Добавлен: 29.11.2023
Просмотров: 447
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сондай- ақ бұған дейінгі Әулиеата үшін болған ұрыс барысында екі жақтың өзара келіссөзге шығарған елшіліктерінің бір жағында Садық сұлтан жүрген болса, екінші, яғни орыс елшілігінің құрамында Шоқан Уәлиханов бар еді. Сөйтіп, қазақ қоғамында бұдан біраз бұрын-ақ байқалған көзқарастық жіктеліс орыс-қоқан соғыс қимылдары тұсында да анық байқалды.
Екінші шабуылдан соң, 1865 жылы орыс әскері Түркістан өңірінің ірі сауда және саяси орталықтарының бірі Ташкентті алады. Өзара феодалдық қақтығыстардан қалжыраған Түркістан техникалық және ұйымдық тұрғыдан жоғары тұрған орыс әскеріне төтеп бере алмады. Міне, осы оқиғалардан соң Қазақстан бүтіндей Ресей империясы құрамына еніп, ендігі уақытта оның тарихында жаңа кезең — отарлық тәуелділік кезеңі басталды
57. Кіші және Орта жүздер аумағында барлық билік институттарын реформалау және аумақтық-әкімшілік басқару жүйесін енгізу.
Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі хандық басқару жүйесін патша өкіметінін жойып, жаңа билік жүйесін еңгізуі .ХVIII ғасырдың өзінде-ақ Орта жүз бен Кіші жүз хандарын патша өкіметі тағайындай бастаған.
Олардың ел басқару қызметін жергілікті патша әкімдері бақылап отырды.
XIX ғасырдың 20-жылдарында Ресей үкіметі қазақ арасында хандық өкіметті біржола жойып, ел басқарудың жалпы ресейлік тәртібіне жақындатуға кірісті. Бұл шараларды іске асыру Орта жүзден басталды. Уәли хан өлгеннен кейін (1819), «Сібір қазақтары туралы Жарғыға» сәйкес (1822) Орта жүзде хандық билік жойылды. Жүз территориясы сыртқы сегіз округке бөлініп оларды аға сұлтандар басқаратын болды.
Жарғы бойынша 50-70 үй бір ауыл, 10-12 ауыл бір болыс, 15-20 болыс бір округ. Ауылды үш жылға сайланатын старшын, ал болысты болыс басқаруға тиіс болды патша үкіметі XVIII ғасырдың аяқ шеніне қарай Кіші жүзде хандық өкіметті жоюға кірісті .
Бұған салмақты негiздер де, қажеттi бiрқатар алғышарттар да жеткiлiктi деп санады.
Бiрiншiден, қазақ хандары дала тұрғындарының басым көпшiлiгiнiң алдында өздерiнiң беделiнен айырылып қалды. Жергiлiктi халық патша үкiметi тағайындаған хандарды көбiнесе Ресей империясының кәдiмгi көп шенеунiктерiнiң бiрi ғана деп қабылдады.
Екiншiден, бұл кезде патша үкiметi Кiшi жүздi де, Орта жүздi де бiрнеше әкiмшiлiкке бөлшектеген едi. Мұның өзi патша үкiметiнiң көшпелi қазақтарды басқаруына өте қолайлы болып шықты. Сөйтiп, Орта жүз бiрi – Ертiстiң оң жағалауы, екiншiсi – Ертiстiң сол жағалауы болып екiге жарылды. 1801 жылы Жайықтың оң жағалауында Кiшi жүзден бөлiнген Iшкi Орда құрыл- ғанын айттық. Бiр кездегi бiртұтас жүздердiң арасын- да ендiгi жерде ешқандай да еркiн байланыс жасау мүмкiндiгi қалмады, өйткенi ондай қарым-қатынас жасауға қатаң тыйым салынды.
Үшiншiден, ХIХ ғасырдың бас кезiнде Шыңғыс ұрпақтарының бір- қатары патша үкiметiнiң әкiмшiлiгiне белсендi қарсылық бiлдiрген оқиғалары көбейiп кеттi. Ал ақыр соңында, патша үкiметi Франциямен соғыс аяқталғаннан кейiн жеткiлiктi әскер күшi мен адам ресурстарына ие болды. Мұның өзi оның тәуелсiз қазақтардың заңды билiгiн – хан билiгiн бiржола жоюға итермеледi. Өйткенi хан билiгiнiң сақталуы патша үкiметiнiң өлкенi шаруашылық тұрғысынан кең көлемде отарлауына кедергi кел- тiрген едi.
Игельстром реформасы Кіші жүзді басқарудың 1786 жылғы Екатирина ІІ қуаттаған жобосы.
1775 жылғы реформаға сәйкес О.А.Игельстром далалық жерлерді жалпы империялық негізде басқару мақсатында Кіші жүзде хандық басқару жүйесін жоюды көздеген жоба ұсынды. Бұл жоба бойынша негізгі билік шекаралық комиссияның орнын басатын шекаралық сотқа берілуі тиіс болды.
Оның құрамына патша шенеуніктері мен басқа да жергілікті қауым өкілдері кірді. Орынбор губернатор басқару кеңсесінің бақылауында болатын жаңа әкімшілік органдар – расправалар құрудағы Ресей үкіметінің мақсаты ең алдымен сұлтандарды басқару ісінен шеттету болатын. Расправаларды алғаш құрған кезде көптеген беделді старшындар оның құрамына енуден бас тартты. Сондықтан патша әкімшілігі енді «бас старшын» деген атақ енгізілді. Дегенмен расправалардың Кіші жүзді басқару ісіне араласуына сұлтандар қарсылық білдірді.
Ресей үкіметінің Кіші жүзде расправалар құру жолымен хандық билікті жою жөнінде шаралары болмады. Игельстром реформасының сәтсіздікке ұшырауының басты себебінің – дәстүрлі басқару түрін жоюдың алғы шарты қалыптасуында болатын. Расправаларының басқару ісіне араласуына Кіші және Орта жүздердегі ықпалды сұлтандар қарсы шықты
58. Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы (1867 ж.) және Орынбор және Батыс Сібір бас үкіметтерінің Дала облыстарын басқару туралы (1868 ж.) уақытша ереженің жүзеге асырылуы.
1867-1868жж. реформалар «Уақытша» сипат алып, екі жылға тәжірибе ретінде енгізілді, бірақ заңды тұрғыдан бекітілмей, 80-90жылдарға дейін қолданылды. 1886-1891жж. «Ережелер» 1867-68жж. «Уақытша ережелерді» аздаған өзгерістермен заңды тұрғыда бекітті.Сондықтан, ереженің атауындағы «уақытша» сөзі алынып тасталды.
Ресей империясы үкіметі 1867—1868 жылдары Қазақстан аумағында әкімшілік реформа жүргізді. Оның негізгі мақсаты сұлтандар тобын өкімет бөлігінен біржолата ығыстырып, жалпы империялық басқару тәртібін енгізу еді. Жаңадан енгізілген шаралар өлкені шаруашылық жағынан отарлауға ықпал етуге және оған Ресейдің еуропалық бөлігінен қоныс аударатын шаруаларды одан сайын қаптатуды қамтамасыз етуге тиіс болды.Қазақстанның Ресей құрамына қосылуының аяқталуы империяның Қазақ өлкесіне байланысты саясатына біршама түбірлі өзгерістер әкелді.Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды жаулап алғаннан кейін, патша үкіметі аймақтағы ағылшындарды ығыстырып шығарған болатын. ЬІңғайлы халықаралық жағдайды пайдаланып, Ресей империясы Қазақстанда отаршылдық төртіпті күшейтуді колға алды.
Патша үкіметінің отаршылдық саясатының осылайша өзгеруітң айқын көрінісі — қазақтарды басқару туралы 1867—1868 жылдардағы әкімшілік реформасы.
1867—1868 жылдардағы патша үкіметі реформасының негізгі мақсаты — қазақ өлкесінде отаршылдық тәртіпті нығайтуға бағытталды. Осы міндетті жүзеге асыру үшін XIX ғасырдың 60-жылдары басында қазақтардың саяси өкімшілік, сот ісін басқару жүйесін қайта құрудың жобасын әзірлеуге арнаулы комиссия құрылды.Комиссия Орынбор және Батыс-Сібір генерал-губернаторы қазақтарын екі түрлі басқаруды жойып, бүкіл қазақ даласын екі — Батыс және Шығыс облыстарға бөліп басқаруды ұсынды.
1864 жылы 12 желтоқсанда Әскери және Ішкі істер министрлігінің бас қосқан комитеті мәжілісінде жоба мақұлданбады. Қазақтарды болашақтағы басқару құрылымы мәселесін енді үкімет Дала комиссиясына беру қажет деген шешім қабылдады. Комиссияға ішкі істер министрінің статс-кеңесшісі, полковник Гирс төрағалық етті. Бұл Дала комиссиясының құрамына аталған министрліктердің әрқайсысынан екі өкіл және Орынбор өлкесі мен Батыс Сібір өлкелері әкімшіліктерінің мүшелері енді. Комиссияға қазақ даласын аралап, жергілікті көшпенділер өмірімен танысып, болашақтағы өкімшілік басқару негіздері туралы жоба жасау міндеті жүктелді. Гирс комиссиясы 1865 жылы 27 маусымда Орынбор, Батыс Сібір және Түркістан өлкесін аралауға шықты. "Халықтың жағдайын жақсартатын, оларды сұлтандардың үстемдігінен босататын ізгілікті реформаның" жасалу барысы құпия түрде жүргізілді.Патша үкіметінің қазақ даласында әзірлеп жатқан әкімшілік-сот құрылысы реформасының үлгісін алғаш рет сынға алғандардың қатарында Шоқан Уәлиханов (1835—1865 жылдары) тұрды. Ш. Уәлиханов "Сот реформасы туралы хат" атты Омбыда жазылған әйгілі еңбегінде қазақ даласындағы сот реформасы жайлы айта келіп,'Біз қабылдағалы отырған реформа сол халықтың мүддесі, пайдасы үшін жасалынып отырғандықтан, оның материалдық мұқтаждығына шақталуы әрі сол қоғамның ұлттық мінез-құлқына сай келуі қажет. Бұл жағдайдан тыс жасалынған өзгерістің бәрі де зиянды әрі аномал (жат) құбылыс ретінде қауымды айықпас дертке шалдықтырып, тұралатып, мешеулетуі мүмкін екендігін'”де ескертеді. Ғалым Шоқан Уəлиханов Қазақстанды билеуді халықттың өзін-өзі басқару негіздерінде қайта құруды талап еткен еді. Өкінішке орай, Шоқанның бұл демократиялық көзқарастары кезінде ескерусіз калды.1865—1866 жылдары қазақ даласын аралап шыққан комиссия қазақ жерлерін басқару туралы жаңа "Ереженің" негізін жасау барысында екіге бөлінді. Олардың бір тобы "қазақ даласын жоғарыдан тағайындалған шенеуніктер басқаруы қажет" деп санады, ал енді бір тобы қазақтардың өздерін-өздері басқаруын жартылай қалдыру керектігін алға тартты.1867 жылы 11 шілдеде II Александр Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы, 1868 жылы 21 қазанда Торғай, Орал, Ақмола және Семей облыстарын басқару туралы реформалардың жобасына қол қойды. Қазақ халқын басқару жөніндегі ережелер жобасы отаршыл билік өкілдерінің белсенді араласуымен жоғарыдан дайындалды.
59.Түркістан өлкесін басқару туралы ереже (1886 ж.). Дала облыстарын басқару туралы ереже (1891 ж.).
1867-1868 жылдардағы реформалар екі жыл мерзімге тәжірибе түрінде уақытша енгізілген болатын. Алайда, бұл «тәжірибе» жергілікті халыққа теріс әсер етуі ықтимал деген қауіппен 20 жылдан астам уақытқа созылды.
1886 жылы 2 маусымда «Түркістан өлкесін басқару туралы ереже», 1891 жылы 25 наурызда Дала өлкесін басқару яғни «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы ереже» қабылданды.
Түркістан өлкесі жерінің құрамына Ферғана, Самарканд және Сырдария облыстары кірді. Орталығы Ташкент қаласы болды. Сырдария облысы 5 уезден, Ферғана – 5 және Самарканд - 4 уезден тұрды. 1891 жылғы «Ереже» бойынша Орынбор және Батыс Сібір генерал– губернаторлықтарының орнына орталығы Омбы болған Далалық (Степной) генерал– губернаторлығы құрылды. Оның құрамына Ақмола, Семей, Орал, Төрғай және Жетісу облыстары кірді. Жетісу облысы 1897 жылы қайтадан Түркістан генерал – губернаторлығының қарауына берілді.
"Түркістан өлкесін басқару жөніндегі ереже" бойынша Түркістан генерал-губернаторлығы Сырдария, Жетісу, Самарканд облыстарына бөлінді.Өлкені басқару генерал-губернаторға жүктеліп, облыстарды әскери губернатор мен облыстық басқарма, ал уездерді уезд (ояз) бастығы басқарды. Уездер болыстарға, болыстар ауылдарға бөлінді. Түркістан генерал-губернаторлығында барлық билік отаршылдар қолына шоғырланды. Жергілікті халық өкілдері басқару жүйесінің төменгі сатыларына — болыстар мен ауылнайлар қызметіне ғана тартылды. Түркістан генерал-губернаторлығындағы көшпелі халықтар қазына пайдасына әрбір шаруашылықтан 4 сом төлеуге міндетті болып белгіленді. Бұған қоса елді мекендердің үстімен өткен патша әскерлерін үй және отынмен қамтамасыз ету де жергілікті халықтың мойнына жүктелді. Патша өкіметінің отаршылдық саясатына карсы Түркістан генерал-губернаторлығында 1898 жылы Әндіжан көтерілісі болды. 1916 жылы Түркістан генерал-губернаторлығы көлемінде Жетісуда, Сырдарияда, Ферғанада ұлт-азаттық көтерілістің ірі ошақтары болды. Бұл көтеріліс патша үкіметінің әскери күшімен аяусыз басып, жаншылды. 1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін Түркістан генерал-губернаторлығы жойылды.
Сот құрылысы. XIX ғасырдың аяқ кезіндегі Қазақстанда 1886 және 1891 жылдардағы Түркістан және Дала өлкелерін басқару туралы «Ережелер» бойынша жүзеге асырылды. Түркістан және Далалық өлкелерінде жалпы империялық соттар жүйесі - әлемдік (мировой) судьялар, облыстық соттар және жоғарғы (сенат) сот инстанциясы қалыптасты. Соттардың төтенше съезі әскери губернатордың рұқсатымен шақырылды және өлкелік құқығы берілген орыс чиновнигінің қатысумен өткізілді.
Төменгі сот буыны – халықтық сот болды. Халықтық сот – империялық сотқа қосалқы, өз бетінше мәселені шеше алмайтын тәуелді буын.
Сонымен 1886-1891 жылдардағы сот ісіндегі өзгерістер «Ережелерде» әкімшілік, сот істерінің жүйесі бекітілді. 1891 жылғы «Ережеде» сот істері 17 баптан құрылды. Сот жүйелері Россиядағы үлгімен құрылды. Халық (билер) соты үстем тап өкілдерінің мүддесін қорғайтың, жергілікті мұсылмандардың ісін қарайтын ең төменгі сот буыны болды.
Тұтас алғанда 1886-1891 жылдардағы реформалар отаршылдық және феодалдық езгіні күшейте түсуге бағытталған еді.
60. Бөкей ордасының (Ішкі Орда) құрылуы: басқару жүйесінің ерекшеліктері, аумақтары. Жәңгір ханның ағартушылық саясаты.
Кіші жүзде шаруашылықтың құлдырауы, жердің тапшылығы 1801 жылы Бөкей немесе Ішкі Орданың құрылуына әкелді, ол Жайық және Еділ өзендерінің төменгі ағысында пайда болды. Бұл аймақ Ресей құжаттарында XVIII ғасырдың аяғына дейін Астрахань даласы деп аталды.
Ішкі Қазақ Ордасы (Бөкей Ордасы) — Ресей империясының вассалы ретінде Еділ мен Жайық аралығында 1801 ж. құрылған. Бөкей Ордасы — қазақтардың және әлемдегі ең соңғы Шыңғысхан ұрпақтарымен меңгерілген мемлекеттік құрылым.
Хандық сұлтан Бөкей Нұралыұлының есімімен аталды.
Бөкей Ордасы Еділ мен Жайықтың аралығында орналасқан.
Орда өңірініңдегі дала көпшілігі құмды мен сазды жерден тұрады. Көтеріңкі жерлері төмпелі, ойпаттарда шабындық жерлер орналасады, бірақ кей тұстарда былқылдақ құм бар. Солтүстік жағында (Тарғын, Тал, Қамыс-Самар, Қалмақ) қара топырақты дала кездеседі, Оңтүстігінде көбінесе құм жайлайды. Оңтүстікте құм төбелерінің арасында құмаршық өсетін ойпаттар кездеседі. Төмпелерде ештеңе өспейді, теңізге жақындағанда тегістеніп кетеді де сорларға айналады. Оңтүстік-батыста Бэр төмпелері көріне бастайды. Орданың солтүстігінде бірде жалғыз, бірде топтасқан обалар бар,әдетте біреуі ірілеу болады. Ең ірілерінің шеңбер диаметрі 30 м шамасына жетеді. Бұл обалар мола екенін қазба жұмыстар дәлелдеді, соның ішінде адам мәйітінен басқа дүние-мүлік табылған, ал кейбіреулерінде зер тасты кірпіш қалауы бар.
Хан Жәңгір Бөкей ордасына келген ғалым-зерттеушілерді ерекше құрметпен қабыл алған. Осы өңірде болған Г.С. Карелин, В.И. Даль, т.б. хан үйінің қонақжайлылығына ризашылықтарын естелік—зерттеулерінде жазып көрсетеді.