Файл: Білім беру йымы Жамбыл Жабаев атындаы 15 тірек мектебі Блімі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.11.2023
Просмотров: 144
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Білім беру ұйымы | Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі | |||||
Бөлімі | Азаматтық және патриотизм | |||||
Педагогтің аты жөні: | Акдаулетова С | |||||
Күні: | | |||||
Сынып: | 8 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||
Сабақтың тақырыбы: | Отанға арналады | |||||
Сабақтың мақсаты: | Челендж сөзінің мағынасын ашу. Отанын сүюге,құрметтеуге тәрбиелеу. | |||||
Сабақтың барысы: | ||||||
Сабақтың кезеңі (уақыты) | Педагог әрекеті | Оқушының әрекеті | Ресурстар | |||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы Сабақтың соңы | Амандасу. Челлендж - интернет-роликтер жанрының бір түрі. Онда блогер бейнекамерада тапсырманы орындап, оны желіге орналастырады, содан кейін бұл тапсырманы досына немесе қолданушылардың барлығына қайталауды ұсынады. Челлендж сөзінің өзі әдетте «шақыру жіберу» тіркесінің аясында «шақыру» деп аударылады. Сара Тоқтамысовадан еліміздің егеменді ел болған күніне арнау.«Отанға арналады» челенджі Кері байланыс -Сабақтың ең қызықты тұстарын ата..... -Сен үшін маңызды ақпарат болды.... | Челендж сөзіне түсініктеме беру. Арнауды тыңдайды. Челендж ұйымдастыру | https://www.youtube.com/watch?v=HtRh6h0GEiE Кері байланыс тақтайшасы |
Білім беру ұйымы | Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі | ||||||
Бөлімі | Азаматтық және патриотизм | ||||||
Педагогтің аты жөні: | Акдаулетова С | ||||||
Күні: | | ||||||
Сынып: | 8 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы: | Елім деп соққан жүрегім! | ||||||
Сабақтың мақсаты: | Оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. | ||||||
Сабақтың барысы: | |||||||
Сабақтың кезеңі (уақыты) | Педагог әрекеті | Оқушының әрекеті | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы | Амандасу. «Өз елім» әні Әңгімелесу «Туған жер», «туған ел» дегенде ойларыңа не түседі? Туған жер – адамзаттың, кең дүниені есігін ашып, өмірге келген, бізге дейін сан толқын ұрпақтың кіндік қаны мен маңдай тері тамған киелі мекен. Туған ел – «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» – дегендей әркімнің өзінің туған жері, елі, атамекені Туған жерге, елге деген сүйіспеншіліктің түп тамыры не деп ойлайсыңдар? Отанға деген сүйіспеншіліктің түп-тамыры сыйластық, татулық, бауырмалдық, бірлікте болады.Отанды, туған жерді сүю адам өміріндегі ең бағалы құндылық. Өзіңнің кіндік қаның тамып, туып өскен жерің. Жерін басып, суын татып ер жеттік. Сондықтан да елге деген сүйіспеншіліктің түп тамыры деп ойлаймын. Ш.Айтматов айтпақшы, Туған жер, атамекен әр адамның тағдыры. Одан алғангыңды жүрегіңе құя білуің шарт. Туған жерді сүю, өз еліңе байланыпи қалу емес. Жер шарының қай түкпірінде жүрсең де туған жер, Отан – біреу. Оқушылар шығармашылығы | Оқушылар әнді тыңдайды. Сұрақтарға жауап береді. | https://www.youtube.com/watch?v=KVtJdoaLwuo | ||||
Сабақтың соңы | Кері байланыс -Сабақтың ең қызықты тұстарын ата..... -Сен үшін маңызды ақпарат болды.... | | Кері байланыс тақтайшасы | |
Білім беру ұйымы | Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі | ||||||
Бөлімі | Медиасауаттылық және қаржылық сауаттылық | ||||||
Педагогтің аты жөні: | Акдаулетова С | ||||||
Күні: | | ||||||
Сынып: | 8 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы: | Бейнехостинг (YouTube) | ||||||
Сабақтың мақсаты: | Хостинг сөзіне түсініктеме беру. Шығармашылықпен жұмыс жасауға баулу. | ||||||
Сабақтың барысы: | |||||||
Сабақтың кезеңі (уақыты) | Педагог әрекеті | Оқушының әрекеті | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы | Амандасу. ХОСТИНГ ОЛ Сіздің сайтыңыздың интернеттегі орны, яғни сайтыңыздағы материалдардың сақталатын жері. Олар арнайы серверлерде сақталып, ол информацияның қауіпсіздігін хостинг беруші компания қамтамасыз етеді. Ақысын ай сайын немесе жылына бір рет төлейсіз. Хостинг пен қатар домен сөзін де естіген шығарсыз, бұл екеуі әдетте қатар жүреді. Домен ол сіздің сайтыңыздың атауы. Яғни сайтыңыздың атын тіркеуден өткізіп, бұл үшін де жылына бір рет ақшасын төлейсіз. Қазір көптеген хостинг компаниялары 12 айға хостинг ақысын төлесеңіз доменіңізді тегін тіркеп береді. Техникалық емес қарапайым тілде түсіндіріп көрейін. Мысалы сіз бір дүкен немесе бутик ашқыңыз келеді. Ашу үшін алдымен орын керек, яғни бір сауда орталығынан арендаға жер аласыз. Сол жер үшін ай сайын немесе жылына бір рет ақысын төлейсіз. Өйткені ол сіздің жұмыс орныңыз немесе заттарыңыз тұратын, сақталатын жер. Ол жердің үлкен бола ма кішкентай бола ма көлемін өзіңіз анықтап алып сәйкесінше жер іздейсіз. Егер болашақта сыймай бара жатса, кеңейту жолдарын іздейсіз. Хостинг те дәл сондай. Сіздің сайтыңыздың интернеттегі орны, яғни сайтыңыздағы материалдардың сақталатын жері. Олар арнайы серверлерде сақталып, ол информацияның қауіпсіздігін хостинг беруші компания қамтамасыз етеді. Шығармашылық жұмыс | Оқушылар жалпы түсініктеме алады. | https://www.youtube.com/watch?v=jDIlnDkRBw8 Презентация | ||||
Сабақтың соңы | Кері байланыс -Сабақтың ең қызықты тұстарын ата..... -Сен үшін маңызды ақпарат болды.... | | Кері байланыс тақтайшасы | |
Білім беру ұйымы | Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі | ||||||
Бөлімі | Медиасауаттылық және қаржылық сауаттылық | ||||||
Педагогтің аты жөні: | Акдаулетова С | ||||||
Күні: | | ||||||
Сынып: | 8 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы: | Прокрастинация | ||||||
Сабақтың мақсаты: | Мағынасын ашу. | ||||||
Сабақтың барысы: | |||||||
Сабақтың кезеңі (уақыты) | Педагог әрекеті | Оқушының әрекеті | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы | Амандасу. ПрокрастинацияАл мына суреттен нені байқадыңдар? Психологияда прокрастинация дейтін термин бар. Мағынасы – істі кейінге қалдыра салу әдеті, содан туған психологиялық шаршау. Адамның психикасы нәпсіге ауыр кез келген нәрседен қашуға бейім. Сондықтан ауыр істің бәрін кейінге қалдыруға тырысады. Әйтеуір сылтау табуға дайын тұратынымыз содан. Осыны прокрастинация дейді. Бірақ прокрастинацияның асқынғаны түрі кәдімгідей психологиялық дертке әкеледі. Оған шалдыққандарды прокрастинатор дейді. Прокрастинатордың ерекшелігі сонда – еріншек күшін үнемдеуге тырысып, артық жұмыстан қашса, прокрастинатор болса энергия үнемдеудің не екенін білмейді. Қазір істелуі тиіс істі уақытында орындамай, басқа нәрсемен айналысып жүре береді. Яғни, тыным жоқ, мазасыз келеді. Істі істеудің орнына әлеуметтік желіні шарлап, ғаламтор ақтарып кетуі мүмкін. Егер прокрастинация күнде болып, бірнеше сағат уақыт босқа кетсе, бұл адамның әлеуметтік жағдайына да, психологиялық жай-күйіне де зиянын тигізеді. Зерттеуге сүйенсек, мұндай адамның жалақысы аз, уайымнан денсаулығы нашар болады екен. Жалқаудан айырмасы Еріншек адам мен прокрастинацияға бейім адамның айырмасы көп. Бір айырмашылығын жоғарыда айттық. Еріншек адам – бір нәрсе істеуден мүлдем қашатын, қолын қимылдатуды қаламайтын жан. Ал прократинация – шаруаны бастаудан тартынатын адам. Біріншісі мүлдем істегісі келмесе, екіншісі істеуге жасқанатындар. Мәселен бір жобаны істеу керек дейік. Еріншек адам жауапкершілік арқалаудан қашып, оны істемеймін деп бірден бас тартады. Ал прократинатор жауапкершіліктен қашпайды, бірақ істі бастап кетуге де бармайды. Стартты ақырын алады. Мұндай адам жобаны кейін жүріп алуы мүмкін. Яғни, бұл жерде айырмашылық ниетте. Жалқау қосымша істі мүлде істегісі келмейді, оның мәніне бармайды. Ал екіншісі "істей аламын, бірақ істегім келмейді" деген ойда жүреді. Бір сөзбен айтқанда, прокрастинация – демалмай жұмыс істеу әрі істі де бітірмеу. Прокрастинацияның себептері Мұның себептері қарапайым. Созылмалы дертке айналмаса, себебін табу оңай. Келесідей себептері болуы мүмкін: - Шешім қабылдай алмау; - Ішкі мотивацияның болмауы; - Жоспарлай алмау; - Қорқыныш пен үрей; - Перфекционизм; - Соңында істей саламын деген жалған сенім. Кейде адамның арман-мақсаты болмауы мүмкін. Өмірлік мақсаты жоқ адамның бір нәрсені істеуге де ішкі сенімі жетпейді. Фобия жетістігі мен жеңісін тұмшалап тастауы мүмкін. Ал перфекционист адам істі үтір-нүктесіне дейін идеал орындауға тырысады. Сол себепті бастап кетуге батпай немесе жібі түзу жолды іздеп, біраз жүріп қалуы мүмкін. Негізі бұл да адамды күйзеліске әкеледі. Арылу жолдары Жоспарлау Жұмысты соңына қалдырмас үшін графикті дұрыс жасап алған абзал. Ең дұрысы жоспарлаған кезде, позитивті жағына басымырақ мән беріңіз. Жоспарлаудың мұндай түрі Нейл Фьроның 1988 жылы жазылған кітабында біршама айтылған. Оның жазғандарын бүгінге де қолдануға әбден болады. Ақырын жүріп, анық бас Адамның істі кейінгі ысыруының бірден-бір себебі – тапсырманың ауырлығы. Сондықтан оқжетпеске қол созбай, шағын, қарапайым деңгейден бастау керек. Істер іс жай, жеңіл болса, оны істеу де оңай. Мәселен, кешке ағылшын тілін оқу керек болса, бүгін ағылшын тілді кітаптың 1-2 бетін оқимын деп жоспар қойыңыз. Оны орындау жеңіл шығар. Маңай тап-таза болсын Істі бастарда, көңіл аударар, кедергі келтірер нәрселерді, дүниелерді алып тастаңыз. Мәселен, жұмыс істеп жатқан смартфонның біршама зияны бар. Хабарламаға жауап беремін деп, басқа нәрсеге көңіл ауып кетеді. Содан концентрация бұзылады. Ал бұл істі істеуге деген ниетті қашырып жіберуі мүмкін. 15 минут Психологияда 15 минут ережесі бар. Яғни, бір сағат жұмыс істеп, 15 минут тынығып алу. Сағат сайын кеткен 15 минутым-ай деп қам жемеңіз. Сол 15 минутқа психологиялық түрде пайдалы болар, шаршағанды басар дүниені істеп қалған абзал. Мәселен, серуендеу, телефонмен сөйлесу. Процестен ләззат алу Бір істі бастауға желкеңіз кері тартып, қол жүрмесе, позитивті амалдар қолданып көруге болады. Яғни, істің пайдалы бір тұсын тапқан дұрыс. Немесе шаруаны позитивті бір нәрсемен ұштастырыңыз. Үйді жуғыңыз келмей ме, онда спортпен байланыстырып қимыл жасап, осы уақытты пайдалы нәрсеге арнауға болады. Шаруаның нәтижесіне емес, процесіне мән беру арқылы да оңды тұсын табуға болар. | Бұл сөз сендерге таныс па? Жалпы түсінік алу | https://www.youtube.com/watch?v=_cdAI68clnI | ||||
Сабақтың соңы | Кері байланыс -Сабақтың ең қызықты тұстарын ата..... -Сен үшін маңызды ақпарат болды.... | | Кері байланыс тақтайшасы | |
Білім беру ұйымы | Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі | ||||||
Бөлімі | Медиасауаттылық және қаржылық сауаттылық | ||||||
Педагогтің аты жөні: | Акдаулетова С | ||||||
Күні: | | ||||||
Сынып: | 8 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы: | Отбасылық табыс. | ||||||
Сабақтың мақсаты: | Отбасы бюджетін үнемдеу жолдарын анықтайды. | ||||||
Сабақтың барысы: | |||||||
Сабақтың кезеңі (уақыты) | Педагог әрекеті | Оқушының әрекеті | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы | Амандасу. Миға шабуыл -Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай? Отбасы бюджеті дегеніміз -әрбір отбасының кірісі мен шығысы есептеліп жасалған қаржылық жоспар. Отбасы бюджеті: Кірістер Зейнетақы,айлық жалақы,жәрдемақы,үкіметтен алған сыйақылар,шәкіртақы..... Отбасы бюджеті: Шығыстар Ақша,киім-кешектер,жиһаздар, қажетті техникалық құралдар,азық-түліктер.... Ақшаны үнемдеудің ең тиімді тәсілі- жоспарлау. № 1 кеңес. Шығыс пен кірісті жоспарлаңыз Ескерерлік жайт, кейбір адамдар өздерінің табыстарының нақты сомасын білмеуі мүмкін. Мұндай жағдайда отбасылық бюджетті қалай үнемдемекпіз? № 2 кеңес. Несиеге «жол жоқ» Қаржы кеңесшілерінің айтуы бойынша, егер несиеге алынатын зат оны төлеу уақытынан ұзақ қызмет ететін болса, ары қарай табыс табуға септігін тигізетін болса, несие алған дұрыс. Мәселен, кәсіпкерлікті кеңейту үшін несие алуға әбден болады. Ал басқа мақсатта алынған несие – адамның өз ақшасын тиімді басқара алмайтынының көрсеткіші. Егер, Сіз, бүгін бір затты алу үшін ақша жинай бастамасаңыз, кейін мүлде қиналып қалуыңыз мүмкін. № 3 Ақшаңызды жинаңыз Отбасылық бюджетті үнемдеу үшін, ай сайынғы табысыңыздың 10%-ын жинақтауға кеңес береміз. Бұл сома айтарлықтай көзге көрінбегенімен, кейін қомақты қаржыға айналары сөзсіз. Қолыңызға күтпеген жерден ақша түссе, оны жұмсамай, жинақтаңыз немесе қарыздарыңыздан құтылып алыңыз. № 4 кеңес. Жоспарсыз сауда жасаңамыз Дүкенге барып, өзіңіз қатты қалап тұрған затты сатып алмас бұрын жақсылап ойланыңыз. Осы оймен ұйықтап көріңіз. Таңертең оянғаныңызда бұл зат бұрынғыдай ерекше әрі сатып алуға тұрмайтындай көрінуі мүмкін. Мұндай «қажетті» заттарға: опа-далап, арзан аяқ-киім, ұсқынсыз жемпірлер мен жеңілдікпен алынған техниканы жатқызуға болады. Аталған заттар тек бір күндік қуаныш әкелуі мүмкін. Одан да қымбат әрі сапалы дүние алғаныңыз артық. Олар сізге ұзақ уақыт қызмет ете алады. № 5 кеңес. Дүкенге жұмыс күндері барыңыз Ұзақ мерзімді картоп, макарон, қант, жарма сынды тауарларды көтерме саудада үлкен қапшықтармен сатып алыңыз. Осылайша сіз ақшаңызды ғана емес, уақытыңызды да үнемдейсіз. Әркез сатып алуды қажет ететін нан, сүт өнімдерін дүңгіршектерден алған дұрыс. Үлкен дүкендердегі түрлі тауарлар мен науқандар көздің жауын алып, артық шығынға әкеліп соғуы мүмкін. № 6 кеңес. Тізімді қадағалаңыз Адам дүкенге барған кезде, міндетті түрде жарма, етті, сүтті өнімдермен қатар тәтті әрі зиянды өнімдерді де сатып алады. Тізімнің 30%-ын қытырлақ картоп, майлы жаңғақ сынды айтарлықтай қажеті жоқ тауарлар алады. № 7 кеңес. Ұсақ-түйекке жол бермеңіз Көше тамағы, шоколад, автоматтағы кофе, сағыз секілді ұсақ-түйектер отбасылық бюджетке жіті әсер етеді. Оның орнына кір жуғыш машинаны сатып алған әлде қайда арзан әрі тиімді. Мәселен жоғарыда атап өтілген тауарлардың бағасы арзан болғанымен, жинала келе қалтаңызды қағуы әбден мүмкін. Егер осы шығындарды жазып отырсаңыз, оны баяғыда байқаған боларсыз. № 8 кеңес. Үйде тамақтаныңыз Көпшілік сырттан тамақтанғанды ұнатады. Жол жөнекей коктейль ішіп, пицца жегіңіз кеп қалады. Салат пен бір стақан шырынды сатып алғаннан келіп кетер ештеңе жоқ секілді көрінеді. Десе де, жинала келе бір ай ішінде айтарлықтай шығын шығаруы мүмкін. Әрине, бюджетті қадағалаймын деп, мүлде өзіңізге шектеу қоймаңыз. Әрбір шығыныңыз алдын ала жоспарлансын. № 9 кеңес. Қымбат әрі сапалы заттар сатып алыңыз «Арзан дүние алатындай жағдайымыз керемет емес» деген сөз әлі күнге дейін өз күшін жойған жоқ. Жақсы әрі сапалы аяқ-киім ұзақ қызмет етері сөзсіз. Әр мезгіл сайын жөндетуді және ауыстыруды қажет етпейді. Нәтижесінде қымбат зат өз бағасын толығымен өтейді. Сонымен қатар киім, техника, косметика мен тамақтың да қымбат болғаны дұрыс. Сапасы жоғары дүниенің бағасы арзан болмайды. № 10 кеңес. Тазартқыш құралды үнемдеңіз Түрлі тазартқыш ұнтақтар мен еден жууға арналған арнайы сұйықтықтардың бағасы көкке шарықтап тұр. Кейбір фирмалар арнайы концентраттар өндіреді. Олардың бағасы қымбат болғанымен, ұзақ мерзімге жетеді және аз шығындалады. Бағасын көре сала теріс айналмай, қызмет ету мерзімін есептеп көріңіз. Осы кеңестерді өмірде қолданып жүрсеңіз, көп ұзамай ақшаңыздың демалысқа шығуға да жаңа ұялы телефон алуға да жеткілікті екенін байқайсыз. Осылайша сіз өз бюджетіңізді жоспарлауды үйренесіз. Отбасылық бюджетті үнемдеу – қарапайым әйелді нағыз ханшайымға айналдыра алатын, керемет өнер. | Бейнесюжетті тамашалайды Түсінік қалыптастырады. Мамандар кеңесін тыңдайды. | http://youtube.com/watch?v=R-U_Lu733c8 | ||||
Сабақтың соңы | Кері байланыс -Болашақта үнемдеу схемасын құруға ниет бар ма? | | Кері байланыс тақтайшасы | |