ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 51
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5.4С Диаграмма | Мектеп: Дөң орта мектебі | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Искендирова С.К. | ||||||||||||
Сынып: 5 | Қатысқандар: | Қатыспағандар: | |||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Шеңбер. Дөңгелек. Дөңгелек сектор. | ||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 5.3.1.2 шеңбер, дөңгелек және олардың элементтері (центр, радиус, диаметр) ұғымдарын меңгеру; 5.3.1.3 циркульдің көмегімен шеңберді салу; 5.3.1.6 дөңгелек сектор ұғымын меңгеру; | ||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушы: -шеңбердің , дөңгелектің элементтерін біледі , анықтамасын айта алады. -дөңгелек сектор ұғымын біледі. -радиус бойынша диаметр таба алады. Көпшілігі: -берілген радиус мәні бойынша шеңбер сыза алады. -шеңбердің және дөңгелектің барлық элементтерінің анықтамасын біледі және өмірмен байланыстыра алады. Кейбірі:-бірнеше шеңберлер бойынша центрлердің арақашықтығын таба алады. | ||||||||||||
Бағалау критерийі | -Радиус бойынша диаметрін табады ; -Радиус бойынша шеңбер салады; -Екі шеңбердің центрлерінің арақашықтығын табады. -Дөңгелек секторға берілген есептерді шығарады. | ||||||||||||
Тілдік мақсаттар | - элементтерімен берілген шеңбердің және дөңгелектің сызбаларын ауызша сипаттайды; Пәнге тән лексика мен терминология - шеңбер; - дөңгелек; - шеңбердің центрі, дөңгелектің центрі; - радиус; - диаметр; - дөңгелек сектор; Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер.
-дөңгелектің екі радиуспен шектелген бөлігі; | ||||||||||||
Құндылықтарға баулу | Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы Киіз үй жабдықтары, ұлттық валюта . | ||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Геометрия , физика | ||||||||||||
Алдыңғы білім | Сандарға амалдар қолдануды біледі.Бұрыш түсінігіне ие. | ||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар | |||||||||||
Сабақтың басы | Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды ахуал қалыптастыру Шеңбер бойымен тұрып , өздерінің қалауы бойынша боялған дөңгелекті таңдайды.Осы түске сәйкес өз көңіл күйлерін білдіреді. -Топқа бөлу / түрлі-түсті дөңгелектер бойынша төрт топқа бөлу / Үй жұмысын тексеру С лайдта көрсетілген фигуралардың ішінде қайсылары сізге таныс? Дескриптор . Білім алушы -көпбұрыштарды біледі , ажырата алады Қалыптастырушы бағалау.«Жарайсыңдар!» , «Өте жақсы» - Ширату жаттығулары Өмірмен байланыстыру мақсатында «Сұрақ қою, қайта сұрақ қою» әдісін пайдалану. -Қазақтың тұрмыс тіршілігінде шеңбер,дөңгелек тәрізді заттар бар ма? | Түрлі түсті дөңгелектер Слайд 1 Слайд 2 Киіз үй,теңге суреттері | |||||||||||
Сабақтың ортасы | «Миға шабуыл» әдісі Әр топтың ортасына стакан , жіп , краска,ақ бет қойылады. Бұл кезде ұжымдық талқылау болады, мәселенің шешімін іздейді. Мәселені әр мүшенің пікірін еркін тыңдау арқылы шешу. Іс тәжірибе арқылы шеңбер мен дөңгелекті көрсете отырып тақырыпты түсіндіру. Сабақтың мақсаты айқындалады. Шеңберді циркуль деп аталатын құралмен сызады. Ақ бетке циркульдің көмегімен слайдта көрсетілген үлгіні пайдаланып шеңбер сызғызып және сол сызбаны сызық бойымен қию. Б алалар берілген тапсырманы барлығы жеке орындайды және шеңберді қиған кезде қолдарында дөңгелек пайда болғанын көреді. Қандай қорытынды жасауға болады? Ә р оқушы қолындағы дөңгелектің центрін , радиусын , диаметрін слайдта көрсетілгендей етіп белгілейді. Шеңбер – дөңгелектің шекарасы Дөңгелек – барлық нүктелері центрінен бірдей қашықтықта жатқан тұйықталған сызық. О нүктесі – дөңгелектің (шеңбердің) центрі ВС – диаметр (d) – шеңбердің центрі арқылы өтетін екі нүктені қосатын кесінді. АО- радиус (R) – шеңберден центрге дейін жүргізілген кесінді (қашықтық) Қандай қорытынды жасауға болады? Оқушыларға сектор ұғымын түсіндіру үшін қолдарындағы дөңгелектен слайдта көрсетілгендей етіп бөлігін қиып алу. АОВ,АОС,ВОС-дөңгелек секторлар «Бағдаршам» әдісі арқылы оқушылардың жаңа материалды қаншалықты меңгергендерін байқау. / Жасыл карточка көтерген оқушылар – барлығын түсінді. - Не түсіндіңіз? Сары және қызыл карточка көтергендер: - Сіздерге не түсініксіз?/ «Таңда, шығар, дәлелде» оқушылар оқулықтан өз деңгейлеріне сәйкес тапсырманы таңдап жеке жұмыс жасайды. А деңгей 1.Радиусы 4см ге тең шеңбер сыз. 2.Шеңбердің радиусы 11см. Шеңбердің диаметрін табыңдар. В деңгей 1.Айдың диаметрі 3476 м. Айдың радиусын табыңдар. 2.Дөңгелек екі секторға бөлінген. Бірінші сектордың бұрышы 80о . Екінші сектордың бұрышы неше градус? С деңгей Бірінші шеңбердің радиусы 2,5см.Екінші шеңбердің радиусы 4,5см. Екі шеңбердің центрлерінің арақашықтығын тап. Дескриптор. Білім алушы. -Циркулді пайдаланып шеңбер сыза алады. -Шеңбердің радиусын өлшеуді біледі. -Дөңгелектің диаметрінің ұзындығын анықтай алады. -Дөңгелек секторға, шеңберге берілген есептерді шығара алады. «Домино» әдісі. Топтық жұмыс. Шеңберден центрге дейін жүргізілген кесінді (қашықтық) D- 2R Дөңгелек Шеңбердің ішіндегі бөлігі , шеңбердің өзімен қоса алғандағы . Радиус Смайликтер арқылы топтарды бағалау. -Элективтік тест (таңдаулы). Сурет бойынша анықта. 1 .Суреттен шеңбердің центрін көрсет.А. P В. L С. S Д. M Е.K 2.Суреттен шеңбердің радиусын көрсет.А. KM және KLВ. PQ және RS С. ON және PQ Д. ML Е. ON 3.Суреттен шеңбердің диаметрін көрсет. А. KM және KL В. PQ және RS С. ON және PQ Д. ML Е. ON 4 .Суреттен анықтаңыз. а суреттегі шеңбердің диаметрін анықта. А. 15 В. 5 С. 10 Д. 2,5 Е.20 5. в суреттегі шеңбердің радиусын анықта. А. 24 В. 5 С. 8 Д. 6 Е.12 Кері байланыс -Неліктен бұл жауапты таңдадың? -Неге осы жауап дұрыс деп ойлайсың? Өзіндік жұмыс. Деңгейлік тапсырма. 1 тапсырма. Дәптерге О нүктесін белгілеңдер. О нүктесін центр етіп алып , шеңбер сызыңдар. Дөңгелекті бояңдар.1.Шеңбердің радиусын өлшеп,оны жазыңдар. 2.Дөңгелектің диаметрі неше сантиметр?Оны жазыңдар 2 тапсырма. Жердің диаметрі шамамен 12700км. Жердің диаметрі Юпитердің диаметрінен 11 есе кем. Юпитердің радиусын табыңдар. 3 тапсырмаБірінші шеңбердің радиусы 2см. Екінші шеңбердің радиусы 3см. Екі шеңбердің центрлерінің арақашықтығын тап. Дөңгелек 3 секторға бөлінген.Екі сектордың бұрыштары:40о және 90о.Үшінші сектордың бұрышы неге тең? Дескриптор.Білім алушы. -Радиус бойынша диаметрін табады ; -Радиус бойынша шеңбер салады; -Екі шеңбердің центрлерінің арақашықтығын табады. -Дөңгелек секторға берілген есептерді шығара алады. Бағдаршам арқылы өзін өзі бағалау. | Стакан,ақ бет, краска,қайшы,жіп Циркуль АКТ Слайд 3 Б ағдаршам дөңгелектері Математика оқулығы Әдістемелік оқулық Деңгейлік тапсырма Домино тапсырмалары Тест тапсырмасы А,В,С,Д,Е карточкалары Деңгейлік тапсырма Бағдаршам дөңгелектері | |||||||||||
Сабақтың соңы | « Венн диаграммасы» арқылы шеңбермен дөңгелектің арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды сәйкестендіруді жұппен орындайды; шеңбер дөңгелек «+ - ?» рефлексия. ҚАҚ (Қосу-Азайту-Қызықты)-авторы Эдвард де Боно. Қосу (+) –«Не жақсы?», «Несімен жақсы?» деген сұрақтарға жауап береді. Азайту (-)-«Несі жаман?» деген сұраққа өз ойларын жазады. «?»-«Несімен қызықты?» деген сұраққа оқушы түрлі ойға салатын ойлар мен айғақтарды жазады.
| | |||||||||||
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? | Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | |||||||||||
-Оқу мақсатына жету үшін білім деңгейі әртүрлі оқушыларға арналған тапсырмалар қолдандым. -Белсенді оқыту әдістерінің көмегімен бағыт бағдар бере отырып білім алуға мүмкіндік бердім. -Күрделілігіне қарай алға ілгерілеп отыратын тапсырмалары бар карточкаларды пайдаландым. | Қалыптастырушы бағалау. Өзін-өзі бағалау. Топтар бір бірін бағалау. Дескриптор арқылы бағалау. Бағдаршам арқылы бағалау. | Интерактивті тақтаны қолдануда қауіпсіздік техникасын сақтау. Сабақ барысында тәртіпті сақтау. | |||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? | Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||||||||
Оқу мақсаты қолжетімді болды. Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді. Саралау әдістері жүргізілді. Тапсырма сайын уақытты тиімді пайдаландым. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ. | |||||||||||||
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: «Миға шабуыл» әдісі арқылы өзіндік ережесін сақтап, дұрыс пайдаланып оқушының стандарты емес шығармашыл ойлауын жақсы дамуы. 2: Салыстыру мен сәйкестендіруге арналған графикалық органайзерлер. Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: Жұптық жұмысты жүйелеу. 2:Уақытты тиімді қолдану Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |