Добавлен: 04.02.2019

Просмотров: 11411

Скачиваний: 139

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Алғашқы әскери гигиеналық іс – шаралар туралы мәліметтері ХIV ғасырдағығы індетке қарсы бағытта болған. Сол уақыттардың өзінде, әскерді қоныстандыру қажеттілігін таңдап алып, таза орындар, судың тазалығы, тамақтың бұзылмауы, қауіпсіздік жағдайлары ескерілген. Осы салада,ХVI ғасырда әскери санитарлық барлау жүргізілген. ХVII ғасырда орыс әскерінде қандайда бір медициналық ұйым болмаған, Крома қаласында 1605 жылы, алғаш рет тек қырқұлақ пен дизентерияға қарсы күресу бағытында ғана жұмыс жүргізілді.

"Жоғарғы Мемлекеттік разряд" тізімінде алғаш 1616 жылы ғана дәрігерлер туралы еске алынды, ал ХVII ғасырдың екінші жартысында полк қатарында көптеген әскери дәрігер қызметкерлер болды.

Ал I- Петр жауынгерлер денсаулығына ерекше мән беріп, сардарлар сапына жауапкершілікті міндеттеді. ХVIII ғасырдың басында I- Петр орыс армиясында дивизиялық (аймақтық) дәрігердің қызметін енгізді. Орыс қолбасшылары А.В Суворов пен М.И. Кутузов жауынгерлер денсаулығына зор көңіл бөліп, қарамағындағыларға талапты міндеттеп қатаң ескертулер жасады. Штаб елшілері Е.Т Белопольский "Медициналық шенділер ережесін" құрастырып А.В.Суворовтың 1793 жылғы бұйрығымен әскерлер арасына таратты. Потемкин армиясында әскери қызмет атқарған Д.С.Самойлович жауынгерлер арасында эпидемияға қарсы іс-шаралар, ірі ұйымдастыру жұмыстарын жүргізіп, үлкен еңбек сіңірді. Әріптестері алдындағы зор беделге ие болуы, сол уақыттағы істерін, зор еңбегін жоғары бағалап,оны көптеген европа мемлекеттерінің әскери академиясының мүшесі етіп сайлады.

Орыс армиясының ішінде ХIХ ғасырдағы ірі санитарлық істерде еңбегі сіңген қайраткерлердің бірі Р.Четыркиннің басқаруында әскери дәрігерлердің іс- әрекеті туралы көптеген баспа беттеріне жазылған ұстаздық нұсқаулары болды. Ал орыстың ірі әскери оташылық қызметінде өз ісінің маманы, ұлы Н.И.Пирогов ол кезде : "Мен гигиенаға сенемін,сонда ғана өміршең ғылыми шындық прогресс бар. Сондықтан, медицицнада алдын ала сақтандырудың болашағы зор" –деп жазды.

1780 жылдары шыққан " Орыс флотында ерекше моряктар денсаулығын сақтау тәсілдері" деген А.Г. Бахерахтаның кітабында әскери гигиенаға үлкен мән береді.

Әскери гигиенаның негізін қалаушы ММУ-дің көрнекті терапевті, профессор М.Я.Мудровтың 1809 жылы шыққан " Әскери гигиена пәні және пайдасы туралы сөз" деген еңбегінде, әскери қызметкердің тұрмысы мен еңбегі жөнінде жан-жақты қарастырылған. Өзінің 1808-1812 жылдардағы дәрістерін М.Я. Мудров ерекше: «Полк емшілері және дивизиялық докторлар мен қызметкерлері, тек емдеу жұмысы ғана емес, аурудың алдын-ала болу мүмкіндігін де ескереді».

Әскери гигиена жеке пән ретінде 1871 жылы бөлек шыққан , ол кезде құрылған кафедра меңгерушісі, профессор А.П.Доброславиннің алғашқы студенттерге оқыған дәрістері - медициналық,хирургиялық академияда оқылды. Гигиенаны оқытудың бағдарламасында эпидемиология, әлеуметтік гигиена, әскери медицинаның әкімшілік, санитарлық статистика бөлімдері бар еді, ал жеке А.П.Доброславиннің өзі, шәкірттері,оның жалғастырушысы С.В.Шидловский, В.А.Левашов армия өміріне ерекше мән беріп, олардың еңбек әрекеті, киім киюі, тамақтануы, әскери қызметкерлердің сумен жабдықталуының денсаулыққа әсерін заңдылықтарын зерттей отырып ерекше маңыз берді.


1904-1905 ж.ж Жапон Орыс соғысы кезінен бастап, дәрігер-гигиенист, эпидемиолог және бактериолог, санитарлық-гигиеналық отрядтар, лабораториялар ұйымдастырылды. Осы соғыстан соң , өз кезегінде жауынгерлердің тамақтануы туралы келелі мәселені қойды. Академик А.Я.Данилевскийдің басқаруымен азық-түлік рационы (үлесі) құрастырылды.

Тағыда ерекше қажеттілігі, патшалық үкіметтің көптеген қарсылығына қарамастан орыс армиясында еңбек етуді жақсарту, тұрмысы, гигиена туралы нұсқаулары, оларға өтелетін экономикалық шығындар жөнінде мәселелер қойылды.Мысалы: азықтық рационның жасалуы, құрылған комиссияның нұсқауымен ғана 1914-1916 ж.ж дүниежүзілік соғыстан кейін тиісті талаптар қоюға мәжбүрледі, тиянақты гигиеналық және эпидемияға қарсы іс шаралар: жылжымалы тексеру зертханалары (лаборатория ), тұрақты және жылжымалы монша, дезокамералар кең қолданысқа ие болды.

Ор (окоп), газдан қорғайтын паналық орындардың типтік жобалары бекітілді.

Алғаш рет суды хлорлау арқылы зарасыздандыру әдістері қолданылды.

Қазан революциясына (төңкерісіне) дейін мемлекеттік көлемде гигиеналық сақтандыру шаралары қолға алынбаған да еді.

Ірі ғалымдардың бастамалары нәтижесінде ғана, гигиеналық нұсқаулар өмірге келіп, қандайда қиын жағдайда болмасын, соғыс уақытында да, әскери төтенше жағдайларда да, сол ғалымдардың ынта-жігерлерімен, қойған талаптары мен әскери гигиеналық шаралар іске асырыла бастады.

Бұл шаралар Отан үшін де, әскер үшін де классикалық қол таңба болды, ол халық игілігі үшін емес, қоғамдық буржуазиялық патшалық Ресейдің мүддесі үшін орындалды.

Совет үкіметі кезінде, қызметтің гигиеналық іс-шаралары түп-түгелдей өзгерді. Ол халықтың денсаулығын нығайту, социалистік меншік мемлекеттік қамқорлыққа айналды, ал профилактикалық бағыт - совет медицинасының басты бағыты болды. Бұл шаралар тікелей денсаулық сақтау саласының және партия саясатының тікелей шаруасы болды.

Профилактикалық медицина саласының басында отандық ірі ғалымдар Н.А. Семашко – денсаулық сақтау халықтық комиссариатының бірінші басшысы, З.П. Соловьев – бірінші әскери медициналық қызметтің басшысы, Қызыл Армия қызметінің ұйымдастырушылары құрастырып қалыптастырушылары, профилактикалық қызмет жүйесін дұрыс жолға қоя білді.

1918-1929 жылдар арасында Әскери- медициналық Академияның гигиеналық кафедрасын басқарған Г.В. Хлопин болды. Оның шәкірттері Ф.Ф. Эрисман, осы бағыттағы істерді-эксперименталдық бағытта дамытты, А.П. Доброславин, профессор Г.В. Хлопин отандық гигиена мен эпидемиология саласын дамытуда бірінші орында тұрды. Шын мәнінде, осы ғылым саласының басында болды және Әскери Медициналық Академия жанынан Профилактикалық институты ашылып, оның құрамына микробиология және эпидемиология кафедрасы ұйымдастырылып, оны академик Д.К. Заболотный басқарды.


1922 жылы гигиена кафедрасының құрамына жеке өз бетінше дайындалатын әскери-санитарлық тактикалық курс ашып және әскери-санитарлық әкімшілік, санитарлық-химиялық істер, санитарлық –бактериологиялық, әлеуметтік гигиена, дене тәрбиесі және дәрігерлік бақылауды енгізді, осындай курстар ерекше бөлініп көзге түсетін кафедраның негізі болды. 1925 жылы әлеуметтік гигиена, 1928 жылы әскери және әскери-санитарлық пәндер, 1932 жылы әскери-химиялық істері, дене шынықтыру және дәрігерлік бақылау пәндері ендірілді. Осы жоғарыда көрсетілген кафедралармен бірігіп 1936 жылдан дезинфекция және эпидемиология кафедрасы ұйымдастырылды.

Әскери гигиенаны ұйымдастырып, оқытуда үлкен үлес қосқан және Армияның толық гигиеналық негізгі мәселелер сұрақтарына жауабын берген ғалым В.Г.Кротков, ол өз еңбегін 1929 жылы Әскери Медициналық Академияның гигиена кафедрасында бастаған.

XIX ғасырдың 30-жылдарында Қызыл Армия қарқынды дамуына белсенділік көрсетіп, кафедрада Ф.Г. Кротковтың гигиеналық зеттеулерді авиация ,танк, инженерлік әскерді ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді.

Көптеген тыңдаушыларға арналып жазылған әскери гигиена және эпидемиология жетекші құрал ретінде қолдан түспейтін оқу құралы болды, оны көптеген әскери дәрігерлер, оқытушылар да әскери гигиена пәнінде өз керегіне жаратты.1935 жылы Ф.Г.Кротков әскери авиациядағы гигиена институтын басқарды, сонымен қатар Әскери Медициналық Академияның кафедрасы қызметін атқара жүріп, бір мезгілде Қарулы Күштердегі бас гигиенист болып есептелді.

1942-45 жылдары жалпы гигиена кафедрасын Медицина Ғылым Акаде-миясының корреспондент мүшесі, профессор Н.Ф. Галанин басқарып, соңында Радиациялық гигиена институтының директоры болды. Онан кейінгі жылдары жалпы және әскери гигиена кафедрасын П.Е. Калмыков, эпидемиология, әскери гигиена кафедрасының басында В.М. Берман, Г.А. Знаменский, И.И.Рогозин, В.Д. Беляков тұрды.

Кафедраның, Ұлы Отан соғысы жылдары барлық ғылыми оқытушылардың жұмыстары майдан мүддесі үшін қызмет атқарды, тіпті көптеген оқытушылар майданға шығып, әскери қызметкерлермен бірге болды. Соғыстан соң, армияның медициналық қызметі атқарылды, барлығы бірігіп, әскердің гигиеналық және эпидемияға қарсы күресуді қамтамасыз ету үшін және осы қызмет барысында жаңа нұсқаулар дайындады. 50-ші жылдардың соңында, Қарулы Күштердегі жаңа техниканың күрделі өзгерісіне байланысты, радиоэлектроника және ракеталық қару-жарақтардың енгізілуі, әскери медициналық қызметті жаңа сатыға көтерді. Әскери гигиенада ғылыми жетістіктер жақсы дамыды, ол көптеген мекендену жағдайына байланысты болды.

Армияның қуаттылығын арттыруда жаңа күрделі мәселелер қозғалды, ол жауынгерлерді химиялық факторлардан қорғау, оған өте оңтайлы, қолайлы жағдайда жұмыс атқару, әскери мамандарды, қуатты әскери техниканы тиімді пайдалану.


Ал, әскери эпидемиологияда әскерилер арасындағы инфекциялық аурушаңдықтың шығуына, бактериологиялық қарулардың шығуына байланысты әскери эпидемиология мәселесін шешуге Әскери гигиена мен эпидемиология ғалымдары, басқа да туысқан мемлекет ғалымдармен бірлесе отырып ең мықты, берік қорғану шараларын әр түрлі қарқынды факторларды бақылау жүйесі, тиімді еңбек пен демалыс режимдері, әр түрлі әскери мамандарды шынайы хабарламаларға сүйене отырып әскерилер денсаулығын қорғау іс-шаралар жүргізді, күрделі қондырғылар мен машиналармен жұмыс істеуде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелер тұрды

Совет Армиясы қатарында қазіргі заманғы техниканы меңгеруде әскери-кәсіптік аурушаңдық байқалмады, себебі ол Әскери Қарулы Күштердің жеке әскери құрамының сақтануға құрылған , жоғарғы деңгейде ұйымдастыру жұмысы жүргізілгендіктен болған.

Әрине, әскери медициналық қызметтегі қол жеткізілген жетістіктер, әскери гигиена саласындағы жақсы игі істердің болуы, ол профилактикалық әрекеттер нәтижесінің жемісі.Осындай істердегі ірі жетістіктер, халық денсаулығын қысқа мерзім ішінде жақсартуға себепші болу,осы саладағы ғылыми табыстар.














































ӘСКЕРИ ГИГИЕНА

1 - Тарау

Соғыс уақытындағы санитарлық- гигиеналық шаралардың ұйымдастырылу негізі

Әскери гигиена-

әскери медицинаның негізгі

профилактикалық пәні

Әскери гигиена – гигиена ғылымы мен әскери медицинаның өзіндік саласы, негізгі міндеттері - әскери қызметшілер денсаулығына және еңбекке қабілеттілігіне қоршаған ортаның, түрлі факторлардың әсер ықпалын зерттеу; әскердің қандай жағдай да (соғыс) болсын олардың қаблеттілігіне, орта факторларының жағымсыз әсеріне қарсы күресу шараларын табу; медициналық қызметті қамтамасыз ету бөлігі болып табылатын ғылыми негізделген нормалар, ережелер мен санитарлық талаптарды талдап белгілеу.

Әртүрлі жағдайда туатын өзгерістерді ескере отырып қызметкерлердің еңбекке қабілеттілігін зерттеу және олардың қажуы, әскери ынталылығының төмендеуіне мүмкіндік бермеу,соған қарсы тұру,күресуді қамту әскери еңбек гигиенасының міндеті.Әскери гигиенадан әскери техникалық құрылғылар негізінде гигиеналық нормативті жасау,жеке құрамның қорғану факторларын қарастыру,адам организміне әскери оқу-жаттығу кезінде,әскери жауынгерлік әрекетінде зиян келтірмеу. Жеке құрамның қорғану факторларын қарастыруда еңбек гигиенасының міндетіне кіреді.

Ал еңбек гигиенасының міндеті - туатын қиындықтарды немесе әскери кәсіби аурушаңдықты барынша төмендету.Әскери істерде,ғылыми техникалық үрдістің дамуына қарай,әскери еңбек гигиенасының сипаты өзгерді,әскери техниканың тиімді пайдалануына байланысты адам рөлі жоғарылады,әскери әрекеттер күрделенді.

Армияның,Флоттың қазіргі кездегі техниканы игеруі,мазмұны жағынан өзгерді, қарулы күштер мен әскери флот күрделі еңбек жағдайына көшті.Жоғарғы дәрежелі мамандықты игеру, дене шынықтыру мен нервтік психикалық жүктемеліктің күрделенуі жағдайына икемделу, әскери қызметкер еңбегінің жай еңбек түрінен күрделі түріне ауысты.


Жай тұрғындарға қарағанда әскерилердің еңбегі шын мәнінде ерекшеленді:

  • Еңбек белсенділігінің қарқыны ,уақыттың тығыздығына қарай жауынгерлік міндет күрделенді;

  • Еңбек үрдісіндегі ырғақтықты сақтау қиындады ;

  • Әскери міндетті орындауда еңбек жүктемелігінің ұзақтығы мен көлемі қатаң шектелді;

  • Әскери техниканы басқару,тез сезімдік қимылдық реакция және дәлдік, үйлесімділік, қимылдатқыштық (локомоторлық) акті үлесі жоғарылады;

  • Ойлау әрекетінің шығармашылық (творчестволық) үлесі жоғарылады, өмірдегі қарапайым туатын қауіп қатерліктер (су астында жұмыс істеу,су астында танкті басқару,мина қою оны жасыру,парашютпен секіру,тау аймағында әскери әрекеттерді жүргізу) байқалды;

  • Климат жағдайының аяқ астынан өзгеруі (сыртқы орта температурасының төмендеуі);

  • Мекендік ортаның қолайсыздығы;

  • Ішетін су мен тамақтың қорының жетпеуі;

  • Жұмыс істейтіндер үшін жиі жарықтың төмендеуі, жоғалуы, түнгі мезгілдердің болуы.

  • қараңғылықтың түсуі.

Әскери еңбек физиологиясында жаңа мәселелердің тууы,әскери мамандардың жұмыс ерекшелігіне байланысты болады:

  • Шектеулі қимыл әрекетіндегі гипокинезия;

  • Бір сарындылық (монотондылық),ол жұмыстың тек бірбеткей болуы;

  • Сенсорлық (сезімталдық) жүйесінің шамадан тыс болуы, ол уақыт тығыздығына қарай жағдайға байланысты ауысымды ырғақтық (ритм);

  • Автономды әрекет режимінде жұмыс кеңістігінің шектелуі;

  • Ұзақ уақыт бір кейіпте болуы;


Әртүрлі қорғаныстық жүйеде қорғаныс киімімен жұмыс істеу


Әскери гигиенаны оқытылуында тәжірибе көрсеткендей – ғылыми пән ретінде, әскери медицинаның қажеттілігіне сай , әскердегі аурушандықты дамытпау және оның алдын алуын қамтамасыз ету және оған уақытында медициналық көмек көрсету.Әскери гигиена тұтастай алғанда, әскерлердің денсаулығын сақтау, шыңдалу, аурушаңдыққа төзімділікті арттыру, оқу- жаттығуға дайындықты, әскери адамдардың тұрмыстық, әскери іс-әрекетінің мықты болуын, денсаулықтарының дұрыстығы үшін кез келген жоғарғы дәрежедегі тиімді шараларды күнделікті тіршілікте және соғыс жағдайында тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Әскери гигиена осы мақсаттарды басшылыққа алып, әскерилердің қандай салада қызмет атқаруына қарай (әскери бөлімдерінде, әскери теңіз бөлімдерінде, корабльде, авиацияда) ережелер мен әскери нормаларды қарастырады.

Әскери гигиена басқа да ғылым салалары тәрізді өзінің зерттеу әдістері бар. Гигиеналық зерттеу әдістерінің мәні, әскери гигиенадағы диалектикалық өзара байланысы денсаулықпен сыртқы орта факторлары «әскерилер қызметтестіктерінің – әскери ұжымды қоршаған ортаға дайындығы мен әскердің жауынгерлік дайындығы».

Әскери гигиена көптеген пәндермен өте тығыз байланысты болғандықтан, көптеген гигиеналық әдістерді физиология, патофизиология, токсикология, эпидемиология, климатология, тұрақты салыстырмалылылық үшін эргономика және өте маңызды салалардың бірі инженерлік психология ғылымдарымен қатар жүргізілді. Осындай ғылым салаларымен қарым-қатынас жасау, өз зерттеулерінің нәтижесін арттырады, көбіне әскери қызметтің тактикасын, ұйымдастырады.Зерттеу әдістерінің сипаты және зерттеу мақсатында лабораториялық жануарларға тәжірибе жасау, созылмалы және жіті ауруларға эксперименттер жүргізу. Мәселен, казармалық микроклиматты зерттеуде, оның жауынгер организміне әсерінде мынандай:физикалық – ауа температурасының,ылғалдылықтың, қозғалыс жылдамдығының және жылу радиациясының өзгеруі; физиологиялық - жүрек жиырылуының жиілігі, дене,тері температурасының анықталуы, субъективті сезімталдығы және терлеуі; санитарлық-гигиеналық – аурушаңдық, еңбектенуінің жоғалуы т.б. зерттеулер.