Добавлен: 29.11.2023
Просмотров: 441
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
73. Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға әсері.
Ресей империясының барлық саяси жүйесіне тән дағдарыстың салдары болып табылатын 1917 жылғы Ақпан революциясының нәтижесінде патша үкіметі құлатылды. Ол Ресей халықтарының, оның алдыңғы қатарлы күштерінің патша билігіне, крепостниктік құрылысқа және отарлық езгіге қарсы көп жылдық күресінің жеңісімен аяқталды.
Монархия құлатылғаннан кейін буржуазиялық Уақытша үкімет құрылды. Қазақ халқы ақпан төңкерісін қуанышпен қарсы алды. Қазақстанда Уақытша үкіметтің органдары құрылды
Уақытша үкіметтің Торғай облысының комиссары болып Әлихан Бөкейханов тағайындалды.
Уақытша үкіметтің Жетісу облысындағы комиссары Мұхамеджан Тынышбаев тағайындалды.
Уақытша үкіметтің Түркістан өлкесіндегі комиссары болып Мұстафа Шоқай тағайындалды.
Уақытша үкіметтің саясаты
-Тыл жұмысына алынғандарды еліне қайтару туралы шешім қабылдады.
-1916 жылғы көтеріліске қатысқандарға кешірім жариялады
-Соғысты тоқтатпады
-Ұлттық аймақтардың құқығын шектейтін, бұрынғы патша заңдары жойылған жоқ
-Қазақ жеріне шаруаларды қоныстандыру саясаты жалғасын тапты
-Қазақтарға автономия беру мәселесі көтерілмеді Халықтың жағдайы жақсармады
-Сөз бостандығы, баспасөз бостандығы жарияланды
-Қоғамдық ұйымдар, саяси, діни партиялардың құрылды
-Ресей азаматтарының теңдігі жарияланды, діни және ұлтқа байланысты шектеудін кѵшін жойған шешім шығарды
Ақпан революциясынан кейін Ресей империясында тұрақсыз саяси жағдай қалыптастыҚосөкімет орнады.
Косөкімет
Уақытша үкімет——Бағытыреформистік капитализм
Жұмысшы, солдат және шаруа Депутаттарының Кеңесі ——Бағыты: Социализм құру
Ақпан төңкерістен кейінөзгерді
Демократиялық қоғамға жол ашылды
Сөз, баспасөз бостандығы жарияланды
74. 1917 жылы шілдедегі Жалпықазақ съезі және Алаш партиясын құру туралы шешім.
1917 жылы 21-28 шілдеде Орынборда бірінші Жалпықазақ съезі өтті. Оған қазақ өлкесінің облыстары мен Ферғана облысы, Бөкей хандығы атынан қазақ өкілдері қатысты. Съездің төрағасы болып Халел Досмұхамедов сайланды. Съездің күн тәртібінде 14 мәселе қаралды:
-
Мемлекеттік басқару түрі; -
Қазақ облыстарының автономиясы; -
Жер мәселесі; -
Халықтық милиция; -
Жергілікті басқару жүйесі (земство); -
Оқу-ағарту ісі; -
Сот; -
Дін; -
Әйел мәселелері; -
Қазақтың саяси партиясы; -
Жетісу оқиғасы; -
Жалпыресейлік «Шуро-и-Ислам» съезі; -
Бүкілресей федералистерінің съезі мен оқу комиссиясына қазақ өкілдерін жіберу.
Алаш партиясы тұңғыш жалпықазақ съезін шақыру туралы шешім 1917 жылғы сәуір айында өткен Торғай облыстық қазақ съезінде қабылданып, съезд оны даярлауды Әлихан Бөкейхан мен Ахмет Байтұрсынұлы бастаған бір топ қазақ зиялыларынан құрылған айрықша бюроға тапсырды. XX ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихының өзекті мәселелерінің бірі – Алаш партиясының құрылуы, оның тарихи негіздері, саяси әлеуметтік сипаты және тарихта алатын орны. Қазақ зиялылары саяси партия құру әрекетін бірінші орыс революциясы жылдарында-ақ қолға алған болатын.
Тарих бойында Партияның тек бір төрағасы – Әлихан Бөкейханов. XX ғасырдың басындағы елдегі аласапыран қиын кезеңде халықтың қамын ойлаған саяси күш – Алаш қозғалысы болатын. Осы қозғалыстың басында – саяси мәдениеті әлемдік деңгейге көтерілген, оқыған, сауатты, кәсіби даярлығы заманына сай адамгершілік-имандылық қасиеттері ата-бабамыздың сан ғасырлық қастерлі құндылықтарымен сусындаған Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Мұхаметжан Тынышбайұлы, Жақып Ақбаев, Бақытжан Қаратаев сияқты дүлдүлдер тұрса, солардың ізін басқан болашақтың нарқасқа ұлдары – Жаһанша Досмұхамедов, Мағжан Жұмабай, Сәкен Сейфуллин, Мұстафа Шоқай, Тұрар Рысқұлов, Смағұл Сәдуақасов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов тағы басқалар одан әрі дамытты.
Партияның құрамына ғылым және шығармашылық зиялы қауым өкілдері – Ахмет Байтұрсынов, Мұхаметжан Тынышбаев, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Халел Ғаббасов, Халел Досмұхамедовтар және т.б. кірді. Партияның баспа органы болып 1918 жылдың қаңтарына дейін Орынборда шығып тұрған «Қазақ» газеті болды. «Қазақ» газеті большевиктер тарапынан жабылғаннан кейңн, оны Семейде жарық көріп тұрған «Сарыарқа» газеті ауыстырды. «Алаш» партиясының бағдарламасының жобасы жасалып, ол 10 бөлімнен тұрды. 1 бөлім «Мемлекет қалпы», 2 бөлім «Жергілікті бостандық», 3 бөлім «Негізгі құқық», 4 бөлім «Дін ісі», 5 бөлім «Билік һәм сот», 6 бөлім «Ел қорғау», 7 бөлім «Салық», 8 бөлім «Жұмысшылар», 9 бөлім «Ғылым-білім үйрету», 10 бөлім «Жер мәселесі»
75. Ресейдегі Қазан төңкерісі және Қазақстандағы саяси өмірі
1917 жылдың жаз, күз айларының басында елде халықтың большевиктер жағына шығуы күшейе бастады.Әлемдік тарихи дамуға әсер еткен ХХ ғасырдағы ең ірі саяси оқиға. Қазан төңкерісінің қозғаушы күштері ол жұмысшылар,салдаттар,шаруалар болды .Ал қазан төңкерісінің себебі халықтың жағдайының төмендеуі, аштық, Уақытша үкіметтің шарасыздығы себеп болды.1917 ж. 24 қазанда (6 қарашада) Петроградта қарулы көтеріліс басталды. Ертеңіне көтерілісші жұмысшы, солдат, матростар астананың аса маңызды орындарын басып алды. 25 қазанда (7 қарашада) таңертең Әскери-революциялық комитет Уақытша үкіметтің құлатылғанын хабарлады. Бұл хабар Қазақстанға жетісімен, өлкеде Кеңес үкіметін орнату басталды. 30 қазанда Перовскіде, 1 карашада Ташкентте, 6 қарашада Әулиеатада, сондай-ақ Черняевте, желтоқсан айында Бөкей ордасында, Петропавловскіде, Көкшетауда,Атбасарда, Костанайда, қаңтарда Ақтөбеде, 18 қаңтарда Орынборда, 3 наурызда Верныйда және осы айда Жетiсу облысында орнады. Оралда ғана Кеңес үкіметі қиындықпен түпкілікті азамат соғысы кезінде орнады.
1917 жылы 22 қарашада IV Төтенше Бүкілтүркістандық съезд ашылды. Оны М.Шоқай ашты. Съезд «Түркістан автономиясын» Туркистан мухтарияты (төрағасы М.Тынышбаев, кейін М.Шоқай) жариялады. Оны 1918 жылы акпанда большевиктер қуып таратты. Кеңес үкіметінің Қазақстанда орнауы елкедегі түрлі жағдайлардың себебiнен, 1917 жылдың қазанынан 1918 жылдың наурызына дейiн созылды. Дегенмен, осы уақыт аралыпында Оралдан басқа жерде Кеңес үкіметі орна болды. Қазан қарулы көтерілісінің Петроградта жеңіске жетуі, сондай ақ Қазақстанмен iргелес Ташкент, Омбы,Орынбор, Астрахань тәрізді ірі қалаларда Кеңес өкіметінің орнауы Қазақстанда да биліктің Кеңестердің қолына өтуіне ықпал етті. Алайда Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату төрт айға, 1917 ж. соңынан 1918 ж. наурызына дейін созылды. Бұл процесс аймақтың әлеуметтік-экономикалық және мәдени баяу дамуымен, ұлтаралық қатынастардың күрделілігімен, жұмысшылар мен большевиктік ұйымдардың аздығымен шиеленісе түсті. Кеңес өкіметінің Қазақстанда орнауына Ленин бастаған большевиктердің халыққа бейбітшілік, жұмысшыларға зауыт пен фабрика, шаруаларға жер, ұлттар мен ұлыстарға теңдік пен бостандық беру жөніндегі уәдесі өз септігін тигізді. Кеңес үкіметін орнатуға Орал, Жетісу, Сібір, Орынбор казак әскерлері мен құлаған Уақытша үкіметтің жақтастарының табанды қарсылық көрсетуі жағдайды одан әрі шиеленістіре түсті.Кеңес өкіметі Уақытша үкіметтің жақтастары қарулы қарсылық көрсете алмаған Сырдария, Ақмола облыстары және Бөкей Ордасында бейбіт жолмен орнады. Ал, Торғай, Орал, Орынбор, Семей және Жетісу облыстарында Кеңес өкіметін орнату үшін қиян-кескі күрес болды.1917 жылдың қазан айынан бастап 1918 жылдың наурыз айына шейін Кеңес үкіметі Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті, яғни Кеңес үкіметі өлкеде түгел орнап бітті.
76. Желтоқсандағы Жалпықазақ съезі. Алаш автономиясын құру туралы шешім.
Екінші жалпықазақ съезі — 1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында XX ғасыр басындағы қазақ қайраткерлері Алаш Орда үкіметін жариялаған съез.
Бұл съез Ресейде Қазан төңкерісі болып, большевиктер билікке келгеннен кейінгі тарихи алмағайып кезеңде ұйымдастырылды. Съез шақыру жөніндегі комиссия мүшелері Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Е.Омарұлы, С.Досжанов оны ұйымдастыруда айрықша белсенділік танытты[1]. Төрағасы — Б.Құлманов.
Құрылтайға қазақ сахарасының әр аймақтарынан, Самарқан облысы мен Алтай губерниясындағы қазақтардың атынан — 58 делегат, әр түрлі қазақ ұйымдарының атынан — 8 делегат және арнайы шақырумен — 15 адам қатысып, барлық жиын-терісі 81 делегат келген.
Құрылтайдыдың күн тәртібіне 10 мәселе қойылды:
-
Сібір автономиясы; -
Түркістан автономиясы және Оңтүстік-шығыс Одағы туралы; -
Қазақ-қырғыз автономиясы; -
Милиция туралы; -
Ұлт кеңесі; -
Ұлт қазынасы; -
Мүфтилік мәселесі; -
Халық соты; -
Ауылды басқару және -
азық-түлік мәселесі.
Жалпы автономия жариялауда 2-ші жалпықазақ съездерінің өкілдері екіге бөлінген. Бір бөлігі (33 адам) ресми түрде қазақ автономиясын дереу, сьезд үстінде жариялау керек деп тас салып дауыс берсе, екінші бөлігі (42 адам) қазақ автономиясын жариялауды Алашорда үкіметі шешсін деп тас салып дауыс берген. Дауыс беру қорытындысына қарамай бірінші бөлік топ өкілдері келіп отырған облыстардың (Орал, Сырдария, Бөкей ордасы) Түркістан автономиясына кіретіндігін мәлімдейді. Осындай қазақ халқы үшін шешуші жағдайда съезд екі топқа да тиімді ымыралы қаулы қабылдайды.
Онда: "1. Бір айдың ішінде Алашорда Түркістан қазағын бүкіл Қазаққа қосып алады, қосып ала алмаса да бір айдан кейін халыққа білдіреді.
2. Бір айда Түркістан қазағын Алашқа қосып ала алмаса, өз алдына автономия иғлан етуге, ерікті.
3. Егер бір айдан кейін Алаш баласы қосылмаса һәм қалған Алашқа автономия иғлан етілмесе, һәм кім өз күнін өзі көреді.
4. Егер Түркістан қазағы бір айдай бізге қосылса автономияны қашан иғлан ету ықтияры Алашордаға берілсін"'. Осы қаулы заң бойынша бір айдан кейін күшіне енуі қажет деп табылды[1,85].
Алашорда Алаш автономиясының Ұлт Кеңесі құрамына 15 адам сайланды. Алашорданың төрағасы баламалы түрде сайланды. Оған үш кандидатура ұсынылды: Әлихан Бөкейханов, Бақыткерей Құлманов, Айдархан Тұрлыбаев жасырын дауыс беру нәтежесіңдс Ә.Бекейханов 40 дауысқа, А.Тұрлыбаев 20 дауысқа, Б.Құлманов 19 дауысқа ие болды. Әлихан Бөкейханов көп дауыс алып Алаш автономиясының үкіметі Алашорданьң төрағасы болып сайланды.
Тарихқа Алаш автономиясы мен оның Уақытша Ұлттық Кеңесі «Алашорданың» дүниеге келгені мәлім болды. Бүкіл қазақ қауымының басын ұлттық-территориялық автономия аясында біріктіру мақсатында автономияның өзін жариялау 1918 жылдың қаңтар айының 20-нан кейін іске асырылды. Алашорда өзінің уақытша орталығы Семей қаласына қаңтар айының соңына қарай кетіп орналасқанға дейін бұл өңірдің қоғамдық-саяси жағдайға қатысты өз көқарастарын анықтап жатты. Қалалық Думаның 5-қаңтардағы (1918 ж.) мәжілісінде Гласный Кузин Дума мүшелерінің назарын қазақ комитетінің өтінішіне аудартады. Онда Қазак Комиттетінің Қазақстанда ұлттық-территориялық автономияның толықтай жүзеге асуы мүмкін деген саяси көзқарасы келтірген болатын. Бұл факті қалалық Дума мүшелеріне саяси күштің дүниеге келгенін анық байқатты.
II Жалпықазақ съезі қаулысына сәйкес ұлттық-территориялық Қазақ автономиясы 1918 ж. 28 қаңтарда "Сарыарқа" газеті арқылы ресми түрде жарияланды.
77. Түркістан (Қоқан) автономиясы үкіметінің құрылуы. Мұстафа Шоқайдың естеліктері.
Мұстафа Шоқай – ХХ ғ. басында Түркістан халықтары мүддесін қорғау жолында белсенділігімен көзге түскен қазақ зиялыларының алғашқы толқынының өкілі. Сонымен қатар ол 1917 жылы Ақпан революциясынан кейін құрылған Түркістан мұхтариятының (Қоқан автономиясының) жетекшісі болғанын да білеміз. Енді осы автономияның құрылу тарихына зер салсақ. 1917 жылы 26 қарашада Қоқан қаласында өлкелік төтенше ІV Мұсылмандар сиезі шақырылды. Сиез төралқасында: М.Шоқай, У.Қожаев, Юргулы-Агаев, С.Герцфельд, О.Махмудов, И.Шагиахметов, Көшкінбаев, Камал-Кары, А.Уразаев, Пилиев, Каримбаев, М.Бехбудилер және т.б. болды.
Түркістан Автономиясы немесе Қоқан автономиясы — Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей мемлекеті құрамында құрылған автономиялы мемлекет. Оның өмірге келуіне кеңестік биліктің Түркістан халықтарының өзін-өзі басқару құқығын мойындамауы түрткі болды. 1917 жылы Қазан төңкерісі жеңген соң, 22 қараша күні Ташкентте өз жұмысын аяқтаған 3-Түркістан өлкелік кеңестер съезі өлкеде кеңес билігінің орнағанын, соған байланысты Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесінің құрылғанын, өлкедегі биліктің ендігі уақытта соның қолына өтетіндігін мәлімдейді. 14 мүшесі бар бұл үкіметтің құрамында жергілікті мұсылман халықтарының бірде-бір өкілі жоқ еді. Бұған жауап ретінде қүрамында Мұстафа Шоқай, Махмұд Бехбудий, т.б. бар "Түркістан өлкесі мұсылмандар кеңесі" 26 қараша күні Қоқан қаласында 4-Түркістан өлкелік төтенше мұсылмандар съезін шақырды. Үш күнге созылған съезд 28 қараша күні Түркістан өлкесін Түркістан