Файл: Курсты Жмыс таырыбы Нкте, кесінді, суле, брышты оыту дістемесі Мамандыы 0105000Бастауыш білім беру.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 24.11.2023

Просмотров: 140

Скачиваний: 5

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
[15] Сауат ашу пәніне қолдану. Бірінші сыныпта «Сауат ашу» пәнін оқыту барысында «Дыбыс және әріп» тақырыбында дауысты дыбысты қызыл дөңгелекпен белгілеп ажырата бастаймыз.«А әрпі мен дыбысы» тақырыбын өткенде «алма» сөзі төрт дыбыстан тұрады, төрт шаршымен белгіленген. Олардың дыбысталуы, қандай фигура екенін, дауысты екі қызыл дөңгелек пен дауыссыз екі көк дөңгелектен тұратынын белгілетемін.
Алманың түсі, дәмі, пішіні қандай деген сұрақтар қойып, домалақ пішінді тағы не көріп тұрсыңдар? дей отырып басқа да бұйымдардың пішінін ажырата білуге машықтандырамын. Мысалы: алмұрт сопақша, апельсин, анар да домалақ екен, ал банан сопақша екен т. с. с.«Я әрпі мен дыбысы» тақырыбын өткен кезде «Ұя» өлеңін мәнерлей оқи отырып, құстың ұясының неден жасалғанын, кім жасағанын, қалай жасалғанын сұраймын. Ұяның пішінін сипаттауды сұраймын. Қабырғасы шаршы немесе тік төртбұрыш, ал шатыры үшбұрыш фигураларына ұқсайтынын балалар айтады.
Дүниетану пәніне қолдану.Дүниетану сабағында ауа райын бақылаудың күнделігін толтырамыз. Әр бір шартты белгінің қандай фигураға ұқсайтынын айтқызамын. Күн ашық - дөңгелек, жаңбыр - төрт нүкте, мұз - үшбұрыш, найзағай қисық сызық.
«Бунақденелілер» тақырыбын өткізген кезде бал арасының пішінін қандай фигураларға ұқсайтынын тапқызамын. Басы дөңгелек, кеудесі сегмент, құрсағы сопақша, қанаттары ұзын, мұрты қисық сызық. Өзінің еңбекқор жәндік екендігін айтамын. Оның омартадағы бал жинайтын «ұяшықтарының» қандай фигураларға ұқсайтыны айтқызамын. Орналасуын сегніз бұрыш фигурасы арқылы көрсетіп беремін.
[16] Дене тәрбиесі сабағында пайдалану.Дене тәрбиесі сабағында спорт залдағы құрал - жабдықтарды көрсете отырып, олардың пішіні неге ұқсайтынын сұраймын. Мысалы: төсеніш - тік төртбұрыш, баскетбол добын лақтыратын сақинаның шеңбер екенін, тағы қандай дөңгелек пішінді бұйымдар бар екенін сұраймын.. Мысалы: доп, шығыршық, секіртпе түзу сызық немесе қисық сызыққа ұқсайтынын айтқызамын.
«Велосипед» тақырыбын өткенде велосипед тебу ережесін түсіндіре отырып жол ережелерін сақтауды үйретемін. Велосипедтің дөңгелектері, корпусы, бағыттаушы бөлшегі неге ұқсайтынын айтқызамын. Табиғаттағы барлық нәрсені геометриялық фигуралар деп қарастыруға болатынын ескертемін.
Еңбек сабағында пайдалану.Еңбек сабағында «Қағаз және қатырма қағаз бен жұмыс істеу» тарауында әр түрлі пішіндерден аққаланы, машинаны қандай фигуралардан құрастыру керектігін түсіндіремін. Шаршы, тік төртбұрыш, дөңгелек бөлшектерін қиып алып әр фигураның орнын тауып, дұрыс үйлестіріп қоюға көмектесемін. Геометриялық фигуралардан тағы да не жасауға болатынын сұраймын. Оқушылар өздігінен үй, әтеш, аққала, түрлі ойыншықтар жасайды. Әр фигураның орнын анықтайды. «Қуыршақ киімін модельдеуде» қазақтың ұлттық киімдерінің бірі - сәукелені қатырма қағаздан жасап көрсетемін. Сәукеленің пішінін анықтатамын, конус, дөңгелек пішіндерді балаларға айтқызамын да геометриялық фигуралармен, денелермен таныстырамын.
Бейнелеу сабағында пайдалану.Бейнелеу сабағында геометриялық фигуралардың мінезінің әсерлі мазмұнын ашамын. Күрделі пішіннен қарапайым пішін көруге және қарапайым пішіннен күрделірек пішін құрастыруға үйретемін. Қысқа өлеңдер арқылы фигураларды тапқызамын.[17]
  1. 1   2   3   4   5

Бұрыш жоқ менде еш қандай,

Ұқсаймын мен табаққа,

Қарбызға да, шарға да

Тауып көрші қандаймын

Дөңгелекпі, доптаймын

  1. Менің досым бір қызық,

Жан жағы бар тік сызы

Қабырғалары бірдей,

Оның аты – төртбұрыш.

  1. Үш төбем бар сүйірлі,

Тауға ұқсаймын сүйкімді

Кім табады, қанекей,

Үшбұрыш деді бәрі де.

Сызықтар тұйықталып белгілі бір пішін құрайды.Фигуралардың көмегімен жануарлардың қызықты пішіндерін жасап көрейік.«Ою - өрнек құрастыру» тақырыбын өткен сабақта өрнектерді немесе түрлі фигуралар мен сызықтарды белгілі тәртіппен орналастырып, қарапайым ою - өрнек құрастырады. Ою - өрнектердің қандай геометриялық фигуралардан тұратынын айтқызамын. Өз ойларынан геометриялық пішіндерден ою - өрнектер ойлап табуын тапсырамын. Қызықты математика сабағында пайдалану.«Қызықты математика» сабағында «Сиқырлы көзілдірік» ойынын ойнатамын. Балаларға елестете отырып, көзімізге сиқырлы көзілдірікті киеміз. Бірінші көзілдірігіміз дөңгелек, оны кигенімізде біз жан - жағымыздан тек қана дөңгелек пішінді заттарды табамыз. Мысалы: сағат, гүл салатын ыдыстың түбі т. б Екінші көзілдірік - төрт бұрышты. Оны киіп жан - жағымызға қараймыз, төртбұрышты пішінді бұйымдарды айтамыз. Мысалы: тақта, үстел, кітап, терезе, есік, т. б. Бұл көзілдірікті шешіп, үшіншісін киеміз. Оның көздері үшбұрышты екен. [18]Қиялымызда сыныптан шығып қоршаған ортадан іздеп көрейік: Үйдің шатыры, құстың тұмсығы, т. б











ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ

Жазық геометриялық фигураларды салу




Пән: Математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1В бөлім  –

Күні:


 

  Қатысқандар саны:

  Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жазық геометриялық фигураларды салу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.3.1.2 жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) және кеңістік  фигураларды (куб,  шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты параллепипед) тану және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру

Сабақ мақсаттары

Жазық және кеңістік фигураларды ажыратады, оларды қоршаған ортадағы заттармен салыстыра алады.

Тілдік мақсат

үшбұрыш;

дөңгелек;

шаршы;

тіктөртбұрыш;

жақ.

Бағалау критерийлері

Геометриялық фигураларды атайды және ажыратады

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларда бір-біріне деген құрмет көрсету қасиетін тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, өнер

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта

Бастапқы білім

Заттарды материалына қарай ажыратады

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

«Таңғы шеңбер»

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Он саусақтың саласындай,

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Бiр адамның баласындай.

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

ІІ. Өткенді қайталау.

  1. Өткен сабақта қандай геометриялық фигуралармен таныстық?

  2. Геометриялық фигураларды атау

  3. Қолдарына жіп беру арқылы түзу сызық, қисық сызық, кесінді, сынық сызықтар жасату.

  4. Кесінді мен сызықтың айырмашылығын сұрау

Сабақтың мақсаты: Жазық геометриялық фигураларды салып үйренеміз

 

 

 

 

 

 

Шаттық шеңбері

 

 

 

 

жіп

Сабақтың ортасы

 

1. Тәжірибе жасау:

 Топтарға тапсырмалар беріледі

Тапсырмалар:

1. Конус , пирамида, паралепипед сияқты кеңістік фигураларын беріп, ақ қағазға табанын сызғызу

2. Шыққан фигураны қиып алу

3. Суретін салған фигурамен салыстыру

Оқушылардан не байқағанын сұрау Көргендері бойынша қорытынды жасату. Конустың үстел үстінен жоғары тұрғанын, оның тек табаны ғана үстелде жатқанын, ал дөңгелек түгелімен үстел бетінде орналасқанын бақылау арқылы қорытынды жасатқызу. Сондықтан конус пен дөңгелектің екі түрлі фигуралар болатынын айтамын.

Олардың негізгі айырмашылығы: дөңгелек — жазық, ал конус — кеңістік геометриялық фигура екендігін айтып, қорытынды жасау.

Оқушылардан тағы да қандай фигура арқылы дөңгелекті салуға болатынын сұраймын. Жауаптарын айтқызып, олардың дұрыстығын тексеруді ұсынамын. Оқушылар шар мен цилиндрді айтуы мүмкін. Цилиндрді қолданып, тәжірибені қайталап көруге болады және сызғаннан пайда болған дөңгелекті көрсетемін. Ал шарды бастырып сызудың мүмкін емес екенін, бірақ ол да кеңістік фигурасына жататынын айтып қорытындылау. Сонымен шар мен цилиндр — кеңістік фигуралары, ал дөңгелек — жазық фигура екеніне тәжірибе арқылы көз жеткізеді.

2. Орындап көр. Берілген тапсырмада оқушыларға айналасын зерттей отырып, пішіні жазық фигуралар болатын немесе ізі жазық фигураның пішінін елестететін заттарды табуды ұсынамын.

3. Шығарып көр. Оқушыларға тапсырмада көрсетілген суреттегі заттарға мұқият қарап, олардың жақтарының қандай пішін құрайтынын анықтайды. Тапсырманы орындау барысында оқушыларды кеңістік және жазық фигуралар туралы алған білімдерін талдай біледі.

Дәптермен жұмыс:

Фигураларды топтастыр. Тапсырма фигуралардың типтерін ажырату дағдысын дамытуға арналған. Оқушылар фигураларды топтарға бөліп, әр топты өзіне тән тұйық сызықпен айналдырып сызу керек.

Фигуралар мен заттардың пішіндерін салыстыр. Тапсырма оқушылардың қандай жазық геометриялық фигура берілген заттың бейнесіне сәйкес келетінін анықтай білу дағдысын тексеруге арналған. Оқушылар кеңістіктегі заттың пішінінің жазық геометриялық фигураның қайсысына сәйкес келетінін анықтап, фигураны заттың түсіне сәйкес бояумен бояуы тиіс.

Қосымша тапсырма: Сіріңке таяқшалары мен ермексазды пайдаланып, жазық фигураларын жасау

А4 өлшемді қатты қағаз;

қарындаштар;

қайшылар;

кеңістік және жазық фигураларының топтамасы;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

Рефлексия:

Оқушыларға жазық фигураларды көрсете отырып, тақырыпты қаншалықты түсінгенін білу үшін сұрақтар қойып, жауаптарын тыңдаймын:

— кез келген жазық фигураны ата. Аталған фигураның қандай ерекшелігі бар екенін білесің бе?

— цилиндрдің табанын бастырып сызса, қандай фигура шығады?

— егер параллелепипедтің жағын бастырып сызса, қандай фигура пайда болады?

— шаршы алу үшін қандай фигураны бастырып сызу керек?

 

 

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғары оқушыларға қандай міндет қоюдыжоспарлап

отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
 

Топтық жұмыс барысында өз бетінше фигураларды сызады,  жазық фигуралары мен кеңістік фигураларының айырмашылығын айтады

Оқушылар сабақ соңында:

жазық фигураларды;

әрбір фигураның өзгешелігін анықтауды;жазық фигура кеңістік фигураның ізі немесе баспа таңбасы екенін біледі.

.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

 

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

 

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 









































Математика




Кабинет:




Сабақтың тақырыбы

Геометриялық фигуралар. Периметр. Аудан.

Сілтеме

Математика оқулығының әдістемесі,ғаламтор

Сабақтың жабдығы

сызба, геометриялық фигуралар

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Мақсаты: оқушылардың геометриялық фигуралар туралы білімін, геометриялық фигуралардың периметрін және ауданын есептеу тәсілдерін жетілдіру.

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау парақшасымен таныстыру

Топқа бөлу

Оқушыларға кесілген суреттер үлестіріледі.

Қолдарына алған қиындыларды құрастырып,сол бойынша топқа бөлінеді. Суреттерді тақтаға іледі.

Ынтымақтастық атмосферасы

Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді.


Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.

Үй тапсырмасын пысықтау


№ 2, 7.(балалардың жазба жұмысын тексере отырып, жауабын салыстыру)


Оқушылар ауызша орындайды

Жаңа сабақ

ІҮ. Жаңа сабақты түсіндіру:

1). Ауызша жұмыс. а).Фигураларға қара. Аттарын ата.







ә) Ауызша есептеулер. 1. Сөйлемнің қайсысы дұрыс?

А). Тіктөртбұрыштың ауданы – бұл оның қабырғаларының ұзындығының қосындысы.

Ә). Тіктөртбұрыштың периметрі – бұл оның өзіне сыйғызатын аудандар бірлігінің саны.

Б). Шаршының периметрін табу үшін оның қабырғасын 4 есе арттыру керек.

Ү. Сабақтың тақырыбымен жұмыс.

1). № 1. Ауызша орындау. 12 ∙ 1 = 12 1000 : 1 = 1000 700 : 1 = 700

2). Геометрияның даму тарихынан үзінді: «Геометрия» сөзі грек тілінен шыққан. «Гео» - жер, «метео» - өлшеймін. «Геометрия» Ежелгі Мысырда біздің дәуірімізге дейін 2000 жылға жуық бұрын, яғни 4000 жыл бұрын туған. Египет перғауыны әрбір мысырлыққа азғантай жер бөліп берген, олар перғауынға жер үшін салық төлеп отырған. Бірақ Ніл өзені ылғи тасып, жер телімдерін басып қала бергеннен кейін, перғауын жер телімін қаншалықты кішірейіп қалғанын, соған сай енді қанша салық салу керектігін білу үшін жер өлшегіштерді жіберіп отырды. «Геометрия» Мысырда осылай туып, одан басқа елдерге тараған.

Ежелгі Грекия мысырлықтардан олардың геометриялық білімдерін үйренді. Нақ Ежелгі Грекияда «Геометрия» логикалық талдау және дәлелдеу жүйесімен ғылым ретінде қалыптасты. Бұл ғылым геометриялық фигуралардың қасиеттері туралы ғылымға айналды.

№ 2. Ауызша талдау.

- Тіктөртбұрыштың ұзындығын а, ал енін в деп белгілеңдер. Әріптердің көмегімен тіктөртбұрыштың ауданы мен периметрін тауып, жазыңдар.

Р = (а + в) ∙ 2 S = а ∙ в

№ 3. Түсіндіріп шығару. Ауданы белгілі тіктөртбұрыштың ұзындығы мен енінің мүмкін нұсқаларын тап. Р = (25 + 5) ∙ 2 = 100 (см) S = 25 ∙ 5 = 125 (см2)

№ 4. Есепті шығару.

6 жәшікте – 108 кг Ш: 162 : (108 : 6) = 162 : 18 = 9

? жәшікте – 162 кг Ж: 9 жәшік керек. (кері есеп құрастыр)


Сергіту сәті

Қостық біз, көбейттік біз,

Қатты шаршап кеттік біз.

Кәне, тұра қалайық,

Қимылдасын қол-аяқ.

Кірпікті де қағайық,терең демді алайық,

Орнымызға отырып,

Сабаққа назар салайық.


Оқушылар тақпақты жатқа айтады

Ой толғаныс

1). № 5. Ауызша. Кестенің әр қатары бойынша есеп құрастыр және оларды шығар.

2). № 6. Тақтада түсіндіріп. Белгісіз санды х-пен белгілеп, теңдеу жаз және оны шеш.

Х + 25 = 725 х ∙ 7 = 84

Х = 725 – 25 х = 84 : 7

Х = 700 х = 12

700 + 25 = 725 12 ∙ 7 = 84

Сабақты бекіту

1). Жұптық жұмыс. № 7. Тапсырманы орында. Әр қораптан кез келген цифрды алып, үш таңбалы сандар құрастыр және оларды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жаз.

911, 508, 704, 457, 694, ...911 – 9 жүздік 1 ондық 1 бірлік.

2). - Бүгінгі сабақтан нені үйрендіңдер? - «Геометрия» туралы не білетін болдық?

- Периметрді, ауданды қалай табамыз?

Үй тапсырмасы

№ 8, 13 бет.


Оқушылар күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Өз көңіл күйлерін стикерге жазу.

Бағалау парақшасын толтырады