Файл: Сабаты таырыбыЖылу былыстары тарауын айталау Сабатымасаты.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.11.2023
Просмотров: 24
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Пәні: Физика,8 - сынып
Сабақтың тақырыбы:«Жылу құбылыстары» тарауын қайталау
Сабақтыңмақсаты: Оқушылардың тараудан алған білімін жүйелеу, қайталау, бекіту.
Сабақтың міндеттері:Оқушының әр қарастырылатын құбылыс пен физикалық заңдар,формулалар байланысын ашып,таба білу дағдысын жетілдіру. Қоршаған ортамен байланысты түрлі құбылыстардың мәнін ашуда оқушылардың ой - қиялын дамыту және пәнге қызығушылықтарын дамыту.
Қолданылатын модуль:«Білім берудегі жаңа тәсілдер»,«Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету»,«Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау», «АКТ пайдалану» «Оқытудағы басқару және көшбасшы».
Әдіс – тәсілдері: Диалогтік оқыту , сын тұрғыдан ойлау стратегиялары, топтық жұмыс:«Диалог»,«Ой қозғау»,« Сәйкестікті тап», «Ойлан,тап», «Ғажайып ұяшық».
Ресурстар: интерактивті тақта, слайд, флипчарт, электронды оқулық,зертханалық құрал-жабдықтар, карточкалар, бағалау парағы, стикерлер, түрлі-түсті маркерлер.
Нәтиже:Жағымды психологиялық ахуал қалыптасады,тез ойланып, нақты жауап беруге дағдыланады,топ болып жұмыс істеуге дағдыланады.Көрсетілген құбылыстар бойынша ойларын қорытындылайды, зейіні тұрақтанады,пікір алмасады.
Жоспар мазмұны | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Кіріспе Ынтымақтастық атмосферасын құру. Топқа бөлу. Ой қозғау Негізгі бөлім Сыныптан тыс жұмыстың мақсатын айту. Қайталау 1 бөлім «Бәйге» 2бөлім «Физикалық эксперимент» 3 бөлім «Ғажайып ұяшық» Топтарға тақырып бойынша жоба қорғау тапсырылады. Сергіту сәті Жаңа білімді бекіту«Сәйкестікті тап» Ой қорыту ҚорытындыБағалауРефлексия. | Оқушыларды қарсы алу, қал-жағдайларын, көңіл-күйлерін жайлы сұрау. Физика - табиғаттың тілі екен ғой, Көз тартар табиғаттың сыры екен ғой. Салған ән, айтылған сөз, ішілген ас, Бәрінің бағынары физика ғой. Ұққанға табиғаттың сыры терең, Дегенге оқып, зерттеп, көрем, білем, Демесең болсын егер еңбегім еш, Әуелі физиканы оқы дер ем. Б із бұған дейін қандай жылулық процестермен таныстық? І.Диалог құру1-топ. «Галилей» 2-топ. « Ньютон» 3-топ. «Ломоносов» 4-топ. «Джоуль» Бірінші бөлімде интерактивті тақтада ағаштың суреті тұрады. І топ сұрақтары 1.Заттың күйлерін атаңдар?(сұйық, қатты,газ) 2.Судың қайнау температурасы? (1000С) 3.Ішкі энергияны өзгерту тәсілдері? (жұмыс жасау, жылу беру) 4.Жылу берілу кезінде дененің алған немесе жоғалтқан энергиясы? (жылу мөлшері) 5.Ішкі энергияның өлшем бірлігі? (Джоуль) ІІ топ сұрақтары
ІІІ топ сұрақтары1.Көлемін де, пішінін де сақтайды. Заттың қандай күйі?(қатты) 2.Неге орта Азия елдері ыстық күндері мақтадан жасалған киімдер киеді?(мақта нашар жылу өткізгіш) 3.Температураны өлшейтін құрылғы қалай аталады?(термометр) 4.Будың сұйыққа айналу процесі? (конденсация)5.Қатты күйден сұйыққа айналу процесі? (балқу)ІVтоп сұрақтары 1.Судан шыққан адам неге тонады?(кебу кезінде жылу денеден алынады) 2. Тон жылытады деген сөз неліктен айтылған?(жүннің арасында ауа бар, ауаның жылуөткізгіштігі нашар ) 3. Неліктен аязда металл ағаштан салқындау, ал қыздырғанда ыстықтау болып келеді?(металл жақсы жылуөткізгіш)4. Мұздың балқу температурасы? (О°С) 5. Сұйық күйден қатты күйге өту процесі қалай аталады? (қатаю)Дұрыс жауап берілген сұраққа жұлдызша беріледі. Әр дұрыс жауап бір ұпай.Физикалық эксперимент 1-топ. «Галилей» 2-топ. «Ньютон» 3-топ. «Ломоносов» 4-топ. «Джоуль» Топтардың жауабын тыңдау Дұрыс жауап ұяшықтағы ұпаймен бағаланады. Өзара бағалау Мұғалімнің бағалауы Мұғалім стикерлер таратады. | Оқушылар мұғаліммен амандасады,сұрақтарға жауап береді. Оқушылар топқа бөлініп, орындарына жайғасады. 1-топ. «Галилей» 2-топ. «Ньютон» 3-топ. «Ломоносов» 4-топ. «Джоуль» Жүректен–жүрекке арқылы оқушылар бір-біріне жылы лебіздер айтады. Оқушылар сұрақтарға жауап береді Оқушылардың ойларын тыңдау Бағалау парақшалары бойынша өз-өздерін, топтарды бағалайды Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы ағаш жапырақтарын толтырады. Эксперименттік тапсырма: «Парафиннің балқуын бақылау»,«Ауаның ылғалдылығын анықтау» , «Судың қайнау процесін бақылау», «Жылу өткізгіштік» туралы тәжірибе жасап, постер құрып, қорғайды,2 жұлдыз, бір тілек арқылы топтар өзара бірін-бірі бағалайды. Бағалау парақшалары бойынша өз-өздерін, топтарды бағалайды. Кері байланыс парағы: Бағалау критерийі бойынша оларды бағалау. Бүгінгі жұмыстарына пікір жазады. |