Добавлен: 04.02.2019

Просмотров: 11408

Скачиваний: 139

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қоғамдық гигиена ережелерінің қағидаларына сай, жауынгерлер, қоршаған ортаның ластануына жол бермеу, тазалық сақтау, қолайлылықты қамтамасыз ету және ұжымда қалыпты психологиялық климаттты сақтауы қажет.


Қарулы Күштердегі санитарлық қадағалау

Гигиеналық және эпидемияға қарсы іс шаралар жеке құрамның денсаулығын сақтау, оны күшейту, күнделікті үздіксіз бақылау, еңбектену жағдайында жауынгерлердің құрамындағы факторларға, қоршаған орта күйіне баға беру, Қарулы Күштердегі санитарлық қадағалаудағы жүйенің бақылануы.

Әскердегі санитарлық қадағалау, әскери медициналық қызметтегі, күнделікті қадағалаумен және ескертулер арқылы іске асырылады.

Санитарлық қадағалауды іске асыра отырып, соғыс уақытында гигиеналық және эпидемияға қарсы нормалар мен нұсқауды, құрылыс барысында және жергілікті қорғаныс қоныстануында, тылдық ғимараттары олардың объектілеріне, жеке құрамның жасырындық орындарына ,медициналық қызмет бастықтары бақылау жасайды.

Күнделікті санитарлық қадағалауда медициналық қызмет бастығының негізгі міндеті:

  • Әскери және арнаулы дайындықтың жоспарлануындағы медициналық бақылауды ұйымдастыру, өткізу, барлық санитарлық ережелерді жеке құрамның техникалық, агрессивтік және токсикалық заттармен арнайы әскери объектідегі жұмыс кезінде орындалуын бақылау;

  • Жеке құрамның дене тәрбиесі және сақтық іс шаралар, дене тәрбиесі және спорт істері жөніндегі бастықтармен бірлесе отырып сардарлар мен сарбаздардың шыңдалуын, төзімділігін арттыруда медициналық бақылауды жүзеге асыру;

  • Тамақтану режимін қарастырып, өңдеуге қатынасу және оның ұйымдастырылуын, іске асырылуына, азық-түлікті уақытында және сапасына жүйелі түрде бақылау жасау;

  • Бригада командиріне диеталық тамақтануға мәжбүр адамдар туралы қорытынды шешімді ұсыну;

  • Соғыс уақытында тыл жөніндегі орынбасарлар мен инженерлік қызмет бастығымен бірге суды тұтынуды жоспарлау, оны зарарсыздандыру тәсілі мәселесімен және судың сапалылығын бақылау;

  • Бөлімшенің орналасқан ауданының санитарлық жай-күйі,оның ғимараттарының және шаруашылық қызметін бақылау;

  • Монша, жуынумен қамтылатын қызмет пен жеке бас гигиенасын сақтауды және оны бақылауды өткізеді.

Санитарлық қадағалауды өткізуді ұйымдастыруда дәрігерлік гигиеналық норма, нұсқаулар мен ережелерге басшылыққа алады.

Барлық гигиеналық нормалар, нұсқаулар мен ережелер Қорғаныс Министрінің бұйрығымен ендіріледі, Қорғаныс Министрінің орынбасарлары және тыл жөніндегі орынбасарының – Қарулы Күштердің бұйрығы, қарарлары, Қорғаныс Министрлігіндегі медициналық басқарма бастығымен де Әскерге ендіріледі. Осы нормалар мен ережелер, ресми құжаттар әскерге ендірілуі шектеулік деп аталады. Әскери дәрігер гигиеналық қамтылуды шешу мәселесін мемлекеттік нұсқауларды басшылыққа медициналық қамтуда өсиет , ақыл кеңеске сүйенеді. Ал күнделікті аралас қатардағы анықтамалық және нормативтік мәселелерді шешуде, шектеулі құжаттарды қызметке сай пайдалану – медициналық қызмет бастықтары, штаб бастығынан алады.


Бөлім дәрігерінің өткізетін алдын алу шараларының жетістігі сол, ол түсіністік пен біліміне қарай өз міндетін орындаудағы ұғымына байланысты, олар сонымен қатар міндеті бар басқа да қызметкерлерге қатынасты.

Гигиеналық нұсқауларды іске асыру жағдайында материалдық шығынды, маңызды уақытта орындау күш жігерді қажет етеді, ал ,ол туралы медициналық қызмет бастығы бөлім командиріне баяндайды, сол жұмысты орындауға сәйкес құжаттармен қоса баянат береді.Осындай бөлім командирінің негізделген баянатында әрбір қызметтік жауапкершілігі бар қызметкерлерді белгілі уақыт мерзімінде медициналық алдын алу іс шараларын өткізуді міндеттейді. Штаб, бұйрықтың орындалуына бақылау жасайды.

Белгілі уақыт ішінде берілген бұйрықтың орындалуы туралы командирге баяндайды.

Медициналық қызмет бастығы барлық санитарлық нормалар мен ережелердің бұзылу факторларында, кінәлі адамдарды, осы кемшілікті жою шараларын, бөлімшелердегі қоғамдық ұйымға ақпараттандырады.

Осы жоғарыда айтылған дәрігер нұсқауларын толық көлемде орындамаған өзіне қатысты қызметкерлер жөнінде медициналық қызметтегі бастығы, өз бастығына, бөлім командиріне осы мәселені қойып, орындамаған кінәлілерге белгілі шара қолданады.

Күрделі жағдай болғанда, көмекке санитарлық-эпидемиялық мекеме - санитарлық эпидемияға қарсы взвод батальонының санитарлық-эпидемиологиялық мекеме гарнизонына немесе округтық лабораторияға өтініш жасайды.

Соңында, арнаулы санитарлық-эпидемиологиялық мекеменің әскери медициналық қызметіне осы қойылған мәселенің құзырына берілген шешім мен қорытындысына сай болуы керек.

Қорғаныс Министрінің Әскердегі санитарлық қадағалау жөніндегі барлық командирлерге, бастықтарға бұйрық беріледі.



Медициналық гигиеналық қамтылудың

ұйымдастырылуында медицинаналық қыметтегі

пайдаланылатын құрал-жабдықтар мен күштер



Әскери бөлімдердегі медициналық гигиеналық қамтылуда пайдаланатын құрал-жабдықтардың ұйымдастырылуын, медицинаның басқа да қызметтегілерде қолдана алады. ұйымдастырылады (1-кесте ).

Әскери бөлімнің гигиеналық қамтылуды қамтамасыз етуді шешу үшін, барлық әскердегі медициналық қызметтегілер: ротаның санитарлық нұсқаушылары, медициналық қызметкерлерінің бастықтары тартылады.

Бөлімнің медициналық қызмет бастығы медициналық күштер мен құрал-жабдықтар қажеттілігіне қарай есептеп өткізеді, гигиеналық қамтуда ұрыста, маршта және т.б. бөлімшенің іс-әрекеттерінде қажетті заттарды керегінше өзінше бағалап,егерде қажетті жұмыс жабдықтарының бөліну кезінде жетіспеушілігі болса, оған аумақтық шаруашылық қызметінің бастығы тапсырысты береді.

Медициналық іс шараларға, медициналық қамтылу әрекетінде аумақтық дәрігер көмек жасау үшін әскери мамандарға және взводтың медициналық санитарлық-эпидемиологиялық батальонына бағыттап жібереді, әскери медициналық лаборатория (ӘМЛ) болған құрал-жабдықтар су, азық-түлік т.б. қажетті объектілерді радиометриялық, санитарлық-химиялық, санитарлық-бактериологиялық, санитарлық-токсикологиялық зерттеулерді өткізу үшін жабдықтайды.


Иондық сәулелерді қолданғанда рентгенометр ДП-5, судың және тағамның,

санитарлық-химиялық зерттеуін, гигиеналық лабораторияда (ГЛ) радиометрия үшін қолданылады.

Уланатын заттар индикациясы мен санитарлық- токсикология заттардың зерттеулерін өткізу, медициналық ветеринарлық барлаудағы химиялық құралдармен орындалады (ПХР- МВ, ХБ-МВҚ ,МВБ – ХҚ).













Әскердегі гигиеналық медициналық қызмет құрал-жабдықтар 1-кесте


Медициналық қызмет

Күштер

Құрал-жабдықтар




Әскери бөлім





Аймақ (дивизия)










Медициналық қызмет- жеке құрамы мен бөлімшелер, бригаданың медициналық пункті




Медициналық қызметтегі аймақтың жеке медициналық отряды және санитарлық эпидемияға қар- сы взводтағы СЭҚВ: эпидемиолог, бактериолог, радиолог,токсиколог


Дозиметр ДП-5А, ПХР-МВ, реактивтер және судағы хлор қалдығы , Сдәруменін тағамда анықтайтын құрал-жабдықтар; суды майсыздандыратын таблетка (түйіндәрі).


Қажетті әскери медициналық лабораторияға қажетті мүліктер ( ӘМЛ); гигиеналық лаборатория (ЛГ);дозиметрлер ДП-5А; ПХР-МВ. Санитарлық бактериологиялық құрал-жабдықтар.

Мүлік комплект (ӘМЛ) құрамына кіретін құрал-жабдықтар көмегімен, қоректік ортада санитарлық -эпидемиологиялық зерттеулерін жүргізеді (сурет-2).



2- сурет Әскери медициналық лабораторияның жалпы көрнісі



Сыртқы орта объектілер сынамасын алуға арнаулы құралдар қолданылады, ол үшін сынама алуды сақтау және алып жүру үшін термоизоляциялық контейнерлер (ТК-3) қажет.

Уақытында, әскери қызметкерлерге алдын алу шараларын өткізу үшін, медициналық құрал-жабдықтармен қамтылуы қажет, яғни суды майсыздандыратын препарат, радиациялық заттардан қорғаныштар, қажеттілігіне қарай – стимулятор (алдын алу шараларды қажытпайтындай), сонымен қатар, профилактикалық қор заттарымен де толықтырылуы керек.

Бөлімнің медициналық гигиеналық қамтылуында медициналық емес күштер мен құрал-жабдықтада ұйымдастырылуында инженерлік, химиялық және азық-түлікпен жабдықтау қызметініңде қатынасы бар. Бөлімшелерде мұндай арнайы қызметтерде, мамандар және табельдік мүліктер, тамақтандыруда, далалық сумен қамтамасыз етуде, әскерлерді қоныстандыруда, сонымен қатар, жеке құрамның ұрысқа кіруіндегі жағдайы болғанда иондық сәулелерді өлшеуі керек.

Медициналық емес құрал-жабдықтардың әскери қолданудағы қажеттілігінің аталуы, соғыс уақытында әскердің қолданатын гигиеналық қамтамасыз етуде және оның мәселесін шешуде, оған жататын жеке басты қорғану, әрбір әскери қызметшілер үшін қажет. Ал оған бақылау жасалуына медициналық қызмет әрекеті керек.

Қорытындыда айтылатыны, соғыс уақытында әскердің гигиеналық қамтуды, әскери бөлімдегі әскери қызметкерлердің денсаулығын күшейтуге, оларға қолайлы жағдайдың тудырылуына жетістікпен бұл мәселені шешуге мүмкіндік береді, егер барлық қызметтегі адамдардың жауапкершілікті түсініп, өзара қарым-қатынаста дұрыс болса ғана, жүзеге асады.


































































Өзіндік бақылау және сабақты талқылау сұрақтары



  1. Әскер гигиенаға анықтама және пән мазмұнын ашып көрсету;

  2. Әскери бөлімнің гигиеналық қамтылуы деген не? Оның жүйе ретінде

құрамы қандай?

  1. Әскери бөлімде гигиеналық қамтылудағы әрбір қызметтегілердің міндеті не?

  2. Соғыс уақытында әскердің гигиеналық қамтылуды медициналық іс

шаралардың мазмұнын ашып көрсету;

  1. Медициналық гигиеналық қамтылуды ұйымдастырудағы күштер мен құрал-

жабдықтарды атау.

  1. Жеке құрамның медициналық гигиеналық қамтылуында медициналық іс

шаралар қандай топтарға бөлінеді?

  1. Әскердің гигиеналық қамтылуындағы іс шаралардың ұйымдастырылуының

гигиеналық тәрбиесінің маңызы

  1. Әскери бөлімдегі медициналық гигиеналық қамтуын қолданғанда әскери

дәрігер қандай құжаттарды басшылыққа алады?

  1. Медициналық гигиеналық қамтылуында жоспарлану қалай іске асырылуы

керек?





































2- т а р а у

Әскерді қоныстандыру гигиенасы

Әскерді қоныстандырудың негізгі міндеті жеке құрамның жауынгерлік қабілетінің жоғары болуы, барлық жағдайларда оқуына, демалысына, өз – өзінің қалпына келуіне толық қолайлы жағдай жасау.

Әскерді қоныстандыру тұрақты – к а з а р м а л ы қ (стационар) немесе уақытша д а л а л ы қ.

Әскерді казармалық қоныстандыру арнайы ұзақ уақытқа арналған ғимараттарға орналастыру. Онда барлық жағдайлар ескеріледі (орналасқан ауданның климаты, әскерилердің құрамы) соған қарай әскери қалашық немесе әскери техникалық ғимараттар болуы мүмкін.

Далалық қоныстандыруда әскерилердің уақытша, тұрақты орналасатын объектіден тыс белгілі мақсаты болады. Ондай қоныстандыру бейбіт немесе соғыс кезінде болуы мүмкін. Әскери қоныстандырудың негізгі міндеті гигиеналық талаптарға сай әр уақытта қолайлылық туғызу, жауынгерлердің жеке құрамына жағдай жасау.

Казармалық қоныстандыруда – оқу жаттығу, шынығу, оқу, демалу, жатын орны, туалеті, төсек-жабдықтары, әскери киімдері (обмундирование) ортаның климатына сай болуын қамтамасыз ету. Ал медицина қызметкерінің міндеті гигиеналық нормаға сәйкестілігін қадағалау, қойылатын талапты қамтамасыз ету.

Казармада орналасуы

Казарма қатардағы сарбаздар мен шартты қызметтен тыс сержанттары үшін арналған. Бұл жерде УЗ(улы заттар) - нан сақтау, жеке қаруларын сақтауға және демалуына болады. Казармада саяси - бұқаралық және мәдени тәрбие жұмыстары жүргізіледі. Казарма әр уақытта таза , құрғақ, жарық, кең, ауасы тазартылып желдетіліп тұратын, ұйықтайтын және қосалқы бөлмелері болуы керек.

Әскерде батольон казармаларында роталар орналасатын және міндетті өз бетімен орналасатын бөлімшелер болады.

Ішкі қызмет етушілердің жарлығына сай, казарма ғимаратында: қоғамдық бөлме, кеңсе, әскери қызметшілердің қару – жарақ тазалап ұстайтын, сақтайтын, ұйықтайтын, тұрмыстық қажетті өтейтін, жуынатын, аяқ киім тазалайтын, темекі шегетіндер, әскери киімдерді құрғататын және аяқ киім арналған бөлмелер болуы керек. Сабақ өткізуге арналған жабдықталған класс (сынып) болуы қажет.


Ұйықтайтын бөлмелерде әр жауынгер үшін орта есеппен 2,5-4м² көлемде, ауасы 9-12 м3-ке есептелген болу керек. Төсектері бір қатарда, ал егер бір немесе екінші қабаттардың (ярустар) арасы 0,8-1 м биіктікте, терезе мен үй қабырғасына жақын болуы керек. Әр төсек арасында бос сапқа тұруға ыңғайлы орын болуы керек.

Әрбір жауынгер өз төсектерін жайластырып, төсек комплектерімен жабдықтап ( 2 ден ақ жайма, жұрғақ, жастық тысымен, 2 сүлгі орамал ) қажет. Әрбір таңғы дене шынықтырудан және бөлмені ретке келтірген соңда, төсектерді жинап қою керек. Түнге қарай, күнделікті киім кешекті және белдіктерін орындықтарының үстіне , аяқ киімдерін төсектің аяқ жағасына қояды. Арасында киім-кешектер шкафта сақталады ол ұйықтайтын бөлмелерден бөлек , әскери парадтық, демалыс киімдер арнаулы қоймада, жауынгерлердің өз заттарын сақтайтын бөлмелерінде болады.

Жеке құрамға арналған бөлмелердің ауа температурасы - 18°С-тан төмен болмайды, клуб, саты алды алаңы мен жинастырылатын бөлмелерде - 16° С, гимнастикалық залда – 15 °С. Барлық ұйықтау бөлмелерінде термометрлер 1,5 м биіктікте, ішкі қабырғалардан, терезеден, сыртқа шығатын есікте және жылыту құралынан 1,5- 2 м-дей орналасады. Казармадағы жасанды жарықтанулары мынандай нормалық жағдайда ұсталады ( 2- кесте). Терезенің ашпалы көзі (форточка), фрамук және терезе арқылы да казарманы желдету жүргізіледі.



Казармалық бөлмелер

Жарық, лк

Жұмыс уақыты

Кезекшілік уақыты

Ұйықтайтын бөлме

Дәліз, басқыш алаңы

Жуынатын бөлме, туалеттер

Арнаулы бөлме,

25

10


15

150

5

0,3


15

-

Казармадағы жасанды жарықтандырудың нормалары 2- кесте



Бөлменің барлық бөліктерінде орналасқан су тұратын кіші бактардың аузы жабық, құлыптаулы, әрине су ішуге қолайлы құралдар мен жабдықталса да болады.

Рота орналасқан әр бөлмеде аяқ киімді тазалайтын, темекі тартуға арналған орын, қол жуғыштар, аяқ киім мен киім- кешек кептіретін, санитарлық бөліктермен қатар біріктіріледі. Жуынатын бөлмеде 5-7 әскери қызметкерлерге арналған су краны болуы ескеріледі. Осы бөлмеде аяқты жуатын ағынды су жабдығы да болуы керек.

Жуып шайынатын, жинастыру бөлімінде 10-12 жауынгерлерге арналған ағатын бір су көзі орыны да ескеріледі.Сыртқы әжетхана, тұрмыстық, асхана, аспазхана, наубайханадан тыс, 75 м-дей алыс,су сіңірмейтін сыртқа төгілетін қоқыстарды шығаратын шұңқыр орналастырылады. 25 адамға есептелген бір саңлаулы және арасы 0,5 м зәр шығарымға арналған несеп ағар болуы керек. Бөлмелерде тазалықты толық сақтау үшін ротның күндізгі кезекшілігіне тапсырады. Жалпы казармалық тазалық үшін, ротаны аға кезекші аптасына бір рет жинастыруды басқарады. Медициналық қызметкерлерлердің міндетіне пәтерлердегі гигиеналық бақылауды сақтау, казарма бөлмелерінің, ауаның тазалығын сақтау кіреді.