Файл: аза тілі пнінен жаратылыстануматематикалы баыттаы 11сыныпа арналан мемлекеттік емтихан (эссе) жауаптары 20212022ж.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.11.2023

Просмотров: 407

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Insagram :@UBT_GARANT Telegram UBT Garant 140




«Қазақ тілі» пәнінен жаратылыстану-математикалық бағыттағы

11-сыныпқа арналған мемлекеттік емтихан (эссе) жауаптары 2021-2022ж

  1. «Адамант баласы құндылыққа мүдделі әрі мұқтаж» тұжырымына өз көзқарасызды дәлелдеп жазыңыз

Негізгінен бірінші құндылық деген сөз не екеніне тоқтала кетейін.

Әдетте құндылық деген сөзді естігенде ойыңызға не келеді? Құнды заттар, құнды ақпарат, басқа адамның құнды қасиеттері. Әр нәрсенің өз құндылығын білгенмен, біз өз құндылықтарымызға назар аудара бермейміз - жан-дүниеміздің құндылықтарына. 

Ойланып көріңізші, сіздің қандай құндылықтарыңыз бар? Сіз өзіңізді ақылды, инабатты, тәрбиелі, парасатты, адамгершілігі, түсінігі мол және т.б. керемет қасиеттерге ие адаммын деп ойлауыңыз мүмкін. Бұның бәрі құнды қасиеттерге жатады.

Сіз ата-анаңызды, туыстарыңызды, достарыңызды, туған жеріңізді, еліңізді, ұлтыңызды шексіз сүюіңіз мүмкін. Бұл да адамның h жақсы көретін құндылықтары.

Сіздің үйіңіз, материалды жағдайыңыз, жұмысыңыз, айналысатын ісіңіз, хоббиіңіз, шығармашылығыңыз да құндылықтар қатарында.

Болмысыңыз бен пішініңіз, сұлулығыңыз, сымбаттылығыңыз - құндылықтың бір түрі.

Сонымен қатар, іске аспай жатқан құндылықтар да болады: үйлену, тұрмыс құру, ата-ана болу, өмірде өз орныңды табу, сыйлы адам болу, тұлға ретінде мойындалу да құндылықтар.

Аналар үшін баласы үлкен құндылық. Сол себепті баласы жайлы жаман сөз естісе, ескерту алса, анасының жүрегі жараланады, ашуға салынады, айтқан адамға өмір бойы ренжіп, ашуланып, тіпті төбелесуге дейін баратындар бар.

Ал енді сол реніш пен ашуға келдік, негізінде осы эмоциялар басқаның біздің құндылықтарымызға тіл тигізгенінен болады екен. Мұны біз ешқашан ойланбаймыз. Адам сенің ашуыңа тиді, ренжітті, аяғында ұрсып тыңдыңдар. Ал негізі ойлана келсек, ол сіздің қандай да бір құндылығыңызды жалмап өтуі мүмкін. 

Әр адам өз құндылығын анықтап алған кезде реніштің қайдан шығатыны анықтала бастайды. Сол кезде адамды кешіру де жеңілдейді. 

Мысалы, сіз бір адамның шығармашылығын сынға алдыңыз. Ол азар да безер болып, сізге ренжіді. Неге? Өйткені, ол үшін оның шығармасы оның құндылығы. Ол оған жанын салды. Ал сізге бұл тіптен құндылық болмауы мүмкін. Егер ол адам сізді кешіргісі келсе, ол сол құндылығына тағы бір назар аударып, оны жақсарту үшін тағы жұмыс істеу керектігін түсінуі керек. Бұл өмірде болатын т.б. реніштер мен ашуларға да байланысты.


Адам бойында мыңдаған құндылық бар. Бірақ біреу менің құндылығыма тиісті деп ренжіп жүре беруге болмайды. Құндылығыңыздың кем-кетік тұстарын анықтаңыз, ол әлі де жөндеуді талап ететін шығар, немесе құндылығыңыздың кішкене бағасын түсіріп, адамды кешіріңіз

2«Қазақтардың тілі әуезді де әсем, шебер де шешен. Әсіресе, сөз сайысына келгенде, олардың алғырлығы мен өткірлігі, тауып сөйлейтін тапқырлығы таңғалдырады. Олар мақалдап сөйлейді, жай сөзінің өзі өлең болып құйылып жатады», - деп айтқан В.Радловтың пікірімен қазақ тілінің ұлттық құндылық ретіндегі ерекшелігін өз ойыңызбен сабақтастырып, эссе жазыңыз

Шешендік сөздер қашанда халықтың қажетті мұрасы болып табылған. Сонымен бірге олар-тәрбие құралы. Қазақ халқы қандай ауыр жағдайда өмір сүрмесін,өзінің би-шешендерінің сөзін жадында сақтап,жаттап айта жүруді,одан үлгі-өнеге алуды тоқтатқан емес. Шешендер,билер әрқашан шындықты айтып, аз сөзге аз мағына сыйғызып,халықтың рухани қажетін өтеп отырған. Шешендіктің негізгі мақсатыадамдарды иландыру, айтқысы келген нәрсені нақ айтып сендіру. Шешендердің сөз тапқыш,сезімтал,суырып салма ақын сияқты әр түрлі қасиеттері болған. Олар жалпы өмір туралы,ел қорғау туралы хабардар етіп отырды. Олар: Әйтеке би,Төле би,Қазыбек би, Саққұлақ шешен т.б Сабақты осыған дейінгі өткен шешендер өмірі,олардың шешендік сөздері,төрелігі туралы алған білімдерімізді қорытындылау мақсатында болды.

Шешендік сөздердің мән - мағынасын дұрыс түсініп, ой елегінен өтізген әрбір жас тіл мәдениетіне жеңіл - желпі қарамайды. Дұрыс сөйлеп, ойын дұрыс жеткізе алады. Жүйелі сөз саптау, таза мазмұнда сөйлей білу қашанда керек құбылыс.

Қоғам қашанда дарынды, қабілетті адамдарға мұқтаж. Дарынды адамдар қатарын көбейту үшін олардың

сөйлеу тілі мен дүниетанымын дамыту керек. Қазақ халқы қай заманда да сөйлеу өнерін жоғары бағалаған. Бұл жол арымай - талмай шешендік сырын зерттеуді, көл - көсір жаттығуды, мол білімді, ой - өрісі мен мен қиял кеңістігін қажет ететіндігін анық білген.

Сөз өнері өнердің ең алды ретінде саналған. "Өнер алды - қызыл тіл", - дейді қазақ мақалы. Абай: "Тіл өнері - дертпен тең", - деген. Қысқасы, халқымыз шын мәніндегі шешендікті асыл өнерге баулып, осы жолда қайталанбас мұра қалдырған.

Қазақ ауыз әдебиетінің бір түрі - шешендік өнер. Шешендік өнер - ақындық айтыс секілді қазақ әдебиетінің ерекшелігін көрсететін негізгі жанрлардың бірі.

Қазақ шешендігінің жалпы шешендік өнерден өзіндік ерекшеліктері бар. ең алдымен қазақ шешендерінің сөздері ауызекі айтылып, ауызша таралған, қағазда емес, бізге халық жадында сақталып жеткен.

Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиетінің басқа түрлері сияқты ауызша шығып, ауызша таралған.

Қонақта, немесе бір мәселені талқылау үстінде көп жасаған, кәрі құлақты қариялардың аузынан шыққан жүйрік ойлы, жүйелі сөздерді құйма құлақ талапты жастар, өнер қуған қыз - бозбалар жаттап алып, жүрген - тұрған жерлерінде, ойын - жиындарда айта жүрген. Өзінің қажетіне, өмірдің тілегіне қарай жаңартып - жаңғыртып отырған.

Шешендік сөздер - біздің асыл мұрамыз, қазынамыз, байлығымыз. Шешендік сөздер аяқталған тұжырымды ой арқылы алуан адамгершілік қасиеттерге, ұлттық тәрбиеге баулиды. Шешендік сөздер ертегі - аңыздар мен халық поэзиясынан іріктеліп, сұрыпталып, бөліне отырып, халықтық бірыңғай әдеби тіліміздің қалыптасуына себепкер болған.

Қазақ шешендік сөздері мазмұнына қарай шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау деп үш тарауға бөлінеді.

Шешендік сөздер - халық даналығынан туған мұра, халықтың асыл қазынасы. Мазмұны халықтың бастан кешірген өмірін, арманы мен қиялын көрсетеді. Өмірге, дүниеге көзқарасын, ой - өрісін белгілейді. Халық өзінің қиялдаған арманына қалайда жетемін деген сенімнен айрылмаған.

Өмірдің сан алуан құбылыстарын бір - бірімен теңеп, салыстырып, болашағын болжап, қиялдап сөйлеген сөздер табысқа, жеңіске жетуге құлшындырып, рухтандырып отырған, қуаныш үстінде дем берушілік,

реніш тұсында жұбатушылық қызметін атқарған.Белгілі халық шешендері мен есімдері белгісіз дана қарт, шешен әйел, тапқыр бала, жарлы жігіттер атынан айтылатын шешендік сөздерге тән бір қасиет - шешендік тапқырлығымен қатар әділдігі, ойының айқындығы және халықтың сипаты.


3«Қаныш Сәтбаев – ұлттық индустрияны дамытуға еңбек сіңірген ұлы тұлға» тақырыбында ақпараттық мәліметтерді пайдалана отырып, өз ойыңызды дәлелдеп жазыңыз.

Сәуір айының 12-і күні – даңқты жерлесіміз, еліміздің ғұлама геолог-ғалымы, көрнекті қоғам қайраткері, академик Қаныш Имантайұлының туғанына 120 жыл толды.

Ол –  Қазақстан геологтары ғылыми мектебінің негізін қалаушы, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясын ұйымдастырушылардың бірі әрі тұңғыш президенті, КСРО Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтарының лауреаты.

Біздің мектеп кітапханасының оқу залында 1-8 сынып оқушыларына арналған «Қаныш Имантайұлы Сәтбаев – қазақ ғылымының атасы» атты әңгіме-шолу, көрмелер, бейне-фильмдер көрсетілімдері болып өтті. Оқушыларға Академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев ұлт тарихында ғылымның негізін қалаған көрнекті геолог-ғалым ретінде ғана емес, сондай-ақ өз заманының асқан сөз шебері, ойшылы және белгілі қоғам қайраткері ретінде де ерекше орын алатыны анық.

Қазақ тау-кен ісінің бастау алып, жер қойнауын зерттеу ісінің қалыптасуы, Жезқазғанның дамуы академик Қ. Сәтбаевтың есімімен қаншалықты тығыз байланысты болса, ғалымның ғылыми еңбек жолы еліміздің экономикалық және рухани түрде дамуымен да соншалықты тығыз байланысты екені, Сәтбаев есімімен тіпті ғарышта «Сәтбаев» 2402 планетасы,  жерде «сатпаевит» жаңа минералы аталғаны баяндалды.

Өткізілген іс-шаралар мазмұнымен оқушыларды туған жері мен еліне деген құрмет пен сүйіспеншілікке тәрбиелеп, бойларында патриоттық сезімді әрі қарай дамытып, өз өмірін геология, тау-кен ісімен және металлургиямен байланыстырғысы келетін жас ұрпақ үшін көрнекті ғұлама ғалымның өмірі мен ғылыми қызметі үнемі үлгі болып қала бермек деген сенімдеміз.

Осы тұста ұлтымыздың бетке ұстар азаматы Қаныш Сәтбаевтың ғылым дамуына қосқан үлесі мен еңбек жолы кейінгі буын мен еліміздің жас ғалымдары үшін қоғамдық сананы жаңғыртудағы негізгі бағдар болып қала бермек, – деп Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Әмірхан Рахымжанов пленарлық отырысты ашты.– Бүгінде қос мемлекет арасындағы екіжақты қатынастар стратегиялық әріптестік бағытында дамып жатыр. Тәжікстан Үкіметі халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа, инновациялық зерттеулерге жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Қаныш Сәтбаев сынды ғылыми қайраткерлер өз еңбектерімен елдеріміз арасындағы ғылыми ынтымақтастық негізін қалап, оның дамуына теңдессіз ықпал етті. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев қазақ ғылымын әлемдік деңгейге көтерді. Ғасырлар өткен сайын ұлы ғалымның есімі кейінгі ұрпақтың жадында мәңгі жаңғыра бермек. Қ.Сәтбаевтың есімі Қазақстан өнеркәсібі мен ғылымының даму тарихымен ғана емес, сондай-ақ республикадағы бүкіл халық шаруашылығының, барлық экономикалық және мәдени өмірінің қалыптасуы және дамуымен тығыз байланысты. Тәжікстан Ғылым академиясы Қ.Сәтбаевтың есімін ғылыми жетістіктері, ғылымға және мемлекеттік қызметке сіңірген еңбегі үшін мәңгілік ардақтайды, – деді Елші мырза. Сонымен қатар, ғалымның ғылым саласына, ғылыми-ұйымдастырушылық және мемлекеттік қызметке сіңірген еңбектерін ескере келе, Тәжікстан Ғылым академиясы Геология, сейсмикалық берік құрылыс және сейсмология институтының ғимаратында академик Қ.И. Сәтбаевқа арнап мемориалдық белгі орнатылғанын хабарлады
.

4. «Ұлттық индустрияны өркендетуге қандай үлес қосамынтақырыбында өз ұстанымыңызды дәлелдеп жазыңыз.

Тәуелсіздік алғаннан кейін алғашқы кезеңде Қазақстан жаппай индустрияландыруға бағыт алды. Негізгі даму бағыты өңдеу өнеркәсібі болды, кейін ол елімізде өнеркәсіптің өсуінің негізгі драйверіне айналды. Индустрияландыру жылдары мыңдаған жаңа заманауи жоғары технологиялық өндірістер құрылды, олар жаңа өнімдердің жүздеген түрлерінің шығарылуын қамтамасыз етіп, мыңдаған жұмыс орындарының құрылуына ықпалын тигізді. Индустрияландыру күні қарсаңында РrimeМinister.kz  редакциясы Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы индустриялық саясатының іске асырылуы туралы шолу әзірледі. 2010 жылғы индустрияландыру және қазір: бәрі неден басталды Индустрияландырудың алғашқы бесжылдығы (2010-2014) бағдарламасы аясында мемлекет өнеркәсіптіғ ауыл шаруашылы мен қызмет көрсету секторын қос алғанда, экономиканың барлық негізгі секторларын таргеттеді, Бұл кезде бағдарламаның мақсаты әлемдегі дағдарысты жағдайларға қарамастан, экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету болды. ҮИИД МБ (2010-2014) кәсіпкерлікті және ШОБ дамыту, өнеркәсіп инфрақұрылымы, жұмыспен қамту, қолайлы инвестициялық ахуал жасау тәрізді мемлекетті дамытудың жалпы жүйелік бағыттарының басым бөлігі енді. Бұл бағдарламада шикізаттық сеткорды, инфрақұрылымды дамытуды қоса алғанда, өнеркәсіптің барлық салалары қамтылды, осылайша, басымдықтарының кең ауқымы нақтыланды. Сонымен қатар, бірінші бесжылдық аясында экономиканы әртараптандыру процесін іске қосу үшін маңызды базалық алғышартар қолға алынды - «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы», «2010 – 2014 жылдарға арналған инвестициялар тарту, арнайы экономимкалық аймақтарды дамыту және ҚР-да экспортты ынталандыру бойынша бағдарлама» және «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі туралы» ҚР Заңы тәрізді заңдар қабылданды. Сонымен қатар, 50-ден астам заңға түзетулер енгізілді. Бұл жылдары көптеген инфрақұрылымдық мәселелер шешілді: 4 мың шақырымға жуық автомобиль жолдары салынып, реконструкцияланды («Батыс Еуропа – Батыс Қытай», Орталық-Оңтүстік және Орталық-Шығыс 2 транзитттік дәлізі), 1700 шақырымға жуық теміржол салынды (Өзен–Түрікменстанмен мемлекеттік шекара, Жетіген–Қорғас, Бейнеу-Жезқазған, Арқалық-Шұбаркөл), 13 арнайы экономикалық аймақ пен 23 индустриялық аймақ жұмыс істей бастады. Бизнесті қолдау үшін «Өнімділік - 2020», «Инвестор - 2020», «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламалары қабылданды. Ондаған жаңа қолдау құралдары әзірленіп, іске қосылды: жеңілдікті несиелер және лизинг, инновациялық, экспорттық гранттар, сервистік қолдау және т.б. Бүгінде жеке кәсіпкерлерге 100-ге жуық қолдау құралдары қолжетімді. Екінші бесжылдық (2015-2019) сыртқы экономикалық шоктарға аса төзімді және қазақстандық экономика үшін “қауіпсіздік төсемі” болу әлеуеті бар сектор ретінде нақты өңдеу өнеркәсібіне бағдарланды.  Бұл бесжылдық аясында өңдеу өнеркәсібінің 14 басымдықты секторы айқындалды, қолдау құралдары соларға бағытталды. Бағдарламаны іске асыру Қазақстан экономикасы үшін бірқатар оң қорытындылар әкелді. Өңдеу өнеркәсібіндегі экспортталатын тауарлар номенклатурасы 21%-ға артты. Аккумуляторлар, темірден немесе қоспасыз болаттан жасалған жазық илем, қоспасыз алюминийден жасалған сым тәрізді жаңа экспорттық тауарлар пайда болды. 2010-2018 жылдары өңдеу өнеркәсібінің дамуы үшін негіз жасалды. Мәселен, 7,9 трлн теңге сомасына 1250 жобаны іске асыру және Global-2000/ТҰК тізімінен 29 инвесторды тарту  нәтижесінде жаңа өсу көздері пайда болды. 35 кәсіпорынды жаңғырту, экономиканың жаңа бағыттары мен экспорттық және инновациялық әлеуеті жоғары жаңа тауарлардың пайда болуы арқылы тиімді базалық индустрия құрылды. Индустрияландыру арқылы өңдеу өнеркәсібіне 7,5 трлн теңге тартылды ИИД МБ екі бесжылдығы іске асырылған жылдары өңдеу өнеркәсібіне 7,5 трлн теңге тартылды (ИИД МБ-1 кезеңінде – 3 трлн теңге, ИИД МБ-2 кезеңінде – 4,5 трлн теңге). Өңдеу өнеркәсібінде негізгі капиталға 4,5 трлн теңге сомасындағы инвестициялар жоспары орындалғанын атап өткен жөн.