Файл: азастан республикасыны Оуаарту министрлігі ш. Улиханов атындаы ку жанындаы кпсалалы колледж.odt

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.11.2023

Просмотров: 43

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ

Ш.Уәлиханов атындағы КУ жанындағы көпсалалы колледж

Оқу-танысу тәжірибе бойынша есеп

Мамандығы: «04110100- Есеп және аудит»

Біліктілігі: «4S04110102- Бухгалтер»

Орындаған: ЭК-921 тобының студенті

Төлеген Алтынай

Тексерген: тәжірибе жетекшісі

Маникова Г.О.

Көкшетау 2022 ж.

Мазмұны






Кіріспе

3

1

Оқу-танысу тәжірибесі туралы жалпы түсінік


4

2

«Көкшетау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ қызметімен танысу


5

3


«Jusan Bank» АҚ қызметімен танысу

6




Қорытынды


7




Қолданылған әдебиеттер тізімі


8




Қосымшалар





Кіріспе
Оқу-танысу тәжірибенің мақсаты – оқыған пәндері бойынша теориялық білімдерін бекіту, болашақ мамандығының ерекшеліктері мен сипаттарын студенттерге таныстыру.

Оқу-танысу тәжірибенің міндеттері:

- ақпарат және ұйым ұжымы (персонал) жұмысының тәжірибелік дағдыларын меңгеру;

- ұйымның әлеуметтік-экономикалық проблемалары мен жағдайы, қоршаған ортасы туралы ақпараттар жинау;

- алынған мәліметтерді жүйелеу;

- белгілі бір акционерлік қоғамның қызметтерімен танысу;

- нақты тапсырмаларды орындау: ұйымның тарихы, мәртебесі, құрылтай құжаттары, жұмысты ұйымдастыру жөніндегі құжаттармен тексеру;

- ұйымның құрылымымен танысу;

- еңбекті ұйымдастыру негіздерін зерттеу;

- акционерлік қоғамның бөлімшелерін зерттеу;

- акционерлік қоғамның бөлімшелерінде қызмет көрсету;

-негізгі қызметтің сипаты мен көлемімен, экономикамен, қаржы жағдайымен және нарықтағы қызметтің нормативтік-құқықтық базасымен танысу;

- есепке қажетті ақпараттар мен материалдар жинау және дайындау.

Оқу-танысу тәжірибе кәсіпорындағы қаржылық және бухгалтерлік жұмыстардың толық циклін, сонымен қатар оны жүзеге асыру үшін мәліметтерді жинауды және өңдеуді қамтиды.

Оқу-танысу тәжірибе бойынша есептің құрамы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қосымшадан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.



1.Оқу-танысу тәжірибесі туралы жалпы түсінік
Бірінші тақырып бойынша оқу-танысу тәжірибесінің міндеттерімен, бағдарламасымен және тәртібімен, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаумен таныстырды.

Кәсіпорынның немесе ұйымның құрылымымен оның құрылтай құжаттарын, құрылымдық бөлімшелерінің құрамын және олардың өзара қатынасын, қызметтерін, басқару органдарының құқықтары мен міндеттерін оқып білуді қарастырады.

Меңгерген материалдарының қорытындысы бойынша кәсіпорынның/ұйымның мекен-жайын, қызмет түрін, басқару органдарының қызметін көрсете отырып, оның құқықтық мәртебесіне қысқаша сипаттама құрылды.

Екінші тақырып бойынша кәсіпорынның/ұйымның қызметін жоспарлау бойынша құжаттармен, қабылданған бизнес-жоспарлар мен бағдарламаларды оқып білуді қарастырды.

Меңгерген материалдарының қорытындысы бойынша кәсіпорынның/ұйымның құрылу мақсаттарына, оның қызметінің бағыттарына, шығаратын өніміне немесе көрсететін қызметі мен жұмысыныңа, сату нарығына сипаттама жасалды.

Үшінші тақырып бойынша кәсіпорынның/ұйымның қаржы қызметі жұмыстарымен және міндеттерді бөлуімен, қаржы қызметкерлерінің жұмысындағы және лауазымдык нұсқаулығындағы негізгі бағыттарын, бухгалтерлік есепті, құжат айналымы жүйесін ұйымдастырудың формалары мен әдістерін оқып білуді қарастырды.

Меңгерген материалдарының қорытындысы бойынша әрбір бөлім қызметін қысқаша сипаттай отырып, кәсіпорын/ұйым бухгалтериясын ұйымдастыру сызбасы құрылды.

Төртінші тақырып бойынша есеп беру, шоттардың жұмыс жоспары, бастапқы құжаттар формасын, бухгалтерлік есеп регистрлерін, инвентаризация жүргізу тәртіптерін, бухгалтерлік тексеріс жүргізу тәртіптеріи жүргізу үшін ұйыммен қолданылатын тәсілдері қарастырылды.

Меңгерген материалдарының қорытындысы бойынша кәсіпорынның/ұйымның есеп саясатын сипатталды.


2. «Көкшетау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ қызметімен танысу
Көкшетау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы – орталық атқару органының құзыреті шегінде кеден ісі саласындағы реттеуші, іске асыру және бақылау функцияларын, салықтардың, кедендік және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіби зейнетақы жарнасын есептеуді, ұстауды, аударуды, әлеуметтік аударымдарды есептеуді және төлеуді қамтамасыз ету, этил спирті мен алкоголь өнімдерінің, темекі бұйымдарының өндірісін, айналымын, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің және био отынның айналымын реттеу, оңалту және банкроттық саласындағы реттеу және бақылау қызметтерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомствосы болып табылады.



Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толықтығы мен уақтылығын қамтамасыз ету, салықтық түсімдерді есептеу, ұстап қалу, аудару жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға уәкілетті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды атқарады.

Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ ережеге сәйкес жүзеге асырады. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы қазақ тілінде жазылған мөрлері мен мөр таңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шоттары болады.

Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

Көкшетау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында 2022 жылдың 21 желтоқсанында кездесу өткізілді. Кездесу барысында Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері бізге жұмыс барысын таныстырды, таныстыру сұрақ-жауап, диалог ретінде өткізілді. Декларация мақсаттары туралы айтылып, декларациялау кезеңдері түсіндірілді және де өткен жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша мүлік туралы ақпарат берілді. Мен Көкшетау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлімдерімен және бөлімдер қызметкерлерімен таныстым. Сонымен қатар кездесуде Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің өкілі Ш.М. Мусина қатысып салық заңнамасы бойынша түсіндіру жүргізді. Біз қойған барлық сұрақтарымызға Ш.М. Мусина және Көкшетау қаласы бойынша МКБ толық және түсінікті жауап берді. Кездесу соңында жұмысқа шақырту туралы ұсыныс жасалды.
3. «Eurasian Bank» АҚ қызметімен танысу
«Еуразиялық банк» — Қазақстанның 28 жылдық даму тарихы бар әлеуметтік маңызды коммерциялық банкі. Активтерінің мөлшері жөнінен еліміздегі ең ірі 10 банктің қатарына кіреді, бөлшек банкинг нарығында жетекші орында келеді, корпоративтік клиенттер мен ШОБ субъектілеріне қызметтердің кең шеңберін ұсынады. Банк ERG тобының (минералды ресурстарды өндіру және өңдеу саласындағы әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі) экожүйесінің құрамына да кірді.


Eurasian Bank» АҚ – ның пайдаланушыларға көрсететін жалпы (стандартты) қызметтері:

- ағымдағы банктік шоттарды ашу және жүргізу;

- депозиттерді сақтау үшін жинақ шоттарын ашу және жүргізу;

- Карточкаларды пайдалана отырып банктік шоттарды ашу және жүргізу;

- дебеттік және несиелік карталарды шығару және оларға қызмет көрсету;

- карталар бойынша несие лимиттерін ұсыну;

- «Smart bank» жүйесін пайдалана отырып, қашықтан банктік қызмет көрсету;

- банктік несиелердің барлық түрлері бойынша бөлшек несиелеу;

- сондай-ақ банк қызметін пайдаланушыларына басқа да банктік қызметтерді/өнімдерді ұсыну.

Еуразиялық банктің марапаттары:

1. «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» Asian Banking & Finance, 2012, 2013, 2015;

2. «Қазақстанның үздік банкі» IAIR, 2014;

3. «Қазақстанның үздік банкі» EMEA Finance, 2013, 2014;

4. «Қазақстанның үздік банкі» Euromoney, 2012;

5. «Қазақстандағы Жыл Банкі»;

6. Сауда-саттықты қаржыландыру саласындағы үздік банк, 2020 Global.

Майкл Элтон -Еуразиялық банк басқарма төрағасы:

-Біз үнемі қозғалыстамыз және дамудамыз. Бірінші кезекте бізде тұтынушыларға сапалы қызмет көрсету, олардың уақытын үнемдеу ниеті тұр. Сонымен қатар біртіндеп жаңа технологияларды енгіземіз. Жаңа филиал Ақмола облысының тұрғындарына сапалы қызмет көрсетеді деп ойлаймын. Жаңа филиал 75 көкшетаулықты жұмыспен қамтамасыз етті. Еуразиялық банктің қызметтері халықаралық сапа деңгейіне сәйкес келеді, сондықтан жаңадан ашылған қызметкерлердің барлығы арнайы курстардан өтіп, бірінші клиент басшылықтың арнайы сертификатына ие болды.

2022 жылдың 26 желтоқсанында «Eurasian Bank» АҚ қызметімен танысу кездесуінде болдық. Банк қызметкерлері әрбірімізді жылы лебізімен қарсы алып барлық бөлімшелерінің атқаратын қызметтерімен, міндеттерімен қысқаша таныстырып кетті. Әсіресе бухгалтерия бөлімшесіндегі мамандармен сұхбаттасып алған сауалдарымыз біз үшін маңызды болды. Бізді қызықтырып мазалаған сұрақтарымызға толық жауап ала алдық. Банк қызметкерлері алдағы болатын өндірістік практикасын осы мекемеде өтуіне ұсыныстарын білдірді.

Қорытынды
Оқу-танысу тәжірибесін қорытындылай келе, тәжірибе барысында көптеген маңызды әрі қажетті мағлұматтар алынды. Тәжірибе кезінде оқу барысында алған теориялық білімімді практикада жүзінде қолдана отырып тереңдетіп, бекіте түстім.

Тәжірибе есебі бойынша материал жинақтап, көп сұрақ пен сауалдың жауабын таптым. Тәжірибеде алған білімімді мақсатты тереңдетіп, оқып жатқан мамандық бойынша қажетті білім, білік, дағдыға үйрендім. Тек тәжірибеден өту арқылы ғана келешек маманның кәсіби шеберлігі барлық деңгейде артып, сол арқылы өмірлік тәжірибеге ие болуға мүмкіндік береді.
Мен өз болашақ мамандығымның қыр-сырын танып, болашақта жақсы маман болатыныма сенімдімін.

Бұл тәжірибе жеке өзім үшін үлкен ашылулармен, қызықты ақпарат көздеріне толы болды. Жалпы, таңдаған мамандығым қандай жауапкершілікті, білімді, тиянақтылықты, зейінді қажет ететінін толықтай игеріп шықтым. Болашақта, тәжірибе уақытында жетекшім болып, бар білгеніне үйретіп, маған жақсы мотивация берген “Бас бухгалтер” қызметін атқаратын тәлімгерімнің жолын қуып, білікті маман иесі боламын.

Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.Көкшетау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Сілтеме: https://instagram.com/mkb.kokshetau?igshid=YmMyMTA2M2Y =

https://kgd.gov.kz/kk

2. Eurasian Bank АҚ

Сілтеме: https://eubank.kz/https:/

https://instagram.com/eurasianbank?igshid=YmMyMTA2M2Y=

https://interbank.kz/ru/html/login.html
Қосымша