Файл: 1. 1 азамыс корпорациясы жшс нысандарын туралы толы апарат.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 51
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ӨҚ және ЕҚ анықтаған заң бұзушылықтың санын, сол сұрақ бойынша берілген ескертулердің және оның орындалу деңгейін үнемі қадағалап отыру қажет. Бұл үшін, арнаулы және қосымша мекемелерде атқарылып жатқан жұмыстардың, жұмыскерлердің денсаулық жағдайының, жыл сайын дәрігерлік тексерістен өткен жұмыскерлер арасындағы ауыру-сырқаудың статистикалық есебінің, жұмыскерлермен кері байланыстың болуының, анонимді немесе ашық сауалнамалардың жүргізілуінің алар орындары ерекше.
Стратегиялық жоспар жүзеге асырылғандағы жетуге тиісті қорытынды нәтиже: «Қазақмыс» бойынша ӨҚ және ЕҚ басқару қызметі интеграцияланған, халықаралық стандарттарға сай, еңбек қауіпсіздігін сақтауда жаңа әдістерге сүйенген корпоративті мәдениетті қалыптастыра білген,нәтижелі жұмыс жүргізе алатын құрылым болуы тиіс.
Өндірістік қауіпсіздікті сақтауда туындаған мәселелерді шешуге кешенді әрі жүйелі түрде қарастыруды ; өндірістік салалардың ынтымақтастықта жұмыс атқаруын жүзеге асыра отырып, жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау,техникалық, қаржылық, ақпараттық ресурстарды дұрыс пайдалануды қалыптастыру; осы саладағы барлық деңгейдегі қызығушы тараптардың: басшылардың, мамандардың, жұмыскерлердің белсенділіктіліктерін арттыру.
Жоғары нәтижелі жұмысты ұйымдастыру үшін, ӨҚ және ЕҚ жұмысына да жоғары басшылық тарапынан стандартты жұмыстар енгізілуі керек.
ӨҚ және ЕҚ жұмысында жақсы нәтижелерге жету үшін барлық жұмыскерлерде өз жұмысына , қауіпсіздік шараларын сақтауға,осы саладағы талаптар межесіне шығуға деген жауапкершілік көзқарас пен ұқыптылықты тәрбиелей отырып, кәсіби сырқат пен жарақаттануды азайтуға қол жеткізу керек.
2018 жылдың басына аталған стратегиялық жоспар ережелерін сақтай отырып , қайғылы жағдаймен аяқталатын жарақаттануды болдырмауды 100%- ға , ал жалпы жарақаттануды 2012 жылмен салыстырғанда 80%. азайту үшін жұмыс атқару міндеттеліп отыр.
Стратегиялық жоспарды ойдағыдай орындасақ, жұмыскерлердің өмір қауіпсіздігін сақтау мәдениеті анағұрлым жоғарылап, ӨҚ және ЕҚ жұмысын ұйымдастыру мен басқаруды заманауи деңгейге көтеріледі, кәсіби сырқаттар мен өндірістік жарақаттар алу саны күрт төмендейді,әрбір өндіріс ошақтарындағы әлеуметтік және экономикалық ахуал жақсарады, Қазақмыстың жетістіктері мен келбеті өте жоғары деігейге көтеріледі.