Файл: Алтын кз атты мектепішілік ісшара Сынып 9б сынып жетекшісі Толыкбаева Г. С. 20182019 оу жылы аяулы алтын кЗ! Масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.11.2023

Просмотров: 25

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«№3 Күршім гимназиясы»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі


«Алтын күз»


атты мектепішілік іс-шара

Сынып: 9Б

Сынып жетекшісі: Толыкбаева Г.С.

2018-2019 оқу жылы

АЯУЛЫ АЛТЫН КҮЗ!
Мақсаты: балалардың күз туралы түсініктерін бекіту, жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін байқату, табиғатты аялауға, қоршаған ортаны, Отанын сүюге, әдемілікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: түрлі-түсті шарлар, жапырақтар, жеміс-жидек, көкөністер, презентация, проектор, компьютер.

Қатысушылар: 9-11 сынып оқушылары.
(Залдағы жарық түгел сөндіріліп, экраннан күз туралы бейнеролик көрсетіледі)

  1. Армысыздар, ардақты қонақтар! Бүгінгі «Алтын күз» мерекесіне қош келдіңіздер! 


2. Бүгін мейрам, бүгін той, 
Қуанышты күн біліп қой! 
Күзгі бақтай сыңғырлап, 
Алақанды соғып қой! 
1.Табиғаттың қандай да бір мезгілін алып қарасаң, әрбір мезгілінде таңқаларлық өзіндік ғажайыптары мен сұлулықтары, адам тілі жеткізбес кереметтілігі бар екені даусыз. Әр мезгілдің өзіндік ерекшеліктері, өзіндік адамзатты сиқырлап алатын тылсым кезеңдері әрқашан да адам баласын таңғалдырып келеді. Міне, сол мезгілдердің ішінде сап-сары алтындай болып, ағаштардың жапырағын, жер-ананың өзін керемет бір түске бояп алтын күз де келіп жетті.
2.Күз – адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл, сондықтан да адамдар күзге берекелі күз, алтын күз деп баға берген. Алтын, себебі біріншіден айналаның бәрі сап-сары бояуға малынған, екіншіден, алтын – байлықтың белгісі, екеуін астастырып, «Аяулы күз , алтын күз» деп атаған. Күзде егінді жинап болған ата-бабаларымыз «Сабан той» деп күз берекесін тойлаған. Алтын күз кештерін өткізу дәстүрге айналған. Міне, сол дәстүрдің жалғасы ретінде «Аяулы алтын күз» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
1.Бүгінгі кеште 9 -11 сынып оқушылары сайысқа түспекші. Ал енді ортаға қатысушы топтарды шақырайық.

9А-сыныбының намысын қорғағалы келген жұп: ________________________

2.10А-сыныбының үмітіп арқалап келген жұп: __________________________

1.10Б-сыныбы үшін қолынан келгеннің бәрін жасайтын жұп: _______________

2.11А-сыныбының намысын қорғағалы кеп тұрған жұп: __________________

1.11Б-сыныбының үмітін арқалап келген жұп: __________________

2. Олай болса, түсіндіріп өтейік, бағдарламамыз 5 бөлімнен тұрады:

  1. Таныстыру.

  2. «Өнерлі өрге жүзеді» (әр жұп өз өнерлерін көрсетеді).

  3. «Арулар фантазиясы» (қыздар салат жасайды)

  4. «Кім мерген?» (ұлдар сынға түседі)

  5. Күздік сән үлгісі.

  6. Кешіміздің қорытындысы.



1.Сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейік:

________________________________________

________________________________________

________________________________________

2.Сайысқа қай жұп нешінші ретпен шығатынын анықтау үшін ортадан сандар жазылған парақты таңдауларыңыз сұралады. (жұптар ортадан сандарды

алып, көрермендерге көрсетеді, реттері анықталған жұптар сахна сыртына шығарылады.)

1.Рет санымызды анықтап алсақ құрметті қатысушыларды сахна сыртына құрмет-қошеметпен шығарып салайық.
2.Құрметті көпшілік көрерменім,

Жақсылыққа әрдайым артқан сенім.

Ақ жол тілеп үкілі үміттерге,

Таныстыру шартына кезек бердім.

Ендеше бірінші шартымыз – үміткерлеріміз өздерін таныстыруы. Бірінші болып ортаға ____________ шақырамыз, қарсы алыңыздар!

1.Сіздердің қошеметтеріңізбен ортаға ____________ шақырамыз!

2.Келесі кезекте тұрған ____________ сахна төріне шақырамыз!

1.Өздерін таныстыру үшін ортаға ____________ шақырамыз, қарсы алыңыздар!
1.Ал кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп, ал біреуі ән салыпты.

Бүгінгі сайыста бәйге алуға,

Үміткерлер аянбай жан салыпты.

Құрметті көрермендер, ендігі кезекте үміткерлеріміздің дайындап келген өнерлерінің куәсі болуға шақырамыз.

2.(музыкалық номер).
1. Қазақ қызы сөзі сыпайы, өзі әдепті, терең ойлы болумен қатар, он саусағынан өнер тамған шебер болуы тиіс. Олай болса, «Арулар фантазиясын» байқап көрейік. Шарт – қыздарымыз күзгі көкөніс, жеміс-жидектерден дәмді, әдемі салат дайындаулары керек. Берілетін уақыт – 7минут. Құрметті әділ қазылар, аруларымыздың ептілігін, ұқыптылығын, әзірлейтін салаттарының әдемілігін, уақытты ескере отырып баға бересіздер.

2.Арулар фантазиясы дайын болғанша, оларға жанкүйер болып келген залда отырған көрермендермен «5түс» ойын ойнасақ. Залдан әр жұпқа жанкүйер болып келген бір-бір көрерменін шақырамыз. (5 жұптың 5 көрермені ортаға келеді. Оларға ойынның шарты түсіндіріледі.) Алдарыңызда күз мезгіліне қатысты 5 түс жасырылған, соны таңдау арқылы өздеріңізге тиесілі түсті анықтап алыңыздар (түрлі түсті қағаздар ұсынылады). Ал енді түстеріңізді анықтап алдыңыздар, шарт – залдан өз түстеріңіздегі заттар жинау. Кім көп зат жинаса - сол жеңімпаз. Жеңімпаз өз жеңісі арқылы жанкүйерлік етіп отырған жұбына 5 балл сыйға тарта алады. Олай болса, 1 минут уақыттарыңыз кетті, бастаймыз! (уақытты қадағалай отырып, жеңімпазды анықтап, тиесілі жұпқа 5 балл сыйға тартып, ойынды қорытындылаймыз, ойынға қатысушыларға шағын сыйлықтарын ұсынамыз.)



1.Аруларымыздың қолынан шыққан фантазияларын ұсынуға назар салсақ. Бірінші болып сөзді ____________ береміз.

2. Екінші кезектегі аруымыз өз салаты жайлы айтып өтсін!

1.Үшінші аруымыздың фантазиясына назар салсақ!

2.Төртінші аруымыз сөз келегін алса.

1.Бесінші аруымыздың фантазиясын тамашалайық!
2.Келесі кезекте «Кім мерген?» деп қатысушы ұлдарымызды сынға алып көрейік. Олай болса, құрметті көрермендер, сіздердің қошеметтеріңізбен ортаға қатысушы ұлдарды шақырамыз!

1.Сіздермен «Кім мерген?» ойынын ойнаймыз. Ойынның шарты – себетте 3 түрлі көкөніс жатыр – бұрыш, баклажан, картоп, әр көкөністен байлаулы қолдарыңызбен белгіленген ара қашықтықта орналасқан өз себеттеріңізге түсірулеріңіз керек. Әр көкөністі өз себеттеріңізге түсіруге жалғыз ғана мүмкіндік беріледі, әр көкөніс үшін 5 балл беріледі. Ойынның шарты түсінікті болса, бастайық! Көрермендер қошеметтеп отырыңыздар! (себетке түскен көкөністерді санап, қорытынды шығару ).

1..Сәнімен күздің көркін көрікті етіп,

Бір қыз өтіп барады желіп кетіп.

Иығына төгіліп қара шашы,

Жан біткенді өзіңе еліктетіп.

2.Аруларымыз өзінің ұстамдылығымен, жарқын күзді сыпайылығымен, сергек сезімталдығымен бірге сырт пішініне, киім сәніне немқұрайлы қарамаған. Ендігі кезекте жұптарымыздың сән үлгісін тамашалаңыздар.

№1 жұпты қарсы алыңыздар!

№2 жұпты ортаға шақырайық!

№3 жұпты сахна төріне шақырамыз!

Сіздердің қошеметтеріңізбен ортада №4 жұп!

№5 жұпты шақырамыз,қарсы алыңыздар!

1.Құрметті әділ қазылар алқасы, сіздерге ойынның қорытындысын шығара берулеріңіз сұралады. Ал қазір сахнаға Эрикова Азиза «Листья жёлтые» әнімен шығады, қарсы алыңыздар!

2.Сөз кезегі әділ қазылар алқасында. (кешімізге қатысушы жұптарға сыйлық таратылып, жеңімпаздар марапатталады).

1.Құрметті көрермен, осымен күз мерекесіне арналған кешімізді аяқтаймыз.

2.Келесі кездескенше сау-сәламатта болыңыздар!