Файл: Курсты Жмыс таырыбы Нкте, кесінді, суле, брышты оыту дістемесі Мамандыы 0105000Бастауыш білім беру.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 24.11.2023

Просмотров: 136

Скачиваний: 5

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қызылорда облысы білім басқармасының

«М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі»

коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Нүкте, кесінді, сәуле, бұрышты оқыту әдістемесі

Мамандығы: 0105000-«Бастауыш білім беру»

Біліктілігі: 0105083 -«Ағылшынша білімі бар бастауышбілім беру мұғалімі»

Тобы: ББ-П-19

Орындаған:Шәден Е.Е

Жетекшісі:Абиева Г.У. п.ғ магистрі

Қызылорда,2023 жыл

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ...........................................................................................................................3-4б

І ТАРАУ ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ФИГУРАЛАРДЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

1.1.Геометриялық материалды оқыту әдістемесі…………………………………….5-7б

1.2. Геометрия негізгі түсініктері.Нүктемен танысу әдістемесі…………………….8-11б

II ТАРАУ Сызықпен , кесіндімен таныстыру әдістемесі

2.1.Сәулемен , бұрышпен таныстыру әдістемесі..................................................13-14б

2.2.Шеңбермен , дөңгелекпен танысу әдістемесі.................................................15-16б

III ТАРАУ ТӘЖІРИБЕЛІ БӨЛІМ ГЕОМЕТРИЯ  ЖӘНЕ  АЛГЕБРА  ЭЛЕМЕНТТЕРІН ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ  МЕН ТЕХНОЛОГИЯСЫ

3.1.Геометриялық фигураларды сабақтарды қолдану


ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі:білім беру жүйесінің барлық буындарына, соның ішінде бастауыш буынға зор жауапкершілік жүктейді. Өйткені білім мен тәлім-тәрбиенің негізі бастауыш мектепте қаланады.

1-4 сыныптардағы математика оқулықтарының әрқайсысының аса маңызды ерекшеліктерінің бірі – қарастырылатын мәселелердің және оқушылардың игеруі тиіс білік пен дағдыларының іргетасы болып табылатын, математика ғылымының негізгі қағидаларын айшықтап көрсетумен және түсініп сезінумен сипатталатын теориялық білімнің жетекшілік рөлін қамтамасыз ету болып табылады.Ал теориялық білім жайында сөз болғанда, тек қана терминдермен және анықтамалармен шектеліп қалмайды, керісінше, тәуелдіктерді, заңдарды және т.б.игеруге де ерекше мән береді,яғни оның жан-жақтылығын да ескереді.

Оқулықта әр сабақтың жаттығулар жүйесіне негізделген жұмыс әдістемесінің үлгісі берілген.Оқулықтағы тапсырмалардың берілу формасы; түрі; көлемі;орналасу қалпы және рет-тәртібі әр оқушының өздігінен оқу іс-әрекетін қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді. Оқушы мұғалімнің педагогикалық әсерінің объектісі ғана емес; оқытудың белсенді субъектісі деңгейіне көтерілуі керек.Осыған қолайлы жағдай туғызу мақсатында тапсырмалар жүйелі жасалған және орындалатын амалдар мен іс-әрекеттердің түрін және рет-тәртібін анықтауға септігін тигізетін алгоритмдер мен нұсқаулар нақты жаттығулар бойынша келтіріледі.


Зерттеу жұмысының мақсаты: өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беру мәселесін жан-жақты жетілдіру қажет. Осыған орай бастауыш мектепте оқытылатын пәндерден жаңа мемлекеттік стандарт, бағдарламалар жасалып, соларға сәйкес оқу-әдістемелік кешендер жазылды, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың жаңа жүйесі мектептердің тәжірибесіне енгізілуде, яғни педагогикалық ғылымның озық идеялары мен жинақталған тәжірибелердің нәтижелері жаңа жағдайларда өзінің қолданысын тауып отыр.

Сондықтан да бастауыш сыныптарда математиканы оқыту процесінің және оның құрамды бөліктерінің өзіндік ерекшеліктерін айқындайды:

  • Математиканы оқытудың мақсаты тұжырымдалады;

  • Кімді оқытамыз, яғни бастауыш буындағы оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктері зерттеледі,

  • Оқытудың мазмұны анықталады және оны қарастырудың тәртібі негізделеді;

  • Оқытудың әдіс-тәсілдері іріктеледі;

  • Оқытудың құрал –жабдығының түрлері ұсынылады;

  • Оқытуды үйымдастыру түрлері айқындалады;

  • Оқытудың нәтижелері және олардың нақты деңгейінің қандай болу керектігі анықталады.

  • Геометриялық кеңістік ұғымдары жөніндегі білімдерін жалпылау.

  • Геометриялық фигураларды бір бірінен ажыратуға машықтандыратын тапсырмалар қайталау және пысықтау мақсатында кездесуі мүмкін және олардың бәрі жаңадан еңгізіліп отырған түсініктермен тығыз байланысты қарастырылған жөн.


Зерттеу жұмысының міндеті:

  • Бастауыш мектеп математикасының мазмұны , оны оқытудың ерекшеліктері анықталады және оны ғылыми негізі жасалады;

  • Математика курсының мазмұны мен логикалық құрылымы және ғылыми –техниканың бүгінгідаму деңгейіне сай негізделеді;

  • Бастауыш буында математиканы оқытуға қатысты жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары , озық тәжірибе жұмыстары өз деңгейнде қарастырылады.

  • Геометриялық кеңістік ұғымдары.


І ТАРАУ ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ФИГУРАЛАРДЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

1.1.Геометриялық материалды оқыту әдістемесі

Геометриялық материал бастауыш сыныптарда бөлек тақырып болып қарастырылмайды. Геометриялық материал арифметикалық және алгебралық материалдармен тығыз байланыста қарастырылады. Геометриялық материалдардан бастауыш сыныпта: «кеңістік туралы түсінік», «нақты фигура туралыұғым», «геометриялық фигуралармен байланысты қарапайым ұғымдар , оларды ажырату», «геометриялық шамаларды өлшеу», «фигураларды салудың бастама білігін қалыптастыру», « әр түрлі геометриялық шамалармен таныстыру » және т.б. қарастырылады. Геометриялық фигуралардың 1-сыныпта бұрын беріліп жүргеннен гөрі біршама кеңейтіліп берілу себебі пәнішіндік мұқтаждықтан және қажеттіліктен туындайды. Өйткені олар алдағы уақытта көрнекілік ретінде жиі қолданылады, сондай-ақ дамытушылық сипаттағы жаттығулар мен тапсырмаларды орындауға тірек білім болып табылады; ал олардың ішіндегі шығармашылықпен байланыстылары, көбінесе геометриялықфигураларды бөліктерге бөлу және бөліктерден құрастыруды көздейді. Геометриялық фигуралар жайында түсініктер де біртіндеп тиянақталып, дами түседі. Осы уақытқа дейін геометриялық фигуралар «бір тұтас» деп түсіндіріліп келсе, енді олардың элементтерімен таныстыру жүзеге асырылады. Осыған орай үшбұрыштың және шаршының қабырғалары – кесінділер, ал бұрыштың қабырғалары – сәулелер, олардың төбелері- нүктелер болып табылатынына назар аударылады. Сонымен бірге үшбұрыштың , төртбұрыштың (бес, алты бұрыштың) элементтері ( бұрыштың төбелері, қабырғалары )аталу сандарымен (3,4,5,6) сәйкестендіріледі. Геометриялық фигуралардан бастауыш сыныпта : сызықтар (түзу , қисық, тұйықталған және тұйықталмаған қисық сызықтар); нүкте; сәуле; бұрыштар қарастырылады.



Сондай-ақ , көпбұрыш; тіктөртбұрыш; шаршы; тік , сүйір, доғал бұрыштар; текше; шеңбер; дөңгелек; параллелепипед; параллель ; перпендикуляр түзулер оқытылады.

Тақырыптың міндеттері :

  1. Геометриялық фигуралар туралы түсініктерін қалыптастыру

  2. Сызбалық және өлшеуіш аспаптардың көмегімен және оларды пайдаланбай ( көзбен өлшеу, қолдан сызу, т.с.с) оқушыларда өлшеудің және геометриялық фигураларды салудың машықтық біліктерін қалыптастыру.

  3. Кеңістік ұғымдары жөніндегі білімдерін жалпылау.

  4. Геометриялық фигураларды бір-бірінен ажыратуға машықтандыратын тапсырмалар қайталау және пысықтау мақсатында кездесуі мүмкін және олардың бәрі жаңадан енгізіліп отырған түсініктермен тығыз байланысты қарастырылады.

Тапсырмалар :

Геометриялық материалды оқытуды мынадай қағидалар басшылыққа алынды:

  • Геометриялық материалдарды оқыту барысында оқушылардың мектепке дейінгі және күнделікті өмірден алынған білімдеріне сүйенеді.

  • Геометриялық фигуралар тек оқытудың мақсаты ғана емес, оқытудың құралы да, геометриялық материалдар санларды нөмірлеу, арифметикалық амалдар, мәтінлі есептер, үлес сияқты мәселелерді оқыту баысында көрнекі құрал ретінде пайдаланылады:

  • Геометриялық ұғымдарға (тік бұрыш, шаршы және периметрден басқаларына) анықтама тек қана онтенсивті түрде көрсету арқылы беріледі,

  • Геометриялық материалдар оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін де пайдаланылады;

  • Геометриялық материалдар оқушыларға ойлау қабілетін дамыту үшін де пайдаланылады;

  • Геометриялық материалдар оқушыларда практикалық іскерліктер қалыптастырады.



Жалпы геометриялық материалдар жайлы оқушыларда берік білім қалыптастыру үшін мынадай геометриялық мағынада тапсырмалар қарастырылады:

  1. Геометриялық фигураларды санау материалдары ретінде пайдалана алады.

  2. Геометриалық шамалар ( ұзындық, аудан) және оларды өлшеу жайлы түсінік қалыптастырылатын есептер.

  3. Көптбұрыштың периметрін , ауданын табуға арналған есептер.

  4. Салу есептері

  5. Геометриялық фигураларды саралауға (классификациялау) арналған тапсырмалар. (Бір топ фигуралар ішінен үшбұрыштарды теріп жаз деген сияқты).

  6. Фигураны бөліктерге бөлу немесе керісінше элеметтері бойынша фигура құрастыру.

  7. Әріпті пайдалана отырып геометриялық сызбаларды оқу, жазу.

  8. Нәрселердің немеес оның қандай да бөлігінің геометриялық формасын анықтау.



1.2.Геометрия негізгі түсініктері.Нүктемен танысу әдістемесі

Әлі адамдар ештеңе білмейтін , ештеңе қолдарынан келмейтін ертедегі алғашқы заманарда да олар өздеріне әр түрлі пішінде үйлер салып , құнарлы жерлерді өлшеп , оларды учаскелерге бөлді. Біртіндеп өлшеумен және тұрғызумен байланысты дағдылар, әр түрлі ережелер пайда болды. Осылайша геометрия ғылымы пайда болды. Осылайша геометрия ғылымы пайда болды, ол грек тілінен аударғанда «жер өлшеу» деген мағынаны білдіреді.[1]

О қушы өзін қоршаған ортадағы заттардың ішінен текше, тік бұрышты параллелепипед, пирамида, конус, призма, цилиндр пішінді заттарды оңай таба алады.Бұлар – көлемді фигуралар немесе геометриялық денелер.








Суреттен көлемді фигуралар – геометриялық денелердің бейнелерін көруге болады. Оқушы өзі де үшбұрыш, тіктөртбұрыш, шаршы , көпбұрыш, шеңберді оңай сала алады. Бұлар – жазық геометриялық фигуралар. Ал жазық фигуралар дегеніміз не?

Олардың ерекшелігі сонда , әрбір жазық фигураны қағаз бетінен қиып алуға және үстел бетіне тұтасымен орналастыруға немесе тақтаға ілуге , қатты қағазға жапсыруға болады. Ал мұндай көлемді фигуралармен істеуге болмайды.

Ж азық геометриялық фигуралар



Нүктелерді латын алфавитінің бас әріптерімен белгілейді. Сен суреттен А,В,М нүктелерін көріп тұрсың. Нүктені белгілеу үшін былай айтылады: «А нуктесі», «В нуктесі», « М нуктесі ».

Сыззу кезінде түзуді бейнелеу үшін сызғыш қолданылады. Бірақ сызбада біз түзудің бөлігін ғана көрсете аламыз. Сондықтан да түзуді басы да, ұшы да жоқ шексіз деп айтады.

Түзуді бір кіші әріппен немесе латын алфавитінің екі бас әрпімен белгілейді.

Нүктемен танысу әдістемесі.

Мақсаты: геометриялық фигуралармен таныстыру (нүкте,сәуле,бұрыш) және оларды бір бірінен ажыратуға үйрету.


Қарындаштың немесе қаламның ұшы және олардың қағаз бетінеқалдыратын іздері-нүкте жайында түсінік беріледі. Түзу сызықпен танысудан кейін балалар нүктені түзеуге қоюды,берілген 1,2,3 нүктелер арқылы түзу сызықтар жүргізуге,оған қатысты нүктенің орнын анықтауға үйренеді. 3-сыныптың 3-тоқсанында оқушылар нүктенін латынның бас әріптерімен белгіленетінін үйренеді. Мысалы К,М,О,А,Е және т.б. Олар нүктенің қасына жазылады. Балалар нүктелерді әріптермен белгілеуге және белгіленген нүктелерді оқуға жаттығады. [2]

Қарындаштың немесе қаламның ұшы және олардың қағаз бетіне қалдыратын іздері- нүкте жайында түсінік беріледі. Термин енгізіледі
А● М ●

● ●В
Былай айтылады: « а түзуі » , «СD» түзуі


Екі нүкте арқылы тек бір түзу ғана жүргізуге болады

Бір нүкте арқылы неше түзу болса да жүргізуге болады



Түзу шексіз болғандықтан , оны өлшеуге болмайды. Оқушылардың естеріне түсірген барлық геометриялық фигуралар нуктелер және түзулерден тұрады.

Сәуле

Егер бір нүкте белгілеп , одан түзудің бөлігін жүргізетін болсақ, онда сәуленің кескіні пайда болады.

Түзудің бөлігі жүргізілетін нүкте сәуленің басы деп аталады. Сәуленің ұшы жоқ.

Сәулені бір кіші әріппен немесе латын алфавитінің екі бас әрпімен белгіле.

Геометриялық материал бастауыш сыныптарда бөлек тақырып болып қарастырылмайды. Геометриялық материал арифметикалық және алгебралық материалдармен тығыз байланыста қарастырылады. Геометриялық матриалдардан бастауыш сыныпта: «кеңістік турады түсінік», «нақты фигура туралы ұғым», «геометриялық фигуралармен байланысты қарапайым ұғымдар,оларды ажырату», «геометриялық шамаларды өлшеу», «фигураларды салудың бастама білігін қалыптастыру», «әр түрлі геометриялық шамалармен таныстыру» және т.б. қарастырылады.[3]

Геометриялық фигуралардың 1-сыныпта бұрын беріліп жүргеннен гөрі біршама кеңейтіліп берілу себебі пәнішіндік мұқтаждықтан және қажеттіліктен туындайды. Өйткені олар алдағы уақытта көрнекілік ретінже жиі қолданылады, сондайақ дамытушылық сипаттағы жаттығулар мен тапсырмаларды орындауда тірек білім болып табылады; ал олардың ішіндегі шығармашылықпен байланыстылары, көбінесе геометриялық фигураларды бөліктерге бөлу және бөліктерден құрастыруды көздейді. Геометриялық фигуралар жайындағы түсініктерде біртіндеп тиянақталып, дами түседі. Осы уақытқа дейін геометриялық фигуралар «бір тұтас» деп түсіндіріліп келсе, енді олардың элементтерімен таныстыру жүзеге асырылады. Осыған орай үшбұрыштың және шаршының қабырғалары-кесінділер, ал бұрыштың қабырғалары-сәулелер, олардың төбелері-нүктелер болып табылатынына назар аударылады. Сонымен бірге үшбұрыштың,төртбұрышты (бес,алты бұрыштың) элементтері(бұрыштары,төбелері,