ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 1854
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ұстаз деген ұлы мамандықтың тұтқасын ұстап, тамырдай жан-жаққа тарамдалған мектеп тынысына, ұстаздың тынымсыз тіршілігіне қанығып, келе жатқан жас мамандар, алар асуларыңыз алда болсын!
-
Қазақстан - әлемдік қоғамдастыққа барар жолда
Қазақстан - Еуразия құрлығының орталығында орналасқан және аумақтың көлемі бойынша әлемде 9-орынға ие. 130-дан астам ұлт пен ұлыстың бейбіт өмір сүрііп жатқан жері. Үш тілдік саясатты ұстанатын, мұнда кең дала да, биік таулар да, сан алуан көлдер мен өзендер де, керемет табиғи қорықтар да және тіпті ыстық бұлақтарды осы жерде.
Бүгін Қазақстан дүние жүзі мойындаған әлемдік қауымдастықтар мен ұйымдардың тең мүшесі деп айта аламыз. Олармен қарым – қатынас халықаралық тәжірибеде қалыптасқан тәртіпке негізделген. Қазақстан әлемдегі 215 елдің 170-тен астамымен сауда-саттық қатынаста. Оның тәуелсіздігін 180 ел мойындады, 130 елмен мәмілегерлік қатынас орнатты. Қазір Алматы мен Астанада 70-тен астам елдің елшіліктері жұмыс істеуде. Ал Қазақстанның көптеген таяу және шалғай шетелдерде елшіліктері мен консулдары бар.
Қазақстанның сыртқы саясаты жүргізіліп жатқан экономикалық реформа негізінде басқа елдермен экономикалық, ғылыми техникалық, қатынасты қамтамасыз етуге бағытталған. Халықаралық сахнадағы жағдай республика үшін өте қолайлы.
Қазақстан әлемдік экономикалық және саяси қауымдастықтың, БҰҰ, ДСҰ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, ИЫҰ, АӨСШК, ТМД және басқа да жаһандық және өңірлік халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшесі болып табылады. Осы жылдар ішінде Қазақстан ЕҚЫҰ-2010 саммиті, Қысқы Азияда ойындары-2011, Қысқы Универсиада-2017 және «ЭКСПО-2017: Болашақ энергиясы» халықаралық мамандандырылған көрмесі сияқты ірі іс-шараларды өткізді.
-
Неліктен мен бұл мамандықты таңдадым?
Мен білім алғанды, білім бергенді жақсы көремін, балаларға бағыт бергенді ұнатамын сол себепті де осы мамандықты таңдадым ба? деп өзіме де сұрақ қоя отырып осыған жауап іздеймін. Алдымен өз жолымды табу керек деген алдыма мақсат қойған едім. Жан-жағына қарап бала өседі дейді көпшілік, үлкендердің ықпалы көп әсер еткен болар деп те толғанамын. Оқушыларды тәрбиелеуге атсалысу біреу үшін қиын болар, ал өз кәсібін сүйген адамға ол-бақыт. Иә, мен үшін білім шыңына өрлей алатын шәкіртті тәрбиелеу, оқыту менің және барша ұстаз атаулының міндеті.
Мектеп қабырғасында жүргенде «Кім болам?» деген тақырыпқа аса мән берілгенде, неге? ересек адамдай ойландырады, әлі ерте емес пе? деп ойлайтынмын. Мамандық таңдау мәселесі қиын қадам екенін кейіннен ұғындым. Жауапкершілікті мамандық себебі, ата-ана баласын ақылды етіп тәрбиелейді деп сенеді, өзімді де мықты ұстаздардың алдына әкелгенде ата-анам жақсы білім нәрімен қаныққан адам болады деп тапсырған екен. Баланың жан-дүниесін түсініп, пікірімен санасу менің қолымнан келе ме? деген сұраққа жауап іздегенде, оқушыларымның барлық армандарына тілектес екенімді түсінемін.
Балаларға білім беретін күндерім қандай болмақ? Алғашқыда осыған аса назар аударатын едім. Оқушы жүрегіне жол табу мұғалім үшін үлкен бақыт, ал ата-анадан алған тәрбиесіне байланысты баланы түсіне білу керек. Ұстаздық кәсіп «адам-адам» деген топқа жатады, мен адамдарды тыңдай білемін және өзімнің айтқанымды тыңдата білемін осы қасиеттің даруының өзі септігін тигізген шығар. Шаршау, ісіне жауапсыздық, ұйқысыздық сияқты кемшіліктерге қарсы тұра аламын және оларды жеңе білетін адаммын. Менің бойымда байқампаздығымның арқасында оқушыларымды тез әрі дұрыс түсіне аламын, балаларға білімді қысқа әрі қызықты етіп түсіндіремін, ұйымдастырушылық қабілетім бар, яғни, негізгі ұстаздық қабілеттердің көпшілігі дарығандықтан да осы табандылық жолын таңдадым.
Мен өз мамандығымды сүйемін, көп ізденемін, үнемі өз білімімді үздіксіз көтеріп отырамын. Оқушыларым да адал еңбегімді ақтаса, осы мамандықты таңдаса осыдан артық бақыт болар ма? Өзгелер де бұл мамандықты қалай таңдағаны және таңдайтындары мені толғандырады.
-
Менің Тәуелсіз Қазақстаным!
Менің Қазақстаным, менің туып, өскен жерім- Егемен ел Қазақстан. Қазақстан тәуелсіз, ұлан байтақ, егеменді ел. Қазақстан Республикасының рәміздері- ұлт мақтанышы. Республикамыздың үш мемлекеттік рәміздері бар: ту, елтаңба, әнұран.Туда бейнеленген көк түс- көгілдір және ашық аспанымыз, қалықтап ұшқан қыран бейбітшілік пен бостандығымыздың бейнесі. Елтаңбада шаңырақ, қос пырақ, жұлдызша және «қазақстан» деп жазылған таңба бар. Әнұран- әр қазақ баласының патриоттық сезімін тудырары хақ. Қазақстан – көпұлтты, унитарлы, тәуелсіз мемлекет. Әлем таныған Отанымызда жүз отыз ұлт пен ұлыс өкілдері бір үйдің баласындай достық пен татулықта, жарасымды бірлікте қоян-қолтық өмір сүруде. Біз – ынтымағы жарасқан елміз. Қиын- қыстау кезеңде тағдырлары табыстырған халқымыз бір шаңырақтың астында сүттей ұйып өмір сүріп жатыр.
Ал мемлекеттік тілі- қазақ тілі. Қазақстанда қазақ және орыс тілдер бір қалыпты қолданылады. Өйткені, қазақ тілі – мемлекеттік тіл, ал орыс тілі-ұлтаралық тіл. Қазақстанның әрбір азаматы мемлекеттік тілді меңгеру және білу керек. Көзді ашып жұмғанша астанамыз – Астана қаласы – Елордамыз мінекей, күн сайын сұлуланып көркейе түсуде. Мен Қазақстан Республикасында туып өстім. Кіндігімді кескен жер де Қазақстан. Ата- анам мені туған жерімді сүюге, қадірлеуге кішкентай жасымнан үйретуде. Қазақстан мен үшін ең қадірлі жер болып табылады. Мен туған жерімді шын жүректен сүйемін және де мәңгі бақи сүйіп өтемін!
Қазақстан менің жерім, менің елім, Қадірлеп, қастерлеп сені өтемін, - деп ақын жырында айтқандай, мен болашақта мамандығым қандай болса да, елім үшін тер төгіп гүлденіп көркеюіне өз үлесімді қосамын!
Кішкентай ғана жүрегім әрқашан Отаным деп соғады. Мен өз Қазақстанымдай байтақ елімді мақтан тұтамын!
-
Біздің заманымыздың батырлары. Олар кімдер?
«Батыр туса — ел ырысы,жаңбыр жауса — жер ырысы» деп дана халқымыз айтқандай, батыр — халық үшін мақтаныш,арқа сүйейтін қаһарманы. Әсіресе,батырды қазақ халқы ерекше қастерлей білген. Оларды жоғары дәрежеде ұлықтаған.Халық ауыз әдебиетіндегі Алпамыс,Қамбар,Қобыланды батырлар және Абылай сұлтан,Қабанбай,Бөгенбай,Баяндар өз кезегінде жауға өздері қарсы тұра білген ержүректілер.Сол жаугершілік замандарда «батыр — әскери өнерге машықтанған,майданда ерлігімен танылған өр тұлға» деп саналған.
Қазіргі таңда батыр болу үшін әскери өнер керек те емес.Бауыржан Момышұлы батырлық туралы өз сөзінде былай деген:»Ешкім батыр болып тумайды.Батырлық та мінез секілді өскен орта,көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады».Шынымен де,қазіргі таңда майданда қару алып соғыспаса да,елінің амандығын,тыныштығын қарайлап жүрген тәртіп сақшылары,өрт сөндірушілер,дәрігерлер,құтқарушылар бұрыңғы батырларымыздың ізін жалғастырушылар.
Қазіргі заман батыры – қарапайым адам. Жаңалықтардан,газет-журналдардан адамдарды өрттен,судан құтқарып қалғандарды батыр дей аламыз.Атырауда қызды құтқарам деп суға батып кеткен патрульдік полиция сержанты Шалқар Ақымғалиевтің өшпес ерлігі бәрімізге мәлім.Міне,Шалқар Ақымғалиев қазіргы қазақ батырларының бейнесі десем болады.
Қай-қай батыр болсын Отан үшін қаза болады.»Ақынның хаты өлмейді,батырдың аты өлмейді» демекші,олардың есімдері мәңгі жадымызда қалсын!
-
Қазақстандық патриотизм - елдің тұрақты дамуының және гүлденуінің негізі
Ортақ Отан – Қазақстан! Отан – адамның туып өскен жері, туған – туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені, алтын бесігі, алтын ұясы. Қазақ жерінде тұратын адамдардың алтын бесігі, Отаны – Қазақстан Республикасы. Қазақстан – бір шетінен екінші шетіне дейін құс қанаты талатын ұлан– ғайыр кең мемлекет.
Егеменді еліміз – Туы, Елтаңбасы, Әнұраны бар тәуелсіз мемлекет. Егеменді ел болып, тілімізді, дінімізді, ділімізді иемдендік. Осы
тәуелсіздікке, егемендікке қол жеткізу үшін талай ер жүректі отандастарымыздың алаулаған жастық шақтары азапқа айналып, өмірлері қиылды. Олар ел тәуелсіздігі, ел бірлігі үшін жауға қарсы тұрды. Талай жастар туған жері Қазақстан үшін Ұлы Отан соғысында, ызғарлы Желтоқсан оқиғасында қазаға ұшырады.
«Бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды түрде қорғап, нығайтып, ұрпақтан – ұрпаққа қалдыру қажет», - деген Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Қазақстандық патриотизм – еліміздің тұрақты дамуы мен гүлденуінің негізгі . Әрбір адамның патриоттық сезімі – елдің дамуына өз үлесін қосары сөзсіз. Патриоттық тәрбие – елді, мемлекетті өркендетудің қайнар көзі болып табылады.
«Қазақстанның патриоттық қасиеттерінің қалыптасуына қамқорлық жасау – менің презенттік те, презиндеттік те парызым», - деген Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев патриоттық сезімге ерекше мән беріп.
Қазақстандық патриотизм рухын отандастарымыздың санасына сіңіру – қазіргі заманда күн тәртібіндегі алдыңғы орында тұрған мәселелердің бірі. Әрбір азамат өз елінің жетістігін біліп, оның алған асуына үнемі көз жеткізіп, оған қуанып, көкірегіне мақтаныш сезімін ұялатып отыруы керек. Әрине, түйсігі терең, танымы зор адамдарда патриоттық сезім үнемі болады.
Патриоттық сезімді ояту, елін сүюге баулу – маңыздылығы аса зор іс. Қазақстан Републикасы азаматтарының негізгі міндеттерінің бірі –
елдің дамуына қолайлы жағдай жасау. Елдің дамуына бірден – бір қолайлы жағдай Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып кіруі. Біріккен Ұлттар Ұйымы бейбітшілікті, қауіпсіздікті және мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты қолдау, әрі нығайту мақсатында құрылған ұйым болып табылады.
-
Менің педагогикалық философиям
«Тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас жауы».
(Абу Насыр Әл Фараби)
Менің педагогикалық философиям қарапайым. Оның көптеген қырларын сөзбен айтып көрсету мүмкін емес, жүрегіңмен және жан-тәніңмен сезіне аласың. Мектептегі тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы. Мұғалім балаларды адам мәдениетінің әлеміне, күрделі және алуан түрлі қарым-қатынастардың әлеміне ертетін үлкендердің бірі.
Мен мектепте он бесінші жыл еңбек етудемін, бұл еңбектен жалыққан емеспін. Ұжымымның өмірінде таңғажайып қызықтар бастан өтіп жатады. Әр мамандықтың өз қиындығы, өз қызығы бар. Мұғалімнің жұмысы күрделі де, қызықты да. Шынын айтсам, кейде жұмыстан соң үйге келгенде, қатты шаршағанымды сеземін. Бірақ сол өткізген күнді талдай отырып, балаларымның маған деген ықыласын, маған ұмтылған үміт толы көздерін, тәтті қылықтарын бір сәт еске түсірсем, шаршағаным ұмытылып та кетеді. Осы бір «Балалар әлемінің» теңізіне бір бойласаң, ешқашан басқа жаққа кете алмайсың деп ойлаймын. Өйткені бала – пәк, бала – тап-таза. Мөлдір бұлақтың бастауын, көзін ашып, тұнығына қану үшін қаншама қиын да, қызықты еңбек пен тер төгу керек десеңіз! Балаларды ана тілінде әдемі сөйлету, олардың ой-сезімдерін анық, еркін, көркем жеткізе алуға баулу, танымдық қабілеттерін дамыту – тәрбиешінің мақсаттарының бірі.
Ұстаз – киелі мамандық. Адам тәрбиелеу, оған ғылыми негіздерінен мәлімет беру, баланы өмір сүруге үйрету – өте қиын шаруа. Бір рет отыз, қырық баламен сабақ өткізіп көрген адам ғана оны түсінеді. Тәрбиеші күн сайын ерлікке пара-пар жұмыс жасайды.
Мен әрі «әсем сөз» маманы, әрі суретші, әрі әртіс, әрі баланың жан дүниесін түсіне алатын психолог ретінде балаларымды тәрбиелеуде халқымның ғасырлар бойы келе жатқан құндылықтарды бойына сіңіріп, ойына ұялатуға тырысамын.
«Балаға мінез уш алуан адамнан жұғады, біріншісі ата-анасынан, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі – құрбыларынан» — деп ұлы Абай айтқан. Жасыратыны жоқ, қазіргі кезде ата-ананың сұраныс деңгейі биік. Баланы жан-жақты, дені сау, үйлесімді болып өсуіне ата-анасы қаржысын аямай ден қояды. Кішкентай жастан музыка, би, шет тілдері, спорттық үйірмелерге қатыстырады. Оның барлығы, әрине, заман талабына сай, бірақ ең бастысы – адамгершілік, инабаттылық тәрбие – тәрбиенің бастамасы екендігін ұмытпағанымыз дұрыс. Қазіргі бас иіп, жақсы айтты деп сүйсініп, жаман айтты деп өкініп жүрген шет елдерден ғылым мен озық технологияларды алмасақ, үлгі-өнеге, жарасымды тәрбие алмайтынымыз анық.
Менің кәсібіме, еңбек іс-әрекетіме деген көзқарастың қалыптасуына әріптес ұстаздарымның рөлі ерекше. Усенова А.Б, Жекеева А.Р, Абдуллина С.Х, Игнатьева Р.И және т.б. педагогтардан үлгі-өнеге алдым. Осы кісілерден алған ең басты сабағым – балаға деген мейірімділік, қамқорлық және жанашырлық, шыдамдылық, шынайы болу және әрдайым шығармашылық ізденісте болу.