Файл: Курсты Жмыс таырыбы Нкте, кесінді, суле, брышты оыту дістемесі Мамандыы 0105000Бастауыш білім беру.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 24.11.2023
Просмотров: 144
Скачиваний: 5
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1. Бірнеше әртүрлі бұрыштардың ішінен тік бұрыштар табу.
2. Берілген көпбүрыштардан тік бұрыштарды табу.
3. Дәптердің жолдарын пайдаланып, оған тік бұрыш сызу.
4. Тік бұрышы бар фигуралар сызу.
Бұрыш ұғымы оқушыларда көпбұрыштарды, мысалы тік төртбұрышты оқып-үйреткенде пысықталады. Бірнеше тікбұрыштардың ішінен оқушылар тіктөртбұрыш-
тың моделінің көмегімен 1,2 тікбұрышы бар фигураларды, сондайақ барлық бұрыштарытік төртбұрыштытабады.[11] Оқушылар қоршаған ортадан тік төртбұрышты формалы нәрселерді табады. Тақтаға сызылған немесе папкаға қыстырып қойған басқа геометриялық фигураның ішінен тік төртбұрыштарды көрсетеді. Оларды торкөз қағаздан қиып
алады және нүктелер бойынша дәптерлеріне сызады. Жұмыстың келесі кезеңінде
оқушылар тік төртбұрыштың негізгі қасиеттерінің бірі - қарама-қарсы қабырғаларының
өзара тең болатынымен танысады. Мұғалім алдымен балалардың тіктөртбұрыштың қандай қабырғаларын қарама-қарсы қабырғалар деп атауға болатынын қаншалықты
түсінгенінанықтап алып, оқушыларға тік төртбұрыштардыңқағаздан жасалған
моделін пайдаланып, оны беттестіру арқылы қарама- қарсы қабырғаларын салысты-руды ұсынады. Оқушылар тік төртбұрыштың қарама-қарсы қабырғаларының қасиетін
меңгерген соң, тік төртбұрыштар жиынына тартылады, яғни шаршымен танысады.
Сабақта жұмысты шаршы дегеніміз тік төртбұрыштардың дербес түрі
екендігін оқушылар түсінетіндей етіп ұйымдастыру керек. Шаршылар қабырғалары
тең тік төртбұрыштар екендігін баса көрсету үшін мынадайжаттығулар ұсынылады:
1-ші: Шаршы деп атауға болмайтын тік төртбұрыштарды көрсетіңдер.
2-ші: Берілген бұрыштардың ішінен тік төртбұрыштарды табыңдар.
3-ші: Көрсетілген тік төртбұрыштардың ішінен 2 шаршыны табыңдар.
Бастауыш сыныпта оқушылар шеңбермен танысады. Дөңгелекті көп бұрышпен
салыстыра отырып, оқушылар көпбұрыштың шекарасы тұйық сынық сызық, ал дөңге-лектің шекарасы тұйық қисық сызық, яғни шеңбер екендігін тағайындайды. Бастауыш
сынып оқушыларына геометриялық фигуралар туралы түсiнiк беруде сәндiк-қолданбалы
өнерматериалдарын пайдаланудың мүмкiндiгi зор,өйткенi халық шеберлерi өздерiнiң
барлыққиялын, өмiрден жинаған бай тәжiрибесiн, терең бiлiмiн геометриялық ою-өрнектер арқылы сәндiк-қолданбалы өнер туындыларын безендiруге жұмсады. Ою-өрнектiң барлығының негiзiнде геометриялық ұғым элементтерi бар, әсiресе, геоме
триялық оюөрнектiң негiзi геомериялық фигуралардан тұрады, атаулары да солардың
пiшiнiне сәйкес. Ең қарапайым оюлар нүкте мен сызықтар туралы түсiнiк беруге, ал олардың күрделi формаға айналуының нәтижесiнде пайда болған үшбұрыш, төртбұрыш, шаршы, шеңбер, т.б. тәрiздес өрнектер көпбұрыштар туралы ұғымды қалыптастыруға мүмкiндiк туғызады. [12]
Мәселен, «Шеңбер» ою-өрнегiн шеңбер туралы ұғымды қалыптастыруда қолдана
отырып, өмiр сүрiп отырған жерiмiз, күнiмiз, киiз үй, оның шаңырағы бәрi дөңгелеекендiгiн, шеңбер осыларды бейнелейтiндiгiн айту қажет. «Тұмарша» оюы ұшбұрыш
үлгiлес болып келедi. Осындай тұмарлар тiлкөзден сақтау үшiн үй жануарларының,
бойтұмар ретiнде балалардың мойнына тағылатындығы туралы әңгiмелеу оқушылар-дың дүниетанымын кеңейтедi. Қолөнер үлгiлерiн оқытудың құралы ретiнде қолданғанда оның элементтерi қолданылған тапсырмалар жүйесiн пайдалану оқушылардың белсендiлiгiн арттырады. Кез келген геометриялық материалды оқыту байқаудан, оны әр
түрлi жағдайларда қарастырудан басталатыны анық. Осы қағидаға сәйкес оқушылар-
ға мынадай тапсырмалар жүйесiн ұсынуға болады:
1. Байқау тапсырмалары. Оқушылар сәндiк-қолданбалы өнер туындыларынан, ою-өрнектерден геометриялық фигураларды табады, олардың қасиеттерiн анықтайды, орналасу тәртiбiн көрсетедi, өзара салыстырады, яғни мұғалiмнiң басшылығымен қолөнер
материалдарына геометриялық талдау жасайды.
2. Өлшеуге берiлген тапсырмалар. Мұнда оқушыларға қолөнер үлгiлерiндегi геометриялық фигураларды салыстыру үшiн олардың ұзындықтарын, бұрыштарын, аудандарын өлшеу ұсынылады.
3. Салуға берiлген тапсырмаларды оқушылар сызба құралдарының көмегiмен не олардың көмегiнсiз орындайды. Мысалы, геометриялық фигуралардан ұлттық ою-өрнектердi құрастырады, оюдың элементтерiн өрнекке дейiн толықтырып салады,
геометриялық ою-өрнектердi бұйымдардың, заттардың iшiн әшекейлеу үшін
қолданады.
4. Есептеуге берiлген тапсырмалар. Сәндiк-қолданбалы өнер туындыларындағы
геометриялық фигуралардың санын есептейдi, олардың ауданын, периметрiн табады,
5. Аралас тапсырмалар. Мұнда байқау, өлшеу, салу, есептеу тәсiлдерi кешендi түрдежүзеге асырылады, жоғарыда айтылған тапсырмалардың барлығы өзара араласып келедi. Сонымен, осы айтылғандарды негiзге ала отырып, сәндiк-қолданбалы өнер
материалдарының педагогикалық мүмкiндiктерiн ашып көрсетуге болады: бастауыш
сыныптарда геометриялық материалды оқытуды жетiлдiредi, сәндiкқолданбалы өнердегiматематикалық бiлiмнiң мазмұнын меңгертедi, халықтың қолөнерiмен тереңiрек таныстырып, оған деген аялы көзқарасты қалыптастырады, эстетикалық талғамды дамытады, өнерге деген қызығушылықты арттырады. [13]
Бірінші топтың жаттығулары ажырату және танып білу іс- әрекеттерінің орын-далуын көздейді. Мұнда оқушылар жаттығуларды орындау барысында фигуралардың бірнеше қасиеттерден тұратын сипаттамалық белгілерін еске түсіреді және оларды айтыпшығады, әрі қарай сол қасиеттер фигураларға тән екендігін біртіндеп тағайындап,
тексеруден өткізеді, сонан кейін бір фигураларды қарастырып отырған ұғымға тиістінемесе тиісті емес екендігі жайында қорытынды жасайды.Геометриялық пішіндер (фигуралар) ішінде орналасқан ою-үлгілері берілген:
Бір жағында ою орналасса, сол фигураның екінші жағында нөмірлер жазылған.
Барлық тік төртбұрыштардың және үшбұрыштардың сәйкес нөмірлерінтеріп жазыңдар
Екінші топтың жаттығулары геометриялық фигуралардың бейнелерін еске түсіруді
көздейді. Халқымыздың сәндік- қолданбалы өнер туындыларының ішінен геометрилық
фигуралар пішіндес заттарды атаңдар. Кез келген тік төртбұрыш, үш бұрыш сызыңдар.
Оның ішіне ою үйлестіріп табыңдар. Үшінші топтың жаттығулары сызу дағды-
ларын қалыптастыруға және тиянақтай түсуге арналады. Сонда әртүрлі жағдайларда
геометриялық фигураларды салудың ерекшеліктері пысықталады. Түскиіздің ені 3м,
ұзындығы 5 м. Суретін сызыңдар. «Тұмарша» оюының пішіні қандай?Суретін сызыңдар.
Халқымыздың сәндік-қолданбалы өнеріне негізделген әр тапсырмалардың қайсысы
орындалғанда болсын, алдымен сәйкес фигуралардың сипаттамалық белгілері мен қасиеттері еске түсіріледі де, әрі қарай фигура қалауымызша өлшем бойынша салынады.
3.1Геометриялық фигураларды сабақтарды қолдану
Қазіргі заманғы білім берудегі мақсатқа жетудің негізі - мектептегі оқу - тәрбие үрдісін, оқыту формаларын және әдістерін жаңарту. Дамудың жаңа сатысына бағыт алған мектептің ең негізгі өзегі - оқушылардың жан - жақты дамуын жетілдіру. Осы бағытта білім алып отырған әр бір жас жеткіншектің тұлғалық бағдарлы білім алуына зерттеушілік, байқампаздық, зеректік қабілетін дамыту ісі әр бір педагогтан кәсіби шеберлікті қажет етеді.[14] Бастауыш сыныпта оқитын бала әлі қоршаған ортамен танысу процесін бастан кешіруде болады. Сондықтан да ол өз болмысында байқампаз, зерек болып келеді. Сол қабілеттерін жетілдіріп, дамыту үшін түрлі әдіс - тәсілдер қолданып келемін.Солардың бірі – геометриялық фигураларды таныту. Оларды қоршаған ортадан анықтай білу, сол білімдерін сабақта, күнделікті өмірде пайдалануға үйрету. Бұл бағыттағы білім білікті тек қана математика емес, барлық пән сабақтарында қалыптастыруға болады. Геометрия ғылымы туралы қысқаша. Геометрия - көне де, қызықты ғылым. Ол адамдардың күнделікті өмір қажеттілігінен туындаған. Мысалы, ара - қашықтық, аудан, көлем, т. с. с. әр түрлі шамаларды өлшеу геометрия ғылымына негізделеді. Сонымен қатар ол фигуралардың қасиеттерін зерттейтін ғылым. Ол гректің «гео»- жер, «метрео»- өлшеймін деген сөздерінен шыққан. Фигура деген сөзді нүктелер жиыны деп ұғамыз. Геометриялық пішіндердің қасиеттері туралы алғашқы мағлұматтарды адамдар күнделікті өмірде айнала қоршаған әлемді бақылай отырып түсіне бастаған. Ежелгі геометриялық құралдарға жататын циркуль мен сызғыштың алғашқы пайда болғаны - сызғыш. Математика сабағында пайдалану.Математика сабақтарында бастауыш сынып оқушыларында нүктенің, түзудің және қисық сызықтардың, түзу кесіндінің көпбұрыштардың, шеңбердің, дөңгелектердің айқын бейнелерін қалыптастыру керек. Мұғалімнің міндеті оқушыларды осы фигураларды бөліп көрсетуге, олардың атын атап дұрыс көрсетуге, оларды қағаз бетінде және тақтада кескіндеуге, екінші сыныптан бастап әріппен белгілеуге үйрету. Балалар берілген ұзындықтағы кесіндіні өлшеуге және сызуға үйренулері тиіс. Нүктемен оқушылар бірінші сыныпта алғашқы қадамынан бастап - ақ танысады. Бірінші сынып оқушыларының түзу сызық туралы түсінігі олардың әр түрлі практикалық жаттығуларды орындау процесінде қалыптасады. Мұнда түзу сызықты қисық сызықпен салыстырады. Мысалы жіпті (бау, шпагат) кереді одан кейін оны ол салбырап тұратындай босатады. Түзу жолмен жалғыз аяқ қисық жол кескінделген суреттерді қарастырады. Парақ қағазды бүктеп, оны қайта жазып иілген жері бойынша оны қияды т. с. с. Әр жағдайда қандай сызық (түзу сызық па әлде қисық сызық па) пайда болғанын түсіндіріп отырамыз. Математика сабағында «Нүкте. Сәуле. Бұрыш» тақырыбын өткенде фигуралардың нүктелер жиынтығынан құралатынын түсіндіре келіп, әр фигураны атап айтқызамын. Кеспе қағаздарды пайдалана отырып, дөңгелек, шаршы, үшбұрыш т. б. Фигуралардан қандай бұйымдар жасауға болатынына ой тастаймын. Оқушылар ойлана келіп, шаршы мен үшбұрыштан үйді құрастырып, тіктөртбұрышты фигуралардың екі түрін алып машина құрастырады, дөңгелектерден аяқтарын қояды. Бірнеше нүктелерді тақтаға белгілеймін. Оқушыларға сол нүктелерді қосатын түзулер сызғызамын. Біріккен түзулерден шыққан фигуралардың атын айтқызамын. Әр түрлі кеспе қағаздардан фигуралар жасап, ондағы пішіндердің неге ұқсайтынын айтқызамын. Қоршаған ортадан сол фигураға ұқсайтын бұйымдарды тапқызамын.