ВУЗ: Казахский национальный медицинский университет им. С.Д. Асфендиярова
Категория: Методичка
Дисциплина: Медицина
Добавлен: 04.02.2019
Просмотров: 11396
Скачиваний: 139
Теріні сақтаудағы қорғаныстық сүзгілер арнаулы сіңірілген құрамдағы іш киім, әскери киім және жұмсақ дулығаның астынан киетін киім болады. Сіңдірілген киім УЗ -ның буы мен тұманындағы улы түтін мен ұнтақ тәрізді заттардан сақтайды, ол улы тамшылы сұйықтық заттардан қорғамайды. Сіңірілген (импрегнированды) киім белгілі бір дәрежеде ауа өткізбейді. Сондықтан табиғи тұрғыда жылу өткізу бұзылмайды. Осындай киімдердің сіңіріліп жасалуы терінің тітіркендіруін тудырмайды. Материалдық серпімділігі де бұзылмайды, көп уақыт жумауға да шыдайды.
Т ы н ы с мүшелерін қорғауда оқшауланып жасалған қорғану аппараттары (ИДА) ,оған жататындар: тыныс алуда атмосфераның құрамындағы зиянды заттарынан қорғайтын противогаз ИП-46(29-сурет), сүзгілі противогаз және респиратор ИП-46. Оттегі жетіспеген жағдайында арналған ИП-46 маятник типті тыныс аппараты.
Тыныс алу, шығаруда кедергі келген жағдайда оқшауланған тыныс аппараты ауада оттегі құрамы 80% және шығаратын ауа құрамындағы газдың СО2 11/2 -2% көбеюі кезінде керек. ИДА дұрыс қолданбаса өкпеде баротравма (жарақат) оттегінің жетіспеушілігі және СО2 - нан улануы болады.
Сүзгілі противогазды пайдаланудың қажеттілігі, оның сол жерде еңбек етуші мамандардың еңбек жағдайына қарап таңдау жасау керек. Противогаздың қорғаныштық қабілетін тексеру, органолептикалық - оның противогаздың қорабынан химиялық заттардың исінің шығуын және лабораториялық әдіспен есептеу жолымен тексеріледі. Есептеу әдісі, противогаздың қорғануын, қуаттылығын анықтау оның бұрынғы қуаттылығымен қораптың ішіндегі ауа температурасын,пайдалану уақытымен залалдану дәрежесін бірге қарастырып анықтайды. Нәтижесінің дәлдігі есепке алынған әдісте көрсеткіш тым жоғары болмауы керек.
Улы техникалық сұйықтықты (ЯТЖ- УТС) анықтауда «өтіп кететін» жағдай, ол оның өзіне тән иісі сәйкестігі болуын ескеріп, көптеген УТС өзінің концентрациясына қарай иісінің болуы, рұқсат етілген нормадан аздап асып тұруы керек. Противогаз қорабының қабілетінің жоқтығынан болған иістің өзінің көрсеткішін дәлелденуге жатпайды. Кейде пайда болған иіс химиялық заттардың «өтіп кететін» белгілерімен болуынан да, егер противогаз қолдануда залалданған ауадағы көп дәрежеде болса, сонымен будың десорбциясы шихтадағы ауа температурасының жоғары көтерілуінен болады.
Әскери еңбектегі химиялық фактордың рөлі
Заманның техникалық прогресі, химия өндірісінің дамуы, химиялық факторлардың өсу қарқыны әскерлер еңбегінде әскер механизациясы кең көлемде жанар, жағармай материалдарының аясы, техникалық сұйықтықпен химиялық заттардың қолданысына ие болды. Оған жататындар: сұйытқыш заттар (аралас этиленгликоль және еріткіштер және т.б.) бензол, кселол, толуол, сальвент- нафта, тежегіштік сұйықтықтар (гликолды негізді аралас бутил және изоамилді спиртті қосындылар) дихлорэтан, төртхлорлы көміртегі, метил спирті, антидетонаторлар (этилді сұйықтық, тетрогидрофурфурилді спирт және т.б.) сұйықтар оның негізі фториролді көмірсулар, аккумуляторлық электролиттер (қышқылдар, негіздер), антибиоденителдер, хлодагенттер, дезинфекциялық препараттар және т.б. осындай бірқатар заттар санның көбеюі химиялық факторлардың өзі , әскери мамандарға да қызметтік міндетін орындауда маңызды роль атқарады.
Осындай мамандарға – автомобиль, шынжыр табанды техника, жеке құрамдағы химиялық, ракеталық, авиациялық бөлімдерде және әскери теңіз күштеріндегі корабль құрылысындағылар да жатады. Оларды тұрақты түрде улы химиялық сұйықтықтармен ,жанар-жағармай жабдықтайтын қоймаларында істейтіндер тікелей қарым қатынаста болады.
Адам организмінде химиялық заттар ингаляциялық жолмен енуі, жұту, тері арқылы және көздің сілемейлі қабығы арқылы енуі мүмкін. Оның ішіндегі ең қауптісі тыныс жолдарымен түсетіндері, өйткені удың тез әсері ішек-қарын жолымен түсунен де қауіпті. Тері жамылғыларымен түсетін улар май және май қышқылдарында еритіндер.
Уланып қалудыңң қауіптілігі ауа температурасының жоғарылауынан, бұл жағдайда техникалық сұйықтықтың булануы болады, енді бірде – тыныс алу тарылады және тері тамырлары кеңейеді.
Созылмалы уланудың клиникалық көрінісі, жіті улануда арнайы айқын көрінісі, әлсіздік синдромдар білінеді - әлсіздік, босаңдық,бас ауруы, кейде ол ас қортылуының бұзылуына әкеледі. Мұндай улану түрлері біртекті, жиі, әртүрлі әсер кезінде және бір-біріне байланыссыз токсикалық заттардың әсерінен туындайды. Сондықтан ондайларға тиянақты диагноз керек және білікті жинақы кәсіптік анамнез, ол жеке құрам еңбегіндегі, негізгі гигиеналық анамнез керек.
Әскери мамандардың улы заттармен залалданып қалу себебі және жағдайларында көздері (жұмыс түрлері) қарай мына төмендегідей:
-
Улы техникалық сұйықтықты қоймада қабылдауда:
-ыдысты толтыру кезіндегі будың шығуы;
-шлангыдан ажыратылғанда өнімдердің төгілуі, труба өткізгіштігінің жоғарылауы, қосылған жерлерінің тығыз жабылмауынан;
2. Улы техникалық сұйықтықтың қалдықтарымен жаңа суда құрал саймандар элементтерімен жұмыс істеуде мысалы насостармен, тежегіш жүйесіндегі шлангы ауыстырғанда, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанда болуы мүмкін;
3. Техникалық өнімдер ыдысын сақтауда немесе бөлмелерге орналастырып дайындауда;
4.Химиялық анамнезге, сынаманы іріктеу;
5.Токсикалық өнімдердің материалдары ыдыс тігістерінен төгілуі,қабырғасы сөгілгенде төгілуі;
6.УТС-ның буының таластырғыш клапандар арқылы шығуынан;
7.Улы химиялық заттардың дұрыс жиналмауынан , қалдықтарды
залалдандыру және жою кезінде;
8.Улы химиялық заттарды өз мақсатында қолданбауда;
9.Жұмыс киімдері немесе формалы киімдермен токсикалық заттардың буының десорбциясы;
10.Ұзақ уақыт пайдаланудан шихтада десорбциялануы немесе противогаздың шихта арқылы токсикалық заттар буының өтіп кетуі;
11.Улы химиялық заттардың дұрыс сақталмауы:
12.Техникалық қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы және дербес қорғаныстық құралдарды дұрыс пайдаланбауы.
Еңбек ету жағдайында зиянды химиялық факторларға кейбір мамандардың байқамсыздық қатынасы,сонымен қатар ауалық ортада табиғи химиялық құрамның тез өзгерістерінің байқалуы,оның әсерінің болуы, жұмыс істеуде УТС-ың бос ыдыста сақталуы.
Улы заттармен зақымданудағы п р о ф и л а к т и к а л ы қ і с- ш а р а л а р үш топқа бөлінеді: бірінші шара - обьектіні санитарлық қадағалап өткізуді ескерту,екінші шарасы - ағымдық жағдайда санитарлық қадағалауды іске асыру және үшінші шарасы - дербес қорғану.Дербес қорғану шарасы ағымдағы қадағалаудың және байқауды ыңғайлы өткізуде, өз бетінше топ құру қажеттілігін белгілеу.
Әскери бөлімнің медициналық қызметі,ережеге сай ,күрделі құрылыс үшін санитарлық алдын -ала қадағалау шаралары өткізілмейді. Ондай шаралар мамандар мен орталық мекемелерде іске асырылады . Бірақ ,әскерде елеулі профилактикалық істердегі керекті, толық мазмұнды және санитарлық бақылауды әскери дәрігерлер күнделікті істерде сауатты ұйымдастыру қажет.
Ұсынылатын технологиялық үрдістің жобасы және құрал –жабдықтары санитарлық-техникалық жабдықталуы,тұрмыстың санитарлық -сақтық қадағалануына ,таңдаулы құрлыс бөлімдерінің гигиеналық бағалануына кіреді.
Дұрыс таңдалып алынған бөлмелер үшін, құрлыстық жанар,жағар май материалына арналған қойма,санитарлық обьектімен тұрмыстық аумақ арасында үзілістің болуы,ол жақсы желденіп, су басып кетпейтін топырақты кәріз , жеткілікті су мөлшерін қамтамасыз етуі керек.
Технологиялық үрдіспен жабдықтау,УТС-ты қотару ,тасымалдау,сақтауға арналады,ол үшін газосигнализатор, максимальді герметизация, кең көлемде автоматтандыру және өндірісті механизациялау үрдісінде қауіпті жұмыс болғандықтан алыстан басқару қондырғыларын орнату қажеттілігі ескерілуі керек.
Жұмысшылардың санитарлық-техникалық жақсы жабдықталуы және тұрмыстық бөлмелерге жел соратын , тұрған жерінде құрастыруға болатын қондырғы, қоқыс шығаратын, қысқа мерзімді сақтау орны оның жабдықталуы, мүмкіндік болғанша алғашқы көмек көрсете алатын және жеке гигиеналық нұсқауды орындау үшін, обьектіде көптеп ластанған бөлмелердегі ауа ағынын соратындай болуы керек. Барлық жағдайда желдің сорылуын іске асыру жергілікті сорғыштар, ал ол сол жерден улы газдардың шығарылуын қамтиды. Жалпы вентиляция ол көмекші қондырғылар. Шахтаның ауа қоршауының таңдап алынуы, бөтен өнімдерден сығылған ауаның ластап кетпеуі үшін жасалынады.
УТС-ың ауаны ластамас үшін негізгі құралдар ,көбірек сыртқы ортадан оқшауланады,ол барлық коммуникацияның герметизациясын қамтуы керек. Мүмкіндігі болмаса УТС-ті толық оқшаулап , оған әр түрлі сорбенттер ұстағыш жүйе орнату керек.
Обьектіде су жабдықтау жүйесінің сенімді болғаны қажет.
Жинастру жүйесінде, техникалық және жаңбырдың нөсерлік суларынан улы химиялық заттар шығындарын залалдандыру және аластату, жоғарғы дәрежелі сенімді болуы, сонымен қатар,ашық су қоймасын және жер асты суларын ластамайтындай болуы керек.
УТС-ың киімге немесе противогазға түскен жағдайда ,тез арада сумен жуып шәйілуі керек ,тіпті оған жуғыш заттарды да пайдалануға, қосуға болады.
Химиялық заттардың буы - киімге ,шашқа ,теріге сіңіп кетеді. Ластанған ауа орнында жұмыс істеуден соң, душ (су себелегіш) қабылдап іш киімдер мен басқа киімдерді де ауыстыру қажет. Кәдімгі және қорғаныш кимдерді дегазациялайды, ол арнаулы соратын кептіргіш шкафта орындалады.Шкафтар санитарлық тазалық өткізетін, киім шешетін орындарда орналасады.
Улы токсикалық сұйықтықпен (УТС) жұмыс істеуде , жеке құрамның денсаулығын бақылау 17 – кесте
Медициналық бақылау түрі |
Бақылауға алынғандар |
Өткізу мерзімі |
Медициналық байқау Дене қалпын көру Медициналық қарау Медициналық зерттеу Әскери дәрігерлік комиссияның шешімі мен УТС- ға жұмысына жарамдылығы туралы куәландыру Стационарлық клиникалық зерттеу |
Барлық мамандар “ ” Жеке әскери қызметкерлер Жаңа келгендер үшін Барлық мамандар “ ” УТС – мен ұзақ уақыт жұмыс істейтін әскери қызметкерлер |
Күнделікті Күнделікті монша күндерінде Медициналық бастықтардың, командирі, дәрігер шешімі Жаңа келгендердің карантин уақытында Оқытудың жаздық , қыстық басталуы алдында, 2 рет 1 жылда Жылына бір рет,лауазымды қызметке қояр алдында 3 жылда бір рет |
УТС-мен жұмыс істеу кезінде, одан соң 1 сағат ішінде санитарлық өңдеуден өтетіндіктен тамақ ішуге және темекі тартуға рұқсат етілмейді.Жеке бас гигиенасын мұқият ұстау токсикалық химиялық заттар әсерінің қолайсыздығын ескерту өте тиімді шаралар.
Жеке құрамның денсаулық жағдайын медициналық бақылау жүйесі, УТС-мен қатынасатындарды медициналық байқауда денесін қарау, медициналық тексеру, зерттеу,анықтау және клиникалық тексеру жүйелі түрде өтуі қажет (17-кесте).
Жеке құрамның УТС-мен залалдану мүмкіндігін ерекше атау қажет, өйткені, гигиеналық талаптың сақталуында өте аз мөшерде заладануы керек.
Бірақ, шындық жағдайында болу немесе гигиеналық талаптың орындалуына құлақ аспауы, қауіпсіздік ережелерін сақтамаулары да болуы мүмкін.
Жеке құрамның арасында түсініктеме жүргізудің мәні, УТС-мен жұмыс уақытында гигиеналық талаптың орындалуына дербес қорғаныс құралдарын пайдалануды оқыту, көңіл бөлу және онымен тұрақты техникалық қауіпсіздік ережелерін орындауын бақылау, жеке құрамның гигиеналық қамтылуын және басқада химиялық заттармен қатыстыларды да қамтуы, дәрігер рөлін арттырады .
Мотоатқыштар мен танк бөлімдеріндегі еңбек гигиенасы
Армияның техникамен толықтырылуы соңғы уақыттарда әскери жеке құрамдардағы танк пен мотоатқыш бөлімдерінде қанағаттанарлық. Танк пен мотоатқыштар саласындағы гигиеналық қамтылуы,жалпы жағдайлармен бірдей ұқсастық бар.
Құрлық әскерлердің ұрыс машиналары (ҚҰМ) мүдірмейтін жоғарғы дәрежелі, епті, шаң , оқ , мина снарядтар жарықшақтарын өткізбейтін машиналар.
Қарулануы - пулеметтер мен қару жарақтар. ҚҰМ –н ұрыс жүргізу үшін де, жеке құрамдардың көшіп қонуына да пайдаланады. Оның экипажы –машина командирі, механик, оператор-нысанашы.экипаж орындықтары жұмсақ, өз осьінен 360°-қа айнала алады.Арнайы жабдықталған оптикалық құралдар жергілікті кеңістік жерді жақсы шолу мүмкіндігі ие.
Командирдің жұмыс орны механик жүгізушіден соң орналасқан. Команда үшін - командирдің байланысқа шығатын радиостанциясы, атуға,бақылауға арналған және басқада құралдар ( приборлары) бар.Жүргізуші-механиктің алдында құралдар панелі, түнде көруге арналған жарық шаммен қамтамасыз етілген, жұмыс орны (шамамен алғанда 0,75м²) командирдің алдыңғы жағында орналасқан.
ҚҰМ гидравликалы басқарылады, сондықтан жүргізуші - механиктің атқарушы жұмысы үлкен дене күшін қажет етпейді .Экипаж орындықтары жұмсақ, өз осьінен 360°-қа айнала алады. Моторлы бөлігінде екі десанттық орын бар,онда көденеңінен ұзын жартылай жұмсақ орындығы, 1 адамға 0,5м² келетіндей алаңы болады.
Қазіргі танктер өте жақсы жабдықталған, өту қабілеті күшті,қуатты, қорғаныштығы жоғары,электро- жабдықтары,байланыс құралдары,арнаулы және қосымша құралдары жоғары дәрежеде жабдықталған,экипаж құрамдары әртүрлі,өте күрделі ептілік (маневр) жасауға ыңғайлы,құрылысы күрделі түрлі электроникамен жабдықталған, бұрылуда үлкен күш түсірмейтіндей гидравликалылық басқару, тұрғанда да, жүру, бұрылу кезінде өте күрделі қимыл жасай алады.Ұрыс машиналарының шектеулі орналасқан кабинасы болса да, барлық ішкі, сыртқы орта факторларына төзімді, ыңғайлы ,үйлесімді орта жағдайына бейімделіп жасалынған.
Жаппай қырып жоятын қару қолданбағанда, машина бөлігіндегі желдеткіштері табиғи жағдайдағыдай. Егер залалданған желдерден өткенде және ұрыстық жағдайға өткенде механикалық желдеткіштік әсерге көшеді, онда десенттық бөлімдегі тазалық фильтро-вентиляциялық қондырғы көмегіне сүйенеді. Оқ дәріден бөлінген газ үшін автоматтық реттегішке қосылатын арнаулы саптама болады. Ұрыс машиналарында артық су қоры болады.
Өз бетімен жүретін зениттік қондырғылар,төмен ұшатын және күрделі маневрленген қаруы бар қарсыластарға қарсы күресуге арналған.Осы заманғы танктер, барлық жағынан алғанда – өтімділігі, жылдамдығы тиімдірек қаруланған, жоғарғы дәрежеде қарсыластың отты қару-жарақтарына, жаппай қырып жою қаруларының шабуылына төзімді, тұрақты, өтте қуатты қару болып саналады.
Ұлы Отан соғысы кезінде совет армиясындағы танкттер өте қуатты болғандықтан, совет танктерімен механикаландырылған әскер зор қызмет атқарып жау бетін қайтара білді.
Танк құрылысы және танктердің жұмыс орны.Танктің негізгі бөліктері брондалған тұрқы, мұнара, қару-жарақ, күш қондырғышы және күшті ауыстырғыш, жүріс бөлігі, электр құрал - жабдықтары, байланыс құралдары, арнаулы және қосымша құралдары болады.