Файл: Lesson Study зерттеу жмысы бойынша баяндама.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 24

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Lesson Study зерттеу жұмысы бойынша баяндама
Зерттеу нысанына 4-сынып алынды. Пән мұғалімі Нургалиева С.Б. Оқушылардың сабаққа зейінділігін арттыру мақсатында қазақ тілі пәні таңдалып алынды. Бұл сыныптың таңдалып алыну себебі, сынып оқушыларының сабақта ойлары шашыраңқы, зейіндерінің тұрақсыздығы болды. Осы мәселе аясында қазан айында «Қазақ тілі пәні бойынша әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың зейіндерін тұрақтандыру» тақырыбы бойынша зерттеу сабағы өткізілді.

Мақсаты: Қазақ тілі сабағында түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушылардың зейіндерін дамыту.
Зерттеу тобы құрылып, алғашқы сабақ жоспарланды.
Қатысушылар үш А, В, С деңгейіндегі оқушыларды таңдап алды.

А деңгейіндегі оқушы «Үлгерімі өте жақсы» оқушы, В деңгейінде «Үлгерімі жақсы» оқушы, С деңгейінде «Үлгерімі орташа» оқушылармен талдау жұмыстары жүргізілді. . Әрбіреуіне мінездеме беріліп, жан-жақты қарастырылды.. Зерттеуге қатысушы мұғалімдер  оқушыларды бақылап отырды.

Алғашқы зерттеу сабағы құрылып, жеңілдетілген тапсырмалар дайындалды.

Lesson Study алғашқы зерттеу сабағы бірлесіп жоспарланып өткізілді.

Сабақта: «Постер жасау» «Екі жұлдыз, бір тілек», «Кім жылдам?» «Тілек ағашы» әдістері қолданды.



Сабақ кезінде байқағаным, оқушылар топта жұмыс жасауда өзімшілдік пен берілген тапсырмаларға салғырт қарауы. Бір-біріне көмектесу, білгенін сыныптасына үйрету немесе көрсету байқалмады. Келесі зерттеу сабағына осы мәселелерді жою мақсатында тапсырмалар дайындалды.
Екінші зерттеу сабағы желтоқсан айында өткізілді. Сабақ жоспарланып тапсырмалар күрделендіріліп берілді. Сабақ нейрожаттығу жасату арқылы оқушылардың зейінін аудару, «Мюнстербег» әдісі арқылы зейіндері бағаланды, зейіндерін тұрақтандыру мақсатында «Айналдыра оқу» әдістері қолданды. Сұрақ-жауапта «Spin» әдісі, рефлексия «Сандықша» әдісі арқылы бағаланды.





Сабақ соңында оқушылардың сабаққа белсенділігі артты. Тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Оқушылар топпен жақсы жұмыс жасады. С деңгейіндегі оқушыда сабаққа деген талпыныс көрінді. Оқушылармен сұхбат жүргізіліп, олардың пікірлері ескеріле отырып, талдау жасалды.Топтық жұмыс нәтижесінде оқушылардың бір-біріне деген жолдастық қарым-қатынасы артты.

Жалпы сыныптағы әр түрлі деңгейдегі оқушылар бойынша өзгерістерді анықтап, төмендегідей қорытынды жасалды:

С деңгейіндегі оқушы:

-  Берілген мәтінмен жұмыс жасай алды;

-  Сұрақтарға жауап беріп, топта өзінің шығармашылық қабілетін көрсете алды

В деңгейіндегі оқушы:

-  Алған білімдерін қолданып, қосымша материалдармен жұмыс жасай алды;

-  өздіктерінен білім алуы үшін жоспар құра алды.

А деңгейіндегі оқушы:

-  Проблемалық сұрақтарды анықтап, жауап табуда ізденді. Өз білімдерін шығармашылық тапсырмаларды орындай алды.  
Үшінші зерттеу сабағы сәуір айында өткізілді. Сабақтың тақырыбы «Септік жалғауының емлесі»





Бұл сабақта «Жасырын стикерлер» әдісін қолданып, топқа бөлінді. Білім алушылар бірінші тапсырманы «Шатасқан септіктер» ойыны арқылы жалғастырылды. Тапсырма дұрыс орындалғанын тексеріп, бір-бірін бағалады. Келесі тапсырма топпен жұмыс болды. Бұл жерде де тапсырманы орындауда зейіндерін тұрақтандыру мақсатында постер құрастыру жұмысы берілді. Септіктердің атаулары мен сұрақтарын анықтап, өлең жолдарын дұрыс қалпына келтіруде білім алушылардың қызығушылығын арттырдық.



«Қар кесегі», «Ойлан тап» ойыны арқылы кітаппен жұмыс жасалып, сөздерді септеді. Сабақ «Тик ток» әдісі арқылы кері байланыс алынды. Сабақ өте қызықты, тартымды өтті.

А деңгейіндегі білім алушы – жұпта жұмыс жасап, өзіндегі ақпаратпен бөлісуді үйренді.

В деңгейіндегі білім алушыда белсенділік пайда болып, ойын қысылмай еркін айтуға үйренді.

Ал С білім алушының сабаққа қызығушылығы артты.

Жалпы, осы үш сабақты қорытындыласақ, сабақтардан байқағанымыз оқушыға жай ғана тапсырманы беріп қана қоймай, оның оқу, жазу, шешім шығару, өз ойын жеткізе алу дағдысын қалыптастыратын әдістерді таңдай білу қажеттігін түсіндік.

4-сыныпта жүргізілген Lesson Study-ді қорытындылай отырып, сабақта оқушылардың деңгейін міндетті түрде ескерілу керек, қалыптастырушы бағалауды түрлендіре отыра, әр сабақта мұғалімге оқушылардың кері байланыс алу міндетті түрде керек деген түйін жасалды.  Жеке жұмысты берер алдында, оқушылар тақырыпты топта талдаса жақсы нәтижеге жетуге болады. Осы зерттеу нәтижесінде 4- сыныпта білім сапасында оң өзгеріс байқалды.

Топтық жұмыс арқылы ойларын ортаға салып талқылау, талдау, өз пікірін ашық айтуға дағыдыландыра отырып,бірін-бірі, өзін, жұптарын, топтарын бағалауға үйретіп, оқуға деген қызығушылығын арттыру. Болашақта осындай әдіс - тәсілдерді қолдана отырып өткен сабақтарымызбен оқушының білім, білік дағдыларын арттыруды көздеп отырмыз.

Lеsson Study зерттеу сабағының тиімділігі:

-Мұғалімдер арасында кәсіби диалогты қалыптастырып, дамытады.

-Мұғалімдер сабақты бақылау және кері байланыс беру дағдыларын қалыптастырады.

-Оқушының оқуы жақсарады.

-Функционалдық сауаттылығы дамиды.

-Қоғамға қажетті тұлға болып қалыптасады.

Біздің бұрынғы тәжірибемізде сабақ жоспарын бірігіп құру, сабақты бірігіп зерттеу, проблемаларды бірігіп шешу деген болмаған еді. Лессон Стади мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтерудің, білімін жетілдірудің, тәжірибе алмасудың жақсы әдісі екеніне көз жеткіздік. Білімалушы сабақты жақсы меңгеруі үшін бірнеше сабақ бойы түрлі әдістерді қолданып, бақылап, зерттеп, соңында тиімді әдісті анықтау арқылы жетістіккке жетуге болатынын түсіндік.

К. Ушинский: «Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз жетілдіріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда, оның мұғалімдігі де жойылады» дегендей ізденісімізді тоқтатпайық.