ВУЗ: Казахский национальный медицинский университет им. С.Д. Асфендиярова
Категория: Методичка
Дисциплина: Медицина
Добавлен: 04.02.2019
Просмотров: 11412
Скачиваний: 139
Бейбіт және соғыс уақытында жүргізілетін іс-шаралардың мазмұны әскери бөлімдердегі медициналық қызметте орындалуы тиіс (гигиеналық тәрбие, санитарлық қадағалау, алдын алу шараларын қамтамасыз ету) ,ол әскери бөлімдер, Қарулы Күштердің салаларына, әскери әрекеттер өтетін жерлердің географиялық ерекшелігіне және тылдағы медициналық қамтмасыз етуді қамтиды.
Әскери гигиена пәнін жоғарғы оқу орнында әскери кафедрадағы бағдарламаға сәйкес әскери дайындық курсы бойынша студенттерді оқытудың мақсаты, әскери дайындықтың теориялық және машықтанудан алатын білімді, дағдыны белгілі көлемде игеруін қамтамасыз етуі керек. Нәтижесінде студенттерге қажеттісі:
-
Бейбіт және соғыс жағдайында әскерилердің жеке құрамындағы денсаулық күйінің өзгерісіндегі (себебін, жағдайын және механизмін) негізгі заңдылықтарды білуі;
-
Әскерлердің гигиеналық жүйедегі іс-шараларын жеке топтардағы арнайы және мазмұнды іс шаралары әскердің гигиеналық техникалық құралдармен жабдықталуын білуі;
-
Әскердің, Әскери Теңіз Күштерінің гигиеналық қамтылу жүйесінде басқару үрдісімен ұйымдық құрылымды білуі;
-
Әскер құрамында санитарлық қадағалауды ұйымдастыруы және оның мазмұнын білуі тиіс.
Студенттердің әскери гигиенаны ұйымдастыруда, игеруде, дайындық курс пәнін өткенде өзіне қажетті дағдылар мен біліктілікті біле отырып, олар мыналарды:
-
Санитарлық-эпидемиологиялық барлауды өткізуді, су көздерімен қамтамасыз ету және тексере білуі, дала пункттеріндегі тамақтану, паналау, әскери-техникалық және тыл объектілерінің әр түрлі жағдайдағы жауынгерлер әрекетін білуі;
-
Әскердің санитарлық қадағалауында алынған нәтижелерін яғни, профилактикалық іс шараларды өңдей білуі, ең қолайлы санитарлық және шұғыл техникалық жағдайларды қорытындылап, талдай білуі;
-
Профилактикалық іс шараларды іске асыруды;
-
Барлық қызметтер арасында өзара қарым-қатынасқа түсе білуі, әскерде санитарлық қадағалауда жұмыла іске кірісуі керек.
-
Институт, университет бітірушілер үшін өз іскерлігін, дағдысын, білімділігін әрбір жоғарыда көрсетілген бөлімдерде нақтылы анықтауы керек.
-
Нәтижесінде басқа факультеттің бөлімдеріндегі студенттерге өз білімімен, дағдылы әрекеттерін таныстыруы қажет.
Әскери бөлімдердің гигиеналық қамтылуы
Әскери бөлімдердегі жеке құрамдардың гигиеналық қамтылуы деп – профилактикалық іс шаралар жүйесіндегі ұрысқа қабілеттілігінің сақталуы және әскери қызметкерлердің ұжымдық еңбегі, ол бөлімшедегі командирлердің негізгі бағыты. Ішкі Әскери, Қарулы Күштердегі қызметінде Жарлық талаптарына сай жеке құрамдардың денсаулығын сақтауы, оның материалдық-тұрмыстық жағдайының қамтылуы- ол тікелей бригада командирінің міндеті, сондықтан ,ол соған толық жауапкершілікте. Бригада (полк бұрынғы атау) командирі азық-түліктің сапалылығын және техникалық қауіпсіздікті сақтап жүргізу, кезеңмен тексеріп отыру, жеке құрамды және жаппай қырып жоятын қарулардан қорғау, барлық әскери ғимараттар мен полк аумағын пайдалану ережесін бұлжытпай ұстауға міндетті.
Саяси
бөлімі бойынша орынбасар
Медициналық
қызмет бастығы
Техника
бөлімі бойынша орынбасар
Тыл
бойынша орынбасар
командир Азық-түлікпен
жабдықтау бастығы
Заттар
мен жабдықтау бастығы
Жанар
маймен қамтитын бастықтар Инженерлік
қызмет бастығы
Дене
тәрбиесі мен спорт бастығы
Химиялық
қызмет бастығы Әскери
бөлімді гигиеналық қамту
1 -сурет.Бригаданың жеке қызметкерлері,жеке құрамның гигиеналық қамтылуы кезіне қатынасатындар
Бригада командирімен бірге гигиеналық іс шараларды орындауда саяси бөлімнің, техникалық бөлім мен инженерлік авиация қызметінің орынбасарлары, медициналық, инженерлік және химиялық бөлімдердің бастықтары, ал бейбіт уақытта бригаданың спорт және дене тәрбиесі дайындығының бастықтары да қатынасады. (1- сурет )
Бригаданың гигиеналық қамтылу қызметтік міндетіне сай ұйымдастыру жұмысына мыналар кіреді: бригада командирінің тыл жөніндегі орынбасары әрбір бөлімшелерінде дер кезінде материалдық жабдықталуын қамтуға міндетті, олар сапалы азық-түлікті үздіксіз жеткізуді ұйымдастыруға, сонымен қатар, сапалы таза сумен, уақытында жуынып шайыну қызметінің қамтылуына қатынасады. Ондай орынбасарлар тұрғын үймен қамтып, оның пайдалануына, жөнделуіне, тұрмайтын ғимараттардың да жұмыстарына, казармалық мүліктермен қамтылуын, бригада аумағында белгілі ретке келтіреді. Бригаданың гигиеналық қамтылуындағы ұйымдастыру жұмыстарымен қатар, оған азық-түлікті, су, су жабдықтарын, жанар маймен қамтамасыз ететін бастықтарды да қатынастырады.
Заттармен қамтамасыз ететін бастықтар заттардың алынуын, сақталуы және уақытша әскери киімдермен ( іш киімдер, суға қажетті ыдыстар, жеке киімдерді шақтап тігу және аяқ киім, жеке тұрмыстық бөлмелердің жабдықталуын, тіпті шаш, сақал мұртын қидыру, алдыруға дейін) қамтамасыз етіп ұйымдастырады; апта сайын моншаға жуыну, іш киімін, шұлғаулары, төсек орындық заттарды ауыстыру жуынатын заттармен толық қамтып ұйымдастырады.
Жабдықтау бөлімінің бастықтары жанар-жағар маймен арнайы сұйықтық заттармен қамтуды, техникалық қауіпсіздікті сақтай отырып үлкен жауапкершілікпен қызмет атқарады.
Бригада командирінің техникалық бөлімінің орынбасары жүйелі түрде, жеке құрамның пайдаланатын техника, бронетанк, автотракторлардың техникалық ережелерін және оның қызмет көрсетуін, жөндеу жұмыстарында іске асырылатын іс шараларды, техникалық қауіпсіздігін сақтап және тексеріп отырады.
Инженерлік қызмет көрсетудегі бастықтар бригаданың гигиеналық қамтылуына қатынасады. Ол екі жағдайда: дала жағдайында әскерді сумен қамту кезінде ұйымдастыруға, ерекше жағдай болып қалған уақытта суды шығару оны өңдеу, тасымалдану және сақтауда табельдік инженерлік құрал-саймандармен, ал дала жағдайында тұру және жеке құрамның паналауына мүмкіндік болатын жағдайдың барлығына да қатынасады.
Бригаданың химиялық қызметтік бастықтары машықтық сабақтың дайындық кезінде қауіпсіздікті сақтауды және арнайы химиялық нұсқаушы-дезинфекторларды дайындауға қатынасуға міндетті. Соғыс уақытында химиялық қызмет бастықтары жеке құрамды радиациядан қорғануды үйретіп, нұсқау беріп есеп жүргізеді, химиялық барлауды ұйымдастырады, жаппай қырып жоятын қаруды индикациялайды, дегазация, техниканы дезактивациялайды, жарақтануды және жергілікті бөлімдерге арналған телімді пункттерді арнаулы өңдеуден өткізеді.
Бригаданың спорт және дене шынықтыру бөлімінің бастықтары (олар көп уақытқа осы қызметтегілерге штаттық күн тәртібімен қаралады) міндетті түрде көрсетпелі, нұсқаушылық әдістемелікпен спорт және дене шынықтыруды өткізіп дайындауға міндетті. Спорттық имарат құрылыстарын жоспарлап басқарады және спорттық заттардың сақталуына жауап береді. Медициналық қызметкерлермен бірге жеке құрамның спорт пен дене шынықтырумен шұғылданатындарды шыңдайды және олармен әр түрлі спорттық жарыстарды өткізеді.
Әкімшілік-техникалық іс-шаралар командирлер және бөлімнің инженерлік-техникалық құрамымен өткізіледі, ол еңбек үрдісіндегі ұйымдастырылу мен жеке құрамның демалысына бағытталып, санитарлық техникалық қауіпсіздік сақтау ережелерімен орындалады, сонымен қатар
Әскери
бөлімнің гигиеналық қамтылуы Медициналық
іс-шаралар
Гигиеналық
шаралар: Гигиеналық
нормалар мен нұсқаулардың сақталуын
бақылау; қауіпсіздік техникасы
ережелерінің орындалуын бақылау; еңбек
жағдайының ерекшелігін оқыту; әр түрлі
қызметкерлердің ғылыми негізделген
еңбек және демалыс режимін жасауға
қатысу; гигиеналық тәрбие
Әкімшілік-техникалық
іс -шаралары
Қауіпсіздік
техникасы Жұмыс
қауіпсіздігін ҚР ҚМ бұйрығының
талаптарына сай қамтамасыз ету; зиянды
факторлардың қарқындылығын өлшеу
Жеке
құрамның денсаулығын күнделікті
бақылау; медициналық тексерулер;
пансионат, профилакторияларына, демалыс
үйлеріне және санаторияларға бағыттау;
қайта ауырғандары есепке алу және
бақылау; дене тәрбиесіне,
дәрігерлік-педагогикалық бақылау.
Ғылыми
негізделген еңбек және демалыс режимін
жасау
Қаржы
–экономикалық іс-шаралары Жалпы
медициналық шаралар: Санитарлық-эпидемиологиялық
мекемелердің өкілдерімен жасалған
ұсыныстардың орындалуын бақылау; нақты
профилактикалық іс-шараларды жасау;
командир мен жоғарғы медициналық
бастыққа баяндау; санитарлық ағарту
жұмыстары; профилактикалық іс-шараларды
жүргізу үшін қажетті заттар мен
жабдықтау.
Эпидемияға
қарсы іс-шаралары
1-сұлба. Әскери бөлімнің гигиеналық қамтылуы.
гигиеналық норма және нұсқаулар арқылы атқарылады. Қаржылық-экономикалық іс-шаралар әкімшілік-техникалық және медициналық іс-шаралармен қажеттіліке қарай қамтылуы қажет . Осындай іс-шаралар тыл командирлерінің орынбасарлары және қаржы бастықтары әрекетімен іске асырылады.
Медициналық-профилактикалық сипаттағы гигиеналық, эпидемияға қарсы және емдеу-профилактикалық іс-шараларымен біріктіріледі. Бұл жерде санитарлық қадағалау мен бақылау үлкен рөл атқарады, оның орындалуын жеке құрамның гигиеналық қамтылуын әскери бөлімдердегі міндетті қызметкерлер атқарады.
Гигиеналық іс-шараларды соғыс және бейбіт уақытта да( гигиеналық тәрбие, санитарлық қадағалау, профилактикалық іс-шараларды іске асыру) әскери бөлімдердегі медициналық қызметкерлер атқарады, ол Қарулы Күштердегі әскер түрлеріне байланысты болады, оған сол бөлім қарайды; ауданның географиялық ерекшелігіне немесе әскери әрекеттердің енуіне; тылдың ұйымдастырылуына, тұтастай алғанда медициналық-гигиеналық қамтылуын қарайды, бірақ, әскери әрекет шешімдері әртүрлі. Гигиеналық қамту – ол әкімшілік- техникалық , қаржылық- экономикалық және медициналық іс-шаралардың жүйесі (сұлба 1).
Әскердің соғыс уақытындағы медициналық қызметінің гигиеналық қамтылуында мынадай әрекеттер ажыратылады:
- Әскер әрекеті, ұйымдастырылуы және санитарлық-эпидемиядағы барлаудың қандай ауданда орналасу жағдайын өткізу; сонымен бірге су көздерінің барлауына қатынасу;
-
Жылжымалы әскер түрлерінің медициналық қамтылуы;
-
Жеке құрамның әскерлік-медициналық қамтылуы: иондық сәулелену көздерінде, улы және агрессивті сұйықтықпен, сәулелену генераторларымен және басқа да зиянды әрекеттерімен әскери мамандардың гигиеналық қамтуда бақылау талаптарының сақталуы;
-
Жеке құрамдармен жұмыс істеудегі қорғануды бақылау;
-
Дала жағдайында әскерді қоныстандырудағы медициналық қамтылуы;
-
Жеке құрамның моншамен, жуынуының қамтылуы;
-
Жеке және қоғамдық гигиенаның орындалуын бақылау;
- Тамақтанудағы медициналық бақылау;
-
Дала жағдайында сумен жабдықтауды медициналық қамтамасыз ету;
-
Судың, тағамның және басқа да сыртқы орта объектілерін санитарлық сараптамадан өткізу;
-
Ұрыс алаңдарының санитарлық талапқа сай тазалануы медициналық бақылауда болады, жауынгерлердің мәйіттері, жарақаттан және аурудан өлгендердің жерленуі, сонымен қатар жаппай залалданған көздерді жоюдағы жеке құрамның санитарлық ережелерді орындауы.
Бөлімшелерде ( рота, батальон) жеке құрамдағы батальонның фельдшері және ротаның санитарлық нұсқаушылары гигиеналық қамтудағы бақылауды іске асырады.
Соғыс жағдайында гигиеналық қамтудағы медициналық іс-
шаралардың ерекшелігі
Жауынгерлер әрекетінің түрлеріне байланысты, әскердегі гигиеналық қамтылу түрлері де шабуыл, жорық қорғаныс кезінде әр түрлі болады. Соғыс уақытында медициналық іс-шаралардың орындалуы, ережеге сай күнтізбелік мерзімде емес, әскери бөлімдердің жауынгерлік міндетті орындау алдында орындалады. Шабуыл мен марштың арасында гигиеналық қамтуда көп айырма жоқ, екеуінде де әскери әрекет бірдей, әскердің үзіліссіз қозғалысында бірдей жағдайда болады. Әскери бөлімдердегі шабуыл мен марштардағы медициналық гигиеналық қамтылу санитарлық-эпидемиологиялық барлауды өткізуге, әскерилердің еңбегін және сардарлар мен сарбаздардың демалысы да медицина қызметінің міндеті болып табылады. Шабуылдауда да медициналық-гигиеналық қамтылу, белгілі бір жүйелілікпен жүргізіледі.
Бөлімшенің медициналық қызметтегі бастығы шабуылдау кезінде командирдің бұйрығымен танысады, бригаданың шабуылдау картасын зерттейді, жергілікті жерге баға береді, оған қосымша өзінің қажеттілігіне қарай климаттық-географиялық және уақыт факторларын штаб бастығынан, тағы да жоғары лауазымды бастықтардан анықтама алады. Бригаданың міндетін түсінген соң, жалпы жағдайға баға береді, медициналық қызмет бастығының алдына тиісті гигиеналық іс-шаралардың қандай болу керектігін белгілейді, тағы да басқа қызметтегілермен келіседі. Бұған, ережеге сай командирдің тыл орынбасарлары, инженерлік және химиялық қызметкер бастықтары да қатынасады. Әдейі арнаулы, дивизияның (аумақтық) медициналық қызмет бастықтарымен де келісіледі. Одан басқа да медициналық қызметінің жетіспейтін мүліктерге тапсырыс береді.
Медициналық қызмет бастығы, медициналық қамтылулардың жоспарын жасайды, мысалы, шабуылдау мен марш кезінде оның негізгі бөлімдеріне медициналық қамтудағы іс-шараларды ендіреді, яғни, «медициналық қамтылудың кезеңдік дайындық » бөліміне, сол ауданға шоғырланған медициналық барлау болуы керектігін, су қоры болуын бақылайды, соған орай санитарлық-ағарту жұмыстары сәйкестендіріледі.
«Шабуылдың медициналық қамтылу » бөлімінде гигиеналық қамтудың мәселелерінің мазмұнын, үздіксіз барлауды өткізу, тамақтануды ұйымдастырудың гигиеналық бақылануының, тамақтану батальон пунктінің (ТБП) жұмысы, бөлімшелерге дайын азық-түлікті жеткізу; ТБП-ға сумен қамтамасыз етудегі гигиеналық бақылау, жеке құрамның жайластырылуы, демалысы, әскери қызметкерлердің жеке бас гигиенасын сақтау ережесіне бақылау жасалынады.
Әскери бөлімдердегі медициналық іс шаралармен қорғанысты қамту, ол тамақтану, сумен қамтылу, жеке құрамның қоныстану және еңбек жағдайы, демалысы санитарлық қадағалнуы ерекше бағытта болады. Медициналық қызмет бастығы, белгілі аумаққа ұзақ уақытқа келген әскери бөлімшенің мүмкіншілігін ескеріп, санитарлық жағдайындағы қиындыққа қарай оған өз көмегін тигізу керек, бөлім командирлеріне санитарлық ережелерді жеке құрамның паналайтын жерлеріне, қамалдық құрылыс пен терең қазылған имараттық құрылыс – командалық пункт, байланыс тораптарындағы тазалықты ұйымдасқан түрде санитарлық жағдайда ұстайды. Қалдықтарды шығару, ауру тасымалдайтын кемірушілермен күресу, сардарларр мен сарбаздардың денсаулығын сақтау, домбықтануға жібермеу, санитарлық ережелерді мұқият ұстау.
Қорғанудағы ең зор мәселе, су қорын дұрыс сақтау, ол үшін қажетті жағдайдың барлығын жасау.
Гигиеналық тәрбие
Соғыс уақытында гигиеналық тәрбиеге үлкен көңіл бөледі, оны ушықтырмай гигиеналық ережелерді қатаң сақтай отырып, тиімді жүргізу, жауынгерлер организмін көптеген қолайсыз факторлардан қорғау арқылы, қолайсыз әрекеттерді бәсеңдетудің үлкен маңызы бар. Мынадай факторлардың болғанын еске түсіру артық емес, ол Москва Мемлекеттік Университетінде ірі қоғам қайраткер, терапевт Г.А. Захаревичтің сөйлеген сөзінде «жалпы көпшіліктегі сырқатты тайталасып жеңетін ол тек - гигиена. Сондықтан гигиеналық мәліметтің қажеттілігін әркімнің білуі, аурудан гөрі емделу үшін керек». Салауатты өмірде гигиеналық тәрбиедегі ережелер мен дағдыға еретіндердің ең маңыздысы жеке бас гигиенасы мен қоғамдық гигиена: организмді шынықтыра білу ережесі және ұжымдық индивидуалды әр түрлі амалдарды пайдалану арқылы қорғану. Осыған байланысты медициналық қызмет бастығы медициналық құраммен арнайы дайындықтар өткізіп, жеке құрамдағы медициналық дайындықты басқарып және бөлімшелерде санитарлық-ағарту жұмыстарын ұйымдастыруы қажет. Барлық қызметті басқаратындар жүйелі түрде бақылау жасап, тұрақты жұмыс жүргізіп, қажет болса түсіндіріп, жеке құрамның, Қарулы Күштердің ішкі қызмет саласында жарлыққа сай жалпы гигиена мен ережелерді орындауы міндетті, сөйтіп, әркім өз организмін шыңдауы керек. Жеке бас гигиенасын орындауды - таңғы жуынып шайыну, денені суық орамалмен сүртіну, беліне дейін суық сумен жуыну, тамақтану алдында қол шаю, ұйықтар алдында тіс, аяқты жуу, уақытында моншада жуыну, іш киімдерін және төсекті ауыстыру, аяқ киім, әскери киімдерді таза ұстау. Әрбір әскер қызметкерлеріне Әскер Қарулы Күштердің жарлығына сәйкес жалпы гигиена мен ержелерді орындауға: жатын орны, әжетхана, басқа да бөлмелерді және қоғамдық орындарды ,сонымен қатар орналасқан аумақты да таза ұстау, желдендіріп тұру; жөткіру, жөтелу кезінде бет орамалды пайдалану, темекі тартудың өзінде де арнаулы орындарда өткізу. Казармада кір киімдерді жууға тыйым салынады, ондай жұмыстар арнайы тек жуып шаятын орындарда өтеді. Жауынгерлер өз ауруларын жасырмауы қажет, міндетті түрде бастықтарна айту солардың рұқсатымен бригаданың медициналық пункттерге баруы керек.