Файл: Ауыз уысы ктімі Care for the oral cavity.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 67

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Стационарда жағдайы ауыр науқастардың күтім іс-шарасының ең міндетті және күрделісі, бұл төсек жаймасын ауыстыру. Қозғалуға тыйым салынған жағдайы ауыр науқастардың төсек жаймасын ауыстыру өте сақтықпен орындалып, жақсы көңіл-күйге және терінің инфицирленуінің қаупін алдын алуға, ойық жараның дамымауына әрекет етуі керек.

Төсек – жаймасын ауыстырудың бірнеше әдістері бар, бірақ күнделікті тәжірибеде көлденеңнен және ұзына бойлай ауыстыру кең қолданылады.

Ұзына бойлай ауыстыру әдісі төсекте белсенді қимыл жасауға және аунауға рұқсат етілген науқастарда төсек-жаймасын ауыстыру кезінде қолданады (сурет 57 а).

Көлденең ауыстыру әдісі науқасты бүйіріне ауыстыруға болмайтын кезде, бірақ денесінің жоғарғы жағын көтеруге болатын кезде қолданылады (сурет 57 б).

Сурет 57.

Жағдайы ауыр науқастың төсек-жаймасын ауыстыру

а – ұзына бойлай ауыстыпу әдісі, б – көлденеңнен ауыстыру әдісі

Пациентке төсек-орынды әзірлеу.

Пациенттің төсегін әзірлеу:

Әзірлеңіз:

- кереуетті, матрасты, матрастың тысын;

- жайманы, жастықты, жастықтың тысын;

- көрпе, зарарсыздандыру ерітіндісі, шүберек, орамал, клеенка

Іс -әрекеттер:

  1. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

  2. Зарарсыздандыру ерітіндісіне батырылған шүберекті алып, кереуетті 2 рет /арасына 15минут үзіліс салып/ сүртіңіз.

  3. Матрастың тысын кигізіңіз.

  4. Оны кереуеттің торының үстіне салып, ұзына бойы клеенка төсеңіз.

  5. Оның үстіне жайма жайып, оны матрастың астына салып, бекітіп тегістеңіз.

  6. Жастықпен көрпеге тысын кигізіңіз

Науқасты қараған дәрігердің ұйғарымы бойынша науқас бөлімшеге бақылаушы мейірбике күтіп алады, онымен және оның сырқатнамасымен танысады, оған палатаны, санитарлық және басқа бөлмелерді көрсетеді, бөлімше тәртібі туралы айтады. Содан кейін мейірбике түскен науқас туралы дәрігерге баяндайды және сырқатнаманы береді. Науқастың жағдайына байланысты дәрігер оны бірден немесе аралау кезінде қарайды, қосымша тағайындаулар жасайды.

2.3. Жағдайы ауыр науқастардың киімін ауыстыру

Егер науқас толық болса немесе толығымен қозғалмаса, киімін жалғыз ауыстыру қиындық тудырады және мейірбике денсаулығына қауіпті. Бұл жағдайда киімді ауыстыру көмекшінің қатысуымен жүргізіледі. Науқас киімін ауыстырар алдында таза киім жиынтығын дайындап аламыз, қолданылған заттарды салатын қапты және медициналық қолғапты дайындаймыз. Таза жейде науқас көлемінен бір көлемге үлкен болуы тиіс (сурет 58).




Дәрет ыдысын беру

Өзін күте алатын науқастар жылы сабынды сумен таңертең және кешке өздері дәрет алады. Жағдай ауыр және ұзақ уақыт төсекте жатқан гигеналық тазалық жүргізе алмайтын науқастарды тәулігіне 2 рет жуындыру керек. Зәрін және үлкен дәретін ұстай алмайтын науқастарды тері ойылуларының және теріге инфекцияның түсуін алдын-алу мақсатында кіші және үлкен дәретке отырған сайын жуындыру керек. Семіз адамдардың тері қатпарлары қажалғанда теріге сеппе себеді, ал құрғаған жағдайда ылғалдандыратын жақпалар жағады. Шат аралығын және жыныс мүшелерін күту емшарасын науқас палатасында ыңғайлы жағдайда жүргізіледі, ол үшін емшараны орындау кезінде палатадағы басқа науқастардың шығып тұруын өтінеді немесе ширма қойылады. Медициналық құрылғылардан Эсмарх түтігі қолданылады.

Эсмарх түтігі бірден екі литр көлемде сұйықтық құйылатын жұмсақ түтікшесі және қысқышы бар резеңкелі түтік. Оның құрамына ұштықтар (жұмсақ және қатты) және реттеуге қажетті бұрғы кіреді. Бір рет қолданатын Эсмарх түтікшесінде салынатын ұштықтар болмайды, оның қызметін силиконмен майланған түтікшенің дөңгеленген дистальды ұшы атқарады, ол қажетті тереңдікке ауырсынусыз және жеңіл енуді қамтамасыз етеді.

Судно және зәр қабылдағышты қолдану

Жағдайы ауыр және операциядан кейінгі пациенттер физиологиялық қажеттіліктерді жатқан қалпында жүзеге асырады. Ішекті босату мақсатында төсекте судно, ал зәр шығару кезінде зәр қабылдағыш беріледі. Әйелдерге зәр шығару кезінде судно, ал ер адамдарға үйрек тәрізді шыны ыдыс беріледі.

Зәр қабылдағыш және судно науқасқа жылы күйінде беріледі, дәретке отырғаннан кейін оларды босатып тазартады.

Медициналық судно әртүрлі материалдардан жасалынады: эмальмен қапталған металлдан, фаянстан, резеңкеден, пластикадан. Пішіні бойынша барлық судналар бір-біріне ұқсас- тегістелген домалақ пішінді, биіктігі шамалы, ортасында сопақ тесігі бар, қақпағы жабылатын, бүйірінде ішіндегісін төгуге арналған ойығы бар.

Металлды суднаның көлемі үлкен, ұзақ мерзімге қолдануға жарамды және залалсыздандыруға қолайлы (сурет 79 а).

Үрлемелі резеңкелі судноның сипаты: көлемі кішірек, көп қолданғанда өзінің беріктік қасиетін жоғалтады, пациенттің астынан алып шыққанда ішіндегі зәр төгіліп қалуы мүмкін. Дегенмен ұзақ жылдар бойы жағдайы ауыр науқастарда тері ойылуының алдын-алу мақсатында қолданылды (сурет 79 б).



Соңғы жылдары пластикті судна қолданылады, олар өте жеңіл, залалсыздандыруға ыңғайлы және «жылы материал» әсері бар, яғни п ациенттің терісіне тигенде тез жылынады.




Сурет 79.

Науқастарға арналған судналар

а – металлды, б – резеңкелі, в – пластикті

Зәр қабылдағыштар сопақ пішінді, созыңқы тесігі бар металл және шыныдан жасалған түтік тәрізді ыдыс. Түтіктің пішіні арқылы әйелдерге және еркектерге арналған болып ерекшеленеді (сурет 80 а, б). Соңғы жылдары бір рет қолданатын зәр қабылдағыштар жиі қолданылады





Сурет 80. Зәр қабылдағыштар

а – еркектерге арналған, б – әйелдерге арналған, в – бір рет қолданылатын

Шап аралығын және жыныс мүшелерін күту

Санитарлы емшараны орындауды бастау алдында науқастың кереуетін ширмамен жабады. Судно және зәрқабылдағышпен барлық емшараны қолғап киіп орындайды (сурет 81).



Сурет 81

Пациентке судно беру

Емшараны орындау:

  1. Науқастың жамбасының астына жайма төсейді.

  2. Суднаны жылы сумен шайып, онда шамалы су қалдырады.

  3. Науқастың сегізкөзінің астына абайлап қолды бағыттап баяу жамбасын көтереді, бұл кезде пациенттің аяғы тізе буынына бүгіледі.

  4. Судноның жіңішке бөлігі сегізкөздің астына, шат аралығы судно тесігінің үстіне қаратып қойылады.

  5. Пациентің үстіне көрпе жабу.

6. Дәретке отырғаннан кейін науқастың шат аралығын жуу.

7. Судноны және жайманы алу.

8. Судноны төгіп, залалсыздандыру.
Зәрқабылдағышты беру емшарасы осылай жүргізіледі, он пациенттің аяқтарының арасына қойып ұшын зәр шығару түтігіне жалғайды (еркектердің жаныс мүшесіне түтікше кигізіледі). Зәрін ұстай алмайтын еркектерге катетер және зәр жинайтын қап қолданған ыңғайлы (сурет 82).


Жабдықтар: зәрқабылдағыш, зәрге арналған контейнер, жалғайтын түтікше, қолғап, салфеткалар, антисептикалық ерітінді, клеенка, жайма.

Емшараны орындау:

  1. Пациенттен жамбасын көтеруді өтіну және жамбасының астына жайма және клеенка төсеу.

  2. Пациенттен тізе буынын бүгіп аяғының арасын ашуды өтіну.

  3. Пациентті жуындыру.

  4. Зәрқабылдағыштың қорабын ашу.

  5. Сол қолмен жыныс мүшесін ұстап, оң қолмен зәрқабылдағыштың қатты бөлігінен ұстау. 

  6. Зәрқабылдағышты жыныс мүшесінің басына кигізу.

  7. Зәрқабылдағышты жазу және оны жыныс мүшесіне бекіту.

  8. Зәрқабылдағышқа түтікшені енгізу, оның ұшын зәр жинауға арналған контейнерге жалғау.

  9. К онтейнерді кереуетке немесе пациенттің аяғына бекіту.

Сурет 82

Зәрқабылдағышты қолдану техникасы

Заманауй зәрқабылдағыштар қоршаған ортаға еш байқалмайтындай етіп жасалынған. Олардың пішіні жалпақ, олар иісті өткізбейді, сықырламайды және тіпті киімнің астынан көрінбейді. Қажет болған жағдайда шешілетін зәрқабылдағышты пациенттің беліне бекітуге немесе киімнің ішкі жағындағы үлкен қалтаға салып қоюға болады.
Заманауй технология дымқыл антибактериальды немесе дезинфекциялық ерітінді сіңірілген салфеткаларды қолдануды ұсынады. Салфеткалық өңдеуді толық жүргізеді: тазартады, ылғалдандырады, теріге жағымды иіс береді, сонымен қатар жуғаннан кейін шаюды қажет етпейді. Науқасқа дұрыс күтім жүргізу оның жазылу үрдісін жылдамдатып қана қоймай сонымен қатар ауыр жағдайларда пайда болатын асқыныстардың алдын-алады. Ал керісінше күтімді дұрыс ұйымдастырмау, дәрігердің тағайындауын дұрыс орындамау науқастың жазылу үрдісін баяулатады, тіпті жағдайын нашарлатуы да мүмкін.

Науқасты күтуді дұрыс ұйымдастыру үшін күтетін адам арнайы білім мен тәжірибемен қатар нақты моральды-психологиялық сапаны меңгеру қажет, себебі науқастың көңіл-күйі және тілегі жазылу үрдісіне маңызды әсерін тигізеді. Дегенмен, жақсы көңіл-күй және және оптимизм жақсы өмірге қарағанда сырқаттану кезінде оңайға соқпайды, сондықтан күтуші адам барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып тыныш атмосфераны орната білуі керек. Комфорт атмосферасын туғызуда науқастың айналасындағы барлық заттар қатысады: жиһаздар, жарық, төсек жаймасы, гигиена құралдары (клеенка, судно, жайма және памперстер). Науқастың жазылуына өзі жатқан орынның гигиеналық жағдайы, күн тәртібі маңызды әсер етеді және олардың барлығын ұйымдастыру күтушінің міндетіне кіреді. Сонымен қатар ұсынылған диетаны сақтап тамақтандыру және дәрігер тағайындаған тамақтану ерекшелігі де жатады.