Файл: Бла жалпы орта білім беретін мектебіні мектепалды даярлы тобыны мектепке.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 60

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


      Лекция барысында Ұлттық бірыңғай тестілеудің психолгиялық шешу жолдары  бойынша оқушыларға күн тәртібін құруға, материалдарды есте сақтап, қайта жаңғыртуға, өз қабілеттерін молынан қолдауға, стресстік жағдай бола қалғанның өзінде, оны жеңудің жолдары бойынша ауқымды ақпарат оқылып, оқушылармен талданды.

     Өз кезегінде оқушылар қызығушылықтарын білдіріп, өз күн тәртіптерімен бөлісіп, болашақта жаңадан алынған ақпараттарды іске қосуға ниет білдіріп жатқандар да кездесті.     

     «Ұлттық Бірыңғай Тест-білім сапасының негізі» атты тренинг өтілді.

Тренинг мақсаты:

     Мектеп түлектерінің ҰБТ-ға дайындығын тексере отырып,қорқыныш пен іштей қинаған сезімдерден құтылуға,адал болуға психологиялық көмек көрсете отырып,бойларына сенімділік ұялату, жол таңдай білуге үйрету.

 

Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілген жұмыстар:

 

      2009-2010 оқу жылындағы үлгерімі төмен оқушыларға құрылған жұмыс жоспары бойынша мынандай жұмыстар атқарылды:

     Оқушылардың оқу пәндеріне үлгермеу себептерін, оқу әрекетіндегі басты қызығушылықтарын, қарым-қатынасының және іс-әрекетінің әртүрлі аймағындағы қорқынышты зерттеу, таным процестерін анықтау мақсатында “Оқудағы үлгермеудің себептері”, “Оқуға деген қызығушылығы”, “Қызыл-қара кесте”, “Аяқталмаған сөйлем” атты тест, сауалнамалар жүргізілді.“Сиқырлы орман”, “Әңгіме құрастыру” ойындар мен жаттығулар өткізілді.

 

Дарынды оқушылармен жүргізілген жұмыстар:

 

       Дарынды оқушыларға құрылған жұмыс жоспары бойынша мынадай жұмыстыр атқарылды:

       Дарындылықты анықтауда бірнеше жақта қарастырылды. Интеллектуалдық дарындылық, шығармашылық дарындылық, әртістік дарындылық, музыкалық дарындылық, техникалык дарындылық және спорттық дарындылық.

       Хаан мен Кафф әдістемесі негізінде жасалынған «Дарындылық картасы »  әдістемесі жүргізілді. Негізгі қызметі-диагностикалау, екінші қызметі-дамытушылық. Бұл әдіс-10,9,8,7 сыныптың дарынды оқушыларымен жүргізілді.

Жұмыс барысында дарындылықтың қалыптасу деңгейлері екі топта қарастырылды.

     Актуальді дарындылық-бұған қабілеттілігі қалыптасқан белгілі іс-әрекетте өз жетістігін байқата алатын әлеуметтік ортада, үлкен сында жоғары көрсеткішті иемдене алатын балаларды жатқызуға болады. Бұл топқа жататын оқушылар-Күмісбек Ғани 10 «Ә», Әбдуали Аян 10 «Б», Ехсан Айкерім 8 «А», Орал Дидар 11 «Ә»,Қазалиев Алмас 10 «А» т.б

       Потенциалдық дарындылық
-  баланың жалпы психикалық мінезінде белгілі бір қабілеті бар, бірақ ол еш жерде байқалмайды , сондықтан жағдай жасағанда ғана нәтижелі болады. Бұл топқа жататын оқушылар- Қазалиева Іңкәр 8 «А», Жақсұғұлова Зухра 8 «Ә», Дастанов Санжар 9«А» т.б 

            

Оқушылармен жеке жасалынған жұмыс қорытындысы.

 

      10.12.2009-25.12.2009 күндер аралығында ата-анасының тапсырысы бойынша

1 "Б" сынып оқушысы  Тұран Диаспен зерттеу жұмыстары жүргізілінді. Мақсат- есте сақтау қабілетінің төмен екендігі және сыныптағы  оқушылармен қарым қатынасын байқау.

     Жүргізілген әдістемелер;

Зерттеу барысында Кери Йирасектің мектептік жетілу тестінің көмегімен Диастың мектепке бейімделуі деңгейі   анықталды.  Тест қорытындысы бойынша Диастың бейімделу деңгейі орташа.

     Есте сақтауды дамытуға арналған ойындар жүргізілінді; «Менің ісімді қайтала» мақсаты- есту қабілетін дамыту, «Тыңда және орында» мақсаты-зейінді және ойды дамыту.

     Зерттеу барысында жаттаудың түрлі әдістері қолданылды: көру арқылы есте сақтау, есту арылы есте сақтау және қол қимылы арқылы есте сақтау. Үш әдістің ішінен Диасқа қолайлы болған әдіс- қол қимылы арқылы есте сақтау әдісі. Бұл әдіс жаттаудың мағынасына қарай қолды қимылдатып отырамыз.

     Жұмыс жасау барысында түрлі суреттер салынды:

Жоғалған қанаттарды тап 



Аңдардың құйрықтарын сал   

 

    Осындай жеке жұмыстар басқада сынып оқушыларымен жүргізілді.

5 «Ә» сынып оқушысы Нұрматова Гаухар, 1 «Б» сынып оқушысы Эмельева Әлия, 6 «Д» сынып оқушысы Ергембек Дәулет.

    Оқушылардың еркін тақырыпта салынған суреттері.