ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 222
Скачиваний: 2
Егер науқас ес-түссіз болған жағдайда ауыз қуысының күтімін күндіз және түнде де әрбір 2 сағат сайын жүргіземіз. Еріндердің кебуінің және хейлиттің алдын алу мақсатында ерінге фурациллин ертіндісіне малынған (1:5000) дәке майлығын салып қоямыз Құлақ күтіміCare of earСау құлақты күту оны үнемі жылы сабынды сумен жуумен жүзеге асырылады. Құлақты үшкір заттармен тазалауға болмайды (оның ішінде сіріңке шиімен) себебі құлақ жарғағын немесе есту түтігінің қабырғасын жарақаттауы мүмкін. Науқастың сыртқы есту жолдарын құлақ тығындары толып қалмау үшін аптасына 2-3 рет тазалап отыру қажет. Құлаққа тамшы тамызуЖабдықтар: пипетка, құлақ тамшылары құйылған құты, стерильді мақта.Емшараны орындау:
-
Тамшыны адамның дене температурасына дейін жылыту. -
Науқастың басын дәрі тамызатын құлаққа қарама-қарсы бұру. -
Пипеткаға қажетті мөлшерде тамшы сору. -
Сол қолмен науқастың құлақ қалқанын артқы және жоғары қаратып тарту, ал оң қолмен есту жолдарына пипеткамен тамшы тамызу. -
15-20 минут пациент осы қалыпта жата тұру қажет(сұйықтық құлақтан ағып кетпеу үшін) -
Сыртқы есту жолына мақта тампонын тығындау.
-
Бездердің күшті жұмыс істеуінен құлық көп мөлшерде бөлінеді. -
Құлақ түтігінің құрылысы – тар немесе иілген. -
Мақталы таяқша, есту аппараттары, құлаққа киетін құрылғылардан ішкі есту түтігінің терісінің зақымдалуы. -
Басынан кешкен аурулар – отит, синуситтер. -
Үнемі шаңдатылған орындарда болу.
Өзін күте алатын науқастар мұрын қусын өздері күтеді. Жағдайы ауыр және төсектежатқан науқастардың мұрын қуысында тыныс алуды нашарлататын және жағдайын ауырлататын шаң, кір жиналады, сондықтан мұрын қуысына күтімді бекеттегі мейірбике жүргізеді. КөзкүтіміCare of the eyeЖүретіннауқастартаңертеңөздеріжуынады. Жағдайауырнауқастардыңкөзінкүтуасамаңызды. Егернауқастыңкөзіненкірпіктерінжабыстыратыніріңдібөліністербөлінсеонызарарсыздандырылғанмақталынемеседәкелітампондардыдезинфекциялықерітіндіге (фурацилинерітіндісі 1:2000, риванол) малыпсүртеді. Әркөздібөлектампондарменкірпіктерінжәнеқабақтарынкөздіңсыртқыбұрышынанішінеқарайбағыттапсүртеді. Көзінжуғансұйықтықағуүшіннауқасөзіиегініңастынаастаушаұстаптұрады. Көзді 4-5 реттампондардыауыстырыпсүртеді. Емшараныңсоңынанаққанерітіндініқұрғақтамондарменқұрғатыпсүртеді. Көздеқабынуүрдістеріболсадәрілікзаттардыкөзгетамызадынемесекөзгеарналғанжақпалардыжағады. КөзгетамшытамызуDrop to the eye eyedropsЕмшараны орындау:
-
Қолды жуу, қолғап кию. -
Пациентті отырғызу немесе жатқызу, басын шалқайтып көзін жоғары қаратуын өтіну. -
Сол қолдың үлкен саусағымен мақталы тампонды қысып ұстау, төменгі қабақты төмен тарту, сол қолдың сұқ саусағымен жоғарғы қабақты ұстап тұру. -
Пипетканың ұшын кірпікке және қабаққа тигізбей (пипетканы көзден 1,5 см алыста ұстау), 1 тамшы ерітіндіні қабақпен көз алмасының арасындағы кеңістікке көз саңылауының ішкі бұрышынан 1 см қашықтықта тамызады. -
Көзден аққан көз тамшыларын құрғақ тампонмен құрғатып сүрту. -
Көз тамшыларын екінші көзге осындай реттілікпен тамызу. -
Пипетканы залалсыздандырылған ерітіндісі бар ыдысқа салу.
-
Қолды жуу, қолғап кию. -
Пациентті отырғызу немесе жатқызу, басын шалқайтып көзін жоғары қаратуын өтіну. -
Жақпаны күрекшемен зарарсыздандырылған шыны таяқшаға жағу. -
Үлкен саусақпен науқастың төменгі қабағын төмен тарту. -
Күрекшені қабаққа параллельді ұстап күрекшенің ұшындағы жақпаны көз алмасының төменгі жағына жағу. Кейде жақпаны тікелей тюбиктен қысып жағуға болады. -
Көзді жұмғызып сыртынан жайлап уқалау арқылы жақпаны жаю. -
Артық жақпаны мақта шаригімен сүрту. -
Қолғапты шешіп, қолды жуу.
Шаш күтіміCare of hairШаш күтімі кезінде науқастардың шаштарында қайызғақ болмауын қадағалаған жөн. Бұл үшін аптасына бір рет шампунмен және иіс сабынмен басты жуу керек. Ауыр науқастардың басын төсекте жатқан жерінде жуады. Бұл үшін легенді төсектің бас жағына қойып, науқастың басын оның үстіне шалқайтады. Сабындаған кезде (сабынды көбікпен) бастың терісін жақсылап үйкелеген жөн, содан кейін шашты шаяды, құрғатып сүртеді және тарайды. Басты жуғаннан кейін салқын тимес үшін орамалмен немесе байлауышпен байлайды. Шашты күнделікті тарап отыру керек.Бұл үшін жеке-дара кішкентай жиі тісті тарақ қолданылады. Сірке суы ерітіндісіне салынған кішкентай жиі тарақ қайызғак пен кірді жақсы алады. Кішкентай жиі тарақты таза ұстап, спиртпен сүртіп отырған жөн. Тарақтар мен кішкентай жиі тарақтар дербес болуы қажет. Науқастарды жуындырғаннан кейін кіші медқызметкер олардың аяқ-қолдарының тырнақтарын алады немесе алуға көмектеседі.Жағдай ауыр науқастарды күту бойынша заманауй технологиялар пациенттің жағдайын және медициналық емшараларды орындауды едәуір жеңілдетеді.Пациенттің басын жуу бойынша осындай әдістерді қолдану сусыз арнайы сусабындарды қолданумен жүзеге асырылады. Сусабынның құрамында бас терісін және шашты тазартатын белсенді заттар бар. Бұл сусабынды шашқа жаққаннан кейін 2-3 минуттан соң ерітіліп оңай сүртіледі. Осыдан соң шашты құрғақ сүлгімен сүртеді.Бұдан басқа су қолдану арқылы төсекте басты жууға арналған арнайы үрленген қауызшалар бар. Қауызшалар тез үрленеді пациенттің басын бір қалыпты ұстап тұрады, иыққа күш түсірмейді, оның мойынға арналған арнайы ойығы бар.Аяқ күтіміCare of footНауқас аяғын төсекке шараны қою арқылы аптасына 1-2 рет жуады (егер науқас отыра алмаса). Аяқты қылшақты пайдалану арқылы, ал тырнақ астын арнайы тырнақ тазалағышпен өңдейді. Қажет жағдайда тырнақты алып тастайды (тым қысқа емес). Қанағаттанарлық жағдайда науқас гигиеналық
ваннаны жартылай отырып алады, суға кеудесінің жоғарғы бөлігіне дейін батып тұрады. Су температурасы 36-380С болуы керек, ұзақтығы – 30 минуттан аспайды.
Қатаң төсек режимінде аяқты аптасына үш рет жуады, шараны төсек жиегіне қояды. Аяқ микозының алдын алу үшін науқас аяқ киімін дезинфицирлеп, науқас туыстарының оны кимеуін қадағалау қажет.
Тырнақ күтімі
Care of nails
Он күн сайын гигиеналық іс-шараларға науқастың аяқ-қолының тырнақтарын алу кіреді. Тырнақ күтімін ұқыпты жүргізу қажет, себебі жарақат тырнақ ойысының зақымдалуына әкеліп әрі қарай инфицирленуді дамытады. Тырнақты негізіне дейін алу дұрыс емес, әйтпесе теріні зақымдаймыз. Қол және аяқ тырнақтарын алмас бұрын 5 минутқа жылы суға саламыз. Қантты диабетпен, гемиплегиямен және т.б. терінің сезімталдығынығ т
өмендеуімен жүретін аурулармен ауыратын науқастардың тырнағын алғанда аса ұқыпты б
олу керек.
Қария адамдардың тырнағы
Тырнақты алу
Қажетті жабдықтар:
-
Резенкелі қолғап -
Тырнақ алуға арналған қайшылар және қысқыштар -
Жылы су, сусабын, аяқққа және қолға арналған иісмай, спирт (70%). -
Суға арналған шара және астауша, сүлгі