Файл: Ксіби аза тілі пні бойынша 5В030100 Юриспруденция мамандыы шін ОУдістемелік кешен курс.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 113
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қарағанды мемлекеттік Е.А.Бөкетов атындағы университеті
Филология факультеті
Қазақ тілінің практикалық курсы кафедрасы
КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІ
пәні бойынша
5В030100 – Юриспруденция
мамандығы үшін
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Курс: 2, 3
Cеместр: 3-4, 5-6
Қарағанды-2014
Құрастырғандар: Айтбаева Бақыт Манатовна – филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Жүнісова Марина Қабдылқалымқызы – филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Мизанбаева Гүлбейбіт Шахманқызы – аға оқытушы.
5В030100 – Юриспруденция мамандығына арналған «Кәсіби қазақ тілі» пәні бойынша жасалған оқу-әдістемелік кешенде оқу пәнінің қысқаша мазмұны, тақырыптық жоспар, семинар сабақтарының жоспары, оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өздік жұмысы сабақтарының әдістемелік нұсқаулары, студенттердің өздік жұмыстарының тапсырмалары, бақылау түрлері, өздік бақылауға арналған тест тапсырмалары кіреді. Кешен мамандықтың ерекшеліктерін еске ала отырып, кәсіби бағдарда жасалған.
«Кәсіби қазақ тілі» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені 6.08.061-2010 мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес әзірленген.
«Кәсіби қазақ тілі» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен 5В030100 – юриспруденция мамандығына арналған / Құрастырушылар: Б.М. Айтбаева, М.Қ.Жүнісова, Г.Ш. Мизанбаева. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2014. - 62 б.
© Қарағанды мемлекеттік университеті, 2014
1. Пәннің типтік оқу жоспары
2. Күндізгі бөлімнің жұмыс оқу жоспары
Оқу жоспарының көшірмесі
Оқу мерзімі | Курс | Семестр | Несиелер | Семиарлар | соөж | Барлығы | Бақылау түрі |
3-4 | 2,3 | 3-4 | 2 | 30 | 15 | 45 | Ауызша |
2.1Сыртқы оқу бөлімінің жұмыс оқу жоспары
Оқу жоспарының көшірмесі
Оқу мерзімі | Курс | Семестр | Несиелер | Семиарлар | соөж | Барлығы | Бақылау түрі |
2-3 | 3 | 3-4 | 2 | 30 | 15 | 35 | Ауызша |
№№ | Тақырып атауы | Семинар-лық сабақ | СОӨЖ |
1-2 | Кәсіби қазақ тілінде мамандықтың пәндік негіздеріне кіріспе. Қазақ тілінің әдеби стильдері. | 4 | 2 |
3-4 | Кәсіби қазақ тілі – адам іс-әрекетінің белгілі аясын қамтамасыз ететін пәндік феномен. Ауызекі сөйлеу стилі. | 4 | 2 |
5-6 | Қазақ тіліндегі кәсіби терминология. Ғылыми стиль. | 4 | 2 |
7-8 | Пәндік тілдік материалдарды меңгеруді қалыптастыру негіздері. Публицистикалық стиль. | 4 | 2 |
9-10 | Арнайы кәсіби бағыттағы материал және оны берілген кәсіби жағдаяттарда пайдалану. Көркем әдебиет стилі. | 4 | 2 |
11-12 | Қазақ тілінде мамандық бойынша пән салалары мазмұнына сипаттама. Ресми-іс қағаздар стилі. | 4 | 2 |
13-14 | Кәсіби қазақ тілінің мамандық пәндерімен байланысы. | 4 | 2 |
15 | Бақылау жұмысы (оқытушының таңдауы бойынша) 1. Жатқа оқу 2. Тест. Сөздік диктант 3. Сөйлесім. 4. Мазмұндама 6. Тыңдалым | 2 | 1 |
Барлығы | 30 | 15 |
3. Пәннің оқу бағдарламасы — syllabus
3.1. Оқытушылар туралы мәліметтер:
Айтбаева Бақыт Манатовна – филология ғылымдарының кандидаты, доцент, beibarys@mail.ru., Жүнісова Марина Қабдылқалымовна – филология ғылымдарының кандидаты, доцент, ZhunusovaMK@mail.ru., Мизанбаева Гулбейбит Шахмановна – аға оқытушы.
Сәрсенбі – 11.00-15.00
Сенбі – 9.00 -13.00.
3.2 Алғы деректемелер:
1. Қазақ тілі - А1, А2 деңгейі
2. Қазақ әдебиеті
3.3 Кейінгі деректемелер:
1. Арнайы мақсаттағы қазақ тілі
2. Іскери қазақ тілі
3. Мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізу
3.4 Пәннің қысқаша мазмұнында пәннің мақсаттары мен міндеттері 30 сағат көлемінде семестрге арналған бағдарлама (аптасына 2 кредит-сағат).
Әлеуметтік қоғамдық пәндердің ішінде жалпы білім беру пәндерінің бірі болып саналатын кәсіби қазақ тілін оқытудың мақсаты: студенттердің кәсіби және қарам-қатынас компетенциясын қалыптастыру. Интегративтік негізде, лингвистикалық, дискурстық және әлеуметтік – мәдени компетенциясы қалыптасады.
Белгілі бағдарламаның көлемінде оқытылатын тілдің әдеби стилін, фонетикалық, грамматикалық, лексикалық құбылыстарын білу және оларды қарым-қатынас және кәсіби әрекеттерінде пайдалануы лингвистикалық компетенцияның мазмұнына кіреді.
Дискурстық компонентке студенттердің тіл нормалары мен сөйлеу түрлеріне (баяндау, сипаттау, монолог және диалог) сәйкес етіп, қарам-қатынас және кәсіби әрекеттеріне мәтіндер мен ой-пікірлерді құрастыруға тіл құралдарын білу және дағдылану керек.
Студенттердің мәдени аралық байланысының ұлттық мәдени тіл құбылысының ерекшелігі және өзін-өзі ұстау, тіл иеленушінің, сол елдерге тән құбылыс жағдайларын салыстырумен қамтамасыз етуі әлеуметтік – мәдени компонентке жатады.
Курс міндеттері қазақ тілінің стильдері мен сөйлеу әрекетінің барлық түрлері: сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу дискурсты қабылдау мен тудыруға (диалогтық қарым-қатынас) және медиацияға (арнайы мәтіндерді аудару) байланысты талаптарымен анықталады.
Пән бойынша шет тіліндегі тәжірибелік курс бағдарламасы төмендегідей тапсырмаларды қамтиды, яғни болашақ студенттердің білім алуы мен іскерлік талабын қамтамасыз етеді:
- оқу ролінің негізінде сөйлеу әрекеттерінің барлық түрлерін қазақ тілінде іске асыру;
- келешектегі кәсіптік қызметті жетілдіру үшін жоғарғы оқу орнында алған білімін және іскерлігін өз бетінше арттыру;
- тұрмыстық, кәсіптік, іскерлік байланыс мақсатында пәндерге берілген сағат бойынша лексико-грамматикалық, фонетикалық минимум (ең аз шама мөлшерінде) негізінде меңгеру, және тұрмыстық, кәсіби және іскер қарым-қатынаста пайдалану.
Студент курс соңында қазақ тілінің сөйлеу стилі бойынша өзін таныстыруды, тұрғылықты орнын, айналасындағы адамдарды суреттеуде қолданатын белгілі фразалар мен ілеспе сөздерді күнделікті қарым-қатынас ситуацияларында кәсіби деңгейде пайдалана білуі керек және оқулықпен, анықтама материалымен, құжаттармен мерзімді баспа әдебиеттерімен жұмыс істеуге дағдылану керек.
Оқу:
1. оқу тәсілдерін меңгеру;
2. оқулық мәтіндерді, жарнамаларды, маңдайша жазуларды, нұсқауларды оқудың дыбыс графемалық және дауыс ырғағы нормаларын ескеріп, дауыстап және ішінен оқу. Мәтіннің түп-нұсқасын түсінуге тырысу;
3. таныса және зерттеп оқуларының элементтерін меңгеру;
4. анықтама әдебиетпен өз бетімен жұмыс істеу.
Жазу:
1. графика мен орфографияны меңгеру;
диктант, бланктарды, сауалнамаларды және декларацияларды жаза білу.
Тыңдау:
1. оқытушы мен студенттің арасында қарым-қатынастың қарапайым деңгейін қамтамасыз ету үшін оқытушының нұсқауларын дұрыс түсіну;
2. оқылған тақырып көлемінде қазақ тілде айталған сөйлемдерді түсіну.
Сөйлеу:
1. диалог-сұраудың, ақпаратты алуға арналған диалогтың әр түрлі функцияларын меңгеру;
2. ілікпе фразарды пайдаланып, әңгімені жалғастыруды білу, ақпарат алудың, өзін-өзі таныстыруды, дәлелдеуді, бастартуды, алғыс айтуды, кешірім сұраудың, ақпаратты анықтауды, қарсы қойған сұрауды, байланыс аяқталғанын білдіретін іскерліктерді меңгеру;
3. монологтық сөйлеуді меңгеру (сипаттау, хабарлау);
4. басты және жанама ақпаратты белгілеуді немесе мәтінді қысқартуды (компрестеу) білу керек.
Курстық сабақтар сіздің алдыңызға қойған мақсаттарға жету көмегі ретінде жоспарланған:
- қысқаша жазба жұмысы, яғни үй тапсырманы орындау, құжаттарды толтыруда, талдау дағдысын, критикалық оқу және жазу дағдыларын жетілдіруге көмектеседі.
Дәрісханадағы ситуацияларды дамытудағы қойылған және алынған жауаптар, талдау дағдысына, оқу критикалық дағдысына, ауызекі тілдің дағдысына және құжаттарды толтыруға көмектеседі.
- талдау кейсі қазақ тілінде сөйлеу, ойлау әрекетін шынықтыруға, лексико-грамматикалық сөйлеу, талдау, сөйлеу үрдісінде өзінің пікірін серіктесімен өз ара талдауға, шынықтыруға;
- жеке және топтық жобаға қатысу зерттеу жұмысын және презентацияны жүргізу, сол сияқты талдау, дербес ой дағдыларын дамытуға.
Жұмыс түрлері және оларды орындаудың тізімі.
а) Оқу нақтылы ситуациялар (Case study) – студенттерге көптеген ситуацияларды ұсынады, оларды дамытып, сұрақтарға жауап беріп, мәселеге байланысты көз қарасын білдіру және өзінің кейсін жазу;
б) Жылдам оқу (Skim) – оқу бағдарламасына (Syllabus) байланысты берілген деректерді оқу;
в) Тақырып бойынша шолу жасау (Review) – Интернет, ақпараттық қор және мерзімді баспа қолданып алынған қосымша деректермен берілген тақырыпқа 1-2 бет қасқаша әдеби шолу жасау.
г) Глоссарий (Glossary) жасау – орыс тіліндегі терминдер және түсініктемелердің қазақ тіліндегі аудармасы мен қысқаша түсіндірме берілген тақырып бойынша орындалады.
д) Таныстыру - өзін таныстыруда студент кез келген тақырыпты таңдауына болады және кез келген аспект бойынша өзінің түсінігін немесе түсінбеушілігін білдіре алады. Таныстыру уақыты – 8-10 мин. Таныстыру мынадай белгілер бойынша бағаланады: қаншалықты тақырып ашылды, аудиторияның көңілінен шықты ма және студент мәселені қаншалықты кәсіби қарастырды.
е) Аударма сайма-сай, толық, логикалық байланысты, жалғастырылған мағына бойынша аяқталған болу керек;
Талап және нәтиже.
Сабақ кезінде жұмысқа белсеңді қатысу үшін, сізде өзіңізге тән топтағы пәнді оқытуда қызықтырушылықтың бар болуы, басқа да топтағы тыңдаушылар арасында стимул ретінде қатысу қажет. Барлық тапсырмалар берілген мерзімге дейін орындалуы керек.
Тақырыптарды талдауды, қажетті сұрақтар қою мәселелерге сын көзбен қарап және оларды шешу үшін сіз сабаққа жақсы дайындықпен келуге міндеттісіз. Сонымен қатар, курс бойынша өзара жұмыс істеуге, сіз өзіңіздің оқуыңызға жауапкершілік алуыңыз қажет.
4. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесіне мыналар енеді:
-
тапсырмалар тізімі және түрлері (курстық жұмыстар (жобалар), есептеу-графикалық тапсырмалар, типтік есептеу-лер т.б.);
тапсырма мақсаты және мазмұны;
-
пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер тізімі, қай беттерді пайдалану керек екендігі көрсетілуі қажет;