ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 95
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
7 Іс-тәжірибе жетекшісінің сипаттамасы
Іс-тәжірибе өту кезінде Әсел теориялық алған білімін көрсете білді. Мінезі ашық, іскер, ұйымшылдық қабілеті жоғары. Мектептегі мұғалімдер ұжымымен жақсы қарым-қатынаста болды. Практикалық тапсырмаларды тиянақты, уақытылы әрі ізденімпаздық таныта отырып, толық орындады. Жетекші тарапынан қойылған барлық талаптарға сай келу мақсатында өзіндік ізденіс жасай отырып, болашақ мамандығына қызығушылығының жоғары дәрежеде екендігін көрсетті, теориялық білімін ұштады. Мектеп қабырғасында өзін мұғалім ретінде еркін ұстау үшін алғы шарттармен танысты.
Педагогикалық-психологиялық іс-тәжірибежетекшісі:
(іс-тәжірибе түрі)
______________ Акимчинова М.Б
Білім беру ұйымы басшысының қолы ______________Сайлаубек Ә.С
20___ж. «____»____________М.О.
ШҚО білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша
білім бөлімінің Ш.Құдайбердіұлы
«№1 орта мектебі» КММ
8«А» сынып оқушысы
Ерден Еркежанға
Мінездеме
ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің Ш.Құдайбердіұлы «№1 орта мектебі» КММ 8 «А» сыныбының оқушысы Ерден Еркежан мінезі ашық, сабырлы, ортасында өзін жақсы ұстайды, достарының ортасында сыйлы. Өлең шумақтарын мәнеріне келтіріп оқып, сахналық көріністеріге әртістік қабілеттерін көрсете біледі. Ойы ұшқыр, сыпайы жан-жағына үнемі көмектескісі келіп тұрады. Ұйымдастыру қабілеті жақсы. Үнемі үлкенге құрмет,кішіге қамқор болып жүреді.
Отбасының тұрмыстық жағдайы жақсы. Өзінің тұрақты жеке бөлмесі бар. Отбасында әлеуметтік жағдайлары жақсы, ата – анасымен қақтығыстық қарым- қатынасы жоқ.
Ол ата– анасымен отырып сабақ қарағанды ұнатады.Сыныптағы белсенді оқушылардың бірі, сонымен қатар топ басшысы.Сыныптан тыс қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысады. Ағылшын тілінен жеке мұғалімнен сабақ алады.
Сонымен, сабаққа деген қызығушылығы өте мол, барлық сабақтарға белсенді қатысып отыратын талапты оқушылардың бірі.
Студент-практикант: ____________ Керімтай Ә.Ж
ШҚО білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша
білім бөлімінің Ш.Құдайбердұлы
«№1 орта мектебі» КММ
8 «А» сыныбына
Мінездеме
Сыныпта 23 оқушы бар.Әлеуметтік құрамы орташа. Материалдық жағынан жеткілікті қамтылған. Сынып негізінен гуманитарлы пәндерді тереңдетіп оқиды және эстетикалық тәрбиеге бағытталған.
Сыныптың оқушылары ұйымшыл, бір-бірімен жақсы араласады.
Сыныптың жалпы танымдық бағыты орташа. Оқушылар ауызша сабақтарға келгенде алдарына жан салмай бір-бірімен жарысып сабақ айтады. Сынып ұжымы өте белсенді.
Үйірмелерге қатысу жағынан қыздар домбыра мен биге қатысады. Ал ұлдар спорттық үйірмелердің барлығына қатысады. Сонымен қатар кейбір оқушылар ағылшын тілінен жеке курстарға да қатысады.
Сынып іші топ-топқа бөліну, бір-бірімен араласпай жүру деген сияқты жаман қылықтардан аулақ. Сабақ үстінде бір-біріне үнемі көмектесіп отырады. Сыныптағы ұлдар мен қыздар арасындағы қарым-қатынас жақсы. Көбінесе ұлдар қыздарды сыйлап, оларға көмектесіп жүреді.Сыныпта кезекшілік дұрыс атқарылады.Оқудан тыс өмірде оқушылар киноға, театрға, саябаққа барады. Кейде сынып жетекшісімен бірге бүкіл сынып болып қыдырады, кейде өздері ұйымдасып барады.
Сынып оқушылары сабақ жағына мықты және де сыныптан тыс жұмыстарға белсене, бірігіп ұйымдастырып, құштарлана қатысады.
Студент-практикант: __________ Керімтай Ә.Ж
Тәрбие сағатының тақырыбы: Табиғат – адамзаттың өмір нәрі
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жеңістіктерімен таныстыру,әлем таныған ел екенін дәлелдеу,білімдерін кеңейту.
Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту.
Отанын сүюге,ел тарихын білуге,еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге,отанымыздың байлығын қорғауға,елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері,Қазақстан Республикасының рәміздері:Туы,Елтаңбасы,Әнұраны.Н.Ә Назарбаевтың суреті.
Нақыл сөздер,Қазақстан туралы әндер.
Тәрбие сағатының барысы:
І . Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңбер
Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтаймын! Отбастарыңызға бақыт, береке, бірлік, дендеріңізге саулық тілеймін! Тәуелсіздік күніне арналған ашық тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер?
Бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы: «Тәуелсіздік тірегім, Қазақстан жүрегім»
Мақсатын хабарлау.
Әнұран:
Оқушыларға сұрақтар.
Қазақстан туралы не білеміз? Оқушылар жауабы..
Мұғалім сөзі. Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді.Мыңдаған жылдық тарихы бар.
Топқа бөлу І топ- Бірлік, ІІ Дарын тобы, ІІІ Қабілет тобы
1-топқа сұрақ: Қандай тарихи оқиғаларды білеміз?
1-оқушы:
Қазақ елі еркіндікке жету үшін қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар.
Ғасырлар бойы қазақ халқы кең даласын ақ білектің күші, ақ найзаның ұшымен қолына алып жаудан қорғаған. Қазақ жерінің ұлан қайсар батырлары бостандық үшін жанын берген. «Қазақ хандығының құрылуы — Қазақстан тарихындағы сындарлы кезең болып табылды. Керей мен Жәнібек бастаған қалың қол елді жаудан қорғады.
2-оқушы.
Қазақ хандығы 1465-1847 ж. Аралығында өмір сүрген мемлекет. Қазақ хандығы Еділден Жайыққа дейін , Сырдария мен Амудария өзендерінің аралығын қамтыған. Қазақ хандығының тұңғыш ханы-Керей, соңғы ханы-Кенесары Қасымұлы
Мұғалім: Ал екінші дүниежүзілік соғыс туралы не білеміз?
3-оқушы:
1941 жылы 22 - маусымда таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын - қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескермейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бәрі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетің батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес.Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941жылы маусымның 22 - де болған еді.
Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9 - мамырда Ұлы Жеңіспен аяқталды.
4-оқушы:
Міне, содан бері 70 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығы. Иә, соғыс өзінің сұмдықтарын бүгінгі күнге дейін ұмыттырар емес.. Бірақ, сол жылдар жаңғырығы адамзат жүрегін әлі сыздатуда. Иә, уақыттың тарихы атты өз төрешісі бар.
2-оқушы:
1945 жылдың 30 сәуірінің кешінде 6 сағат 30 минутта Жеңіс туы тігілді. Ту тіккен — Рақымжан Қошқарбаев. 4 жылға жуық созылған қан төгіс аяқталды. 9 мамыр — Жеңіс күні. Иә аспанымызда Жеңіс туы желбірегеніне — 70 жыл.
Мұғалім: Желтоқсан көтерілісі туралы не айтуға болады?
4-оқушы
Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.
16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып,Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.
Оқушы:
1986жылы 16-желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай толқу басталды. Жастар алаңға жинала бастады. Алаңда «Біз қазақ, ежелден еркіндік аңсаған», «Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын», «Тәуелсіздік керек»,-деген ұрандар айтылды.
Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтіріп, көп күшпен алаңдағы жастарды қоршап алды. Алматыға әр аймақтардан әскердің арнайы бөлімдері жіберілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар»,-деген кінә тағылды.
Көптеген студент жастар түрмеге қамалды, оқу орнынан шығарылды. Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира тағы басқалары сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болды.
5-оқушы
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 1996 жылы 9-желтоқсан Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі мен «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззат, Ерболға тағы басқа желтоқсанға қатысқан жастарға «Желтоқсан қаһарманы» атағы берілді.
Оқушы:
Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.
Хор: Ата-бабам тарихы – менің тарихым
Мұғалім: Тәуелсіз мемлекеттің рәміздеріне тоқталайық.
ІІ топ Рәміздер
Оқушы: 1992 жылы ҚР жоғарғы Кеңесінің сессиясында Республикамыздың Туы, Елтаңбасы және Әнұраны қабылданды. Бүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздері бар.
Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба, Әнұран. Бұл халық бірлігінің белгілері.Қазақстан Республикасының да өз рәміздері бар.Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрбір азаматтың міндеті.
7-оқушы
Тудың ашық көгілдір түсі соғыссыз бейбіт ашық аспанымызды білдіреді.
Жобасын жасаған – Шәкен Ниязбеков
Елтаңбаның авторлары – Жандарбек Мәлібекұлы және Шота Уәлиханов. Елтаңбадан елдің тарихы, дәстүрі рухы толық танылуы керек. Сондықтан да Елтаңбаның ортасында шаңырақ тұр. Қазақта шаңырақ биік, керегең кең, босағаң берік болсын деген сөз бар. Осы ұлы тілек негізге алынған.
Республикамыздың Әнұранының сөзін жазған ақын Жұмекен Нәжімеденов және
Н.Ә. Назарбаев.
Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов.
Оқушы: Ұлттық өрнек мұрамыз
Адастырмас мұраттай
Нық көтеріп тұрамыз
Жалауды біз құлатпай.
Оқушы:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Бұл түс- ашық аспанның,тыныштықтың белгісін көрсетеді.Тудың ортасындағы алтын күн – баршаға ортақ, бәрі не нұрын шашып, сәулесін төгеді.Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік тіршілік атаулыға ортақ. Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтеріп ұшып бара жатқан қыран құс – ерлік белгісі. Матаның сол жағында ою - өрнегі бар тік жолақ орналасқан. Бұл қазақ елінің әшекейі. Алтын күн, Қыран және ою- өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен бай – берекесі, тыныштық пен байлықты белгісі.
Оқушы: Желбірейді шалықтап
Қазақстан жалауы
Көкке қыран қалықтап,
Қанат қағып барады.
Оқушы: Мен қазақпын, ұланымын қазақтың
Тәуелсізбін, егеменмін азатпын
Көк байрағым тұр көгімде желбіреп
Алатаудай көкке өрлеген азатпен
Оқушы: Бабам тұлпар жаратты
Құлынын да танып ақ
Тұлпар барда қанатты
Шайқалмасын шаңырақ.
Оқушы: Тәуелсіздік көркі ол да,
Өрке ниет өрінде
Нұр төгеді Елтаңба
Ақ Орданың төрінде.
Оқушы:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнелеген.Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған.Жарық жұлдыз – Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын бейнелейді.Қанатты тұлпардың баламалық мәні қазақтың аңыз ертегісінен алынған. Аңыз бойынша қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қанат аспанға ұшып, жеті қат жер астында түсіп халықты қасіреттерден азат еткен,еліміздің азаттығы мен жеңімпаздығының белгісі.Бидай сабақтары тоқшылықты, молшылықты білдіреді. Ал төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу еліміздің ежелден әлемге танымал екенін көрсетеді.
Оқушы: Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға
Жасы тұрмақ, шығады екен қарты аңға
Қалай оның елтаңбасы болмайды
Түлегіне дейін салса ең таңба?
Оқушы:
Кез келген мемлекеттік рәміздің ең маңыздысы - Әнұран. Әнұран мемлекеттік салтанатты ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.
ХОР: Қазақстан Туымен тұғырлы
Елтаңбасымен еңселі
Әнұранымен айбатты
Мұғалім: Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан қандай?.
1-оқушы: Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан – әлемдік аренадан өз орнын ойып алған, Азия мен Еуропаны мойындата білген рухы биік қайсар елдің мекені. Біз сол өркениетке қадам басқан тәуелсіз елдің ұланымыз. Біздің ел тәуелсіздігін алғаннан бері әлемдік қауымдастықтың біразына мүше болды. Еліміздің бірлігін, ұланғайыр даламыздың тұтастықтың қорғайтын құжаттар мен шарттарға қол қойылды. Еліміздің мамыражай бейбіт тірлігі, төріміздегі Ата заң, көгіміздегі азаттықтың көк байрағы, ұлттық теңгеміз, республикалық «Ұланның» құрылуы.
2-оқушы: Тәуелсіздік! Қандай киелі сөз. Осы бір құдіретті сөздің тереңіне көз жіберіп, ой елегінен өткізсек, ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл арманы, азаттық жолында құрбан болған талай боздақтардың ұрпақтарына қалдырған аманаты екені сөзсіз. «Өткенсіз болашақ жоқ» дейді дана халқымыз.
3-оқушы: Тәуелсіздіктің ең басты жемісі – еркіндік. Кешегі бабалар қаны тамған сайын дала төсінде бүгін Астанадай алып шаһарымыз бой көтеріп әлемдік аренадан көрінсе, кешегі ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі, 7-қысқы Азия ойындары, ЭКСПО-17 көрмесі тәуелсіздігіміздің тамаша жетістіктері емес пе? Қазақ тарихында жорықсыз өткен күн бар ма? Кешегі қазақ хандығы болып құрылғаннан бастап, егемендікке жеткенге дейін қуаныш пен жоқшылықты, мұқтаждық пен жақсылықты бірдей көрсе де, қайсарлығымен мойымай, көп бейнетті көрген қазағым емес пе?! Қазақ халқы «Бейнет түбі – зейнет» деген қағида сөзді естен шығармай бүгін тәуелсіздікке қол жеткізді.
Оқушы:Нұрсұлатан Әбішұлы Назарбаев Биылғы жыл – қалың қазақты бір жасатып тастады. 2015 жылы қазақтың туын көкке көтергеніне қазақ хандығының 550 жыл аталып, тойлануда.
Оқушы: Бақтың құсы әр адамға қонып бір
О, Тәңірім, бізді баққа жолықтыр...
Бүгін міне, Тәуелсіздік ағайын,
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!
Оқушы: Көк аспанда нұрлы күн
Күлімдейді далама
Бақыт тілеп тұр бүгін
Ол барлық пәк балаға.
Оқушы: Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.