Добавлен: 04.02.2019

Просмотров: 13012

Скачиваний: 225

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

220. Гендер мен генотиптердің әртүрлігін жоғарлатады: (3)

  1. оқшаулану

  2. +мутациялар

  3. инбрединг

  4. + аутбрединг

  5. + миграциялар

221. Гендер мен генотиптердің әртүрлілігін төмендетеді: (3)

  1. мутациялар

  2. +оқшаулану

  3. аутбрединг

  4. + гендер дрейфі

  5. + инбрединг

222.Генетикалық полиморфизмнің төмендеуіне алып келеді: (2)

  1. миграциялар

  2. + гендер дрейфі

  3. аутбрединг

  4. + инбрединг

  5. панмиксия

223. Популяцияның бейімділігін жоғарлататынфакторлар: (2)

  1. мутациялар

  2. +табиғи сұрыпталу

  3. миграциялар

  4. + даралардың өсімталдығы

  5. даралардың өсуі

224. Популяцияның бейімділігінің жоғарлауына негіз болады: (2)

  1. миграциялар

  2. мутациялар

  3. + табиғи сұрыпталу

  4. инбрединг

  5. + даралардың өсуі

225. Популяциялардың бейімділігі анықталады: (2)

  1. даралардың жасымен

  2. + даралардың өсімталдығымен

  3. даралардың жынысымен

  4. даралардың санымен

  5. + даралардың тиімді некелесуімен

226. Рецессивті гендерге қарсы табиғи сұрыпталу: (3)

  1. популяцияда жиілігі артады

  2. + популяцияда рецессивті гомозиготтар саны төмендейді

  3. + популяцияда доминантты гендер жиілігі артады

  4. популяцияда рецессивті гомозиготтар саны артады

  5. + рецессивті гендер элиминацияланады

227. Доминантты гендерге қарсы табиғи сұрыпталу: (2)

  1. популяцияда доминантты гендер жиілігі артады

  2. + популяцияда доминантты гомозиготтар саны төмендейді

  3. доминантты генді тасушылардың бейімділігі артады

  4. доминантты генді тасушылардың бейімділігіне әсер етпейді

  5. + доминантты генді тасушылардың бейімділігі төмендейді

228. Мутация нәтижесінде : (2)

  1. аллелдердің көп түрлілігі төмендейді

  2. + оларды тасушылардың бейімділігі төмендейді

  3. оларды тасушылардың бейімділігі жоғарлайды

  4. + аллельдердің көп түрлілігі жоғарлайды

  5. эволюция қарқыны төмендейді

229. Мутация нәтижесіндегі факторлар:(2)

  1. популяцияның генетикалық көптүрлілігі төмендейді

  2. + популяцияның генетикалық көптүрлілігі артады

  3. популяцияның бейімділігі артады

  4. + эволюция

  5. регресс

230. Популяцияның элементарлы эволюциялық процесстеріне жатады: (3)

  1. популяция саны

  2. + гендер дрейфі

  3. популяцияның жыныстық құрамы

  4. + популяциядағы гендер мутациясының жиілігі

  5. + миграциялар

231.Популяциядағы гендер мен генотиптердің өзгеруіне себеп болады: (3)

  1. жасанды сұрыпталу

  2. + гендер дрейфі

  3. +табиғи сұрыпталу

  4. популяция мөлшері

  5. + гендер ағымы

232. Популяциядағы гендер жиілігінің динамикасына әсер ететін факторлар: (3)

  1. + мутациялар

  2. популяция мөлшері

  3. популяцияның некелік құрамы

  4. + миграциялар

  5. + гендер дрейфі


233.Қандай факторлар әсерінен популяцияның генетикалық құрылымы өзгереді: (3)

  1. кроссинговер

  2. + мутациялар

  3. комплементация

  4. + табиғи сұрыпталу

  5. + миграциялар

234. Қандай процесстер нәтижесінде популяцияның гендер мен генотиптердің жиілігі өзгереді : (2)

  1. қоршаған ортаның температурасы

  2. қоршаған ортаның ылғалдылығы

  3. + мутациялық процесстердің қарқыны

  4. даралардың қозғалу жылдамдығының қарқыны

  5. + кездейсоқ өзгерістер

235. Қандас некеге жатады: (3)

1. нәсіл аралық неке

2.+ инцесттік неке

3. ұлт аралық неке

4. + жақын туыстар арасындағы неке

5. + ұқсас генотиптер арасындағы неке

236.Кездейсоқ емес некеге жатады: (2)

1. + инцесттік неке

2. кездейсоқ неке

3. + туысқандар арасындағы неке

4. нәсіл аралық неке

5. ұлт аралық неке

237. Аудбредингтік некеге жатады: (2)

  1. инцесттік неке

  2. + нәсіл аралық неке

  3. туыс аралық неке

  4. + ұлт аралық неке

  5. түр аралық неке

238. Популяцияның генетикалық жүгі мыналар әсер еткенде туындайды: (2)

1. ауа-райы

2. + мутация

3. температура

4. + табиғи сұрыпталу

5. атмосфералық қысым

239. Популяцияда генетикалық патологиялардың жинақталуы нәтижесінде: (2)

  1. генотиптердің бейімділігі жоғарлайды

  2. туылудың жоғарлауы

  3. + генотиптердің бейімділігі төмендейді

  4. генотиптердің қабілеттілігі жоғарлайды

  5. + бейімделмеген генотиптердің элиминациялануы

240. Популяциядағы генетикалық патологияның жоғарлауы мынаған байланысты: (3)

1. панмиксия

2. + инбрединг

3. аутбрединг

4. + изоляция

5. + гендер дрейфі

241. Популяцияның генетикалық жүгін төмендетеді: (2)

1. изоляция

2. + аутбрединг

3. инбридинг

4. + панмиксия

5. гендер дрейфі

242.Популяцияның генетикалық жүгіне жатады: (2)

1. инфекциялық аурулар

2. алиментарлы аурулар

3. + тұқым қуалайтын аурулар

4. + өздігінен түсіктің болуы

5. медициналық түсік

243. Популяцияның генетикалық жүгінен қалыптасатын аурулар:(3)

1. грипп

2. + гемофилия

3. пневмония

4. + фенилкетонурия

5. + ихтиоз

244. Полиморфты локусты гендерге жатады: (3)

1. бірдей аллельдер

2. + әртүрлі аллельдер

3. + бірнеше аллельдер

4. гомозиготалы жағдайдағы аллельдер

5.+ гетерозиготалы жағдайдағы аллельдер

245. Мономерлі локусты гендерге жатады: (3)

1. көптік аллельдер

2. + бірдей аллельдер

3. +гомозиготалы жағдайдағы аллельдер

4. гетерозиготалы жағдайдағы аллельдер

5. +бір аллель

246. Популяцияның генетикалық жүгінің қалыптасуы немен байланысты: (2)

1. генотиптердің бейімділігінің жоғарлауымен

2. ортаның жоғарғы температурасымен

3. +генотиптердің бейімділігінің төмендеуімен

4. ортаның төменгі температурасымен

5. +бейімделмеген генотиптердің элеменациялануымен

247. Популяцияда табиғи сұрыпталу нәтижесінде: (2)


1. бейімделмеген генотиптер сақталады

2. популяцияда жоғары өсімтал генотиптер сақталады

3. +популяцияда мейілінше бейімделген генотиптер сақталады

4.+ генотиптердің тіршілік қабілеті жоғарлайды

5. популяцияда дене салмағы үлкен генотиптер сақталады

248. Миграция (популяциялар арасында гендердің алмасуы) нәтижесінде: (2)

1. популяцияның генетикалық әртүрлілігі төмендейді

2. + популяцияның генетикалық әртүрлілігі жоғарлайды

3. мутациялық процесстердің интенсивтілігі жоғарлайды

4. гомозиготалар жиілігі жоғарлайды

5.+ гетерозиготаларжиілігі жоғарлайды

249. Гендер дрейфі (гендер жиілігінің кездейсоқ өзгеруі) нәтижесінде популяцияда: (3)

1. популяцияның генетикалық полиморфизмін жоғарлатады

2.+популяцияның генетическалық полиморфизмін төмендетеді

3.+популяцияның генетикалық жүгін арттырады

4. популяцияның генетикалық жүгін төмендетеді

5. +популяцияда генотиптер бейімділігін төмендетеді

250. Популяцияның оқшаулануы (географиялық, діни) нәтижесінде: (2)

1. гендер мен генотиптердің әртүрлілігі артады

2. генотиптердің бейімділігі артады

3.+гендер мен генотиптердің әртүрлілігі төмендейді

4. популяцияның генетикалық жүгі төмендейді

5.+популяцияның генетикалық жүгі жоғарлайды

251. Популяцияда мутацияның жиілеуі мынаған алып келеді: (3)

1. популяцияда даралар саны артады

2. + популяцияда генетикалық жағынан әртүрлі даралар саны артады

3. бейімделген генотиптер саны артады

4. + бейімділігі төмен генотиптер саны артады

5. + табиғи сұрыпталуды жоғарлатады

252. Элементарлы эволюциялық процесстер нәтижесінде популяцияда: (3)

1. гендер мен генотиптер жиілігінің тұрақтылығы сақталады

2. + гендер мен генотиптер жиілігі өзгереді

3. гомозиготтар жиілігі жоғарылайды

4. + популяцияда гомо – және герерозиготалылар оптимальды қатынаста

қалыптасады

5. + генотиптер бейімділігі артады

253. Жалпы гендерінің жартысы ұқсас туыстар: (3)

  1. ерлі – зайыптылар

  2. +сибстер

  3. немерелері

  4. +балалары

  5. +ағалы- інілер, апалы - сіңлілері

254. Генетикалық материалы бірдей туыстар: (2)

  1. ерлі – зайыптылар

  2. ағалы - інілі, ағалы - сіңлілері

  3. +монозиготалы егіздер

  4. дизиготалы егіздер

  5. +бір жұмыртқадан дамыған егіздер

255. Генетикалық ұқсастықтың дәрежесіне байланысты туыстардың дұрыс орналасуын анықтандар : (2)

  1. ата – аналар, әже және аталар, аға және апкелер

  2. түрлі жұмыртқадан жетілген егіздер, бір жұмыртқадан жетілген егіздер, әже және аталар

  3. +бір жұмыртқадан дамыған егіздер, түрлі жұмыртқадан дамыған егіздер, аға және әкпелер

  4. ата – аналар, немерелер, әже және аталар

  5. +ағалы- інілер және апалы- сіңлілер, бөлелер, 2-ші дәрежедегі сибстер

256. Ассортативтік некелерді анықтаңыз: (2)

  1. нәсілдер аралық

  2. ұлттар аралық

  3. +ұлтішілік

  4. кездейсоқ

  5. + қандас туыстық

257. Популяцияда генетикалық жүктің пайда болуына әкелетін факторлар: (2)

  1. ерлі – зайыптылар жасының төмендеуі

  2. +тұқым қуалайтын патологиямен ауру балалардың өмір сүру ұзақтығының төмендеуі

  3. пневмониямен ауру балалардың азайуы

  4. генотип бейімділігінің жоғарылауы

  5. +генотип бейімділігінің төмендеуі


258. Популяцияда генетикалық жүктің қалыптасуына әкеледі: (3)

  1. экономикалық жағдай

  2. +мутациялық өзгергіштік

  3. жасанды сұрыптау

  4. +табиғи сұрыптау

  5. +популяцияда гомозиготалы генотиптердің артуы

259. Генетикалық жүктің популяциялық клиникалық көрінісіне жатады: (3)

  1. медициналық аборттар

  2. +жүктіліктің бастапқы кезеңіндегі түсіктер

  3. +балалардың генетикалық патологиядан өлуі

  4. балалардың инфекциялық патологиядан өлуі

  5. + балалардың нәрестелік гомолиздік аурудан өлуі

260. Популяциядағы генетикалық жүкті жоғарлататын ауруларды анықтаңыз: (2)

  1. тұмау

  2. + гемофилия

  3. дизентерия

  4. + хондродистрофия

  5. шизофрения



ЭКОГЕНЕТИКА


261.Экогенетика – ғылыми бағыт, зерттейді : (3)

1. қоршаған ортаның ластануының климаттық жағдайға әсерін

2. +мутагендік және концерогендік қасиеті бар қоршаған орта факторларын

3. +қоршаған орта ласстануының адамның генетикалық саулығымен әсерін

4. тірі ағзалардың өзара байланысу формаларын

5.+қоршаған ортаның ластануымен мутациялық процесстердің өзгеру темпін

262. Мутагендік әсері бар қоршаған орта ластаушыларына жатады: (3)

1. натрий хлориді

2. +ауыр металдық тұздары

3. +азот қышқылы

4. азоттық қышқыл

5. +ароматты көмірсулар

263. Қоршаған ортаның ластануына тікелей байланысты «экологиялық» ауруларға жатады: (3)

1. Куросава ауруы

2.+ «итай-итай» ауруы

3. «қуыршақ бетті » ауруы

4. +минимата ауруы

5. шингава ауруы

Фармакогенетика

264. Фармакогенетика дәрілік препараттар әсерінің тиімділігінің тәуелділігін зерттейді : (2)

1. аурудың жасына

2. аурудың жынысына

3.+ аурудың генотипіне

4. аурудың сипатына

5.+ аурудың генетикалық полиморфизіміне

265. Дәрілік препараттардың фармакокинетикалық әсері мыныған байланысты: (3)

1. дәріні қабылдау жиілігіне

2.+ дәрінің сіңірілуіне

3. дәріні қабылдау әдісіне

4.+ дәрінің метаболизміне

5.+ дәрінің шығарылуына

266. Дәрілік препараттарға ағзаның реакциясының генетикалық бақылануы : (2)

1. ағзаның барлық гендерімен

2.+ бір жұп генмен

3. бір жұп хромосомамен

4.+ бірнеше жұп гендермен

5. бірнеше жұп генотиппен

267. Туберкулезге қарсы изониазид препаратының ағзадан шығарылуына қарай (инактивация) адамдар тобының жіктелуі : (2)

1. тура инактиваторлар

2.+ жылдам инактиваторлар

3. таңдамалы инактиваторлар

4.+ жай инактиваторлар

5. мақсатты инактиваторлар

268. Псевдохолэстераза генінің аллелдері бойынша рецессивті гомозиготалылар: (3)

1. + суксаметанияны инактивациялауы бойынша дефектілі

2. суксаметанияны тікелей инактивациялайды

3. суксаметанияны кері инактивациялайды

4. + тыныс алудың тоқтауына бейім

5. + наркоз бергенде тырысып қалуға бейім

269. Ингаляциялық наркоз газындағы галотанның метоболизімі бақыланады: (2)

1. орта факторымен

2.+ генетикалық фактормен

3 аутосомды-рецессивті генмен

4. +аутосомды-доминантты генмен


5. Х-тіркескен рецессивті генмен

270. Тұқым қуалайтын бүйрек ауруы парфирияның дамуы: (2)

1. вирустық инфекциядан

2. майлы тағам пайдаланудан

3.+доминантты мутациядан

4. рецессивті мутациядан

5.+ порфобилиноген өнімінің көп болуы

271. Тұқым қуалайтын метгемоглобинемия –бұл: (2)

1. аутосомды-доминантты ауру

2. Х-тіркес рецессивті ауру

3.+аутосомды-рецессивті ауру

4. гетерозиготтарда байқалады

5.+гомозиготтарда байқалады

272. Тұқым қуалайтын бүйрек-порфириясында қандай дәріні қабылдағанда гемоглобиннің (порфиринов) зат алмасуының ыдырау өнімдері бұзылып ауру өршиді: (2)

1. аналгинді

2. антибиотиктерді

3.+барбитуратты

4.+сульфаниламидті

5. цитостатикті

273. Қандай дәрілерді қабылдағанда тұқым қуалайтын метгемоглобинемияның асқынуы байқалады: (3)

1. антибиотиктерді

2.+нитроглициринді

3. аналгинді

4.+сульфаниламидинді

5.+ хлорамфениколді

274. Тұқым қуалайтын сары аурудың берілу типі: (2)

1. аутосомнды-рецессивті

2. Х-тіркес рецессивті

3.+ аутосомды-доминантты

4. тек ер адамдарда ғана көрінеді

5.+ әйелдерде еркектерде де көрінеді

275. Қандай дәрі қабылдағаннан кейін тұқым қуалайтын сары ауру формалары өршиді: (2)

1. антибиотиктерді

2. аналгетиктерді

3. +кортизонды

4. корвалолды

5+.хлормицетинді

276. Акаталазия – сирек кездесетін тұқым қуалайтын ауру. Генотипінде мутантты аллелі бар адамдарда көрініс береді: (2)

1. гетерозиготалы жағдайда

2. Х-хромосоммен

3.+гомозиготалы жағдайда

4. У-хромосомамен

5.+аутосомамен

277. Акаталазия – сирек кездесетін тұқым қуалайтын ауру, қандай дәрі қабылдағанда клиникалық белгілері көрінеді: (2)

1. антибиотиктерді

2. гормондарды

3.+ этил спиртін

4. витаминдерді

5.+ күшті алкагольды ішімдіктерді







IV. МЕДИЦИНАЛЫҚ ГЕНЕТИКА НЕГІЗДЕРІ


1. Медициналық генетиканың зерттеу әдістері: (3)

  1. гибридологиялық

  2. + генеалогиялық

  3. + биохимиялық

  4. физиологиялық

  5. + цитогенетикалық

2. Аурудың тұқым қуалау сипатын анықтайтын әдістер: (2)

  1. + генеалогиялық

  2. евгеникалық

  3. цитогенетикалық

  4. жарықтық

  5. + егіздерді салыстыру

3. Тұқым қуалайтын патологияларды зерттейтін әдістер : (3)

  1. физикалық

  2. + молекулалық-генетикалық

  3. жарықтық

  4. + популяциялық-статистикалық

  5. + биохимиялық

4. Тұқым қуалайтын ауруларды диагностикалау әдістері:(3)

  1. + биохимиялық

  2. цитостатикалық

  3. + цитогенетикалық

  4. + иммунологиялық

  5. физикалық

5.Тұқым қуалайтын ауруларды анықтайтын әдістер: (3)

  1. биометрикалық

  2. + биохимиялық

  3. + молекулалы-генетикалық

  4. цитостатикалық

  5. + цитогенетикалық

6. Даун синдромымен ауру адамның кариотипінен анықталады: (3)

  1. 21 хромосома бойынша инверсия

  2. +21 хромосома бойынша трисомия

  3. +13 және 21 хромосоманың транслокациясы

  4. 21 хромосома дупликациясы

  5. + екі 21 хромосоманың транслокациясы

7.Патау синдромымен ауру адамның кариотипінен анықталады : (2)