Файл: . Жбанов атындаы Ау жоары колледжі жшс.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 107

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Ашулы шарлар» жаттығуы

Шарты: шеңбер болып тұрып, шарды үрлеп, оларды байлау. Шарлар адам денесін бейнелейді, ал оның ішіндегі ауа – адам сезімі. Қатысушылар қолдарындағы шарды жаруы керек.

Шарды жарғанда қандай сезімде болдыңыздар? Ашуды солай шығару дұрыс жолма? Ондай ашудан кейін қандай сезімде болдыңдар?

Бұлай қатты жарылған шар агрессияны білдіреді. Ол қауіпті.

Енді қатысушылар келесі шарларды үрлейді, оны байламай ұстап тұрады. Бұл шарлар ашу толы сезімді білдіреді, ал енді жайлап қана ауасын шығарайық. Шар кішерейеді, бірақ жарылмайды. Бұл нені білдіреді? Ергер біз ашумыздыбақылап шығарсақ, ол ешкімге зақым келтірмейді.

Енді қатысушылар шардағы ауаны толығымен сыртқа шығарады. Бұл дегеніміз ашудың қауіпсіз жолын табу – ол әр адамның өз қолында екендігін тұжырымдау.

«Поезд» жаттығуы

Ойын ортада жүргізіледі. Ең алдымен 1-2-ге санап шығуымыз керек. 1-нөмірдегілер қолдарын 1 рет соғып, аяқтарымен еденді 2 рет тарсылдатады, ал 2-нөмірдегілер 2 рет қолдарын соғып, 1 рет аяқтарын еденге тарсылдатады.

Қозғалыс, қимылдар осылай қайталана береді, яғни поездің жүру дыбысы естіледі.

Рефлексия

Сіз қандай сезімде болдыңыз?

«Мен саған сенемін» жаттығуы

Жұпқа бірігеміз. Бір-біріңізге қарама қарсы орналасыңыз. Азғантай уақыт бір-біріңіздің көздеріңізге тіке қарап, тыныш отырыңыз. Енді бір-біріңізге «Мен саған сенемін, өйткені…» деп сөйлемді жалғастырыңыз. Мысалы: «Мен саған сенемін, өйткені сен ешқашан маған жаман сөз айтпайсың». 1 сөйлемнен айтылады.

Рефлексия: Қазір не сезіндіңіз?

Сізге орындау қиын болды ма?

«Табиғат мінезі» жаттығуы

Қане, барлығымыз тізбектеле тұрайық. Көзімізді жұмып, өзімізді табиғат аясында тұрғандай сезінейік. Күн тамаша ашық, күн сәулесі шуақ шашып тұр, айнала тамаша көрініске толы. Енді, көзімізді ашып, өзімізді еркін сезінейік. Алғашқыда бәрі жақсы болып тұрды да кенет, аяқ астынан жеңіл жел соқты.

Алдыңызда тұрған адамның арқасынан жәмен ғана қолмен жеңіл желдің самалындай етіп сипаймыз.

Жел күшейді – енді алдыңыздағы адамның арқасын қатты уқалай бастаймыз.

Кенет, боран басталды — енді боран күшіндей екі қолмен айналдыра күштірек уқалаймыз.

Содан кейін, аяқ астынан жай ғана жаңбыр сіркірей бастады – енді қолымызбен жаңбырдың тамшысындай жәймен ұрамыз.

Бір кезде қатты жауын жауды – біз қатты жауын сияқты арқамызды саусақтң ұшымен жоғары төмен сипалаймыз.


Аяқ астынан бұршақ жауды – арқамызды саусақ басымен бұршақ жауғандай қаттырақ ұрамыз.

Бір кезде бәрі басылды, күн жарқырап ашылып, адамға бір күшті шуақ берді. Енді алдымыздағы адамдармен алмасамыз. Осы жаттығуды сізге алдыңызда тұрған адам орындайды.

«Сиқырлы сандық» тренинг

Сиқырлы сандық (онын ішінде айна болады). Тренингті бастамас бұрын ең бірінші, өз-өзімізді айқындап алайық. Қазір сендер мына сандықты бір-бірінің қолдарына бересіңдер. Осы сандықты алған адам оны ашып, ішіне қарайсыз. Оның ішінде жан-жақты, ғажайып және қайталанбайтын бейнені көресіңдер. Оған күліп қарауларың керек.

Барлық қатысушылар сандыққа қараған соң, психолог сұрақтар қояды:

Жан-жақты, ғажайып және қайталанбайтын бейне кім болып шықты?

Сендер ол бейнеге күліп қарағанда, ол сендерге қалай қарады?

«Мұнара тұрғызу» жаттығуы

Мақсаты: қатысушылардың сетуациялық жағдайлардан шығу мүмкіндігін бағалау, жағымды эмоциялық қарым-қатынасты нығайту.

Нұсқау: қатысушыларды төрт төпқа бөлеміз

Ойынға 4-5 минут беріледі. Төрт топқа 15-15-тен ақ қағаз (А4 форматын) береміз. Осы ақ қағаздарды пайдаланып, төрт топ «биік мұнара» жасап шығуы керек. Қағазға қосымша тіреуіш заттар және т.б. қағазды көлденеңінен, тігінен, т.б. жағдайларға қажетіне қарай пайдалануға болады.

Айта кететін шарт – мұнара биік әрі орнында қозғалмай наұқты тұру керек.

Қоштасу «Майшам» жаттығуы

Біздің жаттығуларымыз аяқталуға жақын. Ал қазір мен майшамды жағамын. Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп жұмыс жасағанымыз үшін бір жылы сөз айтып май шамды беріп отырамыз.

Қоштасуға майшамды алған ебебім, жарық деген әрқашанда жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілек білдіремін.

Тақырып: «Психологиялық зерттеу әдістемесі»



Ақтөбе 2023

Тақырып: «Психолгиялық зерттеу әдістемесі»

Мақсаты: Психолгиялық зерттеу әдістемесі бұл зерттеу әдістері зерттелетін обьектіге қатысты жеке сезімге негізделген.

Психологияның зерттеу әдістері - психологияда қолданатын әдістері мен әдістерінің арысындағы байланыс . Психологиялық зерттеу әдістеріне: Бақылау әдісі және эксперимент әдісі жатады.

Бақылау әдісі

Бақылау әдісі – әр түрлі табиғи жағдайда жеке тұлғаның іс-әрекеті мен қылықтарын қабылдаудың негізінде мақсатты зерттеу. Бақылау табиғи жағдайда жүргізіледі. Ескеретін мәселе, бақылау жүргізілген кезде сол қадағалау нысаны болып отырған адам бақылау жүргізіліп жатқанын білмеуі керек, егер сезген жағдайда шынайылық жоғалады. Психологиялық зерттеулердің табиғилығын сақтау-бақылауға қойылатын бірінші талап. Бақылау әдәсәне қойылатын екінші талап – бақылау үнемі мақсатты болуы қажет, яғни зерттеудің мақсаты мен міндеттері айқын қойылуы керек. Бақылау әдісіне қойылатын үшінші талап – оның нәтижесін тіркеу. Негізінен әртүрлі техникалық құралдар (бейнекамера, фотокамера, т.б.) жазбалардың түрлері (стенограммалар, хаттамалар, бақылау күнделіктері т.б.). Психологияның негізгі әдістерінің бірі – эксперимент.



Эксперимент әдісі.

Егер бақылауда зерттеуші өзін қызықтыратын психикалық үрдістердің байқалуын бейжай күтетін болса, ал экспериментте зерттеуші өзіне қажетті жағдайда жасайды. Сөйте отырып, экспериментатор оларды тұрақты қамти алады. Басқа зерттеушілермен бірдей жағдайда зерттеуді қайталай отырып, экспериментатор зерттеушінің әрқайсысының үрдістерінің дара ерекшеліктерін анықтай алады.

Эксперименттің барысында арнаулы құралдар мен аппараттардың көмегімен психикалық үрдістер өзгерістерінің уақытын дәл көрсетуге болады, мәселен, жауап беру (реакция), оқу, еңбек, дағдылардың қалыптасу жылдамдығы.

Психологиялық зерттеулерде негізінен екі түрлі эксперимент қолданылады. Олар зертханалық (лабораториялық) және табиғи деп аталады. Зертханалық эксперимент арнайы ұйымдастырылып, құралдар мен аспаптарды қолдану арқылы жүргізіледі. Зертханалық эксперимент адамның психикалық ерекшеліктерінің физиологиялық тетігін зерттеуде ерекше. Бұл әдіс жекелеген таным үрдістері мен психикалық қалыпты тиімді зерттеу үшін қолданылады, ең алдымен, түйсіктер, қабылдау, ес, зейін зерттеледі..

Байқалатын объект жөнінде экспериментатордың күн ілгері болжамы (гипотеза) болуы тиіс.

Тәжірибені күн ілгері белгіленген жоспар бойынша арнаулы методикаға (әдістеме) сай, сондай-ақ тәжірибені өткізу үшін жағдайын (тиісті құжаттар) дайындау.

Зерттеуші зерттейтін құбылысты өзі табады және оған белсенді әрекет жасайды.

Эксперимент жүргізуші кейде зерттеліп жатқан құбылыстарды коррекциялау;

Эксперименттің нәтижесін қайтадан қарастыруға мүмкіндік туғызу.

Эксперимент нәтижелері сандық және сапалық өңдеуге, математикалық есептеулерге ерекше мән беру т.б. Табиғи эксперименттің зертханалық эксперименттен өзгешелігі адамның күнделікті іс-әрекетінің мазмұны сақталады, зерттелетін құбылысты міндетті түрде іске асыруға жағдайлар жасалады. Байқау мен эксперименттің аралық түрі болып есептелетін эксперимент табиғи эксперимент әдісі болып табылады. Табиғи эксперименттің негізін салған орыс ғалымы – А.Ф.Лазурский (1910). Оның негізгі мақсаты – зерттеудің эксперименттік сипатын болмыстық жағдайлармен ұштастыру.

Әртүрлі жас кезеңдерінде шәкірттердің танымдық мүмкіншіліктерін зерттеуде, жеке тұлғаны қалыптастырудың нақты жолдарын анықтауда рөлі ерекше. Адам психологиясына әсер ету, өзгерту құралы ретінде эксперимент пайдаланылады. Оның осындай түрі қалыптастырушы эксперимент деп аталады. Өзіндік ерекшелігі мынада: ол бір мезгілде зерттеу тәсілі, сонымен қатар зерттеу құбылыстарын қалыптастыру әдісі қызметін атқарады. Қалыптастырушы эксперимент үшін зерттелетін психикалық үрдістерге зерттеуші белсенді араласады. Қалыптастырушы эксперименттің негізін салушылардың бірі В.В.Давыдов, эксперименттің бұл түрін генетикалық-моделдеуші эксперимент деп атады. Ол балалардың психикалық дамуын зерттеуді, тәрбие және оқытудың бірлікте болуын қамтамасыз етеді. Демек, қалыптастырушы эксперимент шәкірттерді тәрбиелеу мен оқытуды дамытушы әдіс болып табылады.


«Байқау практикасына дайындық» туралы күнделік-есеп

Білім алушы: Орынбасар Аяулым Хайдарқызы

р/с



Оқу практикасының бағдарламасына сәйкес әр күн орындалған жұмыстарының атауы

Оқу практикасының жеке тақырыптарының, жұмыстарының орындау мерзімдері

Оқу практикасының жетекшісінің қолы

басталу

аяқталуы

1

30.03.2023ж

Бүгін «байқау практикасына дайындықтың» алғашқы күні. Бірінші күні біз практиканың мақсаты және міндетімен танысып,оның қалай жасалу керекітігімен таныстық.Бұл практикада біз сабаққа арналған мультемидияны жасау және дыбыстау, сыныптан тыс іс -шараларды, сауалнама, тренинг және психологиялық зерттеу әдістемелерін қалай жасау керектігімен таныстық.

14:00

19:20




2

31.03.2023ж

Бүгін «байқау практикасына дайындықтың» екінші күні.Практиканың екінші күні бізге сыныптан тыс іс- шара ұйымдастыруға берді. Мен «Көңілді информатиктер сайысы» деген тақырыпты таңдап алдым. Сосын тақырыбыма қатысты көптеген мәліметтер қарастырып іздене бастадым. Ұйымдастыру барысымен танысып, сценарий құра бастадым.

14:00

19:20




3

03.04.2023ж

Бүгін практиканың үшінші күні де келді. Бұл практиканың үшінші күнін де біз өзіміз таңдап алған сыныптан тыс іс-шараны өткізуге кірістік. Білім алушылармен қызықты еттіп өткізіп, жақсы әсер алдық. Бір - біріміздің сыныптан тыс іс - шарамызды тамашалап,ат салысып қатыстық. Қате кеткен жағдайда есте сақтап, іс - шара біткен кезде талқыға салып бір - бірімізді бағаладық. Жаңа әдіс тәсілдерді үйрендік.

14:00

18:45




4

04.04.2023ж

Бүгін практиканың төртінші күні. Бүгін біз мультемедианы жасауды үйренеміз. Ең алдымен мультемедияның не екенімен танысып алдық . Кейін кішігірім топқа бөлініп, бірден қызықты мультфильм іздеуге кірістік. Біз оқушылардың жақсы көретін "Білгіштер" мультхикаясын алдық. Бұл мультхикаяда түрлі жағдайлар мен оның жауаптары қызықты етіліп көрсетіледі. Менің ойымша бұл мультхикаяны қараған кезде бала қызықты сәттер арқылы есте сақтап қалады. Әрине біз информатикаға байланысты "Вирус" тақырыбын алдық. Бұл жерде компьютердегі вирустан қалай арылу туралы бейнеленген. Топ болып іске тез беріліп, дыбыстауды бастадық. Дыбыстау және оны видеоға қосу қиындыққа соқпады. Қызықты, әрі жеңіл өтті.

14:00

19:20




5

05.04.2023ж

Бүгін практиканың бесінші күні, кеше дайындаған мультемедияны көрсетін күн тобымызбен жиналып қызықты видиоларды тамашаладық. Кейін оларды талқылап, кемшіліктері мен артықшылықтарын айтып ортаға салдық. Барлық білім алушылардың дайындаған материалдары қызықты болды. Маған ұнады.

14:00

18:45




6

06.04.2023ж

Бүгін практикамыздың алтыншы күні. Бүгін бізге суалнама, тренинг және психологияның зерттеу әдістерін қалай дұрыс жүргізу керектігімен таныстық. Кейін ізденіп өзіміздің  сауалнама, тренингтерді құруды бастадық. Ақпараттар іздеп, өзімізге жазып отырдық. Осылай өзіміздің сауалнамаларымызды жаздық.

14:00

19:20




7

07.04.2023ж

Бүгін практикамыздың жетінші күні. Бүгін мен дайындаған қағаздарымды жетекшіме көрсетіп тексертіп алдым. Бұрыс жерлерін қайта қарауға кірісіп кеттім. Солай қағаздарымды толықтыра бастадым. Бүгінгі күн ізденістер мен қағаздарды қараумен өтті.

14:00

18:45




8

10.04.2023ж

Бүгін практикамыздың сегізінші күні. Бүгінгі күн барлық жасаған жұмыстарымызды реттіп, бір тексеріп алдық. Толықтыру керек қағаздарды жасап, портфолиомызды жинадық.

14:00

19:20




9

11.04.2023ж

Бүгін практикамыздың тоғызыншы күні. Бүгін жетекшімен практикадан өткен тақырыптарды қайта қарап талқылап шықтық. Қағаздарымызды реттеп, папкамызды жинап бітірдік.

14:00

18:45




10

12.04.2023ж

Бүгін практикамыздың соңғы күні. Бәріміз дайындалып портфолиомызды қорғауға кірістік. Практикадан 10 күн өту кезінде көптеген тың ақпараттарды білдік. Көптеген әдіс тәсілдермен таныстық және оларды үйрендік . Практика бәріміздің көңілімізден шықты. Бәрімізге ұнады.

14:00

19:20





Білім алушы : Орынбасар А.Х.

Практиканың жетекшісі: Купеева Ж.З.

Қорытынды есеп

Мен, Орынбасар Аяулым Хайдарқызы И-207 студенті 30.03.2023ж – 12.03.2023ж аралығында практика жетекшісі Купеева Жібек Зинадиновнаның басшылығымен «Байқау практикасына дайындық» өттім. Біз бұл байқау практикасының алғашқы күнінде практиканың мақсатымен, міндеттерімен таныстық. Жоспар бойынша тақырыптық тапсырмалар берілді. Сол тапсырмалар бойынша мен бірінші бір сыныпқа сыныптан тыс іс-шараға жоспар құрып өткіздік және мультмедияға өзіміздің даусымызбен дыбыстадық. Осы берілген тапсырмаларды орындап болғаннан кейін сауалнама,тренинг,психология зерттеу әдістеріне ақпараттар іздеп қызықты мағлұматтарды біліп, бойымызға сіңірдік. Мен сол тапсырмаларды орындау арқылы жаңаша әдіс тәсілдерді меңгере отырып, өзімнің мамандығыма деген қызығушылығым арта түсті. Мен бұл практикада бастауыш сынып оқушыларымен тиянақты түрде жұмыс істеуге өзімді дайын сезіндім, Әр тапсырманы қызығушылықпен, көп ізденіп толық орындауға тырыстым. Қызықты тапсырмалар мені жаңа қырымнан ашты деп сеніммен айта аламын. Болашақ педагог ретінде оқу тәрбие мекемесінің материялдық техникалық базасымен, педагогикалық ұжыммен және де мұғалімдердің міндеттерімен таныстым. Осы өткен практикамның тақырыптырына байланысты көрнекілік құралдырын пайдалана отырып, оқушылардың психикалық даму деңгейін ескере отырып, мұғалімдік жұмыстың әдіс- тәсілдерін барыншы толық ұғынуға ұмтылдым.

Мен осы «Байқау практикасына дайындық» практикасында өзімді жақсы жағынан көрсете алдым деп ойлаймын .Осы практикадан өту барысында өзіме керек ақпараттарды алғаныма, өзімнің басқа қырларымды танып бастағаным үшін Купеева Жібек апайға алғысым шексіз.

Білім алушы: Орынбасар А.Х