Файл: Бла жалпы орта білім беретін мектебіні мектепалды даярлы тобыны мектепке.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 184
Скачиваний: 2
Ол Керн – Йерасектің 4 субтестен тұратын баланы мектепке дайындау тестігі: «Төртінші артық», «Графикалық диктант», «Қол бұлшық еттерінің даму деңгейін анықтау», «Үй» диагностикаларын жүргізіп, балалардың мектепке психологиялық дайындығын анықталады. Нәтижесінде топтағы қабылданып алынған 11 баланың психологиялық дайындықтарын зерттеу нәтижесінде мынадай пайыз көрсеткіштерін берді: 4 оқушы –36 % жоғары деңгейде, 3 оқушы 27% орташа деңгейде, 4 оқушы –36% төмен деңгейде.Атап айтсақ Адильханқызы Даяна, Скакбеков Шыңғыс, Төлегенов Аққозы,Жұмаханов Ислам толық ,әрі жоғары дәрежеде орындай алды. Төмен дәрежедегі оқушылар жастары толмаған сол себепті берілген тапсырманы толық, уақытында орындай алмады .Балалар өздеріне берілген тапсырманы жас ерекшелігіне байланысты орындады.Баланы топ алдында жүйелі, орынды, көркем де әсерлі сөйлей алптындай етіп тәрбиелеу үшін тек мектептің емес, ата – ананың да ролі зор.Ата – анамен бала арасында әңгіме, диалогтар баланың ойын, пікірін ашық, емін – еркін айтуға дағдыландырады. Қорыта айтсам: бала тәрбиесі өте күүрделі және маңызды іс. Егер ата – ана, мектеп, қоғам бірлесіп жасайтын болсақ, болашақ 1 класты нақты, жетік меңгеретің, яғни жақсы оқушы тәрбиелеп шығаруға әбден болады деп сенім білдіремінМектептегі психологиялық қызмет - баланың мектепке дайындығынан бастап, орта буынға бейімделу мәселесі, сондай-ақ оқушының кәсіп таңдауына көмек берумен аяқталады. Менің мақсатым - білім беру кезінде бала дамуына қолайлы жағдай жасау. Анықталған кемшіліктерді түзету жолдарын табу, дарынды балаларды анықтау. Жұмысты оқу жылы басында бекітілген жоспарым бойынша , бекітілген циклограмма бойынша жұмысты атқардым. Жылдың басында бірінші сыныпқа бала қабылдағанда оның мектепке даярлығын анықтаймыз.Баланың мектепке жетілуінің деңгейін анықтаудың нақты бағасын былай білуге болады: мектепке физиологиялық психологиялық, әлеуметтік, дидактикалық дайындығы. Дидактикалық жүйенің қорытындысын салыстыру негізінде баланың мектепке жетілуінің деңгейі анықталады (жоғары,орташа,төмен,өте төмен).Диагностика өткізіп, соның нәтижесімен ата-аналарды таныстыдық. І -жартыжылдықта мектепке қабылданған 1 сынып оқушыларының оқу мотивациясын, мектепке үйренуін зерттедім. Көмек талап ететін балаларға көмегімді тигізуге тырыстым. Жыл бойы ата-аналарға , сынып жетекшісіне кеңес беру жұмыстарын өткіздім.Мектепалды дайындық тобының балалары да психологтің қадағалауында болды. "Ірі қозғалыс", "Ойлау және сөйлеу", "Пиктограмма" әдістері бойынша жұмыс жүргіздім. Жыл бойы психолого-педагогикалық өлшем: "Жаңбыр астындағы адам" 4 сыныпта , "Мектеп мотивациясын анықтау әдістемесі" 2 сыныпта, "Сыныптағы психологиялық атмосфера"(Ситора әдістемесі бойынша) 6-11 сыныптарда, топтық диагностика: 5 сынып оқушыларының ортаңғы буында оқуға бейімделуін бақылау, "Жанұялық қатынастың аймағы" (Э.Г.Эйдермиллер) тақырыбында жұмыстар жүргізілді. Ситора әдістемесі бойынша мұғалімдермен де, әкімшілікпен де "Топтағы психологиялық атмосфера" тестін өткізіп, соның нәтижесінде жеке ұстаздармен жұмыстар жүргіздім.
Психологиялық қызметМектеп психологіАбуева Гульжан Еркентайқызы Гульжан Еркентайқызы - № 48 мектеп-лицейінің психологі. Астана қаласындағы «Қайнар» университетінің педагогика-психология факультетін бітірген. Мектеп психологінің қызметімектеп-лицейдің педагогикалық ұжымы мен оқушылардың психикалық және әлеуметтік жағдайын сақтауға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру. Лауазымдық міндеттері:· оқушылардың психикалық және әлеуметтік жағдайын сақтауға бағытталған кәсіби қызметін жүзеге асырады;· болашақ кәсібіне бейінділігін анықтауға бағытталған жұмыстар жүргізеді;· оқушылардың жеке басы мен әлеуметтік мәселелеріне арналған педагогикалық ұжымын бағдарлау мақсатында психология-педагогикалық қорытынды шығарады;· дарынды және үлгермейтін оқушылармен іс-шаралар ұйымдастырады;· педагогтердің , ата-аналардың, әлеуметтік педагогтің құзырын жоғарылату үшін, психологияны практикада қолдану мәселелері бойынша педагогтерге кеңес береді;· әр түрлі бейінді мақсатта психологиялық диагностика жасайды, ауытқу дәрежесін анықтайды, психо-педагогикалық түзету жасайды. Мектептегі психологиялық қызметтің модельі Мектептегі психологиялық қызметтің мақсаты:мектептің білім беру ортасында арнайы жағдайды қалыптастыра отырып, оқушылардың психологиялық даму үдерісін басқару. Психологиялық қызметтің міндеттері§ 1. Оқытудың түрлі кезеңдерінде оқушылардың психологиялық даму нәтижелерін бақылап отыру.§ 2. Оқушылардың дамуындағы мәселені шешуге психологиялық көмек көрсету үшін жағдай жасау.§ 3. Ішкі мектептік білім беру бағдарламасына және технологияларына, олардың сол мектептің оқушыларының индивидуалды және жастық ерекшеліктеріне сәйкес келуі негізінде психологиялық талдауды жүзеге асыру.§ 4. Мектептің білім беру ортасында балалардың оқу, тәрбие және даму үдерістеріне кеңес беру және ақпараттық психологиялық қолдау көрсету. Мектептегі психологиялық қызметтің жұмыс түрлері Педагогтармен жұмыс§ Тұлғаның психодиагностикасы.§ Психологиялық ағарту жұмысы.§ Оқушылардың білім алу мәселесіне бағдарланған жұмыстың түрлі формаларына қатысу (қажет болғанда және өз бастауымен).
§ Оқушылардың оқу, тәрбие және дамуына бағытталған, педагогтармен бірге психологиялық және педагогикалық бағдарламаларды жүзеге асыру.§ Сынып сағатына, ата-аналар жиналысына психологиялық құралдар таңдауға көмектесу.§ Жас мамандармен жұмыс: жаңа кәсіби жағдайға және жаңа ұжымға психологиялық бейімделуіне көмек көрсету. § Оқушыларды психологиялық-педагогикалық диагностикалау.§ Нақты баламен педагогикалық қарым-қатынас орнатуында қиындығы бар жеке педагогтармен психологиялық-әдістемелік жұмысАта-аналармен жұмыс § Жанұялық тәрбие стилін анықтау.§ Балаларды тәрбиелеу және психологиялық дамуы мәселелері бойынша ата-аналарға кеңес беру.§ Психологиялық ағарту және профилактика (дәріс, әңгіме, әдебиеттер ұсыну).§ Түзету және дамыту жұмыстарына қатыстыру.§ Психологиялық диагностиканы жүргізу қорытындысы бойынша ақпараттандыру. Психологиялық диагностикаБалалармен: - балаларды мектепке дейінгі жаста психологиялық зерттеу; - балалардың оқуға психологиялық дайындығын диагностикалау (1,5,9 сыныптар); - мектепке дезадаптация себебін (әлеуметтік, индивидуалды және т.б.) диагностикалау.Ата-аналармен: - бала және ата-ана қатынасын диагностикалау; - сауалнама жүргізу.Педагогикалық ұжыммен: - нақты сұраныс бойынша педагогикалық ұжыммен сауал жүргізу; - психологиялық сауалнама жүргізу.Психологиялық кеңес беруБалалармен: - 7-17 жас оқушыларының мектептік дезадаптация сұрақтары бойынша (оқу және мінез-құлық мәселелері); - мектепке дейінгі жаста балалардың психологиялық дамуы бойынша; - жоғарғы сынып оқушыларына кәсіби кеңес беру; - отбасылық кеңес беру.Ата-аналармен: - баламен өзара қарым-қатынас сұрақтары және тәрбие (оқыту) сұрақтары бойынша;Педагогикалық ұжыммен: - мектептік және әлеуметтік дезадаптация сұрақтары бойынша; - тұлғалық және кәсіби мәселелер бойынша; Түзету-дамыту жұмысы Балалармен: - бала, мұғалім, ата-ана сұранысы бойынша жеке психологиялық сабақ жүргізу; - модельдеу жобалары бойынша дамытушы сабақтарды жүргізу;
- 1-сынып оқушыларын оқуға бейімделудің психологиялық-педагогикалық бағдарламасын жүргізу;
- 5-сыныптарда бейімделу-дамыту ортасын қалыптастыру бойынша психологиялық-педагогикалық бағдарламасын жүргізу;
- жеткіншектердің өмірлік және кәсіби өзін-өзі анықтау үдерісін белсендендіру бойынша сабақтар жүргізу;
- бала және ата-ана дамытушы сабақтары.
Психологиялық ағарту – психологиялық мәдениетті көтеру
Оқушылар
– психология сабақтары;
- сыныптан тыс іс-шаралар.
Ата-аналар
– жиналыс, семинар.
Педагогтармен
– семинар, конференция, дөңгелек үстел
Психопрофилактика жұмысы
§ Оқу мен демалысты ұйымдастырудың ғылыми негізделген талаптарын түсіндіру;
§ Кикілжің және стрестік жағдайларда, қиын жас кезеңіндегі тәртіп тәсілдерін үйрету;
§ Ішімдік пен нашаның бала психикасына әсері;
§ Гармонияда тұлғаны дамыту;
§ Дамудағы ауытқулардың алдын алу.
Әдістемелік-ұйымдастыру жұмыстары
n Педагогтар және әлеуметтік жұмыскерлердің психологиялық біліктілігін көтеру мақсатында семинарлар (ақпараттық және оқытушылық) жүргізу.
n Ата-аналардың балалармен психологиялық сауатты қарым-қатынас жасауын жоғарлату.
n Әдістемелік материалдар даярлау.
n Ғылыми зерттеулер жүргізу.
n Ғылыми-практикалық семинарларға, конференцияларға қатысу.
n Жиналыстарға және әдістемелік бірлестіктерге қатысу.
n Кабинетті жабдықтау және т.б.
Педагогтармен психологиялық жұмыс
Педагогикалық ұжыммен:
- оқушыларға психологиялық-педагогикалық ілесу бағдарламасын жүргізу;
- психологиялық-педагогикалық консиллиумді жүргізу;
- Өзін-өзі реттеу мәселелері бойынша сабақ жүргізу.
Психолог жұмысының іс-қағаздары
1. Бір жылға және әрбір тоқсанға жұмыс жоспарын жасау.
2. Келесі бөлімдер бойынша журнал
- дамытушы сабақ;
- кеңес беру (жекелей-бала, ата-ана, педагог);
- Мамандарға бағыт беру.
3. Дамытушы сабақтар және оқу курстарының бағдарламалары.
4. Психология бойынша оқу курстарының тақырыптық жоспары және журнал.
5. Өткізілген іс-шараға мониторнинг жасаудың қорытындысы бойынша анықтама.