Файл: Білім беру йымы Жамбыл Жабаев атындаы 15 тірек мектебі Блімі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.11.2023
Просмотров: 145
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Білім беру ұйымы | Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі | ||||||
Бөлімі | Азаматтық және патриотизм | ||||||
Педагогтің аты жөні: | Акдаулетова С | ||||||
Күні: | | ||||||
Сынып: | 7 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы: | Өзге тілдің бәрін сүй, өз тіліңді құрметте! | ||||||
Сабақтың мақсаты: | Оқушыларға тілдің маңызын түсіндіру, оқушылардың ана тілі туралы ой-пікірлерін білу, оқушыларды ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу. | ||||||
Сабақтың барысы: | |||||||
Сабақтың кезеңі (уақыты) | Педагог әрекеті | Оқушының әрекеті | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы | Амандасу. Миға шабуыл -Бұл кісінің жан айқайы не деп ойлайсыңдар? -Бүгінгі күннің өзекті тақырыбы қандай? Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы — әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс. Құрметті ақынымыз Қадыр Мырзалиев: Ана тілің – арың бұл Ұлтың боп тұр бетте Өзге тілдің бәрін біл Өз тіліңді құрметте – деген тұжырымы бұл,барлығымызға қойылатын талап. Халық даналығы «Ананың балаға берер ең асылы тілі» дейді. Ендеше анамның тілін мен құрметтеп, оны мақтан етемін. Ана тілі деп аталуы да содан, сондықтан оны ұмыту, білмеу бұл үлкен қателік. Осыны түсінсе деп ойлаймын. Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың өткені, бүгінгісі, болашағы.Қазақ тілі өзінің даласындай бай. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап, еркін есіп тұрады. Қазақ тілі қасиетті қазақ домбырасының үнімен үндесіп жатады. Ана тілі – бұл әкенің тілі, туған халықтың тілі.Ана тілін біз кішкентай кезімізден әке-шешемізден, әжеміз бен атамыздан біле бастаймыз.Ана сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңеді. Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадыр-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан кез келген мемлекет өзінің аумағында салт-дәстүрін, ана тілін айрықша қорғайды..Тіл арқылы біз оқып, білім аламыз, қалаған мамандықты игереміз.Тіл арқылы даналар сөзін оқып білеміз, одан ғибрат аламыз. “Өнер алды – қызыл тіл” деген осыдан шыққан болар. Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді.Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі.Әр халықтың өзінің ана тілі бар. Тіл – жеке адам ойлап тапқан туынды емес, ол барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті. Сол халықтың мәдени әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні бар киелі ұғым.Тіл – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. «Тіл – еліміздің іргетасы» | . Оқушылар бейнесюжетті көріп,ой қозғайды. Оқушылар мегажоба жасайды. | http://youtube.com/watch?v=TK-cL8icepg | ||||
Сабақтың соңы | Кері байланыс -Бүгінгі сабақтан не қызық болды? -Бүгін сабақта қиын болды... -Бүгінгі сабақта қоржыныма саламын.... | «ҚҚҚ» әдісі | Кері байланыс тақтайшасы | |
Білім беру ұйымы | Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі | ||||||
Бөлімі | Азаматтық және патриотизм | ||||||
Педагогтің аты жөні: | Акдаулетова С | ||||||
Күні: | | ||||||
Сынып: | 7 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы: | Өз елін танымал еткен тұлғалар | ||||||
Сабақтың мақсаты: | Жалпы тұлға сөзін ұғына отырып,еліне танымал тұлғалар туралы бейнеролик жасайды. Оларға құрметпен қарап үйреніп,болашаққа деген өз мақсаттарын айқындайды. | ||||||
Сабақтың барысы: | |||||||
Сабақтың кезеңі (уақыты) | Педагог әрекеті | Оқушының әрекеті | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы | Амандасу. Миға шабуыл -Бейнебаяннан нені байқадыңдар? -Не себепті ана қызды қасқырларға тастап,ұлды алып кетті? Әлем адамды өзгерте алмайды, бірақ адам әлемді өзгертуі әбден мүмкін. Адамзат баласының дамуы, әлемнің дамуы. Әр заманның өз тұлғасы, танымал азаматы болады. Қазақтың өткен тарихына көз салған адам еліміздің арғы-бергі тарихында көптеген ел басқарған хан-сұлтандар, қол бастаған жаужүрек батырлар және сөз ұстаған ділмәр би-шешендер өткенін байқайды. Бұл сөз жоқ өткен тарих. Еліміздің мақтанышы. "Ел тұлғаны жасайды, Тұлға елдің атын шығарады" демекші, тарихты тұлғалар жасайды. Мысалы: Томирис, Күлтегін, Абай және Абылай хан десек, санамызға сол дәуір мен үлкен тарихи оқиғалар еске оралады. Осы есімдер арқылы ұлттың рухы жаңғырады, төл мәдениетін таниды. Сонымен қатар, республиканың түкпір-түкпірінде жүрсе де, туған жердің атағын шығарып жүрген жерлестеріміздің еңбектері, суреттері мен жасаған ерліктері каншама. Қазақ даласынан шығып әлем өркениетіне үлес қосқан тұлғалар аз емес. Мысыр асып ел билеген - Бейбарыс, Түркі даласынын тарихын тастақ ашаған- Күлтегін, Әл фараби, Яйсауи, Жүгенекей, Қашғариллар секілді тұлғалар жахан ғылым біліміне нұрын шашқан. Бұл тұлғалардын мұралары бугінге дейн жетті. Тұлға болмаса өркениетті өмір жоқ. Оған қоса сапалы білім, еселі еңбек, өнiктi өнiм де болмақ емес. Сондай-ақ тұлға болмаса, ғылым мен мәдениетте, өндірісте бәсекелестік те болмайды. Корыта айтканда, Туған өлкемізден шыққан өнер және мәдениет қайраткерлерінің мұраларын ұрпаққа ұлықтап, тарихты таныту, рухани кәдеге жарату мұрат тұтқан ұрпақтың перзенттік парызы. Өйткені, өз халқына қалтқысыз қызмет еткен ата-бабаларға деген ұрпақ ізет әрбір азаматтың көкірегінде желкен жайып, көктеп тұрары даусыз. «Еліміздің мақтанышы» | Оқушылар бейнебаянды көреді, сұрақтарға жауап береді. Жалпы қазақ елінің тұлғалары жайында түсінік алады. Оқушылар тақырыпқа сай бейнеролик даярлайды. | http://youtube.com/watch?v=_iyllyQvlFw Интербелсенді тақта | ||||
Сабақтың соңы | Кері байланыс -Сабақтан алған әсерім.... -Алға қойған мақсатым.... | | Кері байланыс тақтайшасы | |
Білім беру ұйымы | Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі | ||||||
Бөлімі | Азаматтық және патриотизм | ||||||
Педагогтің аты жөні: | Акдаулетова С | ||||||
Күні: | | ||||||
Сынып: | 7 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы: | Тарих беттерінен | ||||||
Сабақтың мақсаты: | Оқушыларды еңбексүйгіштікке, адалдыққа, отаншылыққа, төрт түлікті қадірлеп-қастерлеуге тәрбиелеу. | ||||||
Сабақтың барысы: | |||||||
Сабақтың кезеңі (уақыты) | Педагог әрекеті | Оқушының әрекеті | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы | Амандасу. «Білім – білікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік – сол білімді іске асыра білу дағдысы» — деген ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынов. Ойын 5 турдан тұрады. 1- ТУР ОЙЛАН ТАП 2-ТУР БҰЛ КІМ? 3-ТУР СУРЕТТЕР СӨЙЛЕЙДІ 4-ТУР ТӘУЕЛСІЗДІК ШЕЖІРЕСІ 5-ТУР ҰШҚЫР ОЙ 1-Тур ОЙЛАН ТАП 1 топ.
2 топ.
1 топ. 1. РХЕАГИЯОЛО – заттай деректер бойынша адамзат тарихының ежелгі кезеңін зерттейтін ғылым.
2 топ. 1. ГРАЭТФИЯНО – әр түрлі халықтардың тұрмыс-тіршілігін зерттейтін ғылым.
2-ТУР «БҰЛ КІМ?» 1 топ.
2 топ.
1778 ж. ІІ Екатерина оны орта жүздің ханы етіп бекітті. Тұңғыш рет дауыс беру арқылы сайланған, қытай елімен тұңғыш сауда қатынасын жолға қойған қазақ ханы. Абылай хан 1771-1781 ж.ж.
Ыбырай Алтынсарин 1841-1889 ж.ж.
3-ТУР СУРЕТТЕР СӨЙЛЕЙДІ 1 топ.
ХІІІ-XIV
2 топ.
4-ТУР ТӘУЕЛСІЗДІК ШЕЖІРЕСІ 1 топ.
2 топ.
1995 жыл, 30 тамыз
(алтын адам және жолбарыс)
5-ТУР ҰШҚЫР ОЙ Берілген сөздерді пайдаланып, «Тарихыңды таны, жас ұлан» тақырыбындағы мәтін құра. Берілген сөздер: Отан, Атамекен, бабалар арманы, көне жазбалар, тарихи тұлғалар, болашақ, Қазақстан, ана тілі, ескерткіштер, ата-баба мұрасы, ұрпақ. Топпен жұмыс, флипчарт қағазға жазу. | Ой-толғау Оқушылар топқа бөлініп интелектуалды сайысқа түседі. | Интербелсенді тақта | ||||
Сабақтың соңы | Кері байланыс -Бүгінгі сабақтан алған әсеріңмен бөліс | | Кері байланыс тақтайшасы | |
Білім беру ұйымы | Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі | ||||||
Бөлімі | Медиасауаттылық және қаржылық сауаттылық | ||||||
Педагогтің аты жөні: | Акдаулетова С | ||||||
Күні: | | ||||||
Сынып: | 7 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы: | Телефон алаяқтары: не істеу керек? | ||||||
Сабақтың мақсаты: | | ||||||
Сабақтың барысы: | |||||||
Сабақтың кезеңі (уақыты) | Педагог әрекеті | Оқушының әрекеті | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы | Амандасу. Миға шабуыл -Алаяқ деген сөзінің мағынасы қандай? -Алаяқтықтың қандай түрлері бар? Неден сақтану керек? Алаяқтар қолданатын әлеуметтік инженерияның заманауи әдістері тіпті тәжірибелі және қаржылық сауатты адамды да шатастыруы мүмкін. Сондықтан азаматтардың қаражатты жоғалтуына байланысты көп жағдайларда зардап шеккендер шотқа қол жеткізу үшін барлық қажетті ақпаратты алаяқтарға өздері хабарлайды. Сонымен қатар, алаяқтар көбінесе нақты телефон нөмірін жасыратын арнайы бағдарламалық жасақтаманы пайдаланады. Сондықтан, сіздің телефоныңызда банктің таныс нөмірі болса да, бұл сөзсіз сенімге себеп емес. Егер күмәніңіз болса, дереу жедел желі нөмірін немесе Банктің call-орталығын қолмен теріңіз – оларды әрқашан банк картасының артқы жағынан немесе банктің ресми сайтынан табуға болады. Алаяқтар өздерін қалай жасырады? Алаяқтар әдетте өздерін қаржы ұйымының қауіпсіздік немесе киберқауіпсіздік бөлімінің қызметкерлері ретінде ұсынады және «жүйе іске қосылып кетті» деп хабарлайды. Олардың айтуынша, дәл осы сәтте «клиенттің картасы немесе шоты бойынша күдікті операция жүргізіледі». Оны тоқтату үшін Сіз дәл қазір банк ұялы телефонға жіберетін код сөзін немесе SMS кодын атауыңыз керек. Сонымен қатар, алаяқтардың өздері картаның толық мәліметтерін және тіпті оның иесінің жеке куәліктерінің деректерін атайды. Қазіргі кездегі қылмыскерлер психологиямен жақсы таныс: жылдам және сенімді түрде сөйлейді, кәсіби терминдерді пайдаланады, офистің жұмысына ұқсайтын дыбыстардың реңін келтіреді. Осының барлығы олардың сеніміне кіруге көмектеседі және әңгімелесушінің қырағылығын төмендетеді. Бұл ретте олар клиентті асықтырады және қорқытады, оның сезіміне қысым жасайды және түзетілмейтін кемшіліктің болғанына сендіреді. Егер адам қобалжитын болса немесе ақпаратты ашудан бас тартса, оны оның картасындағы және шоттарындағы ақшаны осы қазір жоғалтады деп қорқытады. Осындай жағдайда не істеу керек? Егер банктің қауіпсіздік қызметіненмін немесе тіпті «жеке менеджеріңмін» деп қоңырау шалса, әңгімені бірден үзіп, тұтқаны қойған дұрыс. Себебі банктің қызметкері ешқашан осы деректерді сұрамайды және бірінші болып қоңырау шалмайды. Сонымен қатар, нағыз банк менеджеріне сіз туралы ақпаратты: тегіңізді және төлқұжат деректеріңізді, ресімделген карталарды және олардың деректемелерін, сондай-ақ ақша қаражатының қалдығын нақтылау үшін қоңырау шалудың қажеті жоқ. Банкте сіздің толық қаржы мәліметі ңіз және кредит тарихыңыз бар. Сондықтан банктің қызметкерлері осы мәселе бойынша ешқашан қоңырау шалмайды. Бұл ақпараты алаяқтар үшін ғана маңызды. Банктің қызметкерлері сізден операцияларды және ақы төлеуді жүзеге асыру үшін қажетті банк картаңыздың деректерін мүлдем сұрамайды. Тіпті автоматтандырылған банк жүйелерінен келетін SMS-те де «Кодты ешкімге, тіпті банктің қызметкерлеріне де бермеңіз» деп көрсетіледі. Картаның қолданылу мерзімін де, CVC/CVV-кодтарды (сыртқы жағында көрсетілген үш мәнді код), код сөзін және ақша қаражатының қалдығын айтуға болмайды. Егер сіздің картаңыз немесе шотыңыз бойынша расында да күмәнді операциялар жүргізілсе, банк оларды оқшаулайды және картаңызды бұғаттап тастайды, ол туралы мобильдік қосымшада немесе SMS арқылы хабарлайды. Сол кезде сіз өзіңіз не call-орталық, не бөлімшесіне бару арқылы банкпен өзара іс-қимыл жасай бастайсыз. Осылайша, қаржы ұйымының «қауіпсіздік аясында» боласыз. Хабарласып тұрған адамның не айтқанына қарамастан, ешқашан үрейге берілмеңіз, тұтқаны қойып, банктің call-орталығына өзіңіз хабарласыңыз. Алаяқтық қаржылық алаяқтық қана болмайды Соңғы екі жылда алаяқтық қылмыстың ең кең тараған түрлерінің бірі болып табылады. Қылмыстың жалпы құрылымында алаяқтықтың үлесі 10%-дан 13,3%-ға дейін өсіп, ұрлықтан кейін екінші орында тұр. Телефонмен жасалатын алаяқтық түрлерінің ішінде құқық қорғау органдардан хабарласып тұрмыз-дейтін алаяқтықты атап өтуге болады. Ол қаржылық алаяқтыққа тікелей жатпаса да Fingramota.kz олар жайында да ескертеді. Біріншіден, алаяқтар құжаттар мен түрлі хабарламаларды қолдан жасау үшін бағдарламалық қамтылымды пайдалануы мүмкін. Егер сіздің ақпаратыңыз қандай да бір жолмен алаяқтардың қолына түссе, олар, мәселен, салық органынан және прокуратурадан жалған хат жазып, оны сіздің электрондық поштаңызға немесе мессенджерлер арқылы жіберуі мүмкін, содан кейін алаяқ өзі жеке хабарласып, қорқытып, бопсалап, «жақсылықпен келісуді», мысалы, сіз электрондық әмиянға белгілі бір соманы жіберсеңіз, іс одан әрі насырға шаппайды деуі мүмкін. Пара беру қылмыс екенін атап өтеміз. Сондықтан да мәселені ешқашан пара беріп шешуге болмайды. Сонымен бірге егер расында айыппұлыңыз болса, алаяқтарға жіберген аударым сізді одан босата алмайды. Кейде алаяқ сіздің берешегіңіз туралы біліп алып, сізден ақша сұрайды, одан соң ізін суытады. Айыппұлыңыз бен берешегіңіз одан ешқайда кетпейді. Алаяқтардың түрлері мен әдістері көп Сонымен, алаяқтықтың өте күрделі тәсілі ішкі органдардың атын жамылып, солардың атынан қоңырау шалу болып табылады. Алаяқтар сіздің танысыңыздың, досыңыздың немесе туысыңыздың ісімен айналысатын заң қызметкері ретінде өздерін таныстырады. Олар үлкен проблемаларға тап болды, ауыр қылмыс жасады дегендей. Мысалы, ол адамды қағып кетті, немесе біреуді ұрды, немесе террористік ұйымда бой көрсетті немесе ауыр есірткі түрін таратты дегендей. Қалай болғанда да, жасалған қылмыс өте ауыр, ал оның салдары тіпті қорқынышты болатындай етіп көрсетіледі. Сосын мәселені белгілі бір ақша мөлшерімен шешуге болатынын айтады. Бір жағынан, бұл адамға әсер ету үшін жеткілікті, екінші жағынан, ақша соншалықты төлей алмайтындай көп емес. Негізінен, мұндай алдаудың құрбаны қарттар болып келеді, олар жақын адамдарына көмектесу үшін соңғы ақшаларын беруге дайын. Әдетте абоненттің қоңырауларға қол жеткізе алмауы - қосымша стресс фактор. Алаяқтар мұны да біліп алуға тырысады. Сұрақтарды осы сәттен бастаған дұрыс. Әлеуетті күдікті қай полиция бөлімшесінде? Оған қандай бап тағылып отыр? Қылмыстық әрекет қашан жасалды? Адвокаттың көмегі көрсетілді ме және бұл адвокаттың аты кім? Бұдан басқа, ҚР ІІМ жедел желі телефонына және өзіңіздің аудандық полиция бөлімшесіне қоңырау шалуыңыз керек. Қандай жағдайда болмаса да абыржымаңыз. Ақшаны бейтаныс адамдарға бермеңіз және олардың шотына аудармаңыз. | Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Оқушылар жалпы түсінік алады. | http://youtube.com/watch?v=rYjtYNxLp_o | ||||
Сабақтың соңы | Кері байланыс -Тақырыпқа сай ережелер құру. | | Кері байланыс тақтайшасы | |
Білім беру ұйымы | Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі | ||||||
Бөлімі | Азаматтық және патриотизм | ||||||
Педагогтің аты жөні: | Акдаулетова С | ||||||
Күні: | | ||||||
Сынып: | 7 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы: | Табысты арттыру жолдары | ||||||
Сабақтың мақсаты: | | ||||||
Сабақтың барысы: | |||||||
Сабақтың кезеңі (уақыты) | Педагог әрекеті | Оқушының әрекеті | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы | Амандасу. Постер құрастыру Табыс деген не? Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда, Үлкен бақыт табу үшін ғаламда, Үлкен болып қалу үшін ғаламда Үлкен арман керек екен адамға (Әбу Насыр Әл-Фараби) Кеңес Табысқа жету жолдары АРМАНДАУ ҮНЕМДЕУ АЛДЫНА МАҚСАТ ҚОЮ ОҚУ ЖӘНЕ ОҚУ ЕҢБЕК ЕТУ «Кез-келген қиындықтың астында үлкен мүмкіндіктер жатыр» (Шагармэн) Ойын: «Әріптер сыр шертеді» Берілген 4 әріпті таңдап алады.Мен сұрақ қоямын.Сол сұраққа әріптеріңе сәйкес қызықты етіп жауап бересіздер. 5 сұрақ қойылған сайын дұрыс жауап бермеген оқушы ойыннан шығып отырады. Сұрақтар: Сабаққа дайындығың қалай? Жасың нешеде? Аяқ астынан лотериядан миллион ұтсаң не істер едің? Қазіргі көңіл-күйің қандай? Ұнататын адамыңның аты? Шашыңды немен тарайсың? Өтірік атың кім? Қандай мамандық таңдадың? Өкпелеме ,өкінбе өміріңе Өмір,өмір болмайды түңілуге Мәңгі сені жазбаған сүрінуге Қайта тұрып хақың бар жүгіруге. (Мұқағали Мақатаев) | Оқушылар постер құрастырады Табысқа жету жолдарымен танысады. Нақыл сөздің мағына сын ашу. Әр топтан 4 оқушы шығады. | А 4 қағазы Интербелсенді тақта | ||||
Сабақтың соңы | Кері байланыс -Сабақтан алған әсерің қандай? | | Кері байланыс тақтайшасы | |