Файл: 43. аза хандыыны айта рлеуі. Ханазар ханны билігі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Дипломная работа

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.11.2023

Просмотров: 442

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
автономиясы деп жариялап, Түркістан Құрылтайын шақырғанға дейін саяси биліктің Түркістан Уақытша Кеңесі мен Түркістан халық билігіне өтетіндігі жөнінде қаулы қабылдады. Түркістан Уақытша Кеңесі құрамына барлығы 54 адам енді. Сонымен, 1917 жылы қарашада Түркістанда қос билік орнап, оның алғашқысы кеңестік негізде құрылып, ең алдымен ресейлік қоныс аударушылардың мүддесін көздеп, жағдайын нығайта түсуге қызмет ететіндігін білдірсе, соңғысы отарлық езгіге қарсы, діни және ұлттық негізде құрылып, жергілікті халықтардың өзін-өзі бас¬қару құқығын баянды ету басты мақсаты екендігін жариялады. Түркістан Уақытша үкіметінің төрағасы және Ӏшкі істер министрі болып Мұхамеджан Тынышпаев, Ӏшкі істер министрінің орынбасары болып заңгер Ә.Оразаев бекітілді. Уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі қызметіне Мұстафа Шоқай тағайындалды. Көп ұзамай Түркістан автономиясы үкіметінің төрағасы Мұстафа Шоқай болды. 1918 жылы қаңтарда Түркістан қаласында өткен Сырдария қазақтарының съезі Сырдария облысы Алаш автономиясы жарияланғанға дейін Түркістан автономиясы құрамында болатындығын білдірді. Халық зор үміт артқан Түркістан автономиясын 1918 жылы 2 ақпанда Кеңес үкіметі қарулы күшпен таратып, оның бірнеше мүшелерін тұтқынға алды.

78.Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Социалистік Автономиялық Республикасының құрылуы.

Қазақ АКСР заңды түрде 1920 жылдан 1936 жылға дейін өмір сүрген мемлекет.Қазақ (Қырғыз) Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасын құруға дайындық жұмыстарын ұйымдастыру үшін 1918 жылы 12 мамырда Ұлттар ісі халық комиссариаты жанынан алғашқы арнайы саяси орган – қырғыз (қазақ) бөлімі ашылды. Бірақ, азамат соғысы басталып кеткендіктен, тек 1919 жылдың 10 шілдесінде ғана «Қырғыз (қазақ) өлкесін басқаратын революциялық комитет (Ревком) туралы уақытша ереже» шықты. Тарихта Кирревком деген атпен белгілі комитеттің кұрамында әр жылдары, С. Пестковскийдің төрағалығымен, А.Байтұрсынов, В.Лукашев, Ә.Жангелдин,С.Меңдешев, Б.Қаратаевтар болды.

1920 жылдың тамызында Мәскеу қаласында Кирревком және Түркістан майданының әскери-төңкеріс кеңесі, Қырғыз АКСР-ын құру туралы бірнеше мәжілістер өткізілді. Соңғы мәжіліске социалистік революцияның көсемі, Кеңес мемлекетін құрушы Владимир Ульянов (Ленин) төрағалық етті. Нәтижесінде, 1920 жылдың 17 тамызында РСФСР Халық Комиссарлар Кеңесі Қазақ Республикасы жөніндегі Декреттің жобасын қарап колдады.

1920 жылдың 26 тамызында В. Ленин мен И. Калинин қол қойған «Қырғыз Кеңестік Автономиялық Республикасын құру туралы» тарихи Декрет жарияланды. Осы Заң бойынша, Автономия (Қырғыз АКСР) РСФСР атты мемлекеттін құрамында құрылатыны, және де бас қаласы Орынбор болатыны көрсетілді. Орынбор алғашқы астана.

1920 жылдың 4-12 қазанында Орынбор қаласында өткен Құрылтай съезінде, Қырғыз Кеңестік Автономиялық социалистік республикасы еңбекшілер құқықтарының Декларациясы кабылданды. Депутаттардың жергілікті Кеңестері, Қырғыз Кеңестік Социалистік Республикасының Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесі Автономиялы Кырғыз Социалистік Кеңес Республикасының Басқару органдары болып табылды. Орталық Атқару Комитетінің (ОАК) басшысы – С.Мендешев, Халық Комиссарлары Кеңесінінің (ХКК) басшысы болып В.Радус-Зеньковичті сайлады.ҚырАКСР-ның құрамына: Семей облысы; Ақмола облысы, Торғай облысы;Орал облысы; Закаспий облысының Маңқыстау уезі Астрахан губерниясы ендіҚырғыз Социалистік Кеңес республикасы істерін басқару үшін 12 Халық комиссариаттары құрылды, оның ішінде:

Почта мен Телеграф басқармасы бар Ішкі істер Комиссариаты; Әділет; Ағарту; Денсаулық сақтау; Әлеуметтік қамсыздандыру; Егіншілік; Азық-түлік; Қаржы Халық Комиссариаттары және т.б.1925 жылға дейін Қазақстанның оңтүстігі Түркістан АКСР-ның құрамында болды.



Орта Азияны ұлттық-мемлекеттік тұрғыдан межелеу саясатының нәтижесінде, Қазалы, Ақмешіт, Түркістан, Әулиеата уездері, Самарқанд облысындағы Жизақ уезінің бірнеше болысы, Алматы, Жаркент, Лепсі, Қапал уездері, Жетісу облысының Бішкек уезі (бір бөлігі)Қазақстанға қарады. 1925 жылы 18 сәуірде өткен Кеңестердің бүкілқазақстандық V съезі «Қырғыз халқының тарихи дұрыс атауын қалпына келтіру үшін қырғыздар алдағы уақыттарда қазақтар деп аталсын» деген қаулы қабылдады.

1925 жылы 15 маусымда Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитеті Қырғыз АКСР-ның атын Қазақ АКСР-і және Ақмешіттің атын Қызылорда деп өзгерту туралы қаулы қабылдады. Сонымен, Қазақ (Қырғыз) АКСР-ы бастапқыда Қырғыз АКСР-ы деп құрылды, 1925 жылдың 15 маусымынан бастап Қазақ АКСР-ы деп аталды. Автономия 1936 жылдың 5 желтоқсанына дейін өмір сүрді және Ресей Советтік (Кенестік) Федеративті Социалистік Республикаға (РСФСР) тәуелді болды. Ал 1936 жылдың 5 желтоқсанында автономия республикалық денгейге көтереліп, Қазақ Советтік (Кенестік) Социалистік Республика (КазССР) деп аталды да, бұрынғы КСРО құрамында болған одақтас республикалардың біріне айналды.
79. Қазақстандағы Жер-су реформасы.

1920 жылғы Қазақстандағы жер - су реформасын жүргізу: барысы, нәтижелері және маңызы.
XX ғасырдың 20-шы жылдар басындағы жер-су реформаларының ерекше маңызды орыны болды.Бұл реформа негізінен патша өкіметінің отаршылдық саясатының зардаптарына қарсы және жою мақсатында жүзеге асқан шаралардың бірі еді.

Қазақстанда 1921-1922 жылдары ЖЭС аясында жүргізілген шаралардың бірі жер-су реформасы болды.

1921 жылы ақпан айында жер-су реформасы Түркістан ауданының, Алматы, Қапал ,Шымкент, Әулиеата уездерінде жүргізілді.

1921 жылы сәуірде бұрынғы Сібір және Орал казак әскерлеріне берілген жерді қазақтарға қайтару туралы декрет нәтижесінде Ертіс өңірінен 177 мың десятина жер қайтарылды. Оралдың сол жағалауынан 208 мың десятина жер қазақтарға берілді.

1921 жылы Жетісуда жер – су реформасы жүргізілді. Нәтижесінде қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 460 мың десятина жер қайтарылды. Сонымен бірге Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның қазақ және орыс халқына жер беру үшін көлемі 1 млн. десятинадан астам жер қоры құрылды.

Реформаны жүзеге асыруда қателіктер мен асыра сілтеулерге жол берілді. Кей жағдайда қоныс аударушы кедейлер жерден айырылды. Қоныс аударушылар негізінен отаршыл – кулактар қатарына жатқызып, қазақтар мен қоныстанушылар арасында ұлт араздығы туып отырды.


1921 – 1922 жылдардағы жер – су реформалары нәтижесінде патша үкіметі алған жер түгел қазақ еңбекшілеріне қайтарып берілді.

Ауылда әлеуметтік өзгерістер мен жер реформаларын жүзеге асыру үшін бұқаралық ұйым 1921 жылы «Қосшы одағы»құрылды (1930 жылдан «Кедей одағы» атанды).Қосшы одаған құрған және қызметтерді атқаруда Ж.Бөрібаев, О.Жандосов , А.Розыбакиев , т.б қоғам қайраткерлері ат салысты.17 мыңнан астам мүшесі бар 99 бөлім жұмыс істеді.

Одақтың міндеттері :

1)Еңбек артельдерін құру.

2) Кедейлерге жер беру және олардың мүдделерін қорғау.

3) Еңбекшілердің саяси сана – сезімі мен мәдени деңгейін көтеру.

1921 – 1922 жылдардағы жер реформасының маңызы:

1) Еңбекшілерді социалистік құрылысқа тартуда үлкен рөл атқарды.

2) Отаршылдық аграрлық саясатқа соққы берді.

3) Қазақ ауылындағы патриархаттық – феодалдық негізді әлсіретті.

4) Ұлттық келісімнің орнығуына жағдай жасады.

5) Патша өкіметі алған жерлер қазақ еңбекшілеріне қайтарылып берілді.

80. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС): мазмұны және оны жүзеге асыру ерекшеліктері.
ЖЭС - Азамат соғысы салдарынан қираған ел экономикасына жеке меншік иелерін тартып, адамдардың өз еңбегіне мүдделілігін орнықтыруға бағытталған әрекет. РКП(б)- ның 10 съезінде 1921 жылы наурыз айында ЖЭС қабылданды

Жаңа экономикалық саясаттың мәні-салғыртты салықпен ауыстыру болды.

Орынборда 1921 жылы маусымда өткен облыстық бірінші құрылтай партия

конференциясы жаңа экономикалық саясатқа көшуді мақұлдады. Жаңа

экономикалық саясатпен бірге тоталитарлық, авторитарлық басшылыққа көшу басталды

Жаңа экономикалық саясаттың белгілері:

- Азық-түлік салығының енгізілуі. - Сауда еркіндігі.

- Жерді және ұсақ кәсіпорындарды жалға беру.

- Ауылшаруашылық және несие, тұтыну кооперациясын дамыту.

- Кәсіпорындарды шаруашылық есепке көшіру.

- Еңбек міндеткерлігін жойып, жалдамалы еңбекті қолдану.

ЖЭС кезіндегі өнеркәсіптегі өзгерістер:

1. Кәсіпорындар сала бойынша бірлестіктерге біріктірілді.

•Бірінші дәрежелі кәсіпорындар «Одақтық маңызы бар» бірлестіктерге біріктірілді.

•Екінші дәрежелі кәсіпорындар Өлкелік бірлестіктерге біріктірілді.

2. Ұсақ кәсіпорындар жеке адамға, шетелдіктерге жалға берілді.

3. Өнеркәсіп, темір жол, көлік тасымалы шаруашылық есепке көшті.

Өнеркәсіптегі өзгерістердің нәтижесінде Риддер қорғасын зауыты 1923 жылы одақтағы өндірілетін қорғасынның 40% -ын өндіре бастады, Доссор, Мақат мұнай кәсіпорындары іске қосылды,
Шымкент сантонин зауыты ашылды, 1927 жылы Қарсақбай комбинаты мыс өндіре бастады. Өнеркәсіптегі өзгерістердің оң нәтижесімен қатар кемшіліктері де болды. Мысалы: Қазақстан шикізаттық бағытта ғана дамыды.Бірлестіктер пайдасы Ресейге кетті.

ЖЭС кезіндегі ауыл шаруашылығындағы өзгерістер:

•Түтін салығы мен күш-көлік салығының орнына бірыңғай заттай салық енгізілді.

•Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда 2,5 есе аз болды.

•1924 жылы 1 қаңтардан бастап салық тек ақшалай төленетін болды.

•Салық үдемелі болғандықтан, оның бар ауыртпалығы байларға және кулактарға түсті.

•Мал өсіретін қожалықтар салықтан босатылды. Жалдамалы еңбекті пайдалануға рұқсат берілді.

•Салықтан түскен қаражат халық ағарту ісіне жұмсалды.

•Жерді жалға беруге рұқсат берілді.

•Несие берілетін болды. •Жер-су реформасы жүргізілді

•«Қосшы Одағы» құрылды .•Жер реформасы жүргізілді

•1924-1925 жылдары елге тракторлар әкеліне бастады. Байлар, кулактар шектетілді, сайлау, сайлану құқығынан айырды.

ЖЭС кезіндегі саудадағы өзгерістер:• 1921 жылы 24 мамырда «Айырбас туралы» декрет қабылдады; • Жәрмеңкелер ашыла бастады. Басты жәрмеңкелер:

1) Семей губерниясында – Қоянды, Баянауыл.2) Ақмола губерниясында – Атбасар.

3) Ақтөбе уезінде – Ойыл, Темір.4) Бөкей ордасында – Орда

ЖЭС-тің қиындықтары мен зардаптары:

- ауа райының қуаңшылығына байланысты астық шықпай қалып, елді аштық жайлады.

- 1921–1922 жылдары Қазақстан халқының 1/3 бөлігі осы аштық қасіретін бастан кешірді. 1921 жылдары ашыққан адамдардың саны – 1 млн. 508 мың адамды құраса, 1922 жылдары олардың саны 2 млн. 303200 адамды құраған.Аштық әсіресе Қазақстанның Батыс аймағын қамтыды,1922 ж. маусымда 82 % қамтыды.Ал астық мол шыққан Семей, Ақмола губернияларында жиналған астықтың 80% орталыққа әкетілді. Қазақстан Ресейдің Мәскеу, Петроград, Самара, Қазан, Саратов өлкелерінің ашығушыларына көмек көрсетті.

- 1921–1922 жылғы аштықтың салдарынан Ақтөбе, Қостанай, Орал, Орынбор, Торғай губерниялары тұрғындарының 1/3-нен айырылды. 700 мыңнан астам халық туған жерін тастап көршілес аймақтарға көшіп кетті.

ЖЭС – тің жалпы қорытындылары:

•Жаңа экономикалық саясат кезінде нарық енгізілді.•Ауыл шаруашылығы дамымай қалды.