Файл: 43. аза хандыыны айта рлеуі. Ханазар ханны билігі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Дипломная работа

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.11.2023

Просмотров: 440

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Оларға «буржуазияшыл-ұлтшылдар» деген айып тағылды. Сол жылы 44 алашордашы тұтқындалып, оның ішінде Ж. Аймауытов, Ә. Байділдин, Д. Әділев ату жазасына кесіліп, үкім орындалады. Ал қалғандары түрмеге қамалады.

Ұлт зиялыларының екінші тобы 1930 жылдың қыргүйек-қазан айларында тұтқындалып, оның 15-і Ресейге жер аударылды. Бұл кезеңде Ж. Аймауытов, Ә. Байділдин, Д. Әділевтер атылып, қалғандары әртүрлі мерзімге түрмеге жабылды. Олардың кейбіреулері (М. Дулатов т.б.) лагерьлерде қайтыс болды, қалғандары (А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев т.б.) жазасын өтегенімен «Алашорданың» қызметіне араласқаны үшін қайта айыпталып, 1937-1938 жылдары атылды.

1937 жылы БК(б)П ОК-нің, И.В. Сталин мен оның айналасындағылардың «халық жаулары мен олардың құйыршықтарын түп-тамырымен жоюдың» қажеттігі жөніндегі нұсқауы барлық жерде қолдау тапты.

1936-1938 жылдары Қазақстанда 25833 адам партиядан шығарылып, олардың 8544-іне «халық жауы» немесе «халық жауының сыбайластары» және т. б. айыптар тағылды. Танымал қазақ зиялылары, Алаш қайраткерлері саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Олардың отбасы мүшелері де жазықсыз қудалау көрді.

«Халық жауларының» көпшілігінің тағдыры КСРО Жоғарғы Сотының Әскери алқасының мәжілістерінде, «екілік» пен «үштік» атанғандар мен НКВД-ның ерекше кеңестерінде құпия жағдайда шешіліп жатты. 1930 жылдардың ортасында Л. Мирзоян, Ү. Құлымбетов, Н. Нұрмақов, Т. Рысқұлов. О. Жандосов, Т. Жүргенов сынды көрнекті партия және мемлекет қайраткерлері «халық жаулары» ретінде тұтқындалды.

1920-1950 жылдардағы заңсыз қуғын-сүргіннің бір көрінісі – мемлекет және оның қызмет иелері мен органдарының қарапайым адам құқықтарын жаппай өрескел бұзып, аяққа таптауы болды. Бұл заңбұзушылық қуғын-сүргін саясатын жүзеге асыру барысында бұқаралық сипат алып, оған заңдық негіз бен жариялылық түр берген Кеңес заңдарының нормалары нұсқаулармен бүркемеленді.

Бұл кезең қолданылған қылмыстық жазалардың ерекше қаталдығымен сипатталады. Мысалы, 1926 жылғы РКФСР Қылмыстық Кодексінің ерекше бөлімінің I тарауында көрсетілген контрреволюциялық қылмыстардың 17-сінің 12-іне ең жоғарғы жаза – ату жазасын қолдану қарастырылды. Азаматтарды «халық жауы» деп жариялап, азаматтық құқықтардан айыру, мемлекеттен қуу, дүние-мүліктерін тәркілеу, қатаң оқшаулау арқылы еркінен айыру тәрізді жазалау шаралары да кеңінен қолданылды. Тоталитарлық тәртіп адамдардың өздеріне тағылған айыптауларды әділ, жан-жақты талқылайтын соттың болуын талап ету сияқты ажырамас құқығын да теріске шығарды.


Қазақстандықтарға көбінесе жапон, кейде герман тыңшылары деген айып тағылып, айыптаушылар мен сотталғандардың «мойындауы» ешқандай дәлелдеусіз жүзеге асырылды. Көршілердің, қызметтестердің, тіпті таныстар мен туыстардың берген жалған мәліметтеріне негізделген, «Кеңес үкіметіне қарсы үгіт-насихат жүргізді» деген айыптау да кең таралды.

Қазақстанда, сондай-ақ азаматтарды ұлтшылдық және ұлтшыл ұйымдар құру арқылы республиканы Кеңес Одағының құрамынан бөліп алуға тырысты деген айыптау да кең қолданылды. Көптеген адам террорлық әрекеттер, диверсия, саботаждарды жүзеге асыруға дайындық жасағаны, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың қалыпты жұмыс істеуіне қарсы экономикалық контрреволюциялық әрекеттер ұйымдастырғаны үшін деп негізсіз қуғын-сүргінге ұшырады. БК(б)П-ның Алматы обкомы мен Халық комиссариатының бұрынғы хатшысы Ж. Садуақасовқа, жазушы С. Сейфуллинге, ағарту халық комиссары Т. Жүргеновке 1937 жылы көп айыптың бірі ретінде «Ырғызда, Қарақұмда, Сарысуда және басқа да аймақтарда болған көтерілістерді ұйымдастырған» деген айып тағылды. Жазушы С. Сейфуллинге «Жапонияның протектораттығындағы Қазақ буржуазиялық мемлекетін құрмақ болған» деген ақылға сыймайтын айып тағылды. С. Сейфуллиннің әйелі, Т. Рысқұловтың әйелі мен қызы, Т. Жүргеновтің әйелі, С. Қожановтың әйелі және т.б. көптеген қазақ, орыс және өзге ұлт қайраткерлерінің әйелдері,  балалары жазықсыз азап шекті.

«Әлеуметтік тапсырыс беру» мемлекеттік қуғындау-жазалау органдары жұмысының көлемін ұлғайтты. БК(б)П ОК-нің саяси бюросының бастамасымен республикалық және жергілікті партия, кеңес органдарының, НКВД өтініштерінің негізінде жекелеген аймақтардағы қуғын-сүргінге ұшырауға тиісті адамдардың шектеулі тізімін бекітті.

Большевиктік режим осылайша қазақ ұлт-азаттық қозғалысының басында тұрған зиялылар тобын, олар қалыптастырған азаттық идеологиясын жойып тынды.
85. Саяси сенімсіздік пен халықтарды Қазақстанға күштеп депортациялау – ұлттық ар-намысты кемсітудің үлгісі.

 

Кеңес Одағын мекендеген халықтардың қай-қайсысы болсын сталиндік зорлық-зомбылықтан, геноцид пен этноцидтен, саяси қуғын-сүргіннен аман қалған жоқ. Кеңес үкіметі жылдарында жекелеген партия, кеңес, комсомол қызметкерлері ғана емес, тұтас бір халық сенімсіз де сатқын ұлт қатарына жатқызылып, тарихи атамекенінен күштеп жер аударылды.


Депортация латынша «deportatio» – «қуғындау», «көшіру» деген мағынаны білдіреді. Халықтар депортациясын белгілі бір ұлт өкілдерінің белгілі бір іс-әрекеттеріне байланысты елден қуылуы деп түсіну қажет. 

1920-1950 жылдары тұрғындарды күштеп көшіру сталиндік қуғын-сүргіннің негізгі құрамдас бір бөлігіне айналды. Жалпы КСРО-да депортацияға ұшырағандардың саны 1920 жылдан 1949 жылға дейін 3,2 миллион адамға жетті.

КСРО-да күштеп қоныс аударту төмендегідей белгілер бойынша жүзеге асырылды: 

• этностық белгілері бойынша («жазаланган хал.», «шегараларды тазалау»,«сенімсіз хал.»);

• әлеуметтік-таптық белгілері бойынша депортация кезінде,арнайы көшірілгендер (спецпереселенцы);

• саяси мүдде негізіндегі 1934-1944 жылдары көшірілгендерді «еңбек қоныстарындағылар» деп атады. 1944 жылдан бастап «арнайы қоныс аударылғандар» деген атау қолданылды. 

1936 жылы КСРО ХКК құпия қаулыларының негізінде Батыс Украинадан Қазақ АКСР-не 15 мың поляк пен неміс шаруаларын көшіріп, қоныстандыру басталды. Олардың көп бөлігі Солтүстік Қазақстанға, қалғаны Оңтүстік Қазақстан облыстарына орналастырылды. Ресейдің ішкі аудандарынан, Украинадан, Белоруссия мен басқа республикалардан арнайы коныс аударылғандардың жалпы саны 1936 жылға қарай 360 мың адамға жетті. 

 Соғыстың алдында Қазақстан аумағына тағы да поляк ұлты өкілдерінің екінші толқыны көшіріліп әкелінді.

1939-1940 жылдары Гитлер армиясының Польшаға басып кіруіне байланысты Батыс Украина, Белоруссиядағы поляктар қосымша кашып келе бастады. 1940-1941 жылдары 200 мыңдай поляк Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Талдықорған, Жамбыл, Алматы облыстарына орналастырылды. 

Тоталитарлық тәртіптің құрсауына алғашқылардың бірі болып қиыршығыстық корейлер ілікті. Олардың кейбір бөлігін 1935-1936 жылдары күштеп әкімшілік қоныс аудару басталды.

1938 жылдың көктемінде корейлерді көшірудің екінші кезеңі басталды. Енді олар тұрақты мекендерге орналастырылды. 70 корей ұжымшары республиканың 8 облысында – Қызылорда, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстанда орналасты. Олар балық және ауылшаруашылығымен айналысты.

КСРО-ның ұлт саясатындағы 30 жылдардағы қуғын-сүргініне иран ұлты да ілікті. Түрікменстан, Әзірбайжан, Грузия және Армения аудандарында тұрып жатқан ирандықтар 1938 жылы қазан-қараша айларында Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарына көшірілді.


Күрдтердің Қазақстанға депортациясы да соғыска дейінгі кезеңнен басталады. Кеңес үкіметі орнағаннан кейін Әзірбайжан құрамында 1923 жылы Күрдістан автономиялы республикасы құрылғаны белгілі. Алайда 1936 жылы күрдтердің ғасырлар бойғы арманы аяқ асты етіліп, өздері «сенімсіз халықтар» қатарына жатқызылды. 1937 жылдан бастап ешбір негізсіз 7,3 мың күрд Армения, Әзірбайжан аумағынан көшіріліп, Орталық Азия мен Қазақстанға қоныстандырылды.

Дәл осындай «сценариймен» қарашай, қалмақ, шешен, ингуш, балқар және т.б. Солтүстік Кавказ, Грузия, Қырым өңірі халықтары «фашистік басқыншылармен жақындасты» деген желеумен көшіріліп, ұлттық автономиялар жойылды.

1943 жылы Қарашай автономиялы республикасы жойылып, жалпы саны 45,5 мың адам Қазақстанның Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарына орналастырылды. Қалған отбасылар Қырғызстанға, Өзбекстанға аттандырылды. 

1945 жылға карай Қазақстанға көшірілген шешендер мен ингуштардың жалпы саны 406,3 мың адамға жетті. 1943 жылғы 28 қазандағы бұйрық негізінде Қалмақ АКСР-інен 2,2 мың адам Қызылорда облысына көшірілді.  Депортация барысында Қазақстанға 4501 татар, 7 мың болгар мен грек әкелінді. Жергілікті қазақ халқының үлес салмағы 1939 жылмен салыстырғанда 38%-дан 30%-ға дейін кеміп кетті. Тіптен кейбір аймақтарда қазақтардың үлес салмағы 2 есеге азайды. 

Осы депортация арқылы Ресей үкіметі Қазақстанның ар-намысын таптады, оларды жазалады, кемсітті. Қуғындау, көшіру, қазақтардың ар-намысын таптау, оларды кемсіту, білгендерін істетіп қорлау Қазақстанға үлкен қасірет алып келді.

86. Кеңестік білім беру жүйесін құру. Арабтан латынға, кейін кириллицаға көшу.

Большевиктер билікке келген алғашқы күндерінен бастап жаппай сауатсыздықты жою үшін күрес жүргізуге кірісті.

  Кеңес үкіметінің жергілікті билік органдары Азамат соғысы жағдайында мүмкіндігінше мектептер ашты. Халықты ағарту арқылы большевиктер өздерінің идеологиясын сіңіруді және қарапайым адамдардың сеніміне кіруді көздеді.

  1918 жылы шілдеде Түркістан АКСР-інде Халық ағарту комиссариаты (Наркомпрос), ал бұған дейін Қырғыз революциялық комитетінде мектеп бөлімі ашылған еді. 1919 жылы желтоқсанда В.И. Ленин «РКФСР халықтары арасында сауатсыздықты жою туралы» Декретке қол қойды.

  1920 жылдан бастап большевиктер Лениннің тапсырмаларын жүзеге асыра отырып, барлық жерде сауатсыздықты жою жөніндегі төтенше комиссиялар құруға кірісті. Олар хат танымайтындарды есепке алуды, мұғалім кадрларын даярлау, мектептер мен қысқа мерзімді курстар ұйымдастырумен айналысты.


1928ж араб әрпі латын әрпімен,1940ж кириллицамен ауыстырылды.

Араб әліпбиін қалдыруды жақтаушылар латын қарпін қолдануға көшу — ұлттық мәдениетке жасалған қастандық екендігін айтты. Олар Қазақстанда тек еуропалықтарға тән жаңа әліпбиге көшу қажет, бірақ оған әлі жағдай пісіп-жетілген жоқ деп есептеді. Алайда біртұтас мәдениет кеңістігін орнықтыру міндетін ұстанған Кеңес басшылығы республика өкілдерінің пікірімен санаспады. Жаңа әліпби жасау жөніндегі комиссия құрылып, ол 1928 жылдың күзінде латын қарпі негізіндегі қазақ әліпбиінің жобасын ұсынды. Латын қарпіне түгел ауысып болғанша араб графикасы пайдаланыла тұратын болды. Полиграфиялық техника латын алфавитімен жабдықтала бастады Бұл газет, оқулықтар, әдебиеттер шығаруды жеңілдетті. Республика бір мезгілде екі әліпбиді, яғни: қазақ тілі үшін — латын, орыс тілі үшін - кириллицаны қолданатын болды.

1912ж. «Айқап» журналында А.Байтұрсыновтың «Жазу тәртібі» деген мақаласы шығады. Қарсы шыққандар «түркі тілдеріне ортақ» жазу үлгісін сақтауды ұсынды.

87.Қазақстандықтардың майдан іс- қимылдарына, партизандық қозғалысқа қатысуы

1941 жылы 18 шілдеде БКП (б) ОК «Неміс əскерінің тылында күресті ұйымдастыру туралы» қаулы қабылдады. Бұл қаулыда ерекше айтылатын міндет герман жаулаушылары үшін адам төзгісіз жағдай жасау, олардың байланыстарын үзіп, əскери техникаларын істен шығару, барлық іс- шараларын жүзеге асыруға жол бермеу, басқыншылар мен оларды қолдаушылардың көзін жою, атты жəне жаяу əскер партизандық бөлімдерді, диверсиондық жəне атқыштар топтарын құруға барынша көмектесу, басып алынған территорияларда жауға қарсы барлық жұмыстарды басқару үшін большевиктік астыртын ұйымдардың желісін құру болды. Сонымен қатар онда жау тылындағы күресті барынша белсендендіру туралы айтылды, бұл істі ұйымдастыруды республикалық, облыстық, аудандық, партиялық жəне кеңестік ұйымдардың жетекшілеріне жүктеді. 1941 жылы 28 шілдеде кеңес халқын жау уақытша басып алған аудандарда, жекелеген жау əскері бөліктерімен күресу үшін партизандық отрядтар мен диверсиондық топтарды құруға шақырды.

Жау тылындағы кеңес адамдарының күресі басқыншыларға ауыр соққы тигізді жəне оларды талқандауға үлес қосты. Толық емес деректер бойынша, кеңестік партизандар мен астыртын жұмыс жүргізушілер жаудың əскери техникасы мен əскерлері бар поездардың 21 мыңнан астамының аударылуын ұйымдастырған, 1618 паровозды істен шығарған, 170,8 мың вагондарды, 12 мың темір жол жəне тас жол көпірлерін жарған жəне өртеген, 1,6 миллионнан астам гитлерлік солдат, офицерлер мен олардың қолдаушыларын тұтқынға алған жəне көзін жойған, Қызыл Əскердің басқармасына көптеген маңызды барлаушылық мəліметтер əкелген.