Добавлен: 29.11.2023
Просмотров: 450
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мінеки, осындай жер қатынасындағы әділетсіздіктер, Орал казак-орыстарының көрсеткен озбырлығы, түрлі салықтардан түскен ауыртпалықтар Орда халқының наразылығын тудырды. Бұл жағдайлар 1836-38 жылдары халықтың көтеріліске шығуына әкеліп соқты. Көтеріліске Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы жетекшілік жасады. Көтеріліс алғаш әр жерде ұйымдаспаған наразылықтар түрінде байқалса, кейіннен біріккен күшке айналып, ашық қарсылыққа ұласты. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші бұқара халық болды.
Көтерілістің негізгі себептері:
- Ақшалай салықтың өсуі;
- Әр күз сайын әр шаңырақтың хан сарайының мұқтажына құны 70 сомдық жылқы беруге міндеттелуі;
- Шаруалардың көшіп-қонғаны, шөп жинағаны, орыс помещиктерінің шабындығын басып өткені үшін салық төлеуі;
- Жәңгір ханның әділетсіздігі мен рақымсыздығы.
Көтерілістің негізгі қозғаушы күші шаруалар болды, оған старшын, билер де қатысты. Көтеріліс басшылары – Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы.
Көтерілістің басты мақсаты:
Хан озбырлығына шек қою;
Шаруалар жағдайын жақсарту;
Жер мәселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатын өзгерту;
Әскери бекіністердің салынуын тоқтату.
Көтерілістің сипаты: Антифеодалдық және отаршылдыққа қарсы.
Көтерілістің барысы. Көтеріліс үш кезеңге бөлінді.
Бірінші кезең – 1833-1836 жылдар аралығы қарулы көтеріліске даярлық ретінде сипатталса, екінші кезең – 1837 жылдың басында көтерілісшілердің ханға қарсы аттануынан бастап, олардың осы жылдың күз айларында жеңіліске ұшырауына дейінгі аралық. Үшінші кезең 1837 жылдың желтоқсанында Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілердің шағын тобының Жайықтың сол жағалауына өтіп, күш жинап көтеріліске қайта шығуынан бастап, 1838 жылдың шілде айының ортасында Ақбұлақ өзенінің маңында болған шайқаста біржола жеңіліске ұшырауына дейінгі уақытты қамтиды.
Көтерілістің жеңілуі: Исатай басқарған көтерілісті тез талқандау үшін Орынбор губернаторы В.А. Перовский барлық күштерді жұмылдыра бастады. В.А. Перовский бұл көтерілістің Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық көтеріліспен бірігуінен сескенді. Полковник Гекке мен Баймағамбеттің отрядтары Ақбұлақтың жағасына орналасады. Исатай 500-дей жігітімен Қиыл өзенінің қарсы жағалауындағы биік қырға келіп тоқтайды. Көп кешікпей екі арада шайқас басталады. Жазалаушы әскер көтерілісшілерді үш жақтан шабуылдап, зеңбіректен оқ атады. Шайқаста көтерілісшілерден 70-80 адам қаза табады да, олар амалсыздан шегінеді. Кезекті қақтығыста Исатайдың атына оқ тиеді де, бірақ батыр жаяу ұрыс салады. Осы шайқаста Исатай қолға түседі, Баймағамбеттің үш нөкері оның қолын артына қайыра байлайды да, біреуі батырдың кеудесіне мылтық тақап тұрып атады. Оған қоса Иван Богатырев деген урядник батырдың басын қылышымен шауып түсіреді. Осылайша елі үшін еңіреген есіл ер қаза табады
1838 жылы 12 шілдеде Ақбұлақ деген жерде көтерілісшілер Гекке мен Айшуақұлы басқарған отрядтан жеңіледі.
1838 жылы 23 шілдеде Махамбет бастаған көтерілісшілер хан ауылына шабады. Исатай қаза тапқаннан кейін Махамбет Өтемісұлы біраз адамдармен Хиуа хандығына өтіп кетеді. Кейін Орынбор әкімшілігі оны қолға түсіріп, сотқа тартып, Атырау өңіріне жер аударып жібереді. Сот үкіміне риза болмаған Баймағамбет сұлтанның адамдары 1846 жылы қыргүйекте Махамбетті өз үйінде өлтіріп кетеді.
1836-1838 жылдардағы көтерілістің негізгі мақсаттары орындалмады.
Көтерілістің жеңілу себептері:
Үстем тап өкілдерінің опасыздығы;
Көтеріліс басшыларының Кіші жүздегі және Ішкі Ордадағы көтерілістерді біріктіре алмауы;
Қару-жарақ теңсіздігі;
Стихиялығы, ұйымшылдықтың жеткіліксіздігі;
Патша үкіметінің жазалау отрядтарының күшінің басым болуы;
Көтерілісшілердің бір бөлігінің өз ісіне сенімсіз болуы;
Көтерілістің жергілікті сипатта болуы.
Нәтижесі:
Салық мөлшеріне шек қойылды;
Патша үкіметі қазақ старшындарымен санасатын болды;
Ішкі Ордадағы хандық биліктің әлсірегенін дәлелдеді;
Қазақ феодалдарының отаршылдық басқару әкімшілігімен байланыста екенін көрсетті;
Әртүрлі халық өкілдерінің қанаушыларға қарсы біріккен күресінің негізі қаланды.
Кіші жүзге келген патшаның жазалаушы әскері көтерілісшілердің бірігіп, ары қарай әрекет жасауына мүмкіндік бермеді.
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс – қоғамдағы әлеуметтік теңдік үшін болған, қазақ халқының Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы халықтың азаттық рухын жігерлендірген көтеріліс.
64.Сұлтан Кенесары Қасымұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы (1837-1847): қозғаушы күштері, барысы, негізгі кезеңдері және жеңіліс себептері.
1837-1847 жылдардағы көтеріліс басшысы – Қасым төренің баласы, сұлтан Кенесары (1802-1847 ж.ж.). Көтерілістің басты мақсаты: Қазақ елінің патшалы Ресейдің құрамына қосылып үлгермеген өңірлерінің дербестігін сақтау, қазақ жерлерін бекіністер мен округтік билеу арқылы отарлауды тоқтату, Қоқандықтардың тепкісіндегі қазақтарды азат ету. Көтеріліс бүкіл Қазақстанды қамтып, ұлт-азаттық сипат алды.
Көтерілістің басты қозғаушы күші қазақ шаруалары болды. 80-нен астам би, старшын, сұлтандар көтеріліске қатысты. Ақсүйектер мақсаты – көтерілісті пайдаланып, бұрынғы артықшылықтарын қайтарып алу және көшпелі феодалдық дербес мемлекеттің бостандығын қалпына келтіру. Көтеріліске əртүрлі ұлттардың өкілдері қатысты – орыс, өзбек, қырғыз.
Көтерілістің алғышарттары. Ресей империясының қазақ даласындағы хандық билікті жоюы, шегаралық аймақтарда жаңа бекіністер салып, қазақ жерлерін күштеп тартып алуды одан әрі жалғастыруы және қазақ қоғамында әлеуметтік қатынастардың шиеленісуі Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің шығуына себеп болды.
ХVІІІ-ХІХ ғасырларда болған басқа барлық көтерілістермен салыстырғанда Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық күрестің басты ерекшелігі оған үш жүздің толық қатысуында болды. Көтеріліс кең қанат жайып, бүкілхалықтық сипат алды.
Көтерілістің мақсаты:
Ресейдің отарлау саясатына шек қою;
Патша үкіметінің құрамына кірмеген өңірлердің дербестігін сақтау;
Қазақ жеріне бекіністер мен әскери шептердің салынуын тоқтату;
Қазақтарды Қоқан бектері мен Хиуа хандығының езгісінен азат ету.
1837-1847 жылдардағы көтеріліс бүкіл Қазақстан жерін қамтыды. Көтеріліске Абылай ханның немересі, Қасым сұлтанның баласы Кенесары сұлтан (1802-1847 жж.) басшылық жасайды.
1837 жылы қараша айында Кенесары Қызылжар (Петропавл) маңында Ақтау бекінісіндегі казак отрядына шабуыл жасап, патша үкіметіне ашық қарсылық білдірді. Бұл көтерілістің бастауы болды. 1838 жылы 26 мамыр күні Кенесары бастаған көтерілісшілер Ақмола бекінісін шабуылмен басып алып, өртеп жіберді. Ақмолаға иелік еткен Карбышев пен сұлтан Қоңырқұлжа Құдаймендіұлы бекіністі тастап, қашып кетеді. 1838 жылы күзде көтеріліс Кіші жүз өңіріне тарайды. Батыр Жоламан Тіленшіұлы көтеріліске қосылады.
1841 жылы тамыз айында Кенесары сарбаздары Ташкентке аттанып, бірақ жұқпалы аурудың таралуынан жорықты тоқтатады. Бұл жолы Кенесары қолы қоқандықтардың билігіндегі Созақ, Жаңақорған, Ақмешіт, Жүлек бекіністерін қоршайды және бірнеше бекіністі алады. Қоқан ханы Кенесарыға одақ құруды ұсынады, бірақ батыр оны қабылдамайды.
Көтерілістің кеңеюінен сескенген патша үкіметі көтерілісті тезірек басуға тырысады. Орынбор губернаторы Обручев пен Батыс Сібір генерал-губернаторы Горчаков көтерілісті басуға әскер жібереді. 1842 жылы Кенесары қолына қарсы бағытталған Сотников басқарған жазалау отрядтары жіберілді. Сібір жазалау отрядтары бейбіт қазақ ауылдарын ойрандап, 14000-ға жуық малын алып, 100-ге жуық адамды өлтіреді.
1843 жылы 27 маусымда старшын Лебедев басқарған, 300 адамнан тұратын казак отрядтары көтерілісшілерге қарсы аттанады. 1843 жылы тамызда көтерілісшілерге қарсы Жантөреұлы, Айшуақұлы, Бизанов, подполковник Генс басқарған 5000 адамнан құралған жазалаушы топ ұйымдастырылды. Кенесарының басын кескенге 3 мың сом сыйақы белгіленді.
1844 жылы 21 шілдеде көтерілісшілер сұлтан Жантөреұлы басқарған отрядты жеңіп, 44 сұлтан қаза табады, сұлтанның аман қалған тобы Тобыл өзеніне қарай шегінеді. Кенесарыға қарсы күресте дәрменсіздігі үшін старшын Лебедев Орынборға шақырылып, жауапқа тартылды.
1844 жылғы Кенесарының жеңістері Орынбор әкімшілігін Кенесарымен келіссөз жүргізуді бастауға мәжбүр етті. 1838 жылғы желтоқсанда Батыс Сібір генерал-губернаторы князь Горчаков пен I Николайға арналған хатты тапсыруға жіберген елшілігінде Кенесарының қойған алғашқы талаптары мынандай болды:
1. Қазақ жеріндегі округтік бұйрықтарды жою;
2. Абылай хан кезіндегі қазақ жерінің дербестігін қалпына келтіру;
3. Салық жинауды тоқтату.
4. Бірақ Кенесары жіберген елшіліктің бес өкілі тұтқынға алынып, жазаға тартылады.
Кенесарының қойған екінші талабы әскери бекіністер салынбаған Ақтау, Есіл және Нұра мен Жайық өзендеріне дейінгі өңірлерді Ресей билігінен босату болды.
Кенесары ханның соңғы шайқасы қырғыздардың Кекілік-Сеңгір деген жерінде болады. Қырғыз манаптарымен Вишневскийдің отряды және Қоқан хандығының әскері «Алмалы сай» шатқалында Кенесарының сарбаздарын үш жақтан қоршауға алады. Өздерінен бірнеше есе күші көп жаумен болған шайқаста Кенесары хан 32 қазақ сұлтанымен бірге тұтқынға түседі. Наурызбай батыр қаза табады. Қырғыздардың қолына тұтқынға түсіп қалған Кенесары ханды патша тарапынан сыйлықтар алған қырғыз манаптары өлтіреді.
Көтерілістің жеңілу себептері:
Қазақ феодалдарының біразы Кенесарыны қолдамады;
Қазақ халқы арасында рулық алауыздық пен руға бөліну болды;
Ресей билеушілерінен жеңілдіктер алған ақсүйектердің бір бөлігі орталықтанған феодалдық мемлекет құруға мүдделі болмады;
Көтерілісті қолдамаған ауылдарға Кенесары аса қатты жаза қолданды;
Қазақтар қырғыздармен, қоқандықтармен болған шайқастарда Кенесарыны қолдамады.
Бұхар, Қоқан феодалдарымен соғысып, күшін сарқыған Кенесары қолы Ресейге қарсы тұра алмады.
65.1868-1869 жылдардағы Торғай, Орал облыстарындағы және 1870 ж. Маңғыстау қазақтары көтерілістерінің себептері, сипаты мен барысы.
1868 жылы желтоқсан айында Орал және Торғай облыстарында патша өкіметінің отарлық саясатына қарсы көтеріліс басталды. Ол 1869 жылдың қазан айына дейін созылды. Қазақтар көтерілісінің басты себебі 1867-1868 жылғы уақытша ережелер болатын.
1869 жылы көктемде көтерілісшілердің қарулы жасақтары казак әскери бөлімдеріне қарулы қарсылық көрсетіп, реформаны жүзеге асыру үшін келген үкімет комиссиясына ашық наразылығын білдірді. Бұл көтерілісті Ембі өзені бойындағы аймақты мекендейтін қазақ руларының ықпалды көсемдері Сейіл Түркебайұлы мен Беркін Оспанұлы басқарды. Қазақтардың қарулы қарсылығын басу үшін Мәскеу, Петербор, Харьков, қазан әскери округтері мен жазалаушы әскери бөлімдері жіберілді. Жазалаушы әскер бөлімдерінің құрамында 5300 солдат пен офицер және 20 шақты зеңбірек болды. Жазалаушы әскердің шабуылынан соң көтерілісшілер Енбі, Сағыз, Ойыл өзендері бойына шегінді. Көтерілісшілер 1868 жылы 6 мамырда Ойыл өзенінің жанында Жамансай деген жерде фон Штемпельдің 200 атты әскері мен жаяу әскер ротасына шабуыл жасайды. Патша әскеріне қазақ жасақтары күшті қарсылық көрсетіп, 7 күн бойы оларды қоршауда ұстады. Соңында жазалаушылар Калмыков бекінісіне қайтуға мәжбүр болды. Мұндай шайқас Ащыбұлақ өзені бойында майор Пироготың әскери бөлімімен де болды. 1869 жылдың наурыз-маусым аралығында көтерілісшілер билер мен болыстардың және старшындарының ауылдарына үш мыңға жуық адамның қатысуымен 41 рет шабуыл жасалады.
Көтерілістің кең етек алып кетуінен сескенген патша үкімет оны басу үшін нақты іс-әрекеттерді талап етті. Жазалаушы экспедицияны Орал облысының губернаторы Н.А. Веребкиннің өзі басқарды. Ол басқарған әскери бөлімдерде 1700 астам адам болды. Осы әскери экспедицияның нәтижесінде көтеріліс жаншылды.
Көтерілістің негізгі күші қазақ шаруалары болды. Олардың мойнына отаршылдықтың барлық ауыртпашылығы түскен еді. Көтеріліске қоғамның басқа өкілдері де қатысты, оның ішінде рубасылары мен сұлтандар да болды. Мысалы, сұлтан Ханғали Арсланұлы көтерілісшілердің жасағының бір бөлімін басқарды. Бірақ сұлтандар, болыстар мен старшындар тұрақсыздық жасады және көтерілісшілердің үмітін ақтамады. Көтеріліс басталғаннан кейін патша әкімшілігі оған қатысқандарды аяусыз жазалады.
1870 жылы наурызда Маңғыстау түбегіндегі көтеріліс басталды. Көтерілістің негізгі себебі патша үкіметінің әкімшілік-аумақтық реформалары болды. Ал көтерілістің шығуына түрткі болған Маңғыстау приставы подполковник Рукиннің «Уақытша ережеге» сәйкес бекінсітер салынған Ембі өзені бойындағы жайылымдарды адай руларының пайдалануына тыйым салу әрекеті еді. Бозашы түбегіндегі көтерілісті Досан Тәжіұлы мен Иса Тіленбайұлы басқарды. 1870 жылы 15 наурызда пристав Рукин 4 зеңбірекпен қаруланған казак әскерімен Күріп аймағында адай руларының жайлауға көшуін тоқтатуға әрекет жасады. 22 наурызда оған жауап ретінде қазақ жасақтары казак әскерін қоршап алып, талқанжап жіберді. Бұл шайқаста жарақат алған полковнк Рукин өзін-өзі атып өлтірді. Казак әскери бөлімінің талқандалуы туралы хабар азаттық қозғалыстың белгісі болды. Көтерілісшілерді Каспийдегі балық және тұз кәсібіндегі жұмысшыларда қолдады. Көтерілісшілердің саны 10 мыңға жетті. 5 сәуірде олар Николаев станциясы мен Александровск форпостына шабуыл жасап, Нижнее бекінісіндегі әскери горнизонының қоймаларын талқандады. Сонымен бірге, форпостын шамшырағын жағып жіберді. Қолға түскен қайықтардан кішігірім флотилия жасап, Александровск форпостын қоршауға қатысты. 9 сәуірде Кавказ әскери округінен Алекксандровск форпостына граф Кутаисовтың басшылығымен әскери күш келді.Сәуірдің соңына таман граф Кутаисовтың зеңбірекпен қаруланған үш жаяу ротасы және жүзге жуық атты әскері Үстіртке шегініп бара жатқан ауылдардың жолдарын кесуге әрекет жасады. Мамыр айында Кавказдан Маңғыстауға Апшерон полкінің батальоны, екі атқыштар ротасы, желілік батальонының екі ротасы, Дағыстан полкінің төрт ротасы, Терск казактарының екі жүздігі төрт зеңбірекпен жеткізілді. Мұндай әскери күшке қару-жарағы нашар қазақ жасақтары төтеп бере алмайтын еді. Қазақ жасақтарының жанқиярлық қарсылығына қарамастан, көтеріліс басылды. Маңғыстауды патша әскері басып алды. Көтеріліс басшылары М.Тіленбайұлы Д.Тәжіұлы өздерін жақтаушы ауылдарымен 1870 жылы желтоқсанда Хиуа хандығының аумағына өтіп кетті. Көтеріліс басылганнан кейін адай руына 90 мың қой көлемінде соғыс шығынын өтеу үшін салық (контрибуция) салынды. Ресей үкіметі бұл «жағдайды Маңғыстау түбегіндегі тыныштық