мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық1 оқушы : Ақнұр Мектеп деген білім кені , жыр кені,Мектеп деген ғылымның ең үлкені.Мектеп деген тәрбиеші адамға.Мектеп деген даналардың мекені.2 оқушы: Айсулу Мектебім- білім берер алтын ұям.Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.Баулыған 4 жыл бойы ата- анамдай.Әрқашан қасиетті атың маған.Арада өтсе дағы дүркіреп жыл ,Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.Өзіңе борыштармын өмір бойыЕсейген шәкіртіңнің серті деп біл.3 оқушы: Жәңгірхан Мектеп – кеме , білім – теңіз,Барар жерге тез жетеміз.Төрт жыл алған білім нәрін ,Азық етіп ер жетеміз.4 оқушы: Нұртас Мектебім- сүйікті мектебім,Бауырыңда түлеймін , көктеймін.Сен – бұлақ, мен- қайың бүр ашқан,Өзіңнен нәр алып көктедім.5 оқушы: Дина Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,Алтын ұя, ақ босаға киелі.Қанат қаққан білім алып өзіңнен,Күллі шәкірт саған басын иеді.6 оқушы: МұсаМектебім , алтын ұям , нұрың жарық,Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.7 оқушы:Арайлым Мектеп – үйім , ұстазым менің – ата- анам,Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам.Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек.Тамырланып , сан тарапқа тараған.8 оқушы: Ершат Армысың сен алтын ұя мектебім,Саған айтар жыр алғысым көп менің.Жүректерге жаққан білім шырағын,Мектебіме арналады бұл әнім Ән : «Мектебім аяулы мектебім»1-жүргізуші : « Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқандай , алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып , білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз- ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән -жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не білеміз?2-жүргізуші Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға , жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» — деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.1-жүргізуші Дұрыс айтасың ,Дильназ ,ғылым иесі ғалым да , ел қорғаған батыр да , тілінен бал тамған ақын да , тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі- бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.2-жүргізуші Иә ,Ертөре бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген екен. Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз!

9 оқушы: Махамбет Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,Бар асылын бізге жиып , мол береді.Қанатымен су себелеп асыл жан,Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.Тек үйреттің әділдікті , адалдықты,Жирендік , ажыраттық жамандықты.Жалғастырар ақ жолың сенің салған,Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.10 оқушы: Кәусәр Жарық күннен жылы жүзің елестер,Құлағымда өзің берген кеңестер.Жанарымда алыс тартқан қара жол,Көз жұмсам да көре тұғын белестер.Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай ,Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай?Мейірлене қарап қойып біздерге,Күн астынан сабақ беріп тұрғандай11 оқушы: Саят Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім,Басталған ақ батаңнан жас талабым.Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,Ұстаздың ұлағатынан басталарын.Мұғалім ұстазысың балалардың,Болашақ ғалымдардың , даналардың.Өмірде сенің алар орыныңа ,Бірі де жеткізе алмас бағалардың.12 оқушы: Дильназ Жаралған жақсы үмітпен мұраттардан ,Жансыз ғой әлдилеген шуақты арман.Жатталады жан жүректе есіміңіз,Анамның аяулы үні сияқтанған.Шәкірттер сіздерді айтып мақтанамыз,Бейнеңіз жүректерде сақталады.Біз әлі биіктерден көрінеміз,Үміт пен сеніміңіз ақталады .Ақнұр Зыр жүгіріп футбол қуып жүргенде Секір, жүгір шымыр болар денең деп Салауатты өмір салтын уағыздап Денемізді шынықтырған бар күш сапСамат ағайға мың алғыс!Ершат Орыс тілін үйренеміз, Әр сөзін біз меңгереміз. Мың алғыс айта отырып,Светлана апайға бас иеміз!Айсұлу Шәкіртін сүйген жұдырықтай жүрегіТым еңбекқор, жан-тәні де әдеміШет тілімен шәкірттерін қашан даГүлшат апай сусындатып жүредіДина Гүлзат апай саналады жеке-дараМектепте онсыз өтпес ешбір шараДеніңіз сау болсын деп тілейдіӘніңізді жаттаған әрбір балаМұса Өзін-өзі тану сабағыБіздерге қатты ұнадыГүлвира апай көп рахметҮйреткен бізге жақсыныАрайлым Мінезі жайлы, жайдарлы қызығасың, Кейде ашусыз мінезіне табынасың. Күліп жүрер үнемі Сәулет апай Бейнелеудің қыр-сырын ұғынарсың!1-жүргізуші Көрмеген артық сөйлеп, артық күліп, Шәкірттерін баулыды тәртіпті қып. Қоштасамыз біз бүгін ұстазбен Ұстаз әнін жаңғыртып айтып тұрып. Келесі тыңдайтын «Ұстазыма мың тағзым» атты әні барлық ұстаздарға арналады. ( Өлең аяқталғаннан кейін ұстаздарға сыйлықтар тапбысталады) 8 басшы , 6 мұғалім2-жүргізуші Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата- анамыз. Қатарымыздың теңі болып , тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы.
1-жүргізуші Иә , Дильназ дұрыс айтасың , біздің осындай үлкен азамат болғанымыз , сол кісілердің арқасы. Әнімізде , жырымызда , осында отырған ата-аналарымызға арналады.1-оқушы Әлішер Ыстық- ау кім- кімге де әке деген,Суыққа шалындырмай, мәпелеген.Өмірдің соқпағымен өрге тартып,Алдымен адам бол деп жетелеген.2 оқушы: Дина Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,Аумайсың жарығы мол ашық күннен.Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.Ақылды балаларың оны білген.3-оқушы Арайлым Дүниеге әкелген ,ол да сенің анашың,Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың.Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың,Мәпелеген баласын,аман болсын анашым!4 оқушы: Жәңгірхан Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,Болармын күні ертең- ақ мақтанышың.Білім алып, тер төгем , еңбек етем,-Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!Ән «Ай дидарлы анашым»2-жүргізуші Мың бұралса біз қарап тамсанайық,Сіздерге жақсылықпен жар салайық.Бишілерді сахнаға біз шақырып,Қол соғып, қошеметпен қарсы алайық – сыныбымыздың ұлдарын «Жүрегімнің есігін аш » биімен қарсы алаңыздыр1-жүргізуші Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,Болармын күні ертең мақтанышың.Білім алып, тер төгіп еңбек етем,Өздеріңнің сеніміңді ақтау үшін! –Бәріміз де бала болдық ,ақын да , күйші де , әнші де ,тіпті тележүргізуші де ұстаздан білім алған соң.Сонымен елестетейік отандық жұлдыздар бір мектепте оқыса қалай болар еді. Келесі тамашалайтындарыңыз «Отандық жұлдыздар бір мектепте оқыса » көрінісі1-жүргізуші ЕртөреРиза болшы ұстаз қауым ардақты,Шәкірт жүрек сізге арнау арнапты.Жылдар жылжып, айлар зулап өтсе де,Бастауышты орта буын жалғапты. Осы әнді барлық бастауыш сыныпта білім берген пән мұғалімдеріне арнаймыз. Бейсенбек Дильназ бен Дастанқызы Кәусәрдің орындауында «Бастауышпен қошатасатын кез келді» әнін тамашалаңыздар.1-жүргізуші Мың бұралса біз қарап тамсанайық,Сіздерге жақсылықпен жар салайық.Бишілерді сахнаға біз шақырып,Қол соғып, қошеметпен қарсы алайық – сыныбымыздың қыздарын « Қызбала гүл » биімен қарсы алаңыздыр2-жүргізуші Дильназ Бастауышым – балқұрағым, Лаулап жансын шам-шырағың. Өзің берген біліміңмен Самғап ұшты тау қыраным. Серікжан Ертөренің орындауындағы « » әнін қабыл алыңыздар1-жүргізуші Мектеп - деген білім кені , жыр кені,Мектеп - деген ғылымның ең үлкені.Мектеп - деген тәрбиеші адамға.Мектеп - деген даналардың мекені- келесі «мектепің қызықты сәттері» атты көріністі тамашалаңыздар.
2-жүргізуші Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?Мектебімде алаулаған жыр жалынКетер мәңгі сөнбей талай жылдарға – Балхаш Саяттың орындауындағы «Қимай тұрмын» әнін қабыл алыңыздарБүгінгі біздің бастауышпен қоштасу ертеңгілігіміз аяяқталды , көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!Іс келгенде алдынаЖан салмайтын қызымызЕр мінезді, көріктіКәусәр біздің ержүрекАтыңнан айналайын Саят дегенСенің жақсы ісіңе баға беремЖеңіс туын тігерсің болашақтаҮміті зор осы сыныптың саған дегенАйсұлу деген қызымызҚатысқан талай сайысқаТамылжытып ән айтыпЖеткен талай табысқаҮндемей бәрін тындырғанСыныптың салмақты қызысыңЖымиып күлген күлкісіАрайлымның тұйық мінезі-айБілімді, ақылдысы сыныптағыТалай қиын есепті құрықтадыМахамбеттің алдында талай іс тұрБолашақта жандырар үміт оттыӨзі ұялшақ үндемесМінезіне ешкім тең келмесҮндемес қыз ДинағаСыныпта ешкім тең келмесАру қызы қазақтыңМектептің бір озатыКелбеті де сымбаттыГүлім біздің ибалыОн саусағынан өнер тамғанЕсепті де жаңғақша шаққанСуретшіміз кішкентайБекзат келді ортағаБарлық істе алда жүретінӘн, айтып, биде билейтінСыныптың белсенді аруыДиана өнерлі қызымызМатематика елінде жан салмайтынЖауабын табар талай сұрақтыңСыныбының атақты белсендісіАрғын келеді арамызға күлімдепЕр жігіті қазақтыңЕркесі Ақжол бір үйдіңАдалдықты жаны сүйген қашаннанБекзат та бар қатарынан қалмағанЕр жігіті елімніңТұлғасы көкте самғағанҚатысқан талай жарысқаСпортшы Елдар сахнада 4 «а сынып жетекшісі Құралай БақытқызыСабыр берген салмақтыАқыл берген ардақтыАлдиярдай балағаБілім берген жан-жақтыДараласа әкесі, аялаған анасыӘн де, би де, өнер деБір өзінен табылғанАяулымға қарашыТақылдаған таңдайыңЖарқырап атқан таңдайсыңТаңшолпан атыңа сай бол болыпЖарқырасын маңдайыңМықты, күшті НұрболатӘлсіздерді шиырғанБала мінез МейіржанӨзі сондай мейірбанТүрлі-түсті бояуменӨрнектейтін әр істіЕршатымыз сыныптыңСуретшінің нақ өзіМың салса бір баспайтынЕш уақытта аспайтынАяжан мен СеріктейСыныпты алға бастайтын