ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 106
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
–оқушылардың бойында білімге құштарлығын, логикалық ойлауын, ортақ іске деген жауапкершілік сезімдеріне тәрбиелеу.
Қажетті көрнекіліктер: интербелсенді тақта,конверт
Жоспары:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Сайыс кезеңдері:
1. Командалардың таныстыруы
2. Сергіту сәті
3. Капитандар сайысы
4. Өз деңгейінді анықта
ІІІ. Қорытындылау
Барысы:
І. Ұйымдастыру.
Мұғалім: Бәріңіз маған қараңдар!
Жарысымызды бастайық.
Алуан түрлі ойларды,
Ортамызға тастайық.
Информатика пәнінен
Көрсетіп біздер батырлық,
Ой толғалық жүйелі,
Таңдайымызға татырлық.
Әділдікпен баға бере сіздерге,
Әділдікпен қара қылды жаруға.
Әділқазы алқаларын сайлайық,
Жүлдегерді таңдап бүгін алуға.
Қазылар алқасымен таныстыру
Бүгінгі «Көңілді информатиктер сайысына» 2 команда қатысады. Сайымыздың 4 кезеңі болады. Командаларға ескерту: егерде кімде-кім сайыстың шартын бұзса және де сұрақтарға уақытынан бұрын жауап берсе, мынадай үшбұрыш беріледі. Ол команданың ұпайы 1 балға кемігенін білдіреді.
1. Командалардың таныстыруы (5 ұпай)
Сайысымыздың шарты бойынша әр команда өздерін таныстырып өтеді: команданың аты және сәлемдесуі.
2. Сергіту сәті
Әр командаға конверт беріледі. Берілген сөздердің бөліктерінен компьютерге байланысты сөздер құрастыруларыңыз керек. Оған 3 минут уақыт беріледі. Қанша сөз құрастырса, сонша ұпай аласыңдар.
Жауабы: Жү – йе – лі б – лок , с – ка – н – ер , про -це – с – с –ор , д – рай – в – ер , ви – р – ус , п – рог – ра – м – ма , мо – д – ем
3. Капитандар сайысы
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,3 – ұпай шәкірт саған несібе – дей отырып ойынымыздың 3-ші кезеңін бастаймыз. Ойынның 3-ші кезеңі «Қанша тілді білесің?»
Сайыс шарты бойынша команда капитандары ортаға шығып, жасырылған сұрақтардың жауабын қазақша, орысша, ағылшынша айтады. Жауапты дұрыс орындаған ойыншыға – 3 ұпай, қазақша-орысшасын айтқан капитанға – 2 ұпай, тек қазақшасын айтса онда 1 ұпай беріледі:
1. Windows операциялық жүйе компьютерге жүйтелгеннен кейін экранда пайда болатын бастапқы терезе (жұмыс столы, Рабочий стол, Desktop).
2. Курсордың сол жағындағы символдарды өшіруге арналған перне. (Қайтару пернесі, Клавиша возврата, Backspace)
3. Белгілі бір нәрсе туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мәліметтер тобын не дейміз? (ақпарат, информация, information
)
4. Компьютерде берілетін командаларды жарық қаламымен басқаруға негізделген құрылғы (Тышқан, мышь, mouse)
5. Жолдар мен бағандарда реттеліп берілетін ақпарат (кесте, таблица, chart)
4. Өз деңгейінді анықта
Ойын шарты: Әрбір оқушы тақтаға шығып “Колесо Фортун-ды” айналдырады , сонда оған қандай да бір әріп түседі. Әр әріп компьютерде адамның жұмыс жасау деңгейін көрсетеді: Х – хакер, К – крекер, Л – лаймер, Ю – юзер, Ч – чайник.
Сіздердің міндеттеріңіз осы сөздерді өсу ретімен орналастыруларыңыз керек.
Х – хакер, компьютерлік желілерді ашып хабарламаларды ұрлаушы.
К – крекер, қолданбалы программаларды ашып хабарламаларды ұрлайды.
Л – лаймер, компьютерді пайдаланады және біледі.
Ю - юзер, компьютерде жұмыс жасау деңгейі орташа.
Ч – чайник, компьютерде жұмыс жасау деңгейі төмен.
ІІІ. Қорытындылау
Компьютердің әр сөзі,
Толып жатыр кәдеге.
Көңілділер сайысы,
Келіп жетті мәреге.
Тақырып: «Вирус» мультимедиа
Өткізген: Орынбасар А, Исламбек Ж, Елтаева С, Қайранова Ұ
Ақтөбе 2023
Тақырып: «Вирус» мультимедиа
Күні: 05.04.2023
Мақсаты:
Оқытуды басқару жүйесін сабақтың әр түрлі кезеңдерінде жетілдіріп отырады. Оқытудың мотивациясын күшейтеді;
Оқушылардың ақпараттық мәдениетін дамытатын оқыту және тәрбиенің сапасын арттырады, оқушылардың дайындық деңгейін арттырады;
Мультимедия көрсету арқылы оқушылардың есте сақтау қабілетін жақсарту;
Көрнекілік: видео өңдейтін бағдарлама, дыбыс жазу құрылғысы, қызықты видео, сценарий
Ұйымдастыру кезеңі:
Мультимедия – бұл нысандар мен үрдістерді дәстүрлі мәтінмен сипаттау емес, фото, бейне (видео), графика, анимация, дыбыс,яғни бүгінгі күні бәрімізге таныс формаларда беру. Бұл жағдайда біз екі негізгі * сапалық және сандық басымдылыққа ие боламыз. Егер сөзбен сипаттауды аудиовизуалдық ұсыныммен салыстырсақ, сапалық артықшылықты бірден көреміз. Сандық басымдылық мультимедиялық орта ақпараттық тығыздығымен жоғары екендігімен көрінеді. Шындығында, мәтіннің бір парағы 2 Кбайтқа жуық ақпарат сыйғыза алады. Оқытушы бұл мәтінді 1-2 минутта айтып шығады. Ал осы уақытта толықэкранды видео 1,2 Гбайтқа бере алады. Міне, сондақтан да «мың рет естігеннен, бір рет көрген жақсы».
Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады. Адамдардың көпшілігі естігеннің 5 % және көргеннің 20% есте сақтайтыны белгілі. Аудио- және видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50% дейін арттырады. Мультимедия бағдарламалар ақпаратты әр түрлі формада ұсынады, сондықтан оқыту үрдісін ізгілендіре түседі. Сбақта мультимедиялық технологияларды қолданғанда сабақтың құрылымы өзгермейді, барлық негізгі кезеңдері бұрынғыша сақталып қалады, тек уақыт бөлінуі өзгеруі мүмкін.
Бұл жағдайда мотивациялау кезеңі арта түсетінін және танмдылық жүктеме беретінін атап өту керек. Бұл оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін, білімнің кем тұсын толықтыруға қызығушылықтарын арттыратын оқытудың қажетті жағдайы.
Мультимедиялық презентацияларды қолданудың артықшылығы:
Мультимедиялық сабақтар оқушыларды жаңашылдығымен қызықтырады. Сыныпта мұндай сабақ үстінде оқушылар өз ойын «өз сөзімен» айтатын шынайы қарым-қатынас туады, олар тапсырманы ынтамен орындайды, оқып жатқан материалға қызығушылықпен қарайды, оқушыда компьютер алдындағы қорқыныш жоғалады. Оқушылар пән бойынша оқулықпен, анықтамалық және басқа әдебиетпен жұмыс істеуді үйренеді. Оқушыларда жоғары нәтиже көрсетуге, қосымша қиын тапсырма алып орындауға қызығущылықтары пайда болады.
Мультимедиялық технологияның келесі ерекшеліктерін атап өтуге болады:
Бормен тақтаға жазған кескінді экрандағы түрлі-түсті, айқын, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды. Тақта мен бордың көмегімен әр түрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру қиын әрі мүмкін емес. Слайдтарда кемшіліктер мен қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады. Басқа пәндермен пәнаралық байланыс орнайды.
Оқушылардың дайындық деңгейіне қарап презентацияда гиперсілдтеме қолдана отырып, бір материалды толығымен де, және тек негізге сұрақтары бойынша ғана түсіндіруге болады. Материалдың көлемі мен беру шапшаңдығы сабақ барысында анықталады.
Проекторды қолданып презентацияны көрсету кезінде оқушылардың жұмыс орны жеткілікті жарықтанады. Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады.
Информатика пәнінің және басқа пәндердің мұғалісдерінің жетекушілігімен оқушының оқу бағдарламаларын жасау жобалық іс-әрекетін ұйымдастыру мүмкіндігі туады;
Ақпараттық технологияларды қолданатын оқытушы оқу материалын беру логикасына көп көңіл аударады, бұл оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді.
Компьютерге деген қарым-қатынас өзгереді. Оқушылар оны адамзат барлық салада қолдана алатын әмбебап құрал ретінде қабылдай бастайды.
Біздің таңдаған мультимедиамыз оқушылардың сүйіп көрентін мультфилімі «Білгіштер». Мультфильнің біздің информатика сабағына қатысты «Вирус» тақырыбын алған болатынбыз. Осы мультфильмді дыбыстау арқылы оқушыларға вирустың қандай болатынын, онымен қалай күресуге болатынын қызықты тәсіл арқылы түсіндірдік. Бір көргеннен есте қалатын мультимедиамыз барлық оқушының көңілінен шықты .
Рөлдерді дыбыстаған:
ДимДимыч- Аяулым
Нолик, ДимДимычтің әкесі - Сабрина
Симка- Жанна
Профессор ата - Ұлжан
Қорыта айтқанда мультимедия ақпарат берудің көптеген арналарымен ғана қамтамасыз етіп қоймайды, сонымен қатар әр түрлі орталар бірін-бірі толықтыратын жағдай туғызады. Оқушылардың алдында өз тілі бар жеке ортаны шығармашылықпен қолдана алатын жаңа мүмкіндіктер ашылады. Мультимедияны қолдану оқушыларды іздемпаздық дағдыларын шығармашылық жобаларын іске асыру бағытына ауыстыруға үйретеді. Жобалары алған білімдерін іс жүзінде қалай қолдануын тереңірек түсіндіреді, белсенділік, жинақтылық, өздігінен жұмыс істеу сияқты өмірге қажетті қасиеттерін қалыптастырады.
Сондықтан да мультимедиа – оқу үрдісін құру құрылғысы ретінде, ал компьютер – кітап пен қалам сияқты оқушының жұмыс құралы ретінде қолданылуы тиіс.
Тақырып:«Буллинг» сауалнама
Ақтөбе 2023
Тақырыбы: «Буллинг»
Мақсаты: жеке және қоғамдық санадағы құбылыстар немесе қарапайым фактілер, оқиғалар туралы ақпарат алу
Сауалнама - нақты адамдар тобына сұрақтар қою арқылы алғашқы ақпаратты жинау әдісі. Зерттеушінің респондентпен анкета арқылы жүзеге асырылатын байланысына негізделген эмпирикалық зерттеуін әлеуметтанулық өлшеу тәсілі. Сауалнама ақпараттың дәлдігі мен жүйелігін қамтамасыз етеді. Бұл әдіс экономикалық тұрғыдан да тиімді, яғни оған шығын, уақыт және құрал аз жұмсалады. Сауалнаманың әртүрлі жолдары бар: қалыпқа түспеген (еркін сұхбат, т.б.) және қалыпты (алдын ала дайындалған сұрақтар көмегімен). Сауалнама өткізу жиілігіне байланысты бір рет және көп рет болып бөлінеді. Сонымен бірге сауалнама жазбаша және ауызша деп те бөледі. Сауалнама тиімділігі тұрақты сұхбат алушы және сауалнамаға қатысушылардың болуынан тәуелді. Жалпы сауалнама нәтижелері тек ғалымдарға ғана емес, сонымен бірге өкіметтік және қоғамдық ұйымдар өкілдеріне, жалпы қауымға да белгілі болады.
Ұйымдастыру кезеңі: