Файл: 1. 1 азамыс корпорациясы жшс нысандарын туралы толы апарат.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 50

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

1.1 «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС нысандарын туралы толық ақпарат
Қазақмыс –  Қазақстандағы ең алып мыс өндіруші, табиғи ресурстарды өндіру және өңдеу бойынша  жетекші халықаралық компания. Мыс  өндірісі  кенді  өндіруден  бастап, соңғы  өнім - катодты  мыс  пен мыс  сымдарды шығарғанға  дейін  толығымен  біріктірілген.

Негізгі  қызмет  түрлері

«Қазақмыс»  табиғи  пайдалы  қазбаларды  іздеу,  барлау,  өндіру,  байыту, өңдеу жұмыстарын жүргізеді және мыс пен басқа да пайдалы қазбаларды  экспорттайды. Компания  катодты  мыс  өндіруден  бөлек, алтын және күміс құймаларын, күкірт қышқылын, мыстың теллурит  және  селен  түрлерін, қорғасын  тозаңын шығарады.

Қазақмыс корпорациясы» ЖШС: 

«Жезқазғантүстіметалл» ӨБ;  Жезқазған  және Жыланды  тобы және Жаман Айбат кен  орындарын өңдеумен  айналысады.

«Балқаштүстіметалл» ӨБ: Шатыркөл, Қоңырат, Саяқ,Тастау, Солтүстік Николаевск,Белоусов  кен  орындарын  өңдеумен айналысады.

«Қарағандытүстіметалл» ӨБ;  Нұрқазған, Абыз, Ақбастау және  Құсмұрын  кен  орындарын өңдеумен айналысады.

Байыту фабрикалары- Сәтбаев, Жезқазған № 1,2, Балқаш, Нұрқазған, Қарағайлы.

«Sayk-4 Project» ЖШС, Саяқ-4 кен орнын өңдейді.

«Анисимов ключ Project» ЖШС, Анисимов ключ кен орнын өңдейді.

«Айдарлы Project» ЖШС, Айдарлы кен орнын өңдейді.

«Жанашыр Project» ЖШС, Жайсаң кен орнын өңдейді.

«Kazakhmys Coal» ЖШС, «Молодежный» көмір разрезін және  «Қушоқы» көмір разрезін өңдейді.

«Kazakhmys Energy» ЖШС:

Балқаш  ЖЭО.

Жезқазған  ЖЭО.

БТЭС.

 «Kazakhmys Smelting» ЖШС:

Жезқазған мыс балқыту зауыты.

Балқаш мыс балқыту зауыты.

Мыс сымдар зауыты.

«Қазақмыс» пайдалы қазбаларды өңдеу саласында және кен орындарында Бөрлі, Жоғары бьеф, Эскула жер асты суларын жинап, пайдалануда  тәжірибесі мол компания. Корпорация заңды тұлға болып есептеледі және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүргізеді. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақты.

«
Қазақмыс корпорациясы» ЖШС  «Kazakhmys» Тобына жатады. Минералды-шикізат базасын нығайту және қамтамасыз ету мақсатында барлау жұмыстарын жүргізу үшін топ құрамынан   «Kazakhmys Barlau» ЖШС компаниясы құрылды. Қазіргі таңда «Қазақмыс корпорациясы»  жер қойнауын пайдалану туралы 30 дан астам келісімшарттың негізінде пайдалы қазбаларды барлау және өндіру жұмыстарын жүргізуде.

1.2 Жұмысшылардың қызметтік инструкциясы

Қаyіпсіздік және еңбекті қорғаy-мемлекет, жумыс беруші,жұмысшылар тарапынан өзіне тұрақты көңіл бөлуді талап ететін маңызды әлеуметтік экономикальқ мәселе болып табылады.Еңбекті қорғаудың қалыптасуының мақсаты -жұмысшылардың денсаулығын және өмірін сақтаy.Адамдар - ең құнды ресурс болып табылады, сондықтан адам өміріне қамқорлық жасау және сақтау кәсіпорынның жұмыс берушілерінің(басшыларының), барлық меншік иесі нысандарының ұйымдарының басты міндеті болып табылады. Еңбекті қорғаудың жоғары деңгейі – адам денсаулығының және өміpінің сенімді кепілі.Hұсқаулық Қазақмыс ЖШС-нің барлык қызметкерлеріне лауазымына мамандығына жане орындалатын жұмыстардың қарамастан қолданылады. Кіріспе нұсқау алған,емтихан тапсырған, кәсіби дағдыларыбар, қауіпсіз әдістермен және жұмыс әдістерімен оқытылған және белгіленген үлгідегі жұмысқа тиісті рұқаты бар адамдарға руқсат етіледі.

Өз бетімен жұмыска кабылдау жұмыс орнындағы еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтан кейін жүргізіледі.Нұсқау талаптары:Директордың бүйрығымен бекітілген iшкі тәртіп ережелерін сақтаңыз,директормен бекітілген ережелер мен нұскаулықтар кәсіпорын үшін немесе осы мамандық үшін белгіленген мерзімде жұмыс орнында еңбек қорғау туралы унемі нұсқаулар алыңыз.Әр жыл сайын орындалатын жұмыстарға қатысты қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулықтарды білу үшін үшін емтихан тапсырады.

Осы мамандық бойынша белгіленген мерзімде медициналық тексеруден өту;Еңбекті қорғау туралы барлық нұсқаулықтар мен ережелердің талаптарын сақтаңыз (өндірістік және технологияльқ нұсқаулар);Өрт және электр қауіпсіздігініңталаптарын орындау;Оқыс оқиға кезінде апат болған жағдайда зардап шегушілерге алғашқы көмек көрсетуге және қажет болған жағдайда дереу басшыға хабарлау.Осы нұсқаулықтың талаптарын орындамау және Қазақмыс ЖШС қолданыстағы өзгеде нормативтік-құқықтық актілер өндіріс тәртібін бұзушы болып табылады.
1.3 Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі бойынша нұсқауы

Қауіпсіздік техникасы

Қайғылы  жағдай  санын 0-ге  жеткізу үшін қауіпсіздік  шараларын  бұлжытпай  орындау  қажетү

Өліммен аяқталған  қайғылы  оқиға  санын  0-ге  жеткізу, жарақт  алуды  азайту, кәсіби сырқатпен  ауыратындар  санын  азайтып,  бұл көрсеткіштен  әлемдегі  озық компаниялар санатына  жету- Қазақмыс компаниясының  басты  мақсаттарының бірі. 



 

 Бұл  мақсатқа  алдағы  2017-жылдары  кәсіпорынның  барлық  салаларында, өндірістік   және еңбек қауіпсіздігін толық  сақтауға  жету  үшін   тұрақты  жұмыс атқаратын  басқару  жүйесін  құру  (ӨҚ және ЕҚ)    және  жұмыскерлерді  қауіпсіздік  шараларын  сақтауға  тәрбиелеу арқылы  жету көзделуде. Ал, бұл  үшін «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің  ӨҚ және ЕҚсаласындағы  стратегиялық шараларын  сақтау керек.

 Биылғы  жылы  осы  стратегиялық  жоспардың алғашқы  үш жылдық кезеңі  аяқталады. Бұл кезең  ұйымдастырушылық, техникалық, қаржылық,еңбек, ақпараттық  және  басқа  да  ресурстардың  топтасып бірігуін,  қайғылы  оқиғалар  мен  апаттардың алдын-алуға, ауыр  жарақат  алатын  бірінші  және  екінші  дәрежелі  жарақаттар  санын  азайтуды көздейтін  іс-шаралар мен  бағдарламаларды  қарастырды.

   Орындалуына  2016 - 2017 жылдар   белгіленген екінші  кезең болса,  ауыр  жарақат  пен өлім жағдайына  жеткізетін, сол  сияқты  үшінші  дәрежелі  оқиғаларды  болдырмау үшін қол  жеткен жетістіктерді  қолдап,  жоспарланған  шаралар  мен  бағдарламаларды  бекітуге  арналған. Ал, стратегиялық  жоспар   негізінен  алты  қағиданы  ұстанады.

 Жауапкершілік  қағидасы – корпорацияның  ең  үлкен  байлығы жалпы  мақсатқа  жету  жолында  жұмылдырылыған адамдар. Олардың  өмірі  мен  денсаулығы – компания  басымды жауапкершілігінде, әрі  еңбек  өнімділігінің  маңызды  құрамы.

   Адам  өліміне  соқтыратын апатты  жағдайларды  болдырмау деңгейін «нөлге» жеткізу қағидасы үшін, өндіріпен  байланысты осындай  оқиғаларды  болдырмауға  барлық  күш-жігерді,  жұмсауды   қажет етеді.

  Асқан  белсенділік  қағидасы- корпорацияның  адам  өмірі  мен 

денсаулығына зиян келтіретін  барлық оқиғалардың  алдын-алу  мен  алдын-ала  ескертуге мүдделі екендігін айтады.

 Корпорация  басшылығы   қамқоршылық қағидасын басшылыққа  ала  отырып, кәсіби сырқатпен  ауыратын, компания  өндірісінде  әртүрлі  жарақат  алған  немесе   жапа  шеккендерді ұмытпай,  үнемі  көмек  қолын  созуда. 

 Бірлік  қағидасы – әрбір  жұмыскердің  өзінің   және  әріптестерінің өмірі  мен  денсаулығына  жауапкершілікпен  қарау  мәдениетін  қалыптастыруға , қауіпсіздікті  сақтауға, бір-біріне  қамқор  болуды  ұсынады. Ашықтық  қағидасы –ӨҚ және ЕҚ  саласында ұсынылған  ақпараттардың  еңбек  ұжымына  да, қоғамға да ашықтығы  мен  қол  жетімділігін қамтамасыз етеді.

 Стратегияны  жүзеге  асырудың  екінші  кезеңінде  жеткен  жетістіктерді 


жан-жақты  талдап,саралап,  стратегияның  әр  бағытының  жаң

  нұсқауларын  анықтап, сол  сияқты  іске  асырудың  нақты  іс-шараларын  белгілеу  қаралған.Өндірістік  қауіпсіздік  п ен Еңбек  қорғау шараларын  басқару жүйесін  ,  нормативтік актілерді  сақтау, ӨҚ және ЕҚ жұмысын  жүргізу үшін  кешенді  және  жүйелі  қатынас  орнату.  қажетті  әдістер  мен  технологияларды  жетілдіру    жұмыстары  жалғасаын  табады.

Барлық  кәсіпорындарда  жұмыс  орындарын  стандарттау    мен  жұмыскерлерді  сертификаттау,  қауіпсіздікті  азайту  мен  қатерге  ұрынбауды  басқару, барлық  энергия  көздерін  оқшаулау, оқиғаларды  зерттеп,  зерделеу  және   өзін-өзі  дұрыс  ұстауға  үйрету  жұмыстары толығымен  аяқталуға  тиісті.  

 Өндіріс  алаңдарында, алдымен жер асты  кеніштерінде , қауіпті  жағдай  орын  алған  сәтте  хабарлайтын  жүйе, сенімді  жедел  байланыс жүйесі, өз  бетімен  жүретін  техникалардың  бір-бірімен  қақтығысып,  немесе  адамға  соғуын болдырмау  және  бақылау  қызметін  құрып, әрі  қолдау  көрсетуге  басты  көңіл  бөлінуде. 

   Барлық  тиісті  бөлімдер  қажетті  нормативтік  актілермен, жөндеу  және  жұмысқа  қосу  құжаттарымен, апат  көздерін жою  жоспарымен, тағы  да  басқа  тиісті  құжаттардың  электронды  және  қағаз  түріндегі   нұқаларымен(  мемлекеттік  тілдегі  аудармасымен  бірге)  қамтамасыз  етіледі.

   Жаңадан  ашылған  оқу-әдістемелік  орталықтарының  жұмысын  жақсарту ,кәсіпорынның талаптары мен  міндеттерінің  үдесінен  шығу  мақсатында  оқу  бағдарламасының  тепе-теңдігін сақтау  мақсатында оқу жүйесін   әрі  қарай  дамыту  қарастырылуда. Қазақстан  Республикасы  заңдарының  талаптарына  сәйкес ӨҚ және ЕҚ   талаптарына  сай  оқыту  мен   білім  деңгейін тексеруді  толығымен  қамтамасыз  ету.

   Өндірістің   салаларында оқыс  оқиғаларды  болдырмау  мақсатында тиісті  жұмыскерлер  мен  мамандарды тұрақты , әрі  жоспарлы  түрде  оқу  және  тәжірибе жаттығуларын  ұйымдастыруды  қамтамасыз ету.

 Корпоративтік  мәдениетке қауіпсіздік  мәдениетінің  нұсқаларын енгізу қажеттілігі аталды –  ӨҚ және ЕҚ  жұмысын  ұйымдастыру  мен  басқарудың  жоғарылату үшін,  төменгі  және  орта  буын  топтардың    менеджерлерінің  сапалы әрі  тәжірибелі  жұмысын  қалыптастыру-  корпоративтік  мәдениетке қауіпсіздік  мәдениетінің  нұсқаларын енгізу қажеттілігі аталып  өтті.

Корпорация  мен  қоғамның, яғни жұмыс  беруші  мен  жұмысшының  арасындағы қызығушылықтың   ең  жоғарғы  тепе-теңдігіне  қол  жеткізу  үшін, ӨҚ және ЕҚ қамтамасыз  етіп  отырған  қызметкерлердің  дәлелінің  қалыптасқан  жүйесін жалғастыру.


 Көпшілік  жұмыскерлерге жанындағы  жолдастарының  өмірі  мен  денсаулығына  деген  жауапкершілікті, қауіпсіз еңбек  мәдениетін, корпоративтік  мәдениетті  сезінуді бойларында қалыптастыру  өте  қажет, кезек  күттірмес  мәселе. 

ӨҚ және ЕҚ  жұмысының  барлық  бағыттарындағы   қызмет  түрлеріне   ақпараттық  қолдау  көрсету  мен коммуникациялық  жүйені қажетті  деңгейде  құрып,  даярлау  мен   қамтамасыз  ету  жұмыстары  аяқталады. 

 Сонымен  қатар,  он жылдан артық  уақыттан  бергі өндірістік  жарақат алғандар  мен кәсіби  сырқатпен  ауырған  жандарды  бір  регистрға (тізімге)  жинақтау жұмысы  жоспарлануда. Сол  тізімнің  негізінде оқыс  оқиғаларға  жол  беру  жағдайлары  кеңінен  сарапталып,   барабарлық  көзқарас  жоспары  жасалынды.

 Нысандар  мен  өндіріс  құралдарына, машиналар  мен  механизмдерге, техникалық  құралдарға қажетті  сынақтардан  өткізіп, техникалық  куәлік  беретін  заманауи  зертханалар кәсіпорынның  әрбір  өндіріс  ошақтарында  құрылады.

 Жөндеу  қажет  ететін нысандар  мен  құрылыстарды   орта деңгейдегі  жоспарға сай  анықтап, қажетті  қаражат  қоры  мен  материалдық – техникалық  жабдықтарды    тауып, тез  арада  кезекті  немесе  күрделі  жөндеуден  өткізу  жұмыстарын  жүргізу керек.                                                                                            

  Сонымен  қатар   корпорацияның  кәсіподақ  ұйымымен  тығыз  байланыста  жұмыс  жүргізу  жоспарда  бар.  Ұжымдық  келісімге біріге  отырып  қажет  болған  жағдайда, ӨҚ және ЕҚ  жұмыстарында  белсенділігімен,жетекшілік жасаған  жұмыскерлерге   қосымша материалдық  қолдау көрсету  үшін,  үнемі  өзгерістер мен  толықтырулар  енгізіп  отыру,ұсынылды.

 Стратегияны  жүзеге  асыру  кезінде, атқарылған  жұмыстың  нәтижелілігіне  әсер  ететін  индикаторларды үнемі  есте  ұстап,  назардан  тыс қалдырмау  қажет.   Олар, қаіпсіздікті  сақтау  ережелерін  оқытатын  оқулар  мен  сынақтардан  өткен, атестаттаудан  өтіп, сертификат  алған  , сонымен  қатар  алғашқы  көмек  көрсете  алатын санаулы  жұмыскерлер  тобы;  қауіпті ( қатерлі)  жерлерде  жұмыс атқаратындардың  санаттарын (разрядтарын) көтеру және  бұл  жұмысқа  тәжірибелі, өзгеге  үйрете  алатын жұмыскерлерді  көптеп  жұмылдыру.

  Сол сияқты « дабыл  қоңырауының»  қызметін,құралдардың  технологиялық

  ақауларын, нысандар  мен  құрылыстардың  жағдайын, жұмыскерлердің  көпшілік  және  жеке  басына қажетті қорғаныш  құралдар  мен  заттармен  толық  қамтылуын, жер асты  кенішіндегі  паналау  орындарының  барлығын, « өрт  қауіпсіздігі  индексі»  ,« электр  қауіпсіздігі  индексі» және  өндірісте  болуға  тиісті  өзге  де  индекстердің  болуын  және  жалпы  жағдайды  хабарлап  отыру  да  атқара  алады.