ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 94
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1. Жеке жоспар-кестесі
Күні | Тапсырмалар және олардың мазмұны (іс-әрекеттері) | Орындалу мерзімі бойынша ұсыныстар |
1 апта | ||
05.12.2023 | Ұйыммен және педагогикалық ұжыммен танысу. Білім беру мекемесі туралы ақпарат Мектептегі біртұтас педагогикалық процесті басқару жүйесімен танысу | 06.12.2022 |
06.12.2023 | Мектеп тарапынан бөлініп берілген сынып жетекшісімен (сынып жайлы, оқушылар құрамы жайлы ақпарат алу, тәрбие жұмысының жоспарымен танысу және т.б.), Пән мұғалімімен (пән бойынша сабақ жоспарымен танысу, бөлінген сыныбының сабағына қатысу және т.б) танысып, байланыс орнату. | 07.12.2022 |
07.12.2023 | Мұғалімнің, оқушылардың жұмысын бақылау, оның сабақ және өзгеріс кезіндегі қызметін зерттеу | 14.12.2022 |
08.12.2023 | Мамандық бойынша пәндердің кесте бойынша сабақтарға (2 сабақ) қатысу; 1 сабаққа талдау жасау, Мұғалімдер мен оқушылардың іс-әрекетін зерттеу, атқаратын жұмыстарына бақылау жүргізу. | 14.12.2022 |
09.12.2023 | Бөлінген сыныппен өткізілген тәрбие сағаттарына қатысу, 1 тәрбие сағатына талдау жасау | 15.12.2022 |
2 апта | ||
12.12.2023 | Мектеп пен сыныптың тәрбиелік іс-шараларына қатысу: конкурстарға, концерттерге, театрландырылған көріністерге, мерекелерге және т.б. | 16.12.2022 |
13.12.2023 | Мектеп психологі мен әлеуметтік педагог жұмысымен танысу. | 14.12.2022 |
14.12.2023 | Білім алушылардың танымдық процестерінің даму деңгейінің диагностикасын жүргізу. Сыныпта социометрия әдісін жүргізу | 15.12.2022 |
15.12.2023 | Жүргізілген бақылау, зерттеу, әңгімелесі жұмыстары негізінде бір оқушыға және бір сыныпқа педагогикалық-психологиялық мінездеме дайындау. | 15.12.2022 |
16.12.2023 | Есептік құжаттарды дайындау | 16.12.2022 |
3 Күнделік-есеп
Күні, айы | Әрбір күн үшін іс-тәжірибенің бағдарламасы мен жоспар-кестесіне сәйкес орындалған (зерделенген) жұмыстардың атауы | Жетекшінің белгісі |
05.12.2022. | Іс-тәжірибе ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің Ш.Құдайбердіұлы атындағы «№1 мектеп» КММ да өтуге бекітілді. Білім беру ұйымының меңгерушілерімен, педагог - психологпен, әлеуметтік педагогтармен, пән мұғалімдерімен, олардың жұмыстарымен және мектептің оқыту ерекшелігімен, біртұтас педагогикалық процесті басқару жүйесімен таныстым. Мектеп ұжымының психологиялық дайындау деңгейлерімен, түрлерімен, тәрбие жұмыстары мен оқытуды ұйымдастырудағы ерекшеліктері мен биология пәні мұғалімдерінің жұмыстарымен, мектепішілік негізгі нормативтік құжаттармен таныстым. | |
05.12.2022. | Іс-тәжірибе барысында жетекші болып Акимчинова Мәншүк Болатқызы бекітілді. Ол кісі маған 8 «А» сыныбын бөліп берді. | |
06.12.2022 | Өзіме бекітілген 8 «А» сыныбының оқушыларымен таныстым. Ағылшын пәніне және де басқа да сабақтарына қатысып, оқушылардың сабаққа қатысу үлгерімдерін және сабақта өз-өздерін ұстауын бақыладым. Олармен үзіліс кезінде әңгімелесіп, жақын таныса түсуге тырыстым және олармен өзім де үйренісе бастадым. | |
06.12.2022 | Бүгін жетекшім Акимчинова Мәншүк Болатқызы мені сабақ жоспарымен таныстырып, бөлінген сыныбымның сабағына қатыстым. | |
07.12.2022ж. | Жетекшімнің ағылшын пәні сабағына қатысып, оқу пәні және нақты сабақ арқылы әр оқушының дамуын жобалау және оқушыларды дамытатын психологиялық-педагогикалық құралдарды, әдістемелік тәсілдерді табу, білім деңгейлеріне сәйкес оқушыларды топтарға бөлу, олардың әрқайсысымен жеке жұмыстар жүргізу. сонымен қоса жаппай жұмысты уйымдастыру қажеттілігін білдім. | |
08.12.2022ж. | Мамандық бойынша 8 сыныптың ағылшын пәнінен «A very long bike trip» сабағын өткіздім, оқушылардың іс-әрекеттерін зерттеп, сабаққа деген қызығушылықтары мен дайындықтарын бақыладым | |
09.12.2022ж. | Бөлінген сыныбыммен тәрбие сағатын өткіздім. Тәрбие сағатының тақырыбы: «Эмоция және мінез - құлық». Сабақ барысында балалар аса белсенділік танытты. | |
12.12.2022ж | Тәуелсіздік мерекесіне орай өткізілген тәрбие сағатына қатыстым. Тәрбие сағатының тақырыбы: «Тәуелсіздік - тірегім, Қазақстан - жүрегім!». Сабақ барысында балалар аса белсенділік танытты. Отанын сүюге, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға,елімізді өркендетуге, білімді ұрпақ болуға тәрбиелеуге бағытталған бұл тәрбие сағаты жоғары деңгейде өтті. | |
13.12.2022ж. | Мектеп психологі мен әлеуметтік педагог жұмысымен таныстым. Мектеп психологымен қауіпті топқа жататын оқушылардың ата-аналарымен өткізілген «Қиын бала немесе қиын жағдайлар» консультациясын өткізу барысына қатыстым | |
14.12.2022ж. | 8 сыныптың оқушыларымен Дж. Мореноның «Социометрия» әдісі арқылы оқушылардың сыныппен қарым - қатынас деңгейін анықтадым | |
15.12.2022ж. | Жүргізілген бақылау, зерттеу, әңгімелесу жұмыстары негізінде 8 «А» сыныбына және осы сыныптың оқушысына педагогикалық-психологиялық мінездеме дайындадым. | |
16.12.2022ж. | Іс-тәжірибе қорытындысын жасап, күнделік есеп дайындадым. | |
4 Қысқаша аналитикалық есеп
Іс-тәжірибе базасы туралы мәліметтер: ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің Ш.Құдайбердіұлы атындағы «№1 орта мектебі» КММ базасында педагогикалық-психологиялық іс – тәжірибесін өттім. Мектеп 1956 жылы құрылған, Өскемен қаласының Кайсенова 119/1 көшесінде орналасқан аралас орта мектеп.
Пайдаланылған әдістер мен жұмыс технологиялары: Психологиялық ахуал қалыптастыру үшін «Мадақтау»стратегиясы, «DEAL» әдісі, «Ия» немесе «Жоқ» әдісі, «Дұрыс орналастыр» стратегиясы, «Балық аулау» әдісі, «Миға шабуыл» әдісі, «Еркін микрофон» әдісі, «Ашық микрофон» әдісі,«Жапондық бағалау» әдісі, «Үш ойлау жұлдызы» стратегиясы, «Социометрия» әдісі.
Орындалған жұмыс туралы мәліметтер:
Іс-тәжірибенің алғашқы күнінен бастап білім беру ұйымының меңгерушілерімен, педагог - психологпен, әлеуметтік педагогтармен, пән мұғалімдерімен жұмыстарымен және мектептің оқыту ерекшелігімен, біртұтас педагогикалық процесті басқару жүйесімен таныстым. Мектеп ұжымының психологиялық дайындау деңгейлерімен, түрлерімен, тәрбие жұмыстары мен оқытуды ұйымдастырудағы ерекшеліктері мен биология пәні мұғалімдерінің жұмыстарымен таныстым. Мектеп психологының құжаттарына келетін болсақ, бұл жерде мектеп педагог-психологының жұмыс жоспары, психологтың топпен жұмыс жасау жоспары, сабақтарының бағдарламасы туралы құжат, сынып және оқушының диогностикалық картасы бар. Сонымен қатар мектеп ішілік негізгі нормативтік құжаттармен таныстым.
Нормативтік құжаттарға:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы (2008, 30 тамыз).
2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы (2007, 27 шілде).
3. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы (1997, 11 шілде).
4. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (2012, 20 желтоқсан).
5. Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесі (2007ж, 29 қараша).
6. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты (2012, 08 қараша).
7. «Бала құқығы» туралы Конвенция
8. ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы (2010, желтоқсан).
9. Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы (Астана, 16 қараша 2009ж.).
10. Мемлекеттік рәміздер сынды мектептегі осындай нормативтік құжаттармен таныстым.
Тәжірибенің мақсаты бойынша жоспарға сай жұмыстар атқарылып Төлегенова А.Н. жетекшілігімен жаңашыл идеяларды іске асырдым, білім берудегі жаңа технологияларды, әдіс тәсілдерді сабақ барысында қолдандым.
Акимчинова Мәншүк Болатқызы шебер-ұстаз ретінде білім берудегі әдіс-тәсілдермен бөлісіп, сабаққа қатысу барысында кеңестер берді. Сынып жетекші нұсқауы бойынша сынып оқушыларымен жұмыс жүргізіп, жақсы тіл табыса білдім. Соның ішінде: сынып тазалығы, оқушылардың тәртібі, оқу формасы, оқушылардың сабаққа қатысуын бақылап, назарға алдым.
Өзіме бекітілген 8 «А» сыныбының оқушыларымен таныстым. Биология пәніне және де басқа да сабақтарына қатысып, оқушылардың сабаққа қатысу үлгерімдерін және сабақта өз-өздерін ұстауын бақыладым. Екі апта бойы оқушылармен бірге сабақтарға қатысу барысында олармен жақынырақ таныса түстім. Олармен үзіліс кезінде әңгімелесіп, жақын таныса түсуге тырыстым және олармен өзім де үйренісе бастадым. Сонымен қатар мұғалімдердің сабақ үйрету әдіс-тәсілдерін, оқушылармен қалай тіл табыса жұмыс жасай білу керектігін қадағалап қана қоймай оқушыларды да бақылау үстінде болдым. Сабақ беру барысында, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, уақытымды үнемді пайдаланып, қойылған мақсатыма жете білдім. Әр сабағыма аса жауапкершілікпен қарап, жан-жақты дайындалып, тапсырмаларды оқушылардың деңгейлеріне қарай дайындадым.
Жалпы өзіне бекітілген осы 8 «Б» сыныбымен жұмыс істеу барысында менде қиыншылық болған жоқ. Бұл сынып оқушыларының биология пәніне деген қызығушылықтары жоғары, бір-біріне көмектеседі. Маған осы іс-тәжірибе барысында бұл сыныппен жұмыс жасаған қатты ұнады. Сыныппен жоспар бойынша биология пәні сабақтарына және жоспардан тыс тәрбие сағаттарына қатыса отырып, оқушылармен жақсы тіл табыса, сыныппен тығыз қарым-қатынаста бола білдім. Атап айтқанда жоспар бойынша 8 сыныптың ағылшын пәнінен «A very long bike trip» сабағын өткіздім, оқушылардың іс-әрекеттерін зерттеп, сабаққа деген қызығушылықтары мен дайындықтарын бақыладым «Табиғат адамзаттың өмір нәрі» атты тақырыпта тәрбие сағатын өткіздім және «Тәуелсіздік мерекесіне орай өткізілген тәрбие сағатына қатыстым. Тәрбие сағатының тақырыбы: «Тәуелсіздік - тірегім, Қазақстан - жүрегім!». 8 сыныптың «Life and culture», «Friends – How important are they?», «While I was playing baseball…» тақырыптары бойынша биология пәні сабақтарына қатыстым.
Ғылыми-зерттеу жұмысы туралы мәліметтер: 8 сыныптың оқушыларымен Дж. Мореноның «Социометрия» әдісі арқылы оқушылардың сыныппен қарым - қатынас деңгейін анықтадым; Зерттеу барысында оқушыларға мынадай сауалнама үлестірдім: 1.Кіммен бір партада отырғың келеді? 2.Кіммен бірге сабақтан соң үйге қайтқың келеді? 3. Кімді туылған күніңе шақырғың келеді? «Таңдау» матрицасындағы» мағмұматтар өңдеп болғаннан соң, «Социограмма» жасадым. Сараптама нәтижесі бойынша оқшауланған (елеусіз немесе шеттеп қалған) оқушыларды анықтап, сынып жетекшісіне жұмыс жүргізуге мағлұматымды бердім.
Жұмыс туралы қорытындылар, ұсыныстар: Қорыта айтар болсам, ағымда өткен педагогикалық-психологиялық іс-тәжірибе барысында мен болашақ маман ретінде өзіме керекті көптеген ақпараттар алып, шыңдала түстім. Болашақ педагог ретінде жалпы мектеп жайлы, құжаттар жайында, балалармен қарым-қатынас жасау жайлы, жалпы білім беру жүйесі жайында көптеген ақпараттар жинадым. Жұмыстың барысын бақылау арқасында, өзімнің мамандық бойынша дұрыс таңдау жасағаныма көз жеткіздім, болашақта жұмыс жасай алатыныма сенімдімін.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
-
Паскальмонович С., Евсеев Г. Занимательное программирование. Delphi. –Москва: АСТ-ПРЕСС КНИГА, 2007 г. -
Культин Н. Delphi 6. Программирование на Object Pascal.- Санкт-Петербург: Көкжиек, 2007 г.
Білім алушының қолы _____________________
20___ж. «____»____________
5 Білім алушы - практикантты мадақтау және жазалау
Практикант Керімтай Әсел Жуванишбекқызы педагог бойында болуын талап ететін қасиеттер: коммуникабильділік, ұқыптылық, оқушылармен жұмыс барысында новаторлық қабілеттерін танытты. Бұл практикантқа ұсыныс ретінде келесі оқу жылдықта практикалық тәжірибеден өтуді ұсынамын.
6 Іс-тәжірибе қорытындылары бойынша бағалау парағы
Күні | Сынып | Сабақтың тақырыбы (сыныптан тыс / тәрбиелік іс-шара | Балл | Мұғалімнің / сынып жетекшісінің қолы | ||
08.12.2022 | 8 «Б» | Биология пәнінен «A very long bike trip » сабағы | | | ||
09.12.2022 | 8 «Б» | Тәрбие сағатының тақырыбы: «Тәуелсіздік - тірегім, Қазақстан - жүрегім». | | | ||
Қорытынды баға | | |