Добавлен: 04.02.2019

Просмотров: 11392

Скачиваний: 139

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



АЖЖ сәулеленуінен қорғану

Мүмкіндігінше адамнан АЖЖ-гі сәулелену көзін жою,ара қашықтығы тым алыс болғаны жөн


Аралықты қорғау





Жергілікті жердің жеке қорғану құралдарының қолдануы, қасиетіне қарай жасыл алаңдарды қолдану арқылы қолдау


Экрандықпен қорғау




АЖЖ өрістік генератордың қуатын жүктемелігін сіңіріп қолдану арқылы азайту



Диаграммалық бағытын есептеп, спорттық имараттар мен тұрғын үйлерді орналастыру

Әлсіз сәулеленуден қорғау

АЖЖ – сәулелену көзінен рационалды орналасудан қорғау

АЖЖ генераторының ұзақ жұмыс қуаттылығын азайту

Мамандардың жұмыс уақытын қысқарту

Әсер уақытының қысқаруы






















Қорғану уақыты






Қауіпті аймақты белгілеу және анықтау







5- сұлба.АЖЖ сәулеленуінен қорғану


Қорғаныс комбинезоны - металды тканнан жасалса ,олардың металды жіпшелері қосылып және арқанды негізі де электромагнитті толқынды кез-келген полярлықты тойтарады.


Құрылыс материалдардың қорғаныштық қасиеттері 19 - кесте


Үй ғимаратының элементтері


Қалыңдығы,

см

Толқын ұзындығындағы әлсіз коэффициенттілігі (дБ)

3 см

10 см

Кірпіш қабырға

70

21

16

Ғимараттың сы-ланған қабырғасы

15

12

8

Қосарланған терезе

-

13

7

Шынылы терезе

0,28

2

-


АЖЖ-сәулеленудің электромагнитті толқын қарқынының азаюы, АЖЖ-өрісінің жылу-энергияға айналуы сіңімді материалдарды қолдану нәтижесінде өтеді. Бірталай тұрғын ғимараттағы конструкциялық элементтердің қорғаныстық қасиеті 19-кестеде көрсетілген. ЭТА қатарлы децибелдік үлесінің азаюына, он есе енді жасыл екпелік көшеттердің отырғызылуы себепкер.


РЛС-ға арнайы емес зиянды факторлар және қолайсыз әрекеттердің профилактикасы

Басқа да сыртқы факторлар РЛС-тағы жеке тұлғалардың жұмыс істеу қабілеттілігіне әсер етеді. АЖЖ-і өрісін жоғарыда көрсеткеніміздей, ескере алатынымыз тежегіш рентгендік сәулелену, жоғары кернеулі электр тогы,шу, микроклиматтық факторлар - ылғалдылық, температура және ауаның қозғалу жылдамдығы, ауадағы зиянды химиялық қоспалар, шаң, жарықтану және жұмыс айналасындағы жарықтың, гигиеналық нұсқадағы нормалануы 20-кестеде көрсетілген.

Магниттік өріс және статистикалық электрленудің гигиеналық рөлі, ауа құрмындағы аэроникалық өзгерістер мен байланыстылығы, әлі зерттелуі аздау.РЛС-ғы тежегіш рентгендік сәуленің радиоэлектрондық аппараттармен жұмыс кезінде тууы, электронды вакумды прибордың анодты кернеудің 15кВ артуынан және рентгендік сәулеленудің жұмсақ импульсынан.АЖЖ-і сәулеленуі рентгендік сәуленің жұмыс орындарына енуінен, ашық көретін терезе арқылы, вентиляциялық тесіктен, блок қаптауының тығыз жабылмауынан болады. РЛС-гі жеке тұлғаның 0,2 м/с рентген сәулесінің жіберілу деңгейі. РЛС-ғы рентгендік жұмсақ сәуленің өлшемі, ал импульс табиғаты немесе арнаулы микроренометрге қарай болады.


Рентгендік сәуленің зиянды әсерін экран қолданумен қақпайлайды. Рентгендік сәулеленуде көретін терезе мен АЖЖ-өрісін экранның қорғасынданған шынымен және металл торлары бір мезгілде пайдаланады.

РЛС-ң жұмыс орнындағы,басқа арнайы емес факторлар,әртүрлі қарқындылықтағы акустикалық шу, оның суытатын радиоаппаратты вентилятор, дизельді қондырғылар, электромоторлар және жұмыс кезіндегі радиоаппаратуралар. РЛС-ғы кабинасында жұмыс атқару сипаты, өндірістегі бөлмелердегідей. Шудың жіберілу шегі 20-кестеде көрсетілген.

РЛС-ғы кабинасындағы м и к р о к л и м а т, климаттық ауа райы факторларымен байланысты. Ауа температурасының көтерілуі көптеген аппаратураларының және аз қозғалыстағы оң жылу радиациясы, басқа да жылу алмасу кернеулігін және қызу дәрежесінің үйлесімділігіне әкеледі.

Микроклиматты оптималдық деңгейде ұстайтын жақсы құрал кондиционер. Эффективті қуатты және дұрыс жабдықталған ағымды-сорғыш вентиляция ауа жылдамдығы 0,4-0,5м/с тікелей тиімді, қызуды шығаруды, сол әсерден ауаның ластанбауын қамтиды. Радиациялық температураның оптималдық қолайлылық деңгейін жабдықтар бетінің жылу изоляциялық кабинасының қызуын экрандаудан ұстайды. Ол әсіресе жылу изоляциясы солтүстік және оңтүстік аудандар үшін керек.

Дене қызуы мен суынуында киімдердің ұтымдылығының профилактикалық маңызы


РЛС-ң кабинасында ауа зиянды х и м и я л ы қ қ о с п а л а р д а н ластануы мүмкін. РЛС-ғы кабинаның шектеулі кеңістігі жағдайында және оларды химиялық зиянды қоспалармен тұйықталуы, қажуды тудырады. осы қоспалардың жиі берілу шегінің деңгейі 20-кестеде көрсетілген.

Операторлар әрекетіне рационалды ж а р ы қ т ы ң маңызы зор.Көру мүшелеріне түсетін жүктеме режимінің дұрыс еместігі, экранның жоғарғы индикатор жұмысының ашықтығы, әртүрлі бейімдеушілік жарық және құралдар шкаласының жарығы – осының бәрі көруді шаршатады. Көрудегі шаршаулықта бас ауырады, ұйқышылдық, көру сигналының шашыраңқылық контуры (көру сезімталдығының анықтығы төмендейді), аурулық сезім көздің талуы, көзден су ағу және көз ұясынан шығуы белгілері болады.

Көз шаршауының профилактикасына, еңбек тәртібі және демалу, жарықтың рационалды жабдықталуы экранымен жекелік жұмыс, тамақ рационы құрамында дәруменнің болуы және жетіспеушіліктердің орнының толуы кіреді. Қараңғылық сақталуында бейімділікке, арматуралық жарық бергіште , ұзақ толқынды 613ммк жарықпен өтетін қызыл шыныны қолдану қараңғылық бейімділікті бұзбайды немесе қызыл шынылы көзілдірікті қолданады.

Радиотехникалық бөлімдерде профилактикалық жұмысты ұйымдастыру командирлер өз орынбасарларымен, медициналық және инженер техникалық бастықтары арқылы орындайды.



РЛС кабинасындағы арнайы емес факторлар нормативі 20-кесте

Факторлар аты

Деңгейі

Оптимальдылығы

Жіберілу шегі

Рентгендік сәулелер қуаты мР/с


-


0,2

Орташа (300-1000 Гц) шу дыбысының индикаторының жиілігі, дБ


45-20


65

Ауа температурасы 0С

18-20

16-27 (31) 2

Салыстырмалы ылғалдылық, %

40-60

30-70

Ауаның қозғалу жылдамдығы, м/с

0,4-0,5

0,05-1,0 (3,0) 2

Ауалық куб, м3

3,3-4

-

Ауа ауысуының еселенуі

7-9

-

Ауаның құрамы:

СО2, %

Көміртегі тотығы, г/м3

Азот тотығы, г/м3

Озон, г/м3

Формальдегид , г/м3

Сынап буы, г/м3

Бензин , керосин буы, г/м3 Токсинсіз шаң, г/м3


0,04

-

-

-

-

-

-

-


0,1

0,02

0,005

0,0001

0,005

0,00001

0,3

10

Сигналдың ашық жарығы, кд/м2

0,03-0,07

-

Ұрыс жұмыстарынан тыс жарық:

КЕО

Жарық коэффициенті

Дәлдік жұмыс кезінде, лк

Жарықшамнан шығатын, лк


0,5

1:7-1:8

100

30-50


-

-

-

-


*1 Н.Ф. Кошелев. О.Н.Карелиндердің мәліметі бойынша жасалған , 2 Ыстық климат жағдайы алынған


Дұрыс ұ й ы м д а с т ы р ы л ғ а н е ң б е к, ауыспалы жұмыс кезінде нервтік-психикалық ауыртпалықтан айырмасы бар, ол РЛС-ғы мамандардың жауынгерлік қабілеттілігін сақтауда үлкен маңызы бар. Кезекшілік жұмыста экранмен 6 сағ істейтіндерде 10 минуттық демалыс, әр 2 сағатта үзіліс жасау рационалды жұмыс болады. Қалған уақыттарда (шамамен 2 сағат) операторға басқа лайықты жұмыс тапсырылады.

Бірінші жылы, қызмет атқаратын мамандарды қажеттілігіне қарай біртіндеп тартады, РЛС-да үзіліссіз жұмыс істеудегі ерекшелік, мамандардың қысқартылған жұмыс игеруіндегі кезеңі болуы керек.

Мамандардың демалысы кезекшіліктің арасында берілуін командирлер мен дәрігерлер бақылайды, әртурлі ауысымдағы кезекшілердің демалысы бөлек бөлмелерде өтуі, оның толық демалуына кедергі жасау, жарық өзгерістерінің (жарықты өшіру, қосу), шу, адамдардың қозғалысы мен сөйлеспеуі керек. Кезекшілік демалыс уақытының активті өтуі – дене шынықтыру (ширау), жүгіру, таза ауада болуы керек.

Гигиеналық талаптарды біле тұра, РЛС-ғы жұмыстың берілуі бөлім дәрігері ,инженерлермен сәулелену нормаларының аймағын анықтап, өте жақсы болатындай жағдайды таңдау, жеке құрамның қорғану шараларын және ыңғайсыздықты жеңе білуін, шектеулі құжаттарға сүйене отырып сәйкестендіре білуі керек.Әрине, тұрақты салыстырмалық- ағарту жұмысының маңызы үлкен.

Артиллериядағы еңбек гигиенасы



Артиллерияда-қызмет істеудің салыстырмалы тұрғыда алғанда өте жоғары дәрежеде шыныққан, денеге түскен жүктемелікті, әртүрлі ауыртпалықты (артиллерия жүйесіндегі бөлшектерді және т. б.) көтере алатындығымен ерекшеленеді. Бригаданың, батальон артиллериясының қарулық есептерді, өз күшімен қаруды орнынан қозғалту және снарядты алып келуі керек. Мысалы, барлық 82-милиметрлік 20 кг-дық минометтерді бөлімшенің тасмалдауы.

Артиллериялық бөлімге адамдарды іріктеу кезінде медициналық талаптар мынандай: артиллеристің дене бітімі шымыр, кеуделі, өте жақсы көре алатын және жақсы ести алуы керек. Әсіресе дәрігер, есту мүшелерінің қаблеттілігіне көңіл бөлуі керек.

Артиллеристің гигиеналық еңбектегі ерекшелігін жататыны: физикалық ауыртпалықты, марш кезінде қарумен қызмет етуіне байланысты, отты позицияда және артиллерия паркінде; әскердің қозғалысында, бір орынынан екінші жерге жолсыз, жолдың тегіс емес кезіндегі көшуінде шайқалудың организмге әсер етуі, ату уақытындағы жарылыста, ұңғыдан шыққан әсердің есту мүшелеріне, киімнің былғануы және жөндеу, алынып-салынуда майланатын материялдардың жұғуы. Отты позицияда қызмет етуде артиллерист инженерлік –құрылыстың жұмыс кезінде: қарулық пунктте қару-жарақ есептелуіне қарап, бақылауы және команда жасырынатын , паналайтын орын, отты позицияда бүркенуге арналған жарақтандыру жұмыстарын атқарады. «Кәсіптік зияндылық» артиллеристке қарудан оқ атылған кезде есту органына әсерді есептеу ең негізгі маңызды фактор.


Қарудан оқ атуда үш түрлі : оқпаннан шыққан, баллистикалық және снаряд жарылысынан толқын өтеді. Қазіргі заманғы қарулар оқпаннан шыққан дыбысты тежейді, ал ауа толқыны қысымды тежеуден шыққанын жан-жаққа тарата алады. Үлкен калибрлі қарудан атуда инфрадыбыс шығады және оқпаннан шыққан жоғарғы қуатты толқынмен қосылып шығып, құлаққа жарақаттық зақым келтіруі мүмкін.

Артиллериялық атыс кезінде, есту мүшелері реакциясыныда қару есептегіштіктің үш типі болады: механикалық, ауыртатын және акустикалық. Бірінші типті реакция сыртқы жоғарғы қысымнан құлақтың дабыл жарғағын зақымдайды. Үлкен реакция дыбыс жарғағының ұштарына тітіркендіру тудырады. Құлақтағы ызың, акустикалық реакциямен қосылып кортиев мүшесінің зақымдануын тудырады.

Қарудан оқ атылуында құлақтың зақымдануынан сақтануда, әртүрлі шуға қарсы қорғанулар қолдынылады.

Оқпаннан шыққан толқын әсерінен артиллеристі қорғау үшін ауадан атылған, снаряд жарқыншағынан жасырынуда қару-жарақтық қалқан, сол мақсатта қаруға тесік және терезеше жасалынады.

Артиллерия қызметінде медициналық маңызды міндет, күнделікті болатын жөндеу және қаруды бөлшектеп жинау, құрастыру, оқ ату уақытында снарядтарды алып келу, беру т.б. артиллериядағы жарақаттанудың өршімеуінің алғы шарты болып саналады.

Артиллериядағы казематтан (қабырғасы қалың бөлме ) оқтың атылуы (ДОТ,кораблдегі қару жарақ мұнарасы), оқ дәрі газының құрамындағы жартысына жуығы көміртегі оксиді, азот тотығы және күкірттен тұруы,қару жарақтықты есептеуде,ол қаруға ең көп қауіптілік тудырады.Оқ дәрі газының көп бөлігі сол тұрған бөлмеге кіреді, мысалы, зеңбірекке бекітуші оқпан каналынан тезік (затвор) ашылғанда, казематтарға атылған оқ қабы (гильза) түсіп қалады.

Ал күшті жел соққанда, оқ дәрі газы амбразурадан (қорғаныс құрлысының қабырғасынан жасалған арнайы ойық) казематтың ішіне енуі мүмкін.

Улану қауіпсіздікпен күресуде, тез арада атылған гильзаларда жинау арнайы қазылған құдықшаға тез арада апарып тастау (гильза қабылдағыш); қуатты ауа-соратын вентиляция орналастыру, казематта ауа шығаратын тіреуштер жасалынуы керек.

Азот тотығынан дем алса, улану келесі күнде өлімге әкеледі. Одан улану көрінісінен кейін , оның дем алуға ашылу уақыты 12-20 сағаттан соң болатынын тіркеу маңызды. Санитарлық заңдылықта, жұмыс бөлмелеріндегі ауаға азот тотығының рұқсат етілуі 0,005мг/л-ден аспау керек. Ұзақ уақыт азот тотығының аз концентрацияда әсері болса, тыныс жолдарының созылмалы катарактысының дамуы мүмкін.





















Өзіндік бақылау және сабақты талқылау сұрақтары

  1. Төмендегі түсініктерге: әскери еңбек гигиенасына және кәсіби әскери аурушаңдыққа анықтама беріңіз. Әскери кәсіби аурушаңдықты туғызатын факторларды атаңыз. Қазіргі әскери еңбектің ерекшелігіне сипаттама беріңіз.

  2. Мекенділік дегеніміз не? Осы мәселені негізгі бағыты қалай шешіледі ?

  3. *Жеке құрамның дербес қорғану құралдарымен (ДҚҚ) жұмыс істеу ерекшеліктері қандай ?

  4. Ағзаның қызып кетуіндегі ескерту шараларын атаңыз.

  5. Терінің дербес қорғану құралдары қандай?

  6. Тыныс алудың дербес қорғану құралдарын атаңыз және әрекет принциптерін айтыңыз.

  7. Қазіргі әскери мамандардың еңбегінде химиялық факторларың рөлі қандай? Химиялық факторлар әсеріне мысалдар келтіріңіз. Танкистер ракеташылар, мотоатқыштардың жеке құрамы, радиолокациялық станцияның жеке тұлғаларына химиялық факторлардың әсері (химиялық заттарды атаңыз және жағдайын көрсетіңіз) .

  8. *Улы заттардың зақымдануынан қорғанатын профилактикалық шаралар қандай?

  9. Танк бөлімшелеріндегі еңбек гигиенасын атаңыз.

  10. Мотоатқыштар бөліміндегі еңбек гигиенасының ерекшелігін атаңыз.

  11. Радиолокациялық станциялардағы жеке тұлғалардың еңбек ерекшеліктерін атаңыз.

  12. АЖЖ-өрісінің қолайсыздығынан сақтанатын шаралар қандай?

  13. Арнайы емес зиянды факторлардың РЛС-дағы және қолайсыз әрекеттерінің профилактикасы немен шектеледі?

  14. Артиллеристердің еңбектеріндегі гигиеналық ерекшеліктерді атаңыз.

  15. Жеке құрамдағы артиллеристердің қолайсыз факторлардан қорғану шаралары қандай?
















7-т а р а у

Әскер қозғалысындағы гигиена

Әскер қозғалысы және гигиеналық іс-шаралар


Әскердің жылжу қозғалысы екі негізгі тәсілмен – марш пен, әскерлік тасымалданумен атқарылады.(32-сурет)


Әскердің жылжымалы қозғалысы




Тасымалдану

Техникалық құралдарды пайдалану




Марш




Х/ш-дағы көлік құралдарын

Саппен Жаяу жүру жжжжүру

немесе ҚМ-нің арнайы

көліктерімен әскер

қозғалысына пайдалану

Жәй марш жаяу әскердің машинемен

Адымдық марш бронетранспортермен

Жеделдік марш автомобильдік

танктік марш

Теміржолмен


Тактикалық міндеттер


Су арқылы


Шабуылдық



қорғаны стық

Тәулік уақытымен

өзенмен,теңізбен

Өзенмен, теңізбен

Әуе жолымен



Күндізгі марш Ұшақпен

Түнгі марш

Климаттық және геог- рафиялық жағдаймен

ұшақ,тік ұшақ

автомобильмен

таулы марш

қысқы марш

шөлдегі марш



32- сурет. Әскердің жылжымалы қозғалыс түрлері



Әскердің теміржол, су және авиациялық көлікпен тасымалдануы



С у м е н және ерекше т е м і р ж о л к ө л і к т е р і м е н тыл аудандарда ең кең таралған тасымалданудың түрі.

Әскерді теміржолмен және су арқылы тасымалдауда эшелонды қалыптастырады.

Әскери эшолонмен тасымалдауды ұйымдастырып, бір поезбен немесе әскери бөлімді немесе бөлімшені бір кемемен тасмалдауды айтады. Әскердің теміржолдық эшелонында жеке құрам үшін изолятор, ас үйі, азық-түлік вагондары болады (жаз болса изоляторлық вагон) санитарлық жағынан вагондар дайын, таза қоқыстардан тазартылған, ыстық сумен жуылған және дезинфекцияланған, алмалы - салмалы қару жарақтар үшін жабдықталғаны жөнінде теміржол ұсынады. Қажет болса дозиметриялық және дезакти-вациялық бақылау жасалады. Дайындалған вагондар комиссиямен қабылданады және сорғышталады. Комиссия құрамына дәрігер кіреді.

Әскери жабдықталған алмалы теміржолдың вагондары жеке құрамды тасымалдауға арналғандықтан тақтайлары,(нар құрастыруға) шамдары, шелегі, баспалдағы, терезе рамасы, сыпырғышы, ал жылытылатын уақытта – қажетті жарақталған жылыту пештері болады.

Медициналық міндеттерге тұрақты жеке құрамды қарау, тексеру байқау жолымен және кез келген жағдайда тасымалдауға мүмкіндік жасау, қолай-сыздық туғанда көмек бере алатындай, сардарлардың, сарбаздардың денсаулығына, жауынгерлік қабілетіне ыңғайсыздық туғызбай алдын ала шаралар қолданып жою.

Гигиеналық қамтылуда теміржолдық тасымалдауда медициналық қызметтің бөлім бастығы медициналық іс-шараларды жоспарлайды, алдымен жағдайды бағалайды және бұйрық береді. Қосымша қажеттілікті мәлметке лауазымды қызметкерлерден және мамандығы бойынша бастықтардан сұратады. Оған қоса жетіспейтін күштер мен құралдарға тапсырыс береді.