Файл: It жне жаратылыстану ылымдары жоары мектебі Кнделікесеп Психологиялыпедагогикалы істжірибе бойынша.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 68

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«СӘРСЕН АМАНЖОЛОВ атындағы

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ

IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі

Күнделік-есеп

Психологиялық-педагогикалық іс-тәжірибе бойынша

(іс-тәжірибе түрі)

«6В01508»-Математика-физика білім беру бағдарламасының

күндізгі оқу түрінің 2 курс білім алушысы

Азатқадыр Асқар Айдынұлы

(білім алушының Т.А.Ә. )
Іс-тәжірибеден өту орны: ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№46 орта мектебі» КММ

(Кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің атауы)

Іс-тәжірибе мерзімі:

2023 ж. «8» мамырдан бастап 2023 ж. «19» мамырға дейін
Кәсіпорынның (ұйымның, мекеменің)іс-тәжірибе жетекшісі:

Балгазина Э.О. ________________

(Математика пәні мұғалімі) (Қолы)

Абдугожанова Г.С. ________________

(Физика пәні мұғалімі) (Қолы)


Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ іс-тәжірибе жетекшісі:

Кенжебекова Ф.С. _________________

(Қолы)

Қорытынды баға: _____________


Өскемен, 2023 ж.

1. Жеке жоспар-кестесі


Күні

Тапсырмалар және олардың мазмұны

(іс-әрекеттері)

Орындалу мерзімі бойынша ұсыныстар

1 апта

10.05.2023

Ұйыммен және педагогикалық ұжыммен танысу. Білім беру мекемесі туралы ақпарат

Мектептегі біртұтас педагогикалық процесті басқару жүйесімен танысу

Мәлімет дайындау

11.05.2023

Мектеп тарапынан бөлініп берілген сынып жетекшісімен (сынып жайлы, оқушылар құрамы жайлы ақпарат алу, тәрбие жұмысының жоспарымен танысу және т.б.), Пән мұғалімімен (пән бойынша сабақ жоспарымен танысу, бөлінген сыныбының сабағына қатысу және т.б) танысып, байланыс орнату.

Мәлімет дайындау

12.05.2023

Мұғалімнің, оқушылардың жұмысын бақылау, оның сабақ және өзгеріс кезіндегі қызметін зерттеу

Зерттеп, зерделеу

11.05.2023 – 18.05.2023

Мамандық бойынша пәндердің кесте бойынша сабақтарына қатысу; 1 сабаққа талдау жасау,

Мұғалімдер мен оқушылардың іс-әрекетін зерттеу, атқаратын жұмыстарына бақылау жүргізу.

Талдау жасау

11.05.2023 – 18.05.2023

Бөлінген сыныппен өткізілген тәрбие сағаттарына қатысу, 1 тәрбие сағатына талдау жасау

Талдау жасау

2 апта

11.05.2023 – 18.05.2023

Мектеп пен сыныптың тәрбиелік іс-шараларына қатысу: конкурстарға, концерттерге, театрландырылған көріністерге, мерекелерге және т.б.

Мәлімет дайындау

15.05.2023

Мектеп психологі мен әлеуметтік педагог жұмысымен танысу.

Мәлімет дайындау

11.05.2023 – 17.05.2023

Білім алушылардың танымдық процестерінің даму деңгейінің диагностикасын жүргізу. Сыныпта социометрия әдісін жүргізу

Нәтижелерді талдау

18.05.2022

Жүргізілген бақылау, зерттеу, әңгімелесу жұмыстары негізінде бір оқушыға және бір сыныпқа педагогикалық-психологиялық мінездеме дайындау.

Мінездеме дайындау

19.05.2023

Есептік құжаттарды дайындау

Есеп дайындау



2. Іс-тәжірибеге жолдаманың түбіртегі

3. Күнделік-есеп


Күні, айы

Әрбір күн үшін іс-тәжірибенің бағдарламасы мен жоспар-кестесіне сәйкес орындалған (зерделенген) жұмыстардың атауы

Жетекшінің белгісі

10.05

ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №46 орта мектебі КММ ұжымымен таныстық. Алғашқы күні білім беру ұйымының басшысымен, меңгерушілерімен, педагог-психологпен, әлеуметтік педагогпен, пән мұғалімдерімен таныстым. Мектептің оқыту ерекшелігімен, біртұтас педагогикалық процесті басқару жүйесімен таныстым, математика пәнінің мұғалімінің жұмыстарымен оның қыр сырымен, мектепішілік негізгі нормативтік құжаттармен таныстым.




11.05

Мектеп тарапынан бізге сынып жетекшісі – 9 «Ж-1» сыныбы бөлініп берілді. Сынып жетекшісі Ахметжанова Жансая Асхатқызымен және сынып оқушыларымен таныстым. Сыныптағы оқушылар құрамы жайлы толық ақпарат алдым. Сыныпта барлығы 22 оқушы, 10-ы қыз, 12-сі ұл. Тәрбие жұмысының жоспарымен таныстым. Пән мұғалімі Балгазина Эльвира Омаровна мен Абдугожанова Гульшат Советханқызымен танысып, тығыз байланыс орнаттық. Артынша пән бойынша сабақ жоспарымен, пән сабағаның өту барысымен таныстым.




12.05

Мұғалімнің жеке пән сабақтарына қатыстым. Сабақты жүргізу процессі мен сабақты ұйымдастыру барысын бақыладым. Өзіме бөлініп берілген 9 «Ж-1» сынып оқушыларымен жақсы байланыс орнатып, сабақ кестесі бойынша сабақтарына қатыстым. Сабақ барысында балалардың оқу үлгерімдерін, ынталарын, өз-өздерін сабақ барысында ұстауын бақыладым. Үзіліс уақытындада әр оқушымен жеке байланыс орнатуға тырысып, әр оқушыны жеке тұлға ретінде қарастырып бастадым.




15.05

Мектеп психологі Сабырбаева.А.З. таныстым. Білім беру жүйесіндегі мектеп психологының қызметінің мәні мен маңыздылығын түсіндім. Мектеп психологы мен әлеуметтік педагогы жұмысына қойылатын талаптар туралы ақпарат алдым. Сынып оқушылары арасында білім алушылардың танымдық процестерінің даму деңгейінің диагностикасын жүргізу, сыныпта социометрия әдісін жүргізу туралы қосымша деректер мен ақыл-кеңестер алдым.




15.05

Жетекшілерімнің математика және физика сабағына қатысып, оқу пәні және нақты сабақ арқылы әр оқушының дамуын жобалау және оқушыларды дамытатын психологиялық-педагогикалық құралдарды, әдістемелік тәсілдерді табу, білім деңгейлеріне сәйкес оқушыларды топтарға бөлу, олардың әрқайсысымен жеке жұмыстар жүргізу, жас ерекшеліктеріне сәйкес жұмыстарды таңдауды, сонымен қоса жаппай жұмысты ұйымдастыру қажеттілігін білдім. Теория бойынша алғам білімдерімді практика жүзінде көре алдым десем де болады.




16.05

Мамандығым бойынша математика пәнінен 8 «М» сыныбына «Квадрат теңсіздіктер» тақырыбына, сабақ өткіздім. Сабақ барысында оқушылардың іс-әрекеттерін, сабаққа қатысу белсенділіктерін, өз-өздерін ұстауын бақыладым.




16.05

1 күн бұрын өткен «Халықаралық отбасы күні» мерекесіне арналған тәрбие сағатын ұйымдастырдым. Тәрбие сағатының тақырыбы «Отбасы- кіші Отан». Тәрбие сағаты барысында сынып оқушыларымен бірге отбасының өмірдегі орны мен тәрбиелік қызметін және құндылықтарын талдадық. Оқушылар тәрбие сағатына белсене, еркін түрде қатысып өзіндік креативтік ойларын ортаға салды.




17.05

Білім алушылардың танымдық процестерінің даму деңгейінің диагностикасын жүргіздім. Оның ішінде оқушылардың таным үрдістерінің (қабылдау, қиял, ес, зейін, ойлау) түрлерін анықтадым. Диагностиканы әр түрлі әдістемелерді қолдана отырып жүргізіп, қорытындысын шығардым. Дж. Мореноның «Социометрия» әдісі арқылы оқушылардың сыныппен қарым - қатынас деңгейін анықтадым.




18.05

Жүргізілген бақылау, зерттеу, әңгімелесу жұмыстары негізінде 9 «Ж-1» сыныбына және сынып оқушысы Аманкелсін Азаматқа мінездеме дайындадым.




19.05

Іс-тәжірбиенің соңғы күні құжаттарымды толықтырып, өткіздім.






4. Қысқаша аналитикалық есеп

Іс-тәжірибе базасы туралы мәліметтер:

Мектеп директоры: Ауғанбаева Гүлфарида Базарбаевна

ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№46 орта мектебі » КММ базасында 2023 жылдың 10 мамыр - 19 мамыр аралығында педагогикалық-психологиялық іс-тәжірибесін өттім. Мұғалімдер саны-149, мектепте А, В, Д блогы бар. 2015 жылдың қыркүйек айында О.Бөкей атындағы №44 мектеп-лицейінің ғимаратында ашылды. 2016 жылдың 25 қаңтарында 19-шағын ауданында орналасқан Көкжал-Барақ 8/2 көшесінде.

Сайт: 46-oskemen.mektebi.kz

Почта: shkola46@list.ru

Пайдаланылған әдістер мен жұмыс технологиялары:

Психологиялық ахуал қалыптастыру үшін, өз ойын дұрыс мағынада білдіргені үшін «Мадақтау» әдісі, «Жапондық бағалау», сабақты қортындылауға арналған «Еркін микрофон» әдісі, «Тарсия әдісі», сабақ барысындағы материалды бекітуге арналған «Learning Apps» онлайн сервистегі сәйкестендіру әдісі, «Word Wall» онлайн сервистегі «Жұбын тап!» әдісі, «Plickers» онлайн сервистегі «Дұрыс жауабын тап» әдісі, кері байланысқа арналған «Фишбоун» әдісі.

Орындалған жұмыс туралы мәліметтер:

Іс-тәжірибенің бірінші күнінде мектеп директорымен, білім беру ұйымының меңгерушілерімен, математика мұғалімдерімен, мектептің оқыту ерекшеліктерімен және ережелерімен, басқару жүйесімен таныстым. Пән мұғалімдерінің жұмыстарымен, оқытуды ұйымдастырудағы ерекшеліктерімен таныстым.

Мектептің әлеуметтік-психологиялық қызметтің мақсатына келер болсақ:

  • Педагогикалық ұжымның және оқушылардың психологиялық денсаулығын сақтау;

  • Оқушылардың өмірге деген қызығушылығын арттыруға ат салысу;

  • Уақытында психологиялық көмек көрсету.

Сонымен қатар мектеп ішілік негізгі нормативтік құжаттармен таныстым. Соның ішінде медициналық қызмет лицензиясы, білім беру лицензиясы, кітапхана кітап қоры, тамақтану объектісі, меектеп жарғысы секілді құжаттарды қарап таныстым.

Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
санитарлық қағидаларымен таныстым. Оқушыларға білім беру объектілерін орналастыруға, жобалауға, салуға, пайдалануға беруге, тамақтандыруды ұйымдастыруға, оқушылар мен тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсетуге қойылатын талаптарын белгілейтінін білдім. Осы санитарлық қағидалар қызметі балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және оларға білім беру ұйымдарын жобалаумен байланысты барлық жеке тұлғалардың орындалуы үшін міндетті болып табылады екен.

Жетекшілерім Балгазина Э.О. мен Абдугожанова Г.С. сабақ барысында білім берудегі әдістерді, тәсілдерді үйретіп түрлі кеңестерімен бөлісті. Осы тәжірибенің нәтижесінде оқушыларға өз білімімді үйретіп, жаңа ақпарат алуға мүмкіндік беріп, жақсы тіл табысып алдым.

Балгазина Э.О. мен Абдугожанова Г.С. шебер-ұстаз ретінде білім берудегі әдіс-тәсілдермен бөлісіп, сабаққа қатысу барысында кеңестер берді. Сынып жетекші Жансая Асхатқызының нұсқауы бойынша сынып оқушыларымен жұмыс жүргізіп, жақсы тіл табыса білдім. Соның ішінде: сынып тазалығы, оқушылардың тәртібі, оқу формасы, оқушылардың сабаққа қатысуын бақылап, назарға алдым.

Өзіме бекітілген 9 «Ж-1» сыныбының оқушыларымен таныстым. Математика пәніне және де басқа да сабақтарына қатысып, оқушылардың сабаққа қатысу үлгерімдерін және сабақта өз-өздерін ұстауын бақыладым. Екі апта бойы оқушылармен бірге сабақтарға қатысу барысында олармен жақынырақ таныса түстім. Олармен үзіліс кезінде әңгімелесіп, жақын таныса түсуге тырыстым және олармен өзім де үйренісе бастадым. Сонымен қатар мұғалімдердің сабақ үйрету әдіс-тәсілдерін, оқушылармен қалай тіл табыса жұмыс жасай білу керектігін қадағалап қана қоймай оқушыларды да бақылау үстінде болдым. Сабақ беру барысында, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, уақытымды үнемді пайдаланып, қойылған мақсатыма жете білдім. Әр сабағыма аса жауапкершілікпен қарап, жан-жақты дайындалып, тапсырмаларды оқушылардың деңгейлеріне қарай дайындадым.

Жалпы өзіме бекітілген осы 9 «Ж-1» сыныбымен жұмыс істеу барысында менде қиыншылық болған жоқ. Бұл сынып оқушыларының математика пәніне деген қызығушылықтары жоғары, бір-біріне көмектеседі. Маған осы іс-тәжірибе барысында бұл сыныппен жұмыс жасаған қатты ұнады. Сыныппен жоспар бойынша математика пәні сабақтарына және жоспардан тыс тәрбие сағаттарына қатыса отырып, оқушылармен жақсы тіл табыса, сыныппен тығыз қарым-қатынаста бола білдім. Атап «Отбасы- кіші Отан» атты тақырыпта тәрбие сағатын өткіздім. Мамандығым бойынша математика пәнінен 8 сыныптарға «Квадраттық теңдеулер» тақырыбына сабақ өткіздім. Оқушылардың іс-әркеттерін, сабаққа қатысу белсенділіктерін, сабақ барысында өз-өздерін ұстауын бақыладым. Пән мұғалімінің 7 сыныпта
«Алгебралық өрнектерді ықшамдаңдар, өрнектің мәнін табыңдар», бөлшекті қысқарту, өрнекті ықшамдап мәнін тап, бөлшектерді қосу және азайту амалдарын орында, көбейту мен бөлу амалын орында тақырыптары бойынша, 9 сыныпта «Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулерін шешу жолдары» және т.б. тақырып аясында өткен математика сабақтары қатыстым.

Ғылыми-зерттеу жұмысы туралы мәліметтер:

Мектеп психологымен ақылдаса отырып, таңдалынған бірнеше әдістерді білім алушылардың танымдық процестерінің даму деңгейінің диагностикасын жүргізуге қолдандым. Атап өтетін болсам, оқушылардың қабылдау қабілетінің түрлерін, деңгейін анықтауға арналған «Аудиал, визуал, кинестик?» әдісі, оқушылардың ойлау қабілетін анықтауға арналған «Анаграмма» әдісі, оқушылардың қиял деңгейін анықтауға арналған « Сызықтар әдісі, оқушылардың зейін түрлерін анықтауға арналған «Жасырын сөздер» әдістерін басшылыққа ала отыра сыныпқа талдау жүргіздім.Сонымен қоса 8 сыныптың оқушыларымен Дж. Мореноның «Социометрия» әдісі арқылы оқушылардың сыныппен қарым - қатынас деңгейін анықтадым; Зерттеу барысында оқушыларға мынадай сауалнама үлестірдім: 1.Кіммен бір партада отырғың келеді? 2.Кіммен бірге сабақтан соң үйге қайтқың келеді? 3. Кімді туылған күніңе шақырғың келеді? «Таңдау» матрицасындағы» мағмұматтар өңдеп болғаннан соң, «Социограмма» жасадым. Сараптама нәтижесі бойынша оқшауланған (елеусіз немесе шеттеп қалған) оқушыларды анықтап, сынып жетекшісіне жұмыс жүргізуге мағлұматымды бердім.

Жұмыс туралы қорытындылар, ұсыныстар:

Психологиялық-педагогикалық іс-тәжірибе барысында мектептің құрылымымен, мектептің ішкі ахуалымен етене таныстым. Мектеп қабырғасында болашақ маман ретінде өзіме керекті мөлшерде ақпараттар алдым, шыңдала түстім. Білім беру жүйесі жайында оның маңызды тұстары жайлы толық ақпарат ала алдым. Осы іс-тәжірбиеден үйренген дағдыларымды болашақта кәсіби маман ретінде қолданатын боламын. Өтілген іс-тәжірбиенің арқасында өзімнің осы маман иесі бола алатындығыма және өз мамандығымды дұрыс таңдағаныма тағы да бір көзім жетті.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. «Математика» Жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған оқулық. Авторлары: Т.А.Алдамуратова, К.С.Байшолпанова, Е.С.Байшолпанов - Алматы «Атамұра» 2022 ж.

  2. «Алгебра» Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. Авторлары: Г.Н.Солтан, А.Е.Солтан, А.Ж.Жумадилов- Көкшетау «Келешек» 2020 ж.

  3. «Алгебра». Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Авторлары: Абылкасымова А.Е, Кучер Т.П, Корчевский В.Е, 2007ж

  4. «Геометрия». Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Авторлары: Смирнов В.А, Тұяқов Е.А, 2017ж