Файл: Курсты Жмыс таырыбы Нкте, кесінді, суле, брышты оыту дістемесі Мамандыы 0105000Бастауыш білім беру.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 24.11.2023

Просмотров: 145

Скачиваний: 5

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.





Математика




Кабинет:




Сабақтың тақырыбы

Тік бұрышты параллелепипедтің және текшенің көлемі. Көлемнің өлшем бірліктері

Сілтеме

Математика оқулығының әдістемесі,ғаламтор

Сабақтың жабдығы

қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Мақсаты: дененің көлемі және көлемнің өлшем бірліктері туралы түсініктерін қалыптастыру; көлемнің жаңа өлшем бірліктерімен таныстыру және олардың арасындағы қатынасты қою.

Сабақтың түрі: аралас Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік, есептеу, салыстыру.

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау парақшасымен таныстыру

Топқа бөлу

Оқушыларға кесілген суреттер үлестіріледі.

Қолдарына алған қиындыларды құрастырып,сол бойынша топқа бөлінеді. Суреттерді тақтаға іледі.

Ынтымақтастық атмосферасы

Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу.

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.

Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар


Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.

Үй тапсырмасын пысықтау


Ауызша жұмыс.Зейінділік ойыны:

  • «Компьютер» дидактикалық ойыны. Мұғалім тапсырмалар тізбегін оқиды, оқушылар жауабын айтады.

7 200 : 8 + 100 – 190 : 9 ∙ 1 000 = 4 000

8 ∙ 50 + 1 000 : 2 ∙ 8 – 5 000 : 2 ∙ 7 = 2 100

  • Көркем жазу минуты.

  • 57 615 санын жазыңдар. Сандардағы толық ондықтар, жүздіктер, мыңдықтар, ондық мыңдарды атаңдар.

Оқушылар ауызша орындайды

Жаңа сабақ

1. түсіндіру, еске түсіру, қайталау.

№ 1. Көлемнің өлшем бірліктерін есіңе түсір.

Кестеден геометриялық денелердің атауын оқыңдар. Артық сөзді тап. (параллелепипед, текше, шаршы. Артық сөз: шаршы. Өйткені шаршы – жазық фигура, ал қалғандары – көлемді денелер). Қандай фигуралардың көлемін есептеуге болады.

Мұғалім артық фигураны табуды ұсынады. Тақтаға сурет ілінеді. Текшенің неге артық екенін дәлелдейді (барлық фигуралар жазық, ал текше – көлемді)




«Көлем» деген сөзді қалай түсінесіңдер? Көлемдері әр түрлі қораптарды алып, олардың көлем жағынан үлкен, кіші екендігін салыстыру.

1 см3 = 1 000мм3

1 дм3 = 1 000см3

1 м3= 1 000дм3

1 дм3 = 1 000 000 мм3

1 м3= 1 000 000см3

1 л су= 1дм3



№ 1(ә). Салыстыр. 5 м3> 5 000 000см3 10 000 см3 > 5 дм3 5 см3 = 5 000 мм3 т.с.с.

№ 2. Жұптық жұмыс. Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте.

12м3 = 12 000 000см3 8 000 000мм3 = 8 000см3 12дм3 = 12 000см3 т.с.с.

Ү. Жаңа сабақты пысықтау: Есеп шығару:

№ 3. Ауызша салыстыру.

№ 4. Топпен жұмыс. 1-топ – № 4(а), 2-топ – № 4 (ә), 3-топ – (б).

1 топ: V= 50м ∙ 10м ∙ 2м = 1 000м3 (көлемі)

50м ∙ 10м = 500 м2 (бассейннің түбінің ауданы)

50м ∙ 2м = 100м 2 (бассейіннің бір бүйірінің ауданы)

10м ∙ 2м = 20м2 (бассейіннің екінші бүйірінің ауданы)

2топ: V= 7м ∙ 5м ∙ 3м = 105м3 (бөлменің көлемі)

S = 7м ∙ 5м = 35 м3бөлменің еденінің ауданы.

3 топ. S = 12м2 V= 12: 3 ∙ 2 ∙ 3 = 24 м3

Һ = 2м

В = 3м

V= ?

№ 5. Тіктөртбұрыштардың белгісіз қабырғасы мен периметрін тап.

Ұзындығы

Ені

Ауданы

Периметрі

12см

7см

84см2

38см

16мм

5мм

80мм2

42мм2

35м

20м

700м2

110м

№ 6. Топтық жұмыс.

І топ: Ш: 958 – (429 + 297) = 232 (бастауыш сынып оқушылары)

ІІ топ. Ш: 78 – ( 15 + 15 ∙ 2) = 33 (см) (үшінші қабырғасы )

ІІІ топ. Ш: 5т = 5 000кг. 5 000 – 900 кг ∙ 3 = 2300 (кг)( картоп қалды.)

Сергіту сәті

Сергіту сәті

«Көңілді қалпақ» ойыны


Басына қалпақ түскен оқушы жеті байлықты табады табады.


Бірінші байлық - денсаулық.
Екінші байлық - еркіндік
Үшінші байлық - тіл байлық
Төртінші байлық - қайрат-күш
Бесінші байлық - ақ жаулық
Алтыншы байлық - балаңыз
Жетінші байлық - жүз саулық

Ой толғаныс

№ 7. Жұптық жұмыс.Өрнектерді жаз және олардың мәнін тап.

(750 – 50) : (25 ∙ 2) = 14 960 : (45 : 15) = 16 404 : (200 + 2) = 2 т.с.с.

Шығармашылық тапсырма. № 9. Кезекпен жазып өрнек құру.

23 + 67 + 159 + 41 = 290 23 + 111 + 159 + 7 = 300 23 + 441 + 159 + 267 =890 т.с.с.

Оқушылар дәптерде орындайды

Үй тапсырмасы

№ 7. 37- бет.


Оқушылар күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Өз көңіл күйлерін стикерге жазу.

Бағалау парақшасын толтырады























ҚОРЫТЫНДЫ

Осындай қарапайым жаттығулар процесінде балаларды геометриялық фигураларды ажырату, анықтау, сызу, өлшемдерін таба білу дағдылары қалыптасып, геометриялық түсініктері дамып отырамын. Сондай - ақ балаларды математиканың бір бөлігі болып табылатын геометрияға деген қызығушылығы артып, қоршаған ортаны танып - білу, зерделеп үйренуге жетелейді.[19] Ғылым мен техника дамып отырған қазіргі кезеңде оқушыларға белгілі көлемде білім - білік дағдыларын меңгертумен бірге табиғат, қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды зерттеушілік бағытта жан - жақты дамыту бүгінгі күннің талабы және әрбір ұстаздың басты міндеттерінің бірі болып табылады.

Геометриялық фигураларды оқыту әдістемесінің негізгі талаптары

1)Геометриялық фигуралар туралы түсініктерін қалыптастыру


2)сызбалық және өлшеуіш аспаптардың көмегімен және оларды пайдаланбай

(көзбен өлшеу,қолдан сызу,т.с.с.) оқушыларда өлшеудін және геометриялық фигураларды салудың машықтық біліктерін қалыптастыру.

3) кеңістік ұғымдары жөніндегі білімдерін жалпылау. Геометриялық фигураларды бір бірінен ажыратуға машықтандыратын тапсырмалар қайталау және пысықтау мақсатында кездесуі мүмкін және олардың бәрі жаңадан еңгізіліп отырған түсініктермен тығыз байланысты қарастырылған жөн.

Геометрияны оқытуда есептерді шеше білу дағдысын қалыптастыру және оны жалпы түрде дамыту аса маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Геометриялық есептерді шешу туралы жалпы білік- дағдылар әдетте көптеген есептерді шешу арқылы қалыптасады.

Мектеп оқушыларының кеңістікті қабылдап, оны көз алдына елестете алуы стереометрияны оқытудың негізгі мәселелерінің бірі болып саналады. Осы айтылған мақсатты іс жүзіне асыруда кеңістіктегі салуға берілген есептерді шешудің зор мәні бар. Жазықтықтағы геометриялық салулар теориясы жеткілікті түрде талқыланып қарастырылады, ал стереометрияның әдістемелік мәселелеріне әлі де толық көңіл бөлінбей келеді. [20]

Геометриялық салулар теориясы – салуды негіздеу, есептерді кластарға жіктеу, есеп шешу әдістері, белгілі бір класқа жататын есептерді шешу критериі, салу есептерін шешкенде барынша жай әдістерді тиімді қолдану сияқты мәселелерді қарастырады. Кеңістіктегі салу есептерін кластарға жіктеу туралы әр түрлі көзқарастар мен тәсілдер бар. А.Н. Чалов кеңістіктегі салу есептерін геометриялық салуды орындау тәсілдері бойынша келесі топтарға бөледі:


1) елестету арқылы шешілетін есептер;

2) проекциялық сызбамен шешілетін есептер;

3) модельмен шешілетін есептер.

Салуға берілген стереометрия есептерін позициялық және метрикалық деп екі топқа бөлетіндер де бар. Негізгі элементтерінің қиылысуын ғана іздейтін, соны салумен аяқталатын есептер позициялық әдіспен шешілетін есептерге жатады. [21]

Кесінді салу, белгілі бір шамасы бар бұрышты салу, перпендикуляр тұрғызу, биссектриса жүргізу және т.б. белгілі шарттарды қанағаттандыратын фигура салу талабы қойылатын есептер метиркалық есептерге жатады. Мысалы, В.А. Гусев, В.Н. Литвиненко, А.Г. Мордкович өздерінің құрастырған «Математикалық есептер шешу практикумында» кеңістіктегі салуға берілген есептерді мынадай әдістер бойынша топтарға бөледі:

1) кеңістіктегі қарапайым салулар;

2) нүктелердің геометриялық орындары;

3) кейбір нүктелердің геометриялық орындары мен түзулерді пайдалану;

4) кескіндеу арқылы салу.

Салуға берілген стереометрия есептері талдау, салу, дәлелдеу және зерттеу сияқты төрт кезеңнен тұрады. Талдау – бір бүтінді, құрамды бөліктерге жіктейтін, әр бөлікті жеке қарастыратын зерттеу әдісі. Ол салу есебін шешудің жоспарын табуға мүмкіндік тудырады. Талдау – есеп шешудің барынша маңызды кезеңі. Есепке дұрыс жүргізілген талдау – есепті шешу жоспарын дұрыс құрастырудың кепілі. Салу есебіне талдау жасағанда сызба басты рөл атқарады. Сонда есеп шартын, сызбадағы элементтердің өзара орналасуына барынша басынан аяғына дейін талдау жасалады, есеп шартында берілгендер мен іздеген элементтер арасында байланыс орнатылады. Салуға берілген алғашқы есепті шығарғанның өзінде есепті шешудің кезеңдерін (талдау, салу, дәлелдеу, зерттеу) дәл анықтап бөлу керек. Кеңістіктегі салуға берілген есептерді шешудің негізгі әдістері: аксиоматикалық әдіс, проективтік әдіс, геометриялық орындар әдісі.[22]


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Әмірова Ә. Бастауыш сыныптарда оқытудың жаңа технологиясын

пайдалану .Әдістемелік құрал. –Алматы: 2016ж, 123- бет.

  1. Бидасов А. Математиканы оқыту методикасы. – Алматы: Мектеп , 2015ж.

  2. Елубаева С.Бастауыш кластарда математикадан жүргізілетін кластан

тыс жұмыстар .- Алматы , 2015ж.

  1. Қоянбаев Ж.Б. Педагогика -Алматы: Атамұра, 2016ж.

  2. Математиканы оқыту әдістемесі . 1-сынып . –Алматы : Атамұра, 2015ж.

  3. Математиканы оқыту әдістемесі . 2-сынып . –Алматы : Атамұра, 2015ж.

  4. Математиканы оқыту әдістемесі . 3-сынып . –Алматы : Атамұра, 2016ж.

  5. Математиканы оқыту әдістемесі . 4-сынып . –Алматы : Атамұра, 2015ж.

  6. Математикаға арналған дидактикалық ойындар және қызықты


жаттығулар. 1-2 сынып. –Алматы: Атамұра, 2016ж.

  1. Математикаға арналған дидактикалық материалдар. 1-сынып. – Алматы: Атамұра, 2015ж.

  2. Оспанов Т.Қ., Құраманалина Ш.Математиқаның бастауыш курсын оқыту

әдістемесі. І бөлім. – Алматы : Республикалық баспа кабинеті, 2014ж.

  1. Оспанов Т.Қ.т.б. Математика. 1-сынып – Алматы: Атамұра, 2014ж.

  2. Оспанов Т.Қ., Құраманалина Ш.Математика. 4-сынып – Алматы:

Атамұра, 2016ж.

  1. Оспанов Т.Қ., Құраманалина Ш. ,Құраманалина С.Бастауыш мектепте

математиканы оқыту әдістемесі – Астана : Фолиант, 2014ж, 468- бет.

  1. Сарбасова К.Математика мұғалімдерін даярлау. –Астана : Нұржол – 2013 - 88б.