Файл: Білім беру йымы Жамбыл Жабаев атындаы 15 тірек мектебі Блімі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.11.2023

Просмотров: 147

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Білім беру ұйымы

Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі

Бөлімі

Тіршілік қауіпсіздігі.

Педагогтің аты жөні:

Акдаулетова С

Күні:




Сынып:

8

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Ережелер мен заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік.

Сабақтың мақсаты:

Құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі (уақыты)

Педагог әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы


Сабақтың ортасы

Амандасу.

«Бала құқықтары»

«Қылмыс» деген сөзді қалай түсінесің?

Қосымша мәліметтер:

Кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезге қарай жасы 14 ке толған, бірақ 18ге толмаған адамдар танылады (78-бап)

Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері – 79-бап

• Айыппұл :

• Белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру ;

• Қоғамдық жұмыстарға тарту ;

• Түзеу жұмыстары ;

• Бас бостандығын шектеу ;

• Бас бостандығынан айыру ;

Кәмелетке толмағандарға бас бостандығын шектеу бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге тағайындалады

· Азамат 14 жастан бастап қылмыстың - кісі өлтіру (96 – бап)

• Денсаулығына зиян келтіру – 103 бап

• Тонау – 175 бап

• Ұрлық – 178 бап

• Бұзақылықтың ауыр түрін жасау - 179 бап

• Мемлекеттік немесе жеке меншіктік мүлікті жою – 187 бап

• Қаруды, әскери оқ- дәріні ұстау – 255 бап

• Адам ұрлау – 125 бап

• Терроризм – 233 бап

Жаза түрлері :

• Айып салу

• Құқықтан айыру

• Қоғамдық жұмысқа тарту

• Еңбекпен түзету жұмысы

• Бас бостандығын шектеу

• Тұтқындау

• Әскери тәртіп бөлімінде ұстау

• Бас бостандығынан айыру

• Сотталушының мүлкін тәркілеу

• Өлім жазасы

Статистика көрсетіледі.

«Сенің құқығың!» бөлімі

ҚР Конституциядағы баптармен танысайық.

«Әділет» тобы

14-бап 1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. 2. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсітуге болмайды. Бала құқығы конвенциясы

«Әділет» тобы

1-бап Осы Конвенцияның мақсаттары үшін әрбір адам баласы 18 жасқа толғанға дейін, егер осы балаға қолданылатын заң бойынша ол кәмелеттік жасқа бұрынырақ толып қоймаса, бала болып саналады.

Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы

15-бап. 1. Әрбiр баланың бiлiм алуға құқығы бар және Қазақстан Республикасының бiлiм туралы заңдарына сәйкес оған тегiн бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім және конкурстық негiзде тегiн техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары бiлiм алуға кепiлдiк берiледi.




Бейнероликті тамашалайды.
Постер құрастыру.
Ережелермен танысады.


https://www.youtube.com/watch?v=RPiqH-z7I_g


Презентация


Сабақтың соңы

Кері байланыс

-Сабақтың ең қызықты тұстарын ата.....

-Сен үшін маңызды ақпарат болды....





Кері байланыс тақтайшасы







Білім беру ұйымы

Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі

Бөлімі

Тіршілік қауіпсіздігі.

Педагогтің аты жөні:

Акдаулетова С

Күні:




Сынып:

8

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Жеке басына қол сұқпаушылық құқығы

Сабақтың мақсаты:

Тақырып туралы түсінік беру. Өз ата заңын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі (уақыты)

Педагог әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы


Сабақтың ортасы

Амандасу.
Бар екен де жоқ екен

Ерте, ерте, ерте екен

Ешкілері бөрте екен

Қырғауылы қызыл екен, құйрық жүні ұзын екен

«Алтын сақа» ертегісінде сақасын алуға келген баланы жалмауыз кемпір ұстап алып, баланың өміріне қауіп төндіреді, өлтірмекші болады. Бұл туралы Конвенцияда қандай құқық көрсетілген? Баланың құқығы бұзылды ма? (Ия, 37 бап азаптау жәнек бас бостандығынан айыру)
Жеке басқа қол сұқпаушылық  — азаматтардың конституциялық құқы мен бостандықтарының негізгі принципі. Ол туралы Қазақстан Республикасының Конституциясында (12-бап, 2-тармақ.) “Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады” деп жазылған. Сондықтан азаматтарды заңда көрсетілген реттерде ғана соттың немесе прокурордың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады. Тұтқындалған адам заңсыз әрекет туралы сотқа шағымдануға құқылы. Прокурордың санкциясынсыз азаматтарды жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ғана қамауда ұстауға болады. Қажетті жағдайда әр адамның білікті заң көмегін алуға құқысы бар. Әрбір адамның жеке өмірі, отбасының құпиясы, абыройы мен ар-намысы, жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, пошта, телеграф арқылы алысқан хабарларының құпия сақталуы заңмен қорғалады. Сонымен бірге азаматтардың тұрғын үйіне заңсыз басып кіруге, тексеру, тінту жүргізуге жол берілмейді, ол үшін заң орындарының тиісті рұқсаты қажет. Тұрғын үйден айыруға сот шешімінсіз жол берілмейді. Адамдардың жеке басы мен өміріне қол сұғу әрекеттері азаматтардың конституциялық құқығын бұзу болып табылады, ол үшін айыпты деп табылған адам тиісті жауапкершілікке тартылады. 



Оқушылар сұраққа жауап береді.


Жеке басқа қол сұқпаушылық бойынша түсінік алады.


Презентация

Сабақтың соңы

Кері байланыс

-Сабақтың ең қызықты тұстарын ата.....

-Сен үшін маңызды ақпарат болды....





Кері байланыс тақтайшасы







Білім беру ұйымы

Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі

Бөлімі

Тіршілік қауіпсіздігі.

Педагогтің аты жөні:

Акдаулетова С

Күні:




Сынып:

8

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Алғашқы көмек көрсету ережесі

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға алғашқы көмек туралы түсінік беру.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі (уақыты)

Педагог әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы


Сабақтың ортасы

Амандасу.
Бейнесюжетте не жайында айтылған?

Алғашқы көмек — адам өміріне немесе денсаулығына кенеттен қауіп төнгенде оның өмірін сақтап қалу үшін немесе апаттың зиянды әсерін азайту үшін қолданылатын қарапайым шаралар. Апаттың қатарына әр түрлі жарақаттар, сынық, буынның шығуы, улану, суға бату, күю, үсу, электр тоғы соғу, т.б. жатады. Алғашқы көмектің негізгі шаралары: апатқа түскен адамды апат әсерінен құтқару (өрттен, судан шығару); апаттың зиянды әсерін тоқтату (адамды жылыту, иіс тисе таза ауа жұтқызу); қан тоқтату, жараны байлау, сынған аяқтың немесе қолдың қозғалысын тежеу; жасанды дем алдыру, жүрекке жабық массаж жасау, апатқа түскен адамды тезірек емдеу мекемесіне жеткізу немесе жедел медициналық көмек көрсететін дәрігерлер тобын шақыру.

АЛҒАШҚЫ КӨМЕК КӨРСЕТУДІҢ АЛГОРИТМІ

Абдырап қалмай, алғашқы көмекті дұрыс көрсету үшін мына әрекеттер тізбегін сақтау маңызды:

  1. Өзінің, зардап шегушінің және айналасындағылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету (мысалы, зардап шегуші адамды жанып жатқан автокөліктен шығару).

  2. Зардап шегушінің өмір белгілерін (пульс, тыныс алуы, қарашығының жарыққа реакциясы) және есін білуін тексеру. Тыныс алуын тексеру үшін зардап шегушінің басын шалқайтып, оның ауызы мен мұрынына қарай еңкейіп, тыныс алуын естуге немесе сезінуге тырысу керек; пульсті «тыңдау» үшін зардап шегушінің күре тамырына саусағыңыздың басын қою қажет; есін бағалау үшін зардап шегушіні иығынан ұстап, ақырын қозғап, қандай-да бір сұрақ қою қажет (мүмкіндігіне қарай).

  3. Оқиға орнына мамандарды шақыру (112 – ұялы телефоннан,қалалық телефоннан – 103 (жедел жәрдем)немесе 101 (құтқарушылар).

  4. Шұғыл алғашқы жәрдемді көрсету.

Ол жағдайға байланысты мынадай болуы мүмкін:

- тыныс алу жолдарының өтуін қалпына келтіру;

- жүрек-өкпе реанимациясы;

- қан кетуді тоқтату және басқа шаралар.

  1. Зардап шегушіге дене жайлылығын және психологиялық көмек көрсетіп, мамандардың келуін тосу.


Жағдаяттар шешу


Бейнесюжетті талдау.

Алғашқы көмек жайында түсінік алады.


Алғашқы көмек көрсету алгоритімімен танысады.

https://www.youtube.com/watch?v=h8pmXpZo858

Презентация

Сабақтың соңы

Кері байланыс

-Сабақтың ең қызықты тұстарын ата.....

-Сен үшін маңызды ақпарат болды....





Кері байланыс тақтайшасы







Білім беру ұйымы

Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі

Бөлімі

Экологиялық мәдениет

Педагогтің аты жөні:

Акдаулетова С

Күні:




Сынып:

8

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Табиғатқа деген сүйіспеншілік

Сабақтың мақсаты:

Балаларға қоршаған ортаға саналы, мейірімді көзбен қарауға, табиғат аясында ережелерді сақтауға, дұрыс қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу, туған өлкесінің сұлулығына, табиғат тіршіліктеріне деген  сүйіспеншілігін, махаббатын ояту.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі (уақыты)

Педагог әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы


Сабақтың ортасы

Амандасу.
Табиғат – біздің ортақ үйіміз.Табиғатқа деген сыйды жоғалту адамзаттың адамгершілік құндылықтарын жоғалтуға әкеліп соқтырады. Қазіргі уақыттағы әлемдегі экологиялық жағдай  адам көзқарасының өзгеруін талап етеді. Өсіп келе жатқан ұрпақта жаңа экологиялық сезім қарастырылуы керек деп санаймыз. Келешекте балалар кім болса да, олар қоршаған ортада рөлдерін бөліп, табиғат заңдылықтары бойынша өз түсініктері болуы керек. Экологиялық тәрбие мен білім беру – қазіргі таңдағы айқын бағыттардың бірі. Экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу неғұрлым ерте басталса, соғұрлым оның болашағы зор болмақ. Баланың сәби кезінен экологиялық мәдениеттілік санасын тәрбиелеу – осы мәселелердің шешілу жолдарының бірі болып табылады. Мектепке дейінгі ұйымдардағы экологиялық тәрбие берудің маңызды міндеті — балаларды табиғаттың әсемдігін көріп түсіне білуге ,тірі табиғатқа қамқор бола білуге үйрету және экология саласы бойынша нақты білім беріп, аймақта қолданылатын ресурстары шектеулі екенін түсіндіру керек. Біз баланы табиғатты пайдаланып қана қоймай, оған қамқор болуға, оны күтіп аялауға үйретуіміз керек.
Экологиялық білім берудің басты міндеттері:
-өсімдіктермен жануарларды күте білу дағдыларын қалыптастыру.

-қоршаған ортада алған әсерлерін жеткізе білу, эмоциялық көңіл-күйлерін басқара білу дағдыларын жетілдіру.

-қоршаған ортаны сүйе, табиғатты қорғай білуді жүйелі түрде жүзеге асыру.

-табиғат пен бала арасындағы оңтайлы қарым-қатынас орнату.

-адамның табиғаттағы тіршілік әрекеті және жеке гигиена жайындағы білімдерді тиімді жолдарымен жеткізу.
Ақпараттық буклет жасау


Тақырып жайында түсінік алады.

Оқушылар топқа бөлініп буклет жасайды немесе лэбпку жасайды.


Презентация



Сабақтың соңы

Кері байланыс

-Сабақтың ең қызықты тұстарын ата.....

-Сен үшін маңызды ақпарат болды....





Кері байланыс тақтайшасы







Білім беру ұйымы

Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі

Бөлімі

Экологиялық мәдениет

Педагогтің аты жөні:

Акдаулетова С

Күні:




Сынып:

8

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Болашақта жер қандай болуы керек?

Сабақтың мақсаты:

Табиғат пен адам арасындағы байланыс, табиғатты қорғаудың маңыздылығы туралы түсінік беру.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі (уақыты)

Педагог әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы


Сабақтың ортасы

Амандасу.
«Жер-Ана»
Табиғат, Жер - Ана, Отан, Туған жер, Атамекен деген киелі сөздер құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да қасиетті ұғымдар.
Жер - Ананы сүйе білу, оны аялау – адамзаттың азаматтық борышы. Бұл туралы Елбасымыз өз Жолдауында: «Жаһандандыру және күрделене түскен әлемдік бәсекелестік жағдайда қазақстандықтар адам дамуының басты салаларындағы таза ауыз су және табиғатты қорғау мәселелерін шешу адамдық және азаматтық борышы екендігін адамгершілік қасиетпен сезінуі тиіс» деген болатын.

«Көгілдір қазына» дегеніміз не? Әрине тіршіліктің тірегі – су. «Су бар жерде өмір бар» деп ата - бабаларымыз текке айтпаса керек. Осы «Көгілдір қазына» деп аталатын өзендер мен көлдер адамның жүрегіне жыр, көңіліне нұр, сезіміне гүл сыйлаған береке бастауы болып саналады. Ендеше,осы су жайында өз ойларыңды ортаға салсандар.
«Күн райын бақыла»

1. Шырыны ақ қайыңның көк түске енсе,
Онда жауын жауады сүт піскенше.

2. Құстардың тынса үндері,
Күн күркірерін білгені.
3. Ұлу шөптің сабағын,
Бойлап жайлап жоғары,
Өрмелесе қарағын,
Аптап ыстық соғады.
4. Ақ тиіндер жаңғақты көп жинаса,
Алдағы қыс ұзақ, суық тым аса.
5. Осқылап тырналаса мысық жерді,
Дей бер қыста бұрқасын қысып келді.
«Жасыл желек»

Шыңғыс Айтматовтың трагедиясынан үзінді тамашалайды.

Жер-Ананың қадір,қасиеті туралы ой қозғайды.
Оқушылар пікір алмасады. Бұл бөлімде оқушылар ата - бабаларымыздың табиғат құбылыстарына қарап ауа - райын қалай болжағаны туралы мәлімет алады.

Оқушылар осы тақырыпта экологиялық жоспар құрады.

http://youtube.com/watch?v=sT-8ZUp0YHo

Презентация

Сабақтың соңы

Кері байланыс

-Сабақтың ең қызықты тұстарын ата.....

-Сен үшін маңызды ақпарат болды....





Кері байланыс тақтайшасы