Файл: Бастауыш сыныпты оытуда тиімді кері байланыс беру дадысыны діс тсілдері.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 84
Скачиваний: 1
отыра диаграмма жасау, сауланмаларға жауап беру, ойтолғау жазу, шағын зерттеу жұмысын қорғау сияқты рефлексифті жұмыс түрлерімен айналыса алады. Осындай жұмыс түрлерімен айналысып үйренген оқушы алған біліміне, орындаған тапсырмасына қорытынды жасап, өз ойын ортаға сала отыра, оны дәлелдеуге, аргументтер мен фактілерді негізге ала отыра ойланып сөйлеуге әбден машықтанады. Яғни, іс-әрекетпен қатар дәлелді сөйлеу қатар жүреді. Мұғалімнің мақсаты — оқушыға сабақ барысында жағдай жасау, бағыттап отыру. Сабақтың қызықты немесе қызықсыз, сапалы не сапасыз өтуіне оқушылар өз эмоцияларын білдіріп отырады. Ары қарай, мұғалім өткен сабағына қорытынды жасайды, баға береді.
Рефлексия балаға байыппен ойлануға мүмкіндік беретіндей ұйымдастырылуы қажет, оны асығыстықпен қолдануға болмайды. Рефлексияны сабақтың әр кезеңдерінде жүргізуге болады, сабақтың арасында, соңында. Біртіндеп оқушының ішкі рефлексиясына жалғасу қажет. Рефлексия – қызықты, көп қырлы, кіріккен әрекет. Оқушы үшін рефлексияның тиімділігі:
-
өз-өзіне есеп беруге үйренеді; -
оқушының қажеттілігі білінеді; -
өзіндік, сыни көзқарасы қалыптасады; -
білім сапасы артады; -
өз-өзін бағалайды; -
білім алуға қызығушылық жоғарылайды; -
бәсекелестікке ұмтылады.
-
Оқу материалы мазмұнының рефлексиясы; -
Көңіл-күй, эмоция рефлексиясы; -
Іс-әрекет рефлексиясы.
Рефлексиялық мәдениеті қалыптасқан тұлға тәрбиелеу — бүгінгі заман талабы. Осындай адам өзінің тұлғалық және кәсіби таптаурынын (стереотиптерін) шығармашылықпен өзгерте алады. Бұл дегеніміз — сана, өзін-өзі ұйымдастыра білу, өз-өзіне талдау жасау, өзін-өзі іске қосу, бағалау сияқты сапалармен сипатталады. Рефлексивтік іс-әрекет оқушыға өзіндік талдау кезінде ғана байқалатын өзіндік жеке дара ерекшеліктерін тануына мүмкіндік туғызады. Білімді саналы түрде өзіндік қорыту, яғни рефлексия нәтижесінде ғана жүзеге асады. Рефлексиялық қабілеті бар мұғалім алдында отырған шәкірттерінің бойына осы дағдыны кіріктіріп, дамытады, өмірлік қажеттілік екенін есінен шығармайды. Мұғалімнің басты міндеті — білім алушыны рефлексия жасауға үйрету. Тіл мен әдебиеті сабағында мұғалім де, оқушы да өз жұмысына талдау жасау керек. Әсіресе, мұндай мүмкіндік әдебиет сабағында тиімді. Әдебиет — өмір туралы сабақ. Ал қазіргі қарастырып отырған мәсле, рефлексия арқылы баланы болашақ өмірге дайындау әр ұстаздың міндеті деп ойлаймын. Оқушыларды рефлексия жасауға үйретуде мәселенің психологиялық жағына мән беру тиімді. Оқушы көркем шығарманы өз бетінше оқып, мазмұнын игереді. Кейіпкердің іс-әрекетін талдайды, зерттеу жүргізеді. Өзін кейіпкер орнына қойып, пікірін білдіре алады. Кейіпкердің жан-дүниесіне үңіле отыра оған баға береді. Тақырып бойынша, әр түрлі технологияларды, интерактивті әдістерді, АКТ-ны қолдана отырып, оқушыларға ой қорыту, тұжырымдама жасату, өз ойын еркін жеткізу мұғалімнің шеберлігіне байланысты. .Оқушыларды қазіргі заман талабына сай зерттеушілік әрекетіне бейімдеу керек. Бұл жерде мұғалім нақты мақсат қояды, ғылыми зерттеудің әдістерін, нені нақты ашу керектігін, зерттеудің жаңашылдығын, қандай қорытынды жасау керектігін оқушыға біртіндеп үйретеді. Оқушыны мұғалім алдымен қызықтыра отырып, оның танымдық іс-әрекеті арқылы зерттеу жасауға жетелейді. Танымы мықты оқушыда өзіндік «мен», өзіндік бағалау, өзіндік мақсат пен нәтиже болады. Қазіргі заманғы сындарлы оқытудың талабы оқушы бойында «мен» болуы. «Мен» тұжырымдамасы төңірегінде Маслоу мен Роджерс өздерінше түсінік берді. Нәтижесінде «Мен» тұжырымдамасы бізді алға жылжытатын және біздің мінез-құлықтарымызды бағыттайтын, өзін-өзі реттеуге жетелейтін әлеуметтік стимул екендігі айтылған.Рефлексияның қай түрі болмасын мақсатпен тікелей байланысты. Рефлексияны адамның рухани әлеуетін ашу мен анықтаудың инновациялық жолдарының бірі деп тани отырып, осы орайда Б. З. Вульфов пен В. И. Харькин «Рефлексияны ешкім және еш нәрсе алмастыра алмайды» деген пікірлерін айта кетуге болады. Білімді саналы түрде өзіндік қорыту, яғни рефлексия нәтижесінде ғана жүзеге асады. Рефлексиялық қабілеттері дамыған тұлғада тұрақты қажеттілік сезіліп тұрады. Кез келген істі ол өзіне-өзі сұрақ қоюдан бастайтындай дәрежеге жетеді.
Оқушылардың ой-өрісінің дамуы оқу үрдісі кезінде болады, ол оқушылардың өз бетімен білімін толықтыруы мен өзін-өзі дамытуды қамтиды, бұл екеуі де рефлексиясыз жүзеге асуы мүмкін емес. Мұғалім рефлексия арқылы алынған нәтиженің «дұрыс» не «бұрыс» болғанын дәлелдеп, қолданылған әдіс-тәсілдерінің тиімді не тиімсіз болғанын анықтап, орындаған іс-әрекетін зерделейді және соның нәтижесінде келесі сабақ жоспарын құру барысында қолданған әдіс-тәсілдерінің тиімді немесе тиімсіз болған тұстарын ескере отырып жоспарлайтын болады. Оқыту барысында рефлексияның әртүрлі формаларын оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып қолдануды мақсат етіп, ол сабақ соңында асығыс атқарыла салмай, оқушыға байыппен ойлануға мүмкіндік беретіндей етіп ұйымдастырылуы тиіс. Менің ойымша бастауыш сынып оқушыларына өзі жасаған әрекеттеріне ауызша баға беру, суреттер салу сияқты рефлексия түрлерін қолдананған тиімді, ал орта және жоғары сынып оқушылары сабақтарда кестелер, диаграммалар, эссе жазу сияқты рефлексивті жұмыс түрлерімен айналыса алады.Мұғалім рефлексияны оқушының өткізген уақыты, орындаған жұмысы жайлы айтқысы, ойымен бөліскісі, ол жайлы қағазға түсіріп немесе басқаша суреттей алатындай етіп психологиялық ахуалды ескере отырып жасау керек. Рефлексияны әртүрлі әдіс-тәсілдермен сабақтың әр кезеңінде: тақырыптың соңында, сабақ бөлімдерінен кейін және тарау соңында жүзеге асыруға болады. Кері байланысты түрліше өткізуге болады. Олар өз-өзіне рефлексия жасау түрінде, топтық рефлексия түрінде, әңгімелесу түрінде т.б. Кері байланысты ауызша және жазбаша да жүргізуге болады.Кері байланысты ұсынғанда немесе алғанда мынандай ережелерді ұстанған дұрыс: — Позитивті болу— Бағалаушы болмау— Кеңес бермеу тек ұсыныс жасау— Ынталандыруға ұмтылу— Сыпайы болу— Көмектесу, жәрдем беру— Тең ұстау— Сәттілікке бағыттауРефлексияның төмендегідей түрлері бар:I.Мақсатына қарай: Эмоционалдық жағдайдың рефлексиясы, іс-әрекет рефлексиясы және оқу материалының мазмұнының рефлексиясы деп бөлінеді.Көңіл-күй және эмоционалдық жағдайдың рефлексиясы. Көңіл-күй мен эмоционалдық жағдайды анықтауға арналған кері байланыс. Сабақтың басында және аяғында адамның көңіл-күйі бейнеленген карточкалар, көңіл-күйді білдіретін түстер т.б. қолдануға болады.
Іс-әрекет рефлексиясы. Жеке жазба жұмыс рефлексиясы. Оны үй тапсырмасын сұрау кезінде қолдану тиімді. Сабақтың аяқталған кезеңінде іс-әрекеттік рефлексия тәсілі арқылы сабақ барысында әр оқушының белсенділігін бағалау мүмкіншілігін береді. Оқушыны өз бетімен сараптауға, талдау жасай білуге үйретеді және қызығушылық негізінде шығармашылық бағытының тұрақталуына, кемшіліктерді жоюға, жауапкершілікпен қарауға бейімдейді.Оқу материалының мазмұнының рефлексиясы. Оқу материалының мазмұнының рефлексиясы адам өз іс-әрекетін саналы түрде ой елегінен өткізіп, оларды білуге, өзіндік дұрыс сезінуге көмектеседі. Оқу материалының мазмұнын еске түсіру, санадан өткізу, оның мәнін, түрін, өзекті мәселелерін белгілеу, шешу жолдарын анықтау.ІІ. Мазмұнына қарай:Ауызша және жазбаша деп бөлінеді. ІІІ. Тұлғалық: Физикалық (үлгердім-үлгермедім) және сенсорлы (қызықты-қызықсыз), рухани (жақсы сезіндім –жаман сезіндім) және интелектуалдық (түсіндім-түсінбедім) деп бөлінеді. ІV. Сабақтың түріне қарай: ББД қалыптасуынан кейін, аралық рефлексия, бақылау рефлексиясы және қорытынды рефлексия деп бөлінеді.Өту әдісіне қарай: Анкета, сұрақ, кесте, жағдаят, сурет және симбол деп бөлінеді. VІ. Іс-әрекетіне байланысты: Фронталды, жеке, топтық және ұжымдық деп бөлінеді.Қорытындылай келгенде, рефлексия – көп қырлы, кіріккен әрекет. Бұл әрекет оқушының психикалық қызметінің өзгеруіне ықпал етсе, ал мұғалімнің кәсіби әрекетін жоғары шығармашылық деңгейде жүргізуіне көмегін тигізеді. Рефлексия, яғни кері байланыс – нәтижелі білімнің жоғары көрсеткіші екенін бүгінгі күндегі оқушылардың жеткен жетістіктері арқылы толық сеніммен айта аламыз. Рефлексия ХХІ ғасырдың талабына сай адамның негізгі үш қасиетін өз бетімен білім алу, шешім қабылдай білу және бақталастыққа түсе білуін қалыптастырады. Дұрыс жасалған рефлексия оқушыға да, мұғалімге де алдағы жұмысында жақсы нәтижеге жетуге жол ашып, шығармашылық қабілетін дамытып, білім сапасын жақсартады.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
-
Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші деңгей 53-бет -
Н.Д.Хмель. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс. Алматы, «Ғылым», 2002. -
Б.З.Вульфов,В.И.Харькин. Педагогика рефлексии. М., »Наука»,1997. -
А.А. Деркач. Акмеологические основы развития профессионализма. М., -
Воронеж,2004. Ұстаздық шығармашылық – Б.А.Тұрғынбаева Алматы, 2007 -
Құзырлылық амалының негізгі ұғымдары – К.С.Құдайбергенова Алматы, 2007 -
Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші басылым-2012 жыл -
«Оқытудың нәтижелерін бағалаудың әдістемесі» — Зулкашева Ш.М Орал 2013 жыл