ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 1851
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-
Мен үшін патриотизм деген не?
Мен — патриотпын! Мен елімді, жерімді, ұлтымды сүйемін! Мен Отанымды, отбасымды сүйемін! Мен — тілімді, дінімді, ділімді сүйемін! Мен Қазақстан Республикасының Туын, Гимнді, Елтаңбаны құрметтеймін. Менің ойымша, патриот ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға. Патриоттық тәрбие, ең алдымен, әрбір жеке тұлғаның ата – анасын, туған – туыстарын жақсы көруден басталады.
Мен өзімді шын патриот санаймын. Кез — келген адамды отансүйгіштікке тәрбиелейтін ең бірінші — ата — ана тәрбиесі, екінші — ұстаздардың тәлімі. Ал өзіңді — өзің отансүйгіштікке тәрбиелегендегі тірегің ол — кітап. Осы құдіреті күшті кітап арқылы біз өз імізді патриот болуға тәрбиелей аламыз. мейлі ол мұғалім, мейлі ол жұмысшы, дәрігер, не тағы басқа маман иесі болсын қоғамда парасатты, адамгершілігі жоғары бала тәрбиелеу кез келген адамның міндеті болуы тиіс. Тату тірлік пен ауызбірлік жылы ұямызға арқасын кең жайғанда адамгершілік атты асыл қасиеттердің адам бойына нық қонатынына, әрине, еш шүбә жоқ. Абай атамыз айтқандай, бүгінгі жастардың дүниенің кетігін тауып, қалануды көздеу, қоғамдық өмірден қол үзбей, өз елін сүюге, өз елінің тұрмыс – тіршілігін, салт – санасын, әдет – ңұрпын білуге тәрбиелеу – нарықтық кезеңде маңызы жоғары тұрған зор міндеттердің бірі деп ойлаймын. Осы тәрбиенің ең маңыздысы – балаға патриоттық тәрбие беру.
Халқымыздың тарихына терең үңіле білсек, жасынан жарқыраған күміс көмей әнші, жау жүрек батыр, нар тұлғалы палуан елі мен жері үшін аянбағаны баршаға мәлім. Ендеше көкірек көзімен тарихты тамырынан тамшылата жас ұрпақ зердесіне зерлей, шырайлы сөзбен кестелей таныту ата – ана мен ұстаз – тәрбиеші шеберлігіне байланысты. «Барлық халық пен ұлт барлық ұлы және тамаша нәрселерді жасауға қабілетті, әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе білуге тиіс» деген еді ұлтымыздың мақтанышы, ұлы патриот атамыз Бауыржан Момышұлы. Бұл сөздің астарында өз ұлтыңды ерекше сүй, сол арқылы өзге ұлтты сүюге үйрен деген ой жатыр.
-
Қазіргі мұғалім қандай болуы керек?
Қазіргі кездегі оқушылар білімінің төмендеп кету себептерін «жаһандану мен әлемде болып жататын өзгерістерге сәйкес мектеп жүйесінің кешенді түрде өзгертілмегендігінен», «мектептерге оқытудың жаңа мазмұны енгізіліп жатпағандығынан», «мұғалімдердің заманауи оқыту әдістері мен формаларын пайдаланып оқытпағанынан», т.б. сияқты қол жетпес «қияннан» іздеп жатамыз. Оқушылар білімінің нашарлауын мектептің іші-сыртынан іздеу керек. Оларды табу да қиын шаруа емес, күнделікті оқыту үдерісінде қадам сайын кездесіп те жатады, бірақ оны ескере бермейміз. Солардың негізгілеріне тоқталайық.
Қазіргі кезде мұғалімнің де, мектептің де, одан жоғары оқу-ағарту ұйымдарының да білім сапасының нәтижесі оқушылар үлгерімінің пайыздық көрсеткішімен өлшенетіндігі белгілі. Мәселен, тоқсанда екілік баға алған оқушысы бар мұғалім нашар мұғалім атанатын болды. Үлгермейтін оқушыларының пайыздық көрсеткіші жоғары мектеп – артта қалған мектеп. Тәжірибеде мұғалімдер «жақсы мұғалім» атанудың оп-оңай жолын тауып та алған. Ол – оқушыға нашар баға қоймау. 100% үлгерім беру! Оқу жетістіктерін бағалаудың пайыздық көрсеткіші оқушылар біліміне қойылатын талаптың әлсіреуіне әкеліп соқтырды. Кейбір оқушылар біліміне сай бағаланбады. Керек десеңіз, «кітап бетін ашпағандар» да кездеседі. Оқушыларды біліміне сай әділ бағалау деген мәселе өткен ғасырдың 80-жылдары қолға алынған да болатын. Ол «оқытудың міндетті нәтижесі» деп аталды. Онда әрбір тақырыпты оқып-үйрену кезінде оқушылар не білуі, қандай біліктіліктер мен дағдылар қалыптасуы керек екендігін дәл анықтау керек деген ой болды. Егер оқушы «оқытудың міндетті нәтижесіне» қол жеткізе алмаса, оған «үштік» баға қойылмайды деп болжамдалған да еді. Бірақ бұл әдістемелік жүйені жүзеге асыруға «жалпыға бірдей міндетті орта білім беру» науқаны мүмкіндік бермеді. Мүмкін, қазіргі жағдайда, оқушылар үлгеріміне қойылатын талапты күшейту мақсатымен барлық оқушы үшін міндетті, әрбір тақырыпты меңгерудің ең төменгі (минимум) деңгейін дәл анықтап алу керек шығар. Оқу минимумын орындай алмаған оқушыға оң баға қойылмайды. Сонда оқушының өзінің де және ата-ананың да жауапкершілігі артады. Бұл жоғары сыныптарға (кейін бейіндік сыныптар мен мектептерге) білімі төмен оқушылардың келуіне де тосқауыл болар еді. Сонда қазіргі кездегідей орта білімге сәйкес білімі жоқтардың «жоғары білім» туралы диплом алуының төлемақыға тәуелділігі де жойылуы мүмкін. Мектепте үлгермейтін оқушының болуы да ешкімнің үрейін ұшырмайтын болуы керек. Сонда үлгермейтін оқушының сыныптан сыныпқа көшпей қалуы да «төтенші жағдай» болудан қалып, қалыпты жағдайлардың біріне айналады. Үлгермейтін оқушы үшін мұғалімді кінәлаудың да, мектеп директорын жазалаудың да қажеті болмайды. Ондай жағдайда оқушылардың үлгерімін бақылау және қадағалау комитетінің тексеріп тұруының да керегі болмай қалады. Егер «оқу қонбайтын» оқушы болса, оларды ерте бастан кәсіпке баулу да ізгіліктілік қағидасын жүзеге асырудың бір көрінісі. Қазір айтылып жүрген «оқытудың күтілетін нәтижесі» де «оқытудың міндетті нәтижесін» меңгеруді көздейді. Бірақ оқушы білімін бағалаудағы пайыздық, әріппен, сандық шкала, соңында цифрмен баға қою сияқты басы артық жұмыстар білім сапасын арттыруға тигізер әсері мен өзіміздегі қалыптасқан бағалау жүйесінен артықшылығы болмайды-ау, шамасы.
-
Не себепті қазіргі балаларға сабақ беру қиын? -
Ұлтқа қызмет білімнен емес, мінезден…
Мінез адамның ішкі әлемінің айнасы. Жүсіп Баласағұн «Кісіге екі дүниеде пайдалы – ізгі іс немесе мінезі түзулік. Екіншісі – ұят, Үшіншісі – әділдік. Бұл үшеуі арқылы адам шын бақыт табады» - деген. Бұл тұста ұят пен әділдік мінездің сыңары екенін ойда ұстау қажет. Білім ізгілікке жұмсалмаса, оның пайдасынан зияны артуы әбден мүмкін. Сондықтан Шығыс даналығы адам мінезінің көркемдігін алдыңғы орынға шығарса керек. Адамзатты өркениет шыңына жетелеген ойшыл Әбу Насыр әл Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі» - деген екен. Елге адал қызмет етер адам – әділдік, жоғары моральдық жауапкершілік, кәсіби білім, оларды тәжірибеде қолдана білу, адалдық және парасаттылық, белсенді өмірлік ұстаным сынды қасиеттерге ие болуы басты міндет.
Еліне қызмет етерде алар үлесі басым мінез-құлық жайлы сөз болғанда Хакім Абайға тоқталмай кете алмаспыз. Алаштың Абайы «Тегінде адам баласы, адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ» - деген сөзін тілге тиек етіп, білім мен мінездің, ардың адам өміріндегі орнына ерекше тоқталған. «Ғылымды, ақылды сақтайтын мінез деген сауыты болады. Сол мінез бұзылмасын! Көрсе қызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады», - деп ескертеді. Дана Абай әсіресе адамның танымдық қызметін арттыратын мінездің қырына баса көңіл бөледі. Ол жастарды білім-ғылымға шақыра отырып, төк қажырлылықтың, құштарлықтың арқасында ғана ғылымға қол жеткізуге болатынын айтады. Адамның көңілін көтеріп, бойына қуат беретін сезімдердің бірі – өзгеге еш міндетсінбей қол ұшын беру. Ар-ожданы таза адам ғана бар шынайы көңілімен өзгенің керегіне жарайды.
Адамды көздеген мақсатына, асыл арманына жеткізетін, ғылым-білімді меңгеруге мүмкіндік тудыратын жан қуаттарының бірі – ерік-жігер, қажыр-қайрат. Ерік-жігер адамның ез мінез-құлқын меңгере алу қабілеті, оны әр түрлі кесапаттардан, пайдасыз құмарлықтардан қорғайды. Абайдың айтуынша «жан қуаты деген қуат бек көп нәрсе... Бұл қуаттың ішінде үш артық қуат бар... ол жоғалса, адам баласы хайуан болды, адамшылықтан шықты» - деп, адамның өзі таңдап түскен жолынан таймауына ерік-жігері мен қажыр-қайратының ғана кезектесетінін еске салады.
-
Жақсы ұстаз болу - мамандық па, әлде, өмірлік ұстаным ба?
Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім деп ескеретін болсақ, Ахмет Байтұрсыновтың осы бір сөзінде ұстаздың маман ретінде қоятын талаптарымен ұштасқан өмірлік ұстанымға жақсы әсер етуі де, белгілі бір межеге жету үшін де қажет болар. Алайда, жақсы деген сөздің өзі ұстаз бойындағы кішіпейілдік қасиетті ашатын секілді.
Жалпы алғанда адамның өмірдегі ұстанымдары адам баласына жақсылық жасау мен қызмет ету болса әрине, мамандықты да өте жақсы меңгеру керек. Екі қағиданы бірдей қолданса, оқушы үшін бағыт-бағдар бере алатын, өмірде өз орнын табуға көмектесе алатын, өмірдің ақ пен қара ұштасқан небір жағдайларда тығырықтан өз күшімен шығара алатын болса, онда ұстаздың жеңісі деп білемін. Мектеп табалдырығын аттағанннан бастап, ең алғаш көрпген ұстазды көргеннен -ақ, сол мұғалім секілді болғымыз келді. Қолға қалам алуды үйретті. Әріптер мен сандарды оқытты. Түрлі мамандықтың бастапқы іргетасын қалатты. Түрлі тілдерді де үйреткен осы – мұғалім.
Әр адам осы мектептен соң барып, үлкен өмірге қанат қаққан соң, өмірлік ұстанымдарын алға шығара бастады. Мықты маман болу әр адамның қолынан келері анық, егер де өмірлік ұстанымы ұстаз болу болса. Мұғалім мамандығын оқып қана, болашақ ұрпаққа білім беру, менің ойымша, аздық етеді. Оның жанына өмірлік ұстанымды қосқанда, барлық сүйіспеншілік пен балаға білім беруге деген махаббатты қосқанда, өмірдегі ең маңызды тұлға ретінде сенімді айта аламыз. Жақсы ұстаз – мықты маман иесі мен өмірлік ұстанымы ұштасқан адам. Жақсы ұстаз – білім мен сүйінпеншілікті оқушыларға бере алатын тұлға.
-
Жақсылық жасау - әр адамның парызы
Әр пенденің керемет көзге көрінер қасиетті-жақсылық жасау. Ол адам сырт көзге сыпайы, мейрімді әрі өте керемет болып көрінеді онысы рас. Біреулер құмарлықпен,мастықпен өмірдің өлшеулі ғана уақыттын қызықты әрі пайдасыз өткізуде,біз бұл тараптың адамдары болмаумыз керек. Өз ойымды ашық айтайын күнделікті тіршілікте,қоғамда,адамдар арасында жақсылық жасауға тырысамын. Осы тұрғыда ойыма бір оқиға келіп тұр:
Күндердін бір күнінде кедей отбасы
болған екен,әйелі жүн иіріп,ал күйеуі базарға апарып сатумен айналысады. Бір күні жіптерін сатып ,үйіне азық-түлік әкелер жолда,бір кісіні біреу ұрып жатқанын көреді. Жанына дереу барып арашалап ,себебін сұрайды сонда ұрған адам әлгі кісінің қарыз екенін айтады. Жомарт әлгі жіп сатушы:Қарызын мен төлейін қалтамдағы бар ақшамды ал деп,бір күндік табысын қолына ұстатады. Әлгі кісі бұл ақша аз ,бірвқ мейлі деп жөніне кетеді. Жақсылық жасаған әлгі кедей үйіне барып бар жағдайды жұбайына түсіндіреді. Әйелі,мейлі бір қайыры болар деп ертенгі күннің жібін иіреді. Ертеңіне тағы базарға шығып,жұмысын атқарады бірақ бұл күні ешқандай жібі өтпейді екен. Кеш батта үйіне келер жолда балық сатып тұрған кісіні көреді екеуінінде саудасы өтпегендіктен келісіммен ауыстырып алады. Кедей үйіне келіп бүгін ақша таппадым,есесіне қарын тойдыратын балық әкелдім. Балықтарды пісірші жеп алайық дейді. Әйелі балықты тазалап жатқан кезде ішінен алтын шығады,отбасымен қуанышқа оранған сәт осы кез болатын,бір кезде әлгі балықшы келіп,әйелім разы болмады.
Міне жіптерді алда балықты қайтар дейді. Кедей жігіт балықты жеп қойғанның бірақ ішінен алтын шыққанын соны қайтарып беретінін айтады. Сонда балықшы балықты алмай былай дейді:Мен Хазырмын(алейхиссалам). Қарызының себебінен таяқ жеген кедейге жасаған жақсылыған үшін Аллаһу та"ала сені сынады. Кедейлік сынағынан да ,байлық сынағынан да өттің. Алтындар сенікі дейді. Міне бұдан шығар түйін әрқашан жақсылық жасауымыз біздің өзімізге екі есе артығымен келеді. Не ексен соны аласын дегендей бір жақсылық жасағанымыз мың жақсылық жасағандай болып келетінін ұмытпайық.
-
Болашақ біздің қолымызда
Болашақ дегеніміз не? Ол біздің – ертеңгі күніміздің бейбіт, жарқын болуы. Болашақты біздің еліміз білімді жастармен елестеді. Ал сол жасты тәрбиелейтін де, білім беретін де ол мұғалім. Иә, ақын, педагог Мағжан Жұмабаев айтпақшы мына қоғамға «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қанатты» жалындаған жастарға иек артамыз соларға сенеміз. Сол сенгімге, ізгілік пен ізденісті тұмар қылған мен жан-жақты білімділікті, шәкіртке деген шуақты көзқараспен қарауды, әр оқушының бойына үңілуді, олардың жан дүниесін түсінуді, мүмкіндік беруді үйреніп келемін.
Үнемі шәкірттеріммен тығыз байланыста болып, олардың ойымен санасып, көкейіндегі арманын тыңдап, сол бойынша бағыт-бағдар беріп, дұрыс жол нұсқап, екінші анасы ретінде көмектескенім үшін өзімді ерекше бақытты сезінемін. Ұрпағымыздың саналы да, сапалы болу еліміздің болашағын кемел етуі, тарих сахнасында еліміздің тәуелсіздігінде алтын әріптерімен жазылу керек ол – жастар. Осындай жастарға сай – жаңа мұғалім болу керек. Жаңа қоғам мұғалімі – рухани бай, әлеуметтік жетілген, шығармашыл тұлға. Өз ісінің маманы, педагогикалық әдіс – тәсілдердің қолданудың хас шебері. Әрдайым жеке бас дамуына ұмтылатын, болып жатқан заман талабына тез бейімделе алатын жаңа қоғамның дара тұлғасы болу керек. Себебі: мұғалім жаңаша ойлайтын, жоғары білімді шығармашыл тұлғаның қалыптасуы мен дамуына жауапты. Иә, біздің ауданымыздың жас мамандарынан осындай қабілет пен қасиеттерді кезіктіруге болады.Бүгінде білімді де білікті, еңбекқор да отан сүйгіш, көк туымызды желбіретіп, ел мерейін асқақтатар жас ұрпақтың жарқын болашағына жұлдызды жол салатын, құзіретті тұлға, жас мамандарды айтуға болады.