Файл: Химия пнінен 9 сыныпа ожсбдан дайынды жоспары останай облысы кімдігі білім баскармасыны.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.11.2023
Просмотров: 23
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ХИМИЯ ПӘНІНЕН 9 СЫНЫПҚА ОЖСБ-ДАН ДАЙЫНДЫҚ ЖОСПАРЫ
Қостанай облысы әкімдігі білім баскармасының
«Қостанай қаласы білім бөлімінің №27 жалпы білім беретін мектебі»химия пәні мұғалімі Жалғасбек Ақнұр
Мақсаты: Қазіргі уақытта ғылым мен білімнің сағат санап дамып жатқанын ескере отырып, мектептегі оқушылардың химия ғылымына деген арттыру мақсатында бұл бағдарлама жасалынды. Бұл бағдарлама 2016-2017 жылдан бастап оқушылардың білім жетістіктерін сырттай бағалаудың жаңаша форматқа дайындығына беретін пайдасы мол. Бағдарламаның ерекшеліктері тек ОЖСБ-да келетін тақырыптармен шектеліп қана қоймай, органикалық химиямен біліміндерін одан әрі жалғастыру болып табылады. Тест сұрақтарында 10 тапсырма
Міндеттері:
1.Химия ғылымын меңгеру, олардың функцияларын қолдану
2.Бейметалдар мен металдардың қасиеттері, қолдануы, табиғатта кездесуін үйрену
3.Заттардың сандық , сапалық құрамын анықтауда, бейорганикалық, органикалық заттарды айыра білуде, есептер шығара білуге баулу.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар білуге тиіс:
1.Химияның негізгі түсініктері: электролиттер, бейэлектролиттер
2.Органикалық заттардың көптүрлілігінің себептері, теориялары
3.Металдар мен бейметалдардың қосылыстары, қасиеттері
4.Электролиттік диссоциацияланудың иондық теңдеулері
5.Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесінің негізгі заңдылықтары, қышқыл-негіздік, тотығу-тотықсыздану қасиеттерін атомдардың құрылысы туралы білім қалыптастыру.
6.Есептер шығары тиіс:
- Ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін
-газдардың көлемдік қатынасын
-химиялық реакциялардың жылу эффектісін
-салыстырмалы тығыздығы бойынша газтәрізді заттардың молекулалық формуласын
-ерітіндінің белгілі массасындағы еріген заттың массасы, массалық үлесін табу.
-Сан есептері: химиялық реакция теңдеуі бойынша әрекеттесуші заттардың біреуі артық мөлшерде берілгендегі өнімнің массасын (көлемін, зат мөлшері мен көлемін есептеу)
-Сандық есептері (экологиялық мазмұндағы): химиялық реакция теңдеуі бойынша реакция өнімінің
практикалық шығымы бойынша заттың (реагенттің немесе өнімнің) массасын есептеу;
Түсінік хат
9-сыныптың негізгі мәселелерін қайталай отырып, сан есептері: масса, зат мөлшері, ерітіндінің тығыздығы, газдың көлемі, Авогадро тұрақтысы арқылы есептеулерді үйренеді.
Ал «электролиттік диссоциациялану теориясы » бойынша электролиттер, бейэлектролиттер , күшті, әлсіз электролиттер, ион алмасу реакциялары және жүру жағдайлары туралы түсінік қалыптастырылады.
«Бейметалдар және олардың маңызды қосылыстары» тарауында күкірт, азот, фосфор, көміртек, кремний элементтерінің қосылыстары, аллотропиялық түр өзгерістері, табиғатта кездесуі, Қазақстанда өндірілуі, тиімді қолдану барысы қамтылады.
«Металдар және олардың қосылыстары, Металлургия» тарауында кальций, алюминий, темір және олардың құймаларының қосылыстары, таралуы, қолданылуы және сандық есептер (шығаруға үйрету) реакция теңдеуі бойынша қоспаның құрамындағы заттың массалық үлесін анықтау.
« Көміртектің органикалық қосылыстары » тақырыбы бойынша органикалық химия туралы негізгі қағидаларға тоқталу көмірсутектердің жүктелуі, номенклатурасы және изомериясы, генетикалық байланыс, көмірсутектердің табиғи көздері туралы білім беру.
Метан, этан , этилен , ацетилен, бензол, этанол, сірке қышқылы туралы жан-жақты үйрену. Органикалық және бейорганикалық заттардың байланысы, адамзаттың шаруашылық іс-әрекетінің қоршаған ортаға тигізетін әсері, химиялық ластанудың көздері, себептері, қоршаған ортаны ластанудан қорғаудағы химияның рөлі туралы қарастырылады.
№ | Сабақтың тақырыптары | Сағат саны | Мерзімі | Ескертпе |
| Химияның негізгі түсініктері мен заңдары тақырыбына есептер шығару | 1 | | |
| Бейорганикалық заттардың кластары және олардың арасындағы генетикалық байланыс тақырыбына сандық есептер шығару | 1 | | |
| Химиялық байланыс. Зат құрылысы тақырыбына логикалық есептер шығару | 1 | | |
| Химиялық элементтердің периодтық заңы мен периодтық жүйесіне сандық есептер шығару | 1 | | |
| Электролиттер және бейэлектролиттер тақырыбына есептер шығару | 1 | | |
| Электролиттік диссоциация тақырыбындағы күрделі есептерді шығару | 1 | | |
| Күшті және әлсіз электролиттер . Диссоциациялану дәрежесі тақырыбына тест жұмысы | 1 | | |
| Қышқыл, сілті және тұздардың судағы ерітінділерінде электролиттік диссоциациялануы. | 1 | | |
| Ион алмасу реакциялары және олардың жүру жағдайлары. | 1 | | |
| Электролиттік диссоциациялану теориясы тұрғысынан қышқылдардың химиялық қасиеті | 1 | | |
| Электролиттік диссоциациялану теориясы тұрғысынан негіздердің химиялық қасиеттері | 1 | | |
| Электролиттік диссоциациялану теориясы тұрғысынан тұздардың химиялық қасиеттері | 1 | | |
| Катиондар мен аниондарға сапалық реакциялар. | 1 | | |
| Иондарды сапалық анықтау. Тұздар гидролизі . Ион алмасу реакциялары теңдеулерін құру. | 1 | | |
| Сандық есептер. Диссоциациялану дәрежесін есептеу | 1 | | |
| Сандық есептер: реакцияласушы заттардың біреуі артық болған жағдайда химиялық реакция теңдеуі бойынша зат мөлшерін, массасын, өнімнің көлемін есептеу; | 1 | | |
| Сандық есептер: Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімінің шығымына байланысты есептер | 1 | | |
| Сандық есептер: Құрамында қоспасы бар бастапқы зат пен реакция өніміне арналған есептер | 1 | | |
| Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің IV-VII топ элементтеріне сипаттама. | 1 | | |
| Күкірт және оның қосылыстары тақырыбына есептер шығару | 1 | | |
| Күкірт қышқылы және оның тұздары тақырыбына тест тапсырмаларын орындау | 1 | | |
| Азот. Азот (IІ, IV) оксидтері. Аммиак. Аммоний тұздары тақырыбындағы олимпиадалық есептер шығару | 1 | | |
| Азот қышқылы және оның тұздары тақырыбына қызықты есептер шығару | 1 | | |
| Фосфор және оның маңызды қосылыстары тақырыбына сайыс сабақ | 1 | | |
| Минералды тыңайтқыштар тақырыбына тест тапсырмалары. Оқушылардың өзіндік тапсырмалары. Бақылау | 1 | | |
| Көміртек және оның маңызды қосылыстары тақырыбына логикалық есептер шығару | 1 | | |
| Кремний және оның қосылыстары тақырыбына есептер шығару | 1 | | |
| Нанохимия туралы түсінік. Ғылыми жаңалықтар. | 1 | | |
| Сандық есептері: химиялық реакция теңдеуі бойынша әрекеттесуші заттардың біреуі артық мөлшерде берілгендегі өнімнің массасын (көлемін, зат мөлшері мен көлемін есептеу) | | | |
| Сандық есептері (экологиялық мазмұндағы): химиялық реакция теңдеуі бойынша реакция өнімінің практикалық шығымы бойынша заттың (реагенттің немесе өнімнің) массасын есептеу; | 1 | | |
| Сандық есептері (экологиялық мазмұндағы): құрамында қоспасы бар бастапқы зат пен реакция өніміне арналған есептер | 1 | | |
| Бейметалдар тақырыбын қорытындылау | 1 | | |
| Химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі металдардың орны. | 1 | | |
| Металдардың электрохимиялық кернеу қатарына байланысты реакция теңдеулері | 1 | | |
| Кальций және оның қосылыстары тақырыбына сандық есептер шығару | 1 | | |
| Судың кермектігі және оны жою жолдары. Кальций қосылыстарының генетикалық байланысына реакциялар тізбегін шығару | 1 | | |
| Алюминий және оның қосылыстары. Алюминийдің екідайлы қасиеттері, оксиді және алюминий гидроксиді, алюминийдің маңызды табиғи қосылыстарына есептер мен химиялық теңдеулер | 1 | | |
| Алюминий құймасы және оның қолданылуы. Аюминий және оның құймаларының Қазақстандағы өндірісі. | 1 | | |
| Темір және оның қосылыстары (оксидтері және темір (ІІ, ІІІ) гидроксидтері) .Темір қосылыстарының генетикалық байланысына есептер мен химиялық теңдеулер | 1 | | |
| Сан есептері: химиялық реакция теңдеуі бойынша әрекеттесуші заттардың біреуі артық мөлшерде берілгендегі өнімнің массасын (көлемін, зат мөлшері мен көлемін есептеу) | 1 | | |
| Сан есептері (экологиялық мазмұндағы): химиялық реакция теңдеуі бойынша реакция өнімінің практикалық шығымы бойынша заттың (реагенттің немесе өнімнің) массасын есептеу; | 1 | | |
| Сан есептері (экологиялық мазмұндағы): құрамында қоспасы бар бастапқы зат пен реакция өніміне арналған есептер | 1 | | |
| Сандық есеп. Тұрмыста қолданылатын металдардың және олардың қосылыстарының молекулалық формулаларын анықтау | 1 | | |
| Сандық есеп. Тұрмыста қолданылатын бейметалдардың және олардың қосылыстарының молекулалық формулаларын анықтау | 1 | | |
| Зат мөлшері. Молярлық масса. Молярлық көлем. Авогадро саны тақырыптарына есептер шығару | 1 | | |
| Оттек. Сутек. Ауа. Газдардың тығыздығы мен салыстырмалы тығыздығы. Газдардың көлемдік қатынастары тақырыбына сандық есептер шығару. | 1 | | |
| Термохимиялық теңдеулер бойынша логикалық есептер | 1 | | |
| Ерітінділерге байланысты есептер | 1 | | |
| Заттың ерігіштігіне байланысты есептеулер мен концентрацияға байланысты есептеулер | 1 | | |
| Тотығу-тотықсыздану реакциялары тақырыбына байланысты қызықты есептер шығару | 1 | | |
| Металдар тақырыбына логикалық-олимпиадалық есептер шығару | 1 | | |
| Бейорганикалық химияны қорытындылау барысындағы білімді тексеру. | 1 | | |
| Органикалық химия – көміртек қосылыстарының химиясы. | 1 | | |
| Көмірсутектердің жіктелуі, номенклатурасы және изомериясы. | 1 | | |
| Қаныққан көмірсутектер, метан. | 1 | | |
| Қанықпаған көмірсутектер. Этилен | 1 | | |
| Ацетилен | 1 | | |
| Аромат көмірсутектер. Бензол | 1 | | |
| Көмірсутектер арасындағы генетикалық байланысы тақырыбына химиялық теңдеулер шығару | 1 | | |
| Оттекті органикалық қосылыстардың жіктелуі және номенклатурасы, метанол, этанол. | 1 | | |
| Альдегидтер, (метаналь, этаналь); | 1 | | |
| Карбон қышқылдары. | 1 | | |
| Сабын. Синтетикалық жуғыш заттар туралы түсінік. Синтетикалық жуғыш заттардың табиғатқа тигізетін зиянды әсерлері. Майлар. | 1 | | |
| Көмірсулар, белоктар, аминқышқылдары, бейорганикалық және органикалық әлемнің бірлігі | | | |
| Сандық есептер: органикалық химия бойынша реакциялар мен теңдеулер | 1 | | |
| Сандық есептер: органикалық химия бойынша қызықты есептер шығару | 1 | | |
| Органикалық химияның адам өміріндегі пайдасы мен зияны туралы лекция | 1 | | |
| Оқушылардың білімдерін тексеру. Бақылау тапсырмалары | 1 | | |