ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.11.2023
Просмотров: 40
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Садақ ату, атадан қалған аманат
Мақсаты:
Балалардың ептіліктілігін, икемділігін, мергендіктерін дамыту арқылы ұлтжандылыққа, спортты сүюге тәрбиелеу.
Ежелгі заманынан бері көшпелілердің иығынан түспеген, қазақтың дәстүр-салтымен біте қайнасқан қымбат мұра бар. Ол – садақ. Қазақ тарихында оқ пен жебені жанына серік етіп, құралайды көзге атқан мергендер әр заманда болған.
Шыдамдылық, жүйке мықтылығы, өткір көз және қуатты қол – осының барлығы садақпен атқанда жеңіске жету үшін қажет.
Archery: A Global Legacy
The goal:
Education of patriotism, love of sports by developing flexibility, dexterity, marksmanship of kids.
There is a precious heritage that nomads have always carried with them since ancient times, which is intertwined with Kazakh traditions. It is a bow. In the history of Kazakh, there were archers who took bullets and arrows with them in different eras. Patience, nerve strength, a sharp eye and a strong hand are all needed to win archery.
Құрылысы:
Садақты үйеңкі, басқа да қатты ағаш шыбықтарын доғаша иіп, екі ұшын қайыспен керіп жасайды. Күрделі садақтың сыртқы бетіне сіңір тартылып, ішкі жағы мүйізбен қапталады, кейде ортасы мен екі шетіне сүйек бастырма қағылады. Садақтың ағашына керілген жіптің атаулары — кіріс, адырна, қайыс. Кіріс — садақтың керме бауы, қайысы Адырна — садақтың кермесі, яғни садаққа иіп тартылған қайыс. Садақшының жарағына кіретін нәрселері: жебе салынған қорамсақ, қолды жебеден сақтайтын жапсырма, садақ тартатын, қолды сақтайтын қолғап немесе саусақ киер.
Садақ ату жарысы ғимаратта не көшеде болсын әрқилы арақашықтықтарда өткізіледі. Сондай-ақ әртүрлі ату түрлері болады. Нысанаға садақ атуда ойыншылар нысанаға бірнеше жебеден жібереді. Содан кейін нысана жаңа арақашықтыққа жылжытылады, мергендер оған қайтадан жебелер жібереді. Далада садақ атқан кезде мергендер кезекпен қозғала отырып, статикалық (қозғалмайтын) нысаналарға атады, олар кейде аңдар пішінде болулары мүмкін.
Садақ атудан әйелдер үшін нысана 30, 50, 70 м, ерлер үшін 30, 50, 70, 90 м қашықтыққа қойылады. Садақ атудың классикалық және еркін тәсілдері бар. Классикалық түрінде мерген нысанаға бір қырымен, ал еркін тәсілде өзіне қолайлы жағдайда тұрып cадақ атады.
Садақ атудың денсаулыққа пайдасы:
Дене бітімнің сымбатты болуы үшін пайдалы. Сабырлы мінезді қалыптастыруға, өзін-өзін тәрбиелеуге, бойға сенімділік ұялатуға көмектеседі Сондай-ақ қырағылықты арттырады, ал қазіргідей IT-құрылғыларына байланған заманда балалардың көру қабілеті нашарлап кеткені жасырын емес. Бұған қоса, садақ ату омыртқаны шынықтырып, оның түрлі дертке шалынуының алдын алады. Бір садақ ату 20-дан аса килограмм жүк көтергенмен бірдей.
The Health Benefits of Archery:
It is useful for your whole body. Archery can be a great way to improve self-confidence and self-esteem, it also increases vigilance, and it is no secret that children's eyesight has deteriorated in the current age of being tied to IT devices. In addition, archery strengthens the spine and prevents it from various diseases. Shooting one bow is equivalent to lifting more than 20 kilograms.
.